Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”


Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы



бет2/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы.

2. Нейрондар жіктелуі

3. Синапс.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге нерв жүйесінің жалпы физиологиясы таныстыру.

Лекцияның мазмұны: Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы.

Нерв (жүйке) жүйесі — ақпаратгы жылдам жеткізетін және баскаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан өрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе. Оның негізгі құрылымдық бірлігі — нерв клеткасы — нейрон.

Адам организмі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, мүшелерден және ұлпалардан тұратьн жоғары ұйымдасқан биологиялық супержүйе болып есептеледі. Осы күрделі қүрылымда ерекше ролді орталық нерв жүйесі — ми мен жұлын атқарады. Ол адам организміндегі барлық клеткаларды, ұлпаларды, мүшелерді, бұлардың жүйелерін өзара байланыстырып, функциональдық біртұтастықта ұстайды. Орталық нерв жүйесінің қызметтері арқылы барлық мүшелер мен ұлпаларда болатын рецепторлар тітіркенген кезде туатын афферентті (орталыкқа тепкіш) импульстер қабылданады, олардың анализі мен синтезі жүреді (өңделеді) және түрлі шеткі мушелердің әрекетін тудыратын немесе тоқтататын, болмаса олардыңтонусын сақтауға көмектесетін эфференттік (орталықтан тепкіш) импульстер пайда болады. Орталық нерв жүйесі жеке организмнің қоршаған ортаға бейімделуін, оның барлык қызметтерінің ең жетілген реттелуін және үйлесімді, бірлескен түрде іске асуын қамтамасыз етеді.

Орталық нерв жүйесінің түрлі мүшелер әрекетін нақты бақылауы нерв орталықтары мен шеткі органдар арасында екі жақты байланыс болғандықтан іске асады. Қандай да болмасын эфференттік импульстерден орындалатын өрекеттен жұмыс атқарушы мүшелердегі рецепторлар тітіркенеді де. афференттік импульстер туады; ал олар тиісті әрекеттің нәтижесі туралы орталық нерв жүйесін хабарлайды (кері афферентация). Адамның да психикалық өрекеті мен басқа да барлық әрекеттері орталық нерв жүйесінде жүретін процестерге негізделген. Айтылып отырған аса жауапты да құрделі қызметте билеуші рөл ми үлесіне тиеді.

Мидың осындай бүкіл организмдегі тіршілік процестерін ең жоғаргы және нәзік интеграциялаушы мүше ретіндегі көзқарастың қалыптасуында көптеген физиологтардың, олардың ішінде И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың атқарған рөлдері айрықша.

И. М. Сеченов (Павлов оны "орыс физиологиясының атасы" деп атаған) организмнің қоршаған ортамен байланысы, оның түрлі әсерлерге қайтаратын барлық жауап реакциялары (рефлекстер) нерв жүйесі арқылы іске асатынын 1862 жылы "Ми рефлекстері" деп аталатын еңбегінде дәлелдеді. Осы жөне басқа еңбектерінде ол рефлекстің орталық буынындағы, яғни орталық нерв жүйесіндегі құбылыстар мен процестерді білу керек деген ғылыми идея ұсыңды.

И. П. Павлов И. М. Сеченовтың осы идеясын басшылыққа ала отырып, ми қызметін зерттеудің обьективтік өдісін (шартты рефлекстер әдісін) тауып, ғылымға ендірді. Әрі оны кеңінен қолдана отырып, жоғары нерв әрекетінің физиологиясьш жасап шықты. Түрлі мүшелердің шартты рефлекторлық реакцияларын бақылай, анализдей отырып, ол мидағы, оның ішіңде ми қыртысындағы нерв процестерінің (қозу мен тежелудің) ерекшеліктері, динамикасы, өзара әрекеттесуі туралы ғылыми нақты тұжырымдар жасады. Ми жұмысының принциптері мен заңдылықтарын анықтады.

Жоғары сатылы организмдерде осьшшама аса үлкен рөлі бар нерв жүйесі ұзақ уақыттық тарихи дамудың жемісі. Эволюциялық дамудың ең ертедегі алғашқы этаптарында — бірклеткалы организмдерде нерв жүйесі болған жоқ. Оларда клетка ішіндегі өр түрлі процестерді реттейтін арнайы гуморальдық (сүйықтықтык) механизмдер ғана болады. Қарапайым көпклеткалыларда да клеткаішілік реттеу механизмдері сақталады және сонымен қатар химиялық заттар көмегімен іске асатын клеткааралық гуморальдық взара әрекеттесу қалыптасады. Бұл заттар - жеке клеткалардағы метаболизм процестерінің өнімдері. Олар клеткааралық кеңістіктерге өтеді де, басқа клеткалар мембранасының маманданған учаскелеріне әсер етіп, олардың (жарғақшасының) өткізгіштігін өзгертеді, клетка ішілік алмасу процестерін тиісті бағытқа реттейді.

Бірақ көп клеткалы организмдердің бұдан арғы күрделене түсуі ерекше, жылдам іске асатын реттеу мен басқару жүйелерінің қалыптасуын қажет етті. Міне осыдан нерв жүйесі пайда болды. Нерв жүйесінің эволюциясы қозғалу аппаратыньщ эволюциясымен қатар жүрді. Ол қозғалыссыз тіршілік ететін губкалардан басқа көпклеткалылардың бөрінде бар. Ең қарапайым нерв жүйесі диффуздық нерв торы болып есептеледі. Мұндағы озара тармақтары арқылы байланысқан арнайы нерв клеткалары рецепторларда пайда болған қозуды бұлшықет элементтеріне, ішкі мүшелерге жеткізеді. Диффуздық нерв торы әр түрлі тітіркендірулерге бөлшектенбеген біртұтас жүйе түрінде жауап қайтарады (мәселен, гидраның бүкіл денесі жиырылады).

Эволюция барысында қозғалу функциясының күрделенуі мен жетілуіне байланысты нерв жүйесінің бұл алғашқы типі кептеген өзгерістерге ұшырады. Соның бірі — әр түрлі маманданған нерв клеткалары белгілі бір орындарға жинақталады: қабылдағыш (сезгіш) нейрондар рецепторларға жақын манда, ал қозғағыш (мото) нейрондар өздері жабдықтайтын бұлшықет топтарының маңында орнығады. Осыдан түрлі нерв түйіндері (ганглийлер) түзіледі. Бұлар бір-бірімен нерв талшықтары арқылы байланысады. Құрттарда, буынаяқтыларда, моллюскаларда, тікентерілілерде болатын бұл жүйені ганглші, туйінді немесе тізбекті нерв жүйесі деп атайды.

Бұдан соңғы этапта хордалы немесе түтікті нерв жүйесі пайда болған. Хордалы жануарларда бүкіл орталық нерв жүйесі жануардың арқа жағында орналасқан түтіктен тұрады. Оның алдыңғы кеңейген жағы — миды, ал артқы цилиндр тәрізді болімі жұлынды құрайды. Омыртқалы жануарлар эволюциясындағы ерекшеліктің бірі — ми дамуы қарқыңды жүреді де оның ең жоғарғы бөлімі — ми сыңарларының қыртысы пайда болады.

Нерв жүйесінің эволюциялық дамып жетілу барысында басты рәлді ерекше элементтер — рецепторлар атқарады. Бұлардың дамуы негізіненекібағыттажүреді. 1. Олардың тітіркендіруді сезгіштігі жоғарылады; 2. Рецепторлардың белгілі бір топтары белгілі бір тітіркеңдірулерді қабылдауға бейімделді. Осыған байланысты түрлі сезцщүшелері пайда болды.



Нейрондар жіктелуі

Әр түрлі нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей болмайды. Осыған орай оларды униполярлы, псевдоуниполярлы, биполярлы және мультиполярлы деп бөледі. Унипалярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады. Мұндай нейрондар омыртқасыз жануарларда және омыртқалы жануарлардың эмбриональдық даму кезеңінде кездеседі. Псевдоуниполярлы нейрондарда да бір өсінді болады, бірак ол одан әрі екіғе тармақталып кетеді. Биполярлы нейрондарда екі өсінді бар. Мультиполярлы нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын қызметтері, орналасқан жерлері алуан түрлі болады.

Нейрондардың ең басты үш типін айырады: афференттк, қондырма (аралық, контактылық) және эфференттік. Алғашқы афференттік (рецепторлык) нейрондар биполярлы болады. Олардың ұзын тармағының ұшы тиісті шеткі мүшелерде қабылдаушы (рецепторлық) аппарат рөлін атқарады. Мұнда туған қозуды клетка денесіне жеткізеді. Ал одан әрі екінші өсінді ол қозуды жұлынға немесе сопақша миға жеткізіп, ол жерде қондырма нейронмен немесе эфферентгік нейронмен байланысқа түседі. Афференттік нейрондар орталық нерв жүйесінен тыс (жұлын ганглийлерінде, ми нервтері тұйіндерінде, т. б.) және орталық нерв жүйесінің шеңберінде де (мыс, көру темпешіктерінде) орналаса береді. Эфференттік нейрондар аксондары әдетте импульстерді орталық нерв жүйесінен түрлі шеткі мүшелерге, ұлпаларға жеткізеді (мысалы қаңқа бұлшықеттерін жабдықтайтын мотонейрондар). Бірақ, көптеген эфференттік нейрондар сигналдарды шетке бірден өздері емес, басқа, келесі нерв клеткалары арқылы жеткізеді. Мәселен, ми қыртысының моторлық зонасының моторлық, руброжұлын, ретикуложұлын және вестибуложұлын нейрондары импульстерді жұлындағы тиісті мотонейрондарға жеткізеді. Ал соңғылар оларды одан әрі мүшелерге карай бағыттайды. Вегетативтік (автономиялық) нерв жүйесінің эфференттік нейроңдары орталық нерв жүйесінен тыс, вегетативтік ганглийлерде орналасады. Аралық (қондырғы) нейрондар афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады. Саны жағынан орталық нерв жүйесіндегі клеткалардың ең көбі деп есептеледі.

Нейрондарды тудыратын эффектілері бойынша жіктеуге болады. Мысалы, қозгағыш (моторлық), сеқреторлық, трофикалық, тежеуші, қоздырушы, т. б. Кейде аксонның ұзындығына қарай қысқа, ұзын аксонды нейрондар деп те айырады.

Пішіндеріне қарай нейрондарды — пирамида тәрізді, жіп тәрізді, жұлдыз тәрізді, себет тәрізді, триангулярлық, бута тәрізді, т. б. деп те атайды.

Нерв клеткаларының қалыпты қызметтерінің іске асуында


маңызды рөлді нейроглия атқарады. Нейрондарды барлық жағынан
қоршай орналасқан нейроглия клеткалары (астроциттер,
олигодендроциттер, т. б.) және оның өсінділері — олар үшін бір
жағынан механикалық функция — тірек қызметін атқарады; екінші
жағынан нерв клеткаларында электрлік изоляцияны (оқшаулауды)
қамтамасыз етеді. Сондай-ақ нерв клеткаларындағы зат алмасу
процесін реттеуге қатысады деп те есептеледі.

Синапс.

Бұл ұғымды ғылымға 1897 жылы ағылшын физиологы Ч. Шеррингтон енгізді. Синапс (грек. — байланыстыру, қосу, біріктіру) нерв клеткасы аксоньшың ұшын екінші нейронмен байланыстыратын морфофункциональдық құрылым.

XIX ғасырдың 60-жылдарында-ақ И. М. Сеченов клеткааралық байланыстардан тыс ен элементарлық нерв процесінің пайда болу тәсілін түсіндіру мүмкін емес деп есептеген болатын.

Нейрондар арасындағы синапстық контактылар алуан түрлі.


Олар бір-бірінен әрекет ету механизмі жағынан, клетка беткейінде
орналасу (локализациялану) ерекшеліктеріне қарай, функциональдық бағыты (қоздырушы немесе тежеуші) тұрғысынан, туған тиісті белсенділік аяқталғаннан соңғы модуляцияға қабілеті жағьшан, т. б. қасиеттерінен айырмашьшықтар көрсетеді. Дегенмен синапстардың барлығына да ортақ бола алатын кұрылымдық және функциональдық жалпы қасиеттер де бар. Синапс құрылымында

1-ден,пресинапстыкбуьшды немесе пресинапсты (көпжағдайда ол аксонның ең ақырғы тармақтарынан тұрады); 2-ден, постсинапстық буыңды немесе постсинапсты (көбінесе ол келесі нейрон денесі немесе дендрит мембранасының учаскесі); 3-ден, пресинапс пен постсинапс арасындағы болар-болмас (10—50 нм-дей болатын) синапстық саңылауды айырады. Пресинапс пен постсинапс мембраналарының бір-біріне дәл (сай) келетін учаскілерін көп жағдайда пресинапстық мембрана және субсинапстық мембрана деп атайды.

Аксон талшыктарының клетка денесінде түзетін синапстарын аксосоматикалық, деп олардың дендриттермен түзетін синапстарын — аксодендриттік деп атайды. Бұлардан басқа аксонның ақырғы тармақтарын (терминальдарын) өзара байланыстыратын аксо-аксо налъдық, әр түрлі нейрондар дендритгерінің арасында дендро-дендриттік, нейрон денелерін бір-бірімен байланыстыратын сомато-сомдтикалық және клетка денесі мен дендриттер арасында сомато-дендриттіксинапстар да болады.

Пресинапсүштарыөртүрлі пішінді (түйме, сына, себет, шытра, тор тәрізді, т. б.) болып келеді. Нерв жүйесіндегі нейронаралық синапстардан басқа шеткі нерв-бұлшықет синапстарьш (ақырғы пластинкаларды) айырады. Бір нерв талшығының тарамдалған ұштары толып жаткан басқа клеткалардың денесінде не дендриттерінде 10000-ға дейін синапстар түзе алады, сондай-ақ бір нейронның денесі мен дендриттерінде көптеген басқа нейрондар түзетін мыңдаған синапстар жатады.

Синапстар арқылы қозу өтудің екі механизмін айырады: электрлік және химиялық. Нервтен етке қозу өтуде химиялық заттардың қатысуы мүмкін екендігіне алғаш назар аударғандардың бірі И. М. Сеченов болды. А. Ф. Самойлов (1925) нейронаралык синапстар арқылы қозу етуде де химиялық заттар қатысады деп болжау жасаған. Кейін, 1934 жылы К. Быковтың лабораториясында А. В. Кибяков иттің мойын симпатикалық нервін тітіркендіріп, сол нерв жабдықтайтын жоғары мойын түйінінің тамырларындағы сүйықтықты жинап алып, енді оған қайта жібергенде ондағы нерв клетеаларында қозу туғандығын байқады. Австрия фармакологі Леви ХХ-ғасырдың 20-жылдарында адреналинге ұқсас зат пен ацетилхолиннің симпатикалық және парасимпатикалық әсерлерді жүрекке жеткізудегі рөлін көрсететін тәжірибелер жасады.

Кейінгі кезде жүргізілген микроэлектродтық зерттеулер арқасында қозу өткізу тәсілі жағынан алғанда синапстардың үш типінің бар екендігі белгілі болып отыр. Еңкөп тарағаны химиялық синапстар, содан соң — электрлік синапстар, ең азы — аралас синапстар. Электрлік механизмді синапстар қарапайым нерв жүйесі бар жануарларда басым болады. Жоғары сатылы организмдерде эмбриональдық дамудың барысында олар біртіндеп азая береді. Синапстардың қай механизм арқылы қозу еткізетіндігі көп жағдайда синапстық саңылаудың диаметріне байланысты болады. Химиялық синапстарда оның шамасы 10—20 нм-дей. Пресинапстық ток саңылауға жеткенде ондағы төменгі кедергіге байланысты жайылып, күші кемиді де, субсинапстық мембранаға оның небәрі 0,0001— дей бөлігі етеді. Ал бұл онда мембраналық потенциалдың қозу тууға жететіндей өзгерістерін жүргізе алмайды. Сол себептен де химиялық синапстар арқылы қозу өту үшін электрлік механизм жарамайды. Бұған химиялық заттар (медиаторлар) қатысады. Медиаторлар аксонның ең соңғы майда тармақтарының (терминальдарының) біраз кеңейген ұштарыңдағы диаметрі 30—50 нм шамасында болатын көпіршіктерде орналасады. Нерв талшығының бойымен келген импульстің әсерінен пресинапс мембранасындағы кальций каналдарының өткізгіштігі жоғарылайды да, ішке қарай өтетін Са иондарының ағыны күшейеді, везикульдер маңындағы кальций иондарының концентрациясы артады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Нейрондар жіктелуі.

  2. Қозғыш құрылымдар физиолгиясы.

  3. Нерв жүйесінің физиологиясы.

Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Нейрондардың жіктелуі туралы жалпы түсінік.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

  2. Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

  3. Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

  2. Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

  3. Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

  4. Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

  5. Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

5 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесі
Лекцияның жоспары:

1.Нерв жүйесінің эволюциясының негізгі кезеңдері.

2.Жүйке клеткаларының құрылысы.

3.Орталық тежелу жөніндегі ілім.

4.Рефректорлық концепция.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге вегетативті жүйке жүйесі мен таныстыру.

Лекцияның мазмұны: Организмде шеткі жүйке жүйесі екіге бөлінеді: Функцияларды анималдық (жануарлық) немесе соматикалық және вегетативтік (өсімдіктік) деп бөлінеді.Соматикалық функцияларға сыртқы әсерлерді қабылдау және қаңқа бұлшықеттері іске асыратын қозғалу реакциялары жатады.Ал вегатативтік функцияларға бүкіл организімдегі зат алмасуды іске асыратын жүйелер қызметін (ас қорыту, қан-айналу, тыныс алу сыртқа шығару т.с.с.), сондай – ақ өсумен көбеюді жатқызады. Функцияларды осылай бөлуге орай оларды реттеуді іске асыратын арнайы соматикалық және вегетативтік нерв жүйелерін ажыратады. (Ағылшын формакологы Дж Ленгли вегатативтік нерв жүйесін автономды жүйе деп атауды ұсынған, 1905).

Соматикалық нерв жүйесі экстерорецептивтік сенсорлық және моторлық функциялардың орындалуын қаматамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесі ішкі органдардың, тамырлардың, тер бездерінің қызметін және қаңқа бұлшықеттерінің, рецепторлардың, нерв жүйесінің өзінің трофикалық интервациясын қамтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесінің өзіне ғана тән болатын мофологиялық ерекшелігі бар. Оның ядролары орталық нерв жүйесінің арнайы бөлімдерінде орналасады, сондықтан талшықтары да тек сол ошақтардан шығады; талшықтардың шеткі бөлімдерде бөлініп орналасуында сегментарлық болмайды. әр талшық диаметірі өте жіңішке болады. Осылармен қатар, вегетативтік нерв жүйесінің талшықтары мидан ішкі мүшелерге қарай бағытталған жолында міндетті түрде үзіліс жасайды. Мұндай үзіліс жасалатын орындарды шеткі вегетативтік ганглийлер деп атайды. Ганглий нейтрондары мен мидан келетін талшықтар арасында синапстық байланысы болады. Ганглий нейтрондарының аксондары тиісті ішкі мүшелерге жетіп, оларды жабдықтайды (иннервациялайды).

Ганглийлер түрлі мүшелермен ұлпаларға орталық нерв жүцесінің импульстерін жеткізушілер ғана емес, олар шеткі рефлекторлық орталықтар да болып есептеледі. Сондықтан белгілі дәрежеде ОНЖ – нен тәуелсіз түрде, өз шеңберінде, ганглийлерде тұйықталатын рефлекторлық доға арқылы әр түрлі релекстерстерді іске асырып, ішкі мүшелер функцияларын реттей алады. Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық (Sympathes – сезімге ортақтасу) және парасимпатикалық ( грекше para – маңы, қасында) бөлімдерден тұрады.

2. Симпатикалық нерв жүйесінің орталықтары жұлынның жоғарғы кеуде сегментімен ІІ – І\/- інші бел сегменттерінің сұр затының бүйір мүйіздерінде орналасады (тораколюмбальдық орталықтар). Бұлардан басталатын прегенгиионарлық (ганглийге дейінгі) деп аталатын талшықтар жұлыннан алдыңғы түбірлердегі соматикалық талшықтармен бірге шығады. одан әрі шекаралық симпатикалық бағанға бағытталады. Баған ганглийлердегі нейтрондардан постганглионарлық (ганглийден нейінгі) талшықтар шығады. Бұлар организмнің барлық ішкі мүшелердің, сондай-ақ қан тамырларын жабдықтау арқылы қаңқа бұлшықеттерін, теріні, миды, т.б. инвервациялайды. Біраз преганглионарлық симпатикалық талшықтар шекаралық баған ганглийлерінен үзіліссіз өтіп, шеткі ганглийлерде (сәуле тәрізді, шажырқай түйіндерінде) аяқталады. Бұлардағы нейтрондардан шығатын постганглионарлық талшықтар өз тарапынан құрсақбөліміндегі мүшелерге бағытталады.

3. Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық бөлімдері ортаңғы мида (мезэнцефальдық орталықтар), сопақша мида (бульбарлық орталықтар) және жұлынның сегіз көз сегменттерінде (сокральдық орталықтар) орналасады. Көзді қозғалтатын нервтің, бет, тіл-жұтқыншақ, кезеген және жамбас нервтерінің құрамына кіретін преганглионарлық парасимпатикалық талшықтар өздері жабдықтайтын мүшелердегі интрамуральдық ганглийлерде немесе оларға жақын маңдағы ганглийлерде аяқталады. Ал бұларда постганглийлік талшықтар шығатын нейтрондар орналасады.

Көңіл аударатын бір жайт, симпатикалық нерв талшықтары парасимпатикалыққа қарағанда организмнде әлде қайда кең тараған. Егер симпатикалық нервтер барлық дерлік мүшелер мен ұлпаларды жабдықтаса, парасимпатикалық нервтерқаңқа бұлшықеттерін, ОНЖ – ін, қан тамырларының басым бөлігін және жатырды жабдықтамайды (иннервацияламайды). Олар тек ішкі мүшелерді және бас мүшелерін жабдықтайды.

Вегетативтік нерв жүйесі инневациялайтын көпшілік мүшелерге симпатикалық және парасимпатикалық талшықтар қарама- қарсы әсер етеді. Мәселен, кезеген нервті тітіркендіруден жүрек қызметі әлсіреп, соғуы сирейді, ал симпатикалық нерв, керісінше, оның қызметін күшейтіп, соғуын жиілетіледі; парасимпатикалық әсерлер тілдегі, сілекей, бездеріндегі, жыныс мүшелеріндегі қан тамырларды кеңейтеді, симпатикалықтар – оларды тарылады; парасимпатикалық нервтер қарашықты еішірейтсе, симпатикалық нервтер – үлкейтеді; парасимпатикалық әсерлер бронхыларды тарылтса, симпатикалық – кеңейтеді; парасимпатикалық нервтер қарын бездерінің қызметін, ішектің жиырлып – босауын күшейтеді, ал симпатикалық нервтер оларды тежейді, т.с.с. Тұтас организімде бұл жүйелердің қызметтері өзара келіскен, “теңдестірілген” күйде іске асады. Нақты жағдайда, организм қажетіне лайықтанған бағытта керек болса, бірінің қызметі (тонусы) күшейгенде, екіншісінікі төмендейді және керісінше.

Бірақ, кейде бір жүйе тонусының жоғарылауынан белгілі бір дәрежеде екіншісінің де тонусы жоғарлайтыны байқалған. Сонымен бірге, мәселен сілекей безінің қызметін симпатикалық та, парасимпатикалық та әсерлер күшейте алады. Организмдегі барлық мүшелер мен ұлпалардың бұл нервтермен жабдықталуы ылғи да қосарленбайтындығы жоғарыда айтылып өтті.

4.Вегатативтік нерв жүйесінің барлық деңгейлері аралық мида (гипаталамус пен жалақ денеде ) орналасқан жоғарғы вегатативтік орталықтарға бағынады. Бұл орталықтар организмдегі көптеген мүшелер мен жүйелердің функцияларын үйлестіреді. Ал олар өз тарапында үлкен ми сыңарлары қыртысына бағынады. Ми қыртысы самуатикалық және вегатативтік функцияларды біріктіріп, бірыңғай іс - әрекеттік актыларды тудыру арқылы бүкіл организмнің біртұтас жауабын қамтамасыз етеді.

Ерекшелік ретінде айта кететін нәрсе, организм реакцияларының соматикалық құрамдас бөліктері вегатативтіктерден өзгеше адам еркіне тәуелді түрде орындала алады, яғни оларды ерікке бағындырып, күшейтуге немесе тежеуге болады. Басқаша айтқанда олар сана бақылауында болады. Вегатативтік құрамдс бөліктер әдетте мұндай бақылаудан тыс орындалып жатады: кәдімгі күнделікті өмірде адам қалаумен ішкі мүшелер қызметін өзгерте алмайды (арнайы, ерекше тәсілдермен жаттығулар жүргізу нәтижелерін еске алмағанда). Сондықтан да кейде вегатативтік нерв жүйесін автономды немесе ерікке тәуелсіз деп атайды. әрине бұлай атау өте шартты екені түсінікті. Бұған акад. К.М. Быковтың зертханаларында көптеп жүргізілген зерттеулер куә. Бұлар көрсеткендей, кез келген ішкі мүшенің қызметін шартты рефлекторлық жолмен қалаған бағытта өзгертуге болады. Ендеше вегатативтік нерв жүйесі ми сыңарлары қыртысының бақылауында қызмет атқаратынын атап көрсету керек.

Вегатативтік нерв жүйесі арқыла қозу өту процесі де түрлі медиаторлардың қатысуында жүреді. Парасимпатикалық нервтердің сондай-ақ симпатикалық вазодиля таторлардың, (тамыр кеңейткіштердің), тері бездерінің симпатикалық нервтерінің ұшында ацетилхолин түзіледі, симпатикалық нервтердің постганглионарлық бөлімдерінің ұштарында (тері бездері мен симпатикалиқ визоделяторлардан басқаларында) норадреналин ( бір метил тобына айрылған адреналин) түзіледі.

Вегатативтік нерв талшықтарынаң ұштарында түзілетін медиаторлардың өздері жабдықтайтын клеткаларға саматикалық нервтерде түзілетін медиаторларға (ацетилхолинге) қарағанда әсер ету уақыты ұзақ болады. Себебі; бұларда, шамасы, медиаторларды бұзатын ферменттер белсенділігі төмен болса керек.

Медиаторлар вегатативтікнерв жүйесі ганглийлеріндегі синаптардың преганглионарлық талшықтары терминальдарында да түзіледі. Мұны алғаш байқағандардың бірі А.В.Кибеков (1933) болды. Ол мысықтың жоғарғы мойын симпатикалықтүйініне келетін преганглионарлық симпатикалық талшықтарды тітіркендіргеннен соң, сол түйіннен ағып шығатын Рингер – Локк ерітіндісінің құрамынан адреналин тәрізді затты тапқан. Кейін преганглионарлық талшықтар түзетін синапстарда пайда болатын қоздырушы медиатордыңацетилхолин екені анықталады. Ал адреналин симпатикалық ганглийлер нейрондарында тежелу тудыратын медиатор болып шыққан. Ганглийлер синапстарындағы ацетилхолин әрекетінің бір ерекшелігі – оның әсері түйінді атропинмен уландырса, ол әсер жойылады. Осыған байланысты олардаацетилхолин әсерін сезетін құрылымдардың екі типі бар деп есептеледі. Бірі – М-холинрецепторлар - сезгіштігі атропин әсерінен жоғалтады; екіншісі – Н-холинрецепторлар – сезгіштігін никотиннің және кейбір басқа ганглиоблокаторлардың (гексонийдің) әсерінен жоғалтады. Вегатативтік нейрондар аксондарының ұштарында қай медиатордың түзілетініне қарай ол нейрондардыхолинергиалық және адренергиялық деп бөледі. Біріншілерінің аксондарының ұштарында ацилхолин жасалады, ал екіншілерінде норадреналин жасалады. Аксон терминалдарынан босап шыққан медиаторлар ацетилхолин мен норадреналин – постсинапстық мембранадағы (жарғақшадағы) спецификалы белокпен өзара әрекетке түсіп, комплексті қосылыс түзеді. Ацетилхолинмен өзара әрекеттесетін белок холинрецептор деп, ал адреналинмен немесе норадреналинмен өзара әрекеттесетін белок адренорецептор деп аталады. Адреналин мен норадреналин әсер ететін адренорецепторлардың да екі негізгі түрі бар: α және β. Бұлардың әр түрлі органдарда орналасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір органдарда оның екеуі де бар, олар бір біріне қарама – қарсы бағытты реакциялар тудырады; ал екінші біреулерінде олардың тек біреуі ғана кездеседі. Мәселен, қан тамырларында екі адренорецептор да бар. Осындағы α – адренорецепторлармен қосылыс түзетін симпатикалық медиатор артериолдарды тарылтады, ал β – адренорецепторлар оларды кеңітеді. Ішекте де α және β – адренорецепторлар болады және олардың екеуі де ішектің бірыңғай салалы еттерінде тежелу тудырады. Жүректе және бронхыларда α - адреноцепторлар болмайды. Мұнда адреналин мен норадреналин тек β - адренорецепторлармен өзара әрекеттесіп, жүрек жұмысын күшейтеді және бронхыларды кеңейтеді. (Бұл материалды толықтыру және симпатикалық нерв жүйесінің адаптациялық – трофикалық маңызы туралы айту нейро – моторлық аппарат физиологиясын баяндағанда жалғасады.)

Бақылау сұрақтары:



1.Вегатативті жүйке жүйесі.

2.Шеткі жүйкесіне жалпы сипаттама.

3.Сипаттамалық жүйке жүйесі.

4.Парасимпатикалық жүйке жүйесі.

5.Вегативті жүйке жүйесінің реттелуі.
Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Орталық тежелу жөніндегі ілім.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

  2. Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

  3. Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

  2. Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

  3. Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

  4. Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

  5. Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

6 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Орталық жүйке жүйесі.
Лекцияның жоспары:

  1. Ми бөлімдері және оның құрылысы.

  2. Сопақша ми, оның рефлекторлық және автоматикалық орталықтары.

  3. Мишық және оның құрылысы.

  4. Үлкен ми сыңарларының негізгі эволюциясы.

  5. Лекцияның мақсаты:Студенттерге ортаңғы ми құрлымдары және олардың қызметі мен таныстыру.

Лекцияның мазмұны: Жұлынның өрлеу жолы, немесе орталыққа тепкіш жолының қызметімен жіктелуі.

  1. Үлкен ми жарты шарлары қыртысының қызметі.

  2. Сопақша мидың қызметі.

  3. Артық ми құрлымдарының қызметі.

  4. Мишық оның құрлысының ерекшелігі.

  5. Аралық ми таламус әр түрлі эфферентті жүйелердің импульстер коллекторы.

  6. Ортаңғы ми құрлымдары және олардың қызметі.

ОЖЖ-сі дегеніміз адам мен омыртқалы жануарлар жүйкесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. ОЖЖ-сі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелер мен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.

Орталыққа тепкіш өткізгіш жалдар сыртқы немесе ішкі орта әсерін қабылдайтын рецепторлардан импульстерді мидың әртүрлі құрылымдарына жеткізеді. Оларға жіңішке және сына тәрізді шоғыр, латеральдық және вентральдық жұлын-таламустық жол, дорсальдық және вентральдық жұлын-мишық жолы жатады.



Жіңішке және сына тәрізді шоғырлар (Голл және Бурдах жолы) жұлындық түйіндердің сезімтал нейрондарының өсінділері болып табылады, үлпекті талшықтардан құралады, Қозу импульсін 60-100 н/сек. жылдамдықпен өткізеді. Бұл шоғырдын қысқа аксондары өз сегменттерінің мотонейрондарымен және аралық нейрондарымен синапстық байланыс түзеді де, ұзын аксондар сопақша миға бағытталады. Жол жөнекей ұзын аксондар жұлынның жоғарырақ орналасқан сегменттеріне тармақтар бере отырып, сегментаралық байланыс түзеді.

Жіңішке шоғыр талшықтары арқылы дененің артқы бөліктері мен
аяқтардан, ал сына тәрізді шоғыр арқылы- дененің алдыңғы бөліктері
мен қолдардан (алдыңғы аяқтардан) келетін импульстер өткізіледі
Аталған шоғырлар талшықтары жұлынды бойлай өз жақтауымен сопақша мидағы Голл және Бурдах ядроларында аяақталады. Осы жерде
олар екінші нейронмен синапс түзеді. Ал, екінші нейрон аксондары
осы сопақша ми деңгейінде айқасып қарсы бетке өтеді де, таламустың арнаулы ядроларында аяқталады. Осы жердегі үшінші нейрон
өсінділері үлкен ми жарты шарлары қыртысының IV- қабатының
нейрондарында аяқталады. Жалпы бұл жол арқылы тітіркендіргіштердің әсер еткен аумаған, олардың мерзімдік сипатын ажыратуға мүмкіндік беретін айқын сигналдар өткізеді.

Латеральдық жұлын-таламус жолы ауырсыну және температуралық әсерлерді, ал вентральдық жұлын-таламус жолы - тактильдік (жанасу) әсерді өткізеді. Кейбір деректерге қарағанда бұл жолмен проприо- және висцерорецепторларда туындаған импульстер де өткізіледі. Қозу толқынының өту жылдамдығы 1-30 м/с құрайды. Бұл жолдың бастапқы талшықтары не өздері енген сегментте аяқталады, не айқасып, қарсы бетке өтіп, не өздері жұлынға енген жағымен бірнеше сегментті бойлай өрлеп, қарсы беттегі нейрондармен жалғасады. Бұл нейрондардан басталған аксондар көру төмпегінде (таламуста) аяқталады. Таламус нейрондарының аксондары үлкен ми жарты шарлары қыртысыңда аяқталады. Жұлын-таламус жолы арқылы тітіркендіргіштердің сапалық сипаты жайлы ақпарат алынады.

Дорсальдық жұлын-мишық жолын немесе Флексиг шоғырын, жұлынның дорсальдық мүйізінде орналасқан нейрондар аксоны құрайды. Бұл жол талшықтары айқаспай өз беткейімен мишыққа барады, қозу импульсін 110 м/с жылдамдықпен өткізеді. Бұл жолмен аяқ - қол еттері мен буын байламдары рецепторларынан тарайтын импульстер өткізіледі.

Вентральдық жұлын-мишық жолы, немесе Говерс шоғыры, жұлынның дорсальдық мүйізіндегі нейрондар аксондарынан құралып, импульстерді 120 м/с жылдамдықпен мишықтың дененің қарсы беткейіндегі жартысына жеткізеді. Бұл жол сіңірден, тері мен ішкі рецепторлардан тараған импульстерді өткізеді, дене қимылдарын қамтамасыз етіп, дене кейпін бақылауға мүмкіндік береді.

Ми жарты шарлары мидың ең жоғары және филогенездік тұрғыда ең жас бөлімі. Сыртынан ол жалпы қалыңдығы 1,5-4,5 мм шамасын құрайтын сұр затпен қапталады. Оны үлкен ми қыртысы деп атайды. Ми қыртысы мидың ең күрделі құрылымы, ол түрлі сенсорлық тітіркеністерді қабылдап, өңдеп, әрекеттерді қалыптастыратын сигналдарды тудырады, организмнің күрделі мінез-қылығын үйлестіріп, бағыттап отырады.

Морфологиялық тұрғыдан ми қыртысы орасан көп (12-18 млрд.) нейрондардан, олардың өсінділері мен синапстардан, нейроглия торшаларынан құралған. Ми қыртысын құрайтын нейрондар пішімі мен қызметіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олардың бірін пирамидалық торшалар құрайды. Олар ми қыртысы беткейінде вертикаль (тігінен) орналасады және үшбұрыш пішіндес келеді. Бұл торшалардан жоғары қарай Т-тәрізді тармақталған дендрит, ал төменгі табанынан аксон басталады да, ол ми қыртысының басқа аймақтарына бағыталатын, немесе қыртыстан басталатын, төмендеу жолына қосылады.

Қыртыс нейрондарының келесі тобын майда жұлдызша торшалар құрайды. Олардың өсінділерінен қыртыстық байланыстар түзеледі.

Нейрондардың үшінші тобын шүйкелі (ұршық тәрізді) торшалар түзеді. Олардың аксондары горизонтальды не тік бағытта жайылады. Аталған нейрондар топтарының денесі мен өсінділері белгілі ретпен орналасады да, ми қыртысын алты горизонтальды қабатқа бөледі. Олар сыртқы молекулалық қабат, сыртқы дәнді қабат, сыртқы пирамидалық торшалар қабаты, ішкі дәнді, ішкі пирамидалық торшалар қабаты және әртекті (полиморфты), немесе шүйкелі, торшалар.

Анатомиялық тұрғыдан ми қыртысы төрт бөлікке - маңдай, төбе, шүйде және самай, бөлінеді. Бұл бөліктердің әрқайсысы сезімтал, (проекциялық) және жалғастырушы аймақтарға бөлінеді. Ми қыртысының арнаулы афференттік жолдар тірелетін жерлерін сезімтал (проекциялық, сенсорлық) аймақ дейді. Оларға соматосенсорлық (төбе бөлігінде), көру (шүйде бөлігінде), есту (самай бөлігінде) дәм сезу (төбе бөлігінде) аймақтары жатады.



Жалғастырғыш (ассоциативтік) аймақтар үлкен ми жарты шарларының маңдай, самай, төбе, шүйде бөліктерінде орналасады. Бұл аймақтар импульстерді не сезімтал аймақтардан, не басқа жалғастырғыш аймақтардан қабылап отырады.

Ми қыртысының қозғағыш аймақтары бұлшық ет әрекеттерін басқарады. Олар алдыңгы орталық иірімде және ми қыртысынын медиальдық беткейінде орналасады.

Сопақша ми - ми сабағының (бағанының) маңызды құрылымдарының бірі. Ми сабағы деген атпен сопақша ми, көпір, ортаңғы және аралық ми құрылымдарын біріктіреді. Ми сабағының ішінде тармақталған тор түрінде торлы құрылым, немесе ретикулярлы формация, орналасады.

Адам мен барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жұлынының жалғасы болып табылады, сондықтан онда жұлынға тән қарапайым сегменттік сипат сақталады, Сопақша миға да жұлын тәрізді рефлекстік және өткізгіштік қызмет тән.

Сопақша мида нейрондар шоғырланып, ерекше құрылым - ядролар пайда болады. Ядролар әр түрлі рефлекстік қызметтердің орталығы болып табылады. Сопақша ми жұлын мен өз ядроларынан басталатын ми жүйке тамырлары арқылы дененің барлық бөліктерімен байланысады. Он екі жұп ми жүйке тамырларының сегіз жұбы (V-ХІІ) осы сопақша мидан бастау алады. Олар үштармақ, әкеткіш, беттік, есту, тіл-жұтқыншақ, кезеген, қосымша және бұғақтық (тіл асты) жүйке тамырлары. Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметін реттеу орталықтары, тамыр қозғағыш орталық, көмірсулар алмасуын реттеу, ему, шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, тушкіру рефлекстерінің орталықтары, Дейтерс ядросы және басқа тірішліктік маңызы зор орталықтар орналасқан. Сонымен қатар, сопақша мида бас еттерінің, көздің, ішкі құлақ шытырмағының (лабиринтінің) афференттік жүйкелерінің орлалықтары орналасады.

Сопақша ми вегетативтік қызметтер мен қанқа еттері тонусын реттеуге қатысады. Бұлшық ет тонусын реттеуде Дейтерс торшалары маңызды рөл атқарады. Сопақша ми мен ортаңғы ми арасын тіліп, Дейтерс торшаларының қызыл ядромен байланысын үзсе, жануарларда децебрациялық сіреспе (ми сіреспесі) деген атпен белгілі құбылыс байқалады. Мұндай жағдайда жазғыш еттердің тонусы күрт жоғарлайды да, жануарлардың денесі керіліп, аяқтары сіресе жазылады, басы кекшиіп, құйрығы қайқая көтеріледі. Мал қимылдау қабілетінен айырылады. Сопақша мн тонустық рефлекстерді реттей отырып, организмнің қиымыл-әрекетін (жүру, түру) қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады.

Сопақша мидың өткізгіштік қызметінің арқасында мидың жоғары бөлімдері жұлынмен байланысады, шеткі мүшелерге, вегетативтік қызметтерге ықпал етеді. Жұлынның барлық өткізгіш жолдары сопақша ми арқылы өтеді.

Артқы миға көпір мен мишықты жатқызады.



Көпір - негізінен өткізгіштік қызмет атқарады. Ол мидың алдыңғы, соңғы бөлімдері мен мишықты байланыстырады. Көпірдің сұр затында ми жүйкелерінің Ү-ҮІІІ-жұптарының ядролары, торлы құрылым ядролары және көпірдің өзіндік дербес ядролары орналасады. Ми жүйкелерінің сезімтал талшықтарымен көпір дәм сезу рецепторлары мен көз еттері және бас терісінің рецепторларынан сигналдар қабылдап, осы жүйкелердің эфференттік талшықтарымен бассүйек еттерінің қимылдарын реттейді. Көпірдің рефлекстік қызметі сопақша мидың қорғаныстық және қоректік рефлекстерін толықтырып отырады.

Мишық - көпір мен сопақша мидың үстіңгі жағында орналасады. Ол көлемді бүйір бөліктерден - жарты шаралардан, және соларды біріктіретін құртшадан тұрады.

Мишық алдыңғы жол арқылы ортадғы мимен, ортаңғы жол арқылы- көпірмен, артқы жол арқылы- сопақша мимен, ал көпір арқылы үлкен ми жарты шараларымен байланысады. Мишық рецепторлармен және эффекторлармен тікелей байланыс түзбейді, бірақ оған өте көп афференттік импульстер жетіп отырады.

Мишық дене қимылдарының үйлесімі дене кейпш және дененің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның әсерімен бұлшық ет тонусы өзеріп, қимыл-әрекет кезінде жеке ет топтарының жиырылу күші реттелініп, артық, ебетейсіз қимылдар байқалмайды. Мишықты сылып тастаса бұлшық ет тонусы бұзылады (атония), қимыл үйлесімдігі, атқарылатын қимыл мен бұлшық еттің жиырылу күшігін арасындағы сәйкестік бұзылады (атаксия), теңселмелі қимылдар пайда болады (астазия), бұлшық еттердің жиырылуындағы үйлесімдік бұзылады (асинергия),организм тез қажиды, әлжуазыдық байқалады (астения).

Мишық организмнің вегетативтік қызметіне де әсер етеді. Мишықты тітіркендіргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымын жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, бұлшық етте биохимиялық қалыптастыру процесі күшейеді. Мишықты алып тастаса қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек сөлінің бөлінуі азаяды, қуат шығыны артады, бұлшық еттің нәрлену процесі бұзылады. Осыдан мишықта сипатикалық және парасимпатикалық нервтену орталығы орналасады деген болжам жасалған.

Филогенез процесінде мишықтың дамуы ауырлықты жеңу және кеңістікте қозғалу сияқты рефлекторлық реакциялармен байланысты жүреді. Ең бірінші рет мишық дөңгелек ауыздыларда байқалады, себебі онда дене теңдігін сақтауға арналған вестибулярлық аппарат бар. Олардың мишығын ертедегі мишық деп атады. Кейін шеміршекті және сүйекті балықтарда жүзгіш аяқтарының пайда болуына байланысты антогонист бұлшықеп тердің кезек жиырылуы маңыз ала бастады. Осыған сәйкес дененің кеңістіктегі қалпын хабарлайтын проприорецепторлық импульстердің мәні де артты. Енді артқы нида вестибулярлық аппараттан басқа, бұлшықеттерден, буындардан, сіңірлерден импульстер алатын нерв клеткаларының жиынтықтары дамып жетіледі. Олар өсе келе ескі мишыққа айналады. Түрлі рецепторлардан шығатын импульстерге организмнің қайтаратын жауан реакцияларында рефлекторлық аппарат ретінде көп рол атқаратын ортаңғы мидыңдамуымен байланысты, ескі мишықтың орта бөлімінен жаңа облыс пайда болды. Ол ортаңғы ми мен ми бағының басқа да алдыңғы бөлімдерінен импульстер қабылдайды. Рептилияларда (бауырымен жорғалаушыларда) жақсы байқалатын бұлжаңа бөлім сүтқоректілерде одан әрі дамыды. Мишық жан-жағынан күшті өсіп, одан бүйір жарты шарлары пайда болды. Бұлар оның ең негізгі массасы болып табылады және ми қыртысының импульстер алады.

Аралық ми - көру төмпегі - таламус, төмпек асты аймақ - гипоталамус, және төмпектің үстіңгі қосалқысы - эпиталамус атты құрылымдардан тұрады (48-сурет).



Көру төмпегі (таламус) - мцдьщ ең көне бөлігі. Онда сұр заттан түзілген көптеген (40-қа жуық) ядролар шоғырланады. Бұл ядролар алдыңғы, медиаладық және латеральдық болып бөлінеді.

Таламус иістік импульстерден басқа үлкен ми жарты шарларына бағытталған барлық афференттік импульстердің қақпасы болып есептеледі. Таламус ядроларында жанасу, проприо- термо, ауырсыну, дем сезу рецепторларынан бағытталған импульстер тоғысады.

Қызметі жағынан таламус ядролары арнаулы және жалпылама болып бөлінеді. Арнаулы ядролардан тараған имиульстер ми қыртысының үшінші немесе төртінші қабатының нақтылы сезімтал (сенсорлық) және жалғастырғыш (ассоциативтік) аймақтарына шоғырлана бағытталады, олар белгілі түйсік туғызады. Ал жалпылама ядролардан тараған импульстер ми қыртысына шашырай жайылады, ми белсенділігін жандандырады.

Таламуста белгілі дәрежеде әр түрлі тітіркеністерді талдау, жинақтау процестері де жүреді. Таламус бұлшық еттің икемділік тонусын реттеуге қатысады. Икемділік тонусы нәтижесінде дене әр түрлі кейіп қабылдай алады.



Эпиталамуста иіс сезу орталығы мен ішкі секрециялық без -эпифиз орналасады.


Гипоталаус ядросы:

1-паравентрикулярлық ядро, 2-шың (спайк), 3-күмбез, 4-қасаң дене, 5-көру төмпегі (таламус), 6-эпифиз, 7-ми суағары, 8-ортаңғыы ми, 9-артқы ядро, 10-еміздікше дене, 11 -дорсомедиальды ядро, 12-латериальды ядро, 13- ентромедиальды ядро, 14-нейрогипофиз, 15-аденогипофиз, 16-көру жолының қиылысы, 17-супраоптикалық ядро.



Гипоталамус — көлемі жағынан кішкентай ғана құрылым, бірақ онда көптеген ядролар шоғырланады. Олардың негізгілері паравентрикулярлық, супраоптикалық ядролар, сур төмпек, еміздікше дене. Гипоталамус аймағында жалпы алғанда 32 жұп ядро орналасады.

Гипоталамус көру төмпегі мен ми қыртысын вегетативтік жүйке жүйесімен жалғастырушы буын болып табылады. Осыдан гипоталамус вегетативтік функцияларды, симпатикалық және парасимпатикалық реакцияларды реттеуде маңызды рол атқарады. Супрараоптикалық ядроны тітіркендіргенде мал иеді, ал паравентрикулярлық ядроны тітіркендіргенде — исінеді. Гипоталамустың артқы ядролары симпатикалық, ал алдыңғы ядролары парасимпатикалық реакцияларды реттейді деген болжам бар.

Гипоталамус дене температурасының реттеуге қатысады. Сүр төмпекті зақымдағаннан кейін жануарлар организміндегі жылу түзу және жылу болу процестері бұзылып, дене температурасының тұрақтылығы сақталмайды. Гипоталамусте белоктың, майдың, көмірсулардың, су мен минералды заттардың алмасуын реттейтін орталықтар орналасады.

Гипоталамус түрлі эмоцияларды, организм мен сыртқы орта арасыңдағы байланысты қалыптастыруда маңызды рол атқарады. Оның жыныстық және афессивті қорғаныстық рефлекстерге қатысы дәлелденген. Гилоталамустың вентромедиальдық ядроларында тояттау, бүйір ядроларында — ашығу, ал супраоптикалық ядролардан дорсолатералдық бағытта — сусау (шөлдеу) орталықтары орналасады.

Гипоталамустың преоптикалық аймағында организмнің ішкі ортасындағы осмостық қысым деңгейін реттеуге қатысатын ерекше осморецепторлы нейрондар орналасады. Бұл нейрондар ішінде осмостық қысымы тұрақты деңгейде болатын торшалық сүйыққа толған вакуоль болады. Осы сүйық пен торша сыртыңдағы сүйықтың осмостық қысымының айырмасына байланысты нейрон белсенділігі өзгеріп, денедегі осмостық қысымның тұрақтылығын сақтауға бағытғалған физиологиялық әрекеттер туындайды.

Сүт қоректілерде ортаңғы ми дорсальдық және базальдық (негіздік) бөлімдерден тұрады. Дорсальдық бөлімге төрт төмпешік жатады. Бұл құрылымның алдыңғы қос төмпешігінде көрудің, артқы қос төмпешікте - естудің бағдарлық рефлекстерінің орталықтары орналасады. Осы орталықтардың қатысуымен көз, құлақ қимылдап, бас тітіркендіргіш көзі орналасқан жаққа қарай бұрылады.

Ортаңғы мидың базальдық бөлімін оның сабақтары құрайды. Әрбір сабақ үш құрылымнан — бүркемеден, қара төсеміктен және табан негізден тұрады. Бүркемеде қызыл ядро және шығырлық жүйке мен көз қимылдық жүйке (III, ІҮ ми жүйкелері) ядролары орналасады. Бұл жүйкелер көз алмасының еттерін жүйкелендіріп, көз қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Қызыл ядро дене қимылын реттейтін маңызды құрылым. Рубро-жұлындық жол арқылы ол жұлын мотонейрондарымен байланысады. Қызыл ядро сопақша мидағы Дейтерс ядроларының қызметін тежеп, дененің кеңістіктегі кейіпіне қарай бұлшық ет тонусын өзгертіп отырады. Қызыл ядро дененің қалыпты кейпі мен тепе-теңдігін қамтамасыз ететін тонустық рефлекстердің атқарылуын реттеуде маңызды орын алады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Гипоталаус ядросы.

  2. Латеральдық жұлын-таламус жолы.

  3. Эпиталамус.

  4. Сопақша ми құрылысы.

Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Нейрондардың түрлері.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

  2. Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

  3. Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

  2. Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

  3. Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

  4. Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

  5. Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

7 Лекция



Лекцияның тақырыбы: Орталық нерв жүйесінің интеграциялаушы қызметтері.
Лекцияның жоспары:

  1. Каталог: CDO -> 2007-2008 -> AdamFiziolog -> Data
    2007-2008 -> Білім және ғылым министрлігі
    2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
    2007-2008 -> Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы
    2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары
    2007-2008 -> ОҚУ Әдістемелік кешені
    2007-2008 -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
    2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
    Data -> Тестік сауалнама


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет