Жер кодексі Сіздің білгіңіз келген нәрсе



жүктеу 1.9 Mb.
бет3/11
Дата28.04.2016
өлшемі1.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады

Мемлекеттік органдардың іс-қимылы.


Мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскесіне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын беру бойынша өтініштің негізінде:

  • Жергілікті атқарушы органның тапсырмасымен Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет сұралып отырған жер учаскесінің аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін алдын ала таңдауды ұйымдастырады.

  • Жер учаскесін пайдалану туралы ұсынысты жергілікті өкілді органның депутаттары, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар құрылған болса) өкілдері арасынан жергілікті атқарушы органдар құратын комиссия қарайды. Жергілікті атқарушы органның қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа адамдар да енгізілуі мүмкін. Егер жер учаскелерін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кіретін болса, онда жергілікті атқарушы орган жерге орналастыру ісін өз шешімімен бірге жоғары тұрған органға бекітуге жібереді.

  • Комиссия қорытындысының негізінде жерге орналастыру жобасы және жер учаскесін беру туралы немесе жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешімінің жобасы дайындалады, оның көшірмесі өтініш иесіне шешім қабылданғаннан кейін 7 күндік мерзімде табыс етіледі. Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту дәлелді болуға тиіс.

  • Жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет сатып алушымен жер учаскесін сатып алу – сату шартын жасасады, оған сатушы (жергілікті атқарушы орган) және сатып алушы қол қояды. Жер учаскесін сатып алу – сату шарты және жер учаскесінің сатып алу бағасын төлеу туралы құжат жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат беру үшін негіз болып табылады.

  • Белгілі бір жерде жер учаскесінің шекарасын белгілеу және жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат дайындау жұмыстарын жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензия алған азаматтар және тұлғалар (жерге орналастыру кәсібіндегі мамандандырылған мекеме) орындайды. Жер учаскесіне құқықты растайтын құжатты жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган береді.

Жер учаскесінің нақтылы шекарасы белгіленгенге және құқықты куәландыратын құжат (акт) берілгенге дейін оны пайдалануға жол берілмейді. Аталған норманы сақтамау әкімшілік жауаптылықты көздейді.

Кәмелетке толмаған адамдардың жер учаскелерін мұрагерлік тәртібімен алған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесіне құқық кәмелетке толғандарға беріледі.



  • Құқықты белгілейтін және құқықты куәләндыратын құжаттар негізінде жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу жүргізіледі. Меншік иелігіне және жер учаскесіне жер пайдалану құқықтары олар мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.


Жерге орналастыру жұмыстарын кімдер жүргізе алады?

Жерге орналастыру жұмыстарын мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.

Жерге орналастыру процесі мынадай кезеңдері қамтиды:

жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;

дайындық жұмыстары;

жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;

жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту;

жерге орналастыру жобасын орындау.



Жер учаскелерінің жеке меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініштері бойынша жерге орналастыру олардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі жұмыстарға тапсырыс берушінің қандай құқықтары бар?

Жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі тапсырыс берушінің:

-жеке өзі немесе өкілі арқылы жерге орналастыру процесінің барлық сатысында қатысуға;

-жерге орналастыру ісінің материалдарымен танысуға;

-өз ұсыныстарын қарауға енгізуге;

-жерге орналастыру процесінде туындаған келіспеушіліктерді шешуге қатысуға құқығы бар.


Қандай құжаттар жер учаскесін құқықтық куәләндыратын құжаттарға жатады?

Атқарушы органдардың жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері (құқық беру туралы шешімі), сатып алу-сату шарттары, оның ішінде ауыстырулар, сыйға беру немесе өзге де мәмілелер және сот органдарының жер учаскесіне жер пайдалану құқығын тану туралы шешімдері.


Қандай құжаттар жер учаскелеріне құқықты куәландырушы болып табылады?

Жер учаскесіне жеке меншік кезінде – жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер (2-қосымша).

Тұрақты жер пайдалану кезінде –тұрақты жер пайдалану құқығына актілер (3-қосымша).

Уақытша өтеулі жер пайдалану кезінде – тұрақты жер пайдалану кезінде – уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер (4-қосымша).

Уақытша өтеусіз жер пайдалану кезінде – уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілер (5-қосымша).

Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттардың нысандары Үкіметтің 2003 жылғы 22 тамыздағы №851 Қаулысымен бекітілген.


Егер жер учаскесі жер пайдалануда болатын болса, оны мемлекеттен жеке меншікке қалай сатып алуға болады?

Жергілікті атқарушы органға берілген жоғарыда аталған өтінішке мыналар қоса беріледі:

жер пайдалану құқығына акт немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

бюджеттің алдында берешегі бар немесе жоқ екендігі (жер салығы және (немесе) жер учаскелерін пайдалану төлем ақысы) туралы салық органының анықтамасы;

жер учаскесімен мәміле жасасуға кедергі келтіретін ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы жылжымайтын мүлік орталығынан анықтама;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша жер учаскесін кадасторлық құжаттама бойынша сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадасторлық (бағалау) құнын белгілейді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын дайындайды.

Жер учаскесін меншікке беру туралы шешім жер пайдаланушы жергілікті атқарушы органға жазбаша нысанда өтініш берген күннен бастап бір ай мерзімде қабылдануға тиіс.
Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін беру кезінде қандай ерекшеліктер болады?

Өтініште шаруа (фермер) қожалығының құрамы көрсетіледі.

Өтінішке шаруа (фермер) қожалығының басшысы және мүшелері қол қояды.

Өтінішке қосымша мыналар қоса беріледі:



  • ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы;

  • шаруашылық басшысының ауыл шаруашылығы өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын құжаттар, не тиісті білімі немесе арнайы даярлықтан өткені (шартты жер үлесіне құқығы жоқ азаматтар үшін) туралы құжат;

  • салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

  • шаруа (фермер) қожалығы басшысының мекен-жайы.

Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат шаруашылық (фермер) қожалығына рәсімделіп, ҚР жер туралы заңдарына сәйкес онда барлық меншік иелері (жер пайдаланушылар) көрсетіле отырып шаруа (фермер) қожалығының басшысына беріледі.
Ауыл шаруашылығы жерлерінің, ортақ меншіктегі немесе ортақ жер пайдаланудағы жерлер құрамынан шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін алу кезінде қандай ерекшеліктер болады?

Жоғарыда аталған тармақта көрсетілгендерден басқа, өтінішке қосымша бөлініп берілетін жер учаскесінің орналасқан жері туралы келісілген материалдар қоса беріледі.

Азаматтардың немесе ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы ұйымына беретін жер учаскесін бөліп беру туралы өтініштерін олар бір ай ішінде қарауға тиіс. Бұл ретте жер учаскесін нақтылы бөліп беру ауыл шаруашылық егіс жұмыстары басталғанға дейін не аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Қалған жағдайларда жер учаскесін нақтылы бөліп беру ауыл шаруашылығы ұйымының немесе ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың келісімімен жүргізіледі.

Аталған жағдайда аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы орган жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау үшін Комиссияның қорытындысы талап етілмейді. Жер учаскесіне құқық беру туралы аталған шешім жерге орналастыру жобасының негізінде қабылданады.





1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет