Жарма ауданының 2009 жылдың және 2010 жылдың екі айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары



жүктеу 38.07 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі38.07 Kb.
: rep
rep -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
rep -> Методика диагностики основных параметров психического состояния тестом люшера
rep -> Тұрсын Жұртбай: Қазақ әдебиеті «Абай жолы» романынсыз қалар еді
rep -> Ііі том: талқЫ Үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі
rep -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
rep -> Сақ Қайрат Өмірбайұлы
rep -> Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор
rep -> Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы бақ-тағы жарнама технологиясы
rep -> Меңдігүл Бұрханқызы Шындалиева
rep -> Байғали Досымжанов
Жарма ауданының 2009 жылдың және 2010 жылдың екі айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары.

2009 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 6 110,9 млн. теңгені құрап, 35 пайызға өсті, соның ішінде мал шаруашылығының өнімі 5 028,5 млн. теңге немесе 126,8 пайыз, өсімдік шаруашылығының өнімі 1 082,4 млн. теңге немесе 194,4 пайыз құрады. 12 725 тонна ет (103,9 пайыз өсіммен), 47 827 тонна сүт (100,1 пайыз), 3094 мың дана жұмыртқа (100,4 пайыз өсіммен) және 424,7 тонна жүн (119,2 пайыз) өнімі өндірілді. Өткен жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда мал басы орташа есеппен 3 пайызға өсті.

Егістік алаңы 26 754 гектар жерді құрады, 15 пайызға өсім қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы өнімділіктің орташа өсімі 70 пайызға жуықты құрады, 1 гектар жерден 13,1 центнер өнім алынды. Жалпы дәнді дақылдардың жинағы 23 512 тоннаны құрады, соның ішінде 18 816 тонна бидай, 3 170 тонна күнбағыс тұқымының майы, 4 660 тонна картоп және 970 тонна көкөніс, қатаң мал азығын дайындау 131,4 мың теңгені немесе жоспарға 105 пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 372,2 млн. теңгені немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 108,0 пайызды құрайды.

Ірі қара мал басы 62 494 немесе 100 пайызды құрады, соның ішінде сиыр басы –26 688 (101,4 пайыз), қой мен ешкі басы – 231 734 (101,2 пайыз), жылқы 14 406 (107,1 пайыз), шошқа – 365 (76,7 пайыз).

Ет өндірісі 1 003,8 тоннаны немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 100 пайызды құрады; сүт өнімі – 3 269,2 тоннаны немесе 102,1 пайызды, жұмыртқа өнімі – 2009 жылдың сәйкес кезеңінен 2,8 пайызға артып, 284,8 мың дананы құрады.

2009 жылы ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындармен 2 766,2 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді, ол 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 669,5 млн. теңгеге немесе 19,5 пайызға кем, нақтылы көлем индексі 70,6 пайызды құрады. Нақтылы көлем индексі және өнеркәсіптік өндірістің көлемі бойынша шығындар ауданның екі ірі кәсіпорындарына жатады: алтынды кенін өндеу бойынша өндірістің төменгі тиімділігіне байланысты 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап «Даңқ» ЖШС-і қызметін толығымен тоқтатты (энергетика және минералды ресурстар министрлігімен келісілді), нақтылы көлем индексі 42 пайызға төмендеді. «Тасқара» ЖШС-і шикізаттың болмауына байланысты 1 қыркүйектен бастап «Ақжал» теліміндегі алтынды кенін өңдеу жұмыстарын тоқтатты, жұмыстар Аягөз қаласының маңындағы «Тасқара» телімінде жандандырылды. Нақтылы көлем индексінің шығындары 36 пайызды құрады.


2010 жылдың 2 айында өнеркәсіптік өнім көлемі 418,2 млн. теңгені немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 96,7 пайызды құрады.

64,6 млн. теңге немесе 15,4 пайыз – тау кен өнеркәсібіне, 204,9 млн. теңге немесе 49 пайыз – өңдеу өнеркәсібіне, 148,7 млн. теңге немесе 35,6 пайыз – электр энергия, газ және су тарту және өңдеуге келеді.


2009 жылы аудан экономикасына инвестицияның түсімі 5 867,5 млн. теңгені құрады, ол 2008 жылдың түсімінен 741,5 млн. теңгеге немесе 11,2 пайызға кем. 2008 жылдың соңында тәжірибелік - өнеркәсіптік қондырғысының құрылысының аяқталуы себебімен «Бақыршық тау кен кәсіпорны» ЖШС-де шетел инвестициясының көлемі 2,8 млрд. теңгеге төмендеді. Сонымен қатар, «Казахцемент» ЖШС-нің цемент зауытының құрылысына бағытталған несиелік қаражаттың көлемі 101,2 пайызға немесе 2,3 млрд. теңгеге артты.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға түсетін инвестиция 30,6 млн. теңгені құрады, ол былтырғы жылдың сәйкес деңгейінен 184,7 млн. теңгеге немесе 85,8 пайызға кем.

Тартылған инвестицияның төмендеуі «Казахцемент» ЖШС-мен 2009 жылдың екі айында 184,1 млн. теңге көлемінде несиелік қаражат игерілуіне байланысты. 2010 жылдың 1 наурызына бұл кәсіпорынмен, ҚР Даму банкімен жобаны қаржыландыру мәселесі шешілмегендіктен, негізгі капиталға тартылған инвестиция болған жоқ.


2009 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 2 056 құрады, ол 3385 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Жұмыс жасайтын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 20,6 пайызға артты, ондағы жұмыспен қамтылғандар саны 12 пайызға артты. 2009 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен заңды және жеке тұлғалардан меншік табыстан түсім 197,9 млн. теңгені немесе 29,5 пайызды құрады.
Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне түсім 670,5 млн. теңгені құрады, ол 2008 жылдың сәйкес деңгейіне 27,7 млн. теңге немесе 4,3 пайыз, облыс бюджетіне 40,2 млн. теңге алынды. Жалпы кіріс 2 192,8 млн. теңгені құрады.

2010 жылдың 1 наурызына 92,1 млн. теңге болжамында, бюджетке 116,3 млн. теңге түсті, ауытқу +24,2 млн. теңгені, орындалу пайызы 126,3 пайызды құрады. 2010 жылдың ақпан айында 71,8 млн. теңге болжамында 85,1 млн. теңге түсті, асыра орындау 13,3 млн. теңгені немесе болжамға 118,5 пайызды құрады.

2009 жылы жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі 99,9 пайызға орындалды, кассалық орындалу – 2 470,5 млн. теңге көлемінде құрады.

Ағымдағы жылдың ақпан айында жергілікті бюджеттік шығыс бөлігінің кассалық орындалуы - 446,5 млн. теңгені, орындалуы - 96,5 пайызды құрады.


«Жол картасы» аясында 26 жоба іске асырылып, 431,0 млн. теңге игерілді, соның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен 313,6 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 117,4 млн. теңге игерілді. 472 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде жұмыспен қамту орталығынан – 380 адам. Жергілікті бюджетке салық түсімі 5,4 млн. теңгені құрады.

2009 жылы орта айлық жалақы 12,7 пайызға артты, жұмыссыздар саны 13,3 пайызға төмендеді, ең аз күнкөрістік шамадан төмен тұратын азаматтар саны 0,8 пайызға кеміді.

2010 жылдың 2 айында орта айлық жалақы 48 859 теңгені құрады, ол 2009 жылдың деңгейіне 108,1 пайыз.

2010 жылдың 1 наурызына тіркелген жұмыссыздар саны 241 адамды немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 80,3 пайызды құрады.

70 жаңа жұмыс орындары ашылды, ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 31,0 пайыз.

Уәкілетті органдар арқылы 61 адам жұмыспен қамтылды.



Аз қамтылған азаматтардың саны 2580 адамды немесе 2009 жылдың сәйкес кезеңіне 99,2 пайызды құрады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен МАӘК-ке – 3,6 млн. теңге, материалды көмекке – 0,9 млн. теңге, 18-ге дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыға – 6,3 млн. теңге төленді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет