Жер учаскесін сатып алу-сату Шарты Өскемен қаласы №2010 жылғы



жүктеу 44.47 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі44.47 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Жер учаскесін сатып алу-сату Шарты
Өскемен қаласы №____ 2010 жылғы _____________

Бiз, төменде қол қоюшылар, жер қатынастары саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің негізінде әрекет жасайтын, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Виктория Александровна Барсукова тұлғасында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының өкілетті органы бiрiншi тараптан және бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын Мусагали Ауезбекович Садыковтың атынан 2010 жылғы 29 қаңтардағы сенімхаттың негізінде әрекет жасайтын Асем Талгатовна Чакпантаева екiншi тараптан төмендегiдей Шарт жасадық:



1. Шарттың мәнi

1.1 Сатушы сатады, ал Сатып алушы Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 3813 қаулысының негізінде жер учаскесін шартқа қоса тіркелген жер учаскесінің жоспары бойынша (1-қосымша) сатып алады.

1.2 Жер телiмiнiң орналасқан жерi және оның деректерi:

Орналасқан жерi: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр атындағы және



Новаторлар көшелерінің қиылысында, «РЕЧНИК»

ГИТК, № 186 бокс

Кадастрлық нөмiрi: 05-085-073-611

Жалпы ауданы: 0,0024 га

Нысаналы мақсаты: гаражды орналастыру үшін

Пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар: жоқ

Бөлінуі немесе бөлінбеуі: бөлінбейді


2. Жер учаскесінің құны

2.1 Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемжерғылөнорталығының Шығыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Өскемен филиалымен анықталған және «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бекітілген жер учаскесінің бағалау құны 5812 (бес мың сегіз жүз он екі) теңге құрайды.

2.2 Жер учаскесін сатып алу бағасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысымен бекітілген жер үшін базалық төлем ставкалары бойынша, III шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының III сессиясының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 3/33-III шешімімен бекітілген түзету коэффициенттерінің ескерілуімен анықталды және 5812 (бес мың сегіз жүз он екі) теңгеге тең және Сатып алушымен осы Шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылатын жер учаскесінің құнын анықтау актісі

(2-қосымша) бойынша төленуі тиiс.


3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

3.1 Сатып алушының:

жер учаскесінің құнын толық төлеген соң және құқық куәландыру құжатын алған соң Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 25-бабы бойынша жер учаскесінің жеке меншік иесінің құқығын іске асыруға құқығы бар.

3.2 Сатушының'>Сатушының:

а) пайдаланылатын жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануды және пайдаланатын жерді қорғауды бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар;

б) Сатып алушы жер учаскесі үшін Шартпен белгіленген мерзімде төлем жасамаған жағдайда Сатушы сатылған жер учаскесінің төлемін төлеуді немесе жер учаскесін қайтаруды талап етуге құқығы бар.

3.3 Сатып алушы мiндет алады:

а) жер учаскесінің құнын Сатушыға Шартқа қол қойылған сәттен бастап 30 күн ішінде төлемдерді мына шотқа төлеуге:

Бенефициар: Өскемен қаласы бойынша салық комитетi.

СТН 181600000011, ИИК 000080900,

Бенефициар банкi - Астана қаласындағы Қазынашылық Комитет

БИК 195301070, код 303101

б) шарт талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, Шарт жасаған сәтте белгiленген жер телiмiн пайдаланудағы құқықтардың шектелуін және олардың ауыртпалықтарын сақтауға.

3.4 Сатушы мiндет алады:

а) Сатып алушыға жер учаскесін шарт жағдайына сәйкес тапсыруға;

б) жер учаскесіне барлық шектеулер мен ауыртпалықтары туралы Сатып алушыны хабарландыруға.


4. Тараптардың жауапкершiлiгi

4.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес Шарт талаптарының орындалмауына немесе ойдағыдай орындалмауына жауапкершiлiк артады.

4.2. Осы Шарттың 3.3 тармағының а) тармақшасында белгіленген мерзімде жер учаскесін сатып алу төлемi бұзылған жағдайда, «Сатып алушы» төлем төленуге тиісті күннен бастап «Сатып алушы» төлемді төлеген күнге дейін әрбiр өтiп кеткен күнге тұрақсыздық айыбын төлейдi. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiмен тағайындаған қайта қаржыландыру ставкаларынан есептеледі.
5. Дауларды қарау тәртiбi

Келiссөз жолымен шешiлуi мүмкiн емес шарттан туындайтын барлық келiспеушiлiктер сот тәртiбiнде қаралады.


6. Шарттың қолданылуы

6.1. Шарт оған тараптар қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және мемлекеттік тіркеуге жатады.

6.2. Осы шарт және жер учаскесін сатып алу бағасының толық төленгенін растайтын құжаттар Сатып алушыға жер учаскелеріне меншiк құқығының актiсiн ресiмдеп беруге негiз болып табылады.

6.3 Шарт бірдей заңды күші бар үш дана етiп жасалды, оның бiр данасы Сатып алушыға, екiншi данасы Сатушыға беріледі, үшіншісі жер-кадастрлық ісінде сақталады.


Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:
Сатушы Сатып алушы
ШҚО, Өскемен қаласы Астана қаласы,

Киров көшесi, 33 Достық көшесі, 12-2

«Өскемен қаласының жер СТН - 181711770338

қатынастары бөлімі» мемлекеттік

мекемесі бастығының орынбасары

___________________ В. Барсукова _____________ А. Чакпантаева

Қабанбай батыр атындағы көше, 82-19

М.А.Садыковтың атынан 2010 жылғы

М.О. 29 қаңтардағы сенімхаттың негізінде



Тіркелуі туралы белгі әрекет жасайды



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет