«Жас Өнер: балалар мен жастардың әсемдік пен хореография фестивалі- 2015» атты республикалық әсемдік пен шеберлік фестивалінің



жүктеу 108.2 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі108.2 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


«Жас Өнер: балалар мен жастардың әсемдік пен хореография фестивалі- 2015» атты республикалық әсемдік пен шеберлік фестивалінің

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуының әлеуметтік маңыздылығы аса өзекті. Бала би құпиясының пайда болуының қатысушысы, ашулар арқылы және адамгершілік құндылықтарды, қоршаған ортамен қарама- қатынас мәдениетін сезіне отырып әлем мен өнерге қол жеткізеді. Би атмосферасы балалардың дүниетанымын қалыптасуына, өзін-өзі танытуға бірегей қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға,әлемнің эстетикалық және образды түсінуіне таң қаларлықтай әсерін тигізеді.

«Жас Өнер: балалар мен жастардың әсемдік пен хореография фестивалі- 2015» әлемдік хореографиялық өнердің байлығына, ұлттық мәдениетке, адамзаттық мәдениетке, балалардың рухани тәрбиесіне, олардың адамгершілігіне, сезім мәдениетіне, Отанға деген махаббатына тартуға бағытталған.

Фестиваль еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен және Қазақстан халқының Ассамблеясының құрылуының 20-жылдығын мерекелуінің құрметіне және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 –жылдығына орай 2012 жылы желтоқсанда БҰҰ 67 Бас Ассамблеясымен қабылданған 2013-2022 жж. Мәдениеттердің жақындасуының онжылдық (ЮНЕСКО) бағдарламасының аясында өтеді.



Жауапты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау бойынша комитетінің, білім, мәдениет, Ақмола облысының жастар саясаты бойынша басқармасының ұйымдастыру-идеологиялық қолдауымен «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі.

Өткізу орны: Көкшетау қаласы, «Достар» мәдениет сарайы

Өткізу уақыты: 2015 ж.16 – 18 наурыз

Фестивальдің мақсаты: рухани-адамгершілік, өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы факторы болып келетін балалардың би шығармашылығын дамыту мен қолдау.

Фестивальдің міндеттері:

-хореографиялық ұлттық шығармашылық саласындағы мәдениет ынтымақтастығын дамыту;

- балалардың үздік би ұжымын анықтау және қолдау;

- жас би ұжымдарының және жеке орындаушы шеберліктің дамуы;

- хореография педагогтарының, басшылардың, көркемөнер би ұжымдарының біліктіліктерін арттыру;

- шығармашылық байланыстарды қалыптастыру, нығайту және дамыту, балалар мен жастардың би ұжымдары жұмысының өзара тәжірибе алмасу.



Шақырылғандар: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау бойынша комитетінің өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ (ЮНЕСКО) қорының,білім, мәдениет, Ақмола облысының жастар саясаты басқармасының өкілеттіліктері.

Фестивальдің ұраны: «Біз мәдениет пен бейбітшілік жолындамыз!»

Фестивальдің шарттары:

Фестивальдің байқаулық бағдарламасына қатысу жастық ерекшеліктер бойынша жүзеге асады:

1. 5- тен 7 жасқа дейін – мектепке дейінгі топ;

2. 8 - ден 11 жасқа дейін – кіші топ;

3. 12 –ден 14 жасқа дейін - орта топ;

4. 15 - тен 18 жасқа дейін - жоғары топ.

Байқаулық бағдарламаға қатысу үшін балалардың көркемөнер хорегоргафиялық (би) топтары, жеке орындаушы ұжымдар (мектептер, студиялар) шақырылады.
Фестивалдің байқаулық бағдарламасының номинациялары:
- классикалық би;

- деми-классика (классикалық бидің қазіргі заманғы бойынша орындау көрінісі );

- халықтық (этникалық) би:стилін, техникасын және әнін ұстана әр ұлттың биі;

- ұлттық-стильді би: қазіргі заманға сай өңделген халық билерінің орындалуы;

- эстрадалық би: дәстүрлі өзіндік эстрадалық билер (диска, классикалық джаз, ) джаз-модерн, неофолк,аралас стиль);

- спорттық-эстрадалық би (хореографияның, акробатиканың және гимнастиканың үйлесімі);

- балды би: еуропалық бағдарлама (баяу (ағылшын) вальс (Waltz), Танго (Tango), баяу фокстрот (SlowFoxtrot), Вен вальс (VienneseWaltz), Квикстеп (Quickstep) - тездетілген фокстрот; Латынамерикалық бағдарлама – Самба (Samba), Ча-ча-ча (Cha-cha-cha), 1.10. Румба (Rumba), Пасодобль (Pasodoble), Джайв (Jive);

- көше биі (Hip-Hop, House, Break-dance, Locking, Popping, Crump, Vogue, Street Jazz, Dancehall, Electro.);

- би шоуы (Danceshow) –би өнерінің қазіргі заманғы көрінісі (музыка, би, пластика, актерлық шеберлік, декорация, шамшырақпен безендіру және костюмдер арқылы автордың ойы толық ашылатындай жарық көріністі көрсетілім )
Назар аударыңыз! Аталған номинацияда 5 минутқа дейін бір ғана нөмірдің орындалуы рұқсат етіледі.

Қатысушы басқада номинациялар бойынша байқауға 5 минуттан аспайтын екі биін ұсынуға болады. Рұқсат етілген уақытынан асып кеткен жағдайда, қазылар алқасы тоқтатуға құқылы.

Би фонограмамен сүйемелдеп орындалады. Фонограмма байқауға қатысушымен қамтамасыз етіледі және байқауға қатысу үшін тіркеу жүргізу барысында дыбыс режиссерінің көмекшісіне USB тасушыда ұсынылады (басқа тасушылар РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ).
Назар аударыңыз! Фонограмма тек қана USB тасушыда, туындының атауы, концерттің нөмірі, ұжымның, қаланың (ауылдың) атауы,сонымен қатар аталған туындының ұзақтығы көрсетіліп, басқа артық ақпарат болмауы қажет!

Дыбыс режиссерінің көмекшісі фонограмманы компьютеріне көшіріп, қатысушының сахнаға шығу нөмірімен сәйкес етіп, нөмірлеп оны жалпы плей-параққа енгізеді.

Қатысушыға реттік саны тіркеу барысында мәлімделінеді.

Байқауға қатысушының реттік нөмірі сценарийлік жоспарға сәйкес тағайындалады.


Орындаудағы критерийлермен бағалау:

- сахналық тақпыртылық;

- жанрға сәйкестілік;

- драматургия;

- хореография;

- орындау шеберлігі;

- қимылдардың, би суреттерінің әр түрлілігі;

- көркем образын қалыптастыру;

- музыкалық сүйемелдеу;

- костюм;

- сахналық мәдениет.



Қатысушыларды марапаттау және жүлделер қорын тарату

  • Фестивалдің лауреаттары мен дипломанттары өзінің номинациясында соңғы іріктеуден өтіп, құзіретті қазылар алқасының шешімдерімен лауреаттар мен дипломанттар ретінде бекітілгендер болып табылады;

  • Қазылар алқасының шешімдері соңғы шешім болып есептелініп, қайта қарастыруға жатпайды.

  • Әр номинацияда, жанрда және жастық ерекшеліктерде 3 лауреаттар (I, II, III дәрежелер) 3 дипломант (I, II, III дәрежелер) және гран-при бекітіледі.

  • Қалған байқауға қатысушыларға арнайы дипломдар мен жүлделер, сонымен қатар фестивалге қатысушы атанатын сертификаттар ұсынылады;

  • Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орынның қосарланушылығы рұқсат етіледі;

  • Шығармашылық ұжымға және әр номинациядағы жеке орындаушыға гран-при қазылар алқасының жалпы дауыс беруі бойынша беріледі.

Ұймдастыру комитеті

Ұймдастыру комитетіне фестивалді ұйымдастырушылардың өкілдері кіреді.Оның өкілеттілігі:



  • фестивлді ұйымдастыру мен өткізудің жалпы жоспарын бекітеді;

  • фестивалдің жүзеге асыруын қамтамасыз етеді;

  • фестивалдің шығармашылық тобының құрамын анықтайды (үйлестіруші);

  • қоюшы-режиссердің қарастыруы бойынша лауреаттар мен фестивалге қатысушылар қатарынан Гала-концертке нөмірлерді іріктейді;

Фестивалдің байқаулық бағдарламасының қазылар алқасы

Әйгілі хореография шеберелері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, орындаушылар, режиссерлер, хореография және сахналық шеберлік оқытушылары кіреді.

Қазылар алқасының құрамы фестивальдің ұйымдастыру комитетімен бекітіледі:

Қазылар алқасының жұмысы:


  • фестивальдің байқаулық бағдарламасына қатысушыларының қойылымдарын қарау;

  • әр нөмірді 10-балдық шәкілі бойынша бағалау;

  • Гран-при, Лауреат және фестиваль дипломанты атағына беру үшін ұжымдар мен орындаушыларды Ұйымдастырушы комитетіне ұсынады;

  • байқаулық бағдарламаға қатысушыларға болашақтағы шығармашылық жетістіктері үшін ұсыныстар беру;

  • қорытынды Гала-концертке қатысу үшін ең үздік нөмірлерді ұсыну;

  • қазылар алқасының шешімі соңғы шешім болып, қайта қарастыруға жатпайды;

  • әр номинацияда жастық ерекшелік бойынша байқаулық қойылымдарды қорытындылайды.

Қаржылық шарттар

  • фестиваль демеушілік қаражаттарды тарту мүмкіндігімен, еркін ұйымдастыру жарнасы есебінен өзін өзі қаржыландыру шартында жүргізіледі;

  • хореографиялық саралау фестиваліне қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы:

  1. Жеке қатысу – 10 мың теңге.

  2. 6 адамға дейін би тобы – 20 мың теңге.

  3. Би ұжымы 6 адамнан артық- 30 мың теңге.

Фестивалге қатысу үшін 2015 жылдың 12 наурызынан кешіктірмей хореографиялық ұжымның(би), тобының атауын, қатысушылар мен жетекшілердің аты-жөні, туған жылы, оқу орны, балалардың би мектептерінің (студия) атауы, телефон нөмірлері және тұратын мекен-жайлары көрсетілген сұранымдарын аталған электронды мекен-жай арқылы Ұйымдастыру комитетіне ұсыну қажет: sdoozhuldyz@mail.ru және dea_ast@mail.ru

Ұйымдастыру жарнасын алдын ала төлегендер ғана қатысуға жіберіледі. Әр түрлі төлем түрлері және мерзімдері алдын ала фестивалді ұйымдастыру комитетімен келісіледі. Егерде фестивалге қатысушылар екі номинацияға қатысатын болса «Ұйымдастыру жарнасын» екі есе көлемде төлейді. Алып жүруші оқытушылар мен ата-аналар қонақ үй немесе жатақхананың бағаларына тиесілі тек қана орналасуына және тамақтануына ғана төлейді. Транспорттық шығындар фестивалге қатысушылардың жеке есебінен.



Ұйымдастыру жарнасы қолма қол ақшасыз есеп айырысу бойынша келесі реквизиттер арқылы жүзеге асады:

«Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» ҚБ

020000, Көкшетау қаласы, Ақан-Сері көшесі, 91.

РНН 032600222656

ИИК KZ276010321000017832

«Қазақстан Халық банкі» Ақмола ҚБ АҚ

БИК HSBKKZKX

ИИН 980341000711

Код 18

Төлем тапсырмасының көшірмесі делегацияның фестивалге қатысуына келуі бойынша ұйымдастыру комитетіне ұсынылады.



Фестивалге қатысуға келуі бойынша қолма қол қаражат түрінде «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ есеп бөліміне төлеуге болады.

Міндетті түрде!

  1. Балалар ұжымының жетекшілері (алып жүрушілер) іссапар туралы бұйрықтың көшірмесін және фестивалге қатысу үшін алып жүру туралы ата-аналардың сенім хаттары болуы керек.

2. балалар, фестивалге қатысушылар денсаулық жағдайы және қоршаған ортаның эпид. бойынша бекітілген медициналық анықтамалары болуы керек.

Фестивалге қатысу бойынша анықтамаларды Ұйымдастыру комитетіне келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

Астана қаласында - (8 717 2) 21 74 22, сот + 7 701 533 70 28 (Елена Александровна Дмитриенко);

Көкшетау қаласында - (8 716 2) 25 83 49 (факс), 8 (716 2) 72 12 26,

+ 7 705 226 56 02 (Александр Сергеевич Пятков «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ вице-президенті), + 7 705 745 47 45 (Жанна Ибрагимовна Абылхаева, «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ орындаушы директоры).




«Жұлдыз» балалар қоғамдық ұймдарының одағы» ҚБ жұмысы туралы,маңызды әлеуметтік жобалар байқаулар туралы тарихи ақпараттар, сонымен қатар

2015 жылға жоспарлар мен жобалар туралы ақпараттар www.zhuldyz.kz.сайтында ұсынылған
Ұйымдастыру комитеті

1 Қосымша.


«Жас Өнер: балалар мен жастардың әсемдік пен хореография фестивалі- 2015»

әсемділік пен шеберлік фестиваліне қатысу

СҰРАНЫМЫ
Номинация: жеке би __________________________________________________________________
Аты-жөні______________________________________________________________
Жасы______________________ жынысы _______________
Тұратын мекен-жайы_________________________________ пошталы индекс______________
Елді мекен, аудан, облыс ____________________________________

көше___________________________________ үй_____

корпус _____пәтер________
Үй телефоны_________________________________________________
Ұялы телефон_______________________________________________
Электронды мекен-жайы_______________________________________________

Жеке куәліктің нөмірі, қашан және кім берді (туған куәлігінің нөмірі):

__________________________________________________________________
Байқауға жіберген оқу орны немесе мекемесі (атауы, мекен-жайы, телефон, факс)_______________________________________________
Оқытушы: Аты-жөні және телефоны телефон___________________________________________________________


Мекеме жетекшісінің қолы__________________
Толтыру мерзімі__________
М.О.
«Жас Өнер: балалар мен жастардың әсемдік пен хореография фестивалі- 2015»

әсемділік пен шеберлік фестиваліне топтың (ұжымның) қатысу

СҰРАНЫМЫ

Номинация: (ұжым, топ) ________________________________________________________________
________________________________________________________________
Ұжымның атауы ______________________________________________
Қатысушылар саны _______(оның ішінде _____ әйелдер, ______ ерлер) _____________________________________________________________
Қатысушылар жасы ______бастап_____дейін
Шағын ұжымдар үшін (бес адамға дейін) –әр қатысушының аты-жөні және жасы ____________________________________________
Жетекшінің аты-жөні: ______________________________________________
Жетекшінің төлқұжат нөмірі, қашан, кім берді _____________________________
Жетекшінің тіркелген мекен-жайы:

__________________________________________________________________


Жетекші мен қатысушылардың телефон нөмірлері: ______________________

Жетекшінің электронды мекен-жайы: ____________________________________

Байқауға жіберген оқу орны немесе мекемесі (атауы, мекен-жайы, телефон, факс)_______________________________________________
Мекеме жетекшісінің қолы__________________
Толтыру мерзімі__________
М.О.























Фестивалге қатысуға басқа қаладан келушілердің назарына!













Ұйымдастыру комитетіне Көкшетау қаласына келу уақытын және күнін, поезд нөмірін, автобус, ұшақ рейсін (жергілікті уақыт бойынша) келушілер қатарынан ерлер мен әйелдер санын алдын ала мәлімдеу қажет. Көкшетау қаласына келіп орналасуға көмек қажет пе? Егер керек болса, интернатта орналасуды қалайтын адам санын көрсетіңіз. (қанша қыз, қанша ұл).

Қонақ үйде орналасуды қалайтындар (баға көрсеткіші бойынша төлемді жүзеге асыратын кепілмен сыныбын, қыздар, ұлдар, жетекшілер үшін нөмірлер санын, көрсетіңіз)


Фестивалге қатысу бойынша анықтамаларды Ұйымдастыру комитетіне келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

Астана қаласында - (8 717 2) 21 74 22, сот + 7 701 533 70 28 (Елена Александровна Дмитриенко);

Көкшетау қаласында - (8 716 2) 25 83 49 (факс), 8 (716 2) 72 12 26,

+ 7 705 226 56 02 (Александр Сергеевич Пятков «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ вице-президенті), + 7 705 745 47 45 (Жанна Ибрагимовна Абылхаева, «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ орындаушы директоры).



«Жұлдыз балалар қоғамдық одағы» ҚБ жұмысы туралы,маңызды әлеуметтік жобалар, байқаулар туралы тарихи ақпараттар, сонымен қатар

2015 жылға жоспарлар мен жобалар туралы ақпараттар www.zhuldyz.kz.сайтында ұсынылған
Ұйымдастыру комитеті






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет