Жер кодексі Сіздің білгіңіз келген нәрсе



жүктеу 1.9 Mb.
бет4/11
Дата28.04.2016
өлшемі1.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады

ОРАЛМАНДАРҒА ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН БЕРУ



Оралмандарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қандай жағдайларда беріледі?

Оралмандар санатына жатқызылған азаматтарға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, 10 жылға дейінгі мерзіммен жер беріледі. Жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнаулы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және босалқы жерлерден беріледі, бірақ әкімдер өткізетін сауда –саттық (конкурстар, аукциондар) өткіз жалымен берілмейді.

Жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін жер учаскелері оралмандарға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен ауылдық елді мекендер, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнаулы жер жер қорынан және босалды жерлерден беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін берілген жер учаскелері. Жер кодекксінде белгіленген тәртіппенжәне шарттарда олардық жеке меншігіне өтеді.


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қандай шарттамен беріледі?
Шешелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ауыл шаруа шылығындағы жер учаскелері, кепілге салуды қоспағанда, жалдау құқығымен барлық мәмілелерді жасасуға тыйым салу шартымен 10 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеуліжер пайдалануға беріледі.
ШАРТТЫ ЖЕР ҮЛЕСІНЕ ҚҰҚЫҚҚА БИЛІК ЕТУ ЖӘНЕ

ЖЕР КОДЕКСІНІҢ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Шартты жер үлесіне құқықтың иелері, егер олар осы құқықты бұрын жалға беріп қойса не істеулері керек?

Олар 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін бұл құқығын осы Кодексте көзделген тәртіп пен және шарттарда төменде көрсетілген іс-әрекеттің бірін жасау арқылы іске асыруға міндетті:



  1. жер учаскесін жеке меншікке сатып алу;

  2. жеке шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін дербес жүргізу үшін жер учаскесін уақытша ортақ немесе бөлек жер пайдалануға алу;

  3. шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру.

Бұл ретте жер учаскесін шартты жер үлестерінің есебіне бөліп беру (түзу) жерге орналастыру тәртібімен жүзеге асырылады.

Жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы туындаған сәттен бастап бұрынғы шарттар (шартты жер үлесіне құқығын жалға беру шарты және жер учаскесін жалға алынған үлестер есебіне жалдау шарты (өтеусіз жер пайдалану) күшін жояды.

Егер шартты жер үлесіне құқықтың иесі осы тармақта жоғарыда санамаланған іс-әрекеттің біреуін 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін орындамайтын болса, оның шартты үлесіне құқығы күшін жояды, ал жер учаскесі ауданның арнаулы жер қорының есебіне өтеді.

Шартты жер үлесіне құқыққа байланысты барлық даулар сот тәртібімен қаралады.



Шартты жер үлесіне құқықты шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру қалай жүргізіледі?
Шаруашылық субъектілерінің жарғылық капиталдарына (мүлік) мүліктік жарғы енгізу жөніндегі азаматтық заңдарда берілген нормалар ескеріле отырып, оларға жер учаскесіне құқықты енгізудің мынадай тәртіптері ұсынылуы мүмкін.

  1. Жер пайдалану құқығын немесе шартты жер үлесіне құқығын шаруашылық субъектілерінің жарғылық капиталына салым ретінде беру туралы шешім қабылдаған осы құқықтардың иелері шаруашылық субъектісіне өтініш береді.

Өзінің жерге құқығын шаруа қожалықтарына берген тұлғалар тараптардың келісімі бойынша бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарттың негізінде қарапайым серіктестік құра алады.

  1. Шаруашылық субъектілерінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданады:

өндірістік кооперативтер үшін – жалпы жиналыстың жарғылық капиталға қосымша мүліктік жарғылар енгізу және кооператив мүшелеріне оның мүшелікке кіру жарнасының мөлшері мен түрін растайтын құжат беру туралы шешімі;

шаруашылық серіктестігі үшін - жалпы жиналыстың жарғылық капиталға қосымша мүліктік жарғылар енгізу және құрылтай шартына қосылу туралы шартты рәсімдеу (шартқа серіктестік органның уәкілетті басшысы және мүшелікке кірген қатысушы қол қойып, нотариат куәландыруға тиіс) туралы шешімі;

акционерлік қоғамдар үшін – акционерлердің тізімін түзу және акционерлік қоғам құрылтайшыларының жалпы жиналысын өткізіп, жарғының жаңа редакциясын бекіту.
Өндірістік кооперативтің, шаруашылық серіктестігінің және акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары құрылтай шарты және (немесе) жарғы болып табылады.

Нақты шаруашылық субъектісінің құрылтай құжаттары мыналарды қамтиды: оның фирмалық атауы, орналасқан орны және мекен-жайы; құрылтайшылардың тізбесі, олардың құқықтары мен міндеттемелері; шаруашылық субъектісінің меншігіне қатысушылардың мүлкін беру және олардың оның қызметіне қатысу шарттары; таза кірісті құрылтайшылар арасында бөлу және құрылтайшылардың оның құрамынан шығу шарттары мен тәртіптері; әрбір қатысушының үлестерінің мөлшері туралы шарттар; қатысушылардың жарғылық капиталға салымдар енгізуінің мөлшері, құрамы, мерзімі және тәртібі; сондай-ақ заң актілерінде көзделген өзге де мәліметтер.


ҚР Азаматтық кодексінің 34-бабына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға тек мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысанында ғана құрылуы мүмкін.

Шаруашылық серіктестігі – жарғылық капиталмен құрылтай­шылардың (қатысушылардың) үлестеріне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым. Мүлік шаруашылыққа меншік құқығымен тиесілі болады.

Шаруашылық серіктестігін оның жалғыз қатысушысы болатын бір тұлға да құра алады.

Шаруашылық серіктестігі:


  • толық серіктестік;

  • командиттік серіктестік;

  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

  • қосымша жауапкершілікті серіктестік нысанында құрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғам – өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғамды бір тұлға да құра алады немесе акционер қоғамның барлық акцияларын сатып алған жағдайда бір тұлғадан ғана тұруы мүмкін.

Өндірістік кооператив – азаматтардың өзінің жеке басының еңбек етіп қатысуына және оның мүшелерінің мүліктік жарғыларын біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелікке негізделген ерікті бірлестігі.
3) Салымдарды бағалау тараптардың келісімі жолымен немесе аудитор тарту жолымен сараптама өткізу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте маңызды сәт әрбір қатысушы салымының жарғылық капиталдың жалпы сомасына қатысын айқындау болып табылады. Осындай жұмыстар өткізген жекелеген шаруашылық субъектілерінің тәжірибесі салым ретінде берілген жерге құқықтың жалпы үлес салмағы жарғылық капитал құрылымында 20-25% -тен аспайтынын, кейбір жағдайларда 5-10% -тен аспайтынын, яғни жалдау төлемінің үлес салмағына немесе қатысушыларға (бұрынғы жалға берушілерге) төленетін дивидендтерге тең болатынын көрсетті.

Шаруашылық субъектісі қатысушыларының жарғылық капиталға салым үлесін айқындау кезінде негізгі принцип мыналар болып табылады:



Қатысушылардың жарғылық капиталға жалпы салымының үлесіне сәйкес келетін таза табыстың бір бөлігі олардың арасында олардың жер учаскесінің (жер үлесінің) мөлшеріне пропорционалды бөлінеді және ол былайша көрініс табады.
Жер учаскесі шаруашылық субъектісінің жарғылық капиталына

енгізілген пайданы бөлудің үлгілік схемасы




Барлық жарғылық капитал 1000 000 теңге
оның ішінде 20% (200 000 теңге) –

жер учаскелерінің мөлшеріне пропорционалды бөлінетін енгізілген

жер үлестерінің құны






Барлығы:

таза табы, мысалға,

500 000 теңгеңі (100 %) құрады





















  1. Шаруашылық субъектісінің жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасы жасалады. Жергілікті атқарушы органның жер учаскесін беру туралы шешімі қабылданады. Жоба затқа айналдырылып, жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттар беріледі.

  2. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жүргізіледі. Акционерлік қоғамдар үшін – сонымен бірге акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу жүргізіледі.


Шаруашылық субъектісі қатысушыларының құрамынан шыққан кезде жер учаскесін бөліп беру қалай жүзеге асырылады?

Жер учаскесіне тиесілі құқығын берген, соның ішінде шартты жер үлесіне құқығын шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарғы ретінде берген азаматтардың қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін, жер учаскесін қоса алғанда, үлесін немесе пайын заттай бөліп алуға (бөліп шығаруға), не өз тілегі бойынша үлестің немесе пайдың құнын төлетіп алуға құқығы бар.

Шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің мүшесі жарғылық капиталға тек пайдалануға берген жер учаскесі заттық нысанда сыйақысыз қайтырылады.

Қатысушылар (мүшелер) құрамынан шығу туралы өтініш болжанып отырған учаскенің орналасу жері көрсетіле отырып, ауыл шаруашылығы ұйымына беріледі.

Шаруашылық қожалығын ұйымдастыру үшін үлес немесе пай есебіне заттай бөлінетін жер учаскесінің орналасу орны шаруашылық серіктестерінің, өндірістік кооперативтерінің немесе тараптардың келісімінің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен айқындалады.

Құрылтай құжаттарында жер учаскесін бөліп берілетін жер учаскесінің орналасу орыны келісім рәсімдерін жүргізу жолымен не жалпы меншік келісімін жалпы жер пайдаланушылардың қатысушыларының немесе олардың өкілдерінің жалпы жиналысының шешімінің негізінде айқындалады. Жиналыс хабардар етілген сәттен бастап бір ай ішінде өтуге тиіс және жалпы меншік иелігіне (жалпы жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің кемінде 50% - інің қатысуы кезінде заңды болып саналады. Шешім үлес меншігінің қатысушыларының (үлестік жер пайдаланушылардың) немесе олардың өкілдерінің жиналысына қатысып отырғандардың дауыстарының көпшілігімен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға үлестік меншік иелерінің (үлестік жер пайдаланудың) немесе олардың өкілдерінің барлық қатысқан қатысушылары қол қояды.

Егер тиісті хабардар ету күнінен бастап бір ай ішінде үлестік меншікке қатысушылардан (үлестік жер пайдаланудан), жер учаскесінің орналасқан жері туралы ұсыныс түспесе, ол келісілген деп есептеледі.

Бөлініп берілген жер учаскелерінің кадастрлық бағалануы шаруашылық бойынша (алқаптар бойынша) орташа деңгейде болуға тиіс.


Қосалқы жалдау шарттарының қолданысын тоқтату туралы.

Жер пайдалану құқығымен өздеріне тиесілі жер учаскелерін шаруашылық (фермерлік) қожалық және тауарлық ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалдау) берген азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шарттарын бұзуға міндетті.

Бұл ретте аталған тұлғалардың:


  • жер учаскесін жеке меншікке сатып алуға;

  • шаруа (фермер) қожалығын немесе тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу жөніндегі қызметпен дербес айналысуына;

  • жер пайдалану құқығын салым немесе жарна ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық қорына беруге құқығы бар.

Жалға берушілердің аталған құқықтары іске асырылмаған жағдайда, кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шарттарды бұзу және жер пайдаланушылар (жалға берушілер) құқықтарының тоқтатылуы жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады, ал кейінгі жер пайдалануға берілген жер учаскелері алып қойылады және ауданның арнайы жер қорына енгізіледі.
Тұрақты жер пайдаланудың бұған дейін сатып алғанын құқығына қалай билік етуге болады?

Шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын мемлекеттен бұған дейін сатып алған шаруашылық субъектілері Жер кодексі қолданысқа енгізілген сәттен (2003 жылғы 6 шілдеден) бастап Кодексте белгіленген жер учаскелері нормаларының шегінде жеке меншік құқығын сатып алуға қосымша төлемақы алынбай, жер учаскелерінің меншік иелеріне айналады. Жер учаскесіне жер пайдалану құқығына бұдан бұрын берілген актінің, көрсетілген өзгерістері ескеріле отырып, заңдық күші сақталады. Бұл актілерді жаңасына ауыстыру құқық иелерінің қалауы бойынша жүзеге асырылады.


Мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары жекешелен­ді­ретін жер учаскелерін бөлудің тәртібі қандай?

Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын ауыл шаруашылық ұйымдарының ауыл шаруашылық алқаптары олардың жер пайдалану шекарасының шегінде:



  1. елді мекендер шегіне кіретін;

  2. ауданның арнайы жер қоры құрамына енгізілген;

  3. нормадан тыс радиациялық ластануға ұшыраған немесе халықтың өмірі мен денсаулығына өзгедей қатер төндіретін;

  4. пайдалы қазбаларды әзірлеу кезінде бүлінген және өз мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамды күйге келтіріліп жаңғыртылмаған;

  5. шалғайдағы мал шаруашылығының уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелерін қоспағанда, шартты жер үлестеріне бөліске жатады.

Бұл ретте жер үлесінің мөлшері ауыл шаруашылығы ұйымының жер пайдалануындағы ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы алаңын шартты жер үлесіне құқығы бар адамдар санына бөлу арқылы – балл–гектармен (көлемге көбейтілген топырақ бонитетінің балы) есептеп шығарылады.

Шартты жер үлесі мөлшерін анықтау нәтижелері және шартты жер үлесіне құқығы бар азаматтардың тізімі жекешелендірілетін шаруашылықтың еңбек ұжымының жалпы жиналысының шешімімен бекітіліп, хаттамамен ресімделіп, аудандық (қалалық) атқарушы органда бекітілуге тиіс. Содан кейін шартты жер үлесіне құқық туралы куәлік рәсімделеді.






1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет