Жарқын болашақҚа жетелейтiн ұлттық идея



жүктеу 21.29 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі21.29 Kb.
: files -> user
user -> Гүлмира Темірова
user -> «Менің Activ» қызметін пайдалану туралы келісім келісім мәНІ
user -> «Менің Kcell» қызметін пайдалану туралы келісім келісім мәНІ
user -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2013 жылдың 1-31 желтоксан аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
user -> Тезисы по докладу руководителя Управления Росприроднадзора по Республике Марий Эл
user -> Он алтысында от кешкен
user -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
user -> Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының әзірлеу мониторингі бойынша жедел есептілік
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Алтын Смағұлова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жазира Жапарова, СҚМУ студентi

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙТIН ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ



Қазiргi таңда осы өңiрдегi iргелi жоғары оқу орындарының бiрi - Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң, экология факультетiнiң 1 курс студентiмiн. Қысқы сессиямды ойдағыдай тапсырып, екiншi оқу семестрiн де бастағалы бiршама уақыт болды. Жақында Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» Жолдауын зейiн қоя оқып, зор ықыласпен танысып шықтым.
Елiмiз жылдан-жылға көркейiп келедi. Алға қойылған үлкен мақсаттарға жету - жастардың қолынан келетiнiне Елбасымыз сенiм артады. Бұл Жолдауда «Өсу», «Өрлеу», «Сапа» деген ұғымдар бiрнеше рет қайталанады. Өсу экономикадағы сiз бен бiзге тиесiлi үлестiң артуы. Жалпымызға тиесiлi өнiм қазiр 13 мың АҚШ долларын құраса, 2050 жылға 60 мың АҚШ доллары көлемiнде болады. Бұған қалай қол жеткiземiз? Жолдауда айтылғандай «Ақыл - ойдың арқасында». Тағы менiң көңiлiме қонғаны, Президент бүгiн қазақстандық патриотизмдi дамытуды баса айтады. Яғни Мәңгiлiк ел - өз атауында-ақ тұрғандай алдымызда тұрған барлық мақсат-мұраттарды сыйдырып тұрған өте кең жоба, бастама.

Болашақ экология маманы ретiнде осы Жолдаудың iшiнде маған ерекше ұнағаны  - бұл Елбасының экологияға ерекше көңiл бөлуi. «Өндiрiсте және тұрмыста жаңашыл технологиялардың негiзiнде электр қуатын барынша үнемдеу, көлiктердi экологиялық таза отындарға ауыстыру және сәйкес инфроқұрылымдар құру, оның iшiнде электромобиль өндiрiсiн қолға алу». Осы жоспарға байланысты көлiк құралдарын экологиялық таза отын түрлерiне ауыстыру және «Жасыл экономикаға» көшу бағдарламасымен жұмыс атқара отырып, бiз осының бәрiн ескеруiмiз керек. 2015 жылға қарай егiс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшiрiлетiн болады. Экология бойынша Ақбас үйрек Қазақстанда 2014 жылы жыл құсы аталды. Ертеде Қазақстанның көпшiлiк аумағында ұялаған. Қазiргi кезде қазақстанның солтүстiк облыстарының кейбiр суларында ғана ұялайды. Санының азаю себептерi - тiршiлiк мекенi жағдайының нашарлауы. Торғай қорын және шан көлiнде қорғалатын аумақты ұйымдастыру, қолдан өсiру әдiстерiн дайындау және қорғалатын аумақтарда ұя жасап, олардың өсiп-өнуiне жағдай жасау керек.



Табиғат бiздiң ортақ үйiмiз, сол себептi оны қорғап, сақтап қалу барлық Қазақстан азаматтарының мiндетi болып саналады. Тағы бiр айта кетер жайт, Елбасы жастардың қамын ойлайтын көшбасы екендiгiн танытты. Соның iшiнде бiздi қуантатын мәселе, 2016 жылы 1 қаңтардан бастап студенттердiң шәкiртақысы 25 пайызға өседi. Ел болашағын ойлайтын әр азамат ең бiрiншi өз ұрпағының қамын ойлау керек. Ол қазiргi жастардың, яғни бiздiң денiмiз сау, көкiрегiмiз ояу, бiлiмдi де өнерлi болуымыз. Бiз жастар - елiмiздiң болашағы. Сондықтан салауатты өмiр салтын ұстана отырып, Елбасы Жолдауында айтылған мiндеттерге өз үлесiмiздi қосайық.
// Молодежная-Жастар. - 2014. - 22 мамыр



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет