Жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы



жүктеу 2.34 Mb.
бет1/15
Дата24.04.2016
өлшемі2.34 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

2015 жылғы 07 қазан №31/05 Абай ауданы әкімдігінің қаулысына
2015ж.15 қазан №45/501

Абай аудандық мәслихатының сессиясының шешіміне

қосымша




2011-2015 жылдарға арналған

Абай ауданының

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Абай қаласы, 2015 жыл



МАЗМҰНЫ




Бөлімнің атауы

беті.

1

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

3

2

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫҢ ТАЛДАУЫ

10

3

АУМАҚТЫ ДАМЫТУ КӨРІНІСТЕРІ

86

4

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЛҒА ҚОЙҒАН БАҒЫТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ, НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ МАҚСАТТЫҚ ИНДИКАТОРЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ


89

5

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

113

6

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

115


1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ


Атауы

2011 - 2015 жылдарға арналған Абай ауданының даму Бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау Жүйелерінің әрі қарай қызмет етуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы

Аумақтың негізгі сипаттамалары



Аудан аумағы 652,9 мың гектарды құрайды (жалпы облыс алаңының 1,5%). 2015 жылдың 1 қаңтарына Абай ауданының әкімшілік-аумақтық бөлігіндегі қарамағына 35 ауылдық елді мекендер ұсынылды: оның ішіне Абай қаласы, 34 ауылдық елді мекендер (3 кент, 10 селолық округ, оның ішінде 31 село). 2015 жылдың 1 шілдесіне аудан тұрғындарының саны 55 102 адам болды, соның ішінде қала тұрғындары – 28356 адам, ауыл тұрғындары – 26 746 адам.

2014 жылы өндіріс өнімінің көлемі, ағымдағы бағамен алғанда 63 642,6 млн.теңгеге өндірілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14254,7 млн.теңгені құрады, шағын кәсіпкерлікпен өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет 7 276,3 млн.теңге болды. Ауданның салалық бағыты тау-кен өнеркәсібі, картоп және көкөніс өндірістері болып табылады.



Бағыттары

  • Аймақтың экономикасы

  • Әлеуметтік сала

  • Инфрақұрылым

  • Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурсы

  • Мемлекеттік қызметтер

Бағдарламаның мақсаттары

Экономика:

  • Экономиканы жетілдіру және бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту негізінде өнеркәсіптегі құрылымдық өзгерістер;

  • Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Бизнес-ортаны жақсарту;

  • Инвестициялар тарту және өңірлік инновациялық жүйелерді дамыту.

Әлеуметтік сала:

  • Балалардың заңдық мүддесін қорғау және құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру, білімнің сапасын мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету үшін аудан халқының денсаулығын нығайту;

  • Азаматтарды әлеуметтік қорғау тиімді жүйесі;

  • Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Жалпы спортты, денешынықтыру-сауықтыру қозғалыстыры мен жоғары жетістікті спортты дамыту;

  • Бәсекеге қабілетті туристік индустрианы құру;

  • Мемлекеттік тілді дамыту;

  • Мемлекеттік және ұлттық бірлікті ары қарай нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;

  • Жол қауіпсіздігін, қылмыспен күресі, нашақорлық және заңсыз есірткі сатуға қарсы күресті қамтамасыз ету. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардығ алдын алу және жою.

Инфрақұрылым:

  • Құрылыстың өсуін қамтамасыз ету;

  • Байланыс және коммуникация саласындағы қызмет сапасын жоғарылату;

  • Экономикалық кеңістіктің байланыстылығын жақсарту

  • Халықты тиісті сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету;

Ауылдық аймақтарды дамыту, экология

Мемлекеттік қызмет:

  • Мемлекеттік органдардың қызметтерін автоматтандыру.

Міндеттер

Экономика:

  • Өнеркәсіпте құрылымдық өзгерісті қамтамасыз ету;

  • Агроөндіріс кешенінің салаларын тұрақты дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Инвестиция салымы;

  • Инновациялық белсенділікті арттыру

  • Бизнес-ортаны дамыту;

  • Қазақстандық өнімдерді дамыту.

Әлеуметтік сала:

– Мектепте білім беру қызметі сапасын жоғарылату***;

– Мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін көбейту және мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту**;

– Амбулаториялық-емханалық көмек сапасын жақсарту. Медициналық ұйымдарға білікті мамандар оқыту. Медицина кадрларының кәсіптік даярлығын үздіксіз жоғарылату;



  • Тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

  • Халықтың аз қамтылған жіктеріне әлеуметтік көмек көрсету тиімділігін жоғарылату;

  • Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуде мемлекеттік емес сектор үлесін көбейту;

  • Мәдениет саласының қызметіне халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту;

  • Жаппай спортты, денешынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту;

  • Туризмді дамыту;

  • Этника аралық және конфессия аралық келісімді сақтау және нығайту;

  • Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жастарды белсенді тарту;

  • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Қылмыспен, есірткі және нашақор бизнесімен күрестің тиімділігін жоғарылату;

  • Техногендік, катастроф және күтпеген апаттардан қауіп қатерді азайту бойынша жағдай жасау.

Инфрақұрылым:

  • Ақпараттық – коммуникативтік технология саласындағы қызметті дамыту;

  • Құрылыстың өсуін қамтамасыз ету;

  • Көлік құралдарының қауіпсіз және кедергісіз жүруі үшін қазіргі заман талаптарына сай келетін автожол саласының инфрақұрылымын дамыту деңгейін жоғарылату;

  • Көлік қатынасын ұйымдастыру;

  • Пайдалануға тиісті тұрғын үй қорын қамтамасыз ету;

  • Коммуналдық жүйені жетілдіру және дамыту.

Ауылдық аймақтарды дамыту, экология

  • Ауыл тіршілігін қамтамасыз етуде бейімді қалыпты жағдай жасауда көмек көрсету;

  • Атмосфералық ауаны қорғау.

Мемлекеттік қызмет:

  • Электрондық форматта әлеуметтік-маңызы бар қызметтер санын өсіру;

  • Ақпараттық жүйені жасау және дамыту.

Жүзеге асыру кезеңдері

I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – алдыңғы қатарға қойылған шараларды жүзеге асыру.

II кезең – Қорытынды (2 жыл) -2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған мақсаттарды шешу үшін жоспарланған шараларды жүзеге асыру.

Мақсатты индикаторлар

Экономика:

  • Өнеркәсіп өнімдер өнімінің нақты индекс көлемі, 2015 жылы-103,6%;

  • Тау-кен өнеркәсіп өнімдерін шығару және кен орнын әзірлеудің нақты индекс көлемі, 2015 жылы -100,9%;

  • Қайта өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің нақты индекс көлемі, 2015 жылы- 103,4%;

  • Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызмет) нақты индекс көлемі, 2015 жылы -103%;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдер өндірісі, 2015 жылы-9022,5 млн. теңге;

  • Жеке тауар айналымының нақты индекс көлемі 2015 жылы-103,4%;

  • Негізгі капиталдағы инвестицияның нақты индекс көлемі, 2015 жылы-65,3%;

  • Инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі, 2015 жылы-14,3%.

Әлеуметтік сала:

  • Үш аусымды және апатты жағдайдағы мектептердің саны өткен жылмен салыстырғанда азаюы, 2015 жылы-14,3%;

  • Мектеп бітірушілерінің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (жақсы/өте жақсы) игерген оқушылардың үлесі 2015 жылы:

  • Жаратылыстану-математика тәртібі бойынша-56%;

  • Қоғамдық-гуманитарлық тәртіп бойынша - 48%;

  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен балаларды қамту - 33%;

  • 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамту, 2015 жылы-100%***;

  • Аумақта өткізілетін мемлекеттік жастар саясатында жастардың қанағаттандырарлық деңгейі, 2015 жылы-70%;

  • адам өмірінің күтілетін ұзақтығы, 2015 жылы – 65,2 жыл;

  • Жұмыссыздық деңгейі, 2015 жылы-4,8%;

  • Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы жұмысқа жарамды тұрғындардың салыстырмалы салмағы, 2015 жылы – 30,5%;

  • Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалардың салыстырмалы салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы саны) 2015 жылы-89,9%;

  • Ауданда, қалада өткізілетін әлеуметтік маңызды және мәдени іс шаралар саны, 2015 жылы-195 бір.

  • дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысатын барлық жастағы азаматтарды қамтуды өсіру, 2015 жылы-26%;

  • орналастыру орындарына қызмет көрсетілген келушілердің саны, 2015 жылы: резидентті-17905 адам, резидентсіз-0 адам;

  • Алдағы жылға мемлекеттің және азаматтық қоғам институтымен қарымқатынасын дұрыс деп бағалайтын тұрғындар үлесі 2015 жылы-78%;

  • Мемлекеттік тілді меңгерген азаматтар үлесі, 2015 жылы-55%;

  • Қоғамдық орындар мен көшелерде болатын қылмыстардың деңгейін төмендету, 2015 жылы-21,1%;

  • Жол-көлік оқиғаларынан мерт болғандардың санын азайту, 2015 жылы-6%;

  • Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы санынан есірткіге байланысты анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтың үлесі, 2015 жылы-30%;

  • Тасқын, су басу және өртке қарсы әрекет инфрақұрылымдарының қамтамасыздық деңгейі, 2015 жылы-1,5%.

Инфрақұрылым:

  • Құрылыс жұмыстарының нақты индекс көлемі, 2015 жылы-101,1%;

  • Тіркелген Интернет абоненттерінің саны 100 адамға, 2015 жылы-9,6 мың бір.

  • Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі, 2015 жылы-74%;

  • Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қызметіне мүмкіндігі бар тұрғындар үлесі, 2015 жылы-88,6%;

  • Су бөлумен қамтамасыз ету қызметіне мүмкіндігі бар тұрғындар үлесі, 2015 жылы-64,7%;

  • Жалпы ұзындығынан модерлендірілген жүйелердің үлесі, 2015 жылы:сумен қамтамасыз ету-0%/су бөлу-0%/жылумен қамтамасыз ету-1,9%/электрмен қамтамасыз ету-9,5%.

Ауылдық аймақтарды дамыту, экология және жер ресурсы

  • Жоғары потенциалды дамушы ауылдық елді мекендер саны, 2015 жылы-12 бір;

  • тірек ауылдық елді мекендердің саны, 2015 жылы-1 бір.;

  • стационарлық көздерден шыққан тастанды зиянды заттарды азайту, 2015 жылы- 0 мың тонна/жылына;

  • қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметпен халықты қамту, 2015 жылы-51%;

  • қоқысты санитарлық сақтау, 2015 жылы-0%;

  • Ауылшаруашылық жерлердің жалпы санынан ауылшаруашылық айналымға тартылған жерлердің үлесін өсіру, 2015 жылы-0%;

  • Елді мекендерде жерлерді аймақтандыруды жүргізу, елді мекендер саны, 2015 жылы-0 бір.ауылшаруашылық айналымға тартылған жерлерге егіс айналымы жүйелерін қолдану, 2015 жылы-16,2 га

Мемлекеттік қызмет:

– жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қанағаттандырарлық деңгейін арттыру, 2015 жылы-%.



Қаржыландыру көздері және көлемі*

Қаржыландыру көздері: республикалық, жергілікті бюджет және инвесторлардың өз қаражаттары.

Қаржыландыру көлемі:

- 2011ж. –1104,1 млн. теңге:

республикалық бюджет – 293,6 млн. теңге;

областық бюджет – 159,8 млн. теңге;

аудандық бюджет – 259,0 млн. теңге

инвесторлардың өз қаражаттары – 391,7 млн. теңге.
- 2012ж. – 2444,2 млн. тенге:

республикалық бюджет – 530,9 млн. тенге;

областық бюджет – 207,1 млн. тенге;

аудандық бюджет – 432,8 млн. тенге

инвесторлардың өз қаражаттары – 1273,4 млн. тенге.
- 2013ж. – 4375,7 млн. теңге:

республикалық бюджет – 1103,4 млн. теңге;

областық бюджет – 147,2 млн. теңге;

аудандық бюджет – 420,4 млн. теңге

инвесторлардың қаражаттары – 2704,7 млн. теңге.
- 2014ж. – 6738,1 млн. теңге:

республикалық бюджет – 1517,6 млн. теңге;

областық бюджет –252,6 млн. теңге;

аудандық бюджет – 660,8 млн. теңге

инвесторлардың қаражаттары – 4307,1 млн. теңге.
- 2015ж. – 8548,0 млн. теңге:

Республикалық бюджет – 1665,8 млн. теңге;

областық бюджет – 163,5 млн. теңге;

аудандық бюджет – 369,6 млн. теңге

инвесторлардың қаражаттары – 6349,1 млн. теңге.
Барлығы: 23210,0 млн. теңге.

* - 2011-2015 жылдардың бюджетінде қарастырлған қаржылар көлемінде өзгерістер мен анықтамалар енгізілуі мүмкін қаржыландыру көздері мен көлемі

** - 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде.

***- мақсатты индикаторлар мен көрсеткіш нәтижелерінің сандық маңызы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы жылына республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау кезінде өзгеруі және нақтылануы мүмкін.


2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫҢ ТАЛДАУЫ
2.1. Аумақтағы жағдайдың жағымды және жағымсыз жақтарының бағасы, сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері

Ауданда ел Басының Қазақстан халқына «Нұрлы жол – путь в будущее» Жолдауында үнделген міндеттерді, мемлекеттік және салалық даму бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Ауданның салалық мамандануы тау-кен өндіруші өнеркәсіп және ауыл шаруашылық (картоп және көкөніс) болып табылады.

Абай ауданының өнімдер мен қызметтерінің жалпы көлемінің құрылымына 2014 жылы өнеркәсіп үлесі 78% басым, ауыл шаруашылығына 18% келеді, шағын кәсіпкерлік үлесі 4%.

Аудан экономикасының негізгі үлесін өнеркәсіп құрайды.

Қарағанды облысы бойынша өнімдер көлемінде ауданның өнеркәсіп үлесі 4,5% құрайды. 2014 жылы 2011 жыл деңгейіне (14728,2 млн. теңге) қарағанда өнеркәсіп өнімдерінің 4,3 есеге өсуі қамтамасыз етілді, 63421,7 млн.тенге сомаға өнеркәсіп өнімдері өндірілді.

Ауданда өнеркәсіп электр энергиясын, газ және су және пайдалы қазбалы қорлардан тәуелді тау-кен өнеркәсібі кәсіпорынын ұсынады. Өнеркәсіпті дамытудың негізгі теріс тараптары келесі факторлар болып табылады: Оңтайлы жағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру, 7 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту болып табылады.

2007-2014 жж ауыл шаруашылығының дамуын талдау ауданда ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін оң алғы шартының бар екендігіне тұжырымдама жасауға мүмкіндік береді:

- тұқымдық мал шаруашылығын дамытуға ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік қолдау;

- ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық және арнайы техника саябағын жаңарту;

- қазіргі заманғы технологияны ендіру;

- мал жеміне арнайы шаруашылықты құру;

- тұқымдық малды өсіру бойынша арнайы шаруашылықты құру.

Мал шаруашылығы саласының негізгі теріс тараптарына мал жемінің (пішен, мал азығы) қымбаттауы, мал басының төмендеуі мүмкіндік туғызады. Өсімдік шаруашылығы саласындағы негізгі проблема ауа райының жағдайына тәуелді болып табылады, ол ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігіне тікелей әсерін тигізеді.

Шағын және орта бизнес белсенді дамуда. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының, ШОБ жұмыс істейтіндер санының өсуі байқалуда. Өнімдер көлемінің өсуі 2011 жылға 16,1% қамтамасыз етілді және 6265,8 млн. теңгеден 727,3 млн. теңгеге өсті.

Шағын кәсіпорындардың оңтайлы жағына шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санының көбеюімен өндірілген өнімдер және қызметтердің кеңеюін жатқызуға болады. Шағын және орта бизнес жұмысының жақсаруы бизнестің тұрақты толуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге шағын бизнес әлеуеті толық емес шамада іске асырылды.

Теріс жағына инвестициялық шектеулерді, алғашқы капитал тапшылығын және қажетті жабдықтар, шикі зат және материалдар, жарнамалар сатып алу үшін айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін, кадрлар дайындауға қалыптастырушы жүйелердің болмауын жатқызуға болады.

Абай ауданының коммуналдық-тұрғын үй секторының әлеуметтік –экономикалық жағдайының бағасы кейінгі жылдарда инфроқұрылымдық кешендерінің-су, канализация, жылу, электр жүйелері және жергілікті жолдардың дамуынан байқалады.

Экономика саласы мен тұрғындардың талаптарын қамтамасыз ету үшін жылу және электр энергиясында Топар ГРЭС-ің басты құралдарының техникалық жабдықтарын қайта жаңарту мен модернизациялау бойынша шаралар кешені жүргізілді.

Ауыз сумен қамтамасыз етуде Абай ауданын сапалы сумен қамтамасыз етуде, су шығыны 13,7 %. «Ауыз су» салалық бағдарламасын жүзеге асыру, сапалы ауызсумен 13 мың аудан тұрғындарын қамтамасыз ету мүикіндігін берді. Осы бағдарлама аясында ауданның 8 тұрғын пункттерінде 108 км су құбырлары жүйесі жөнделіп жаңартылды.

2010 жылдан бастап 2014 жылдары «Ақ бұлақ» Бағдарламасы шеңберінде Көксу а. ұзындығы 14,4 км су құбыры жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілді. 2013 жылы Ақбастау және Құлаайғыр а. су құбыры жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Қатты жабынмен жабылған жергілікті жолдар үлесі 54,83%.Облыстағы жол құрылымдарының басты мәселесі тұрғын пункттерінің ішіндегі жолдардың жағдайының мүшкідігі, ағымдағы жөндеу жұмыстары бұл мәселені шеше алмайды.

Жылу және электр жүйелерінің тозығының жетуі, энергияны өткізу мүмкіндігін тежейді, апаттардың көп болуына, коммуналдық қызметінің спасын төмендігіне әкеп соғады.

Құрылыс саласының тұрақты қызмет етуі үшін құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдар шығару, құрылыс индустриасын жоғары технологиялар мен халықаралық сапа стандартына ауыстыру бойынша кәсіпкерлікті дамыту қажет.

Өңдейтін және жабдықтайтын құрылыс материалдары негізінен басқа мемлекеттерден әкелінеді.

Бүгінгі күнге дейін құрылыс материалдарын дамыту индустиясы бойынша артта қалушылықты жеңе алмай келеміз.

2010 жылы Мемлекеттік қала құрылысы кадастрлық базасының деңгейін жүргізу құралдары орнатылған.

2012 жылы 2038 жылға дейінгі есептік кезеңмен Абай қ. құрылыс Бас жоспары әзірленді. Абай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 маусымдағы №17/177 сессиясының шешімімен бекітілді.

2014 жылы Топар к. бас жоспарына түзетулер аяқталды. Қала құрылысы жобасының жаңа тұжырымдамасына, қазіргі заманғы экономиканы дамытудың жаңа шарттарына сәйкес жоспарлық аумақтар құрылысын жүзеге асыру үшін 2015 жылдан бастап 2019 жылдар арасында 12 аумақтардың бас жоспарларына түзетулер жүргізу қажет (2 кент және 10 ауылдық округ).

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының талдауы.

Өнеркәсіп.
Аудан өнеркәсібі екі негізгі саламен ұсынылды: электр қуатын, газ, су тарату және тау кен өндіруші сала.

Өнеркәсіптің жалпы көлемінен ең үлкен салыстырмалы салмағы 78% құрайды.

Абай ауданының аумағында 7 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді. Тау-кен саласына – 4 кәсіпорын: «Арселор Миттал Теміртау» АҚ КД құрамына кіретін «Абай» шахтасы және «Восточная» ОБФ, «Қарағандынеруд» АҚ, «ТЭМК»ЮТРУ АҚ.

Электр қуатын, газ және су өндіру және тарату саласына – 3 кәсіпорын: «Қазахмыс Энерджи» ГРЭС ЖШС, «Абай жылу жүйесі» ЖШС, «Жігер Су» КМК. Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі сала үлесі – 38,6% құрады.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2014 жылы 63421,7 млн.теңгені құрады, ол 3 жүйе құрушы кәсіпорындарының өндірісі көлемінің қысқару себебі бойынша 2013 жылы өндірілген өнімдер көлемінен 5,3% төмен (66971,6 млн.теңге), (кәсіпорынды жетілдіру, и»Восточная» ОБФ, «ҚазахмысЭнерджи» ЖШС ГРЭС бойынша өндірістік жабдықтарды күрделі жөндеу есебінен; ТМД нарығында энергетикалық көмірге, сонымен қатар «Абай» шахтасында нашарлаған таулы-геологиялық жағдайында 221К18-С көшкінінде жұмыстар жүргізуге сұраныстың төмендеуінен).

Облыста ауданның өнеркәсібінің үлесі 4,4% құрады.

2015 жылдың 6 айына 29913,5 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді немесе 96,5%. НИК 101,8% құрайды. «Восточная ОБФ» ЖШС, «Қазахмыс Энерджи» ГРЭС ЖШС өндірістік жабдықтарына күрделі жөндеу жүргізумен, жетілдірумен және вагон төңкергішті айырбастауға байланысты көрсеткіштердің орындалмауылары болды.


Өнеркәсіп өндіріс көлемінің динамикасы,

млн.теңге



Көрсеткіштер

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015ж

6 айы


Өндіріс өнімінің көлемі, млн.теңге

4007,4

4437,1

14728,2


49581,6


66971,6


63421,7


29913,5



НИК, %


118,3

109,6

110,4

100,7

103,0

97,1

101,8


2008-2013 жылдарға өнеркәсіп көрсеткіштерінің динамикасы

Тау кен саласының негізгі өнеркәсіп кәсіпорындары «Абай» шахтасы (тас көмірін өндіру), «Арселор МитталТемиртау» КД АҚ «Восточная» ОБФ (көмір концентратының өндірісі), «ТЭМК» АҚ Оңтүстік-топар темірбасқармасы (флюстік әктас өндірісі), «Қарағандынеруд» АҚ (фракциялық ұсақ тас өндірісі), «Жігер Су» КМК (Абай қ. су бөлу және сумен қамтамасыз ету бойынша қызметтер), «Абай жылу жүйесі» ЖШС (халыққа жылу энергиясын тарату) болып табылады.

«Арселор МитталТемиртау» КД АҚ «Абай» шахтасының көмір өндірісі 2014 жылы 936,8 мың тоннаны құрады. Кәсіпорынның жылдық өндірістік сыйымдылығы жылына 1200 мың тонна.

«Арселор МитталТемиртау» КД АҚ «Восточная» ОБФ негізгі өнімдері көмір концентраты болып табылады, ол 2014 жылы 2568,5 мың тоннаны құрады. Өнімдерді негізі өткізу базары Қазақстан, Украина, Ресей болып табылады.

«ТЭМК» АҚ ОТТБ негізгі өнімдері флюстік әктас болып табылады, өнімді өндіру көлемі 1331,6 мың тоннаны құрайды немесе 2011 жылмен салыстырғанда 120,7% (1102,9 мың тонна). Өндірістің көлемі ақшалай көрсеткіште 2011 жылмен салыстырғанда 51,2% өсті (1091,7 млн. теңге) және 1650,8 млн. теңгені құрайды.

2014 жылы «Қарағандынеруд» АҚ өндірістерінің көлемі 2011 жыл деңгейімен салыстырғанда 58% өсті немесе 732,5 мың шаршы метр ұсақ тастар өндірді (2011ж. – 463,5 мың ш.м.), өндірістің көлемі ақшалай көрсеткіште 2011 жылмен салыстырғанда 129,2% өсті (1162,9млн.теңге) және 2665,9 млн. теңгені құрады.

Электр қуатын, газ, су тарату бойынша сала 3 кәсіпорындарымен ұсынылды: «Казахмыс Энерджи» ГРЭС ЖШС (электр және жылу энергияларын өңдеу бойынша кәсіпорын), «Абай жылу жүйесі» ЖШС (жылу энергиясын беру, қамтамасыз ету, тарату), «Жігер Су» КМК (су бөлу және сумен қамтамасыз ету бойынша қызметтер).

Электр және жылу энергиясын өндіру «Казахмыс Энерджи» ГРЭС ЖШС 2014 жылы 4604,5 мың кВт.ч немесе 2011 жылға қарағанда 132,6% (3471,3 млн. кВт.ч). Өндірістің көлемі ақшалай көрсеткіште 2011 жылмен салыстырғанда 274,4% өсті (6268,2 млн.теңге) және 23466,0 млн. теңгені құрады.

Табиғи көрсеткіште электр қуатын өндіру 2013 жылы 4935,3,0 мың кВт.ч немесе 2012 жылға қарағанда 104,8 % құрады (4709,5 мың кВт.ч).

«Казахмыс Энерджи» ГРЭС ЖШС кәсіпорыны бойынша 2014 жылы К-130-8,5 үлгісіндегі 3 котлоагрегаттарға №1,2,3 ауыстыру бойынша жұмыстарын жүргізді және 3 млрд. 954,4 млн. теңге сомасында инвестициялық қаржы салумен1Б, 1А кешенін ауыстыру жұмыстарын жүргізді.

«Абай жылу жүйесі» ЖШС кәсіпорыны бойынша жылуды тарату 2014 жылы 297,5 млн.теңгені немесе 2011 жылға қарағанда 283,4 % құрады (77,6 млн.теңге).

«Жігер Су» КМК кәсіпорыны бойынша өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2014 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 29,8 млн.теңгеден 297,5 млн. теңгеге дейін өсті.

Бес жыл кезеңінде аумақ экономикасына 39,4 млрд. теңге, оның ішінде 2014 жылы 14,7 млрд. теңге инвестицияланды. Инвестиция көлемі 2011 жыл деңгейіне 63,7% өсті.

Инвестиция көлемінің жеткіліксіздігі Абай ауданы және қаласында бос жерлердің жеткіліксіздігіне байланысты инвесторларды тартудың төмендігінен екендігі анықталды.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет