Жер кодексі Сіздің білгіңіз келген нәрсе



жүктеу 1.9 Mb.
бет5/11
Дата28.04.2016
өлшемі1.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады

ЖЕР ҮШІН ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕР



Қандай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне салық салынады?

Меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусіз жер пайдаланудағы жер учаскелеріне ҚР салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады.

Уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) мемлекет берген жер учаскелері үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынады.
Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекет жеке меншікке берген кезде ауыл шаруашылығы алқаптарының 1 гектары қанша тұрады?

Мемлекеттік ауыл шаруашылық мақсаттар үшін жеке меншікке беретін нақты жер учаскесінің бағалау құнын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган ҚР Үкіметі бекіткен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарының түріне және учаскенің қай облыста екендігіне қарай (7-қосымша) айқындалады, ол республика бойынша шамамен мынадай ауытқып тұрады:


Егістік - 1 га үшін 7800-ден – 55600 теңгеге дейін

Суармалы егістік – 1 га үшін 31700-ден - 2044 500 теңгеге дейін

Шабындықтар – 1 га үшін 3100-ден – 18100 теңгеге дейін

Жайылымдар – 1 га үшін 1700-ден – 12800 теңгеге дейін


Жер учаскесі үшін толемнің базалық ставкаларына жердің мелорациялық жай–күйіне, жер бетінің еңістігіне, сумен қамтамасыз етілуіне, шаруашылық орталығына және қызмет көрсету орталықтарына қатысты орналасуына, жол сапасына қарай түзету (арттыратын немесе кемітетін) коффициенттері қолданылады.

Бірнеше факторлар болған кезде – коффициенттер көбейтіледі. Бұл ретте арттыратын немесе кемітетін коффициенттер ҚР Үкіметі белгілеген базалық ставкалардың 50% -нен аспауға тиіс.

Алқаптардың түрі мен топырақтың құнарлығы бойынша жер учаскесінің сапалық жай–күйі: жер – кадастр карталары, топырақ, геоботаникалық, топырақ–мелиорациялық және басқа зерттеу материалдары негізінде белгіленеді.

Нақты жер учаскесінің бағалау құны жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен рәсімделеді.

ҚР азаматтарына ақысыз берудің белгіленген нормаларының үстіне жеке үй (қосалқы) шаруашылық, бағбандық және саяжай жер учаскелерінің бағалау құны бағаланып отырған учаскеге неғұрлым жақын орналасқан селолық елді мекендердің жер учаскесі үшін төленетін базалық ставкалардан шыға отырып айқындалады.
Жер учаскелерін мемлекет жалға берген кезде олар үшін төлемақы мөлшері қанша болады?

Жер үшін жалдау төлемақысының мөлшері, шарттары және оның енгізілу мерзімі шартпен белгіленеді.

Жер учаскесі үшін жыл сайынғы жалдау төлемақысының мөлшерін, ҚР Салық заңдарына сәйкес жер учаскесі бойынша есептеп шығарылған жер салығының мөлшерінде белгіленген, жалға берген кезде жер учаскесі үшін төлемақының базалық ставкасының 100-120%-і шегінде Үкімет (ҚР Ү 2003 жылғы 2 қыркүйектегі №890 Қ) белгілетген (6-қосымша)
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлемдерінің мөлшері қандай?

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеп белгіленеді және ҚР Салық кодексіне сәйкес топырақтың құнарлылығы бойынша (аймағына, топырақ түріне және бонитет балына қарай) сараланады (6-қосымша).


Жеке тұлғаларға өзіндік үй (қосалқы) шаруашылықғын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық ставкалары.

Құрылыс үшін қамтылған жерлерді қоса алғанда, өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген ауыл мақсатындағы жерлерге базалық салық ставкалары мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

қоса алғанда 0,5 гектарға дейінгі алаңға – 0,01 гектар үшін 20 теңге;

0,5 гектардан асатын алаңға – 0,01 гектар үшін 100 теңге.


Ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерге салық ставкалары

Ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланатын елді мекендер пункттері, өнеркәсіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құрамына кіретін жер учаскелеріне Салық кодексіне белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.


ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН БЕРУ НОРМАЛАРЫ
Жер учаскелерін жеке меншікке беру нормалары.

ҚР азаматтарындағы шаруа қожалығын (фермерлікті) жүргізу үшін және мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жеке меншік құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері әрбір әкімшілік аудан (қала) бойынша ҚР ҮҚ 2003ж. 22 қазандағы №1071 (9-қосымша) бекітілген және республика бойынша шамамен мынадай шектерде ауытқып тұрады:

ҚР азаматтарында, барлығы 30-дан 25000 га дейін, оның ішінде суармалысы – 1-ден –1400 га дейін.

ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның аффилиирдендірілген тұлғасында, барлығы 150-ден 240 000 га дейін, оның ішінде суармалысы 5-тен 19 000 га дейін.


Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жер пайдалануға беру нормалары.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері жер пайдалануға Қазақстан Республикасының азаматтарына мынадай мөлшерде тегін беріледі:



  • ауыл шаруашылығы ұйымдарының (кәсіпорындарының) жерлерінен аталған ұйым бойынша жер (шартты жер) үлесіне құқығы бар отбасының әрбір мүшесіне орта жер (шартты жер) үлесі мөлшерінде;

  • арнайы жер қорының жерлерінен - шаруашылық ұйымдастырғысы келген отбасының еңбекке қабылетті мүшелерінің әрбіріне орташа аудандық жер (шартты жер) үлесі мөлшерінде.


ЖЕРГЕ ИЕЛІК ЕТУ



Жер учаскесіне құқықтардың шектері

Жер учаскесіне құқық осы учаскенің шекарасындағы топырақтың үстіңгі қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады.


Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың құқықтары:

жерде дербес шаруашылық жүргізу;

уақытша өтеусіз және қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын қоспағанда, жеке меншік және уақытша жер пайдалану құқығын кепілге беру;

жер учаскесі мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қойылған (сатып алынған) жағдайда келтірілген шығынды толық көлемінде өтетіп алу;

жер пайдаланудың айрықша режимі белгіленуіне байланысты жер пайдалану құқығына шектеу қойылған жағдайда шығынды толық көлемінде өтетіп алу;

топырақ құнарлығының бүлінуіне әкеп соғатын, су режимін нашарлататын, ауыл шаруашылығы дақылдары мен екпелеріне зиянды заттар бөліп шығаратын объектілерді салу мен пайдалану нәтижесінде жер сапасы нашарлаған жағдайларда шығынды толық көлемінде өтетіп алу;

өтемақы мөлшерін айқындау кезінде меншік иесінің, жер пайдаланушының және жалға алушының жер учаскесін игеруге, оны пайдалануға, қорғау іс-шараларын жүргізуге, топырақ құнарлығын арттыруға байланысты шығындардың инфляциясы есепке алынған құнын, сондай-ақ алынбай қалған пайданы, соның ішінде:

жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының нарықтық құнын;

жеміс ағаштары мен көп жылдық екпелерді қоса алғанда, учаскедегі жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын;

жер учаскесін игеруге, оны пайдалануға, қорғау іс-шараларын жүргізуге, топырақ құнын арттыруға байланысты шығындардың инфляциясы есепке алынған құнын;

меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға үшінші тұлғалар алдындағы өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты келтірілген шығынды қоса алғанда, олардан жер учаскесін алып қоюмен байланысты келтірілген барлық шығынды;

алынбай қалған пайданы өтетін алуға құқығы бар.

Мына тармақтарда көзделген құқықтарға жер пайдалану құқығын беру актісімен немесе жалдау шартымен шектеу қойылуы мүмкін:

өз шаруашылығының қажеттері үшін жер учаскесінде бар кең таралған пайдалы қазбаларды, шымтезекті, сазды, құмды, қиыршық тасты, сондай-ақ орман (екпелер) алқаптарын, су объектілерін, жер асты ауыз суларын пайдалану;

тұрғын үйлер, өндірістік, тұрмыстық, мәдени-тұрмыстық және өзге де құрылыстар, ғимараттар салу;

ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен екпелер себу мен отырғызу, өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі мен жер учаскесін пайдалану нәтижесінде алынған өзге де өнімге және оны өткізуден түскен табысқа меншік;

белгіленген тәртіппен, жер учаскелерін пайдаланудың табиғат қорғау талаптарына сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстар жүргізу, тоғандар мен өзге де су айдындарын жасау;

өз жерлерінің мелиорациялық мәселелерін шешуге қатысу.


Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың міндеттері:

Меншік иелері, жер пайдаланушылар және жалға алушылар:

Жерді нысаналы мақсатына сәйкес және жер учаскесін беру актісіне немесе жалдау шартына сәйкес тиімді пайдалануға;

Оның құнарлығын көтеруге;

Жер учаскесін пайдалану төлемақысы мен жер салығын және ҚР заң мен шартта көзделген басқа да төлемақыларды уақтылы төлеуге;

Мемлекеттік органдарға ҚР жер заңдарында белгіленген жердің жай-күйі мен пайдалануы туралы мәліметтерді уақтылы табыс етіп отыруға;

Санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес табиғат қорғау технологияларын қолдануға;

Аумақта өз шаруашылық қызметінің нәтижесінде экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге;

Жерді құнарсызданудан және шөлейтенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен ластанудан қорғау жөніндегі, ауыл шаруашылығы жерлерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

Басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;

ҚР жер заңдарында көзделген тәртіппен сервитуттар беруді қамтамасыз етуге міндетті.

Меншік иелерінің, жер пайдаланушылар мен жалға алушылардың құқықтары басқа жер пайдаланушылардың мүддесіне, сондай-ақ осы Кодексте және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда шектелінуі мүмкін.

Жер заңдарының бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет