Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Физика 7-сынып



бет1/10
Дата26.09.2019
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Физика 7-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушының «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып «Физика» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныс негізгі орта білім беру мектебі мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

Мазмұны


1-тоқсан 4

«Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7

«Кинематика негіздері. Механикалық қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 11

2-тоқсан 15

«Тығыздық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 15

«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 18

3-тоқсан 23

«Қысым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 23

«Жұмыс және қуат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 26

4-тоқсан 29

«Энергия» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 29

«Күш моменті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 33

«Жер және Ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 37


1-тоқсан





«Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары

        1. Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру

        2. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Физикалық құбылыстарды ажыратады

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну

Орындау уақыты

10 минут

Тапсырма


  1. Құбылыстарды түрлеріне қарай топтарға бөліп, кестеге еңгізіңіз:

Доптың домалауы, қорғасынның балқып, салқындауы, күн күркірегенінің естілуі, қар еруі, жұлдыздар жарқырауы, судың қайнауы, таң атуы, жаңғырық, бөрененің қалқуы, сағат маятнигінің тербелуі, бұлттар қозғалысы, көгершіннің ұшуы, найзағай жарқылдауы, жапырақтар сыбдырласуы, электр шамының жануы.
механикалық электрлік дыбыстық жылулық магниттік жарықтық


  1. Төменде көрсетілген физикалық құбылыстардың қайсысын зерттеу кезінде эксперимент әдісін қолдану жеңілірек болады?

    1. Найзағай

    2. Күн тұтылуы

    3. Поляр шұғыласы

    4. Қағаз ұшағының ұшуы




  1. Кемпірқосақ пен найзағайды зерттеу кезінде ғылыми әдістің қандай түрін қолданасыз?

    1. Тәжірибе

    2. Бақылау

    3. Модельдеу

    4. Сауалнама жүргізу

Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Физикалық құбылыстар түрлерін ажыратады

1

механиқалық құбылыстарды таңдайды

1

электрлік құбылыстарды таңдайды

1

дыбыстық құбылыстарды таңдайды

1

жылу құбылыстарын таңдайды

1

магниттік құбылыстарды таңдайды

1

жарық құбылыстарын таңдайды

1

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін

ажыратады



2

физикалық құбылысты таңдайды

1

3

ғылыми әдісті анықтайды

1

Жалпы балл

8

«Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Физикалық құбылыстар түрлерін біледі және оларды ажырата алады

Физикалық құбылыстардың түрлерін ажырату қиындық туғызады

Механикалық/электрлік/ дыбыстық/жылу/магниттік/жарық құбылыстарын ажырату кезінде қателіктер жібереді

Физикалық құбылыстардың түрлерін ажыратады

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырата алады

Физикалық құбылысты, ғылыми әдісті таңдау қиындық туғызады

Физикалық құбылысты/ғылыми әдісті анықтау кезінде қателіктер жібереді

Физикалық құбылысты және ғылыми әдісті анықтайды

6



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет