Жарылыс өрт қауіпті химиялық, мұнай өңдеу және басқа өндірістерге арналған әдістемелік ұсынымдар



бет1/7
Дата01.05.2016
өлшемі1.02 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің

2009 жылғы «1» сәуірдегі

№ 10 бұйрығымен

келісілген

Жарылыс өрт қауіпті химиялық, мұнайхимиялық, мұнай өңдеу және басқа өндірістерге арналған әдістемелік ұсынымдар
1. Қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, техникалық қайтадан жарақтау, бұзылудан сақтау және жою бойынша әдістемелік ұсынымдар:

1) улы және қышқыл заттарды, бу, газ және шаң ауалық жарылыс өрт қауіпті қоспаларды тудыруға қабілетті заттарды сақтауға байланысты мұнай және газ өңдеу, химиялық, мұнайхимиялық және басқа өндірістерге;

2) сутегі, аммиак, сұйылтылған көмірқышқыл газ және тез жанғыш сұйық жарылғыш қауіпті заттарды алуға, сақтауға (құю-төгу) және қолдануға таратылады.

1-тарау. Технологиялық үдерістердің жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2. Әрбір технологиялық жүйе үшін технологиялық блоктардың жарылыс қауіптілігін барынша төмендету бойынша мынадай шаралар қарастырылады:

1) технологиялық жабдықтың ішінде жарылыс пен өртті болдырмау;

2) технологиялық жабдықты қираудан қорғау және авариялық тығындалу бұзылған кезде ауаға жанатын заттардың шығуын барынша шектеу;

3) өндіріс ғимараты, имараты және сыртқы қондырғы аумағында жарылыс және өрт болу мүмкіндігін болдырмау;

4) өндіріс ғимараты, имараты және сыртқы қондырғы аумағында жарылыс және өрт салдарының ауырлығын төмендету.

3. Технологиялық үдерістер оның параметрлерінің регламенттелген мәніндегі жүйесінде жарылыс мүмкіндігін болдырмау үшін ұйымдастырылады. Параметрлердің регламенттелген мәні үдерістің жарылғыш қауіптілігін анықтайтын, оның өзгеруіне жол берілетін диапазон үдерісті дайындаушымен параметрлердің шекті мәні (техникалық аппараттарды құру немесе аппаратты безендіру, қаралатын заттардың фазалық жағдайы, гидродинамикалық тәртібі) немесе заттардың үдеріске қатысушылары үшін олардың жиынтығы туралы деректер негізінде тағайындалады.

4. Әрбір техникалық үдеріс үшін шекті параметрлер мәндерінің жиынтығы анықталады. Параметрлер өзгерісінің қол жетімді диапазоны техникалық үдерістің сипатын есепке ала отырып тағайындалады. Басқару жүйесінің техникалық сипаты және АҚК талап етілетін диапазон үдерісі (аспап дәлдігінің класы, өлшеу жүйесінің инерциялығы, өлшеу диапазоны) параметр мәндерінің өзгеріс жылдамдығына сәйкес болады.

5. Параметрлердің белгіленген шектерден шығуын болдырмайтын әдістер мен құралдар жобалаудың бастапқы мәліметтерінде және өндірістің жобалық құжаты мен техникалық регламентінде көрсетіледі.

6. Жеке технологиялық үдерістің немесе оның сатыларының жарылыс өрт қауіпсіздігін жүргізу шарты:

1) жарылыс өрт қауіпті қоспа немесе өнім пайда болуын болдырмау (үдерісті дайындаушымен тағайындалады) немесе барынша төмендету шартынан туындайтын өзара әрекет ететін құраушыларды тиімді таңдаумен;

2) құраушыларды тиісті мөлшермен берудің тиімді тәртібін таңдаумен, олардың регламенттелген мәннен және жүйеде жарылғыш қауіпті шоғырланудың пайда болу (қатынасынан ауытқу мүмкіндігінің алдын алумен жобаны дайындаушымен тағайындалады);

3) қосымша заттардың физика-химиялық шарттарының үдерісін ескере отырып дайындаушымен тағайындалған, жарылыс өрт қауіпті қоспалардың пайда болуына кедергі келтіретін немесе инертті ерітушілердің пайда болуына соқтыратын заттар мен инертті баяу-сұйылтқыштарды қажеттілігіне қарай технологиялық ортаға енгізумен;

4) үдерістің гидродинамикалық сипатын (құрауыштарды араластыру және ортаны ауыстыру тәртібі мен әдістері) және жылуөткізгіштік сипатын (жылу ағыны, жылуөткізгіштің коэффиценті, жылуалмасу үсті), аппараттың геометриялық параметрлерін тиімді таңдаумен (үдеріс пен жобаны дайындаушымен тағайындалады);

5) компоненттерді жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмайтын немесе қиындататын фазалық жағдайда қолданумен (үдерісті дайындаушымен тағайындалады);

6) технологиялық орта жағдайының жарылыс өрт қауіптілігін төмендететін параметрінің мағынасын таңдаумен (құрамы, қысымы, температурасы), (үдерісті дайындаушымен тағайындалады);

7) сенімді энергиямен қамтамасыз етумен (үдерісті дайындаушымен тағайындалады) қамтамасыз етіледі.

7. Технологиялық жүйенің жарылыс өрт қауіпсіздігінің оңтайлы шарттары қамтамасыз етіледі:

1) жобалау сатысында анықталатын оған кіретін технологиялық блоктардың ең төменгі мүмкіндіктегі қатынасты энергиялық шамасымен () технологиялық жүйені тиімді таңдаумен;

2) жарылыс қауіптілігінің деңгейін төмендетуге мүмкіндік туғызатын жекелеген техникалық операцияларды шама мен сатыға бөлумен (компоненттерді бірнеше сатыға қосу, үдерістерді реакциялық және масса алмасушылыққа бөлу) немесе бірнеше шаманы бір техникалық операцияға (реакциялық реакциялықпен, реакциялық масса алмасумен) қосумен;

3) қосымша үдерісті немесе жарылыс өрт қауіпті ортаның кейінгі операцияларда (жарылыс өрт қауіпті қоспаның пайда болуына немесе кейінгі сатыларда қауіптілік ортаның артуына қабілетті қоспадан тазалау) пайда болуын тоқтату мақсатында техникалық жүйеге сатыны енгізумен қамтамасыз етіледі.

8. Құрамына кезеңдік әрекеттегі жекелеген аппараттар кіретін үзіліссіз әрекеттегі технологиялық жүйе үшін кезеңді әрекеттегі аппараттарды үздіксіз технологиялық желіден сөндіру (қосу) регламенттелген операцияларды, сонымен қатар оларды сөндіргеннен кейінгі операцияларды жарылыс қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады.

9. Техникалық үдерісті жүргізудің регламенттелген тәртібінен ауытқығанда, жарылыс өрт қауіпті қоспалардың туындауы мүмкін технологиялық құрылғылар (жабдықтар, құбырөткізгіштер, аппараттар, технологиялық желілер) бастау көзі бар болғанда оның жарылуы немесе жарылыс қауіпті қоспалардың пайда болуының алдын алатын инертті газ беру жүйесімен, баяу қоспамен немесе басқа техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

10. Инертті газдар мен баяу қоспаларды беру жүйесін басқару техникалық үдерісті жүргізу ерекшелігіне байланысты арақашықтықтан (қолмен немесе автоматты) жүргізіледі. Құрамында І және ІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктары бар өндірістерге инертті құралдарды беруді автоматты басқару қарастырылады; ІІІ санатты технологиялық блокты өндіріс үшін автоматты емес арақашықтықтан басқару, ал 10, болғанда орнында қолмен басқаруға рұқсат беріледі.

11. Жабдықтың (аппараттың, құбырөткізгіш бөлігінің) жұмысты бастағанында немесе тоқтатылғанында технологиялық жүйенің жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйеде жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуының алдын алу арнайы шаралары (оның ішінде инертті газбен үрлеу) қарастырылады.

12. Жобалық құжаттама технологиялық үдерістің ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындалады, жабдықты іске қосу мен тоқтату тәртібін, тоқырау аймағының пайда болуын болдырмайтын инертті газдармен үрлену тәсілдерін белгілейді.

13. Үрлеудің тиімділігін бақылау оттегі не (немесе) шығатын газдардағы жанғыш заттардың құрамы бойынша автоматты режимде үрлеу үдерісін жүргізудің нақты шарттарын есепке ала отырып жүргізіледі.

14. Әрбір технологиялық объект үшін инертті газдар саны және олардың жеткізілу жүйесі технологиялық жүйе жұмысының ерекшеліктерінің біруақытта артуын есепке ала отырып таңдалады және жобамен анықталады. Инертті ортаның параметрі технологиялық үдерістің жарылысқауіпсіздігін қамтамасыз ету шартынан туындай отырып анықталады.

15. Технологиялық жүйе оның белгі көрсеткіштері мен аварияалды (қажеттілігіне қарай-ескерту) дабыл жүйесін тіркеу, үдерістің жарылыс қауіптілігін анықтайтын параметрлерді бақылау құралдарымен және аварияға қарсы қорғаныс және автоматты басқару құралдарымен жарақтандырылады.

16. Параметрді автоматты бақылау және оны берілген диапазонда бақылау мүмкін болмаса әрбір нақты жағдай үшін үдерісті жүргізу шартын есепке ала отырып анықталады.

17. Жұмыстың барлық тәртібіндегі үдеріс параметрлерінің шекті белгілері қарастырылған регламенттен ауытқығанда және қауіпсіз аялдауды немесе үдерісті берілген бағдарлама бойынша қауіпсіз жағдайға ауыстыруды қамтамасыз еткенде, авариялық жағдай туындауының алдын алатын жарылыс қауіпті технологиялық үдерістер үшін аварияға қарсы автоматты қорғаныс жүйесі қарастырылады.

18. Аварияға қарсы автоматты қорғау жүйесі технологиялық үдеріспен жалпы басқару жүйесіне қосылады. Оның жұмыс істеуі үшін белгі беруді қалыптастыру үдерістің сипаты мен қатысты заттардың анықталатын құрамы параметрлердің регламенттелген шекті мағыналарында шоғырландырылады.

19. Құрамында І және ІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктары бар объектілерді аварияға қарсы автоматты қорғау жүйесі үшін микропроцессорлық және есептеу техникасының қолдану қарастырылады, ал ІІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктары бар объектілер үшін микропроцессорлық техниканы қолдану жеткілікті.

20. Құрамында І және ІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктары бар кезеңдік үдерісті технологиялық объектілер регламенттелген жұмыс тәртібі мен тоқтауының жұмыс істеуі және тоқтауын басқару, бақылау және аварияға қарсы қорғау жүйелерімен жабдықталады.

21. Құрамына енетін блоктардың жарылыс қауіптілік санатын есепке алған технологиялық жүйенің энергиялық тұрақтылығы технологиялық үдерістің ерекшеліктері энергиямен қамтамасыз етудің рационалдық сұлбасын таңдаумен, тоқпен қоректендіру көздерінің санымен (негізгі және қорлық) және олардың бекемдігімен қамтамасыз етіледі, ал төмендегілер мүмкіндікті жоққа шығарады:

1) жүйенің тығындалуының бұзылуы (жылжымалы қосқыштың тығыздалуының тығындалуы, қысымның жоғарылауынан жабдықтың бұзылуы);

2) жүйеде жарылыс қауіпті ортаның пайда болуы (өнімнің реакциялық аймақта болу уақытының артуы есебінен, оған түсетін өнімнің қатынасының бұзылуы, басқарылмайтын үдерістің дамуы).

22. Технологиялық үдерістің энергия тұрақтылығын сипаттайтын параметрлері, осы тұрақтылықты қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер үдерісті дайындауда анықталып регламенттеледі.

23. Технологиялық үдерістерді жүргізуге параметрлердің ауыспалы мәндерінде, сонымен қатар жарылыс аумағында жүргізуге жол берілмейді. Үдерістерді ауыспалы мәнінде (жарылыс аумағында) жүргізудің негізді қажеттілігі туындағанда, жабдық ішінде өнім үдерісі айналымы үшін ең төменгі энергия мен жану температурасынан асатын энергиямен немесе температурамен, жарылыс бастамасының көзін тудырудың алдын алатын немесе болуын жоққа шығаратын әдістер мен құралдар қарастырылады. Жану көздерін пайда болдырмайтын немесе энергияның төмендеуін қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді таңдау әрбір нақты жағдайда жарылыс қауіптілік санатын, технологиялық үдеріс ерекшелігін есепке ала отырып анықталады.

24. Тұтанудың қауіпті көзін болдырмау мүмкін емес жарылыс қауіпті орталы технологиялық жүйелер жабдықтарды, құбырөткізгіштерді бұзылудан сақтау және жарылыстың алдын алу құралдарымен жабдықталады (мембраналық қауіпсіздендіретін жабдықтармен, жарылғыш қақпақшалармен, инертті газбен баяу өткізу жүйесі, жалынды тұмшалау құралдары).

25. Ауамен жарылыс қауіпті қоспа түзуге бейім жанатын өнімдерге (газ түрінде, сұйық, қатты) қатысты технологиялық жүйелер тығыздалып орындалып жұмыстың барлық тәртібінде қоршаған ортада қауіпті шоғырланудың пайда болуын болдырмайды.

26. Үдерістің жұмыс параметрінде затқа айналатын жабдықта жарылыс пен өртті болдырмау шаралары жарылыс өрт қауіптіліктің көрсеткішін есепке ала отырып дайындалады.

27. Ғимараттар мен имараттарда жарылыс пен өртті болдырмау шараларын дайындауда өрт қауіпсіздігі талаптары ескеріледі.

28. Қатты жанатын және бытырайтын заттарды қолданумен байланысты сатыдағы технологиялық жүйе үшін бөлме (жұмыс аумағы) ауасына жанатын шаңның түсуін мейлінше азайтатын шаралар мен құралдар, сыртқы қондырғылар және оның құрылыс құрылымдары мен жабдықтарына жинақталуын, сонымен қатар шаңжинағыш құралдар, оның кезеңділігі және ауаның шаңдануын бақылау қарастырылады. Қатты бытыраңқы жанатын заттар ереже бойынша аппараттарға тиеліп ерітінді, паста немесе дымқыл түрде қайта өңделеді.

29. Энергетикалық шамасын есепке ала отырып, әрбір технологиялық блок үшін жобалау мекемесімен жанатын өнімдердің қоршаған ортаға шығарылуының алдын алуға немесе олардың санын мейлінше шектеуге бағытталған, жарылыстың алдын алу және өндіріс қызметкерлерінің жарақаттануын болдырмау құралдары қарастырылып, шаралар дайындалады. Әрбір нақты жағдайда қолданылатын құралдар мен шаралардың жетімділігі негізделеді.

30. Құрамында І және ІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктары бар өндірістерге арнайы шаралар дайындалады:

1) технологиялық жабдықтарды арнайы жарылыс қауіпті құрылыстарда орналастыру;

2) өндірісті авария болғанда тоқтату шараларын жүргізу уақыты мен ұзақтығын анықтайтын, сонымен қатар үдерісті жүргізуде, өндірісті қосу мен тоқтатуда және басқа шараларда өндіріс қызметкерлерінің қателесу мүмкіндігін болдырмау немесе төмендету, үдерісті автоматты басқару және өндірісті арнайы бағдарлама бойынша авариясыз тоқтатуды қамтамасыз ететін, басқарудың автоматтандырылған жүйесін және микропроцессорлық техниканы қолдануымен және аварияға қарсы қорғаныспен жарақтандыру.

31. Құрамында ІІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блогы бар өндіріс технологиялық параметрлерді регламенттелген мағынаға немесе үдерістің тоқтауына соқтыруын қамтамасыз ететін мағынасы үдерістің жарылыс қауіптілігін анықтайтын автоматты (есептеу техникасын қолданумен немесе қолданбай) басқару жүйесімен, параметрді бақылау құралдарымен, тиімді жылдам әсер еткіш жүйемен жарақтандырылады.

32. Құрамында 10 бар технологиялық блоктар үшін мағынасы үдерістің жарылыс қауіптілігін анықтайтын параметрлерді автоматты бақылауда қолмен басқаруды қолдануға жол беріледі.

33. Жүйенің авариялық ақауында қоршаған ортаға жанатын және жарылыс өрт қауіпті заттардың таралуын мейлінше азайту үшін:

1) І санатты жарылыс қауіпті технологиялық блок үшін-жылдам әсер еткіш бекіту не (немесе) бөлікті жұмыс айналымы 12 с аспайтын құрылғыларды орналастыру;

2) ІІ және ІІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктар үшін-қашықтан басқарылатын бекіту не (немесе) бөлікті жұмыс айналымы 120 с аспайтын құрылғыларды орналастыру;

3) 10 мағыналы энергетикалық кезеңді блоктар үшін қолмен жүргізілетін бекіту құралдарын орнатуға жол беріледі, оларды тиімді орналастыру (оператордың жұмыс орнына мейлінше жақындауына жол берілу) есебінен мейлінше аз уақытта қозғалысқа әкелу, бірақ 300 с артық болмай қарастырылады. Бұнымен қатар, тасқынның қауіпсіз бөліну шарты қамтамасыз етіледі және гидравликалық соққы болдырмау қарастырылады.

34. Жарылыс өрт қауіпті өнімдері бар жарылыс қауіптіліктің барлық санатты технологиялық блоктары және жекелеген аппараттар үшін жылдам әсер еткіш бекіту құрылғыларымен жабдықталатын авариядан құтқару жүйесі қарастырылады.

35. І және ІІ санатты жарылыс қауіпті технологиялық блоктарды авариядан құтқару жүйесі автоматты басқарылатын жетекті бекіткіш құрылғыларымен қамтамасыз етіледі, ІІ санатты блок үшін қауіпсіз орындарға орналастырылған және мейлінше аз регламенттелген жұмыс айналымымен қолмен жетелеу құралын қолдануға жол беріледі.

36. Қолданылатын өнімдерден технологиялық блоктарды авариялы құтқаруға авариялы құтқарудың арнайы жүйелері немесе технологиялық қондырғылардың құралдары қолданылады.

37. Авариядан құтқарудың арнайы жүйесі кепілдендіреді:

1) тұрақты дайын болу;

2) жүйенің өзінде де және оны қоршаған ауада да, аварияның туындауында да жарылыс қауіпті қоспалардың пайда болуын болдырмау;

3) босатуға мейлінше аз уақыт бөлу;

4) басқару және бақылау құралдарымен жабдықталу.

38. Авариядан құтқарудың арнайы жүйелерін басқа мақсаттарға қолдануға жол берілмейді.

39. Авариядан құтқарудың арнайы жүйелерінің сыйымдылығы өнімді технологиялық үдерістің қауіпсіз тоқтату шарттарымен анықталған санымен есептеледі.

40. Қотарылатын жанғыш газдар және бытырағыш ұсақ материалдар әрі қарай жойылу үшін жабық жүйелерге немесе ұйымдастырылып жағу жүйесіне жіберіледі. Таза сутегіні ғана жібермеуге болады.

41. Араласқанында жарылғыш қауіпті қоспа немесе тұрақсыз байланыс тудыруға қабілетті заттарды газ қотарылулардың бірігуіне жол берілмейді.

42. Әртүрлі қысымдағы аппараттардан булы газ ортасының лақтыру газ желілерін біріктіру кезінде жоғары қысымды аппараттардан төмен қысымды аппараттарға тоғысуын тоқтату шаралары қарастырылады.

43. Газды лақтыру желісінде газ ағынының сұйық фазасы болғанда олардың ағып кетуін болдырмайтын қондырғы қарастырылады.

44. Берілген технологиялық тәртіптен ауытқу үдерістерінде жарылыс өрт қауіпті өнімдердің инертті заттарды беру желісіне түсуі мүмкін, ол желіге кері қақпақша орнатылады.



2-тарау. Жанғыш булы газ ортасы, сұйық және қатты ұсақ бытырағыш өнімдерді тасымалдау
45. Тасымалданатын жанғыш өнімдердің жол берілетін жылдамдығының, қысымының, температурасының мағынасы тасылатын заттардың жарылғыш қауіпті сипатын, физика-химиялық құрылымын есепке ала отырып үдерісті дайындаушымен тағайындалады.

46. Жанғыш өнімдерді тасымалдайтын сорғыштар мен компрессорлар үшін (сорғыштар мен компрессорлар тобы) оларды бекіту немесе сору және айдау желілерінде, ережедегідей қашықтан басқарылатын сөндіру және бөлу желілері қарастырылады.

47. Арматура секілді жарылыс қауіпті өнімдері бар құбырөткізгіштің бөліктерін қашықтықтан сөндіру және оны орналастыру орындары туралы шешім құбырөткізгіштің ұзындығы мен диаметріне және тасымалданатын ортаның сипатына байланысты әрбір нақты жағдайды жобалауда қабылданады.

48. Жанғыш газдар мен буларды құбырөткізгішпен тасымалдауда тасымалданатын ортаның тығыздалуын болдырмау немесе көлік жүйесінен сұйықты сенімді және қауіпсіз ажыратуды қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады.

49. Криссталданған өнімді еріту (балқыту) үшін ашық отты қолдануға жол берілмейді. Еріту алдында қысым көзінен және оның технологиялық аумағымен байланысты көлік (құбырөткізгіштер, аппараттар) жүйесінің араласқан аумағынан жылытылатын аумақ толық сенімді түрде алдын ала тоқтатылады, сонымен қатар қосылған объектілердің (құбырөткізгіш, аппарат) жылытылатын ортасына динамикалық (гидравликалық) әсерін жоққа шығару бойынша басқа да шаралар қолданылады.

50. Жанатын газдарды тасымалдау және жинақтау орталықтандырылған компрессорлар арқылы жүргізіледі.

51. Сорғылар мен компрессорлар үшін тығыздау құрылғыларын, құрылым және құрылым материалдарын таңдау тасымалданатын ортаның түріне және қолданыстағы нормативтік құжаттар талабына байланысты жүзеге асырады.

52. Сорғылар мен компрессорлар үшін тығыздалатын құрылғылардың бітеулігін тексеру құралы мен әдістері және ондағы сұйықтың қысымы анықталады.

53. Компрессордың сорғыш жүйесіне тасымалданатын газ ортасынан сұйық фазаны бөлу үшін сепаратор орнатылады. Сепоратор деңгейді бақылау аспаптарымен және мейлінше жоғары деңгейдегі дабыл жүйесімен және регламенттелген деңгейге жеткенде одан сұйықты алып тастауды қамтамасыз ететін автоматизациялау құралдарымен, белгіленген деңгейден асқанда компрессорды сөндіру блокировкамен жабдықталады.

54. Компрессорлардың сорғыш желілері талап бойынша артық қысымда болады. Бұл желілердің жұмысы барысында жанатын газда қышқылдың болуына бақылау жүргізіледі; сынамаларды орналастыру орындары және бақылау әдістері жобалау мекемесімен анықталады; компрессор желісін сөндіру немесе бұл желілерге жанатын газда қышқыл белгіленген мөлшерден артық жоғарылаған жағдайда инертті газдар беруде блокировкалау қарастырылады.

55. Жанатын заттарды жеткізу жүйесі үшін құбырөткізгіштер мен аппараттардың ішкі беттерінде жабысып қалуы мүмкін шайыр өнімдері, көпөлшемдер, көптығыздалулар және басқа да құбылыстар тиімді және қауіпсіз тазалау әдістері мен тәсілдерін қарастырады, сонымен қатар бұл операциялардың кезеңді жүргізілуін тағайындайды.

56. Құбырөткізгіштерде ұсақ бытырағыш қатты жанатын өнімдерді пневмокөлікпен тасымалдау жүйесін, жанатын заттары бар эмульсия (майшыт) және суспензияны ауыстыру желісінде өнімнің қозғалысын бақылау тәсілдері қарастырылады және құбырөткізгіштің тығындалып қалуын болдырмайтын шаралар дайындалады.

57. Сұйытылған жанатын газдарды, жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтарды айдау үшін қолданылатын сорғылар:

1) сорғының жұмысын тоқтататын немесе қосылуын болдырмайтын немесе тұрқында ауысатын сұйықтың болмауы, не белгіленген мәнді шекте қабылданатын және жұмсалатын ыдыстардағы деңгейінен ауытқу блокировкаларымен;

2) қабылданатын және жұмсалатын ыдыстарда параметрлердің қауіпті мағынада ескерту дабыл бергіштері құралдарымен жарақтандырылады.

58. Арту сорғылары үшін электр қозғалтқыштың тоқтық жүктелуінде олардың жұмыстарын жоққа шығаратын блокировкалаудың қосымша құралдары, сонымен қатар, сорғыларды пайдаланудың шарттары бойынша инертті газдарды аппаратқа беру қажет болғанда, осы сорғыштар орнатылған аппаратқа инертті газ беруді тоқтатқанда олардың іске қосылуы мен жұмыс істеуі қарастырылады.

59. Сорғыштың тоқтауынан туындайтын технологиялық үдерістің қауіпті ауытқушылығын болдырмау үшін жанатын сұйықтарды басқа тәсілдермен беру жүйесінің сенімділігін арттыру шаралары дайындалады.

60. Булыгаз қоспасының желілік көлемінің пайда болуы мүмкін сұйық өнімдер көлігі жүйесінде қажеттілігіне қарай жиналған газ бен буды жабық жүйеде жою үшін құрылғы қарастырылады.

61. Жанатын сұйытылған газдарды, жылдам тұтанғыш сұйықтарды қайтадан тапсыру әдісімен тасымалдау инертті газдардың көмегімен жүзеге асырылады, сұйытылған газдар үшін (бұдан әрі-СГ) өзінің газдық фазасымен, ал жылдам тұтанатын сұйықтар (бұдан әрі-ЖТС) мен жанатын сұйықтар (бұдан әрі-ЖС) үшін тиісті негізде-жанатын газдармен қайта тапсыруға жол беріледі.

62. Қатты жанатын материалдарды ауыстыру жабдық пен коммуникация ішінде жарылғыш қауіпті қоспалардың пайда болуын болдырмайтын тәсілдермен жүзеге асырылады.

63. Тасымалдау немесе баяулату үшін инертті газды қолдануда жүйеде оттегінің болуын бақылау құралдары мен тәсілдері, сонымен қатар оттегінің мүмкіндігінше шоғырланған шегінде тасымалдауды тоқтату шаралары қарастырылады.

64. Жарылыс қауіпті қоспалардың туындауы мүмкін ұсақ бытыраңқы жанатын материалдарды тасымалдаудың негізді қажеттілігінде жүйеде жалынның таралуының алдын алу шаралары жасалады.

65. Ұсақ бытыраңқы қатты жанатын материалдарды тасымалдау жүйесі қабылдау аппараттарында немесе түсіру үдерісін тоқтату кезінде материалдардың жоғарғы шекті деңгейге жеткенінде оларға өнім беруді тоқтату блокировкамен жабдықталады.

66. Үстіңгі беттен жанатын шаңды тазалау қысылған ауамен немесе басқа да қысылған газ көмегімен қауіпті шаңауалық қоспаның пайда болуына әкелетін басқа да тәсілдерді жүргізуге жол берілмейді.




3-тарау. Материалды ортаны бөлу үдерістері
67. Химиялық өнімдерді бөлудің технологиялық үдерістері (жанатын не олардың жанбайтындармен қоспасы) жарылыс аумағынан тыс орындалады.

68. Жанатын буларды (газдарды) және сұйықтарды бөлуде автоматты бақылау құралдары және фазаны бөлу деңгейін реттеу қарастырылады. Фазаны бөлу деңгейін реттеу құралдарын қолдану қажеттілігі өндірісті жобалау және талдау үдерісінде анықталады.

69. Жанатын және жанбайтын сұйық өнімдерді бөлу ыдысының аппаратурасы қоршаған ортаға жанатын будың шығуын тоқтататын құрғатудың жабық жүйесімен жабдықталады.

70. Канализацияға төгуге жататын жанбайтын сұйықта ерітілген жанатын газ болса, оларды шығару шаралары қарастырылады. Жанбайтын сұйықта ерітілген жанатын газдардың қалуы бақыланады, ал бақылау кезеңділігі мен газдың болуы мүмкін шегі регламенттеледі.

71. Газды сұйық қоспаларды бөлу жүйесі газды фазаның сұйыққа түсуін және сұйықты булы газ фазасымен алуын болдырмайтын фазабөлгіштермен жабдықталады.

72. Суспензияны бөлуге арналған жабдықтар оның іске қосылуын болдырмайтын инертті орта параметрлерінің жол берілмейтін ауытқуларында суспензияның берілуін тоқтатылу мен сөндіруді қамтамасыз ететін блокировкамен жабдықталады.

73. Центрифугада суспензияны бөлу үдерісін дайындау мен енгізу центрифуганың өзінде де, жұмыс аумағындағы орынның ауасында да жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмайды.

74. Жанатын аэрозольдерді бөлудің технологиялық үдерісі үшін (газ-қатты фаза) фильтрде (электрофильтрде) және циклондарда оларды жүргізуде жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, оның ішінде бұл аппараттарда сұйылтуды автоматты бақылау шаралары, қажеттілігі болғанда бастапқы аэрозольде немесе бастапқы газдық фазада оттегінің болуын автоматты бақылау, сонымен қатар электростатикалық жиегінің қарбаласының қауіпті мағынасының туындауын жоққа шығару бойынша шаралар қарастырылады.

75. Аэрозольдерді бөлу аппараттары үшін бұл аппараттардың ішкі бетінде қатты фазаның шоғырлануының алдын алу немесе оларды алып тастау (антиадгезионды жабынды, механикалық шайқағыштар, вибраторлар, қосымша енгізу) бойынша тиімді және сенімді шаралар қарастырылады. Қыртыстарды тазалау бойынша операция жүргізудің кезеңділігі мен қауіпсіз тәсілдері регламенттеледі.


Каталог: information -> gos zakup -> 2011
2011 -> Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным
2011 -> Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар Кіріспе
2011 -> Мұнай газ кен орындарын орналастыру объектілерінің ғимараттар мен құрылыстардан минималды қауіпсіз қашықтығы
2011 -> Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар
2011 -> Қауiптi нан өнiмдерi кәсiпорындарындағы, органикалық материалдарды өңдеудегі тозаң жарылыстарының алдын алу және шектеу жөніндегі
2011 -> Мұнай газ кен орындарын өңдеу объектілерінің құрылыстары мен сыртқы қондырғыларын жарылыс өрт және өрт
2011 -> Мгк өңдеу объектілерінің сенімділігі бойынша электрмен қамтамсыз етудің электр қабылдағыштарының санаты
2011 -> Негізгі желдету желдеткіш қондырғыларына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамаларын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе
2011 -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет