Жеке бас араздығымен қасақана кісі өлтіру- пайдақорлық ниетпен кісі өлтіру деп қате дәрежеленген



жүктеу 26.87 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі26.87 Kb.
: site -> supcourt.nsf
supcourt.nsf -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
supcourt.nsf -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
supcourt.nsf -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
supcourt.nsf -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
supcourt.nsf -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
supcourt.nsf -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
supcourt.nsf -> Конституции рк – 10 лет
supcourt.nsf -> Ювенальная юстиция
supcourt.nsf -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
Жеке бас араздығымен қасақана кісі өлтіру-

пайдақорлық ниетпен кісі өлтіру деп қате дәрежеленген

( үзінді)

Сотталған М., жеке кәсіпкер Р-дың үйін 15 000 теңгеге жөндеуге келісіп Д. есімді жолдасымен жөндеп бітірген.

М. келісімді еңбек ақысын сұрағанда ол сіңлісінің үйін жөндеп берген соң есеп айырысатынын айтқан. М. ол үйді де жөндеп, еңбек ақысын сұрағанда Р. өз үйінен алтын заттардың жоғалғанын айтып, оның үлкен баласы А.: "алтын заттарды алған сенсің, сол үшін еңбек ақың берілмейді және екі жыл құл ретінде жұмыс істейсің, әйтпесе полиция қызметкерлеріне тапсырамыз"-деп қорқытып, М-ның аяқ-қолын байлап қамап тастаған. М. ертеңінде таңертең аяқ-қолын шешіп босап, үстел үстінде тұрған арақты ішкеннен кейін асхана пышағымен ұйқтап жатқан А-ны көкірегіне 5 рет пышақ салып, ұйқыдан оянған Р-ды аса қатігездікпен 16 рет пышақ салып өлтірген. Осыдан кейін қарақшылықпен тонау мақсатында жәбірленушілердің 3 300 000 өзбек сомын (330 000 теңгеге тең) ұрлап, оқиға болған жерден қашып кеткен.

Сотталған М. апелляциялық шағымында жәбірленушілердің мүлкін иелену үшін емес, керісінше, оның ар-намысын таптап, алтын заттарды ұрладың деп жала жапқаны, тиісті еңбек ақысын бермегені, аяқ-қолын байлап ұрып-соққандары, полицияға тапсырамыз деп қорқытқандары және екі жыл құл болып тегін жұмыс істейсің деп қорлағандары үшін өлтіргенін көрсеткен. Ашық жатқан шкафтағы 50 000 Ақш долларына, алтын заттарға, теңгелерге тиіспей, өзінің жеке куәлігі мен жұмысы үшін тиесілі ақшаны алғанын айтып, әділ жаза қолдануды сұраған.

Алқа істегі деректерді зерттеп, үкім мынадай негіздерде өзгертілуге жатады деген тұжырымға келген.

Сотталған М., жәбірленушілер А., Р-ды өзіне тиісті еңбек ақысын бермегені, алтын заттарды ұрладың деп жала жапқаны, ұрып-соғып қамағандары үшін ызаланып, қасақана пышақтап өлтірді деген сот тұжырымы басты сот талқылауында тексерілген деректермен дұрыс негізделген.

Алайда, алқа бірінші сатыдағы соттың сотталған М. жәбірленушілерді пайдақорлық ниетпен, мүлкін иемдену үшін және Р-ды аса қатыгездікпен өлтірді деген тұжырымын негізсіз деп санайды.

Сотталған М-ның сот мәжілісінде берген жауаптары мен апелляциялық шағымындағы уәждері шындыққа сәйкес келеді. Сондықтан М. жәбірленушілердің мүлкін иелену үшін пайдақорлақ ниетпен қарақшылық шабуыл жасады деуге заңды негіз жоқ. Ол бас араздығымен қасақана кісі өлтірген және олардың мүлкін (ақшасын) жасырын ұрлаған. Сол себепті М-ның қылмыстық әрекеттері ҚК 179-бабы 2-бөлігінің "г" тармағынан ҚК 175-бабының 1-бөлігімен қайта дәрежеленуге жатады. Сонымен қатар, оның әрекеттерінде ҚК 96-бабы 2-бөлігінің "д,з" тармақтары бойынша, яғни пайда табу мақсатымен, аса қатігездікпен кісі өлтіру дәрежелеу белгілері болмағандықтан, үкімнен шығарылуға жатады.



Алқа М-ның қылмыс көлемінің азаюын, бұрын сотталмағанын, жастығын, өз еркімен құқық қорғау органына келіп айыбын мойындағанын жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін, ал қылмыстың сипаты мен қауіптілік дәрежесін, ауыр зардаптарын ауырлататын мән-жайлар деп тауып, оған ҚК 52-бабында көзделген жаза тағайындаудың жалпы негіздерін ұстанып, жаза тағайындау қажет деп шешті. Сондай-ақ М-ның апелляциялық шағымындағы тиісті еңбек ақысын алғаны және пайдақорлық ниеті болмағаны туралы уәждерін негізсіз деп тапты, өйткені ол тиісті еңбек ақысының сомасынан бірнеше есе көп мөлшердегі ақшаны жасырын ұрлағандықтан шағымы ішінара қанағаттандырылуға жатады.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы ҚІЖК 411-бабының 3-бөлігін басшылыққа алып, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының М-ға қатысты үкімін өзгертті. ҚК 96-бабы 2-бөлігінің "д,з" тармақтарымен дәрежеленген бөлігін шығарып тастауға, ҚК 96-бабы 2-бөлігінің "а" тармағымен бас бостандығынан айыру жазасын 14 жылға дейін төмендетуге, мүлкін тәркілеуге, оның әрекеттеріндегі ҚК 179-бабы 2-бөлігінің "г" тармағын ҚК 175-бабының 1-бөлігімен қайта дәрежелеп 3 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес, жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 15 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге, үкімнің қалған бөлігін өзгеріссіз қалдыруға қаулы етті.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет