Жастардың бастапқы әскери даярлығын және патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыруға және оның жай-күйіне жауап береді



Дата30.11.2019
өлшемі39.69 Kb.
1

1. Жастардың бастапқы әскери даярлығын және патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыруға және оның жай-күйіне жауап береді
А) жергілікті атқарушы органдар В) білім беру ұйымдарының басшылары С) жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер Д) алғашқы әскери даярлықты ұйымдастырушылар
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн   пайдалануды реттейтiн заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы" Заңның нешінші бабында жазылған?

А) 4 В) 8 С)15 Д)21
3.Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы « Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» № 561 IV Заңының нешінші бабы бастапқы әскери дайындыққа арналған?

А) 8 В) 10 С) 13 Д) 17

4. Азаматтық қорғаныста халықтың үлкен бөлігін түрлі табиғи, техногенді және массалық жою қаруларынан сақтап қалудың басты факторы

А) үгіт-насихат жүргізу В) құтқару жұмыстары С) хабарлау,құлақ –тандыру Д) қорғаныс құралдарын пайдалану

5. Егер, талтүсте күн сізден сол жақта орналасса, қандай бағыт сіздің тура алдыңызда болатынына дұрыс жауапты айтыңыз?

А) батыс В) оңтүстік С) шығыс Д) оңтүстік-батыс

6. Арнайы әскери пән ретінде әскери топография нені қарастыратынын және зерттейтінін атап көрсетіңіз?

А) Жерді зерттеу, оған бағыттау тәсілдерін қарастырады

B) Жерді зерттеудің, оны бағалаудың, оған бағыттаудың тәсілдерін қарастырады, топографиялық карталарды пайдалану дағдысын береді

C) Жерді зерттеудің, онда бағыттаудың мәселелерін қарастырады, топографиялық карталар мен аэросуретке түсіріп алуларды пайдалану дағдыларын береді

Д) Жауынгерлік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүргізу үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін қарастырады және зерделейді

7. Кез келген мемлекетте, оның ішінде Қазақстан Республикасында Қарулы Күштердің болу қажеттілігі неде?

А) ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

B) ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

C) сыртқы қатерлі күштерден қорғау;

D) Қазақстанның әуе, теңіз және құрлық шекарасын күзету;

8 .Әуе қорғанысы күштерінің құрылымын атаңыз

А) әуе қорғанысына қарсы әскер, әскери әуе күштері

B) әскери әуе күштері, артиллерия

C) әскери әуе күштері, әуе қорғанысына қарсы әскер, артиллерия

D) ракеталық әскерлер,әскери әуе күштері
9.Қазақстан Республикасының Елтаңбасындағы қанатты пырақ нелерді біріктіреді?

А) уақыт пен кеңiстiктi В) өсу мен өркендеуді С) арман мен қиялды Д) тәуелсіздік пен бостандықты

10. Жүмекен Нәжімеденовтің сөзіне Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным әні жазылған жыл.

А)1948 ж В) 1954 ж С) 1961 ж Д) 1956 ж



11. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шыққан жыл

А) 2010 ж В) 2011 ж С) 2012 ж Д) 2009 ж

12.Азаматтық қорғанысқа жалпы басшылықты жүзеге асырады, ол (лауазымы бойынша) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының Бастығы болып табылады.

А) ҚР-ның Президенті В) ҚР- ның Қорғаныс министрі С) ҚР-ның Премьер –министрі Д) ҚР-ның Азаматтық қорғаныс бастығы

13. Қарсыластың тылы мен қапталына барынша терең маневр жасау

А) қамту В) айналып өту С) маневр Д)ұрыстағы маневр

14. Қазақстан республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары бекітілген Елбасы Жарлығының нөмері

А) №281 В) №319 С)№364 Д)№ 708

15.Әскери қызметші әйелдердің жазғы сап үшін салтанатты киім нысанында бас киімнің түсі

А)қара жусан түстес В)ашық көгілдір түсті С)алтын түстес Д) ақ түсті



сұрақ

жауабы

1

В

2

С

3

В

4

С

5

А

6

Д

7

Д

8

А

9

А

10

Д

11

В

12

С

13

В

14

С

15

А


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет