Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”


Ұлу түтіктегі электр құбылстары



бет5/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ұлу түтіктегі электр құбылстары.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

  2. Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

  3. Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

  2. Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

  3. Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

  4. Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

  5. Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

11 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Көру анализаторы
Лекцияның жоспары:
Лекцияның мақсаты: Студенттерге көру анализаторы мен таныстыру.

Лекцияның мазмұны Көру талдағышы ең жақсы дамыған қүрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың түсін, пішінін, көлемін жөне оларға дейінгі ара қашық-тықты ажыратады.

Эволюциялық даму барысыңда көру мүшесі жарық пен түсті ажы-ратуға бейімделген. Адам мен сүт қоректі жануарларда ол дамудың ең жоғары деңгейіне жеткен.

Көру талдағышының негізгі мүшесі-көз алмасы. Ол бас сүйектің алдынғы жағындағы екі ойықта - көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптиқалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қор-ғағыш аппараттан қүралады.

Көз алмасы шар пішінді қүрылым. Онъщ алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын - артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық - ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық және ішкі - торлы қабық.

Сыртқы қабықтың аддынғы бөлігін "қасаң қабық" деп атайды. Ол түссіз, мөдцір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне үқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық сәулесі сындырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыр-тын қаптап, нерв қабын түзеді.

Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасады. Бүл қабатта көзді қоректендіретін қан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабық-тың қасаң қабьгқты астарлай орналасқан алдьщғы бөлігін нурлы қабық деп атайды. Көздің түсі осы нүрлы қабықтағы бояғыштарға (пиг-менттерге) байланысты болады. Нүрлы қабықтың ортасында қара-шық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық сөулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нүрлы қабықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшықтары болады. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылған-да - ол кеңейеді. Осының нәтижесінде кез алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры көбейіп, не азайып отырады да, көз жа-рық күшіне бейімделеді - көз адаптациясы жүреді.

Қарашықтық артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене -көз буршагы орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жүқа қабықпен қапталады. Қабық беддеміне циннов байламы бекиді. Бүл байлам тамырлы қабықтың қүрылымы - кірпекше еттермен жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бүршағының пішіні

өзгеріп, ол не қабысып, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабьгқ пен көз қарашығының арасындағы қуысты көздің алдыңгы камерасы, ал қара-шық пен көз бүршағы арасындағы қуысты - көздің артқы камерасы деп атайды. Бүл камералар мөлдір сүйықпен - шылауықпен толған. Көз алмасының көз бүршағының артында жатқан қуысын шыны тәрізді денедеп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сүйық зат тол-тырып түрады. Аталған қүрылымдар - қасаң қабық, шьглауық, көз бүршағы жөне шыны төрізді дене, - көздің оптикалық, немесе сын-дырушы жүйесі, деп аталады. Оптикалық жүйе, өсіресе көз бүршағы, көздің ертүрлі қашықтықтан айқын көруге бейімделуін - аккомода-ция процесін, - қамтамасыз етеді.

Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар - таяқшалар мен сау-ытшалар орналасады, сондықтан оны жарьгқ сезгіш, немесе фоторе-цепциялық, бөлім деп атайды.

Торлы қабықтың қүрылымы өте күрделі, ол 10 қабаттан түрады. Оның тамырлы қабықпен жанасатьш сыртқы қабатын пигментті тор-шалар түзеді. Бүл торшалар қүрамында жарықтың шағылысуына мүмкіндік бермейтін фусцин деген пигмент болады. Пигментті қабат-тың ішкі бетінен онымен жанасатын келесі бетті бойлай орналасатын өсінділер шығып, олар фоторецепциялық торшаларды қоршап жата-ды. Көзге тым күшті жарық түссе, пигмент дәндері эпителиальдық торшалардан олардың өсінділеріне ығысып, таяқшалар мен сауытша-ларды күшті жарықтан қалқалайды.

Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигментті торшалар мен фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан, немесе талшьгқ-тан, қүралған жарықты кері шағылыстыратын қабат болады. Жарьгқ-тың кері шағылысуы нөтижесінде жарық түскенде түнгі жануарлар көзі жарқырап түрады. Осыдан фоторецепторларға тікелей түскен сөуле ғана емес, шағьглысқан сөуле де өсер етіп, олардың қараңғыда жарықты сезіну мүмкіндігі артады. Кейбір жануарлардың (сиыр, жьглқы, мысық) қараңғыда көзі жарқырап түрады. Бүл көздің түбінде, тамырлы қабықтың алдыңда ерекше шағылдырғыш жар-ғақтың (тапетум) болуына байланысты. Аталған жарғақ күміс крис-талдар сіңген талшықтардан қүралады да, көзге түскен жарықты кері шағылыстырады.

Торлы қабықтьң келесі қабаты сауьггшалардан қүра-лады. Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар күшті жарқыраған жарықпен ғана тітіркенеді, ал таяқшалар түнгі көру аппараты, олар елсіз, қарауытқан сөулелердің өсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың жалпы саны 130 млн., сауытшалар саны 9 млн. Үй қүстарында (тауьгқ, үйрек) сауытшалар көп болады. Торлы қабықтың ортаңғы бөліміңде сауытшалар, ал шет жағыңда таяқшалар көбірек шоғырланады.

Фоторецепторлар екі буыннан - ішкі жөне сыртқы, - түрады. Сырт-қы, гшгментті қабатқа жақьгя орналасқан буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ігггкі буында торшалардағы қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядро мен митохоңдриялар орналасады. Фоторецеп-торлар буындары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бүл мембрана ар-қылы 16-18 жіңішке жіпшелерден - фибриллалардан, құралған шоғьф өтеді. Ішкі буыннан өсіңділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецеп-торлардан олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы) торшааарга беріледі.

Қос өрісті торшалар туйінді (ганглиозды) торшалармен жалғасады. Соңғы торшалар өсінділері көру жүйкесін қүрайды. Әрбір қос өрісті торшалар көптеген таяқшалармен байланысады, ал түйінді (ганглиозды) торшалар өз кезегінде көптеген қос өрісті торшалармен түйіседі. Ал өрбір сауытша тек бір ғана қос өрісті торшамен байланысады, сиг-налды соған ғана береді. Демек, қатар жаткан таяқшалардан шыккан сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар сигналдары жеке-жеке беріледі.

Көру таддағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі қүрайды. Бүл жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы қүры-лымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шар-лары қыртысының шүйде бөлігінде орналасқан көру талдағышының орталығына беріледі.
Бақылау сұрақтары:

1. Көздің қурылысы қандай және көру туйсігі қалай пайда болады.

2. Көз алмасы қандай болады.

3.Көздің адаптациясы.


Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:


Қасаң қабы
деп нені атайды.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

  2. Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

  3. Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

  2. Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

  3. Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

  4. Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

  5. Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

12 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Ішкі сөлініс бездер жүйесі .
Лекцияның жоспары:

1. Ішкі сөлініс бездер жүйесі



2. Ішкі сөлініс бездер жүйесіне жалпы сипаттама және оның гуморальды реттеудегі маңызы

3. Ішкі сөлініс бездері.

4. Қалқанша без,оның топографиясы және гистологиялық құрамы..

Лекцияның мақсаты: Студенттерге ішкі сөлініс бездер жүйесі мен таныстыру.

Лекцияның мазмұны: Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы.

Денедегі барлық бездер ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп 2 топқа бөледі.

Сыртқы секрециялық (секреция сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері қуыс мүшелерге құйылады.(мысалы ауыз қуысына сілекей, тер безінің өнімі-тері) сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесеэгзогендік бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек, қарын асты безінің кей клеткалары бүйрек,бауыр тағы басқа жатады. Ал ішкі және эндокрендік бездердің өнімін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тіңкелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де қанмен бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гармон деп атайды. Гармондар нерв жүйесімен бірге мүшелердің қызметін реттеуге зат алмасуын реттеуге қатысады. Ішкі секрециялық бездерге гиповис, эпивис, қалқанша, қалқансерік, айырлы (тимус) бүйрек үсті, қарын асты, безінің лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Қарны асты және жыныс бездері қос секурециялық бездерге жатады. Себебі олар әрі сыртқы , әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады.

Гармон өте активті химиялық зат. Ол ішкі сенкрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп мүшелермен мүшелер жүйесіне тіпті бүкіл арганизмге әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер осыған байланысты қан тамырларына бай келеді. Гармондар ішкі секрециялық бездерде, ас қорыту жолының мүшелерінде бүйректе бауырда түзіледі. Барлық гармонадар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенмен тек қана клетканың мембронасымен қабысқанда ғана активтелінеді. Адам арганизміндегі гармондардың ішінде гипоталмус-гиповиз – бүйрек бүйрек үсті безінің гармонедарының маңызы зор. Бұл жүйе организмнің бір тұтастығын сақтауға қатысатывн физиологиялық қызметтердік негізгі және маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда гипоталамустың бөлігі жоғарғы дәрежедегі қыртьыс асты негізгі эндокриндік негізі болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дем беруші неросекреттерді өндіріп шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған неросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін туғыдырады. Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық қызметін реттейді. Сондықтан мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.

Ішкі секреция бездерінің қызметі нашарлағанда (гипосекреция) және күшейгенде күшейгенде (гиперсекреция) организмде түрлі аурулар пайда болады.

Гипофиз безі немесе төменгі сми қосалқысы бас сүйгенің «Түрік ері» деп аталатын жерінде орналасқан. Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 0,1-0,15 гр. Ал ересек адамда 0,5-0,8 гр. Құрылысы жағынан гипофиз үш бөлікетен тұрады алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктен тұрады. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін адиногипофиз деп, артьқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды.

Адиногипофизде жеті гармон түзіліп қанға құйылады. Соматотронин немесе өсу гармоны (СТГ) тиротропин (ТТГ) ардинокортитрпин (АКДК) және үш түрлі гонодотропиндер лютендеуші (ЛТГ) лютиетроптық (ЛСГ) фоликулустимулдаушы (ФСТ) және ортаңғы бөлімде түзелетін милантрапин (МТД).


  1. Самотропинмен беклоктың алмасуын және ткандардің өсун реттейді, маймен углеводтардың алмасуын реттейді.Өсу гармоны балалардың өсуіне әсер етіп ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады.

  2. Адренокортикатропин бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гармондары гомокортикойдтар мен андрогендердің өнуіне әсер етеді де углеводтардың алмасуын реттейді.

  3. Гиротропин – қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: йод эелементінің 5 клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп қалқанша безінің гармондарының түзілуін реттейді.

  4. Ганодотроптық гармондар (лютейндеуші, лютотроптық, фоликулстимулдаушы) балалық кезде өте аз мөлшерде түзіледі де онша физиологиялық маңызы бола қолймайды. Тек жыныстық жетіле бастаған мерізімінен кейін оның организмі үшін маңызы арта бастайды. (жалпы алғанда бұл гармондар ерлерде спермотогенезді күшейтеді, әйелдердің етеккірін мезгілінде келтіріп жыныс гармондарының түзілуін, жыныс бездлерінде гармондарының пайда болуына организмге әсер етуін бақылайды).

Нейрогипофизде вазапристинмен окситоксин деп аталатын

нейреосекреттер активтеледі. Вазапристинді антидюрездік гармон (АДТ) деп те атайды ол бүйрек (каналдарында) каналшараныда судың қанға сіңуін әсер етеді. окситоцин жатырдың жиырылуын сүттіңбөлінуін реттейді.

Қалқанша безі. Ішкі секрециялық қызметі жай-лы болжамдар тәжірбиелер болғанымен атын алғаш рет 1956 жылы алды. Бұл без көмейдің алдында орналасқан екі бөліктен және оларды қосып тұрған без сабынан тұрады. Безді қоршаған джәнекер ткані ішіне қарай өтіп оны бірнеше бөлшекке бөледі бөлшектер адамның жасы денесі ұлғайған сайын өсіп көбейеді. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 гр., ересек адамда 35 гр. Қалқанша безінде екі гармон түзіледі тироксин және тиройдтропин бұл гармондар зат алмасуын үдетіп бтохимиялық рекцияларды тездетеді. Олар барлық мүшелерге әсіресе орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Қалқанша безінің гармондарының құрамында йод болады. Сондықтан, йод жетіспегенде бездің гипосекрециясы орын алады. Ондайда пайда болған ауруды эндимиалы зоб деп атайды Эндимия деп аталу себебі белгілі жердің маңайында йод жеткіліксіз жеріде пайда болады.

Қалқансерік бездері қалқанша безінің артқы қабырғансында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (екі жоғарғы және екі төменгі) кей адамда алты без болады. Олардың жалпы салмағы 0,12-0,13 гр. Без ткандері әртүрлі клеткадан тұрады: глюкогені бар негізгі клеткалармен энозинофилъдері бар оксифилді клеткалар.Балалардың бездері көбінесе негізгі клеткалардан тұрады. жас ұлғая келе оксифилді клеткалар көбейіп, жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері негізгі клеткалардан басым болады. Қалқансерік безінде партгормон немесе партиреогрин деп аталатын гармон өнеді. Оның маңызы тек қана 1925 жылы Колликтің зерттеулері арқылы анықталған. Парадгармон кальцийдің алмасуына әсер етіп оның қандағы мөлшерін реттейді кальцийдің негізгі қоры сүйек болғандықтан бұл гармон организмдегі фософордың алмасуына әсер етеді. Мұны қанның құрамындағы калцийдің мөлшері көбейгенде фософордың мөлшерінің азаюы арқылы көруге болады.

Тимус немесе айырлы без екі бөліктен тұратын бір-бірімен дәнекер ткані арқылы байланысқан (оң және сол жақ)бөліктер кеуде қуцысында орналасқан без. Жаңа туған баланың безінің салмағы 23 гр. Он бес жаста 37 гр. Одан ары қарай без клеткалары солып азайяды. 45 жаста 15-16 гр. 50-55 жаста 12-13 гр. Қартайғанда небәрі 6 гр. болып қалады.Тимус безінің екі қызметі бар ішкі секрецялық без ретінде тимодин (тимосекрецин) гармонын өндіреді және организмнің имунитетінде маңызы күшті. Тимус безінің организмдегі маңызы әлі де болса толық зерттелмеген. Дегенмен, соңғы 3 жылдың ішіндегі зерттеулер бойынша тимус безінің гармоны денедегі кальций тұздарын сүйектің құрамында сақтап сүйектің өсуіне әсерін тигізу арқылы баланың бойының өсуін реттейді. Және ерте жыныстық жетілуді тежейді. Дәрігерлердің бақылаукына қарағанда тимустың аурулары организмде қан айналысы бқұзылғанда, қабынудың ауыр асқынған (сиорилис, туберкулез) түрлеріне, туа пайда болған кемшіліктеріне ісіктерге байланысты пайда болады.

Бүйрек үсті бездері қос мүше. Олар оң және сол бүйректерінің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 гр. әрқайсысы қыртьысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатының салмағы 4,5 –10 гр. милы қабаты 1,2-2, гр. шамасында болады. Бұл бездің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы зор. Егер жануарлардыңекі безінде сылып алып жатса ол бір аптаның ішінде өліп қалады: жануар тез әлсіреп тамақтан қалады, арықтап салмағы азаяды жүрек қан тамырлар жүйесінің жыныс үшелерінің ас қорыту мүшелерінің бүйректің зәр шығару қызметі нашарлайды.

Бездің милы қабатын қалдырып, қыртыс қабатын кесіп алып тастаса жануар тез өліп қалады. Милы қабатын алып тастап қыртыс қабатын қалдырсақ айтарлықтай өзгеріс ұзақ уақыт өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромофин клеткалар бүйрек үсті безінің басқа мүшелерде (кейбір ірі қан тамырларының бойында перифириялық ганглеаларда) кездеседі.

Бүйрек үсті безінің қыртыс қабаты қырықтан астам кортикостеройдтар тобына жататын гормондар түзеді. Олардың бәрі холестериннің өніміне жатады. Ффизиологиялық қызметіне қарай кортикостеройдтар үш топқа бөлінеді.



  1. Глюкокортикойдттар (ГКС)

  2. Минералкорткойдтар (МКС)

  3. Адренокортикойдтар (АКС)

Глкокортикойдтар бүйрек үсті безінің қыртысы қабатының шашақты

зонасында түзіледі. Бұл топқа кортизаль (өте активті гармон), кортизон және кортикостерон (гармондық активтілігн төмендеу) жатады. Глюкокортикойдтар (ГКС) зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді. Тері, бауыр, ет, май, дәнекер және лимфа ткандерінде ГКС әсерінен бірқатар ферменттердің (трансаминоза, аксидоза, гиролоза т.б.) активтіліг күшейеді. ГКС-дың қабынуға алергияға қарсы тұруы қабілеттерін арттыру имунодепрессивтік әсерлерінің маңызы мүлде ерекше.

Минерал кортикойдтар бүйрек үсті безінің түйнекті зонасында пайда болады. МКС-тер бүйрек тканінде тер және сілекей бездерінде ас қорыту жолының тілегейлі қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы сумен тұздардың алмасуын ерттейді.

Адренокортикостеройдтар – андростерон, эстэрол және прогестерон ретикулярлық зонаның клеткаларында түзіледі. Жыныс бездерінің гармондарына қарағанда әлсіздеу келеді олардың маңызы әсіресе балалық және қартайған шақта зор болады. Адам қартайып жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрек үсті бездері негізгі жыныс гармондарын түзуші мүше болып қалады.

Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гармондары негізінен екеу: Адреналин және Корадреналин. Адреналин бүйрек үсті безінде ғана ал Корадреналин басқа мүшелерде де пайдаболады. Адреналин жүрек қан тамырлар жүйесіне күшті әсер етеді. Ол жүректің жұмысын күшейтіп соғу риттулін тездетеді. Қозығыштығын ұлғайтып импулстердің өткізгіш жүйесі арқылы қозғалуын жақсартады.

Бүйрек үсті бездерінің қызметін байланысты аурулар олардың қыртысты және милы қабаттарының гармондарына байланысты. Милы қабатының гармоны жетіспегенде, көбіненсе он жасқа дейін. Балалардың миындағы нерв клеткаларына қанттың (глюкозаның) жетіспеуінен талма аурулар байқалады. Ұзақ уақыт оқығанда жүгіргенде жүгіріп көп ойнағанда бала есінен танып қалады. Мұндай жағдайда балаға екінші тәтті тағамдарды молырақ немесе суға еріткен бал, қант беру керек. Ару он жастан кейін өзінен-өзі басылып кетеді.

Қарын асты безі немесе лангерганс аралшалары. Углеводтардың алмасуын реттейтін гармондар реттейді. Қарын асты безі өзінің атына сай қарынның астыңғы жағында жайылып жатыр. Аралшаларда төрт түрлі болады: альфа, бетта, гамма және делта клеткалары. Альфа жәнее бетта клеткалары инсулин және глюкоген гармондарын өндіреді.

Инсулин арганизм үшін аса маңызды гармондардың бірі бұл гармон майдың алмасуына қатысады. Амин қышқылдарының, белоктардың пайда болу ықпалын тгізіп, май, белок, углеводтыңалмасуына қатысады. Олардың бір-бірімсен байланысын қамтамассыз етеді. Инсулин фосфордың алмасуын күшейтіп калий клетка ауысуына, сөйтіп оның сары судағы мөлшерін азайтып организмдегі суды сақтайды.

Глюкоген гармонның гипергикемиялық депте атайды. Ол қандағы қанттың мөлшерін көбейту үшін. Бауырдағы глюгенолиззге қатысады. Сөйтіп, ьтамақ арасындағы қажетті қантпен организмді қамтамассыз етеді. Мұның қызметі мен маңызы әсіресе орталық нерв жүйесінің қызметі үшін күшті: Нейрондарға қажетті глюкозаны қамтамассыз етеді. Инсулин мен глюкоген бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Тамақ ішкеннен кейін әсіресе қанда қанттың мөлшері көбейіп кетеді. Бұл кезде инсулин артық қантты глюгокенге айналдырады. Ал, тамақ арасындағы қандағы қанттың мөлшері азайғанда бауырдағы глюкогенді глюкоген гармоны ыдарытп глюкозаға айналдырады. Пайда болған глюкоза қанты етпен нерв клеткаларының қызметіне қажетті энергия қоры ретінде пайдаланылады. Лангерганс аралшықтарының қызмет кемшілігіне байланысты жиі кездесетін ауру-қант диабетті ауруы. Аурудың қанындағы қанттың мөлшері 200-500 мл гр. % қалыпты жағдайда 100-12 мл гр % тәулігіне несеп арқылы 100-150 гр. глюкоза организммен шайылады. Ең алғаш рет қант диабеті ауруының пайда болғанын 1696 жылы Мортон хабарлаған.

Жыныс бездері. Әйелдер мен ерлердің қос секрециялы безі. Сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс клеткалары-әйелдердің жұмыртқа клеткасымен ерлердің сперметозойдтары өніп дамиды. Ішкі секрециялық безрретінде әйелдер мен ерлердің гармондары түзіледі. Жыныс гармондары қан арқылы денеге тарап баланың өсуіне дамуына әсер етеді және жыныс мүшелерінің дамуын жетілуін жыныстық белгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Жыныс гармондарының негізгі қызметі-тұқым өрбіту болғандықтан жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері жоғары болады.


Бақылау сұрақтары;

1.Қалқанша бездің гормондары.



2.Тиреоглобулин және оның активті бөлшегі тироксин.

3. Гипотериоз (эндемикалық зоб, критинизм және қалқанша бездің кесіп алып тастау зардабы.

4.Ішкі сөлініс бездер.
Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

  2. Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

  3. Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

  2. Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

  3. Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

  4. Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

  5. Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

Лекция №13

Лекцияның тақырыбы;Ішкі сөл бездерінің түрлері.

Лекцияның жоспары:

1.Ағзадағы бездердің түрлері.

2.Ішкі секреция бездеріне жалпы сипаттама.

3.Гармодар дегеніміз не және олар қалай жетіледі.

4.Гипофиз безінің гармонедарын атаңыз

Лекцияның мақсаты: Студентерге ішкі сөл бездерінің түрлері мен таныстыру.

Лекцияның мазмұны: Ішкі секреция туралы ілім-Эндокринология деп аталады. Ішкі секреция деп, бездің секретінің тікелей ішкі ортаға-қаңға, лимфаға, жұлын сұйықтығына түсуін айтады. Сондықтан ішкі секреция бездерін эндокриндік органдар деп аталады.

Сонымен қатар сыртқы секторлы функцияны атқаратын органдар болады. Олар сектертерін белгілі бір қуысқа арнайы өзектер арқылы бөліп шығарады. Сыртқы секреция бездері: сілекей, тер, қарын, т.б.

Ал ішкі секреция бездерінде мұндай өзектер болмайды. Бұл бездердің құрлысы әр түрлі, бірақ олардың барлығында қабырғасы өте жұқа қан тамырлар жүйесі жиі орналасады. Ішкі секреция бездерінің негізгі түрлері: гипофиз, эпифиз, үйқы безі, бүйрек үсті, қалқанша безі, қалқан серік безі, айыршық немесе тимус, жыныс, қарын асты, т.б. Ұйқы, жыныс және қарын асты бездері ішкі және сыртқы секцрециялық қызмет атқарады.

Ішкі секреция бездерінің өнімдерінің секреция бездерінің өнімдерін гормондар (гармао-қозғаймын, қоздырамын) деп аталады. Гармондар деп атауды Ағылшын физиолгтар Бейлисс және Старлине ұсынды, ХХ Гармондар арқылы түрлі органдар бір бірімен байланысады. Олар өте аз мөлшерде әсер етеді, энергияның әсерінен бұзылмайды және ұлпа түзуде пластикалық материал ретінде қатыспайды.

Гармондық реттеу кез келген басқа реттеу жүйелері сияқты, арнайы бөлімдерден құралады. Мысалы: басқарушы аппарат, ақпаратты тура және кері жеткізу каналдары, ақпаратты беретін сигналдар, атқарушы органдар және басқарылатын объектілер болады.

Эндокрилдік бездер қызметі екі жолмен басқарылады:

1. ОЖЖ-нің құрылымдары арқылы бірден іске асады. Яғни нерв импульстері гармон синтездейтін (жасайтын) және бөлетін эндокриндік құрылымдарға тікелей беріледі. Бұл жолда нервтік, цереброгландулярлық (ми-без) немесе парагипофиздік (гипофизден тыс) деп аталады. Бұл барлық эндокриндік жасушалар қызметіне ортақ механизм.

2. Гуморалды-ОЖЖ-нің реттеушілік әсері түрлі эндокриндік жасушаларға гипофиз арқылы беріледі, оны церебропитуитарлық (ми-гипофиз) немесе гипофизарлық деп аталады.

Гипофизде жасалатын троптық гармондар әрекетімен қызметін өзгертетін эндокринді бездер (қалқанша без, бүйрек үсті безінің қыртысы) басқарылады. Бұлардан басқа, кейбір эндокриндік жасушалар қызметін басқарудың негізгі жолы-кері байланысқа негізделген жергілікті реттелу болып есептеледі. Мысалы: Лангеранс аралықтарында жасалатын, қандағы қант мөлшшерін реттейтін гормонның секрециясы қандағы глюкоза шамасына орай, паратин, кальцитонин гормондарының секрециясы қандағы кальций мөлшеріне байланысты өзгереді. Мұндай нейро-гуморальды басқарудың бөлімдері тек жергілікті өздігінен реттелуді күшейтеді немесе әлсіретеді.

Эндокриндік функцияларды басқарушы орталық құрылым-гипоталамус. Бұл бөлімі басқарудың екі жолы да нервтік пен гипофизарлық іске асырылады. Гипофизаламус нейро-секреторлы функция атқарады, арнайы жасушаларды реттеуші пептидтер-нейрогормондар синтезден, нейросекреция бөледі. Бұл жасушаларда нервтік (әрекет потенциалымен тудырушы) және секторлы (гормон жасушылық ) қызметтер атқарылады.

Эндокриндік жасушалар жасайтын гормондар химиялық табиғаты тұрғысынан үш топқа жатады:


  1. Амин қышқылдарының туындылары: тиреодты гормондар, адреналин, эпифиз гормондары.

  2. Пентидті жәнебелокты қосылыстар: гипоталмустың нейропентидтер, гипофиз, қалқанша серік безі гормондары:

  3. Каталог: CDO -> 2007-2008 -> AdamFiziolog -> Data
    2007-2008 -> Білім және ғылым министрлігі
    2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
    2007-2008 -> Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы
    2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары
    2007-2008 -> ОҚУ Әдістемелік кешені
    2007-2008 -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
    2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
    Data -> Тестік сауалнама


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет