«Жарқын болашақ» олимпиадасы «Жарқын болашақ»



Дата25.04.2016
өлшемі26.21 Kb.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы
«Жарқын болашақ» олимпиадасы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі – «KATEV» ХҚҚ) тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады. «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі орын алған 11-сынып оқушыларына Сүлейман Демирел атындағы университеттің шешімімен білім гранты беріледі. Грант саны мен олардың иегерлерін Сүлейман Демирел атындағы университет белгілейді. Осыған орай әр жылы Бұланды аудандық білім бөлімінің қолдауымен қазақ тілінің оқыту сапасын арттыру мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу дәстүрге айналды.

2015 жылы 5 ақпан күні Макинск № 5 орта мектеп базасында бес бағыттағы «Тілші- әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас ғалымдар» және «Жазушылар» атты конкурстары жүргізілді.

Бұл конкурстың өткізілу мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамытуға бағытталған еді.

«Жарқын болашақ» олимпиадасына аудан метептерінен 18 орта мектебі болса, орталау мектептерінің ішінде тек қана Новодонецк НМ қатысты. Барлығы 78 оқушы болды.

Конкурсқа барлық мектеп жақсы дайындықпен келгенін көрсетті, атап айтсақ «Сөз шеберлері» конкурсында ұлттық құндылықтарын насихаттауда, даусы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі, сахнада өзін ұстауы, әуені жағынан ерекше көрінген Айнакөл ОМ 11 сынып оқушысы Тәжім Әйгерім (мұғалімі Шаймұрат Нұртас), Алтынды ОМ 7 сынып оқушысы Чеканова Элина (мұғалімі Кинабаева А.А.) болды. «Жас ғалымдар» конкурсында Шұбарағаш ОМ мен Балуан Шолақ атындағы МЛ өзінің ғылыми жобаларын ұсынды. «Жазушылар» және «Тілші-әдебиетшілер» конкурстарында арнайы тақырыпқа эссе жазған,оқытылуы орыс тіліне қарамастан қазақ тілінде тақырыптың мазмұнын ашып, оны жеткізе білген Елтай ОМ 8 сынып оқушысы Мұса Аманбол (Бекей Мақпал), Макин № 4 ОМ 8 сынып оқушысы Маджитова Лаура (мұғалімі Рахманова Г.Р.), Макинск МЛ 10 сынып оқушысы Алтаева Эльмира (мұғалімі Магзумова З.Ж.) және әдебиет пен қазақ тілінен берілген тесттің барлық сұрақтарына жауап берген Шұбарағаш ОМ 10 сынып оқушысы Амерханова Зухра (мұғалімі Хаявар Өсерхан), Отрадное ОМ 11 сынып оқушысы Фринц Анастасия (мұғалімі Балтабаева Р.К.), Макинск № 5 ОМ 9 сынып оқушысы Помалюк Дарья (мұғ.Кудеренова А.А.), Никольск ОМ 11 сынып оқушысы Шарина Мария (мұғ.Ережепова Г.Т.) еді. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілеттерін көрсететін, ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе алатын жарыстың бірі «Әнші бұлбұлдар» конкурсында Балуан Шолақ ат.МЛ 9 сынып оқушысы Иманкулов Әділ (мұғалімі Теңсел Жанар), Макин № 3 ОМ 6 сынып оқушысы Ионова Эрика (мұғалімі Қуанышева Г.А.), Партизанка ОМ 10 сынып оқушысы Кузнецова Наталья (мұғалімі Кусаинова Б.К. ), Қараөзек ОМ 9 сынып оқушысы Елеш Сәттігүл (мұғлімі Бағзи Гүлбазар) ерекше көзге түсті.

Әділ-қазылар шешімімен аудан мектептерінен құрылған құрама командасы ақпанның 26-шы жұлдызы күні Көкшетау қаласында VII облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасында өз бақтарын сынады. Конкурс қорытындысы бойынша екінші дәрежелі дипломы және күміс медалімен Айнакөл ОМ 10 сынып оқушысы Жусупбаева Қорлан (мұғ.Шаймұрат Нұртас) мен Қараөзек ОМ 11 сынып оқушысы Наурызхан Абылай (мұғ.Чарияздан Рашат) иеленсе, ал үшінші дәрежелі дипломы және қола медалімен Елтай ОМ 9 сынып оқушысы Гаценбиллер Екатерина (мұғ.Таутиева А.Х.) жеңіп алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!



Бұланды ауданы білім бөлімі осы конкурсты өткізуге үлесін қосқан Макинск № 5 ОМ (Каренова Р.Қ.), аудандық балалар музыка мектебіне (Нұржанов С.Ж.), оқушыларды дайындаған пән мұғалімдеріне, білім бөлімінің шешімімен құрылған әділ-қазылар алқасына алғыс білдіреді.
Аудандық әдістемелік кабинетінің

әдіскері Ажданова Ж.Ш.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет