Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”


ОЖЖ интеграциалаушы қызметі



бет3/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ОЖЖ интеграциалаушы қызметі.

2.Адамдағы шартты рефлекстері

3.Ми сыңарларының қыртысы.

4.Мидың жоғарғы бөлшектерінің өткізгіш жолдары.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге орталық нерв жүйесінің қызметтері мен таныстыру.

Лекцияның мазмұны: ОЖЖ интеграциалаушы қызметтері анализатордың қабылдаған сигналдары өңдеу, қорзғалу және ветативті орталықтарды басқарумен байланысты емес. Олар ұйқы-ояу күйі циклы, сана, сөйлеу мен ойлау, ес және эмоция сиқты құбылыстардың негізін құрайды. Бұл қызметтер ми қыртысының екі ірі бөлігінде-лимбиялық жүйе мен жаңа қыртыста (неокортесте) шоғырланған деп есептеледі. Бұларда жүріп жатқан физиологиялық процестердің мәніне, табиғатын доминанта және шартты рефлекстер арқылы түсіндіруге болады.

А.А.Ухтомский реттеуші қатынастардың негізін құраушы ретінде доминанта прпинципін ұүсынды. Ол Ч.Шерринктонгтың аппаратарға афферентті әсерлердің конвергенсиясы пікіріне сүйенеді. Бірақ Н.Е.В.Веденскийдің жүйке жүйесінің қарым-қатынасының доминантасы туралы пікірі ғана доминанта түр пікірді қалыптастыру,а мүмкіндік берді. Яғни жүйке-орталықтарының функционалдың жағдайы және жұмысшы органның сипаттамасы-жүйке іс-әрекетінің жұмысшы принципінде және мінез-құлық векторында. Доминанта организмнің нақты мінез-құлықтың орындауына жасырын алдан-ала дайындығы ретінде рефлекторлы реакциялардың (шартты және шартсыз) тітіркендіргіштерге жауабының пайда болу мүмкіншілігін анықтайды. Сеченовты ирпадиация қозудың жоғарылау ошағына қарай жүруіне зейін аударған. Ухтомский бойынша мұндай ошақтың қалыптасу ролін анықтайтын станионарлы қозу жағдайы. Егер бұл тітіркендіргіштердің қозу жағдайы төмен болса, оларды доминанта деңгейіне дейін, оларға келетін жүйкелердің әсері арқылы жоғарлауы мүмкін, яғни онда қозуды жоғарылатады.

Егер қозу орталықтарында оның деңгейі өте жоғары болса, онда жаңа қоу елгенде оны тежеу эффекті пайда болады.

Доминантты ошақтың негізгі ерекшелігі оның жоғары қозғыштығы болып табылады. Яғни келетін қозу толқындарына қабылдануы және орталықтың бұл қозуларды қосу қабілеті. Доминанталы ошақта қозудың белгілі станционарлы деңгейі қалыптасады, ол алдын табалырыққа дейінгі қозуды қосуға және ошақтағы сезгіштік жоғарлағанда оптималды жұмыс істеу жағдайыеа өткізуге мүмкіндік туғызады.

Сондықтан қозулар қосу рефлекс кезінен өткенненкейін доминантаға айналады. Сонымен қатар олар доминанта кезеңінен өткеннен кейін шарты рефлекске айналады.

Доминантаның қалыптасуына процесінде негізгі роль атқаратын ере жүретін тежелу процесі. Бұл орталықтан және шеткі бөлімнің ұщтарынан келетін қозу, яғни өз деңгейінде импульстарға тікелей қатысы бар және жауап қайтару мүмкіншілігі. Ережүретін тежелу өз уақытында болу қажет яғни органдардың және организмнің жұмыс істеуін реттеуге маңызы бар. Тежелу процесі доминантаны түзеді және қолдайды. Сонымен қатар оның функциясын жоюда мүмкін яғни доминантаның өзі тоқтауы мүмкін.



Адамдағы шартты рефлекстер.

Красногорский 1906ж адамның аузын ашу, жұтыну қимылдарын (шартсыз рефлекстерін) тамақ берумен бекіте отырып, шарттты тамақ рефлекстерін алды. Кейін ол шықшыт безінің сілкейін жинайтын ергекше уапсула жасау арқылы сілекей бөліну рефлексін бақылады. Адамдардағы шартты рефлекстерді В.М.Бехтнрнв пен В.П.Протопоновта зерттеген. Түрлі әдістемелер қолдану арқылы жүргізілген көптеген эксперимент жұмыстарының нәтижесінде мынадай қортынды шықты: адамның жоғары нерв әрекеті де жпануарлардікі сияқты рефлекторлық механизмге негізделеді және қыртыс функцияларының негізгі заңдылықтары оларға орт ақ болып табылады. Айырмасы: адамдарда оң және теріс шартты рефлекстер (тітіркендіргіштер комплексіне, ұзақ кешіккен рэфлекстер) жылдам алынды. Ең негізгі айырма: адамда психиканың дамуының ең жоғарғы сатысы сана бар. Адам да, жануарда өзінің психикалық әрекетінде сыртқы дүние құбылыстарын бейелейді. Бірақ адам өз санасында сыртқы ортаны бейнелей отыра, оны жинақтайды және олардың арасындағы заңдылықты ашады. Бұл адамға табиғатты өзіне бағындыруына және еңбек ету барысында дүниені қайта жасауына мүмкіндік береді. Адам миын кез-келген жануар миынан айыратын негізгі сапалық өзгешелік-саналы ойлау-сөйлеуден көрінеді. Сөздің тітіркендіргіш ретіндегі ролі туралы Павлов былай деп жазды. “Сөз адам үшін, әрине, оған және жануарларға әсер ететін басқа да ортақ тітіргендіргіштер тәрізді нақтылы шартты тітіргендіргіш; дегенмен солай бола тұра ол, бұл тұрғыдан алғанда, жануарлар шартты тітігендіргіштерінің ешқайсымен ешқандай сандық та,ғ сапалық та салыстыруға келмейтін, бәрін қамтитын тітіргендіргіш болып табылады.

Адамның жоғары нерв әрекетінің ең күрделі көріністерінің негізінде де шартты рефлекстердің ұзын қатары жатады. Адамдағы жаңа принцип: олардың ми қыртысында шартты байланыс негізінен сөздің қатысуында жасалады.

Бұл болмыстың тікелей сигналдау жүйесі. Ол адамға тән. Бірақ болмысты сигналдаудың тағы бір ерекше, адамға тән жүйесі бар. Ол 2-ші сигналдық жүйе. Бұл арқылы сыртқы және ішкі ортада жатқан құбылыстар, өзгерістер сөз арқылы хабарлады. Мұны Павлов “бірінші сигналдың сигналы”-деп атады. Екі сигналдық жүйеге сай адамның рецепторына әсер ететін тітіргендіргіштердің өзі 21 түрлі; тікелей және сөздік. Сөздің өзі кез-келген тікелей тітіргендіргіштердің әсерін ауыстыра алады, сондықтан. Оларға сай реакцияларды тудыра алады. 2-ші сигналдық жүйе арқылы адым болмысты толығырақ, анығырақ бейелейді, одан дерексіздене де алады, толыпжатқан тікелей тітіргендіргіштерді жинақтай алады. Осы жаңа, жинақталған сигналдарды анализдеу мен синтездеу ерекше адамдық жоғары ойды құрайды. 2-ші сигналдық жүйенің таңқаларлық ерекшелігі-шартты байланыстыра жасалуының жылдамдығы: адам бір рет естісе не кітаптан оқыса болғаны, оның ми қыртысында жаңа байланыстар пайда болады. олардың мықтылығы соншалық, кейде ешқандай бекітусіз көптеген жылдар бойы сақталады. Саналы ойлау сөз, сөйлеу арқылы көрінісін, мазмұнын білдіреді, яғни тілге байланысты.

Тіл қызметі рефлекторлық сипатта.

Бізге белгілі, жануарлардың жоғары нерв әрекетінің жарты шарлар қыртысында жүретін процестердің рэфлекторлық сипаты болып табылады. Бұл заңның күші екінші сигналдың жүйе үшін де жоғалмайды. Сөз сөйлегенде тілдің қозғалысының рэфлекторлық сипатының болатындығы туралы пікір кезінде И.М.Сеченов айтқан болатын. Дыбыс сіңіріне, тілге және бүкіл сөйлеу аппаратына келетін эфференттік импульста осы органдардың жұмысын қамтамасыз етеді. Сөйтіп сөз сөйленеді. Ал бұл кезде туатын афференттік импульстер ағыны ми қыртысына түсіп, сөз сөйлеудің әрбір сатысын сигналдап отырады.

Егер де адамға белгілі бір қимыл актысын ойла десе, сол сәтте қимыл актысына қатысы бар еттердің функционалдық қалпы өзгереді, соларға сәйкес органдардың қанмен жабдықталуы жақсартады, кейде тіпті сол актының әрең байқалатын элементтері де көрінеді. Кейде адам өзінше (іштей) ойлағанның өзінде, екінші сөзбен айтқанда, іштей сөйлегенде де жоғарыдағы айтқанымызға ұқсас құбылыстар байқалады. Бұл кездерде эфференттік импульстер естілетін сөздерді, сөйлеуді туғысбаса да, кейде адамның ерні жыбырлап, тілі аздап қозғалады, тіпті кей жағдайларда эфференттік импульстердің күшею салдарынан біраз дыбыс шығарып, сөйлеп те кетеді.

Физиологиялық көзқарас тұрғысынан ойлау актысының өзі, тіпті ол сөз арқылы берілмесе де, күрделі тізбектірэфлекс болып табылады. Сөйлеу органына келетін импульстертер онда өзгерістер туғызып, соның нәтижесінде үлкен жарты шарлар қыртысына баратын афференттік жауап сигналдары пайда болып, ал олар қайтадан жаңа эффероенттік импульстер туғызады. Сондықтан үздіксіз, бірін-бірі тудырып отыратын афферентік және эфференттік импульстер ойлаудың негізінде жататын физиологиялық процестің негізгі бір компоненті деп қаралау керек. “”

Сөйлеудің реттеуші қызметі арқылы организмдегі әр түрлі жүйелердің (жүрек, асқазан, өкпе, бүйрек, заталмасу, т.б.) әрекет өзгереді. Бірсөздің өзі қалай айтылғанына қарай адамның көңіл-күйін әр түрлі бағытта, деңгейде, түрде өзгерте алатыны өмірден белгілі.

Екі сигналдық жүйенің функционалдық бірлігі.

Адамның қалыптасу барысында екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйе негізінде, қоғамдық-еңбек нәтижесінде болды және біртіндеп өмірлік қатынастардың ең тұрақты, негізгі реттеушісіне айналды. Бірақ, бұдан 1-ші сигналдық жүйе енді 2-ші планға көшті дегенұғым тумауы тиіс. 2-ші сигналдық жүйе 1-шінің негізінде, сонымен байланысты болып қана қызмет атқара алады. Екі сигналдық жүйе әр уақытта функциионалдық бірлікте болады, сондықтан борлмысты толық және терең бейнелеуге мүмкіндігі бар. Павловтың айтуынша; “Адам болмысты ең алдымен бірінші сигналдық жүйе арқылы сезеді (қабылдайды), содан-соң екінші сигналдық жүйе арқылы сол болмыстың қожасына айналады (сөз, сөйлеу, ғылыми ойлау)”.

Сигналдық жүйелердің бірінде пайда болғаншартты байланыс екіншісінде де пайда бола алады. Мысалы: қызыл жарыққа жасалған шартты қимыл рефлекстерін қызыл жарықтың өзін көрсетпей, бірақ оның әсерінен сөзбен ауыстырса да алуға болады және керісінше. Осындай жүйенің бір-біріне байланысты қызмет атқарудың негізінде қозудың бір жүйеден екіншіге таңдап иррадиациялануы (таралуы) жатады. Таңдаудың шамасы мен дәрежесінен қарай екі сигналдық жүйенің бір-біріне әсері де түрліше болады.

Кейде адам шартты қимылрефлексін жасайды, ол туралы айтады да, бірақ тікелей тітіркендіргіштердің әсерінен жоққа шығарады. (“Баллонды бастым, неге екенін өзімде білмеймін”). Кейде адамның жауап реакциясы.



Бақылау сұрақтары:

1. ОЖЖ интеграциалаушы қызметіне сипаттама.

2. Екі сигналдық жүйенің функционалдық бірлігі.

3.Мидың жоғарғы бөлшектерінің өткізгіш жолдары.



Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Әр түрлі омыртқалы жануарлардың ми сыңарларының дамуы.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

  2. Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

  3. Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

  2. Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

  3. Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

  4. Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

  5. Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

8 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Шарты және шарсыз рефлекстер

Лекцияның жоспары:

Лекцияның мақсаты: Студенттерге шартты және шарсыз рефлекстері мен таныстыру.

Лекцияның мазмұны: Аксон үшына жеткен тітіркеніс өсерімен синапс көпіршіктерінен медиатор бөлінеді. Бүл процестің атқарылуы үшін кальций иондары қажет. Кальций иондарының қатысуымен медиаторлы көпіршіктер алғы шептік мембранаға жақындап, онымен жабысады да, көпіршік ішіндегі медиатор синапстық саңлауға бөлінеді. Бүл қүбылысты эк-зоцитоз деп атайды. Ме-диаторы бөлініп, солған көпіршік мембранасы алғы шептік мембранаға қосы-лып кетеді де, оның бет-кейін үлкейте түседі. Одан кейін алғы шептік мем-брананың бір жері аксон ұшының ішіне қарай том-пайып шығады да, қайта-дан медиатор жинақтайтын көпіршік пайда болады. Бүл қүбылысты эндоцитоз дейді (44-сурет).

ОЖЖ-сі өз қызметін рефлекс түрінде атқарады. Рефлекс деп организмнің өр түрлі ішкі немесе сыртқы өсерлерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабын айтады. Ал, рефлекстің атқарылуын қамтамасыз ететін анатомиялық жолды рефлекс жолы, немесе рефлекс догасы, дейді.

Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Дененің нақтылы рефлекс тудыратын айма-ғын рефлексогендік аймақ, немесе рефлекс өрісі, деп атайды.

Рефлекс алуан түрлі болады, сондықтан оны бірнеше принципті негізге ала отырып жіктеуге болады.

І.Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қоректік, сақтану, жы-ныстық, үрпақ қорғау, бағдарлау т.б. болып бөлінеді.

2.Рецепторлар табиғатына қарай рефлекстер экстерорецептивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік болып жіктеледі.

З.Нейроңдардың орналасуына қарай рефлекстер жүлындық, бул-барлық, межэнцефальдық, диэнцефальдық және қыртыстық бо-лып жіктеледі. Рефлекстің бүл негізде жіктелуі көп жағдайда шарт-ты топтастыру болып табылады, себебі ОЖЖ-нің өр түрлі қүры-лымдары арасында тығыз морфояогиялық және функционалдық байланыс болады.

4.Эфференттік болімнің сипатьша қарай рефлекстер түлғалық (тән рефлекстері) және вегетативтік болып болінеді. Тән рефлекстерінің эффекторлары дене еттері болса, вегетативтік рефлекстер әр түрлі ішкі ағзалар мен қан тамырлары қызметінің өзгеруімен байқалады.

5.Жауап — реакцияның сипатына қарай рефлекстер қимьш-өре-кет, сөл бөлу т.б. болып болінеді.

б.Эффекторға әсеріне байланысты рефлекстер қоздырғыш жөне тежеуші болып жіктеледі.

7.Қалыптасу табиғатына қарай рефлекстер шартсыз және шартты больш жіктеледі. Шартсыз рефлекстер туа бітеді, үрпақ қуалайды. Шарт-ты рефлекстер тіршілік үстінде жүре пайда болады, үрпақ қуаламайды.

Рефлекстердің атқарылуын қамтамасыз ететін анатомиялық қүры-лымдар Ъіщестігаі рефлекс догасы (жолы) дейді. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функционалдық негізі болып табылады. Дененің белгілі бір рефлекс тудыратын аймағын рефлексогенді аймақ дейді.

Рефлекс доғасы қарапайым, екі нейронды, жалғыз синапсты жөне күрделі, көп нейронды, бірнеше синапсты болып бөлінеді.
45- сурет.

Рефлекс доғасы және оның

сақиналық сипаты.

1-рецепторлар, 2-сезімтал нерв, 3-аралық

нейрон, 4-қозғағыш /эферентгік/ нерв,

5-атқарушы орган /эффектор/, 6-проприо-

рецепторлар, 7-қайтарымды байланыс жолы.

Нұсқамалар-тітіркешстердің таралу бағытын көрсетеді.

пайым доға бес буыннан түрады (45-сурет). Олар: рецепторлар, ор-талыққа тепкіш жүйке тамыр, жүйке орталыгы, орталықтан тепкіш жүйке тамыр жөне атқарушы қүрылым, немесе эффектор. Демек, орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі - рецепторлар мен эффек-торлар арасын шапшаң өрі тиімді байланыстыру, сыртқы орта мен организмнің жауап реакциясының арасындағы үйлесімді қалыптас-тыру. Рефлекс атқарылу үшін рефлекс доғасының түтастығы қажет. Рефлекс доғасының түтастығы бүзьглса, рефлекс туыңдамайды.

Кейінгі жыддары жеке функциялардьщ рефлекс түрінде реттелуін қамтамасыз ететін рефлекс доғасы жайлы түсінік айтарлықтай то-лықтырылды. Кез келген рефлекс атқарушы қүрылымның тітіркеніске қайырған жауабымен аяқталмайды. Тітіркенуге жауап берілгеннен соң эффектордан (атқарушы мүшеден) ОЖЖ-не афференттік сиг-налдар-қайтарымды импульстер жіберіледі. Осы импульстер арқылы ОЖЖ-сі эффектор қьізметінің тітіркеніс сипатына сәйкестігін анықтап, оның әрекетін бақылап, қажет болса қосымша импульстер жіберіп, түзетулер енгізіп отырады. Осыдан рефлекске сақиналық сипат тән деген түжырым пайда болып, рефлекс доғасы деген үғым рефлекс сақинасы деген үғыммен алмастырьглды. Рефлекс сақинасы рефлекс доғасынан қосымша буындардың болуымен ерекшеленеді. Сақина қосымша афференттік жолмен аралық нейрон арқьглы түйықталады. Бүл қүрылымдар арқылы тітіркеніс мүшенің озіңдегі рецепторлар-дан қозғағыш нейрон орталығына қайта оралуын қамтамасыз етеді.

Кез келген рефлекстің туындауына түрткі болатын бастапқы тітіркендіргіш әсерін рецепторлар арқылы қабьглдап, тітіркеністі ор-талыққа тепкіш жолмен ОЖЖ-не жеткізу процесін тікелей, немесе бастапқы, афферентация дейді. Бастапқы афферентация салдарынан туындаған рефлекс нәтижесін ОЖЖ-не кері хабарлауды қамтамасыз ететін процесті кері афферентация деп атайды.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тікелей (бастапқы) және кері афферентация деген не?

2. Рефлекс догасы деген не, оның сақиналы сипатын қалай тусінесіз?

3. Рефлекс дегеніміз не, ол қалай жіктеледі?



Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Рефлекс доғасы және оның сақиналық сипаты.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

  2. Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

  3. Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

  2. Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

  3. Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

  4. Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

  5. Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

9 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Сенсорлық жүйелер
Лекцияның жоспары:


  1. Сенсорлы жүйелер функцияларының жалпы заңдылықтары.

  2. Сенсорлы жүйелер функционалды дамуы.

  3. Рецепторлар және олардың пласендникациясы.

Лекцияның мақсаты: студенттерді анализаторлардың жалпы заңдылықтары мен функционалды даму заңдылықтарымен таныстыру.

Лекцияның мазмұны: Организм әр дайым сыртқы және ішкі ортадан түсетін информацияны қабылдап, өңдеп (анализдеп-синтездеп), оларды бағалайды, мәнісін, мазмұнын және мағынасын айырады. Нәтижесінде жауап реакциялары, іс-әрекеттер орындалады. Осы мүмкіндікті іске асыруды қамтамасыз ететін маманданған арнайы жүйелер сенсорлық жүйелер немесе анализаторлар деп аталады. Анализаторлар туралы ілімді жасаушы И.П.Павлов болып есептеледі. Анализатор өзара морфологиялық және функционалды байланысқан үш бөлімнен тұратын тұтас, бірыңғай жүйе:

  1. Рецептордың әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдаушы орган (шеткі бөлім)

  2. Өткізгіш жолдар-афферентті (рецептордан тітіргендіргіштерді. ОЖЖ жеткізеді), эфферентті (ОЖЖ Р), аралық жолдар.

  3. Ми қыртысындағы орталық бөлім.

Барлық анализаторлар үшін ұқсас құрылыстық және функционалды ерекшеліктері бар. Жалпы құрылыстың принциптері.

1. Көп қабаттылық яғни бірнеше қабаттан құралады. Рецепторлық элементтермен ми сыңырлары қыртысындағы ассоциативті бөлімдер нейрондарымен байланысады. Қабаттар өткізгіш жолдар арқылы байланысады. Сондықтан ақпараттың жеке түрлерін өңдеуге жағдай жасалады. Яғни организм қарапайым сигналдарды аралық бөлімдердің өзінде анализден, дер кезінде жауап бере алады.

2. Көп каналдық-анализатордың әр қабатында мыңдаған, млн-ған элементтері болады. Бұл анализаторлар жұмысының жоғары сенімділігі мен нәзік анализ жүргізуіне жағдай. Рецепторлық деңгейдің өзінде-ақ әртүрлі маманданған жеке элементтер түрлі белгілерді сигналдайды. Бір сенсорлық жүйе шеңберінде каналдар саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның әрқайсысының ауысуының саны көп болады. Сонымен қатар нейронға келетін сигналдар формасы әр-түрлі болғанымен олардың туғызатын түйсігі сол клеткаға тән қызметін көрсетеді.

3. Көрші қабаттардағы сенсорлық “воронкалар” элементтері санының әр түрлігі. Мысалы көздің торлы қабығы алуан түрлі болады. Оның бір торлы қабығының фоторецепторлық қабатында 130 млн-дай элементтер болса, ал ганглиоздың қабатында небәрі 1млн 250 мың нейрон бар. Осы соңғылардың аксондарды миға қарай бағыттайды. Мұны тарылатын “воронка” деп қарастыруға болады. Бірақ көру жүйесінің бұдан кейінгі жоғары деңгейлерде “воронка” кеңейетін көрінеді.

4. Анализаторлардың вертикаль және горизонталь бойымен дифференциациялануы (жіктелуі). Вертикаль бойынша жіктелуді өткізгіш жолдар бойындағы түзілетін әр түрлі бөлімдерден көруге болады. Нерв элементтері бірнеше қабаттардан тұрады. Сондықтан ол қабатқа қарағанда әлде қайда ірі морфо-функционалды құрылым және ол нақты функция атқарады. Рецепторлар және олардың классификациясы.

Рецепторлар-әр түрлі тітіркендіргіштерді маманданған белсенді жүйеке жүйесіне тасмалдауға арналған құрылымдар.

Рецепторлы жасушалар басқалардан екі екі қатынаста айырмашылығы бар:



  1. Тітіркендіргіштердің энергиясы процентерді қоғалысқа ұшырауын стимулдайды, ол жасушада метаболизм процентерінде пайда болған потенциялды энергия есебінен жүреді.

  2. Рецепторлы жасуша электр энергиясын бөледі.

Реценторлар орналасу және тітіркендіргіштермен өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне қарай үлкен екі талқа бөліседі. Сыртқы –экстерорецен торлар: көру, иіс, сезу, дәм сезу, тактиль (жанасуды сезу) рецепторлары; ішкі-итероцепторлар: висцерорецепторлар (ішкі органдардың проприорецепторлар.)

Қоршаған орта факторларымен контактыға түсу сипатамасына қарай рецепторлар дистантты, яғни қабылданатын тітіркендіру көзі. Рецепторлардан белгілі ара қашықта орналасатын (көру, есту, иіс сезу рецепторлары және контактылы, яғни тітіркендіргішпен тікелей жанасқанда көзу күйіне келетіндер деп ажыратады.

Экстерорецепторларда адекватты тітіркендіргіштерге таңдамалы сезгіштік (мамандану) өте жоғары дәрежеде байқалады. (Мюллердің спецификалық нервтік энергия заңы). Олар, әдетте, адекватты емес (инадекватты) тітіркендіргіштердің күші өте көп болған жағдайда ғана сезеді. Осыған байланысты экстрорецепторлар деп есептеледі. Кейбір интерорцепторлар да мономодалды құрлымдарға жатады. (Мысалы, қанның химиялық құрамының өзгерісін сезетін кароидттік зонадағы хеморецепторлар). Дегенмен, интерецепторлардың көбі полимадальдылар, яғни олар әртүрлі тітіркендіргіштер (температуралық, химиялық, механикалық) әсерлерін сезе алады. Мономодальдарға қарағанда олардың адекватты және инвадекватты тітіркендіргішті қабылдау табалдырықтарында айқын көрінетіндей айырма болмайды.

Өзі таңдап алған қабылдайтын тітіркендіргіштің табиғатына (модальдығына) қарай рецепторларды тағы да топтарға бөлуге болады. Мысалы,



І.Механорецепторлар (тітіркендіруші әсердің механикалық энергиясын қабылдауға бейімделген). Бұған сету, гравитациялық, вистивулярлық, терінің тактильді, тірек-қимыл аппаратының рецепторларын және жүрек-қан тамыр жүйесінің барорцепторларын жатқызуға болады.

2. Хеморцепторлар. (химиялық агенттер әсерін сезеді:

3. Темоцепторлар (темературалық-салқын, жылы-әсерлері) қабылдайды (терінің, органдарының, сондай-ақ орталық нерв жүйесінің термосезгіш клеткалары).

4. Фоторецепторлар (жарық энергиямен қабылдайды).

5. Электрорецепторлар. (электромагнит тер белсенділерін сезеді). (Амфибийлердің, сүйікті балықтардың, дөңгелек ауыздылардың бүйір сызық органдарында орналасқан).

6. Ауыр (ноцицептивті) рецепторлары ауыратын тітіркендірулерді қабылдайды. Басқадан рецепторлар ауыратын әсерлерді қабылдай алады деп есептеледі.

Барлық рецепторларда олардың структуралық ерекшеліктерін ескеріп, алғашқылар (алғашқы сезгіш) және соңғылар (соңғы сезгіш) деп те бөледі. Біріншілеріне иіс сезу, тактильді және пропрморецепторлар жатады. Бұларға тән ерекшелік-тітіркендіру энергиясын қабылдау және оны нерв қозуының энергиясына айналдыру тікелей сезгіш нейрондардың өзінде іске асады. Соңғы сезгіштерге дәм сезу, көру, есту, вестибуларлық аппарат рецепторлары жатады. Бұларда тітіркендіргіштік пен бірінші сезгіш нейрон арасында жоғары маманданған рецеторлық клетка орналасады, яғни бірінші нейронда қозу тікелей тітіркендіргіш әсерінен тұрмайды, ол рецепторлық клеткадан (нервтік емес клеткадан) түсетін әсерден туады.

Рецепторларды басқа да қасиетеріне қарап топтауға болады. Мәселен, тез және баяу адаптацияланатындар, төменгі және жоғарғы табалдырықтылар т.б. Бақылау сұрақтары:


  1. Рецепторлар және олардың классификациясы.

  2. Механорецепторлар

  3. Хеморцепторлар


Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:


Каталог: CDO -> 2007-2008 -> AdamFiziolog -> Data
2007-2008 -> Білім және ғылым министрлігі
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
2007-2008 -> Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары
2007-2008 -> ОҚУ Әдістемелік кешені
2007-2008 -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
Data -> Тестік сауалнама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет