Жердiң табиғи аймақтары. Арктика және тундра



жүктеу 72.53 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі72.53 Kb.
: Referat
Referat -> Житс-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
Referat -> Клеткалық тыныс алу
Referat -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
Referat -> Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Жеке адам өміріне қатысты құжаттар. Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады
Referat -> М. Әуезовтың «Абай жолы» романы
Referat -> Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Referat -> 3 тамыз 1936 Қарағанды облысының құрылғанына 70 жыл
Referat -> Жыр отымен бірге жанып өмірден өткен ақЫН
Referat -> Рақымжан Тұрысбек
Referat -> Абайша сүйіп, абайша күйіп жүрміз бе?
 Жердiң табиғи аймақтары. Арктика және тундра. 

       Бiздiң планетаның ауданында бiрнеше табиғи аймақтар бар, олар қабылданған жылу және ылғал мөлшерiне     байланысты.

   Евразия материгiнiң солтүстiк аудандары, Солтүстiк Мұзды мұхиттың аралдары, Арктика мұздары. Бұл мұзды аймақ. Жазда бұл жерде Күн көкжиекке отырмайды, ал қыста ол тiптi ұзақ уақыт көрiнбейдi. Тiптi жазда мұзды аймақты мекендеушiлер жылу жетiспеушiлiгiн сезiнедi. Олар суықтан қорғануға бейiмделген: теңiз мысығы және итбалықта терiсiнiң астында қалың май қабаты бар; полярлы түлкi,  ақ аюдың жүндерi өте ұзын; кайра , полярлы жапалақта жабын қанаттары қалың, ол жылуды сыртқа шығарудан сақтайды. Көптеген арктикалық жануарлардың түстерi ақ немесе ақшыл. Ал ақ аюда, полярлы жаналақта ақ түс жыл бойы сақталады.

   Оңтүстiкке қарай мұз аймағы немесе арктикалық шөл аймағы тундраға ауысады. Бұл жерде қыс суық, ұзақ және жазы салқын, қысқа.

Өсiмдiк жабынының негiзiн қыналар мен мүктер, қысқа шөптi өсiмдiктер, карликтi ағаштар мен бұтақтар құрайды. Жазда, өсiмдiктiң әртүрлi түрлерiнiң гүлдеуi бiр мезгiлде өтетiн қысқа уақытта, тундра гүлдеген лютик, голубика, брусника, қоңыраубас гүлдерiмен жабылады.

   Карликтi ағаштар бұталы, биiктiгi 20-30 см бұтақтардан тұрады, олар тiгiнен емес, жерге жайылып өседi. Мысалы, полярлы тал ұзындығы 5 м-ге жетедi, ал оның биiктiгi бiрнеше см – ғана. Көптеген өсiмдiктер жастықтәрiздi, бұл түрi оны күн сәулесiмен жақсы жылуға және қатты желден сақтауға көмектеседi.

   Жануарлардан тундрада солтүстiк бұғы, полярлы қасқыр, лемминг, аң кекiлiк бар. Бұғы табыны қорек iздеумен көшiп қонады, олардың қорегi қыналар. Бұғыларды қасқырлар аңдиды, олар үшiн бұғы негiзгi аңлау объектiсi. Жазда тундрада ауаны жәндiктер қаптайды. Маусымның соңында және шiлде айында адамдар мен бұғыларға қансорғыш масалармен шiркейлер тыныштық бермейдi.

    Орташа жылдық температура с-тен төмен, үздiксiз желдер соғады. Қар жамылғысы жұқа, бiрақ өте тығыз және бiркелкi емес. Тундрада топырақ гумусқа кедей, өте ылғалды, батпақтанған. 8-11 см тереңдiкте мәңгi қатып қалған тығыз қабат – мәнгiлiк мұздық жатыр. Қоректiң молдығы және ұзақ күн бұл жерге көптеген суда жүзетiн жыл құстарын (шағала, үйрек, гагалар, гагаралар) тартады. Қыста тундрада тек ақ кекiлiк, полярлы жапалақ және қарғалар ғана қалады.

    Бiздiң материктiң Солтүстiгiнде (Евразияда) арктикалық шөлдердiң және тундраның аймақтары орналасқан. Бұл жерде қыс суық және жаз салқын, температурасы өте төмен. Өсiмдiктер мен жануарларда суықтан сақтану бейiмдiлiгi бар.

                                      Орман аймақтары. 

         Тундраның оңтүстiгiне қарай тайга орналасқан – бұл евразия солтүстiгiнiң орасан кеңiстiгiн жауып жатқан шыршалы ормандар. Жауын –шашын өте аз жауады, жылына шамамен 400-600 мм, бiрақ булану аз, сондықтан батпақты жерлер көп. Топырақ шiрiгi аз, борпылдақ. Тайгада ылғалды, биiк ағаштар бастары бiрiгiп, жарықты өткiзбейдi, сондықтан тайгада шөптер жоқтың қасы. Ағаштардан шырша, қарағай, пихта және жапырақты ағаш. Тайгада жануарлар көп. Олардың iшiнде сiлеусiн, сусар, бұлғынның шаруашылық маңызы зор. Шыршалы ағаштардың тұқымы  құстар үшiн қорек; самырсын құс, көгiлдiр қанатты торғай, меңiреу құр, тоқылдақ құс және тағы да басқа.

         Тайганың жануарлары қолайсыз тiршiлiк ортасына бейiмделген. Көптеген жануарда қыста қалың, ұзын жүн өседi. Ақ қоян және құрлар қар астында түнейдi, ал қатты суықта сол жерде қалады. Сiлеусiн мен құнудың кең табанында ұзын қатты жүндер өседi және олар қардың бетiнде жақсы жүредi. Тиындар мен самырсын құстар қыста қорек жинайды, борсықтар қысқы ұйқыға кетедi.

         Тайга оңтүстiкке қарай аралас орманға ауысады. Ол жерде шыршалылар мен бiрге ырғай және майда жапырақты ағаштар өседi. Бұталылар, шөптер, саңырауқұлақтар көп.

         Аралас орманның жануар дүниесi бай. Бұл жерде тайганың жануарлары мен бiрге, асыл бұғыны , жабайы шошқаны, елiктi кездестiруге болады. Сонымен бiрге жыртқыш жануар да бар: қасқыр, түлкi, сiлеусiн, аққалақ бар. Құстардан тоқылдақ, сары шымшық, мысық торғай көп.

         Оңтүстiкке қарай аралас ормандар бiртiндеп кеңжапырақты орманға ауысады. Ол жерде емен, үйеңкi, шетен, бук, граб өседi. Бұл ормандар аралас орманға қарағанда жарық. Ормандар атауы: қайынды-үйеңкiлi, шетендi-үйеңкiлi, шетендi-емендi және т.б. қандай ағаштар көп екенiн көрсетедi. Аралас және кең жапырақты ормандарда жауын-шашын көп жауады және қоңыр орманды топырағы бар. Ең жылы айдың орташа температурасы - 13°с– тен 23°с- ке дейiн, ал ең суық - 12°с –тен төмен емес. Ең жылы кезең – көктем- жазғы кезеңде көп жауын-шашын жауады. Сонымен жапырақты ормандар аймағында ағаштарда жапырақ тек жазда болады; бұтақтары мен дiңi қыстық буланудан қалың қабығы арқылы сақталады, ал көптеген ағаштардың бүрi- тығыз, майланған қабыршақпен қапталады. Түскен жапырақтар, шiрiп, топырақты құнарландырады.

         Ормандарды үлкен кеңiстiктерде кеседi. Адам әсерiнен оның көп бөлiгi жанып кетедi. Орман шудан зардап шегедi, жарылғыш газдардың және шаңдар әсерiнен тұншығады. Ормандардағы топырақты адамдар жаппай келiп, таптайды.

                                               Далалар. Шөлдер. 

         Орманды аймақ оңтүстiкке қарай далаға ауысады - ормандары жоқ, шөппен жабылған. Далалар бiздiң елiмiздiң қоныржай аудандарында орналасқан, ол жерде күн жылуы көп және жауын-шашын аз. Далаларда жылдың жылы мезгiлiнде ылғал аз, сондықтан ормандар өспейдi, бiрақ ол шөптi өсiмдiктер үшiн жеткiлiктi.

         Көктемде және жаз басында дала ашық және көркем. Ол жасыл кiлемдей төселiп, жауқазын, көкнәр, шегiргүл өседi. Көктемгi-жазғы уақытта қоректiң көп болуы өсiмдiкқоректi және басқа жануарлардың алуан түрлiлiгiн анықтайды. Бұлар суыр, саршұнақ, тышқандар, түлкi-қарсақ. Үлкен жануарлардан далада жабайы есек-құландар, дуадақ құстары, безгелдек. Бiрақ олар өте аз қалды, оларды қызыл кiтапқа енгiзген.

         Далалы аудандарда гумусқа бай құнарлы қара және каштан топырақ кең тараған. Олар шөптесiн өсiмдiктердiң шiрiген қалдықтарымен құнарланады.

         Оңтүстiкке қарай далалар жартылай шөлдерге және шөлдерге ауысады. Бiздiң елiмiзде бұл аймақтар Каспий теңiзiнiң аудандарында орналасқан.

         Ылғалдың жетiспеушiлiлiгi –шөлдердiң ең негiзгi қасиетi. Жыл бойы 170  мм –ден аз жауын – шашын түседi және ұзақ айлар бойы күн сәулесiнiң әсерiнен кеуiп кеткен жерлерге бiр тамшы да жаңбыр жаумайды. Сондықтан көктемгi жаңбырдың, бiр-екi  айға созылатын, қысқа уақытында жер шөптесiн жамылғымен жабылады.

         Шөлдерде сұр-қоныр топырақ таралған, ол сор деп аталады. Топыраққа шөптердiң қалдықтары түсiп, топырақ микроорганизмдерi көмегiмен олар минералды заттарға дейiн ыдырайды. Бұл топырақтар гумусқа кедей, бiрақ минералды тұздарға бай. Бұл аудандағы топырақтардан ылғалдың булануы қарқынды жүретiндiктен , минералды тұздар су арқылы беткi қабатқа шығып, топырақтың тұздануына әкеп соғады. Топырақ бетiнде тұз қабаты 3-6 см – ге жетедi.

         Шөл өсiмдiктерiнiң ұзақ уақыт бойы дамуында шөлдi жағдайларға тiршiлiк етуге бейiмдiлiгi түзiлген. Олардың көпшiлiгi ерте көктемде, жаңбыр өткеннен кейiн, тез дамиды және бұл кезең ыстық түскенде аяқталады. Олар шөлейтенуден қашатын секiлдi. Кактустар, басқа да өсiмдiктер жапырақтары -тiкенек, қабықтары қалың, бұл суды үнемдеуге көмектеседi. Кейбiр өсiмдiктер (сексеуiл, жантақ) суды тереңдiктен тамырлары арқылы сiңiредi.

         Жануарлар ыстық күн сәулесiнен қорғанады: олардың көпшiлiгi түнде белсендi тiршiлiк етедi, мысалы тышқандар, кейбiр кесiрткелер; күндiзгi кесiрткелер-домалақбастылар iндерiне кiредi, құмға көмiледi немесе бұтақтарға шығады, ол жерде жерге жақын ауаға қарағанда температура төмен.

         Шөл жануарлары суды табуға әртүрлi бейiмделген, антилопалар-суды iздеп алысқа жүгiредi; түйе-өзiнiң денесiнде майды жинайды, май ыдырағанда су бөлiнедi; тышқандар өсiмдiктiң шырынды бөлiктерiмен қоректенедi және қоректен келетiн ылғалға қанағаттанады.

         Түйелер апталап сусыз жақсы жайылымдарда ғана жүре алады екен, ол жердегi шөптерде ылғал көп. Сусыз бiр өркештi африкандық түйе 4, ары кетсе 5 күн жүре алады. Аялдаған жерде түйе 100 литр су iшедi.

         Далалар – ормансыз кеңiстiктер, ауылшаруашылық қажетiне пайдалану нәтижесiнде толығымен жойылған және тек кейбiр аудандарда ғана қалған. Шөлдер және жартылай шөлдер –ылғал жеткiлiксiз аймақ. Бұл аймақтардың  өсiмдiктерi мен жануарларында шөлдi жағдайларда өмiр сүру бейiмделгiштiгi бар. 

Ылғалды экваториальды орман. 

         Жаңбыр көп жауатын, ауа температурасы жоғары және жыл бойы өзгермейтiн экватор аймағында өсiмдiк және жануар дүниесi өте бай. Бұл жерде ылғалды экваториальды ормандар орналасқан. Ылғалды экваториальды ормандардың  өсiмдiктер және жануарлар құрамы өте алуантүрлi , олар жыл бойы белсендi. Ағаштар өте тез жылдамдықпен өседi және 10-15 жылда 30-40 м – ге жетедi. Бiздiң орман ағаштары мұндай өлшемдерге тек 150-200 жылда ғана жетедi. Ылғалды экваториальды ормандар өсiмдiктер алуантүрлiлiгi бойынша басқалардан айрықша. Экватор ауданында қызыл, сарғыш топырақ кең тараған. Олар топырақты сары және қызыл түске бояйтын алюминий және темiрге бай, тау жыныстарында түзiледi. Жыл сайын топыраққа көп мөлшерде өсiмдiк қалдықтары түсiп, микроорганизмдер көмегiмен минералды заттарға дейiн тез ыдырайды. Ауаның жоғары температурасы және жоғары ылғалдылық шiру процесiн тездетедi.

         Ағаштарды лианалар қоршап тұрады. Олар жерде мұртшалары көп кiшкене бұтақ түрiнде өсе бастайды, кейiн жас ағаштарға iлiгiп, осы ағаштармен жоғары көтерiледi. Лиана тамырлары арқылы ерiген минералды тұздары бар суды топырақтан сiңiредi, ал ағаш оған тiрек ретiнде қызмет етедi. Кейбiр лианалар ағаш дiңiн тығыз қоршап жатады, олардың көлденеңiнен өсуiне кедерге жасап, сөлдiң жүруiн бұзады, сөйтiп ағаш кеуiп кетедi. Ағаш бұтақтарында орхидеялар өседi. Олардың тамырлары ауада iлiнiп тұрады және сорғыш секiлдi, жаңбыр суын, шықты сiңiредi. Бұл жерде жануар дүниесi де бай.

         Көгiлдiр леопард ағаштардың қалың бұтақтары арсында маймылдар мен құстарды аңдиды. Көптеген жануарлар ағаштарда (мысалы, горилла, мартышкалар, шимпанзе және т.б.) қоректерi - гүлдер, жемiстер, жапырақтар көп және жарық мол жерде өмiр сүредi. Орталық және Оңтүстiк  Америкада дүниедегi ең кiшкентай құс - колибри тiршiлiк етедi. Ол арадан үлкенiрек, салмағы 1,5 – 2 г. Колибридiң қанаттары өте ашық және әдемi, кемпiрқосақтың барлық түстерi бар. Колибри гүлдердiң шырынымен қоректенедi.

         Экваториальды ормандарда жыртқыштар көп. Жәндiктер дүниесi алуантүрлi. Өте әдемi, үлкен көбелектердi кездестiруге болады. Өсiмдiктер дүниесi де бар. Бұл ормандарды жыл бойы жұмыс жасайтын планетадағы органикалық заттардың фабрикасы деп атайды. 1 га орманға өсiмдiктердiң 10-17 мың ц. салмағы келедi, ал 1 га шөлде 15-20 ц. ғана. Ылғалды экваториальды ормандар өттегiнiң орасан зор фабрикасы, бiздiң планетаның өкпесi. Олар Жер атмосферасының күйiне өте жақсы әсер етедi.

         Соңғы жылдары бұл ормандарды құртып, ауылшаруашылық плантациялары ретiнде, ағаш алуға пайдалануда. Олардың ауданы күрт қысқарды. Егер экваториальды орманды құрту жалғаса берсе, бұл қоршаған ортада күрделi бұзылыстарға: атмосферада оттегiнiң азаюы, жапырақ эрозиясының күшеюi, өнiмдiлiктiң төмендеуi, өсiмдiктер мен жануарлардың жойылуына әкеп соғады. Нәтижесiнде тiршiлiкке өте бай аудандар өлi шөлдерге айналуы мүмкiн.

         Экваториальды мәңгi жасыл ормандарда жануар мен өсiмдiктер дүниесiнiң байлығы жылу, ылғал және жарықтың молдығына байланысты. Бұл ормандар – оттегiнiң, органикалық заттардың орасан зор фабрикасы. Оларды бiздiң планетаның жасыл өкпесi деп атайды. Жер бетiндегi үлкен жануардан, жирафтың туысы-окапидi көруге болады.

 

 



 

 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет