Желтоқсан жаңҒырығы намыс-ұлтты құтқаратын қасиет



жүктеу 129.94 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі129.94 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 9514b69afd8379dc462572d8001c3cc0 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Сот тәжiрибесi мейiрхан Әмiров
ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ
Намыс–ұлтты құтқаратын қасиет
кеумiздiң арамызда рухани сабақтастықтың нәзiк тiнi жатқандай болып көрiнедi де тұрады. Облыстық сотқа қызметке 1998 жылы келiппiз. Ол – аудандық сот төрағалығынан, мен – облыстық газеттегi тiлшiлiктен келдiм. Темiржан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы, облыстың шалғай ауданынан келген қолында билiгi бар ұлтжанды азаматтардың бiрi болса, менiң сол жылдары Темiржан туып - өсiп, судьялық қызметте болған Жалпақтал (кезiндегi Фурманов, кейiн Жалпақтал, Казталовка ауданы болып өзгердi. Авт.) өңiрiндегi саяси қуғын-сүргiн оқиғасы, сталиндiк өктем билiк пәрменiмен жазықсыз жазаланған ұлтжанды жастардың “Қазақ халқын қорғаушылар одағы” деп аталатын жасырын ұйымы жайлы мәселенi баспасөз беттерiнде үздiксiз көтерiп, қайран боздақтардың рухын жебеп жүрген кезiм. Күндердiң күнiнде қазақ халқының елдiгiн көксеп, жасырын ұйым құрмақ ниеттерi үшiн өктемдiктiң жалынына шарпылған жастар өнген топырақтан өсiп-өнген бiр азамат облыстық соттың судьясы дәрежесiне көтерiлiп, сол боздақтардың жоқшысы болып жүрген журналист соттың баспасөз хатшысы болып, бастары әдiлет шаңырағында қосылып, ниеттерi үндесiп жатса бұл қандай құдiреттiң күшi?!

Бұл өтпелi жылдардың шекарасы iспеттi кезең едi. Елiмiздiң 1995 жылғы жаңа Конституциясына сәйкестi мемлекеттiң конституциялық билiк тармақтарының ажыратылып, мемлекеттiк билiктiң әр тармағы дербес билiк мәртебесiн тұжырымдап жатқан кез. Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасы мен Ата заңымызға сәйкестi жаңа заңдар қабылданып, күшiне енiп, елiмiздiң сот жүйесiнде де құрылымдық жағынан үлкен өзгерiстер жүрiп жатты. Облыстық сот азаматтық, қылмыстық, шаруашылық iстер жөнiндегi сот алқалары, дербес есеп-қисап бөлiмi де бар мемлекеттiк орган болып қалыптасты. Заман талабына сәйкестi сотқа судьялар мен заңгерлерден басқа өмiрдiң басқа салаларынан да түрлi мамандық иелерi келiп жатты. Солардың бiрi – осы жолдардың авторы.

Қызметiне дәл уақытында тiкесiнен келiп, сағат тiлiмен туралай шығып, бiр iзбен кетiп бара жататын сырбаз, мәдениеттi, зиялы азаматтың сыртқы жүрiс- тұрысының өзiнен қазақтың тәлiмдi шаңырағында өскен әдептi ұлдың келбетi көрiнгендей едi. Жұмыс бөлмесi қай кезде барсаң да қыздың жасауындай мөлдiреп, қағаздар мен құжаттар, мерзiмдiк басылымдар орын-орынында жып-жинақы хатталып, моншақтай тiзiлiп тұрады. Келген-кеткендi iзетпен қарсы алып, құрметпен шығарып салады. Iсiне мығым. Қызмет бабындағы мәселелердi сол бойда шешiп, жалтақтамай, созбаламай қиып түсетiн қасиетi аңғарылады. Бiр ұжымда iстегесiн Темақаңның адами қасиеттерiне қаныға түстiм. Өз ортасында Темақаң әзiл-қалжыңның шеберi екен. Тауып айтады. Сөздi астарлы, терең саптайды. Жаны мәрт те, нәзiк. Ақынжанды. Демалыс кештерiнде қазақ ақындарының мағыналы, отты жыр шумақтарын жатқа оқығанын талай көрдiк. Сол жылдарда сот қызметкерлерi арасында өткiзiлген мақал-мәтел сайысына қатысып, алдына жан салмағаны есiмде. Судьялардың арасында рухани дүниесi кең Темақаңдай азаматтардың жүргенi сот жүйесiне қызметке ауысып, журналистiк ортадан шартты түрде болса да iрге ажыратқан маған әжептәуiр рухани тыныс бердi.

Бiр аңғарғаным – Темақаң жыл сайын бапасөзге шығатын тақырыптардың жоспарын бергенде Желтоқсан оқиғасына қатысты мәселенi елеусiз қалдырмайды. Оның бұл оқиғаға қатысушылардың бiрi екенiн сол алғашқы жылдары-ақ бiлдiк. Кешiкпей Темақаңның бұл сырына жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi де қанығып алып, жыл сайын 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын еске алатын шамада Темақаңды түрлi кездесулерге шақырып, сұхбаттар алуды дәстүрге айналдырып алды. Iзеттi азамат ондай жиындардан да, сұхбаттардан да бас тартпайды. Желтоқсанда көзi көрiп, бастан кешкендерiн, заңгер ретiнде желтоқсан оқиғасына көзқарастарын ашық айтудан тайынғанын да, тайсалғанын да көрген жоқпын. Бiр ұжымда iстейтiн әрiптес, әрi рухтас, сыйлас адамдар ретiнде Темақаңмен желтоқсан оқиғасы жөнiнде кеңiрек пiкiрлесудiң де сәтi түстi.

– Желтоқсан оқиғасының болғанына 20 жылдан асып отыр ғой – деп бастады әңгiмесiн Темақаң. – Осыған байланысты баспасөз беттерiнде арнайы айдар ашып, атаулы күндi жалпыұлттық көлемде атап өтуге әзiрлiктi қыздыратын, қоғамдық пiкiрге қозғау салатын уақыт келдi. Мен желтоқсан оқиғасын ұйымдастырушылардың бiрi болдым деп батырсынайын деп отырған жоқпын. Бiрақ желтоқсан оқиғасына қатысушы және ол толқудың дұрыстығын заңгер ретiнде кезiнде алаңда болған өзiмнiң замандастарыма түсiндiруге ұйытқы болғанымды мен ешқашан, ешкiмнен жасырған емеспiн.

Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ жастары түгел дерлiк жазаланды, қуғындалды, оқитындары оқудан шығарылды ғой. Бұл теперiштен қайтiп аман қалдыңыз?

– Мүлдем шет қалдық дей алмаймын. Бiрақ, бiздi, бiз сияқты оқиға ортасында жүрген бiрқатар адамдарды жазалауға кезiнде iлiк табылмай қалған жағдайлар болды. Мысалы, бiздер ол кезде Қазақ мелекеттiк университетiнiң заң факультетiнiң соңғы курсында оқитынбыз. Көпшiлiгiмiз Алматыдағы прокуратура, тергеу органдарында өндiрiстiк тәжiрибеден өтiп жатқанбыз. Ол кезде прокуратура сүзгiсiнен өтпейтiн iс жоқ. Көпшiлiк студенттер мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң түсiрген кадрларынан алынған суреттер арқылы анықталып, айыпталып, қуғындалды ғой. Бiздер кадрлардан қылаң берген бiр-бiрiмiздiң суреттерiмiздi тауып, жойып отырдық. Желтоқсан оқиғасын тергегендер, көпшiлiгiмiзден күдiктенсе де, айып тағудың негiзiн таба алған жоқ. Бiрақ мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң құпия нұсқауы болған болуы керек, желтоқсан оқиғасына қатысты деп күдiк келтiрiлген бiз сияқты жас заңгерлердi ел жақта да сұраныс бола тұра жiбермей, әдейi қиян шеттерге асырды. Мысалы, менi Сiбiрге, Краснояр өлкесiнiң Большаямурт ауданына прокуратура тергеушiлiгiне жiбердi.

Ондай жолдамадан бас тартсаңыз қайтер едi?

– Бiрiншiден, кеңестiк жүйенiң ұлттық қауiпсiздiк қызметi бiздей күмәндi ұлт өкiлдерiн мемлекеттiк органның төңiрегiне жуытқысы келмесе де iлiк таба алмай жүргенiн түсiндiк. Екiншiден, ол кезде оқу орны жолдама берген жерге барып, қызмет өтiлiн өтемей қолға диплом берiлмейтiн және бұл мiндеттi шарт орындалмаса бес жыл оқығаныңның құны көк тиынға айналып, мансабыңның күлi көкке ұшатын. Кеңестiк заманда мансап мәнсiз болған жоқ. Заңгерлiк мансапты ұлт болашағы жолындағы күрестiң жолы ретiнде бағалауға түсiнiгiмiз жеткiлiктi едi.

Сол Желтоқсан оқиғасының ұйымдастырушылары да, қарсыластары да болды деп жатады. Бiрақ нағыз ұйымдастырушылардың да, өз ұлтына өзi қиянат жасағандардың да аттары аталмай келедi. Осы қалай?

– Желтоқсан – жастардың бұқаралық толқуы. Ол кеңестiк құрылыстың тоқырау кезеңiнiң шарықтау шегi болатын. Қазақ мемлекетiн басқаруға елде бұрын-соңды есiмi белгiсiз орыс ұлтының өкiлi – Колбиннiң әкелiнуi жалпы жұртшылық арасында Қазақстанды басқара алатын адамның Қазақстанда болмауы мүмкiн бе деген сауал туындатты. Республика басшылығына Колбиннiң келуiне үлкен де, кiшi де, шен-шекпендi де, қарапайым да адамдардың көпшiлiгi наразы болды. Жастар қай кезде де қоғамдық ахуалдың қалтқысы, барометрi ғой. Әсiресе, астанадағы саналы жастар-жұмысшылар мен студенттер орталықтың бұл басынуына, мемлекеттiң тұтастай ұлтты қорлаған мазағына шыдай алмады.

Бұл әрекет қазақ халқы ұлт зиялыларынан айырылды, елiн басқаратын бiр азаматы жоқ деген тұспалды бiлдiретiндiгiн көзi ашық, көкiрегi ояу кез келген сауатты қазақ түсiндi. Бiрақ бодандық қамытына бойы үйренiп, ұлттық намысты қорғауға батылы жетпеген аға ұрпақ болып жатқан оқиғаға қынжылса да, ұрандап алға шығуға дәрменсiз едi. Әрине, кейбiр белгiлi әдебиет пен мәдениет өкiлдерiнiң, iшiнара басқа да ұлт зиялыларының бүйрегi алаңға шыққан жастар жағына бұрылғандығы аз жазылып, аз айтылған жоқ. Желтоқсан оқиғасына тiкелей қатысушы жастар ұлттық толқуға қиянат жасаған сол кездегi билiк төңiрегiнде жүргендер, қазiр де сол маңнан ұзап кете қоймағандар екенiн iштей сезедi. Өз басым солаймын. Бiрақ бұлтартпас дәлелiмiз болмағасын олардың атын атап, түсiн түстеуге хақымыз да жоқ. Ерте ме, кеш пе ақиқаттың жеңетiнiн, қазақ халқының рухы асқақтайтынына кәмiл сенемiн. Елiмiздiң тәуелсiздiк алып, демократиялық жолмен даму қарқыны ақ пен қараның аражiгiн ажырата түскенiн көзiмiз көрiп отыр.

1986 жылғы желтоқсан қазақ ұлтының рухын сақтап қалған соңғы бұлқыныс. Қазақ сол жолы толқымағанда, тоталитарлық жүйеге қарсы айбат көрсетпегенде рухы бiржола сынуы, кеңестiк жүйенiң ғұмыры әлi бiраз созылып, Кеңестер Одағының қапталындағы талай халықтың ұлттық белгiсiнен мәңгi айырылуы ықтимал құбылыс болатын. Ата-баба аруағы қазақты қолдады. Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы кеңестiк жүйенiң iргесiн сөгудiң, демократиялық жаңару дәуiрiнiң бастауы болды.

Бiз, алаңға шыққан жастар, сол кезде Қазақстанда қазақ тiлiн бiлетiн қазақ ұлты 50 пайыздан да төмендеп, азшылыққа айналғанын, нақтырақ айтсақ елдегi қазақ тiлдi жергiлiктi ұлт өкiлдерi қазақтың 42 пайызын құрағандығы туралы ресми ақпаратты анық бiлдiк. Алаңға шыққан жастардың негiзгi бөлiгi қанында ана тiлiнiң бұлағы андыздаған ауыл балалары едi. Тiлi орысша шыққан, тамағы тоқ, көйлегi көк замандастарымыздың, коммунистiк партияның қатарына өтiп, саясат тұтқынына айналған жастардың алаңда шаруасы болған жоқ.

Алаңға шыққан жастар республиканы басқа ұлт өкiлi билемесiн деп үзiлдi-кесiлдi талап қойған да жоқ. Керiсiнше елдi қай ұлттың өкiлi болса да, осы қазақ елiнiң азаматы басқарсын деген сарын сезiлдi. Тiптi, жеме-жемге келгенде республика басшылығына сол кезде Қазақстаннның облыстарын басқарып отырған Мирошхин, Морозов, Протозановтардың есiмдерi де аталды. Бiрақ қазақ халқын мәңгi жасытуға құлшынған тоталитарлық жүйе өз дегенiн iстеп тынды.

- Темақа, Желтоқсан оқиғасы туралы сол кезде кейбiр орталық басылымдарда «Алматыда iшiмдiкке салынып, есiрткi тартқан қазақтың ұлтшыл жастарының арандатуы салдарынан көше тәртiпсiздiктерi болды»-деген сипаттағы ресми ақпарат жарияланғандығынан хабардармыз.

– Алаңға шыққандардың арасында мас, нашақор жастар болды деген сол арандатушылардың әрекетi. Ешкiм де iшiмдiк ұрттап, есiрткi шеккен жоқ. Рас, нағыз ашынған кезде жастар Колбиннiң суретi шыққан газеттердiң сандарын жыртып, отқа жақты.

Олар арандатып қана қойған жоқ, қазақ жастарының бейбiт шеруiн күшпен, аяусыз жаныштады ғой. Жастарды алаңнан қууға әскери операцияның әдiстерi қолданылды. Түнгi алаңға сансыз прожекторлардың жарығы самсатылып, сол жарықтың астымен келген жазалаушы жасақ жастарға лап қойды. Тоталитарлық жүйенiң өктемдiгiне қарсы бас көтерген жастарға орталық фашизм ұясын талқандағандай өшпендiлiк жасады.

Темақа, Сiздiң сөз саптауыңыздан сол кездегi аға ұрпаққа көңiл толмастық аңғарылатындай.

– Өз ұлтын сүйген жақсы. Нағыз мәрттiк те сол. Бiрақ қазақты ұлтшыл халық дей алмаймын. Қонақжай, дархан қазақтың бiр олқылығы аса аңғалдығында, тым сенгiштiгi мен елiктегiштiгiнде, әсiре интернационализмiнде жатқандай. Досына – жуас, момын, жауына – жүрекжұтқан, батыр ұлтпыз. Оған сол желтоқсан оқиғасы куә. Аға буын өз ұлтын, өз қанын, өз ұрпағын жан-тәнiмен қорғаған жоқ. Оған кейiн тәжiк, өзбек жерлерiндегi ұлтшылдықпен астасқан ұйымдасқан қылмыс оқиғаларын тексеруге жiберiлген мемлекеттiк тергеу бригадасының құрамында болғанымда көзiм жете түстi.

Ресейдiң Краснояр өлкесiнiң прокуратурасында қызмет атқарып, мiндетiмдi өтегеннен кейiн елге оралып, Жалпақтал аудандық прокуратурасының тергеушiлiгiнде iстеп жүрген кезiм. КСРО халық депутаттарының съезi өтiп, елде демократиялық леп соға бастаған шақ. КСРО прокуратурасының атышулы тергеушiлерi Гдлян мен Ивановтардың Өзбек, Тәжiк республикаларындағы мемлекеттiк ауқымдағы сыбайлас жемқорлық, ұйымдасқан қылмыс фактiлерiн әшкерелеп, сол қылмыстардың заңдылығын тексеру мақсатында Одақтас республика прокуратураларының тергеушiлерiнен құрылған тәуелсiз тергеу бригадасының құрамында Орта Азия республикаларына аттандық. Сондағы байқағаным – өзбектердiң де, тәжiк ағайындардың да билiк тетiгiн ұстаған азаматтары тәуелсiз тергеушiлер айыпталушының әрекетiнде қылмыс құрамы жоқ деуге келiссе болды, iстiң мән-жайын одан әрi қазбаламастан қандастарын құтқарып жiберуге құлшынып тұрады.

Ал, Желтоқсан оқиғасын тергеген ағаларымыздан өз ұлтына тап мұндай аса жанашырлық сезiлген жоқ. Сол тергеушiлердiң арасында жүргендiктен көре, бiле қалдық. Қазақ тергеушiлерiнiң кеңестiк жүйеге шектен тыс берiлгендiгi олардың өздерiнiң тегiн мән-мағынасыз, саяси сипатта жазықсыз жазалауға соқтырғанының куәсiмiз. Олар қандастарына iнi-қарындасым, ұл-қызым деп үздiкпей, желтоқсанға қатысқан әрбiр қазақ баласының артына шам алып түсуден жүз жанбады. Аға ұрпақтың кейбiр әрекеттерiне көңiлiмiздiң толмайтындығы осыдан. Ағаларымыз ұлт ұландарын ұлтарақтың астына таптады.

Өмiр қайшылықтардан тұрады. Өкiнiштерi де көп болғанымен елiмiз тәуелсiздiкке қол жеткiздi. Қоғамға демократия лебiн ала келген толқынның өзiңiздей өкiлдерi бүгiнде ел ағасы жасқа жетiп, билiктiң жалын тарақтай бастады. Табыссыз, абыройсыз да емессiз. Өзiңiз қызмет iстеп жүрген сот жүйесiнiң бағыт-бағдарына көзқарасыңыз қандай?

– Қазақта “Су iшкен құдығыңа түкiрме” деген қанатты сөз бар. Сот билiгi өз шырқау биiгiне беттеп келедi. Билiк тiзгiнi қолына тиген қазақ судьяларының арлы, намысты болғанын көксеймiн. Қазiргi кезде сот жүйесiнде жекелеген судьялардың қолындағы билiктi терiс мақсатқа пайдаланып пара алуы, басқа да қолайсыз масқара әрекеттерi шiнара болса да әшкереленiп қалып жатқаны алаңдатады. Ондай әрекеттердiң әрқайысының астарында ұлтына, мемлекетiне сатқындық пиғылы жатыр. Бұл судьяларды iрiктеу мен тағайындаудағы елеулi қателiктердiң салдары. Әлi де ұзап кете қоймаған өтпелi жылдарда елiмiздiң сот жүйесiне әрқилы адамдар, түрлi жолдармен өтiп кеттi. Тек заңгерлiк бiлiм – судьялықтың өлшемi бола алмайды. Судьялар құрамы тым жасарып кеттi. Жастары отызға толмаған судьялар бар. Бiлiмi жеткесiн, өмiрбаяны талапқа сай келiп, заңда көзделген ретпен судья болғасын оған кiмнiң, қандай дау айтуға құқығы бар?!. Дегенмен, әлi кеш емес. Судьялық жас деңгейiн қайта қараған жөн болар едi. Судья өмiрдi көрген, парасатты, салиқалы азаматтар арасынан сұрыпталуы керек. Әрбiр бiлiктi заңгердiң судьялыққа өзiндiк келу жолы болуы тиiс. Судья шешiм алып, үкiм шығарғанда заңға ғана емес, жүректiң әмiрiне де жүгiне бiлуi тиiс. Сондықтан судьяның ең төменгi жасы 35-тен төмен болмауы қажет деп есептеймiн. Ал жасы отыздың о жақ, бұ жағындағы судьядан заңға сай тұжырым күткенмен, өмiрге лайық шешiмдер шыға беруi екiталай.

Өз тағдырымнан бiр мысал келтiрейiн. Отыз жасымда бiр қылмыстық iстi қарап, ұрлық жасаған он сегiз жасар жас жiгiтке бас бостандығынан айыру жазасын белгiлегенiм есiмде. Тағайындалған жаза заңға сай болатын. Әлгi бейшара бiреудiң жалғыз ұлы едi. Үлкен өмiрдiң есiгiн терiс ашып, темiр тордың артына кете барды. Түрмеден шыққанда туберкулез ауруын жұқтырып келiп, жазғанның өмiрi қысқа болды. Сол бiр жаза есiме түскенде осы күнге дейiн қолайсызданам. Қазiр сондай қылмыс жасаған адамға бас бостандығынан айыру жазасын мүлде қолданбаған болар едiм. Албырттық салдарынан бiр тағдырды бүлдiрiп алғанымды көкiрегiм сезедi. Билiк өкiлеттiлiгiн заңға сай жүзеге асырсам да, жас тағдырға бәрiбiр қиянат жасағандай боламын да тұрамын. Сол бiр iшкi толғаныс менi көп мазалады. Айыпты болмасам да рухани тазарып, сол жiгiттiң артындағы туысқандарына жақсылық жасағым, қамқор болғым келдi де тұрды. Өтпелi жылдарда жаппай қысқартулар жүрiп жатқан кезде сол жiгiттiң жұмыссыз жүрген апасын жұмысқа орналастыруға көмектестiм.

Осы күнi де өзiмдей жас судьялар осы тектес қателiктерге жиi ұрынып жатады. Бәрi өмiр көрмегендiктен.
Түйiн
Дәстүрлi үздiк судья конкурсының қорытындысы шығарылатын болып, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы облыстық бөлiмшесiнiң конференциясы облыстық соттың алқа төрағаларының ұсыныстары бойынша жылдың үздiк судьялығына екi судьяның кандидатурасын жасырын дауысқа салды. Жабық таңдауда облыстық соттың қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасының судьясы Темiржан Нұртазаұлы Нұғмановтың жұлдызы жанды. Облыс судьяларының басым бөлiгi “Облыстың 2005 жылғы үзiк судьсы” атағына Т.Нұғмановты лайық деп тапты. Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық кеңесi бұл ұсынысты мақұлдап, Темақаң Батыс Қазақстан облысының “2005 жылғы үздiк судьясы” болып танылды.

Темiржан Нұртазаұлы шын мәнiндегi “жүзден жүйрiк...” саңлақ. Құрамында жүзден аса мүшесi бар Судьялар одағы облыстық бөлiмшесi мүшелерiнiң Темiржан Нұртазаұлын жылдың үзiк судья ретiнде тануы кездейсоқтық емес. Ол бiлiктi судья ғана емес, өзiнiң адамгершiлiгiмен, биiк парасатымен әрiптестерiнiң сый-құрметiне бөленген жан.

Тәжiрибелi судья бiрiншi сатыдағы және апелляциялық тәртiппен неғұрлым күрделi қылмыстық iстердi қарайды және соңғы үш жыл бедерiнде ол қараған қылмыстық iстердiң, шығарған қаулылардың бiр де бiреуi апелляциялық, не қадағалау сатысында бұзылған емес. Заңнамаларды iзгiлендiре отырып, қылмыстық жазаны өркениет дәстүрiнде қолдануды сұңғыла судья iс жүзiнде сынақтан өткiздi. Елiмiзде өлiм жазасына мораторий жариялануына байланысты аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерге ату жазасының орынына өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасын облыста тұңғыш қолданған да осы Темiржан Нұртазаұлы. Бұл үкiмдi Жоғарғы Сот күшiнде қалдырды.

Темiржан Ақжайық өңiрiнiң төл перзентi. Құм өңiрiне шектесiп жатқан Көктерек ауылынан шыққан, Нарынның нар тұлғаларының бiрi. Тұла бойында қазақтың ұлттық намысы айбар шашып тұрған, нағыз “кесектi ердiң сойы”.

Аманкелдi ШАХИН,

Батыс Қазақстан облыстық сотының



баспасөз хатшысы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет