Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”


Сенсорлық жүйелер (анализаторлар)



бет4/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сенсорлық жүйелер (анализаторлар) функцияларының жалпы заңдылықтары.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

  2. Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

  3. Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

  2. Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

  3. Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

  4. Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

  5. Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

10 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Дәм және иіс,есту анализаторлары
Лекцияның жоспары:

  1. Иіс сенсорлық жүйесі

  2. Дәм сенсорлық жүйесі

  3. Есту анализаторлары.



Лекцияның мақсаты: Студенттерге дәм және иіс,есту анализаторлары мен таныстыру.

Лекцияның мазмұны: Иіс сезу хеморецепцияға жатады. Негізі, химиялық сезгіштіктің үш түрін ажыратады: жалпы химиялық сезгіштік, дәм сезу және иіс сезу. Осылардың ішіндегі ең жоғарғы сезгіштігі және спецификалығы бары, заттың небәрі бірнеше молекуласымен жанасудан қозу күйіне келе алатыны-дистанттық, яғни иіс сезу хемороцепторлары. Әр түрлі иіс заттары үшін тітіркендіру табалдырықтары бірдей болмайды. Мәселен, үшнитробутилтолуолдың бір литр ауадағы мг-ның млардтан бір бөлігіндей мөлшерін адам сезе алады. Бір иіс сезу рецепторлардың иіс затының бір молекуласы қоздыра алады, ал рецепторлардың аз ғана санының қозуы түйсік туғызады. Сөйте тұра зат әсерінің шамасының өзгеруін бағалау (айыру табалдырығы) адамда жақсы жетілмеген. Иіс күшінің минимальды өзгеренін сезу үшін оған бастапқы иістің 30-60 процентін қосу керек. Иттерде бұл көрсеткіштер 3-6 есе аз болады. Анализатор сезгіштігіне түрлі факторлар әсер етеді. Мысалы, ауабуларының болуы тітіркендіру табылдырығын төмендетеді. Таза қиындауы табалдырықты жоғарылатады (тұмау кезінде). Әлсіз иісі бар затты қайталап иіскеуден тітіркендіру табалдырығын төмендетуге болады (сенсибилизация жүреді). Ми қыртысындағы басқа анализаторлар-зоналарында (мысалы, көру зонасында) туған қозу иррадиациаланса, иіс анализаторының да қозғыштығы жоғарылауы мүмкін. Теріс индукция, керісінше, қозғыштығы төмендетеді. Адам мен жануарларда бұлардың көмегімен тұрарлық коммуникация бағалау, сондай-ақ қоршаған иортадағы биодлошгиялық маңызжды химиялық сигнарлдар туралы хабар алу іске асады.

Иіс сезу жүйесінің шеткі бөлімі жоғарғы мұрын жолдары облысында жатады (5-8см2). Омырқалы жануарларда иіс сезу эпителиннің қалыңдығы 30-дан 200 мкм-ге дейін болады.

Онда клеткалардың үш типі бар, рецепторлық, тірек және базальдық. Рецепторлық клеткалардың диаметрі 5-10 мкм-дей және тірек клеткаларының арасында орналасқан.

Адамда рецептордың иіс сезу клеткаларының жалпы саны 10 млн-дай. Әр иіс сезу клеткасының беткейінде түйреуіш тәрізді біраз жуандығы бөлім дболады. Бұдан ұзындығы 10 мкм-дей диаметрі 0,3 мкм-дей 6-12 өте жіңішке түкшелер шығады. Түкшелер Боумен бездері жасайтын сұйық ортаға батырылады. Түкшелер болуының арқасында рецептордың иіс затының молекулаларымен конетактыға түсетін ауданы ондағы есе сртады деп септеледі. Түкшелердің белсенді қозғалу қызметінің де бұл процесте (иіс заттарының молекулаларын ұстау және олармен жанасуға түсуден тиісті ролі бар болу керек. Иіс сезу клеткасындағы түйреуіәш тәрізді бөлім маңызды цитохимиялық орталық деп саналады, шамасы сол жерде рецепторлық потенциаланатын болу керек. Бұл клеткалар алғашқы сезгіш рецепторларға жатады.

Хемероцепторлар беткейі, әдетте, сілекеймен қапталып тұрады. Ол структураланған матрикс ретінде рецептивтік беткейдің тітір.

Иісті қабылдаудың көбірек тараған теориясы-стереохимиялық теория. Бұл түсінік бойынша, рецепторлық иіс сезу клеткаларының мембрасында белгілі конфигурациялы учаскілер (белсенді рецепторларлық орталықтары) бар. Оларға белгілі пішінді адекватты тітіркендіргіш молекулалы адсорбцияланады. Бұлардың белсенді топтары, атомдары немесе иондары мембрана спецификалық белоктарымен байланысқа түсе алады. Аталған учаскілерге өздеріне сай келетін молекулалар орналасқан соң мембраның ол жерінде деполяризация жүреді де, қозу туады. Иіс рецепциясының теориясы бойынша, бұл процестің бастапқы звеносында өзара әрекеттесудің екі түрі болуы мүмкін: иіс затының молекуласы мен рецептікучаске бір-біріне соғылғанда зарядтың контактылы тасылуы және молекулалық комплекстің тұрақты және заряд тасушы комплекстің түзілуі.

Түзілетін комлекстің тұрақты компоненті белсенді учаскелері электрондар доноры және акцепторы функциясын атқаратын рецепторлардың белокты молекулалары.

Бұл теорияның елеулі бір моменті: иіс заттары молекулалары мен рецептивтік учаскелер арасындағы көп нүктелі (бірнеше жерінде) өзара әрекеттесу жүреді деп есептеу. Осы теорияға сүйеніп алғашқы иістер деп аталатын иістер үшін рецепторлық учаскелер модельдері жасалды. Бес түрлі алғашқы иіс бар деп есе,птеледі камфара, мускус (жұпар иіс, хош иіс) гүл, жалбыз иіс (мятный), эфир.

Омыртқалардың иіс сезу рецепторларына тән нәрсе олардың бір максимальды реакция туғызса, басқалары-әлсіз жауп, ал үшіншілері тежеу тиуғызады. Иіс сезу рецепторлары сезгіштігінің мұндай кең спектірі анализатордың шекті бөлімінде иісті заттарды алғашқы анализдеудің негізі болып табылады. Бірақ, тек иіс сезу рецепторларына тікелей әсер ететін заттардан басқа, мұрынның кілегейлі қабығындағы үш тарам нервтің сезгіш ұштарына қозу туғызатын тіпті кейде дәм сезу рецепторларына әсер ететін де иісті заттар болады (аммиак, сірке қышқылы т.б). Оның бер жағында таза ольфактивті (иіс сезімін туғызушы) деп саналып жүрген заттардың өзі үш тарам, тіл-жұтқыншақ, кезеген нервтерде қозу туғызатындығы белгілі болып отыр. Осыған орай кейде осы нервтерге байланысты “қосымша иіс сезу облысы” болады деп те есептеледі.

Иіс сезу эпителиінің беткейінен тигізілген электродтар арқылы тіркелетін суммарлық электрлік белсенділіктен өзгерістердің электроольфакторма деп атайды.

Бұл амплитудасы 10 мВ-ке жететін, ұзақтығы бірнеше секундай болатын, иіс затының тіпті қысқа уақыттық әсерінен пайда болатын монофазалы теріс толқын. Біраз жағдайларда негізгі негативті толқын алдында электроолььфакторграммадан аз ғана оң (позивті) толқынды көруге болады.ал әсер ету ұзақтығы жеткілікті борлған жағдайда, оның әсерінің тоқтауына үлкен негативті толқын (off-реакциясы) туады. Кейде электроольфактограммадағы баяу толқындарға қосарланып, тез тербелістер байқалады. Бұл-рецепторлардың едәуір санындағы синхронды импульстік белсенділіктің көріністері.

Иіс заттарының әсерінен жеке рецепторларда туатын импульстер жиілігі көбейеді және ол әсердің сапасы мен шамасына байланысты болады. Иіс анализаторында адаптация салыстырмалы алғанда баяу жүреді (ондағы секундтар немесе минуттар ішінде) және иіс сезу эпителиі арқылы өтетін ауа ағыны күші мен жыл-дамдығына, иіс затының мөлшеріне байлан.ысты болады. Адаптация кезінде иісті қабылдау төмендейді, өйткені оның қабылдау табалдырығы жоғарылайды. Кейде адаптация тек бір иіс затына ғана емес, басқа да иіс заттарына байқалады (гетерогендік адаптация). Неғұрлым иіс заттары бір-біріне ұқсас болса, соғұрлым оларға адаптация айқын және тезірек байқалады.

Иістер қоспасы әртүрлі қабылданады. Мәселен, иістер қоспасы жаңа бір иіс тәрізді сезілуі мүмкін, болмаса олардың әрқайсысы жеке-жеке білінуі, бірақ бір тұтас комплекс тәрізді сезілуі мүмкін, инем есе әр түрлі иіс түйсіктері бірінен соң бірі кезектесіп тууы мүммкін: бір немесе бірнеше иіс басқа иістерді білдіртпей де жібере алады (иістер маскировкасы); бір иістің жоқтығы басқа иіс әсерінен білінбеуі де мүмкін (иіс коменсациясы).

Электрофизиологиялық зерттеулерге қарағанда, иіс сезу пиязшығында туатын электрлік жауаптардың параметрлері әсер етеін иіс заттарының ерекшеліктеріне қарай өзгереді екен. Әр түрлі иістер кезінде пиязшықтағы қозған және жекелеген учаскелердің кеңістіктік мозхаикасы да бірдей болмайды. Мүмкін, бұл жағдай иіс ақпаратын қодылаудың бір тәсілі де болар.

Иіс анализаторына тән ерекшелік-оның афференттік талшықтары таламуста ауыспайды және үлкен мидың қарама-қарсы жартыларына қиылысып өтпейді. Пиязшықтан шығатын иіс сезу жолы бірнеше шоғырдан тұрады және тікелей алдыңғы мидың әр түрлі бөлімдеріне (алдыңғы иіс сезу ядросы, иіс сезу төмпешігі препи-рифорымды қыртыс, пирамигдалярлық қыртыс, миндаль тәрізді комплекс ядроларының бір бөліміне) қарай бағытталады. Иіс сезу пиязшығының гиппокамппен, пириформды қыртыспен және иіс сезу миының басқа да бөлімдерімен байланысы бірнеше ауыстырулар (переключение) арқылы жүзеге асады. Иіс сезу миының бірнеше орталықтарының болуы иісті тану үшін қажетті шарт емес. Олай болса, иіс сезу трактісі проекцияланатын облыстардың көпшілігі басқа сенсорлық жүйелермен байланысты қамтамасыз ететін ассоциативтік орталықтар деп қаралу керек. Осының негізінде олар іс-әрекеттің қоректік, қорғану, жыныстық, т.б. күрделі формаларын ұйымдастыруға қатысады.

Дәм сенсорлық жүйесі

Дәм хеморецепторлары контактылы рецепторларға жатады, сезгіштігі жағынан орташа денгейде, еріген затттардың аз шамасынан қозу күйіне келеді. Олар ауызға түскен заттар сипаты мен концентрациясы туралы ақпарат береді. Адамда дәм рецепциясының зонасы ауыз қуысында, тіл емізікшелерінде, көмекейде (бадамшада), жұтқыншақтың арт жағында, жұмсақ таңдайда орналасады. Дәм рецепторларының ең көп орналасқан жерлері - тілдің ұшы, бүйірлері және түбі (артқы бөлімі). Тілдің үстіңгі беті мен астыңғы жағында мұндай хеморецепторлар жоқтың қасында Дәм рецепторларының бүршіктері - ауызда топтасып орналасады, пішімі сопақша, микроскоппен қарағанда пиязга ұқсайды. Сондықтан оларды кейде дәм пиязшықтары деп те атайды. Дәм пиязшықтарының адамдағы саны 10000-дай. Әрқайсысының ұзындығы мен көлденеңі-70 мкм-дей (7-10м).

Дәм пиязшығында клеткалардың бірнеше типі бар: соңғы сезгіш рецепторлық клеткалар, тірек клеткалар, базальды жөне перигеммальды клеткалар. Әр пиязшықта бірнеше ондаған клеткалар болады. Пиязшықтар эпителий қабатарына перпендикуляр жатады және оның әрқайсысының апикальды бөлімі тар саңылау арқылы ауыз қуысымен қатысады, ал базальдық бөлімі базальдық мембрана арқылы бөлінген дәнекер тканімен шектеседі.

Дәм пиязшықтары орналасқан дәм емізікшелерінің үш түрін ажыратады: саңырауқұлақ тәрізді, науа тәрізді және жапырақ тәрізді.

Дәм сезетін клеткалар организмнің ең қысқа өмір сүретін эпителий клеткалары: шамамен әрбір 250 сағатта әр клетка жаңарады; пайда болған жас клетка дәм бүршігінің шетінен орталығына қарай жылжиды. Рецепторлық дәм клеткасының ұзындығы - 10-20 мкм (1-2-10-5) көлденеңі - 3-4 мкм (3-4-10-5м): жжоғарғы саңылауға қараған ұшына өте жіңішке -0,1-0,2 мкм-дей (1-2·10-6м) 30-40 микробүрлері болады. Микробүрлер бүршіктер каналдарына адсорбцияланған химиялық заттар әсерлерін қабылдап, рецепторлық клеткалар қозуында маңызды рөл атқарады деп есептеледі. Шамасы, микробүрлер облысында белсенді орталықтар –рецептордың стерео-спецификалық учаскесі жатқан болуы керек. Олар әр түрлі заттарды таңдап адсорбциялайды.

Адамның әр түрлі химиялық заттарды қабылдауын психофизикалық әдістермен зерттеу арқылы негізгі төрт дәм түйсігі бар екендігі анықталды: тәтті, қышқыл, тұзды және ащы. Табиғи жағдайда тамақ ішу кезінде ауыз қуысының кілегей қабығы бірнеше модальды күрделі стимулдар әсеріне ұшырайды, өйткені эпителиде хеморецепторлардан басқа көптеген механикалық терморецепторлар бар. Олай болса, дәм түйсігі мультимодальді болады.

Аталған негізгі дәмдерден басқа сілтілі (сабын тәрізді және металл - темір татыған) дәм де болады. Қышқыл дәмді анықтаушы негізгі фактор Н+ иондары деп есептеледі. Басқа дәмдерді заттардың химиялық құрылымы арқылы айту қиын.

Негізгі дәмдерді сезетін арнайы хеморецепторлар бар деп есептеледі. Өйткені, мысалы, тілдің түбі - ащыны, ұшы –тәттіні, ал бүйірлері- қышқыл және тұзды дәмді жақсы сезеді.

Әр түрлі дәмдер үшін түйсік табалдырығы бірдей емес. Мәселен, ащы дәм заттың өте аз концентрациясында-ақ білінеді, ал тәтті мен қышқылды сезу табалдырығы шамалас.

Әр түрлі адамдардың дәм сезгіштігінің абсолютті табалдырығы әртүрлі заттарға түрліше, тіпті кейбірін (мысалы, креатинді) мүлде сезбейді де. Мұнымен қатар, дәм сезгіштігінің абсолютті табалдырығы адамның функциональдық күйіне де (ашығу, ток көздері, екі қабаттылық т.б.) байланысты.

Абсолютті дәм сезгіштікті өлшегенде екі түрлі баға болуы мүмкін: бірінде - дистилденген су дәмінен өзгеше, бірақ белгісіз ("түсініксіз") дәм түйсігі пайда болады да, екіншісінде - белгілі дәм түйсігі туады. Соңғы түйсіктің туу табалдырығы жоғары болады. Заттар концентрациясының орташа диапазонында минимальды айыру табалдырығы байқалады, ең үлкен концентрацияларға өте бастағанда ол күрт жоғарылайды. Сондықтан 20 проценттік қант ерітіндісі – ең тәтті, 10 процентік натрий хлориды - ең тұзды, 0,2 процентік тұз қышқылы - ең қышқыл, 0,1 проценттік хинин сульфаты – ең ащы болып бөлінеді. Әр зат үшін контраст табалдырығы (J\J) әр түрлі.

Дәм түйсігінің шамасы тілдің тітіркендірілген бетінің аумағына да байланысты. Дәмді ерітіндіні сұйылтса, оның есесін сол ерітіндімен көбірек рецепторларды тітіркендіру арқылы толтыруға болады (кеңістіктік суммация нәтижесі деп қарау керек). Бұлармен қатар, дәм түйсігінің шамасына әсер ету ұзақтығы мен ерітінді температурасы да әсер етеді.

Дәм тіркендіргіші ұзақ әсер етсе, адаптация жүреді, яғни түйсік шамасы төмендейді. Адаптация ұзақтығы еретінді концентрациясына пропорционал болады. Ащы мен қышқылдан гөрі тәттіге және тұзды дәмге адаптация жылдамырақ жүреді. Бір дәмге жүрген адаптация кейбір басқа дәмге де сезгіштікті өзгертеді (айқаспалы адаптация).

Бірнеше дәм тітіркендіргіштерін бір мезгілде немесе бірінен соң бірін қолданса дәм контрастын, немесе дәмдер араласуын туғызады. Мәселен. ащыға адаптация тұздыға және қышқылға сезгіштікті жоғарылатады; тәттіге адаптация қалған басқа дәмдерге сезгіштікті жақсартады. Бірнеше дәм заттары араласуынан қоспадағы компоненттердің ешқайсысына да ұқсамайтын жаңа бір дәм түйсігі туады.

Эволюция барысында дәм сезу тамақ таңдау және қабылдамау механизмі ретінде қалыптасқан. Табиғи жағдайда дәм түйсіктері тамақ туғызатын иіс, тактильді, температуралық түйсіктермен комбинацияланады. Тамаққа таңдамалы қатынас туа пайда болған және жүре қалыптасқан механизмдерге негізделеді.

Өткізгіш жолдары. Микроэлектродтарды дәм бүршіктеріне енгізу арқылы жануарларда жүргізілген тәжірибелер көрсеткеніндей, рецепорлық клеткаларда туатын суммарлық (жиынтық) потенциал тілге әсер ететін заттарға (қант, тұз, қыжыл) байланысты өзгереді. Бұл потенциал жай (баяу) дамиды. Оның максимумы әсер басталған соң 10-15 с. өткенде байқалады, бірақ дәм сезу нервінің талшықтарында электрлік белсенділік одан әлдеқайда ерте білінеді. Рецепторлық дәм сезгіш клеткалары күрделі синапстар арқылы афференгтік нерв талшықтарымен байланыста болады.

Дәм сезгіштігінің барлық түрлерінің өткізгіш жолдары дабыл шегі (сымы, тіл нервінің тарамы) мен тіл-жұтқыншақ нерві. Бұлардың сопақша мидағы ядроларында дәм анализаторының бірінші нейроны орналасқан. Бұл нейрондар талшықтарының көпшілігі білгілі бір спецификалы импульсация көрсетеді: тек тұзға, қышқылға және хининге ғана жауап береді. Қантқа сезгіштік көрсететін де талшықтар бар. Дегенмен, қазіргі кездегі көбірек сенім туғызатын гипотеза бойынша, төрт негізгі дәм түйсіктері туралы ақпарат жеке талшықтарда туатын импульстер арқылы емес, дәм затымен әсер еткенде бір мезгілде, бірақ әр түрлі қозу күйіне келетін көп талшықтар тобында импульстер жиіліктерінің түрліше бөлініп байқалатындығы түрінде қолыданады.

Афференттік дәм сигналдары ми бағанындағы (сопақша мидағы) жеке шоғыр ядросына келеді. Ондағы екінші нейрондар аксондары медиальды ілгек (лемниск) құрамында таламустың доға тәрізді ядросына (вентромедиальды комплекске) барады. Бұл жерде үшінші нейрондар орналасады. Бұлардың аксондары ми қыртысынын дәм сезу орталығына бағытталады. Бұл орталық соматосенсорлық қыртыстың төменгі бөлімінде тіл өкілдігі облысында немесе қоршау тәрізді ядрода жатуы мүмкін.

Қазіргі кездегі электорфизиологиялық мәліметтер дәм анализаторынын әр түрлі деңгейлеріндегі дәмдік афференттік сигналдар өзгерістерінің (түрленулерінің) мәнісін, сипатын дәл басып айтуға мүмкіндік бермей отыр Есту сенсорлық жүйесі

Организмнің есті функциясының пайда болуы дыбыспен байланысты. Дыбыс физикалық құбылыс ретінде серпімді орта бөлшектерінің төрбелмелі қозғалыстары болып табылады. Бұл тербелістер талқын түрінде ауада, суда және қатты денелерде тарайды. Есту анализаторы ауамың периодты тербелістерін қабылдап, олардың механикалық энергиясын нерв қозуына трансформациялайды – қабылданудың субъективі; түрі –есті түйсігі.

Анализатордың шеткі бөлімі – құлақ, ол сыртқы, ортаңғы және ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы құлатқты – құлақ қалғаны мен сыртқы есету жолы (түтігі құрайды). Құалак қалңалмы арқылы ұсталған дыбыс толқындары сыртқы есту жолымен (ұзымдыны – 21-27 мм, диаметрі – 6-8 мм) өтіп, дабыл жарғағына жететі. Дабыл жарғағы қалындығы 0,1 мм, тамшықтардан тоқылған, сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан (дабыл қуысынан) бөліп тұратын қалңа. Пішіні ішке қарай иілген воронка тәрізді. ОЛ ыртқы есту жолы арқылыл жеткен дыбыс тербелістерінің әсерінен тербеліске келеді.

Ортаңғы құлақ қуысы ауамен толып тұрады. Онда өзара байланысқан үш сүйектен тұратын тәзбен бар: балғашық, төс және үзеңгі. Бұлар дабыл жарғағының тербелісін ішкі құлақ қарай откізеді. Балғашықтың тұтқа жағы дабыл жарғағамен, ал екінші жағы төскен байланысқан. Төсие ішкі құлақ жағынан үзңгі сүйек келіп байланысады. Үзеңгіге оның алдынадағы сүйектер арқылы амплитудасы келіген, бірақ күні өскен тербелістер келеді. Қеңсі табаны ішкі құлақты ортаңғы құлықтан бөліп тұрған сопақша терезе жарғағына жалғасады. Сонаңша терезе мембранасына жететін дыбыс толқындарының қысымы 22 ел өседі. Бұл жағдайдың маңызы ерекше. Осының арқасында дабыл жарғанына әсер мембранасының кедергісін жеңіл ұлу түтіктегі сұйықтың бағаның қозғалысқа келтіре алады.

Ішкі құлақ пен ортаңғы құлақ арасындағы қабырғада сопақша терезеден басқа, мембранамен қапталған дөңгелек терезе болады. Сонақша терезе арқылы туған ұлу түтіктегі сүйықтың тербелісі әлсіремей (өшусіз) доңгелен терезеге жетеді. Егер осы терезедегі мембрана болмаса, сүйықтықтың сығылмайтындығынан оның тербелісі бөлмас еді.

Ортаңғы құлақтағы арнайы механизм рецепторлық есту аппаратын ұзақ, шамадан артық дыбыс әсерінен сақтандырады. Бұл ондағы тимпанальды ет және үзеңгі еті деп аталатын екі еттің рефлекторлық жиырылуына байланысты болады. Мұның біріншісі балғашық тұтқасына бекіген, екіншісі үзеңгіге бекіген. Тимпанальды ет жиырылғанда дабыл жарғағының керілуі күшейеді, ал бұл оның күшті дыбыстардан тербеліс амплитудасынын артып кетуін шектейді. Екінші ет үзеңгі қозғелыстарын шектейді. Ортаңғы құлақтары ауа кеңістігінің қысымы атмосфералыққа жақын болады. Сондықтан дабыл жарғағы қалыпты тербелістер жасайды. Қысым теңдігін сақтауға евстахий түтігі деп аталатын арнайы құрылым көмектесед. Ол түтік өртаңғы құлақ қуысын жұтқыншақпен байланыстырады.

Жұтылу қимылдары кеззінде дабыл қуысына атмосфералық ауа түседі, екі орадағы қысым шамасы теңеледі ұшақ ұшқанда, қоңғанда, лифтімен тез төмен түскенде не жоғары көтерілгенде адамдардың жұтыну қимылдарын жасауының қажеттілігі де осыдан. Дыбыс толқындары ауа арқылы ғана емес, бас сүйек арқылы да беріледі. Егер құлақты тығындап қойып, дыбыс шығарып тұрған камертонды бас сүйектің әр жеріне (төбеге, мңдайға, шүйдеге, т.б) тигізсе, ол естіледі. Өйткені, камертон дыбысынан сүйситер тербеліске келеді. Ал бұл тербеліс өз тарапынан рецепторлык есту аппаратын тербейді.

Ішкі құлақ. Мұнда анализатордың рецепторлық аппараты орналасқан: 1) вестибулярлық (босаға мен жартылай доңгелек каналдар). 2) есту (ұлу түтік) анализаторы. Ұлу каналы ұзына бойына, ең ұшына дейін екі жарғақ арқылы бөлінген: 1) біраз жұқалау – вестибуляры мембрана (Рейснер мембранасы), 2) тығыз, серпімді негізгі (базилярлы) мембрана Ұлу түтіктің жоғарғы ұшында бұл мембаранлар қосылады және сол жерде тесік және геликотрема болады. Вестибулярлық және негізгі мембрана арқылы сүйекті қанал үш сатыға: жоғары – вестибулярлы канлаға; ортаңғы – жарғақты (ұлу түтік) каналға; төменгі – дабыл (тимпональ) каналына бөлімеді. Вестибулярлық саты сонақша терезеден басталып, ұлу түтіктің жоғарғы ұшына дейін созылады, сол жерде геликотрема (тесік) арқылы дабыл сатысымен қатынасады. Дабыл сатысы (төмеңгі қанал) доңгелен терезе облысынан басталады, яғни Ұлу түтіктің бұл екі қаналы (жоғары және төмен сатылары) сонақша терезеден басталып, доңгелек терезеде аяқталатын және геликотрема арқылы өзара қатынасатын бір ғана канал тәрізді. Жоғары және төменгі каналдар құрамы жағынан жұлын сүйықтығына ұқсас перилимфамен толып тұрады.

Жоғары және төменгі каналдар арасында, яғни вестибулярлы және негізгі мембраналар арасында ортаңғы – жарғақты қанал орналасады. Бұл каналдың қуысы ұлу түтіктің басқа қаналдарының қуысымен қатыаспайды және ғыдолимфаға толы болады.

Ортаңғы қаналда, негізгі мембрана үстінде дыбыс қабылдаушы аппарат – спиральды (корти) оған жатады.

Онда рецеторлық түтік жасушалар бар. Осы жасушалар механикалық тербелістерді электр потнециалдарынаайналдырады, онда ету нервінің тамиыңтары қозады.

Корти органы төрт қатар болып өрналасқан түкті стереоцилі клеткалардан тұрады. Оның біреуі – ішікі – 3,5 мыңға шама клеткасы бар ,ал қалған үшеуісыртқылар деп аталады, онда 20 мыңнан аса клетка болады. Ішкі қатарды сыртқылардан көрти доғалары бөліп тұрады. Түкті клеткалар стереоцилилері эндолимфаға батырылған және оларды жоғары жағынан жапқыш және текториалды мембрана жауып жатады.

Корти орнанының базальды бөлімінде (сонақша терезеге жақыл жерде) жоғарғы жиіліктегі дыбыс толқындарын қабылдайтын, ал аникальды (ұлу түтіктің жоғарғы ұшы жағында) бөлімінде тек төменгі жиілікті төдады қабылдайтын клеткалар орналасқан. Жиілікті анализдеудің мұндай кеңістіктік тәсілі орын принципі деп аталады.

Ұлу түтіктегі электр құбылыстары.

Түкті клеткалар орналасқан корти органы, ұлу түтіктегі перилимфа және эндолимфа толып тұрған қаналдар поляризденген структуралар болып есептеледі. Микроэлектрндарды ұлу түтіктің әр түрлі бөлімдеріне еңгізіп, олардан түрліше электр потенциалдарын тіркеп алуға болады. Оларға жататындар: рецепторлық есту клекасының мембаранлы потенциалы және Энолимфа потенциалы. Бұл екеуі дыбыс тітіркендіргштері әсер етпегеннің өзінде де байқалады. Келесі үш электр құбылысы – ұлу түтіктің микрофондық потенциалы суммациялық потенциал және ету нервінің потенциалы дыбыс тітіркендірулерінен н.б.

Рецепторлық есту клеткасының мембаранлық потенциалы, мембарансының ішкі бетіндегі теріс зарядты (-80 мВ), ал түтікшелері бтырылып түрған эндолимфа оң зарядты (+80мВ) болғандықтан п.б. және бұл айырмашылық шамасы 160 мВ – ке жетеуі.

Эндолимфа потенциалы сосудтық шумақ қызметіне байланыысты болады және төтығу процестерінің қарқынын көрсетеді.

Кохлеарлық микрофондық потенциал – бұл жағдайда әсер еткен дыбысты репродуктор дәлме-дәл қайталайды. Бұны ұлу түтіктің микрофондық эффектісі д.а. ал п.б. электр құбылысын кохлеарлық микрофондық потенциал д.а. Бұл потенциал түкті клеткалар мембранасында түкшелер деформациясының п.б. Оның жілігі, амплитудасы белгілі шекке дейін дыбыс жілігіне және шамасына пропроционал болады.

Суммациялық потенциал күшті және жоғары жиілікті дыбыстар әсер еткенде бастапқы потенциалдар айырымының тұрақты өзгерісі түрінде білінеді. Бұл оң және теріс суммациялық потенциалдар деп аталатын түрлерін ажыратады. Олардың шамалары дыбыс қысынның шамасына және түкшелерге текторияльдық мембарна түсіретін қысымға пропроционал болады.

Микрофондық және суммациялық потенциалдар түкті клеткалардың рецепторлық потенциалы деп есептеледі.

Теріс суммациялық потенциал ішкі түкті клеткалармен, ал микрофондык және оң суммациялық потенциалдар сыртқы түкті клеткалар байланысты болса керек.

Ең соңында, түкті клеткалардағы дыбыс әсерінен туатын микрофндык және суммациялық потенциалдар элеткрік және химиялық синанстар арқылы есту неврінің талшықтарында козу импульстары п.б. генерацилайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Есту анализаторы.

2.Иіс сезу анализаторлары.

3.Дәм сезу анализаторлары.

4.Дыбыстың ұзақтығын ,күшін және тондарын жоғарғы төмен талдау.
Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:


Каталог: CDO -> 2007-2008 -> AdamFiziolog -> Data
2007-2008 -> Білім және ғылым министрлігі
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
2007-2008 -> Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары
2007-2008 -> ОҚУ Әдістемелік кешені
2007-2008 -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
Data -> Тестік сауалнама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет