Жазмыштан озмыш жоқ. Фани мен бақидың заңы солай. Әрібір адамның мәңгілікке ғайып болуы өзекті өртейтін өкініш. Сол пенденің дауысы, мінезі мынау жалған дүниеге жетпей тұратыны анық



жүктеу 19.67 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі19.67 Kb.
: repository -> history -> %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Байғали Досымжанов
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ақын әрі әкім досқа жауап
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ШАҒабутдин маржани
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Танант дегеніміз мінез
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай қос қайырым мағауияның БӘйтерегі
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Жұртбаев Т. Жазушы, ғалым қайым (Ғабдұдқайым) Мұқамедханов 75 жаста // Қазақ әдебиеті. 1991. 1 ақпан. 4 бет
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ТҰҢҒыштар тынысы
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Елі үшін елжіреген азамат
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тамырлас тағдырлар
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай нағыздың нығызы
Жазмыштан – озмыш жоқ. Фани мен бақидың заңы солай. Әрібір адамның мәңгілікке ғайып болуы – өзекті өртейтін өкініш. Сол пенденің дауысы, мінезі мынау жалған дүниеге жетпей тұратыны анық. Ал Ақаңның дауысы мен орыны алаш дүниесіне мәңгі жетіспей тұратын болады. Оның артында – жетім бала мен жесір жар ғана қалған жоқ, жетім ел, жетім күй, жетім ән, сыңар дос, аялы құшақсыз іні, сусыны қанбаған шәкірт қалды.

Күн сайын өлім мен өмір алмасып, біріне бірі орын босатып беріп жатқан тіршілік қой. Алайда: «Алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» , – деп Абай айтқандай, табиғи көрініп, өзімізді өзіміз жұбатқанмен де, Ақаңсыз өмір – бәрібір баяғы өмір емес, бәрі де «баяғыдай көрінбейді». Оның мінезі, сырбаздығы, әңгімесі, мәрттігі, тіпті, шақсасының тықылы да бізге жетпей тұратын болады. Маған: осы ажал оның мырза өміріне жараспайтын-ақ сияқты, оның осы өлімінің өзінде бір үйлеспейтін заңсыздық, бір тосын тылсым бар сияқты көрінеді тұрады.

Армансыз адам болмайды. Бірақ Ақаң: «Армансыз өмір сүрді», – дегізетіндей ғұмыр кешті. Ол соңғы жылдары тіршілікке соншама бір наразы да разы құштарлықпен қарап: «Енді ештеңе жазбаймын. Шаршадым. Қолымда бардың барлығын таратып беремін. Ал өзімнің өмір бойы жиған-терген кітаптарымның, шежірелерімнің, мұрағат құжаттарының, сирек басылымдар мен фотокөшірмелердің бәрін сенің кітапханаңа тапсырамын. Біреуге болмаса – біреуге сауабы тиер, рақыметін алармын. Енді өмір сүремін. Өмірдің рахатын көремін. Қойшығарамен тасқаяқ ойнаймын. Сендерді серуендетем. Тапқанымды сендерге шашамын. Шіркін, сонда қандай рахат болар еді, ә, бала», – дейтін.

Ақыры дегеніне жетіп тынды. Бір жыл бұрын: «Ал Тұрсын! Сен бірден үйге келе ғой. Сенің басыңды ауыртпайын деп проректор Мұхтарға телефон шалып, көлік сұрап алдым. Үш-төрт кітаханашы қыздарыңды ертіп кел. Кітаптарды буып, түйіп, жинап қойдым. Масқара! Ішінде не жоқ дейсің. Екі-үш күн қимай, босағада ұстадым. Ал жет!», – деді.

Сөйтіп, 4 500-ге тарта шежірелер мен сирек кітаптарды өз қолымен тиесіп, кітапханаға алып келді. Ұқыптысын-ай, Ақаңның. Әр қолжазба түптелген, ғылыми сыпаттамасы жазылған, хатталған. «Ух, енді бір демалатын болдым ғой», – деді ауыр жүктен құтылғандай боп.

Содан кейін анда-санда келіп, кітаптарына қарағыштап, сипалап, үнемі толықтырумен болды. Түптің түбінде «Ақселеу Сейдімбектің кітапханасы» деген диссертацияның қорғалатыны анық. Тіпті, енді маған парыз, өсиет сияқты болып қалды.

Міне, жыл өтпей, өзінің сүйікті Жаңарақасындағы, өзі орынын белгілеп кеткен төбеден қоныс тауып, Ақаң демалды, шындап демалды, Мәңгілік демалысқа кетті.

Бақыл болсын. Оның жоқтығы күн сайын сезілетін күндер алда.Бұл рухани өкініштің орыны тола қоймас, сірә.



Көрген сайын еркелеп, қойынына тығылып, басымды кеудесіне қойып, біраз иіскеп тұрушы едім. Ол да: «О, құдайдың бере салғаны сол!», – деп еміренуші еді. Қойшы-ағамыз басын шайқап, сүйсіне қарап тұрушы еді. Енді кім еркелетер дейсің?!. Еркелерміз-ау, бірақ Ақаң сияқты исінгіш кеуде қайдан табылсын.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет