Құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау Негізгі түсініктер



Дата28.04.2016
өлшемі260.44 Kb.


Ақтөбе облысы әкімдігінің

2012 жылғы «25 »12.

№ 464 қаулысымен

бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша

кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына

құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
1.Негізгі түсініктер
1.Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралар анықтамалары :

1) тұтынушылар – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

2) ТжКБ ұйымы – мемлекеттік қызмет көрсететін техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым;

3) құрылымдық – функционалдық бірліктер (ҚФБ) – мүдделі мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысушы ақпараттық жүйелер (ішкі жүйелер).


2. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы:

2.Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау.

3. Мемлекеттік қызмет осы регламенттің 1 – қосымшасында көрсетілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 26-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысы ( бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

6. Құжат қабылдау бойынша – құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат, оқуға қабылдау бойынша - оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрық немесе қызмет көрсетуден бас тартатындығы туралы дәлелді жауап, немесе тұтынушының өз еркімен құжаттарын алып кетуге тілек білдіруі мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік қызмет қағазға жеткізгіште көрсетіледі.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік ұйымдардан алуға болады. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың интернет - ресурстарында және фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайттарында (www.edu.gov.kz) орналастырылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) құжаттарды қабылдау кезеңінде тұтынушы осы регламенттің 14 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 60 минуттан аспайды.

2) мемлекеттік қызметті алу үшін жолыққан сәттен бастап - білім алушы қатарына қабылдау Үлгі қағидаларда белгіленген мерзімде күндізгі оқу нысанына 30 тамызға дейін, сырттай оқу нысанына 30 қыркүйекке дейін өтініш түскен сәттен бастап;

Құжаттар тіркелген күннен бастап бір аптадан аспайтын мерзімде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерге түсу емтихандарына жіберілгендігі туралы хабардар етеді.

9. Білім беру ұйымдары көрсететін қызмет білім беру ұйымы бекітетін және құрылтайшымен келісілген қызмет көрсету тарифіне сәйкес ақылы негізде жүргізіледі.

10. Тұтынушылар білім беру ұйымының қабылдау комиссиясы белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес қабылдау комиссиясының мүшесіне қызмет алу үшін жолығады, қызмет көрсету тәртібі туралы тиісті кеңес алады, қабылдау комиссиясына мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін, толтырылған бланкілерді, өтініштерді және басқа құжаттарды береді.

Мемлекеттік қызметті алушыға көшірмесімен салыстыра тексерілген құжаттарының түпнұсқасы кейін қайтарылады.

11. Қабылдау комиссиясының маманы құжаттарды қабылдаудан бас тартады егер:

осы тәртіптің 14 тармағында көрсетілген құжаттар толығымен тапсырылмаса;

қызмет көрсету туралы шешім қабылдау үшін тапсырған құжаттарында күмәнді немесе бұрмалаған деректер анықталғанда;

12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

Құжаттарды жұмысқа қабылдап алғаннан кейін қабылдау комиссиясының қызметкері:

өтініш пен құжаттардың түпнұсқалығын тексереді;

тұтынушының өтінішінде немесе құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде ауызша хабарлама әзірлейді;

Тұтынушы деректерінің жазбасын жүргізеді, өтінішті «Студенттер қатарына түсушілерді тіркеу кітабына» тіркейді;

тұтынушының өтініш нысанына қоса берген тиісті құжаттарын тігеді;

қызметті тұтынушыға қолма-қол құжаттарының қабылданғаны жөнінде қолхат береді;

тұтынушыға жеке жолыққан кезде түсу емтихандарына жіберілгені жөнінде хабар береді;

тұтынушының түсу емтихандарына қатысуын қамтамасыз етеді;

тұтынушыға емтихан нәтижесін жеткізеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

13. Мемлекеттік қызметті алуға арналған барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде тұтынушыға барлық құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі, онда құжаттарды қабылдап алған күні көрсетіледі.

14. Мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға жолыққан кезде Стандарттың 11 тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса өтініш тапсырады.

15.Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар:

1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғаныш);

2) бүтіндік (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғаныш);

3) қол жетімдік (ақпарат пен ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғаныш).

16.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мыналар қатысады:

1) қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы, ол қабылдауды жүргізеді, өтініштерді тіркейді, өңдейді, көрсетілген мемлекеттік қызмет аяқталғанда нәтижесін береді (ҚФБ-1);

2) білім беру ұйымының алқалы органы (ҚФБ-2)

3) білім беру ұйымының басшысы (ҚФБ-3)

17. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының қабылдау комиссиясының әрекеттерінің (үдерістерінің, функцияларының, операцияларының) сабақтастығын мәтіндік кестелік сипаттау әрбір әрекетінің орындалу мерзімі көрсетіле отырып осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшіліктің әрекетінің қисындық сабақтастығы мен құрылымдық - функциялық бірліктің арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызба осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

19. Осы регламенттің 3,4 қосымшаларында хабарлама нысандарын қоса алғанда, осыларға сәйкес келетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері (шығыс құжаты) берілуге тиісті бланкілердің нысандары, үлгілері берілген.


5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі

20. Мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс - әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.

«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1- қосымша


ТжКБ ұйымдарының тізбесі

№№

Оқу орнының атауы

Мекен – жайы

Телефоны, электронды адресі

Мемлекеттік колледждер (26)

11

«Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі» МҚКК

Ақтөбе қаласы, Ватутин, 1

8 (7132) 50-05-82

50-38-45


AktobePL_1@mail.ru

22

«Ақтөбе көпсалалы колледжі» МҚКК

г.Актобе, промзона,

УКА-168/3



8(7132) 509024, 50-75-86 мекеме

33

4


«Ақтөбе сервис колледжі» МҚКК

Ақтөбе қаласы, Маресьев, 63

8(7132) 54-55-01

54-55-04

PL3@mail.kz


44

Хромтау тау - кен техникалық колледжі» МҚКК

Хромтау қаласы, Есет-Батыр, 9

8(71336) 2-10-46

gulisiana@mail.ru



55
«Алға индустриялық – техникалық колледжі» МҚКК

Алға қаласы, Байтұрсынов, 20

8(71337) 3-35-77

4-24-12.


shuga.65@mail.ru

66

«Ақтөбе автожол колледжі» МҚКК

Ақтөбе қаласы, Гришин, 7

8(7132) 51-37-68

P16@inbox.ru



77

«Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі» МҚКК

Ақтөбе қаласы, Герцен, 19 Б

8(7132) 21-77-07

proflicei7@mail.ru



88

«Қандыағаш өнеркәсіптік - экономикалық колледжі» МҚКК

Қандыағаш Трансформаторная, 2

8(71333) 3-53-42

3-72-91


psh4@inbox.ru

99

«Әйтеке би көпсалалы колледжі» МҚКК

Әйтеке би ауданы,

Комсомол ауылы,

Алтынсарин, 14


8(71339) 2-17-28

2-11-57


aitekebi_psh-17@mail.ru

110

«Ембі қызмет көрсету саласы колледжі» МҚКК

Жем қаласы, Есет-Батыр, 17

8(71334) 2-24-32, 2-10-32

embaprofscool18@rambler.ru



112

«Шалқар аграрлық-техникалық колледжі» МҚКК

Шалқар қаласы,

Профессиональный, 12



8(71335) 2-73-78

2-74-55


aopsh21@mail.ru

113

«Бадамша агротехникалық колледжі» МҚКК

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Пацаев,11 Б

8(71342) 2-24-46

2-32-68


phbadam12@mail.ru

114

«Жайсаң көпсалалы колледжі» МҚКК

Мәртөк ауданы, Жайсан ауылы, Партизанский, 5

8(71331) 2-85-24

2-86-87


HS13@Rambler.ru

115

«Байғанин техникалық колледжі» МҚКК

Байғанин ауданы, Караулкелді ауылы, Барак батыр, 42

8(71345) 2-21-85

bake58@mail.ru



116

«Қобда көпсалалы колледжі» МҚКК

Қобда ауданы, Қобда ауылы, Алтынсарин, 4

8(71341) 2-16-75

2-15-94


Ph-15@Rambler.ru

117

«Ақтөбе гуманитарлық колледжі» МКҚК

Ақтөбе қаласы,

Есет батыр, 73



8(7132) 56-02-30

agk_1@mail.ru



118

«Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі» МКҚК

Ақтөбе қаласы, ул. 8 марта 1

8(7132) 21-35-35

aktk-nt@mail.ru




119

«Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі» МКҚК

Ақтөбе қаласы, К.Нокин ауылы

8(7132) 99-43-05 20801@rambler.ru

220

«Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі» МКҚК

Ақтөбе қаласы, Гришин, 5

8(7132) 51-63-28

sveznoiaktobe@mail.ru



221

«А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі» МКҚК

Ақтөбе қаласы, Шернияз, 31

8(7132) 21-08-46

muzaktobe@mail.kz



222

«Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК

Ақтөбе қаласы, Шернияз, 18 А

8(7132) 40-04-82 medcolledze70@mail.ru

223

«Ақтөбе политехникалық колледжі» АҚ

Ақтөбе қаласы, Рыскулов, 267

8(7132) 56-20-51

polytech1965@mail.ru



224

«Ойыл аграрлық колледжі» МКҚК

Ойыл аудыны Ойыл ауылы, Жолмырзаев, 42

8(71332) 2-17-14 8(71332) 2-17-68

agrarka.uil@mail.ru



225

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жанындағы көпсалалы колледж» РМҚК

Ақтөбе қаласы, ағайынды Жубановтар, 263

8(7132) 556566

547356


zhubanov@mail.ru,

kopsalalykolledzh@mail.ru



226

«М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің колледжі» РМҚК

Ақтөбе қаласы, Маресьев, 68

8(7132) 563425

zkgmu@yandex.ru



Мемлекеттік емес колледждер (17)




«Ақтөбе қаржы- экономикалық колледжі» Жеке меншік мекеме

Ақтөбе қаласы, Арынов, 1

8(7132) 22-47-82

akobeFEK@mail.ru






«Ақтөбе кооперативтік колледжі» Жеке меншік мекеме

Ақтөбе қаласы, Шернияз, 41

8(7132) 21-08-53

aktobe_koopteh@mail.ru






«Рауан» көпсалалы колледжі» Жеке меншік мекеме

Ақтөбе қаласы, ул.Красногорская,11

8(7132) 53-08-17

mk-rauan@mail.ru






«Ақтөбе мұнай және газ колледжі» Жеке меншік мекеме

Ақтөбе қаласы, Маресьев, 10

8(7132) 56-45-12,

56-73-89


aknig2000@mail.ru




Мемлекеттік емес тәуелсіз коммерциялық емес «Экономикалық-құқық колледжі» білім мекемесі

Ақтөбе қаласы, Айтеке би, 52

8(7132) 22-23-35

Epk1999@mail.ru






«Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледж» Жеке меншік мекеме

Ақтөбе қаласы, Иманов, 14

8(7132) 77-83-45

AGTK_1996@mail.ru






«С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі» Жеке меншік мекеме

Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар, 302 А

8(7132) 51-37-05

college-abuk@mail.kz






«Ақтөбе экономика және статистика колледжі» Жеке меншік мекеме

Ақтөбе қаласы, Сатпаев, 20

8(7132) 56-86-24 rauzamirmanova@rambler.ru




« Ақтөбе қаласындағы Қазақстан гуманитарлық заң университетінің колледжі» ЖШС

Ақтөбе қаласы, Тургенев, 72

8(7132) 56-00-30,

56-44-56

alex40485@mail.ru





«Ақтөбе техникалық колледжі» Жеке меншік мекеме

Ақтөбе қаласы, Смагулов, 1

8(7132) 22-14-56,

21-74-57

atk_atk@mail.ru





«Ақтөбе гуманитарлық техникалық әмбебап мультипрофильдік колледжі» ЖШС

Ақтөбе қаласы, Арынов, 1

8(7132) 22-41-48

agtumkoll@mail.ru






«М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ-ның «Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі» ЖШС

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин, 4А

8(7132) 21-14-00

aktk_06@mail.ru






«Құрылыс- монтаж колледжі» Жеке меншік мекеме

Ақтөбе қаласы, 11 мкр. 31 А

8(7132) 23-67-85

rayzdasmk@mail.ru






«Сәулет- құрылыс колледжі» Жеке меншік мекеме

Ақтөбе қаласы, Мирзояна, 5

8(7132) 40-61-89 almira_orakova@mail.ru




«Болашак» көпсалалы колледжі» Жеке меншік мекеме

Ақтөбе қаласы, Айтеке би, 76


8( 7132) 21-17-14

Bolashak.kolledzh@mail.ru






«Ақтөбе экономика, статистика және информатика колледжі» Жеке меншік мекеме

Ақтөбе қаласы, Маресьев, 81


8(7132) 54-37-72

Akesi_aktobe@mail.ru






Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжі

Қандыағаш қаласы, Трансформаторная көшесі, 2,

8 – 71333 - 3-75-68

mugalzhargtk@mail.ru



«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша


1-кесте. ҚФБ арқылы әрекеттерді сипаттау





Негізгі үдеріс (жұмыс барысының, ағымының) әрекеттері




Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3




Атауы

ТжКБ ұйымы

Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы

ҚФБ-1


ТжКБ ұйымы

білім беру ұйымының алқалы органы

ҚФБ-2


ТжКБ ұйымы білім беру ұйымының басшысы

ҚФБ-3





Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипатталуы

1.Өтініш пен құжаттардың түпнұсқалығын тексеру

2. Тұтынушының өтінішінде немесе құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде ауызша хабарлама әзірлейді.

3. Білім беру ұйымы қабылдау комиссиясының қызметкері тұтынушы деректерінің жазбасын жүргізеді, өтінішті «Студенттер қатарына түсушілерді тіркеу кітабына» тіркейді және білім беру ұйымы қабылдау комиссиясының қызметкері тұтынушының өтініш нысанына қоса берген тиісті құжаттарын тігеді;

4. Білім беру ұйымы қабылдау комиссиясының қызметкері тұтынушыға құжаттарының қабылданғаны жөнінде қолма-қол қолхат береді.




5.Қабылдау комиссиясы түсу емтихандарына жіберілгендігі туралы хабарлайды және емтиханға кіруге рұқсатнамасы мен емтихан парағын береді.

6.Консультация мен түсу емтихандарын өткізу

7.Тұтынушыға емтихандар нәтижесін жеткізу.

Студенттерді оқуға қабылдау.

9.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының интернет - ресурстарына және фойелерінде орналасқан стендтерге нәтижесін орналастыру


8.Оқу орнының студенттер құрамына қабылдануы туралы бұйрық шығарады немесе қызмет көрсетуден бас тартатындығы туралы дәлелді жауап береді




Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық өкімдік шешім)

1.Қызметті алуға өтініш пен құжаттарды қабылдау

2. Тұтынушының өтінішінде немесе құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде ауызша хабарлама әзірлейді

3. Өтініш иесіне нөмір бере отырып сұранысты тіркеу.

4.Құжаттарды қабылдап алғандығы туралы қолхат беру



5.Емтиханға кіруге рұқсатнама және емтихан парағын, мәтіндер бланкілерін және емтихан парақтарын беру

8. Оқуға қабылдау туралы бұйрық.

Оқуға қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама.






Орындалу мерзімі

30 минуттан аспайды

Емтихандардың кестесі бойынша 1.08 бен 25.08 аралығында.

2 сағат 15 минуттан кем емес (3 пән).

1сағат 30 минут (2 пән)

5 күннен кем емес (25.08 бен 30.08 аралығында)




Бұйрық шығарғаннан кейін 30 минуттан аспайды.

2-кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үдеріс.


Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы ҚФБ 1

Білім беру ұйымының алқалы органы ҚФБ 2

Білім беру ұйымының басшысы ҚФБ 3

№1 әрекет

Құжаттарды қабылдау, тексеру, тіркеу



№4 әрекет

Емтихан өту мерзімі жөнінде хабарлама және емтиханға кіруге рұқсатнама мен емтихан парағын беру



№7 әрекет

Оқуға қабылдау туралы бұйрық шығару



№2 әрекет

Жеке іс қағазын құрастыру



№5 әрекет

Емтихан өткізу






№3 әрекет

Құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат беру



№6 әрекет

Емтихан нәтижелерін тұтынушыға жеткізу









№8 әрекет

Оқуға қабылдау нәтижелерін ақпараттық стендтерге және Интернет - ресурстарға орналастыру






3-кесте. Қолдану нұсқалары. Баламалы үдеріс.

Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы ҚФБ 1

Білім беру ұйымының алқалы органы ҚФБ 2

Білім беру ұйымының басшысы ҚФБ 3

№1 әрекет

Құжаттарды қабылдау, тексеру, тіркеу



№4 әрекет

Емтихан өту мерзімі жөнінде хабарлама және емтиханға кіруге рұқсатнама мен емтихан парағын беру



№7 әрекет

Емтихан тапсырудан өтпеуіне байланысты, дәлелді түрде оқуға қабылдаудан бас тартады



№2 әрекет

Өтініші мен құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты құжат қабылдаудан дәлелді түрде бас тарту




№5 әрекет

Емтихан өткізу






№ 3 әрекет

Егер құжаттар дұрыс болса, қабылданғаны жөнінде қолхат береді



№6 әрекет

Емтихандар нәтижелерін тұтынушыға жеткізу









№8 әрекет

Оқуға қабылдау нәтижелерін ақпараттық стендтерге және Интернет - ресурстарға орналастыру





«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша

кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды

қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына

3- қосымша

Әкімшіліктің әрекет етуі мен логикалық бірізділік арасындағы әрекеттестік байланысты бейнелейтін кесте

ҚФБ – 1

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы



ҚФБ- 2

Білім беру ұйымының алқалы органы



ҚФБ – 3

Білім беру ұйымының басшысы













«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

4 – қосымша


Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуге өтініш үлгісі
__________________________________________________________________

(оқу орнының атауы)

Азамат(ша)________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Туылған ________________________ Ұлты ________________________
___________________________________________________________тұратын

(тұрақты тіркелген мекенжайы)


(жылы, күні, айы)

Бітірді __________________________________________________________

(оқу орнының атауы, бітірген жылы)

_______________________________________________________________

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері ______серия ____________ сертификат № _______ (көрсеткен уақытта)
ӨТІНІШ
Мені колледждің күндізгі, кешкі, сырттай бөліміне (асты сызылады) мамандығы бойынша мамандануға __________________________ оқу үшін түсу емтихандарына жіберуіңізді өтінемін.

Үлгі қағидаларының талаптарына сәйкес түсу емтихандарын тапсырмай (конкурстан тыс) қабылдануға құқығым бар, өйткені __________________________________________________________________

(негіздеме көрсетіледі)

Мектепте (кәсіптік лицейде) шет тілін оқыдым _______________________ тілі

Колледжге түсер кездегі жалпы еңбек өтілі, атқарған қызметі (кәсібі), жұмыс орны _____________________________________________________

Жатақханаға мұқтажбын, мұқтаж емеспін (астын сызу)

Өзім туралы қосымша хабарлаймын:

___________________________________________________

Әкем _____________________________________________________________

Анам ___________________________________________________________


«_____» ____________ 20__ж.
Қолы __________

Тұтынушыға түсу емтихандарын тапсыруға жіберілгендігі туралы жазбаша хабарландыру хат (хабарлама үлгісі)

__________________________________________________________________

(техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымының атауы, мекен – жайы)

Азамат(шаға)

__________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Мекен – жайы

__________________________________________________________________
Хабарлама № _________
Сіздің оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін

_____________________________________________________________

(техникалық және кәсіптік ұйым атауы)

«___» ___________ 20__ж. сағ._______

келіп, емтихандарға қатысуыңыз қажет.
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының бірінші емтихан тапсырар алдында № ______ емтихан тапсыру парағын алуыңыз керек.
Директор ____________________

(қолы)


«____» __________ 20__ж.

«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

5 - қосымша

Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің жағымды нәтижесі бойынша (хабарлама) хабарлау хатының үлгісі
__________________________________________________________________

(техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымының атауы, мекен – жайы)

Азамат(шаға)

_________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Мекен – жайы

________________________________________________________________


Хабарлама № ___________
20__ ж _________________ № ______ директордың бұйрығымен Сіз студенттер қатарына оқуға қабылдандыңыз.

_________________________________________

(бөлім/мамандық)

_________ курске жатақхана беріледі

_______________________

жатақхана берілмейді

Cабақтың басталуы 20____ж. «____» ____________ сағ.____________
Сізге оқу сабақтарына көрсетілген мезгілге келуіңізді ұсынамын.

Егер дәлелсіз себептермен Сіз оқу сабақтарына келмеген жағдайда білім алушылар қатарынан шығарылатын боласыз.

Белгіленген мезгілде келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, себебін көрсетіп оқу орнына хабарлауыңыз сұралады.
Директор ____________________

(қолы)


«______» ________________ 20_____ж.

Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі бойынша теріс жауап (бас тарту) хатының үлгісі

__________________________________________________________________

(техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымының атауы, мекен – жайы)

Азамат(шаға)

__________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Мекен – жайы

__________________________________________________________________
Хабарлама № _________
Сізді студенттер қатарына қабылдаудан бас тартуға мыналар себеп болды:
_________________________________________________________
Оқуға түсуге өтініш білдіріп тапсырған құжаттарыңызды алу үшін Сіз қабылдап алған жауапты хатшыға жеке келуіңіз немесе Сіздің көрсеткен мекен – жайыңыз бойынша пошта арқылы жіберу туралы өтінішпен талап етуіңізге болады.

Бұл оқу орнына конкурстан өтпеген тұлғалар бос орындары бар басқа оқу орындарына 26 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында емтихансыз түсе алады.

Қабылдау бойынша жауапты хатшы тапсырылған емтихан пәндері және әрқайсысының бағасын көрсетіп анықтама береді.
Директор ____________________

(қолы)


«______» ________________ 20_____ж.


Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет