«Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың?!»



жүктеу 4.33 Mb.
бет1/28
Дата03.04.2016
өлшемі4.33 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
: files -> book -> kaz -> aqida
aqida -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
aqida -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
aqida -> [ТҮркістанда] пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару
aqida -> Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – КӨПҚҰдайшылықҚа апарар бірінші қадам
aqida -> Көпқұдайшылық Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани Аударған: Азамат Махыпбекұлы Екінші басылым Толықтырылып, түзелтілген нұсқасы сайтының басшылығы тексерген Каир, 2006 ж
aqida -> Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!
aqida -> -
aqida -> Ханафи ғалымдары қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу туралы
aqida -> Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж)
aqida -> 1. Сүннетті тастау





«Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың?!»

немесе


Түркістанда, Бекет Атада және басқа да

қабір-кесене-мазарларда

әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат ететін жол
Бірінші басылым
«Мешіттер (сәжде жасайтын орындар) тек Аллаһқа ғана тән,

сондықтан да Аллаһпен бірге ешкімге дұға (құлшылық) етпеңдер!»

(Құран: «Жинн» сүресі, 18-аят)



«Не тілесең де, Аллаһтан ғана тіле!..»

(Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеттерінен)



«Аллаһқа тек Оның Өзі арқылы ғана дұға етіп жалбарыну керек»

(Имам Абу Ханифа)

«Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың?!»

(Абай)


«Абу Ханифа мирасы»

сайтының редакциясы

һижраның 1434 жылы

- «Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың?!» (Дайындаған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы)
Кітап Түркістандағы, Бекет Ата қабіріндегі, басқа да жерлердегі қабірлерге, әруақтарға, әулиелерге, жалған қасиетті орындарға және киелерге сиыну рәсімдері жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуді насихаттайтын Ислам дініне қайшы келетінін Құран мен Сүннет мәтіндеріне және ханафи мәзһабының ғалымдарының сөздеріне сүйеніп, ғылыми түрде дәлелдеп береді және сол жерлерде орын алып жатқан келеңсіз құбылыстардың көпқұдайшылық және дінбұзар мәнін түсіндіреді. Кітап қалың оқырманға арналған.

МАЗМҰНЫ


Кіріспе ............................................................................................................................................... 8

1-Тарау. Бірқұдайшылыққа (таухидке) шақыру және адамдарға бірқұдайшылықтың мәнін егжей-тегжейлі түсіндіру қажеттілігі туралы............ 12

2-Тарау. Адамдарға көпқұдайшылықтың (ширктің) мәнін және оның түрлерін жан-жақты түсіндіру қажеттілігі туралы .......................................................................... 18

3-Тарау. Елімізде көпқұдайшылықтың енгізілуінің сатылары .................................. 20

4-Тарау. Көпқұдайшылықтың таралуының басты себебі туралы ............................ 25

5-Тарау. Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – көпқұдайшылыққа апарар бірінші қадам ................................................................................................................................ 27

6-Тарау. Тарихи жәдігерлік орындарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу ............................................................................................................................................. 31

7-Тарау. Түркістанда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару ............................................................. 36

1-Бөлім. Бұл оқиғада аталған сахабалардың біздің жерлерімізде жерленуі түгілі бұл жерлерге келген болуы мүмкін емес екендігін түсіндіру .................................. 39

2-Бөлім. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүниенің әр түкпіріндегі мемлекет басшыларын Исламға шақыру үшін жіберген сахабаларды тізіп атау ........................................................................................................ 44

3-Бөлім. Дүниенің жан-жақтарында ең соңғы болып қайтыс болған сахабаларды тізіп айту және олардан кейін бұл жерлерде сахабалардан ешкім болмағандығын дәлелдеу ................................................................................................... 45

4-Бөлім. Сахабалар жалпы дүниенің қай жақтарына дейін барып жеткендігі туралы фактілерді келтіру ................................................................................................. 46

8-тарау. Қабірлерді нақтылап белгілеп қою шариғатта мақұлданатын амал болып табылмайтындығын дәйектеу ................................................................................. 49

9-Тарау. Дүниенің жан-жақтарында көптеген жалған және жорамалды қабірлердің бар екендігі туралы ........................................................................................... 51

10-Тарау. Адамдардың кейбір заттар, жерлер және уақыттар физикалық тұрғыдан берекеге ие (табарак) деген сенімдері ............................................................ 52

1-Бөлім. Тақырыпқа байланысты терминдердерге түсіндірме жасау .................... 55

2-Бөлім. Барлық игілік, ізгілік және береке бір Аллаһтың ғана қолында ............. 55

3-Бөлім. Аллаһ Тағала Өзінің жаратылыстарының кейбіреулерін таңдап алады да, оларды берекелі (табарак) етеді ................................................................................. 57

4-Бөлім. Аллаһтан өзге ешкім қандай да бір нәрсені берекелі (табарак) ете алмайды .................................................................................................................................. 57

5-Бөлім. Егер қандай да бір заттың берекелі екендігіне қасиетті мәтіндерде нұсқау болмаса, ешкім оны құдайлық (тәңірлік) берекеге ие (табарак) деп айта алмайды .................................................................................................................................. 58

6-Бөлім. Табаруктің шариғатпен заңдастырылған және заңдастырылмаған болып бөлінуі ..................................................................................................................................... 58

7-Бөлім. Берекенің қандай түрлері болады әрі ол не нәрселерде бар .................... 59

1. Белгілі орындардағы береке ................................................................................ 59

2. Белгілі маусымдар мен уақыттардағы береке ................................................ 61

3. Мешіттердің берекесі ............................................................................................ 63

4. Өзендер мен бұлақтардың берекесі ................................................................... 65

5. Пайғамбарлардың берекесі .................................................................................. 66


  • Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) берекесі .............................................................................................................. 66

1. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде сахабалардың оның дене мүшелерінен табарук жасауы ........ 67

2. Сахабалардың Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) денесінен бөлінген нәрселермен табарук жасауы .................. 67

3. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сілекейі ...............................................................................................................................68

4. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанынан кейін сахабалардың одан қалған нәрселермен табарук жасауы ............................................................................................................... 69

5. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заттарынан осы күнге дейін бірер нәрсе сақталып қалды ма? .............................................................................................................................. 70

6. Ізгі адамдармен табарук жасау ........................................................................... 71



  1. Ізгі адамдармен физикалық тұрғыдағы табарук жасау шариғатта рұқсат етілген бе? ............................................................................................ 71

  2. Ізгі адамдармен табарук жасаудың шариғатпен рұқсат етілген түрі .............................................................................................................................. 73

11-Тарау. Адамдардың белгілі бір жерде, белгілі бір уақиғаға байланысты тұрақты және мерзімді түрде жиналуы ............................................................................. 74

12-Тарау. Түркістанды зиярат етушілердің ол жер мен ол жердегі заттардың қасиеттілігі және берекелі екендігі туралы сенімі ......................................................... 77

13-Тарау. Егер Құран мен Сүннетте белгілі бір орынның қасиеттілігіне нұсқау болмаса, оны қасиетті немесе киелі деп жариялау ....................................................... 79

14-Тарау. Шариғат тарапынан құлшылық-ғибадат орны ретінде белгіленіп қойылмаған жерлерге ғибадат жасау үшін сапар жасау ............................................. 83

1-Бөлім. Өз елді-мекеніңдегі қабірді зиярат етуге рұқсат етіледі ме? .................... 84

2-Бөлім. Исламда көп уақыт бойы қабірлерді зиярат етуге тыйым салынған еді, кейін осыған деген рұқсат келді ....................................................................................... 84

3-Бөлім. Неліктен соншалықты көп уақыт бойы қабірлерді зиярат етуге тыйым салынған еді? ......................................................................................................................... 85

4-Бөлім. Неліктен шариғат қабірлерді зиярат етуге тыйым салғаннан соң оны рұқсат етті? ............................................................................................................................ 86

5-Бөлім. Зираттағы қабірді зиярат еткенде не істеу керек? ...................................... 86

6-Бөлім. Қабірді зиярат ету үшін басқа елді-мекенге сапарға шығуға рұқсат етіледі ме? .............................................................................................................................. 87

7-Бөлім. Қарсы тараптың кейбір күмәндары және оларға жауап ........................... 91

8-Бөлім. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етуге рұқсат етіледі ме? ......................................................................................... 93

9-Бөлім. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету үшін сапарға шығуға рұқсат етіледі ме? ................................................... 96

10-Бөлім. Ханафи мәзһабының имамдары Түркістанға, Бекет-Ата мазарына «қажылық» жасауға қарсы ............................................................................................... 101

11-Бөлім. Қабірлерді аралайтындардың мәселелерінің шешілуі қабірлерді аралауға рұқсат етіледі дегенді білдірмейді .............................................................. 103

12-Бөлім. Тарау бойынша жалпы қорытынды ........................................................... 107

15-Тарау. Әйелдердің қабірлерді зиярат етуі туралы ................................................. 109

1-Бөлім. Әйелдерге өз елді-мекендеріндегі қабірлерді зиярат етулеріне рұқсат етіледі ме? ............................................................................................................................ 110

2-Бөлім. Әйелдерге қабірлерді тұрақты және мерзімді түрде зиярат етулеріне рұқсат етіледі ме? ............................................................................................................... 112

3-Бөлім. Әйелдің жақын адамынсыз (махрамсыз) сапарға шығуы ....................... 112

4-Бөлім. Ерлер мен әйелдердің бірге болуына деген тыйым .................................. 113

16-Тарау. Пайғамбарлар мен ізгі-салиқалы адамдар өмір сүріп, ғибадат жасаған жерлерде құлшылшылық-ғибадат етуге ұмтылу ......................................................... 115

1-Бөлім. Жалпы ережелер ............................................................................................... 115

2-Бөлім. Егер Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) белгілі бір жерлерде ғибадат жасап, оларды нақтылап белгілемеген болса, сол жерлерді ғибадат ету үшін нақтылап белгілеудің шариғатта заңдастырылмағандығына дәйектер ................................................................................................................................ 117

3-Бөлім. Қарсы жақтың кейбір күмәндары және оларға жауап ............................ 119



17-Тарау. Қабірлер мен мазарларды құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға деген тыйым .................................................................................................... 122

1-Бөлім. Кіріспе .................................................................................................................. 122

2-Бөлім. Қабірлер мен мазарларда Аллаһқа ғибадат етуге тыйым салынғандығы туралы Қасиетті мәтіндер ................................................................................................ 123

3-Бөлім. Неліктен Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлер мен мазарларда Аллаһқа құлшылық етуге тыйым салды? ....127

4-Бөлім. Қабірлер мен мазарларды ғибадат жасау орындарына айналдыру деген не............................................................................................................................................. 128

5-Бөлім. Қабірдің үстіне қандай да бір нәрсе, мейлі мешіт, мейлі басқа құрылыс болсын тұрғызуға (салуға) деген тыйым туралы ........................................................ 128

1. Қабірдің биіктігінің денгейі ............................................................................... 128

2. Қабірлердің үстіне қандай да бір құрылыстар құру ................................... 131

3. Қабірлердің үстіне салынған кез-келген құрылыстар бұзылуға тиісті екендігі туралы Ислам ғалымдарының бірауызды келіскен пікірі .............. 131

4. Қарсы жақтың кейбір күмәндары және оларға жауап ............................... 134

6-Бөлім. Құлшылық-ғибадат жасау кезінде көпқұдайшылдарға сырттай ұқсауға деген тыйым туралы .......................................................................................................... 137

7-Бөлім. Қабірлер мен мазарларда орындауға тыйым салынған ғибадат түрлері ................................................................................................................................................. 138

1. Намаз ....................................................................................................................... 138

2. Құрбан шалу .......................................................................................................... 141

3. Қабірдің жанында өзің үшін дұға ету (тілеу) ................................................ 146

4. Құран оқу ............................................................................................................... 148

5. Қабірді айналу (тауап жасау) ............................................................................ 149

6. Қабірді немесе қандай да басқа нәрсені одан береке алу немесе оны құдайы сипатқа бөлеу және құрметтеу мақсатымен сүю ............................. 149

7. Қабірді қолмен ұстау (сипау) және оған сүйкену ......................................... 151

8. Қабірлер мен мазарларда құтпа оқу ............................................................... 152

8-Бөлім. Тарау бойынша жалпы қорытынды ............................................................ 153

18-Тарау. Тәуассул – Аллаһқа қандай да бір нәрсе арқылы жақындау .................. 156

1-Бөлім. Кіріспе................................................................................................................... 157

2-Бөлім. Тәуассул деген не? .............................................................................................. 157

3-Бөлім. «Тәуассул» терминін сопылық тұрғыдан түсінудің кесірлі салдары ................................................................................................................................................. 160

4-Бөлім. «Шариғатпен заңдастырылмаған (бидғи) тәуассул – даулы көпқұдайшылық – айқын көпқұдайшылық» тізбегіне түсіндірме жасау ........... 162

5-Бөлім. Тәуассулдің шариғатпен заңдастырылған түрлері ................................... 168

1. Аллаһқа Оның Ең Көркем Есімдері мен Сипаттары арқылы жақындау ........................................................................................................................................ 169

2. Аллаһқа өзіңнің игі амалдарыңмен жақындау ............................................ 169

3. Аллаһқа тірі салиқалы (ізгі) адамның дұғасы арқылы жақындау ........... 170

4. Аллаһқа өзіңнің әлсіздігің мен дәрменсіздігіңді мойындау арқылы жақындау .................................................................................................................... 171

5. Аллаһқа өзіңнің күнәң мен зұлымдығыңды мойындау арқылы жақындау ........................................................................................................................................ 171

6-Бөлім. Қарсы жақтың кейбір күмәндары және оларға сопылардың кітаптарында орын алған қасиетті мәтіндерді бұрмалау фактілеріне нұсқаумен жауап беру ........................................................................................................................... 173

7-Бөлім. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметімен тәуассулді теріске шығару Пайғамбардың өзінің құрметін және оған деген құрметті теріске шығаруды білдірмейді ...................................................................... 191

19-Тарау. Өлген адамдарға (әруақтарға) Аллаһтың алдында шапағатшы болуды сұрап жалбарынуға болмайтындығы туралы ............................................................... 197

1-Бөлім. Қабірге (әруаққа) табынушылардың «Аллаһқа дәнекерсіз тікелей жалбарыну дұрыс емес» деген сенімі .......................................................................... 197

2-Бөлім. Ханафи мәзһабы имамдарының Аллаһқа дәнекер арқылы жалбарыну діндегі жаңалық (бидғат) және көпқұдайшылық (ширк) болып табылатындығы туралы айтқан сөздері ...................................................................................................... 198

3-Бөлім. Аллаһ Тағала Ең Кешірімді және Рақымды ............................................... 201

4-Бөлім. Өлген адамдар өз қабірлерінде естімейді .................................................. 206

1. Қабірге (әруаққа) табынушылардың өлген адамдар қабірлерінде естиді деген сенімі ................................................................................................................ 206

2. Өлген адамдар қабірлерінде естімейтінінің дәлелдері және олардың түсіндірмесі ................................................................................................................ 207

3. Қарсы жақтың күмәндары және оларға жауап ............................................ 213

4. Басқа мәзһабтардың өкілдері ханафилердің «өлген адамдар естімейді» деген пікірін қолдайды ............................................................................................ 216

5-Бөлім. Дұға құлшылық (ғибадат) болып табылады, әрі онымен Аллаһтан өзге ешкімге жалбарынуға болмайды ............................................................................................ 217



20-Тарау. Қабірге (әруаққа) табынушылардың сенімдері мен іс-әрекеттері Пайғамбар заманындағы көпқұдайшылдардың (мүшриктердің) сенімдері мен іс-әрекеттеріне тең ................................................................................................................... 225

1-Бөлім. Қабірге (әруаққа) табынушы сопылар «көпқұдайшылық» («ширк»), «бірқұдайшылық» («таухид») және «құлшылық» («ғибадат») терминдерін қалай түсінеді ................................................................................................................................. 225

1. Олардың «бірқұдайшылық» («таухид») терминіне берген анықтамасы ........................................................................................................................................ 226

2. Сопылардың «көпқұдайшылық» («ширк») терминіне берген анықтамасы ........................................................................................................................................ 229

3. Сопылардың «құлшылық» («ғибадат») терминіне берген анықтамасы . 229

2-Бөлім. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманындағы көпқұдайшылықтың мәні неде еді? .............................................................................. 230

1. Құрайштық көпқұдайшылдар Аллаһтың бар екендігін және бүкіл болмыстың Раббысы екендігін мойындайтын ................................................... 231

2. Құрайштық көпқұдайшылдар Аллаһқа құлшылық ететін ...................... 232

3. Ендеше құрайштықтардың көпқұдайшылығы неде еді? ........................... 234

3-Бөлім. Сопылардың кейбір күмәндары және оларға жауап ............................... 239



Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен.

Кіріспе

Ақиқатында, бүкіл мақтауға бір Аллаһ қана лайық. Біз жалғыз Оны ғана мадақтаймыз, Одан ғана көмек пен кешірім сұраймыз. Бір Аллаһтан ғана өзіміздің нәпсіміздің және жаман істеріміздің кесірінен пана сұраймыз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ Тағала қолдаусыз қалдырса, сол міндетті түрде адасады және өзіне көмекші таба алмайды.

Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екендігіне куәлік береміз, әрі Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі екеніне де куәлік береміз.

Расында, ең ақиқат сөздер – бұл Аллаһтың Сөздері, ал ең тура жол – Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолы. Ал ең жаман істер – бұл осы дінге енгізілген жаңалықтар, өйткені діндегі әрбір жаңалық – бидғат, әрбір бидғат – адасушылық, ал әрбір адасушылық – Отта.



Одан кейін:

Аллаһ Тағала Өзінің рахымымен және жомарттығымен бізге шариғи білім алу, Оның мінсіз-кемел дінін тану және сол білімдерге сәйкес өмір сүру мүмкіндігін берді. Білім ізденудің және Сүннетті оқып-үйренудің жолында мығым тұрған әрбір адам жер бетінде бізге бұйырылған бақыттан үлкен бақыт жоқ екенін біледі. Аллаһ Тағаладан бізге осы бақытымызды арттыруын және берекелі етуін сұраймыз.

Сонымен қоса, Аллаһ Тағала біздің осындай қауіп-қатерлі уақиғалар көз алдымызда өрбіп жатқан әрі біз оларға көз жұма қарап отыра алмайтын заманда өмір сүруімізді қалады.

Ұлы имамдардың және осы үмметтің алғашқы және кейінгі буын өкілдерінен болған жетекшілерінің кітаптарымен таныс әрбір кісі бидғаттардың өршуі екі жолмен іске асатынын біледі. Бидғат не жасырын сипатқа ие болып, қауіп төндірмейді және кең таралмаған болады, не нық-нық басып, екпінді түрде дамып, барған сайын өз шырмауына түскен адамдардың санын көбейте береді.

Бидғаттардың бірінші түріне келер болсақ, оның мәнін түсіндіруге және одан сақтандыруға деген қажеттілік жоқ, бұдан қалса, бұған түсіндірме беру қателік болып табылады, өйткені адамдардың назарын ешбір қажетсіз осы бидғатқа бұрады да, оның ауқымын кеңейте түседі.

Бидғаттардың екінші түрі туралы айтар болсақ, онда олардың шыққан көзі, мәні мен қауіпі туралы түсіндіру осыған жеткілікті білімі бар әрбір кісіге міндетті болып табылады. Аллаһ былай деді: «Әй, мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Аллаһтан қорқыңдар. Күдіксіз, Аллаһ не істегендеріңнен толық хабар алушы» («әл-Мәида» сүресі, 5:8).

Ол сондай-ақ былай деп айтты: Аллаһ Кітап берілгендерден: «Әлбетте оны адамдарға түсіндіресіңдер әрі жасырмайсыңдар!», - деп сенім (уәде) алған. Дегенмен, олар оны арт жақтарына тастады. Әрі олар оны аз бір бағаға айырбастап алды. Сонда олар нендей жаман нәрсе сатып алды!” («Әли-Имран» сүресі, 3:187).

Үлкен өкінішке орай, біз Отанымызда шектен шыққан сопылықтың идеяларының таралуымен сынаққа түскен болып отырмыз, ал бұл идеялар аумақтың тұрақтылығына бір қарағанда көрінетінінен әжептеуір ауқымды қауіп-қатер төндіруде. Олардың қауіптілігіне тек діни білімге ие және осы идеялар таралған және өз дамуын тапқан аймақтарда бұрын қандай құбылыстар орын алғанын және орын алып жатқанын талдап-сараптайтын адам ғана дұрыс және нағыз баға бере алады.

Аллаһ Тағала бізді бір-ақ ұлы мақсат үшін жаратты, Ол бұл туралы Өзінің Кітабында былай деп айтқанындай: «Мен жындар мен адамдарды тек Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» («әз-Зәрият» сүресі, 51:56). Ал кім өзін осы мақсатты іске асырудан ауытқызатын жолдарға түссе, Аллаһ Тағала оның өмір-тіршілігін тар етеді де, басын бақытсыздыққа салып, қор қылады.

Аллаһ былай деді: «Ал егер сендерге Мен тарапымнан бір тура басшылық келсе, онда кім тура жолыма ілессе, ол адаспайды да, бақытсыздық кешпейді. Ал кім Ескертуімнен бет бұрса, сонда, күдіксіз, оған бір ауыр өмір болады. Сондай-ақ Қияметте оны соқыр түрде қайта тірілтеміз» («Та-Ха» сүресі, 20:123-124).

Ол сондай-ақ былай деді: "Аллаһпен бірге басқа ешбір құдайға құлшылық етпе! Әйтпесе қорланған және тасталған түрде қаласың" («әл-Исра» сүресі, 17:22).

Егер қандай да бір қауым (халық) бірқұдайшылықтан ауытқып, көпқұдайшылық пен пұтқа табынушылықтың түрлі көріністерін өмір-тіршілігіне енгізе бастаса және осыда бекемдей түссе, онда оны табиғи катаклизм-апаттар, экономикалық және саяси тоқыраулар, сондай-ақ соғыстар мен ішкі тәртіпсіздіктер түрінде көрініс табатын ауыр күйзелістер күтеді. Бұл Аллаһ Тағаланың жаратылыстарындағы өзгермейтін заңы. Кім Аллаһ Тағаланың Ауғанстанға, Иракқа, Кавказ жеріне, сондай-ақ бүгінгі Мысырға, Йеменге және Ливияға жіберген күйзелістеріне назар салса, сол: «Неліктен мұның барлығы мұсылмандардың жерлерінде орын алуда?», - деп сұрақ қоймауы екіталай. Ал бұл сұраққа жауап осы жерлерді мекендейтін адамдар шектен шыққан мистикалық сопылықты ұстанатындықтарында. Бұл жерлер кесенелер мен мазарларға, өлген адамдарға жалбарынуға, ізгі адамдардың қабірлеріне арнап құрбан шалуға және оларға нәзір беруге және көпқұдайшылықтың басқа да сол сияқты көріністеріне толып біткен.

Ал егер посткеңестік республикалар туралы айтар болсақ, онда Ресейдің, Бұхара мен Түркістанның жерлері туралы ханафи мәзһабының имамы әл-Хужанди былай деген: «Аллаһ Тағала құдайсыз коммунизмнің осы жерлерде жеңіске жетуіне жол бергенінің себебі оларда көпқұдайшылық пен қабірлерге табыну кең таралғандығында». Қз.: "Хукму-Ллаһи әл-Ахад әс-Самад", 30-31 беттер.

Ал бүгінгі күнге келер болсақ, қабірлерге табыну бәлесі, мистикалық сенімдер мен артта қалған пұтқа табынушылықтың рәсімдері біздің жерлерімізге қайта оралуда. Оларды белсенді түрде енгізумен және таратумен өздерінің өтірікшілігімен, жағымпаздығымен және жауыздығымен танылған сопылықтың өкілдері айналысуда. Олар туралы ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 һ/ж) шындықты айтып, былай деді: «Кабірлерге табынушылар жеткен надандықтың және Аллаһқа, Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және тұтас үмметке өтірік жапсырудың соншалықты деңгейіне тіпті хауариждер мен рафидилер де жете алмағанына күмән жоқ». Қз.: "Ғаят ул-Амани" 1/215.

Олардың өтірікшілігі келесі нәрселерде көрініс табады:

1. Өздерінің идеяларын ұтымды тарату үшін олар қасқыр Юсуфтың көйлегіндегі қанға қандай қатыссыз болса, идеологиялық мәселелерде сопылыққа (суфизмге) тура солай қатысы жоқ ханафи мәзһабына өздерін және өздерінің идеяларын белсенді түрде телиді. Оқырман осыған көз жеткізу үшін мен осы еңбекті ханафи мәзһабы имамдарының айтқан сөздерімен және дәйексөздерімен толтырдым, ал кейбір тарауларда тек солармен ғана шектеліп қойдым. Ал имам Абу Ханифаның өзіне, оның шәкірттеріне және ханафилердің алғашқы буын ғалымдарына келер болсақ, олардың бұл туралы айтқан сөздері аз әрі сирек, өйткені Исламның алғашқы ғасырларында қабірлерге табынушылық жоқ болатын. Ал кейінгі ұрпақтың ханафи ғалымдары жайлы айтар болсақ, мен өзім үшін олардың кітаптары мен еңбектері жиі жағдайда шектен шыққан сопылардың адасушылықтарын ел «уаһһабилердің жетекшілері» деп атайтын діндарлардан да қаталырақ, ауқымдырақ және шешенді түрде теріске шығаратынын таң қалып аштым.

2. Біздің аймағымыздың сопыларының оңбағандығы олардың қазіргі кезде «сәләфилік» және «сәләфилер» деген терминдерді белсенді түрде қолданып, оған өздеріне ұнамайтындардың бәрін қосатынында да көрініс табуда. Әрине, олар мұны сәләфилерден басқа ешкім олардың жолына қарсы тұра алмайтындығын, ақиқат сөзін айта алмайтындығын және олардың өтірік болмысын әшкерелей алмайтындығын өте жақсы түсінгендіктен істейді. Осы орайда олар биліктің және құқық қорғау органдарының қолдауына қол жеткізу үшін қасақана түрде өзара үйлеспейтін нәрселерді араластырады. Олар республикада таралған "Хизб ут-Тахрир", "Такфир" (басқаша айтқанда "хауариждер"), "Жиһад және Һижра", "Жама`ат Таблиғ", "Ихуан ул-Муслимун", "Сурурилер", "Саид Нурсишілер", «Сулайманшылар» сияқты басқа да кез-келген құпия партиялар мен ағымдарға сәләфилердің ешқандай қатысы жоқ екендігін және сәләфилер олардан бас тартатынын өте жақсы біледі.

Олар сәләфилік жолдың жарылыстарға, төңкерістерге, шерулерге, билікті күштеп алуға және оған таласуға, ереуілдерге, жазықсыз адамдарды кепілдікке алуға және өлтіруге және тағы да сол сияқты тәртіпсіздіктерге қатысы жоқ екендігі туралы хабардар. Бұдан қалса, жоғарыда аталғандардың барлығына тыйым салынғандығы туралы және осы секталар мен партиялардың барлығынан сақтандыру туралы сәләфилердің жазған еңбектері орыс және қазақ тілді мұсылмандарға жақсы белгілі, ал бұл Аллаһтың қалауымен көптеген мұсылмандардың осы адасушылықтан шығуларына себеп болды.

Сондай-ақ ...Түркістанды да, республикамыздың басқа елді-мекендерін де абаттандыруда, егер мұның барлығы дінмен яғни осы жерлерде Исламға телініп жасалатын, бірақ оған қайшы келетін көпқұдайшылық сипаттағы рәсімдерді орындаумен байланысты болмаса, біз ешқандай жаман нәрсе көріп тұрмағанымызды атап кету қажет. Мұның барлығы республикамызда өмір сүруші мұсылман халықтарының тыныс-тіршілігіне қажетсіз қарама-қарсылықтар мен егестердің (конфликттердің) себебі болатын түрлі шектен шыққан, фанатикалық көзқарастар мен идеяларды салтына сіңірмей, тұрақты және тыныш дамуы үшін қажет.
Ал барлық мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы – Аллаһқа тән!

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет