«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 94.51 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі94.51 Kb.
: Services -> NormativeLegalActs -> Files -> StandartProjectDoc
Services -> Контроля за доставкой товаров
Services -> Вся жизнь цветы
Services -> Регламенті Жалпы ережелер
StandartProjectDoc -> «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
NormativeLegalActs -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 27 сәуірдегі №470 және "Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау
NormativeLegalActs -> Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
StandartProjectDoc -> «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « » .

№ қаулысымен

бекітілген

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау».


  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган).

4. Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы:

1) уәкілетті орган;

2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі).

3) мүгедектер және әлеуметтік жағынан елеулі аурулары бар адамдар www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

5. Жергілікті өкілдік органдардың (мәслихаттардың) шешімдері бойынша айқындалатын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.





  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

уәкілетті органда немесе ауылдық округ әкімінде:


  1. көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органда өтініші тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде;

Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жеткіліксіз не олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш иелерінің қажетті құжаттарды беруі мүмкін болмаған жағдайда жиырма жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыру үшін өтініш берген күні (тіркеу, талонды алу кезінде) сол жерде күтудің рұқсат берілген ең ұзақ шекті уақыты, бір көрсетілетін қызметті алушыға 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады.

3) көрсетілген қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызметті алуға дейін күтудің ең ұзақ шекті уақыты 15 минуттан аспайды;

порталда:

уәкілетті органда электрондық өтінішті тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:

1) уәкілетті органда немесе ауылдық округ әкімінде:

әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап;

2) порталда:

әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы жауапты адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады;

порталда – тәулік бойы.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы:

уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне:

дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысандағы адамның (отбасының) құрамы туралы мәлімет;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәлімет;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және (немесе) құжат;

6) көрсетілетін қызметті алушының осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда дербес деректерді жинақтауға және өңдеуге келісімі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

портал арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті алушы электрондық өтініште көрсетілген, осы тармақта көзделген құжаттар негізінде толтырылған мәліметтерді растау үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйесіне сұрау салады.

12. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетін қабылдағанын растайтын құжат:


  1. уәкілетті органда немесе ауылдық округ әкіміне өтініш берген кезде – өтінішті тіркеу және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілетін талон;

  2. портал арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет тағайындау үшін электрондық өтінішті қабылдау туралы жіберілген хабарлама болып табылады.

13. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы немесе орталықтың қызметкері:

көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен:

1) көрсетілетін қызметті алушының жалған мәліметтер ұсынғандығы анықталған;

2) көрсетілетін қызметті алушының материалдық жағдайын тексеруден бас тартқан, жалтарған;

3) көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті уәкілетті органдар белгілеген шектен асқан;

4) көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген кезде жәрдемақы төленуі немесе тағайындауға өтініш беруі туралы факті анықталған жағдайда осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама бере отырып бас тартылады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, орталықтардың, ауылдық округ әкімдерінің, олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ауылдық округ әкімдерінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі:

1) тікелей уәкілетті органның, ауылдық округ әкімдіктерінің басшысына. Азаматтарды қабылдау кестесі мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: http:/www.enbek.gov.kz; www.gcvp.kz; www.con.gov.kz.

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлімінде;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» беті);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жолданады.

14. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні, өтініш беру себебі және талаптары көрсетіледі.

15. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдау күні мен уақыты және шағымды қабылдаған адамның, тегі, аты-жөні көрсетілген талон береді.

16. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

17. Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

18. Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада бекітілген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
19. Жеке сәйкестендіру нөмірі мен ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік қызметті алу, сондай-ақ әлеуметтік көмекті тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

20. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылады.

21. Консультативтік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы call-орталықтың: (1414) телефоны бойынша көрсетіледі.

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

1-қосымша
Отбасының тіркелу нөмірі ____________
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
_________________________ _________________________
(Өтініш берушінің ТАӘ) (үйінің мекенжайы, тел.)


р/с



отбасы мүшелерінің ТАӘ

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған күні 







































Өтініш берушінің қолы ____________________ Күні ______________

Отбасы құрамы туралы мәліметтерді

растауға уәкілетті органның

лауазымды тұлғасының ТАӘ _____________________


(қолы)

________________________

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

2-қосымша


___________________________________

көрсетілетін қызметті алушының

ТАӘ не ұйымының атауы)

_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбағандықтан ___________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ….

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.



ТАӘ (уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің, ХҚО маманының) ________________________________________________________

(қолы)
Тел.__________

Алдым: ТАӘ / көрсетілетін қызметті алушының қолы


20__ ж. «___» _______



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет