Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/25
Дата17.04.2016
өлшемі4.28 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «25» шілдедегі

№ 132 бұйрығымен

бекітілген

Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1 бөлім. Жалпы талаптар
1. «Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы» (бұдан әрі - Талап) жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезінде анықтайтын өнеркәсіптік қауіпсіздіктің техникалық нормаларын қамтамасыз етеді.

2. Шахталарды жобалау, салу Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына, ҚНжЕ және техникалық регламенттерге сәйкес жүргізіледі.

3. Жерасты жұмыстары Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдылықтар негізінде жасалынған жобаларға сәйкес жүргізіледі.

4. Әр шахтаға жасалынады және жүргізіледі:

осы Талаппен, Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы заңдылықтарымен орнатылған құжаттамалармен.

5. Барлық шахталарда қыртыстардың тау соққыларына шыдамдылығын анықтау жұмыстары жүргізіледі.

6. Қауіпсіздік ережелерінен және жобадан ауытқыған жаңа нысандар немесе қайта жөнделген шахталар қабылданбайды.

7. Салу және пайдалану мерзімдері кезінде, барлық шахталар Апаттық құтқару қызметтерімен (АҚҚ) немесе Апаттық құтқару құрамдары қызмет етуімен жүргізіледі.

АҚҚ бөлімдік құрылымдары саны, қызмет ету тәртібі, орналасуы ұйым, АҚҚ және өкілетті орган басшылықтарының біріккен шешімімен анықталады.

8. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес келмейтін, арнайы киімсіз, арнайы аяқкиімсіз, керекті жеке қорғаныш құралдарынсыз, жерасты жағдайларына пайдалануға және міндетті түрде қолданылуы тиіс басқа қорғаныш құралдарынсыз тұлғалардың шахталарда болуына тыйым салынады.

9. Шахталарда, шахта жетекшісінің бекіткен тәртібіне сәйкес шахтаға түскен немесе шыққан тұлғаларды есептеу жұмыстары ұйымдастырылады.

Шахтадан шыққан барлық тұлғалар шамдарын өткізеді. Егер ауысымнан кейін 2 сағаттан соң шамдардың толық өткізілмегені анықталса, онда шам таратушы диспетчерге және шахта жетекшісіне шам тапсырмаған тұлғалардың аты - жөнін хабарлайды.

Ұйымдастырылуын және есептік бақылауды шахта жетекшісі жүргізеді.

10. Адамдардың өндірістік қажеттілігі, наряды немесе шахта жетекшісі рұқсаты болмаған жағдайда шахтада болуына тыйым салынады.

11. Жерасты жұмыстарына жұмылдырылған және жерасты жұмыстарына қатынайтын барлық тұлғаларға өздігінен жануы мүмкін пайдалы қазбасы бар және газы, шаңы қауіпті шахталарға түсер алдында жарамды, жеке бекітілген оқшаулағыш өзіқұтқарғыштар беріледі.

Пайдалы қазбалары өздігінен жанбайтын, шаңы және газы қауіпті емес шахталарда фильтірлік өзіқұтқарғыштар беруге болады.

Оларды жұмыс орындарындағы аусымдағы адамдардың ең көп санынан 10 % көп мөлшерде топтан сақтауға болады. Топтап сақталатын өзіқұтқарғыштар, жұмыс орындарындағы олардың жарамды түрде сақталуын қамтамасыз ететін жәщіктерде сақталады. Өзіқұтқарғыштар сақтау орны белгіленеді, ажырату жарығымен жарықтандырылады және жерасты жұмыстарына жұмылдырылған тұлғаларға көрсетіледі.

Шахтадағы өзі құтқарғыштар саны, жерасты жұмыстарына жұмылдырылған тұлғалардың санынан 10 % көп болады.

Жерасты жұмысшылары және бақылаушы тұлғалар өзіқұтқарғышты пайдалануға оқытылады. Өзі құтқарғыштық топтар сақталуы кезіндегі жарамдылығы учаске бастығы немесе орынбасары дәрежесіндегі бақылау тұлғасымен, жабдықталуы шахта жетекшісімен қамтамасыз етіледі.

Өзіқұтқарғыштардың жарамдылығын тексеру үш ай сайын шаң желдету қызметі бастығы және АҚҚ өкілдері қатысуымен тексеріледі.

Тексеру нәтижелері актімен ресімделеді.

12. Персоналды дайындау және жұмысқа рұқсат беру, жұмыстарды жүргізу Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы» № 314 Заңының 12-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

13. Жерасты жұмыстарына жаңадан түсушілердің барлығы шахтаның негізгі және қосымша шығыстарымен танысады, жұмыс орнынан қазбалар арқылы қосымша шығыстармен танысады, жұмыс орнынан қазбалар арқылы қосымша шығыстармен шығу бақылау тұлғасы алып жүруімен жүзеге асырылады.

200 м және одан да тереңде жұмыс жасайтын тұлғаларды таныстыру, тікелей жұмыс орындарынан қосымша шығыс арқылы шахта бағаналарына шығу, осы бағана сөрелерінің бірнешеуіне көтерілу арқылы жүргізіледі.

Барлық жұмысшыларды қосымша шығыстармен қайталай таныстыру нұсқаулық жүргізу кезінде, қосымша шығыстар өзгергенде – 6 ай сайын бақылау тұлғасымен жүзеге асырылады.

Жаңадан түскендерді және барлық жұмысшыларды негізгі және қосымша шығыстармен таныстыру «Нұсқаулық журналына» енгізіледі.

14. Әрбір ұйымда жасалынады және бекітіледі:

1) «Өндірістік бақылау Жарғысы», барлық лауазымды тұлғалардың жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылау және тау - шахталық қондырғыларды пайдалануды қамтамасыз етеді. Жарғы өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі;

2) технологиялық регламенттер – шахтаның жетекшісімен бекітілген, технологиялық операцияларды қауіпсіз жүргізудің жергілікті жағдайын ескеретін нұсқаулардан тұрады;

3) өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша жалпы ережелер талаптарына сәйкес

аварияны жою жоспары.

Апаттарды жою жоспарларымен таныстыру бақылаушы тұлғалармен, шахтаның техникалық жетекшісі басшылығымен жүргізіледі.

15. Жерасты жұмыстарына жұмылдырған тұлғаларды апаттық жағдай туғанда хабарлама беру үшін телефон байланысынан басқа, өткізгішсіз жеке дабыл белгісімен жабдықтайды. Өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген дыбыстық, жарықтық және де басқа дабыл белгілерін қолдануға болады.

16. Қазбаларда (забойларда) жұмыс жүргізуге наряд беруге болмайды:

1) негізгі жұмыс орнынан оқшау жерде екі жұмысшыдан кем болса, сонымен қоса біреуі басшы болып тағайындалады;

2) оларда қауіпсіздіктің нормалары мен ережелері талаптары бұзылған болса, осы бұзылуды дұрыстау нарядтарынан басқа.

Негізгі жұмыс орнынан оқшау орналасқан қазба (забой) орындары тізбесі шахтаның техникалық жетекшісімен алты ай сайын бекітіледі.

17. Басшылық жүргізуші жұмыскерлер мен шахта мамандары қауіпсіздік жағдайларын және тау жұмыстарының дұрыс жүргізілуінің бақылауын қамтамасыз ету үшін жерасты жұмыстарына жүйелі түрде қатынайды.

18. Әрбір жұмыс орны қалыпты желдетумен, жарықпен, апаттық дабыл белгілерімен қамтамасыз етіледі, толық қауіпсіздік жағдайында болады және анықталған ереже бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайтын бақылау тұлғасымен жұмыс алдында тексеріледі.

19. Әрбір жару жұмыстарынан және желдетуден соң бақылау тұлғасы забойдың, жабындының, қазба бүйірін және қатаймасын, қауіпсіздік құрылғылары жарамдылығын, желдеткіш әсерін, құрал – жабдықтар, механизмдер және құрылғылар жарамдылығын тексереді. Жұмыстарды бастар алдында забойдағы жұмыстың қауіпсіздігі жағдайларын жасау шаралары қабылданады.

Егер анықталған кемшіліктерді жою мүмкін болмағанда, бақылау тұлғасы жұмыс жүргізуге тыйым салады және осы туралы тікелей басшылықтарға немесе шахта диспетчеріне хабарлайды.

20. Кен орындарын ашық және жерасты тәсілдерінен жүргізгенде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар жүргізіледі.

Аталған жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен тәртібі, жобамен немесе өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген шаралар мен қаралады.

21. Адамдарға қауіп төндіруі мүмкін немесе уақытша тоқталған тау қазбаларының қуақағаздары үсті, құлауы мүмкін аймақ жоғарыдан қоршаланады. Қоршау түрі мен тәртібі шахтаның техникалық жетекшісімен бекітіледі.

Тоқтап тұрған тік және қиғаш қазбалар үстінен және астынан жабылады.

22. Адамдар көтеріліп – түсетін барлық шахта бағаналарында және адамдарды жеткізудің көтеру қондырғыларымен жабдықталған қиғаш қазбалардың төменгі қабылдау алаңдарында күту камералары орналастырылады. Камера көлемі және құрылымы жобамен анықталады.

Күту камераларынан шығу жерлері шахта бағанасына жақын жерге орналасады.

23. Айналатын, қозғалатын машиналар бөліктері механизмдер және құрылғылар (муфталар, қозғағыштар, шкивтер және тағы сол сияқты) қоршалынады.

Механизмдерді жұмыс кезінде майлауға және тазалауға болмайды, осы жұмыстарыды қауіпсіз жүргізу құрылғылармен жабдықталған механизмдерді қоспағанда.

24. Машиналар мен механизмдерді қосар алдында машинист олардың жұмыс аймағында бөгде заттар орналаспағанына көз жеткізеді және ескерту белгісін береді. Белгілер кестесі машиналар мен механизмдерге жақын, көрінетін жерлерге ілінеді, белгі анықтамалары қызмет етушілерге түсіндіріледі.

25. Тау жұмыстарына пайдаланатын машиналарды жөндеу жоспарлы –

алдын алып жөндеу (ЖАЖ) кестесінде көрсетілген мерзімдерге сай жүргізіледі. Негізгі қондырғылардың барлық түрлерін жөндеуге технологиялық регламенттер жасалады.

26. Мас күйіндегі тұлғаларды жұмысқа және шахта аумағына жіберуге

тыйым салынады.

27. Газы немесе шаңы қауіпті шахтаның жерасты қазбаларына, шахта үстіндегі ғимараттарға және шахта үстіндегі желдеткіштерде 30 м аз ара қашықтыққа темекі және темекі тұтандырғыштар алып өтуге ашық от жағуға тиым салынады.

28. Жарылыс жұмыстарын жүргізу, жарылғыш материалдарын сақтау,

тасымалдау және есепке алу «Жарылғыш жұмыстарды жүргізу кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің бірыңғай ережелері» нормаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

29. Бір мезгілде бір – бірінің үстінде екі және одан да көп сөрелерде, жұмыс істеп тұрған қондырғылар үстінде жұмыс жүргізуге болмайды, егер осы сөрелер тұтас қорғау бөліктерімен бөлінбесе.

Қорғау бөліктерінде адам өтуге және жүк жеткізуге арналған қақпағы бар люк жасауға болады.

30. 1,5 м биік жерлерде жұмыс жүргізу кезінде, ол жерлерге тіреуіштер қою мүмкін болмаса, жұмысшылар сенімде жерлерге қатайтылатын сақтандырғыш белдіктерді пайдаланады. Сақтандырғыш белдігі шынжыры қатайтылатын орындар жұмысшыларға алдын – ала көрсетіледі.

31. Жұмыс кезіндегі үзілістерде және демалу кезінде забойда, жұмыс істеп тұрған механизмдер және басқа да қауіпті жерлерде орналасуға болмайды.

32. Жұмыстарда қолданылатын қондырғылар, машиналар және механизмдер, көпірлер, ағаштар, едендер, тіреуіштер, сатылар және де басқа қосымша құралдар жарамды күйінде ұсталады.

Машиналар, механизмдер және қосымша құралдар, инвентарлық ағаштар мен люктердің техникалық жағдайын тіркеу Журналдарына жазылатын паспорттары және инвентарлық нөмірлері болады.

33. Ағаштардың тіреуіштері негіздері өтіп жатқан көлік құралдары мен қозғалып жатқан жүктердің соққысына шыдамды, нығыз қатайтылған қоршаумен қоршаланады. Сатыларға, ағаштарға тіреуіштер және өтпелі көпірлерге барар жолдар қоршалынбайды. Жылжымалы ағаш тіреуіштер орнатылған жерге қатайтылады.

34. Төсемелер, тіреуіштер, сатылар және сөрелер тазалықта ұсталады және артық тиелмейді.

35. Екі және одан көп жұмысшылар жұмылдырылған барлық жұмыстардағы механизмдердің жұмыс режимдері (қосу, тоқтау) өзгертілгенде арнайы белгілер берілуі тиіс. Белгілер анықтамаларымен барлық жұмыс жүргізушілер танысады. Әр жұмыс орындарында белгі беру арнайы тұлға тапсырылады. Машинаны немесе механизмдерді қосып – ажырату белгілері олардың жұмыстары кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін беріледі. Тоқтату белгісін орындау кешіктірусіз орындалады. Барлық түсініксіз белгілер тоқтау тоқтау белгісі болып саналады.

36. Жылжымалы машиналары пайдалану кезіндегі қозғалып кетуін болдырмайтындай қылып орнатылады.

Тоқтап тұрған барлық машиналар мен механизмдердің өздігінен қосылып кетуін болдырмайтындай қылып, қосқыштары ажыратылады.

37. Электрлік қуат кенеттен ажыратылғанда, машиналар пайдаланушы жұмыскерлер осы машиналарға қозғалыс беретін электрлік қозғалтқыштарды ажыратады.

38. Оқшауланған камераларда немесе кеңістіктерде орналастырылған қашықтықтан автоматты түрде басқарылатын машиналар мен механизмдерден басқа машиналардың барлығын жұмыс кезінде қараусыз қалдырып кетуге болмайды.

39. Жөндеу кезінде машиналар мен механизмдер тоқтатылады және олардың өздігінен қозғалып кетуін болдырмайтын шаралар қабылданады.

40. Құбырларды, арматураларды, қазғыштарды және басқа да қондырғыларды, материалдармен құрал – жабдықтарды тасымалдау, олардың қозғалыс кезінде электрлік өткізгіштермен кабельдерге тимейтіндей қылып жүргізіледі.



2 бөлім. Тау қазбалары
1 бөлімше. Кіре берістің және бағана маңындағы алаңдар
41. Тоннелге (қуақағазға) немесе салынып жатқан шахта бағанасына кіре берістегі алаңдарда, адамдардың қауіпсіз өтуін, құрылыс машиналары мен көлік құралдары қозғалысын қамтамасыз ететін жолдар болады. Өтпелі жолдар мен кіре берістер ендері осы Талап, ҚН және Е талаптарына сай болады.

Су тасқыны қауіпі бар аудандар мен учаскелерде жұмыс жүргізгенде, қар тасқыны және тас құлауының қорғау шаралары жасалады.

Қозғалыс қауіпі бар аумақтары (тайғанау құламалары, тау беткейінің шашылу қауіпі, жұмыс істеп жатқан машиналар, механизмдер, бункерлер және тағы сол сияқты.) қауіпті жерлері шекаралары қоршаланады, күндізгі және түндегі уақытта көрінетін ескерту белгілері қойылады.

42. Жұмыс алдында алаң жобаланады, жерасты және атмосфералық судың тоннелге, бағанаға және басқа да тау қазбаларына ақпайтындай Есеппен суаққыштармен қамтамасыз етіледі.

43. Құрылыс алаңының аумағын қоршалану қажеттілігі жобамен анықталады. Тұрғылықты пункттердегі және жалпы қолданыстағы жол бойы маңындағы салынып жатқан нысандар биіктігі 2 м кем емес қоршаумен қоршалынады.

44. Құрылыс алаңдарындағы жолдар және өтпелерді құмдармен, қондырғылар және құрылыс материалдармен бөгеуге болмайды және оларды тұрақты түрде қоқыстардан, қардан, балшықтан, тұздан және тағы сол сияқты басқа заттардан тазартылады. Қысқы мезгілде өтпелі жолдарды құммен немесе күлмен төселеді. Жұмсақ жерлер арқылы өтетін жолдар ені 1 м аз емес тұтас төсеніштермен төселеді. Бұрышы 200 көп еңістер мен төбешіктерде оналасқан жолдар таяныш биіктігі 1 м болатын сатылармен жабдықталады.

45. Тау қазбаларындағы кіре беріс еңісі қазар алдында алынады және жобамен қатайтылады, еңістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың бақылауында болады.

46. Аралас жұмыстарды әр түрлі биіктікте жүргізу қажеттілігі туындағанда, жұмыс алдында осы жұмыстардың қауіпсіз жүргізу жобасы анықталады.

Жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі ұйымның техникалық жетекшісімен бекітіледі.

47. Құдықтар мен шурфтар алаң аумағында оналасса қоршаланады және жабылады, траншеялар және шұңқырлар биіктігі 1 м кем емес таянышпен қоршаланады. Түнгі уақытта қоршаланудан басқа жарық белгілерімен белгіленеді.

48. Траншеялардан, тасымалдағыштардан және темір жолдардан және тағы сол сияқты өткен жерлерде биіктігі 1 м таянышы бар және биіктігі 14 см кем емес бүйірлік ағашпен жабдықталған, ені 0,8 м кем емес көпірлер салынады.

49. Жер үстіндегі уақытша орналастырылған құбырлық жүйелерімен коммуникациялары жолдар, және өтпелермен түйіскен жерлерде көміледі. Өткізгіш – құбырлардың үстінен мықты жабындылармен жапқан соң көмілмей ақ жер бетіндегі жолдар астынан жүргізуге болады.

50. Құрылыс машиналары негіздерімен орналастырылады және орналасу бұрышы паспортта көрсетілген шамалардан артық болмауы. Құрылыс машиналары айналасынан ені 1 м кем емес еркін өту кеңістігі қалдырылады.

51. Кіре берістік немесе бағана маңындағы алаңдарда тиеп – түсіру жұмыстарын, материалдармен құрылғыларды жинау жүргізетін арнайы орындармен жабдықталады.

Қауіпті аймақ шекаралары күндіз және түнде жақсы көрінетін ескерту белгілері және дабылдарымен белгіленеді.

52. Шахталық копердің жағдайын техникалық жетекшісі басшылығымен комиссиялық тексеру акт рәсімдеумен: тұрақты – жылына бір рет, өтпелі – жылына екі рет жүргізіледі.



2 бөлімше. Тау қазбалары көрсеткіштері
53. Қазбалардың көлденең қимасы, тау – геологиялық, таулық технологиялық жағдайларды және қолданылатын қондырғыларды есептеу арқылы жобамен анықталады.

Қазбалардың ең аз көлденең қимасы:

1) желдеткіш және аралық қуақағаздар және бұрыштар, дренаждық шахта қазбалары 3,0 м2 кем емес;

2) желдетілетін көтерілгіш, сбойкалар және тағы сол сияқты 1,5 м2 кем емес;

3) тасымалдау қазбаларына, адам жүретін жерлерде 4,0 м2 кем емес;

4) көтерілгіш қазбаларда, қыртыс түсіргіштерге арналғанда 2,2 м2 кем емес болады.

Қазбалардағы барлық ұзындығында адам еркін жүретін өтпелілер бір жағынан жасалады және биіктігі 1,8 м кем болмайды.

54. Жүк тасымалданатын барлық көлденең қазбалардың тіксызықты учаскелеріндегі тіреуіш (опалубка) немесе қазбада орналастырылған қондырғылар, өткізгіш құбырлар, кабельдер және жылжымалы рельстік тасымалдау құралдарының шығып тұрған жері ара қашықтығы (адамдардың еркін өту жолу) 0,7 м кем емес, екінші жағы ағаш, темір және рамалық құрылымды болса 0,25 м кем емес, ал тұтас бетоннан немесе темір бетоннан салынса 0,2 м кем емес болады.

55. Конвейермен жабдықталған қазбалардағы өтпелердің ені бір жағынан 0,7 м кем болмайды, екінші жағынан 0,4 м кем болмайды.

Екі қатарлық көлденең орналасқан конвейрлер ара қашықтығы 0,7 м кем болмайды.

56. Тасымалдау лентасының қазба төбесіне, өтпелі көпір және басқа құрылғыларға (ілмелі роликтер, жоғарғы сатыны жабу жабындылары және тағы басқаларға.) дейінгі ара қашықтығы 1 метрден кем болмайды.

Бұл ара қашықтықтар алаңдар орнатылған орындарда 1,5 м кем болмайды және конвейр ұзындығы бойына 10 м кем болмайды.

57. Рельстік тасымалдау кезіндегі жолдардың ара қашықтығы, қарама -

қарсы электрлік тасығыштардың ара қашықтығы кемінде 0,5 м болатындай етіп орналастырылады, уәкілетті органның келісімі бойынша кемінде 0,5 м саңылау рұқсат етіледі.

58. Рельстік емес тасымалдау кезінде қарама – қарсы жүретін транспорттық бірліктерінің шығып тұрған шеттерінің ара қашықтығы 0,5 м кем болмауы тиіс.

59. Жылжымалы көлік құралының айналуы кезіндегі және сыртындағы қатаймасы, жол арасы шамалары арасындағы ара қашықтығы, қисық радиусында, жылжымалы көлік құралы ұзындығында керекті ара қашықтықтардың, тік сызықты учаскеде қойылған ара қашықтықтан кем болмайтындай қылып есептеледі.

60. Жерасты камераларынан өту кезінде (машиналық камералар, трансформаторлық кеңістіктер және басқалар) екіден кем емес шығыстармен қамтамасыз етіледі. Тұйықталған забойлы көлденең қазбалардың ең ұзақ ұзындығы көлденең қимасы 16 м2 кем болғанда 1500 м артық емес және қима 16 м2 жоғары болғанда 2000 м ұзақ болмайды.

61. Желдету және өртке қарсы есіктердің ені, желдеткіштер мен өртке қарсы ажыратқыштар және ойықтары екі жағынан есіктің жиектері мен ойықтары ара қашықтықтары мен жылжымалы құралдар, өздігінен жүретін іштен жану қозғалтқыштарымен жабдықталған құралдардың өту ара қашықтықтары 0,5 м кем болмайды.

Адамдар өтуге арналған өрке қарсы және желдету есіктері, есіктер ойықтары ені 0,7 кем емес болғанда, аталған көлік құралдарының шығып тұрған жерлері мен есіктер жиектері, есік ойықтары мен маңдайшалары ара қашықтығын адам өтетін өтпелі енін 0,2 м дейін азайтуға болады.

62. Екі жолдық қазба орындарында, вагондарды жалғап, ажырату жүргізетін жерлер, тиеп – түсіру пункттерінде (бункерлер, түскіштер, қыртыс түсіргіштер), бағана маңындағы бір жолдық қазба бағаналарында (жүктік және бос жолдар) қабырғадан (қатаймадан) немесе қазбада орналастырылған қондырғылар және өткізгіш құбырлардың қозғалмалы көліктерден ара қашықтығы қазбаның екі жағынан 1,0 м кем болмайды.

Екі жолдық қазбалардағы жолдар арасында адамдар жүру құрылғыларын орнатуға болмайды.

63. Барлық қазбалардағы адамдар түсетін жерлердегі ара қашықтығы адам тасымалдау поездарының ұзындығы бойынша 1,0 м кем болмайды.

64. Конвейрлермен тасымалданатын құлауы мүмкін тау сілемдері мен қазбаның төбесі немесе қатаймасымен ара қашықтығы 0,3 м кем болмайды.

65. УЖҚ көлік құралының шығып тұрған шетімен және қазба қабырғасы (қатаймасы) немесе қазбада орнатылған қондырғылардың ара қашықтығы қазбаның міндеті және машиналар қозғалысы жылдамдығына қарай анықталады:

1) кен тасымалдауға және тазалау забоймен байланыстыруға арналған қазбалардағы ара қашықтық, адамдар өтетін жағынан 1,2 м кем емес және қарсы жағынан 0,5 м кем емес болады. Жүргіншілер жүретін биіктігі 0,3 м және ені 08 м жол салғанда немесе текше құрылысында 25 м кейін адамдар еркін жүретін жағын 1 м дейін азайтуға болады. Текшелер биіктігі 1,8 м, ені 1,2 м, тереңдігі 0,7 м болады;

2) кенді тиеуге және оны тасымалдау қазбасына жеткізуге арналған тиеп – түсіру қазбаларындағы тазалау блоктарын, қазу жүріп жатқан және қазу машинасы жылдамдығы 10 км/сағ аспайтын қазбаларда, және бұндай қазбаларда машина жүргізуге қатысты адамдардан басқа тұлғалар болмаса ара қашықтықтар 500 мм кем емес болады;

3) тазалау блоктарына қондырғы, материалдар және адамдар жеткізуге арналған (машинамен). Қозғалу жылдамдығы 10 км/сағ артық болмайтын жеткізу қазбаларында (қиғаш түсулер):

адамдар жаяу жүруі болмайтын кезде әрбір жағынан 600 мм;

адамдар жүретін болса, адамдар өтетін жағы 1200 мм және басқа жағы 500 мм болады.

66. Өздігінен жүретін көлік құралдары қозғаласы кезінде адамдар жүруі көзделмейтін қазба басталар алдына, жарықтандырылған тыйым салу белгілері ілінеді.

67. Машиналардың ең биік шығып тұрған жері мен қазба төбесіне дейінгі ара қашықтық 0,5 м кем болмайды.

68. Екі көтеру ыдыстары арасындағы саңылау, қиғаш қазбалардағы қиғаш бұрыштарда 200 мм кем болмайды. Қазба қатаймасы және көтеру ыдысының шығып тұрған жерін саңылауы, қатайма ағаштан, темірден және темірбетон тіреуіштерден жасалса 250 мм кем болмайды және қатайма бетон және тастан жасалса саңылау 200 мм кем болмайды.

69. Қазу сөресіндегі жеңдерінің және қозғалып тұратын қауғаны бағыттау рамасының бөліктеріарасы саңылауы 100 мм кем болмайды.

70. Пайдаланып жатқан шахтаның бағаналарын тереңдету кезіндегі қозғалушы қауға және бағана қатаймасы немесе бағанада орналасқан қондырғылардың шығып тұрған бөліктерінің саңылауы 240 мм аз болмайды.

71. Қиғаш қазбалардың алаңы, камералар және қазбалар, оларда орналасатын шығыршықтар, кергіш құрылғылар және басқа механизмдер өту жері жөндеу және қызмет ету жағынан 1 м аз емес, ал екінші орнату жағынан 0,6 м кем емес болады.

72. Эксковатордың жоғарғы ролигі және қазба контуры арасындағы саңылауы эксковатор қорабының артқы жағынан және қазба контурынан 0,4 м кем болмайды.

73. Қатайтылған қазбалардағы экскаватордың шығып тұрған бөлігі және қатайма арасындағы саңылау 0,4 м кем болмайды.

74. Көтеру ыдыстары, қатаймалары және тік шахталар бағаналары арасы саңылауы келтірілген 1 – кестеде көрсетілген.

75. Қазу кезіндегі көтеру шамасын шығып тұрған ыдыстар саңылауы 300 мм кем болмайды. Бағана тереңдігі 400 м терең болғанда, ыдыстардың бір – біріне соқтығу қауіпін болдырмайтын, темір арқандары ажырату немесе басқа құрылғылар орнату қарастырылады. Бұл құрылғыларды орнатпауға болады, егер ыдыстар (бағыттауыш роликтері бар қауғалар) арасындағы саңылау 250 + н/3 мм (н – бағана тереңдігі, метр) көп немесе тең болғанда. Қозғалмалы ыдыстар және өткізгіш құбырлар қысқыштарының шығып тұрған бөліктері арасындағы саңылаулар 400 мм кем болмайды. Өткізу сөрелері қоныштарының қабырғасы және қозғалмалы ыдыстардың шығып тұрған бөліктері арасындағы саңылау 100 м кем болмайды.

76. Жаңадан ілінген немесе жөнделген ыдысты қосар алдында саңылауларды тексеру жүргізіледі. Екі көтеру ыдыстары арасындағы, саңылау қиғаш қазбалардағы барлық қиғаш бұрыштар 200 мм кем болмайды. Қазбаның қатаймасы және көтеру ыдысындағы шығып тұрған бөлігінің, қатаймасы ағаштан, темірден болса саңылау 250 мм кем болмайды және бетон немесе тастан болса саңылау 200 мм кем болмайды.


1 – кесте
Тік шахталар бағаналарындағы бекітпе және кермелер, аса көп шығып тұрған көтеру ыдыстарының

бөліктері арасындағы рұқсат етілетін саңылаулар





Бағана бекітпесінің түрі

Арматураланудың түрлері және орналасуы

Саңылаулар атауы

Саңылаулар

дың ең аз мөлшері, мм



Ескертпе

1

2

3

4

5

1. Ағаштан

Бір және бірнеше бағыттағы ағаш және темір өткізгіштер

Көтеру ыдыстары және бекітпе арасы

200

Ағаштық арматуралы бағанадағы көтеру ыдыстары тығыз орналасқанда өткізгіштердің барлық бағыттарында 150 мм кем емес саңылау қалдыруға болады

2. Бетондық, кірпіштік, тюбингтік, бетониттік


Бір және екі бағытты темір өткізгіштер

Көтеру ыдыстары және бекітпе арасы

150




3. Бетондық, кірпіштік, тюбингтік, бетониттік

Бір және екі бағытты ағаш өткізгіштер

»

200




4. Ағаштан, кірпіштік, тюбингтік, бетониттік

Көтеру ыдыстары арасында керме болмағанда

Жылжымалы екі ыдыстар арасы

200

өткізгіштер мықты болғанда

5. Ағаштан, кірпіштік, тюбингтік, бетониттік

Кергіштері жоқ ағаш және темір кермелер

Керме және көтеру ыдыстары арасы

150

Бағанадағы көтеру ыдыстары тығыз орналасқанда саңылауды 100 мм дейін азайтуға болады



1

2

3

4

5

6. Ағаштан, кірпіштік, тюбингтік, бетониттік

Өткізгіштердің қарсы, екіжақты, біржақты орналасуы

өткізгіштер осінен 750 мм дейінгі ара қашықтықта орналасқан көтеру ыдыстардың шығып тұрған бөліктері және кермелер арасы

40

Көтеру ыдысында шығып тұрғын роликтер болғанда, ролик және керме арасы саңлауы 25 мм дейін үлкейтіледі

7. Ағаштан, кірпіштік, тюбингтік, бетониттік

Көтеру ыдыстарының жанында ағаштық

Керме, өткізгіш және көтерме аралары

50

Ыдыстардың ең аз саңылау көлемі:

а) 1, 2, 3, 4, 5 және 9 баптарда қолданылушы және жаңадан жобаланатын шахталар;

б) 6, 7 және 8 баптарда қолданыстағы шахталар – жобалау жағдайында, ал жаңадан жобаланушы шахталарға – пайдалану жағдайы үшін


8 Ағаштан, кірпіштік, тюбингтік, бетониттік

Темірден

Көтеру ыдысының табанының сыртқы шеті және кермелердегі темір өткізгіштердің қысқыш құрылғылары арасы

15




Ағаштан

Көтеру ыдысының табанының сыртқы шеті және өткізгіштердің кемеге қатайту қапсырмасы арасы

60






1

2

3

4

5

9. Ағаштан, кірпіштік, тюбингтік, бетониттік

Өткізгіштердің қарсы, екіжақты, біржақты орналасуы

Көтерме және отырғызу құрылғылары арасы

60

1973-жылға дейін енгізілген пайдалану бағаналарында бұл саңылау 40 мм кем емес

10. Ағаштан, кірпіштік, тюбингтік, бетониттік

Өткізгіштердің қарсы, екіжақты, біржақты орналасуы

Ортадан алыстатылған және шығып тұрған ыдыс бөліктері арасы және өткізгіштер желінуі және ыдыстардың қозғалып кету мүмкіндігі

25

Жобаланатын шахталар үшін

11. Бетондық, кірпіштік, тюбингтік, бетониттік

Бірарқандық көтерудің арқандық өткізгіштері

Бір көтерудегі жылжымалы ыдыстар арасы
Екі аралас көтерудің жылжымалы ыдыстары арасы
Бекітпе және көтеру ыдысы, ыдыс және керме, ыдыс және ағаш қабықша аралары

 = 250+1,2Qv

 = 250+0,6(Q1v1+Q2v2)


 = 0,8


Q1, Q2, Q3 –шеткі жоғарғы күштер, тк

v, v1, v2 көтерудің жоғарғы салмағы, м/с

Саңылауды барлық жағдайларда 300 мм кем болғанда пайдалануға болмайды. Оның өлшенген шамасы п 700 мм аспайды, көтеру ыдыстары арасындағы саңылау 700 мм тең болады

Саңылауды  барлық жағдайда 240 мм кем болуға рұқсат етіледі. Егер есептелген шама  500 мм асса, көтеру ыдыстары және бекітпе арасы 500 мм тең болады





1

2

3

4

5

12 Бетондық, кірпіштік, тюбингтік, бетониттік

Көпарқандық көтерудің арқандық өткізгіштері

Бір көтерудегі жылжымалы ыдыстар арасы

Екі аралас көтерудің жылжымалы ыдыстары арасы




400
400

Жобалық саңылаулар «көп арқандық көтеру қондырғыларының пайдалану және жобалаудың қауіпсіздік нормаларына» сай таңдалады. Қолданыстағы және қайта жөнделген бағанадағы көтеру ыдыстары аса тығыз орналасқанда саңылаулар 300 мм дейін азайтылады, ал аралас көтеру ыдыстары үшін 350 мм дейін азайтылыды және аумақтық өкілетті орган бөлімшелерімен келісіледі.

Бекітпе және көтеру ыдысы, ыдыс және керме, ыдыс және ағаш қабықша аралары

300

Бағана тереңдігі 800м дейін болғанда.

Жобалық саңылаулар «көп арқандық көтеру қондырғыларының пайдалану және жобалаудың қауіпсіздік нормаларына» сай таңдалады. Қолданыстағы және қайта жөнделген бағанадағы көтеру ыдыстары аса тығыз орналасқанда саңылаулар 300 мм дейін азайтылады, ал аралас көтеру ыдыстары үшін 350 мм дейін азайтылыды және аумақтық өкілетті орган бөлімшелерімен келісіледі.



350

Бағана тереңдігі 800 м көп болғанда.

Жобалық саңылаулар «көп арқандық көтеру қондырғыларының пайдалану және жобалаудың қауіпсіздік нормаларына» сай таңдалады. Қолданыстағы және қайта жөнделген бағанадағы көтеру ыдыстары аса тығыз орналасқанда саңылаулар 250 мм дейін азайтылады, ал аралас көтеру ыдыстары үшін 265 мм дейін азайтылыды және аумақтық өкілетті орган бөлімшелерімен келісіледі.




Каталог: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
0802 -> 2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар
0802 -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
0802 -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
0802 -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар
0802 -> Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері
0802 -> Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет