Жауапкерден (борышқордан) өндірілетін өсім көлемі төмендетілуге жатады



жүктеу 38.71 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі38.71 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> f427793d0c05d0494625716b001bdf9d -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Анықтау, тергеу, прокуратура, сот және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша сот практикасына шолу
Жауапкерден (борышқордан) өндірілетін өсім

көлемі төмендетілуге жатады

( үзінді)

Талапкер «Ғимарат» ЖШС-і жауапкер «Бонатти С п А» компаниясына сотқа талап арыз түсіріп, 2004 жылы жасалған шарттарға сәйкес жауапкер жатақхана, кеңсе, қонақ үйін, техникалар мен көліктерді, жабық гаражды, жерді жалға алып, ақысын уақытында төлемегендіктен 19.908.805 теңге айыппұл ақысының жиналғандығын көрсетіп, соны өндіруді сұраған.

Батыс Қазақстан облыстық сотының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы шешімімен «Бонатти С п А» компаниясынан талапкер «Ғимарат» ЖШС-нің пайдасына 19.908.805 теңге өсім және 597.264 теңге баж салығы өндірілген.

Жауапкер апелляциялық шағымында, жалдау ақысын төлеу туралы есеп-шот фактуралары Ақсай қаласына тікелей жолданбағандықтан, өсім көлемі 4.612.522 теңгеге дейін төмендетілуге жататындығын көрсетіп, сот шешімін өзгертуді сұраған.

Жоғарғы Сот судьясының баяндамасын, жауапкердің өкілінің апелляциялық шағым деректерін қолдап айтқандарын, талапкердің өкілінің шағым бойынша қарсы пікірін, прокурордың талапкердің дәлелдемелерін қолдаған қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын және тараптардың айтқандарын зерделеп, алқа мүшелері сот шешімі төмендегі негіздерге байланысты өзгертуге жатады деген тұжырымға келді.

Сот мәжілісінде тексерілген дәлелдемелерге қарағанда, тараптар арасында жасалған шарттар жөнінде қайшылықтар болмаған. Алайда жауапкер өзінің деректерінде талапкердің көрсеткен өсім күндерімен келіспей, оны азайтуды сұрайды. Себебі талапкер есеп-шот фактураларын тікелей олардың тұрақты орны Ақсай қаласына жолдамай, Атырау және Құлсары қалаларындағы кеңселеріне олардың келісімінсіз жібергеніне байланысты құжаттардың жету мерзімі кешіктіріліп, өсім көлемі орынсыз өсіп кеткен деп санайды.

Бірақ жауапкердің мұндай уәжімен төмендегі негіздерге байланысты келісуге болмайды.

Сот мәжілісінде анықталғандай, тараптардың араларындағы шарттар Атырау мен Құлсары қалаларында, жауапкердің сол жердегі кеңселерінің жауапты қызметкерлерінің қатысула-рымен жасалған. Бұл құжаттарда тараптардың банктік реквизиттері ғана жазылған, бірақ жауапкердің нақты пошталық мекен-жайы көрсетілмеген. Сол себепті есеп-шот фактуралары жоғарыда аталған қалалардағы жауапкердің қызметкерлеріне ресми түрде өткізіліп тұрған, олар құжаттарға мөр басып, қолдарын қойып, қабылдап отырған. Бұл тәртіп 2004, 2005 жылдары сақталып, осы тәжірибе іс жүзінде қалыптасқан. Осындай құжаттар алмасу тәртібіне жауапкер екі жыл ішінде келіспеушілік білдірмеген. Сонымен қатар, өзара ауызша келісім бойынша талапкер жауапкерге есеп-шот фактураларын алғаннан кейін жалдау ақысын 30 күн ішінде төлеуге мүмкіндік берген. Бұл келісім мерзімін жауапкер сақтамаған. Сондықтан, жалдау ақысы мерзімінде төленбегендіктен, оның өсімін жауапкер өтеуге міндетті деген сот қорытындысы дұрыс.



Тараптар арасында жалпы өсім күндерінің саны туралы келіспеушілік туындамаған. Тек өсім күндері үшін есеп-шот фактураларының Ақсай қаласындағы кеңсеге түскен күнінен бастап есептелуіне байланысты айырмашылықтар болған. Жауапкердің өсім көлемі туралы есептеуін назарға алуға болады, себебі, ол ай сайын екшеленіп жасалған және олар іс бойынша жиналған объективті дәлелдемелерге сәйкес келеді. ЖШС-нің Атырау және Құлсары қалаларындағы жауапкердің қызметкерлері-не тапсырған құжаттарының уақыты да дұрыс есептелген, ол бойынша өсім көлемі 19.379.435 теңгені құраған. Ал талапкердің есептеуі бойынша өсім көлемі 19.908.805 теңге болған. Бірақ оның есептемесінде әрбір айлық өсім күндерінің жинақталуы айқындалып көрсетілмеген. Осы себепті тараптардың есептемелерінің арасындағы айырмашылық 529369 теңгені құраған. Жоғарыда келтірілген дәлелдемелерді ескеріп, сот алқасы жауапкердің есептемесін дұрыс деп санайды. Сондықтан жауапкерден өндірілетін өсім көлемі 19.379.435 теңгеге дейін төмендетілуге жатады.

АІЖК-нің 358-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы Батыс Қазақстан облыстық сотының шешімін өзгертіп, талапкердің пайдасына жауапкерден өндірілген өсім көлемін 19.379.435 теңгеге дейін, баж салығының көлемін 581382 теңгеге дейін төмендетіп, апелляциялық шағымды ішінара қанағаттандырды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет