«жерге орналастыру және жер мониторингі»


Рекультивация жүргізу жөніндегі техникалық шарттарды дайындау



бет4/7
Дата18.04.2016
өлшемі1.24 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Рекультивация жүргізу жөніндегі техникалық шарттарды дайындау. Бұл мәселе де жерге орналастыру жобасының құрамында қамтылады. Осы жөніндегі шарттарда бүлінген жерлерің аудандары мен орналасуы, олардың қалпына келтірілгеннен кейін (төселетін TҚҚ қалындығы, құнарлы қабаты алынатын танаптардың аудандары т.с.с.) бүлінген жерлерді қалпына келтіру мерзімі айқындалады. Бұған да керекті сызбалар дайындалады.

Берілген жерді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындау. Бұл ұсыныстар жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік иснпекторлардың қорытындысы дайындалып, аудандьқ әкімшіліктің шешімінде көрсетіледі. Осы мәселе бойынша табиғат пен қоршаған ортаны қорғау, ауылшаруашылық алаптарды сақтап қалу, жерді эрозия мен басқа теpic құбылыстардан қорғау шаралары қарастырылады. Сонымен қатар бұл құжатта мәдени және тарихи ескерткіштерің бүлінбеуi, транспорттық байланыстардың бұзылмауы, басқа жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құқықтарын шектемеуі ескеріледі.

Межелес жер иеленушіліктер мен пайдаланушылықтарды қайта құру және реттестіру жөніндегі ұсыныстарын дайындау. Ірі жер учаскелері алынған межелес орналасқан жер иеленушіліктер мен жер пайдалынушылықтарда қайта құру, реттестіру кейбір елді мекендерді, құрылыстарды т.с.с көшіру қажеттілігі туу мүмкін. Осы мәселеге байланысты ұсыныстар шаруааралық жерге орналастыру схемасы немесе жобасы ретінде дайындалады.

Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды құру жөніндегі жобалық шешімдердің варианттары бір қатар техника-экономикалық және экономикалық көрсеткіштер арқылы салыстырып бағаланады. Сол көрсеткіштердің қатарына жерге орналастыpy процесіне қатыстырылған жер иеленушіліктердің саны мен құрамы, әртүрлі шығындар мен келтірілген залалдардың мөлшерлері және көптеген басқалары жата;ды.

Негізгі техника-экономикалық көрсеткіш ретінде берілген жердің ауданы мен құндылығы алынады.

Нег.: 1. [44-52];

Қос.:5 [23-32]

Бақылау сұрақтары:


  1. Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы.

  2. Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құндылығын анықтау.

  3. Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасына ұсыныстар дайындау.

  4. Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды топтастыру түрлері

  5. А/ш жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы қандай құрам бөліктерден тұрады?


Дәріс №7. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТПАЙТЫН ЖЕР ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОБАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕР УЧАСКЕСІН ҚҰҚЫҚТАНДЫРУ ҚҰЖАТТАРЫН РӘСІМДЕУ

  1. Ірі гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларына жер бетін бөліп беруге байланысты шаруашылық аралық жерге орналастыру;

  2. Өнеркәсіп, транспорт және басқа кәсіпорындар мен мекемелерге жер бөліп беру ерекшеліктері;

  3. Елді мекендердің шектерін белгілеу.

Ірі ш аруашылық құрылыстар мен су қоймаларына жер бөліп беру – шаруааралық жерге орналастырудың ең күрделі міндеттерінің бірі. Бұл бірқатар жағдайларда байланысты. Біріншіден, ірі ауданы алаптардың су астында қалуына. Екіншіден, жасалған су қоймалардың айнала ортаға, шектес жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарға, олардың өндірісіне, әлеуметтік жағдайларына сан алуан ықпал етуіне. Осы ықпалдардың салдарына қарай жалпы бірқатар жерге орналастыру мәселелері қарастырылады. Солардың ішінде: ауылшарушылық айналымның тиіс қалған жерлердің қарастыру, тұрғындарды көптеген өндірістік құрылыстар мен медени-тұрмыс объектілерін көшіру, су баспаған, бірақта осы жағынан кауіп төнген территорияларды инженерлік қорғаумен қамтамасыз ету, межелес жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды қайта құру, реттестіру және жетілдіру.

Аталған міндеттерді орындау мақсатымен су қоймасы әсер ететін территория бip қатар зоналарға бөлінеді. Бұлар: су басатын зона - су астында қалатын немесе мезгілімен су басып пайдалануға жарамсыз қалған территория. Бұл зонаның межелері судың нормалды биіктігіне болып шығатын жаға сызығымен белгіленеді.

Жағалардың өзгеру зонасы - жаға бойындағы толқынмен әлсін-әлсін шайылып және осыған байланысты өзгеріп отыратын территория. Жоба бойынша оның жалпақтығы жағалардан 100 метрдей алынады. Тайыз су зонасы - тереңдігі 2м. Аспайтын су коймасының акваториясы. Бұл зона әртүрлі ауруларға қарсы санитарлық шараларды жоспарлау, сонымен бipгe ауыл шаруашылығында пайдалануға қолайсыз немесе пайдалануға мүлде келмей қалған жерлер (көлемдері тым кішкентай, аралдар т.с.с)

Аталған зоналардың барлығы су коймасының жоғары бетіне жатады. Пластикадан төмен қарай да (төменгі бет) бірталай өзгерістер орын алады. Өзеннің жайылмасының құрғауына байланысты суарма шабындықтардың аудандары едеуір қысқарады. Осының салдарынан жергілікті фауна мен флора да біраз қалдырып, ал межелес орналасқан шаруашылықтардың өндірістік жағдайлары нашарлап кетеді.

Басқа зоналардың көлемінде қорғау шаралары жоспарланады. Бұл құнды жер учаскелерін, елді мекендерді, өндірістік объектілерді сақтап қалу мақсатымен жер үйірмелері мен бөгеттер жүйесін жобалауды қамтиды. Көп қаражат талап ететіне қарамасатан бұл шаралар кейбір жағдайларда өте тиімді болуы мүмкін.

Соңында ауылшарушылық өндірісті шеккен шығындар мен жер иеленушілер мен пайдалнушыларға келтірілген залалардың түрлері, көлемдері және өту жолдары анықталады. Бұл мәселенің мән-мағынасы нақтылы түрде тарауда қаралады.

Өнеркәсіп транспорт және басқа кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын шартты түрде жердің атқару міндеттеріне және учаскелердің пішін кескінділігіне қарай төрт категорияға топтастыруға болады:


  1. Кең ауданды жер пайдаланушылықтар;

  2. Сызықтық объектілердің жер пайдаланушылықтары;

  3. Тау-кен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтары;

  4. Қорықтардың және осы тәріздес объектілердің жерлері.

Біріншілеріне өнеркәсіп салаларына жататын әртүрлі кеәсіпорындардың (фабрика, завод т.с.с.) жер пайдаланушылықтары кіреді. Сонымен бipгe бұнда халық шаруашылығының басқа салаларының объектілеріне де (су қоймалары, АЭС, ГЭС, т.с.с) енеді категорияға қорықтар мен елді мекендердің жерлерін жатқызуға болады.

Жерді ауылшаруашылық емес мақсаттарға бөліп беру процесінде ең маңызды мәселелердің бipi оны үнемдеу. Бірінші категорияға жататын жер пайдаланушылықтарды (көбінесе өнеркәсіп объектілерінің) жобалағанда бұл мәселе кәсіпорындарды территоиялық-өндірістік кешендерғе (Т0К) шоғырландыру арқылы жүзеге асырылады. -өнеркәсіп объектілерін осындай түрде орналастыру оларға берілетін жердің ауданың 15%-ке дейін қысқартуға мүмкшілік береді.

Екінші санатқа темір және автомобиль жолдарының, электр жүйелерінің, каналдардың, құбырлардың т.с.с. жер пайдаланушылықтары жатады. Бұнда жер үнемдеу мәселесі аталған объектілердің ұзындығы барынша қысқарту арқылы шешіледі. Жыл сайын осы жер пайдаланушыларға республика бойынша 6,0-6,5 мың га бөлініп отырады.

Тау-кен кәсіпорындарына берілетін жерлердің өте маңызды пайдалану ерекшелігі бар. Бұнда негізгі өндіріс құралы ретінде жердің қойнауындағы қазбалы байлығы пайдаланылады. Тау-кен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарына уақыт және кеңістік аспектілерінде үнемі өзгеріп отыру, пайдалану мерзімнің нақты шектелуі, айнала ортаға зор әсер етуі тән. Қазіргі кезде пайдалы кеңдердің 80% ашьқ тәсілмен қазып өндіріледі. Қазақстан Республикасында Я.Я. Маульдің болжауы бойынша осы мақсаттарға жыл сайын 1,0 сың га жер алынып отырады екен, ал жалпы әртүрлі ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға 10-13 мың га.

Төртінші санатқа қорықтар, тарихи-мәдени жерлер жатады. Бұлардың аудандары мен межелері, алаптық құрамдары мен пішін кескіндіктері, олардың мақсаттары мен мұқтаждықтарына қарай белгіленеді. Қорықтың бүкіл ауданы екі зонаға бөлінеді. Біріншісі абсолюттік корықтың жерлер, екіншісі шаруашылық зона. Соңғысында шектелген түрде және белгілі мөлшерде шаруашылық ic-әрекеттер жүргізілуі мүмкін. Қорықтардың жер пайдаланушылықтары тұтас, ал межелері табиғи шектрмен сайма-сай тыс жерлермен қаушу ұзындығы қысқа болуға тиісті.

Қала шегі деп қалаға берілген жерлердің сыртқы межелерін атайды. Бұл құқықтық тұрғыдан қарағанда жер пайдаланушылықтың емес, әкімшілік ауданының немесе облыстың межелері сияқты әкімшілік-территориялық құрылымның шекарасы болып табылады.

Қала шегін жүргізу және өзгерту процесіне байланысты жерге орналастыру жұмыстары қалалық Кеңесінің шешімімен ең негізінде жүргізіледі. Жобалау тапсырмасында қала жерлерінің құрамы, қаланың бас схема бойынша даму бағыттары, айнала ортаны қорғау жөніндегі жұмыстардың түрлері және жобаның графикалық бөлігін жасау масштабы көрсетіледі. Жобаның түсініктемесінде қала, оның қазіргі шегі және жерлерінің құрамы туралы мәліметтер қамтылады. Қала шегі жөніндегі жоба міндетті түрде жері алынған жер пайдаланушылармен, жер иеленушілермен және құрылыс, архитектура тағы да басқа қатысты органдармен келісіледі.

Жалпы алғанда қала шегіне кіретін жерлер бойынша жобаның 2 түрі жасалады:



  • қаланы орналстыру және салу жобасы (осыған мақсатталған жерлерде);

  • қаланың жер шаруашылығын реттестіру жобасы (құрылыстарды жүргізуге арналмаған және уақытша бос жерлерде).

Жалпы түрінде аталған құжат мынандай бip қатар іс-әрекеттерді қамтиды:

а) демалыс және спорт орындарын орналастыру;

е) көпжылдық көшеттерді (орман-парктерді, бау-бақшаларды) орналастыру;

б) қала шегіне кіретін ауылшаруашылық кәсіпорындардың жерлерін реттестіру;

в) саяжай жергілікті санаториялар мен курорттарды орналастыру;

г) қала маңындағы жол тораптарын реттестіру;

д) қала жерлерін түрлеріне, жер пайдаланушыларға жататындарына және пайдалану мерзімдеріне қарай топтастыру.

Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды және ауылшаруашылық өндірістің шығындарын анықтау мақсатымен аудандық әкімшілік бағалау комиссиясы құрылады. Осы комиссия жұмысының нәтижесінде акт жасалады. Бұл акт аудандық әкімшілікте қаралып бекітіледі. Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды көлемі мына әдістемелік жүйелікте анықталады: тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыс объектілер және басқа да өндірістік құрылыстар мен ғимараттар баланстық құны бойынша, тозғандықтары ескеріле отырып, бағаланады. Ол үшiн мына формула қолданылады:

Зг =Ка-Т;

бұнда: Зг - құрылыстар мен ғимараттардың қалған құны, теңге;

Т - олардың қалған эксплуатациялық жарамдылығы. %;
Ка - олардың алғашқы баланстық құны, теңге.

Табиғат қорғау жөніндегі құқықтық шаралар жүйесінің мазмұны жалпы түрде мыналар қамтиды:



  • азаматтардың осы саладағы құқықтары мен міндеттері;

  • айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдалануды басқарудың органдары мен экономикалық механизмі;

  • айналадағы табиғи ортаның сапасын нормалауды;

  • экологиялық сараптаманы (экспертиза);

шаруашылық және өзге қызметке қойылатын экологиялық талаптарды;

  • айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды;

  • хылықтың табиғатты қорғауға қатысы және экологиялық тәрбие мен білім беруді;

  • лауазымды адамдар мен азаматтардың аталған заңды бұзған үшін жауаптылығын заңның бұзылғанынан келтірілген залалдарды етеуде.

Бағалау шкаласы бойынша орта облыстық бонитет балы қолданылады:

Борт = Б1 П 1 + Б2 П 2 + Бn Пn

П

бұнда: Борт –бөлінген алаптардың орташа балы;



Б1, Б2 - бөлінген алаптардың құрамындағы топырақтардың балдары;
П1, П2, Пn - топырақтың аудандары, га;
П – бөлінген алаптардың жалпы ауданы, га.

Орта облыстық нормативтен бөлінген нақты учаскенің құнына кешу үшін біріншісі түзету коэффициентіне көбейтіледі:

Кт = Бн/ Борт

бұнда: Бн – бөліген нақты учаскенің балы.

Құрамына әртүрлі алаптар кіретін учаске үшін төлемнің жалпы көлемі мына фopмyла арқылы табылады:

Ш = (П1 х Кт1 x Kci х К) + (П2 х Кт2 х Кс2 х К)....;

бұнда:
Ш – төлемнің жалпы көлемі, теңге;

П1, П2 - алынған алаптардың аудандары, га;

КТ1, КТ2 - алаптардың сапасын ескеретін түзету коэффициенттері;

КС 1, КС 2 алаптардың суармалы жерлермен теңестіретін коэффициент;

К - 1 га жаңа жерлерді игеруге қажетті қаржылардың құны, теңге.

Бірінші кезекте мемлекет сонымен бipгe ауылшаруашылығы жоғалтатын кірісті есептеген жөн. Бұл кірістің көлемін анықтауға Семин Л.С., С.Б. Ляшенконың формуласын қолайлы деп санайды:

Ш = ДхНхАхК;

бұнда: Д-жылдық таза кipic, теңге/га;

Н - алынған учаскенің ауданы, га;

А – шығынды өтеу мерзімі, жыл;

К - жобалау мерзімде ауылшаруашылық өндірістің тиімділігінің коэффициенті.

Бұл бағытта С.А. Ткачук пен Я.Я. Маульдің де еңбектері танымал. Олардың пікірінше жер учаскелерін алуға мүдделі кәсіпорындар мен мекемелер осы жөнінде жер беруге құқығы бар жергілікті әкімшіліктерге алдын ала өтініш жолдауға тиісті. Бұнда объекті салуға белгіленген учаскенің пайдалану мерзімі, шамамен алғандағы ауданы мен орналасуы көрсетіліп негізделеді. Құжаттар әкімшіліктің қарауына табыс етіліс осы органмен бекітіледі. Осының негізінде жобалау - іздестіру жұмыстары қаржыландырылады және жүргізіледі.

Жоба бекітіліп, салынатын объект құрылыс жоспарына енгізілгеннен кейін мүдделі кәсіпорын, мекеме, ұйым жергілікті әкімшілікке алдын ала келісілген жерді сұрап өтініш жолдайды. Жерді иелену немесе тұрақты пайдалану құқығы мемлекеттік актімен, ал уақытша пайдалану немесе арендалау құқығы шартпен куәландырылады.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы мынандай жағдайларда жүзеге асырылады деп саналады:

- кәсіпорындар жобада көрсетілген мерзімде берілген жерлерді пайдалануға кіріскенде;

- белгіленген мерзімнің ішінде жобада қамтылған жердің пайдалануымен байланысты шаралар жүзеге асырылғанда.

Нег.: 1. [44-52];

Қос.:5 [23-32]



Бақылау сұрақтары:

  1. Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды анықтау қандай жүйелікте анықталады?

  2. Жер жүзінде егіншілікке жарамды жерлердің үлес салмағын көрсет?

  3. Жерді қорғау жөніндегі шаралардың маңыздылығын ата.

  4. Ауылшаруашылық өндірістің шығындарын өтеу проблемасы жөнінде теорияларға кімдер үлесін қосты?


Дәріс№8. ЖЕРДІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Жерді қорғау ұғымы және оны жүзеге асыру жөніндегі шаруааралық жерге орналастырудың міндеттері;



  1. Жерді қорғаудың негізгі бағыттары;

  2. Рекультивация туралы ұғым;

  3. Жерді пайдалануға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және жерге орналастыру жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру.

Жер- кеңістікте және сапа жағынан шектелген табиғи зат, өндірістік ресурс. Оған бас заттарға сияқты бip қатар қасиеттер тән. Олардың ішінде: топырақ қыртысы, өсімдік жамылғысы, қойнауы, сулары және кеңестік қасиеттері. Бұлардың адамзат тіршілігі мен қоғамдык өндірісі үшін маңызы бағасыз. Сондықтан жердің бұл қасиеттерін үнемі арттырып отыру қоғамның ең күрделі міндеттерінің бipi. Бірақта аталған мәселені жүзеге асыру үшін қыруар қаржы қажетті, ал жерді қорғау жөніндегі шаралар зор көлемде шығындарды талап етеді. Сонда неден, қандай ic- әсep мен құбылыстардың жерді қорғау керек? Біріншіден, ысырапты жұмсау мен таратудан. Екіншіден, тиімсіз және ұтымсыз пайдаланудан. Үшіншіден, бү лінуден, ластанудан және басқа жердің сапасына тepic әсер ететін құбылыстардан.

Жер мен айнала ортаны қорғау мәселесі жердің пайдалынуын ұйымдастыруымен өзара байланысты. Сондықтан ол жерге орналастырудың ең маңызды міндеттердің бipi болып табылады. Дұрыс жобалық шешімдердің қабылдануы тек осы екі меселе бip уақытта және өзара байланысты түрде қаралғанда ғана қамтамасыз етіледі. Ос ы арада жерді және айнала ортаны қорғауға қатысты жерге орналстырудың мақсат -міндеттерін қаралық:

- ұтымды экологиялық тепе-теңдікке сай алаптардың құрамын қамтамасыз ету;


  • жердің өндірістік қасиеттерін арттыруға қолайлы жағдайларды жасау;

  • жердің кеңестік қасиеттерін ескере отырып, жер пайдаланушылықтар мен олардың межелерін дұрыс орналастыру;

  • территориялық айнала ортаға бейімделген реттілігін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 169 бабы бойынша: «Жерді қорғау, оны ұтымды пайдалануға. Ауылшаруашылық айналымның негізсіз шығарып тастауды болғызбауға, зиянды антропогендік әсерлерден қорғауға, сондай-ақ топырақ құнарлығын, шабындықтардың, жайылымдардың және орман қоры жерінің өнімділігін қалпына келтіріп арттыруға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқықтық және басқа шаралар жүйесін қамтиды». Кодекстің осы бөлінің 176 статьясында республикалық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес жүргізілетін жер қорғау жөніндегі шаралар мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен, ал жер иеленушілер мен пайдаланушыларға берілген нақты жер учаскелерін жақсарту жөніндегі жұмыстар соларды қаржы есебінен жүзеге асырылады делінген.

Жердің пайдалануы мен қорғалуы зор мемлекеттік және қоғамдық міндет болып табиғи мемлекеттік тарапынан бұны жергілікті әкімшіліктерің жерге орналастыру қызмет та биғат қорғау органдары және арнайы уәкілдік берліген басқада органдар жүзеге асырады.

Өзгерістерді уақтылы анықтап, оларға баға беру, келеңсіз процестер зардаптарының алдын алу мен оларды жою үшін жер қорының жайын кадағалап отыру жүйесі жер мониторингі деп аталады. Жер мониторингінің құрылымын, мазмұнын және жүзеге асырылуы тәртібін Министрлер кабинеті белгілейді.

Жалпы алғанда жерді қорғау жөніндегі шаралар үш бағытта жүргізіледі. Олар: құқықтық экономикалық және техникалық. Егерде біріншілері жерді қорғау жөніндегі шаралардың құқықтық және экономикалық негіздерін қамтамсыз етсе, соңғысы ол шаралардың жүзеге асырылуының нақты жолдары мен әдістерін қарастырады.

- қайтара жер пайдалану үшін төлем;


  • экологиялық тұрғыдан таза жер пайдалануды ынталандыру үшін төлем;

  • ауылшаруашылық өндірістің территориялық реттілігі бұзылғаны үшін төлем.

Әрине, басқа ұсыныстар да баршылық бірақта біздің ойымызша, осының өзі проблеманың шешілуін жеткілікті түрде қамтамасыз етуге тиісті.

Жалпы алғанда, экономикалық шаралардың түпкі мақсаты жерлердің ұтымды және тиімді пайдалануын ынталандыру.

Құқықтық және экономикалық бағыттағы шаралар жерді қорғау жөніндегі техникалық шаралар құқықтық және экономикалық алғы шарттарды жасайды. Нақты техникалық шаралар арқылы бүкіл жерді қорғау жөніндегі ic-әрекеттер жүзеге асырылады. Осы мақсатпен әртүрлі шаруааралық жобаларда мынандай бip қатар техникалық шаралар ескеріледі:


  • жаңа жерлер ауыл шаруашылық айналымға енгізілгенде экономикалық тепетеңдіктің бұзылмауы қамтамасыз етіледі;

  • жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың ұтымды орналасуы мен тиімді алаптың құрамы іздестіріледі;

  • жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың межелері эрозияға және басқа қолайсыз құбылыстарға қарсы бағытталған талаптарға сай жүргізіледі;

  • суармалы алқаптарды орналастырғанда олардың туздануы және т.с.с. теріс ықпалдарға ұшырауы ескеріледі;

  • шаруашылық орталықтар және басқа өндірістік объектілер экологиялық талаптар ескеріле отырып орналастырылады;

  • тағы да басқа көптеген осылар тәріздес және осы мақсаттағы ic-әрекеттер ескеріледі.

Бұл тек шаруааралық жерге орналастыруда қамтылатын шаралар.

Сонымен жалпы алғанда, жерді қорғау - бұл ұйымдастыру шаруашылық, құқықтық, экономикалық, техникалық және басқа жерді сақтап қалуға, қалпына келтіруге, утымды пайдалануға, талан-тараждан қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.

Жер әртүрлі ауыл шаруашылық емес мақстатарда пайдаланылғанда оның ең құнды құнарлы қабаты бүлінуі мүмкін. Бүлінген жер - адамның өндірістік ic- әрекетінің салдарынан шаруашылық құндылығын жоғалтқан, айнала ортаға ықпал тигізетін жер учаскелері.

Жер кодексінің 170 бабында «Жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар, соның ішінде арендаушылар топырақ құнарлығы, сондай-ақ жерің басқа да қасиеттерін қалпына келтіру мен арттыруды жүзеге асырады» делінген. Осымен қатар олар, бұл статья бойынша бүлінген жерлерді рекультивациялауға тиісті.



Рекультивация - бүлінген жерлдердің биологиялық өнімділігі мен халық шаруашылық құндылығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған инженерлік- техникалық, мелиоративтік, агоротехниаклық және т.с.с. шаралардың кешені. Сонымен қатар рекультивацияның міндеттеріне айнала ортаның халахуалын жақсарту да кіреді. Рекультивацияға карьерлер, олардың үзінділері және сондай көптеген жерлер жатады. Алғашқы қалпында келтірілген жер учаскелері ауыл шаруашылық алаптарға, ормандарға, су қоймаларына немесе демалыс зоналарына айналдырылуы мүмкін. Ондай мақсаттарға жарамсыз жерлер әртүрлі құрылыс жүргізуге пайдаланылады.

Рекультивация жөніндегі жұмыстар екі кезекте жүргізіледі:


а) техникалық рекультивация;
е) биологиялық рекультивация.

Біріншісінің мақсаты жер бетінің кеңістік қасиеттерін қалпына келтіріп биологиялық рекультивацияға осы жағынан жағдай жасау. Бұл кезек жерді тегістеуді, керекті жағдайларда химиялық мелиорацияны жүргізуді, жол, гидротехникалық және басқа инфрақұрылымдарды қалыптастыруды қамтиды. Биологиялық рекультивацияның міндеті жердің құнарлығын қалпына келтіру. Ол үшін әртүрлі агротехникалық, фитомелиорациялық шаралар жүргізіледі. Соңғы мақсаты сол жердің флора мен фаунасын, шаруашылық өнімділігін қалпына келтіру.

Нег: 1. [44-52];

Қос: 5 [23-32]



Бақылау сұрақтары:

  1. Жерді қорғаудың негізгі бағыттары.

  2. Рекультивация туралы ұғым.

  3. Жерді пайдалануға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және жерге орналастыру, жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру.


Дәріс №9. ІШКІ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ.

9.1 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру – жерге орналастырудың бір түрі. Оның жобалау объектісі – ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорынның иелігіндегі, пайдалануындағы немесе арендаға алған жері, оны территориялық ұйымдастыру.

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру дегеніміз ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндірістік территориялық ұйымдастыру шараларының жүйесі: жерді, адамдардың еңбегін, а/ш техниканы тиімді пайдалану үшін, топырақ құнарлығын қорғау және жақсарту үшін, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін.

Шаруашылықтың территориясын ұйымдастыру жолында мына мәселелер шешіледі:

1) Топырақтың құнарлығын сақтау және жақсарту.

2) Ауылшаруашылық алқаптарды неғұрлым жақсы пайдалану жыртылатын жерлерді неғұрлым интенсивті пайдалану.

3) Эрозияны тоқтату және оның болмауына әсер ету.

4) Суарылатын жерлерде топырақтың тұздалмауына ирригациялық эрозияның болмауына әсер ету.

5) Мәдени ландшафтарды қорғау және жаңадан құру.

6) Жерді пайдалануда бос қалған жерлердің болмауына және шаруашылықты ұйымдастырудың прогрессивтік, ғылыми негізделген жүйелерін еңгізу үшін ұйымдастыру территориялық жағдай жасау.

7) Адамдардың жұмыс істеуіне, дем алуына, тұрмысын жақсартуға жағдай жасау.

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының мазмұны табиғи және экономикалық жағдайларға және шешілетін сұрақтарға байланысты әр түрлі болады. Оған қарамастан ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының келесі шартты құрамды бөліктерге бөлуге болады:



  1. Өндірістің бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын орналастыру.

  2. Ішкі шаруашылық жолдарды, су шаруашылық немесе басқа инженерлі ғимараттарды орналастыру.

  3. Ауылшаруашылық алқаптарды ұйымдастыру.

  4. Ауыспалы егіс жерлерін және олардың терреторияларын ұйымдастыру.

  5. Жеміс-жидек және жүзімдіктер терреториясын ұйымдастыру.

  6. Мал азықтық алқаптардың терреториясын орналастыру.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет