Жастарға адамгершілік патриоттық тәрбие берудің маңызы Муйденова Алия Калжановна



Дата18.04.2016
өлшемі46.07 Kb.
УДК 37.035.6

Жастарға адамгершілік - патриоттық тәрбие берудің маңызы
Муйденова Алия Калжановна,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Заң ғылымдарынң магистрі, Қазақстан, Қызылорда қ.,

Қалжанова Аида Қалжанқызы

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, І-санатты оқытушы, Қазақстан, Қызылорда қ.,
Бүгінгі күні тәрбиенің жан-жақты, әртүрлі әдіс-тәсілдерін жастардың бойына сіңіре отырып, оларды өз Отанын сүйетін, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу - қоғам алдындағы ең басты міндеттердің бірі. Еліміздің қарқынды дамуының болашағы жас ұрпақ тәрбиесімен өте тығыз байланысты.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, жауапкершілікті сезінетін, бойында басқа да жақсы қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбиенің мазмұны - негізінен адамгершілік, имандылық, әдептілік, елжандылық. Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға – ата-ана мен ұстаз. Олардың басты мақсаты жастарды адам құқығын құрметтеу; өзіндік көзқарас пен ұстанымға ие болу; әдептілік ережелерін сақтау; Ата заңды бұлжытпай орындау; еліміздің туын әр уақытта көтере ұстау; еліміздің елтаңбасын, әнұранын қастерлеп, тарихына ой жүгірту; елін, халқын, ата-баба салт-дәстүрін қорғауға дайын болуға тәрбиелеу болып табылады.

Саналы, адамгершілігі мол, тәртіпті азамат қалыптастыру үшін - өнегелі, үлгілі отбасы болу керек. Отбасы - қоғамның тірегі, оның алғашқы ұясы. Адам өмірінің мәні, алдымен, оның отбасының болуы немесе болмауымен өлшенеді. Отбасынсыз адам бақытты болуы мүмкін емес. Баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының толық, толық емес немесе күрделі болуы қатты әсер етеді. Бала құқықтары туралы конвенция бойынша он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған азаматтар бала болып есептелетіндіктен, ата-анасы баланың тағдырына жауапкершілікпен қарап, баланы қоғамда өмір сүруге дайындаулары керек. Ата-ана мен балаларға байланысты туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жолымен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік, өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі.

Ұрпағымызды кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие.

Әрбір адам балалық шағынан бастап “Қазақстан менің Отаным, Отан алдында борыштымын” деген ойларды сіңіріп өсуі қажет.

Адамгершілік- патриоттық тәрбиені іске асыруда білім орындары мен отбасындағы тәрбие жүйесі негізгі орын алады.

Қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде [1] «Біздің тағы бір аса маңызды идеологяилық міндетіміз – Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін–өзі айқын билеуін қалыптастыру» – деп жазса, ал мұғалімдер съезінде: «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың қолында» [2] деп атап көрсеткен. Елбасы «Қазақстан–2050» атты жолдауында [3] да қазақстандық патриотизмді дамыту міндетін жүктейді.

Адамгершілік тәрбиені қарастырғанда біз еңбек, патриоттық, экологиялық, тағы басқа тәрбие бағыттарымен өзара сабақтастықта қарастырамыз. Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, адами құндылықтар барлық тәрбие бағыттарының негізгі алтын дінгегі болып табылады. «Бала тәрбиесі мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платон бекер айтпаған.



Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Адамгершілік – адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б.

Адамгершілік – ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Қазіргі заман жағдайына сәйкес жас жеткіншекке адамгершілік-патриоттық тәрбие беруде оларды шынықтыру, патриоттық санасын өсіру, үлкен азаматтық дәрежеге баулу, қоғамның алдында әр уақытта үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Жас ұрпақтың бойында белсенді іс-әрекетсіз тек сөз, теориямен патриоттық тәрбие беру көп нәтиже бере қоймайды. Белсенді азамат өзі қоғам өміріне іс-әрекет арқылы араласып, сол еңбегінің нәтижесі көрінген кезде баланың патриоттық сезімі жоғарылап, айналасындағы басқа балаларға әсері зор болады. Мұғалім сабағында ұлт тарихына қатысты кітапхана қорын,әртүрлі материалдар, патриоттық тақырыптағы ән және музыканы пайдаланса көптеген жасөспірімдердің патриоттық сезімін оята алар еді. Патриотизмнің қалыптасуына, сондай-ақ тарихи орындарға туристік бағыттар ұйымдастыру ықпал етеді. Мектепаралық сайыстар өткізіп, құқық пәнінің маңыздылығын ұғындыру да өте маңызды. Бұл іс-шаралар қалыптасып келе жатқан жастардың жақсы, саналы азамат болуына тікелей әсер етеді. Оның өмірлік тәжірибесі молайып, адамгершілік қасиетінің қалыптасуына көмектеседі.



Қорытындылай келсек, әртүрлі бағытта жүретін тәрбие жұмыстары жастар бойындағы жақсы қасиеттерін әрі қарай дамытып, өз Отанын сүйетін патриот болып тәрбиеленуіне көмегі зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бiрлiгiнде.-Алматы:Кiтап,1993.-32 с.

  2. ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Республикалық мұғалімдер съезінде» жасаған баяндамасы.

  3. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012, 14 желтоқсан.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет