Қжэи директоры м а., Абай ат. ҚазҰПУ



жүктеу 158.17 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі158.17 Kb.
: docs -> postupaushim
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Б. Әбдіғазиұлы
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Б.Әбдіғазиұлы
postupaushim -> БАҒдарламасы алматы 2015 Бағдарлама Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының мәжілісінде талқыланды
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Әбдіғазиұлы Б
postupaushim -> Бекітемін Көптілді білім беру институтының директоры
postupaushim -> Программа вступительного экзамена для поступающих в магистратуру по специальности «6М020900 Востоковедение» Алматы, 2015
postupaushim -> БАҒдарламасы «6М010900- математика»
postupaushim -> 6M020100- «философия» мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы
postupaushim -> «6M011000 Физика» мамандығы бойынша
postupaushim -> «6M060400 Физика» мамандығы бойынша




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Бекітемін

ҚжЭИ директоры м.а., Абай ат. ҚазҰПУ

_________________ Тилеубергенов Е.М.

«____» ______________________2015 ж.




«6M030100 – ҚҰҚЫҚТАНУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

Алматы, 2015


«6М0030100-Құқықтану» мамандығы бойынша магистранттар үшін түсу емтихан сұрақтарын
Құрастырушылар: заң ғылымдарының докторы, доцент Тайторина Б.А.,

заң ғылымдарының кандидаты, доцент Калкаева Н.Б.




Кафедра меңгерушілері:

З.ғ.д., профессор ________________ Толеубекова Б.Х.

З.ғ.к., профессор ________________ Орынтаев Ж.К.

З.ғ.к., доцент ________________ Дулатов Ғ.С.


ҚжЭИ директорының оқу

ісі жөніндегі орынбасары ______________ Канабекова М.А.



___________


Канабекова М.А.


Емтиханының сұрақтары Құқық және экономика институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді, № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.





6М030100 – құқықтану мамандығы бойынша
«Мемлекет және құқық теориясы» ПӘНІ


  1. Мемлекет және құқық теориясының пәні және оның басқа заң ғылымдарымен байланысы.

  2. Азаматтық қоғам: түсінігі, азаматтық қоғамның қағидалары.

  3. Құқықтық реттеудің пәні мен әдісі құқықты салаларға бөлудің негізі ретінде. ҚР құқық салалары.

  4. Мемлекет және құқық теориясын оқып-зерттеудің жалпы және жеке әдістері.

  5. Құқықтың негізгі теориялары: нормативтік, табиғи-құқықтық, тарихи, психологиялық, марксистік және т.б.

  6. Құқық саласы, сала бөліктері. Құқықтық институт.

  7. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теориялар.

  8. Құқықтың қазіргі таңдағы түсінігінің жалпы сипаттамасы. Құқықтың либертарлық теориясы.

  9. Құқықтық реттеудің механизмі: ҚРМ-нің негізгі элементтері және олардың сипаттамасы.

  10. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының себептері.

  11. Құқықтың анықтамасы. Құқықтың мәнін және оның қоғамдағы атқаратын әлеуметтік рөлін көрсететін негізгі белгілері.

  12. Құқық шығармашылық мемлекет қызметінің негізгі бағыты ретінде: құқық шығармашылықтың түсінігі және қағидалары.

  13. Мемлекет ұғымы, оның мәні және белгілері.

  14. Әлеуметтік норманың түрлері. Құқықтың әлеуметтік нормалардың басқа түрлерінен ерекшелігі. Техникалық нормалар.

  15. Құқықтық жүйе, құқық жүйе мен заңнама жүйесінің арақатынасы.

  16. Мемлекеттің қоғамдағы атқаратын әлеуметтік рөліндегі дуализм. Мемлекет мәніндегі таптық және жалпы адамзаттық негіздер.

  17. Заңнаманы жүйелеу, түрлері, заңнаманы жүйелеудің субьектілері.

  18. Құқық бұзушылықтың заңдық құрамы: субъект, объект, құқық бұзушылықтың субъективтік жағы және объективтік жағы.

  19. Мемлекеттерді типке бөлудегі формациялық тәсіл.

  20. Құқықтың функциялары, оның түрлері. Қазіргі таңдағы мемлекеттердің функцияларының даму барысы.

  21. Құқық нормасына түсінік берудің тәсілдері. Құқыққа түсінік беру актілері.

  22. Мемлекеттерді типке бөлудегі өркениеттік тәсіл.

  23. Құқықтың реттеушілік функциясы - құқықтың қоғамдағы атқаратын ең негізгі әлеуметтік рөлінің көрінісі ретінде.

  24. Инкорпорация және оның түрлері. Ресми және бейресми инкорпорация

  25. Мемлекеттің қазіргі таңдағы типтері.

  26. Құқықтың қорғау функциясы: мазмұны, жүзеге асырылуының тәсілдері.

  27. Құқықты жүзеге асырудың нысандары, олардың түрлері және түсінігі.

  28. Мемлекет функциясының түсінігі және олардың топтастырылуы.

  29. Объективтік құқық және субъективтік құқық.

  30. Құқықты қолдану: құқықты қолданудың негізгі сатылары және талаптары.

  31. Мемлекеттің негізгі ішкі функциялары және олардың мазмұны.

  32. Құқықтық жүйенің түсінігі: негізгі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы.

  33. Құқық қолдану актілері. Түсінігі, түрлері.

  34. Мемлекеттің негізгі сыртқы функциялары және олардың мазмұны.

  35. Романо-германдық құқықтық жүйе және оның ерекшеліктері.

  36. Құқықты жүзеге асыру механизмі: оны жүзеге асырудың нысандары мен механизмдері.

  37. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың құқықтық нысандары.

  38. Англо-саксондық және мұсылман құқықтық жүйелері.

  39. Құқық нормасына нормативтік және казуалды түсінік беру.

  40. Мемлекет нысаны ұғымы. Мемлекет нысанының элементтері және олардың сипаттамасы.

  41. НҚА қазіргі таңдағы құқықтың негізгі нысаны ретінде, оның құқық қолдану актілерінен ерекшелейтін белгілері.

  42. Құқыққа түсінік беру субьектілері және олардың сипаттамасы.

  43. Мемлекет нысанына ықпал ететін және оның мәнін айқындайтын мән-жайлар.

  44. Құқық нысаны ұғымы. Әр түрлі құқықтық жүйелердегі құқық нысанының түрлері. ҚР қолданыстағы құқық.

  45. Құқыққа түсінік берудің тәсілдері мен әдістері.

  46. Монархиялық басқару нысаны және оның түрлері. Қазіргі таңдағы монархиялар және олардың ерекшеліктері.

  47. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер жүйесі: топтастырылуы, түрлері. Нормативтік құқықтық актілер түрлері және олардың топтастырылуы (ҚР 1998 жылы 24 наурызда қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы Заңы бойынша).

  48. Конституция нормаларына түсінік беру және оның салдарлары.

  49. Монархиялық басқару нысаны және оның түрлері. Қазіргі таңдағы монархиялар және олардың ерекшеліктері.

  50. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер жүйесі: топтастырылуы, түрлері. Нормативтік құқықтық актілер түрлері және олардың топтастырылуы (ҚР 1998 жылы 24 наурызда қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы Заңы бойынша).

  51. Конституция нормаларына түсінік беру және оның салдарлары.

  52. Республика – мемлекеттің ең көп тараған басқару нысаны. Республиканың түрлері.

  53. Заңның түсінігі және түрлері. Конституциялық және жай заңдар. Олардың қабылдану тәртібіндегі ерекшеліктер.

  54. Құқықтық қатынастың қоғамдық қатынастардың ерекше түрі ретіндегі түсінігі.

  55. Президенттік республика және оның ерекшеліктері.

  56. Заң шығармашылық қызметінің сатылары. Заң шығару бастамасы және оның ҚР-ғы субъектілері.

  57. Субъективтік құқық және заңды міндет-құқықтық қатынастың мазмұны ретінде.

  58. Парламенттік республика және оның ерекшеліктері.

  59. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, олардың түрлері.

  60. Құқықтық қатынастың туындауының алғышарттары. Құқық нормасы мен құқықтық қатынастың байланысы.

  61. Унитарлы мемлекет – мемлекеттің құрылым нысанының элементі ретінде және оның түрлері.

  62. Нормативтік құқықтық актілердің мерзіміне, кеңістігіне және субъектілеріне қарай қолданылуы.

  63. Құқықтық қатынастың әртүрлі негіздер бойынша топтастырылуы.

  64. Федерация – күрделі мемлекет ретінде. Федеративтік мемлекеттің құрылымы және ерекшеліктері.

  65. Демократиялық мемлекеттегі адамның негізгі құқықтары: топтастырылуы және олардың заңдық міндеттері.

  66. Құқықтық қатынастың субъектілері, субъектілердің түрлері және олардың сипаттамасы.

  67. Конфедерация мемлекеттер одағының ерекше нысаны ретінде. Басқа да мемлекетаралық одақтар.

  68. Тұлғаның құқықтық мәртебесі. Құқықтық мәртебенің түсінігі және түрлері. Азаматтық.

  69. Құқық субъектілерінің құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі.

  70. Саяси режимнің түсінігі, оның түрлері.

  71. Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық институттары.

  72. Жалпы, салалық және арнайы құқық қабілеттілік.

  73. Либералдық-демократиялық режим, оның белгілері.

  74. Құқық нормасы: түсінігі, белгілері. Құқық нормасының топтастырылуы.

  75. Құқықтық қатынастың объектілері: түсінігі және түрлері.

  76. Демократиялық емес құқықтық режимдер: түрлері және негізгі белгілері.

  77. Құқық нормасының құрылымы: гипотеза, диспозиция, санкция.

  78. Заңдық маңызы бар фактілер және олардың топтастырылуы.

78. Мемлекеттік орган: түсінігі, белгілері. Мемлекеттік органдардың әртүрлі негіздер бойынша топтастырылуы.

79. Мемлекет механизмі және оның элементтері.

80. Құқықтық сана ұғымы: нысандары, құқықтық сананың функциялары

81. Мемлекеттік аппарат ұғымы, құрылымы. Мемлекеттік аппаратты құрайтын билік органдарының сипаттамасы.

82. Құқық нормасының диспозициясы. Диспозицияның түрлері.

83. Құқықтық сананың құрылымы. Құқық пен құқықтық сананың өзара байланысы.


84. Демократиялық мемлекеттегі мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің қағидалары.

85. Құқық нормасының санкциясы. Әртүрлі құқық саласындағы заңи санкцияның түрлері.

86. Құқықтық мәдениет: түсінігі және функциялары.

87. Билік бөлінісі қағидасы мемлекеттік органдар қызметінің қағидасы ретінде.

88. Құқықты жүзеге асыру және оның нысандары.

89. Құқыққа сай мінез-құлық: түсінігі, түрлері.



90. Қазақстан Республикасының Парламенті: құрылымы, функциялары, құрылу тәртібі.
«Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» - ПӘНІ


  1. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тарту мен жаза тағайындаудың ерекшеліктері.

  2. ҚР қылмыстық құқығының ұғымы. Қылмыстық құқықтың заты, әдістері, жүйесі, міндеттері, функциялары және қағидалары.

  3. Қылмысқа қатысудың ұғымы, белгілері және нысандары. Қатысушылардың түрлері.

  4. Халық денсаулығына және қоғамдық адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар.

  5. Қылмыстардың көптігінің ұғымы және түрлері: бірнеше мәрте қайталануы, жиынтығы, рецидивтілігі.

  6. Қылмыс істеу сатыларының ұғымы, түрлері және маңызы. Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту.

  7. Қылмыс құрамы. Құрылымы, функциялары және қылмыс құрамдарын классификациялау. Қылмыстық жауаптылық және оның негізі.

  8. Қылмыстық заңның мезгілдегі және кеңістіктегі және адамдарға қатысты қолданылу күші.

  9. Қылмыс ұғымы және белгілері. Қылмыс санаттары.

  10. Қылмыстық-құқықтық қорғалатын объектілерді, классификациялау және жүйесі.

  11. Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен негізі.

  12. ҚР Қылмыстық кодексіндегі іс-әрекеттің қылмыстығын жоятын мән-жайлар.

  13. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

  14. Жазалардың ұғымы, белгілері, жүйесі және түрлері.

  15. Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар. Жазаларды қосу кезіндегі мерзімдерін анықтау тәртібі.

  16. Шартты түрде соттаудың ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық әсер ету жүйесіндегі орны.

  17. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың ұғымы және түрлері.

  18. Азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар.

  19. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары: негізі және қолданылу мақсаты.

  20. Қылмыстық жазадан және оны өтеуден босатудың әлеуметтік-құқықтық маңызы: негізі және түрлері.

  21. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілері.

  22. Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

  23. Мемлекеттің конституциялық құрылысының негізі мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

  24. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

  25. Қылмыстардың құрамының субъективтік жағының ұғымы. Қылмыс құрамының субъективтік жағының маңызы.

  26. Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері. Есі дұрыс еместіктің ұғымы, қылмыстың арнайы субъектісі және жас мөлшерлік белгілері.

  27. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

  28. Экологиялық қылмыстардың жалпы сиаттамасы.

  29. Көлік қозғалысы және оны пайдалану қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

  30. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қол сұғатын сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан және басқа да қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

  31. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қол сұғатын қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

  32. Әскери қызметке қол сұғатын қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

  33. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы: ұғымы, себептері, негізі және тәртібі.

  34. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар: ұғымы және классификациясы.

  35. Күдіктіге оның оның іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау

  36. Сот үкімі: ұғымы, түрлері, құрылымы.

  37. Жасырын тергеу әрекеттері: ұғымы, жүйесі, оларды жүргізудің тәртіптері

  38. Дәлелдемелер: жалпы ұғымы, құқықтық негізі, классификациялау.

  39. Сот сараптамасы: жалпы ұғымы, тағайындау тәртібі, түрлері.

  40. Қылмыстық істердің соттылығы: ұғымы, түрлері, маңызы, соттылықты анықтау тәртібі.

  41. Ақтау. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтеу.

  42. ҚР қылмыстық іс жүргізу қағидаларының жүйесі: ұғымы, маңызы, кепілдіктері, олардың сақталуы.

  43. Қылмыстық іс жүргізудегі бұлтартпау шаралары: ұғымы, түрлері, оларды қолдану тәртібі.

  44. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта жаңғырту: ұғымы, негізі жүргізу тәртібі.

  45. Адамды күдікті деп тану туралы жариялау: ұғымы, маңызы және тәртібі.

  46. Алқабилердің қатысуымен істерді қарастыру: негіздері, тәртібі, қабылданатын шешімдердің түрлері.

  47. Есі дұрыс еместерге қолданылатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары: негіздері, жүргізілу тәртібі.

  48. Басты сот талқылауы: ұғымы, маңызы, жалпы шарттары.

  49. Күзетпен ұстау, үй қамақ: негізі, тәртібі, мерзімі.

  50. Сот үкімдерінің орындалуы: ұғымы, тәртібі және ерекшеліктері.

  51. Дәлелдеме ретінде рұқсат етілмейтін іс жүзіндегі деректер.

  52. Дәлелдеу: ұғымы, жалпы талаптары, шегі.

  53. Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап.

  54. Анықтама – сотқа дейінгі іс жүргізудің нысаны ретінде: ұғымы, жалпы шарттары, жүргізілу тәртібі.

  55. Тергеу әрекеттерінің жүйесі: жалпы сипаттамасы, оларға қойылатын талаптар.

  56. Айыптау актісі: ұғымы, маңызы, құрылымы.

  57. Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі: ұғымы, сатылары.

  58. Апелляциялық және кассациялық сот өндірісі: олардың ерекшеліктері, негізі, шешімдердің түрлері.

  59. Қадағалау өндірісі: ұғымы, негізі, тәртібі.

  60. Алдын-ала тергеуді тоқтату және қайта жаңғырту: ұғымы, негіздері және жүргізілу тәртіптері.

  61. Алдын-ала тергеу барысында қылмыстық істі тоқтату: ұғымы, негіздері және жүргізілу тәртібі.

  62. Жеделдетілген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру: ұғымы, негіздері және жүргізілу тәртібі.

  63. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету: ұғымы, негізі, қауіпсіздік шараларының түрлері және оларды қолдану тәртібі.

  64. Қылмыстық іс жүргізу мерзімдері: ұғымы, маңызы, түрлері, мерзімдерді есептеу тәртібі.


«азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы» - ПӘНІ


  1. Азаматтық құқық құқықтың дербес саласы ретінде түсінігі, пәні және құқықтық реттеу әдістері. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан ерекшелігі.

  2. Сатып алу-сату шартының заңи сипаттамасы.

  3. Соттағы өкілдік пен сот өкілінің түсінігі. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.

  4. Заңды тұлғалар азаматттық құқықтың субъектісі ретінде. Заңды тұлғаның түсінігі, белгілері, түрлері, құқыққабілеттігі.

  5. Мүлікті жалдау шартының түсінігі, т үрлері

  6. Іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі, маңызы және түрлері. Азаматтық істі әзірлеу және қарау мерзімдері.

  7. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқықтың объектісі ретінде.

  8. Мердігерлік шарты: түсінігі, түрлері.

  9. Азаматтық істерді апелляциялық іс жүргізу тәртібімен қарау ерекшеліктері.

  10. Азаматтық құқықтық қатынастарының түсінігі және түрлері. Азаматтық құқықтық қатынастарының элементтері.

  11. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ерекшеліктері.

  12. Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілері.олардың құқықтары мен міндеттері

  13. Азаматтар және басқа да жеке тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде.

  14. Тауар жеткізілім шарты.

  15. Дәлелдемелер және дәлелдеу. Сот дәлелдеуінің түсінігі, кезеңдері мен мақсаты.

  16. Азаматтық әрекет қабілеттігінің түсінігі және мәні, түрлері.

  17. Сыйға тарту шарты.

  18. Талап ұғымы, элементтері және түрлері. Талап өндірісінің түсінігі мен маңызы.

  19. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері.

  20. Рента шарты.

  21. Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың түсінігі. Іске тең қатысушылық: түсінігі, мақсаты және түрлері.

  22. Азаматтық құқықтың қағидалары: түсінігі және жүйесі

  23. Энергиямен жабдықтау шарты.

  24. Азаматтық іс жүргізу мақсаты және принциптері

  25. Азаматтық құқықтарды қорғау. Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

  26. Тұрақты рента шарты.

  27. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы. Азаматтық іске прокурордың қатысу негіздері мен нысандары.

  28. Заңды тұлғаны құру, қайта құру және тарату негіздері.

  29. Банктық қызмет көрсету шарты

  30. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

  31. Мәміленің жарамсыздығы. Мәмілелердің жарамсыздығын танудың құқықтық салдары.

  32. Жүкті тасымалдау. Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау.

  33. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері және оларды жіктеу.

  34. Азаматтық құқықтағы мерзімнің ұғымы және оны есептеу.

  35. Мүлікті жалдау шарты туралы жалпы ережелер.

  36. Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларының түсінігі және мәні.

  37. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау.

  38. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты.

  39. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі және қайнар көздері.

  40. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы (жалпы ережелер).

  41. Келісім-шарт жасасу шарты (контрактация).

  42. Сот пен басқа органдардың актілерін орындау. Атқару өндірісінің органдары.

  43. Хабар-ошарсыз кету. Азаматты өлді деп жариялау.

  44. Сақтау шарты туралы жалпы ережелер.

  45. Сот қаулыларына қадағалау тәртібімен қайта қарау негіздері.

  46. Азаматтық құқықтың объектілері туралы жалпы ережелер. Мүлікті жіктеу.

  47. Мүлікті сенімгерлікпен басқару ұғымы және оның пайда болуы негіздері.

  48. Сот актілерін қайта қарау өндірісі. Кассациялық шағымдар және наразылықтар бойынша істерді қайта қараудың іс жүргізушілік тәртібі және мерзімдері.

  49. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық.

  50. Банктік қызмет көрсету шарты туралы жалпы ережелер.

  51. Ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер.

  52. Бағалы қағаздар мен вальюталық игіліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде.

  53. Ғұмырлық рента шарты. Өмір бойы асырауда ұстау.

  54. Бұйрық өндірісінің және сот бұйрығының түсінігі

  55. Коммерциялық заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.

  56. Сақтандыру шарты.

  57. Сот шешімін шығару. Шешімнің заңдылығы және негізділігі. Шешім түрлері мен құрылымы

  58. Мүлікті - азаматтық құқықтың объектісі ретінде жіктеу

  59. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты.

  60. Сот шығындары ұғымы және олардың құрамы. Мемлекеттік баж. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар.

  61. Азаматтық құқықтағы мәміле институты: түсінігі, белгілері және жіктелуі.

  62. Қаржылық лизинг шарты.

  63. Дәлелдеудің пәні. Дәлелдеуге жатпайтын фактілер. Дәлелдемелік фактілер.

  64. Міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы.

  65. Банктік есеп айырысу шарты.

  66. Іс жүргізу мерзімдері және олардың маңызы. Іс жүргізу мерзімдерінің түрлері.

  67. Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу, меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы.

  68. Комиссия шарты туралы жалпы ережелер.

  69. Соттың іс жүргізу әрекеттері. Істі сотта талқылауға тағайындау. Сот хабарлаулары мен шақыртулары.

  70. Азаматтық құқық бойынша өкілдік: түсінігі және түрлері. Сенімхат түсінігі, мерзімі. Сенім ауысуы.

  71. Тапсырма шарты туралы жалпы ережелер.

  72. Соттың құрамы, қарсылық білдіру.

  73. Заңды тұлғаларды құру және тарату негіздері. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу.

  74. Құрылыс мердігерлік шарты.

  75. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу. Істі сотта қарауға әзірлеу. Сотта іс қарау.

  76. Азаматтардың меншік құқығы. Азаматтардың меншік құқығының түсінігі, түрлері және пайда болу негіздері.

  77. Конкурстық міндеттемелер.

  78. Азаматтық іс бойынша сараптама түрлері және сарапшының қорытындысы

  79. Ортақ меншіктің түсінігі, түрлері және пайда болу негіздері.

  80. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау.

  81. Іске қатысушы тұлғалар (түсінігі және құрамы). Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері.

  82. Заттық құқықтың түсінігі және түрлері.

  83. Үйлер мен ғимараттарды жалдау.

  84. Сотта азаматтық іс қозғау. Талап қою құқығы. Талап арыз және оның реквизиттері.

  85. Міндеттеме туралы жалпы ережелер. Міндеттеме түсінігі, түрлері және міндеттемеге қатысушылар.

  86. Авторлық және сабақтас құқықтар.

  87. Азаматтық іс бойынша сот қаулылары: түсінігі, түрлері.

  88. Азаматтық құқықтағы коммерциялық ұйымдардың құқықтық жағдайы.

  89. Заем шартының заңи сипаттамасы.

  90. Азаматтық істердің соттылығы. Соттылықтың түсінігі. Оның ведомоствалық бағыныстылықтан ерекшелігі. Соттылықтың түрлері. Территориялық соттылық.

  91. Шарт жасасу, өзгерту және бұзу негіздері.

  92. Айырбастау шарты. Сыйға тарту шарты.

  93. Ерекше талап өндірісі бойынша іс қарау негіздері

  94. Шарттардың түсінігі, мазмұны, нысаны және түрлері.

  95. Мұрагерлік туралы жалпы ережелер.

  96. Апелляциялық тәртіпте іс қарау негіздері

  97. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау.

  98. Мүлікті тегін пайдалану шарты.

  99. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, тоқтату және арызды қараусыз қалдыру негіздері

  100. Меншік және меншік құқығы. Меншік құқығының мазмұны. Меншік құқығының нысаны және түрлері.

  101. Прокат шарты жалдау шартының бір түрі ретінде.

  102. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару.

  103. Мүліктік игіліктер мен құқықтар азаматтық құқықтың объектісі ретінде.

  104. Көлік экспедициясы шарты туралы жалпы ережелер.

  105. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет