Жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы



бет1/14
Дата02.05.2016
өлшемі2.36 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Астана қаласы мәслихатының

2012 жылғы 6 желтоқсандағы

№89/11-V шешіміне

қосымша
Астана қаласы мәслихатының

2010 жылғы 29 желтоқсандағы

№421/55-IV шешіміне

қосымша

2011-2015 жылдарға арналған

Астана қаласын дамыту бағдарламасы

Астана қаласы, 2010 жыл



мазмұны


1.КІРІСПЕ 5

2.бағдарлама төлқұжаты 6

3. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 12

3.1. Қаланың позитивті және негативті жақтарын, сондай-ақ, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау 12

3.2. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау 14

мемлекеттік қызметтер мен сапа стандарттары туралы халықтың жеткіліксіз ақпараттандырылуы. 64

3.3. Қаланың әлеуметтік экономикалық дамуының мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау 64

3.4. Қаланың даму артықшылықтары мен мүмкіндіктердің негізгі мәселелерін, қауіпін, ұстау факторларын кешендік мінездеу 66

4. Қала дамуының көрінісі 70

5. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫҚ ИНДИКАТОРЛАР МЕН НӘТИЖЕЛІК КӨРСЕТКІШТЕР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ 72

1-бағыт. Қаланың экономикалық саласын дамыту 72

1-мақсат. Жеделдетілген әртараптандыру жолымен елорданың тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету 72



2-бағыт. Әлеуметтік ортаны және адами капиталды дамыту 80

2-мақсат. Азаматтардың денсаулығын нығайту саясатын жүргізу жолымен астананың адами капиталының сапасын арттыру 81

3-бағыт. Инфрақұрылым кешенін дамыту 95

1-мақсат. Байланысты және коммуникацияларды дамыту 95



2-мақсат. Құрылысты дамыту 96

3-мақсат. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту 97

4-мақсат. Тұтынушыларды тиісті сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігі және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру 98



4-бағыт. Экологияны дамыту 100

1-мақсат. Қаланың экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау 100



5-бағыт. Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін дамыту 101

1-мақсат. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру 101



7. ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР 102

8. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ 102

Астана қаласы мәслихатының 104

2010 жылғы 29 желтоқсандағы 104

421/55-IV шешіміне 104

Қосымша 104



  1. КІРІСПЕ

2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Даму бағдарламасы) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын, ҚР Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген 2010 жылғы 29 қаңтардағы Елбасының Қазақстан халқына «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық көтерілу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының 9 - тармағын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау барысында әзірленген.

Даму бағдарламасы аумақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге және осы негіздегі халықтың өмір деңгейін көтеруге, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық потенциалды көтеруге және басқа да мақсаттарға бағытталған.

Өңірлік проблемаларды шешу Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыттарын, елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық сызбасын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, әрі Астана қаласының 2030 жылға дейінгі орнықты дамуының стратегиялық жоспарын есепке ала отырып, бағдарламалық-мақсаттық әдіске негізделеді.

Даму жоспарының шегінде қала жағдайының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық күйіне кешендік талдау жасалды, дамудың мықты және осал жақтары, қауіптері мен мүмкіндіктері анықталды.

Астана – елдің негізгі желілерінің қиылысында тұрған Қазақстанның ірі басқару, әрі инновациялық орталығы. Астана қаласының аумақтық дамуының бәсекелестік басымдықтары оның ұтымды географиялық орында тұрғандығында, ел аймақтары мен көрші мемлекеттердің автомобиль және темір жол желілерін байланыстыратын ірі көлік торабы ретінде қаланың тарихи кеңістік ұйымы болып қалыптасқандығында. Астананың осы сапаларының үйлесімі оны шекараласып жатқан облыстардың экономикалық белсенділігін өзіне орталықтандыратын келешектегі көшбасшы-қала және елдің басқа аумақтары үшін локомотив рөлін атқаратын қала етеді.

Қолда бар бәсекелестік басымдықтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді ескере отырып, даму бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған. Халықтың өмір деңгейі мен сапасын көтеру ішкі және сыртқы факторларды барынша қолдану, табиғи кешендер мен қоршаған ортаны сауықтырудың іске асыру потенциалын сақтау арқылы экономикалық және әлеуметтік қабаттың қарқынды дамуын қамтамасыз ету жолымен қаралуда.

  1. бағдарлама төлқұжаты





Бағдарламаның аталуы

2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы

Әзірлеуге қажетті негіздер

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жопарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір үкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы.



Өңірдің негізгі сипаттамалары

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы. Солтүстік Қазақстанда Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана – бұл дамыған инженерлік инфрақұрылымы, көлік желісі, коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй қоры бар, қаланың қалыпты өмірін қамтамасыз ететін әлеуметтік желілерге бөлінген қазіргі заманғы ірі мегаполис. Астана қаласының аумағы 71 000 га тұрады. Қала елдің географиялық орталығынан азғана солтүстікке қарай, әрі орталық және солтүстік Қазақстанның шекарасында тұр. Қала халқының саны 649,5 мың тұрғыннан тұрады, халықтың тығыздығы орташа 1 шаршы метрге – 913,3 адамнан келеді.

Бағыттары

Қаланың экономикалық саласының дамуы

Әлеуметтік саланың және адами капиталдың дамуы

Инфрақұрылымдық кешеннің дамуы

Аумақтық (кеңістіктік) құрылғының дамуы

Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесінің дамуы


Бағдарлама бағыттары

Жеделдетілген диверсификация жолымен елорданың тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету

Бизнес-ортаның жақсаруы, сауда және кәсіпкерліктің дамуы

Туризмнің дамуы

Білім сапасын, қол жетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың құқықтарын сақтау, әрі заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру

Азаматтардың денсаулығын жақсарту саясатын жүргізу жолымен елорданың адами капиталының сапасын арттыру

Өнімді жұмысбастылықты және халықты тиімді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

Бұқаралық спортты, дене тәрбиесі-сауықтыру қозғалысын және жоғарғы спорт жетістіктерін дамыту

Тарихи-мәдени мұрагерлікті сақтау, әрі дамыту, мемлекеттік тіл мен отандық мәдениетті кеңінен айғақтау, ұлттар бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді бекіту

Өнімділік жұмысбастылықты және халықты әлеуметтік қорғауды тиімді қамтамасыз ету

2020 жылға қарай жеке тұлға мен қоғамның қауіпсіздігін, азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету

Елорданы инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді дамыту

Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, өмірмен қамтамасыз ету жүйелерінің қызмет көрсету сенімділігі және тұрғын үй-құрылыс шаруашылығы қызметінің тиімділігін арттыру

Энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

Экономикалық әлеуеттің және макроаймақтың қолайлы орналастырудың ұтымды аумақтық ұйымын құру

Қаланың экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдайлар жасау

Мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін арттыру


Міндеттер

Қаланың индустриалдық дамуы

Инвестицияны тарту үшін жағдай жасау және қала экономикасының инновациялық құрамының дамуы

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің жалпы көлемінің артуы

Құрылыс қызметінің және құрылыс материалдары өнідірісінің дамуы

Сауда және кәсіпкерліктің дамуы

Бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау

Бәсекелестікті дамыту жүйесін тиімді қалыптастыру

Туризм инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету

Халықаралық және ішкі нарықта астаналық туристік өнімді жылжыту

Туристік қызметтердің сапасын қамамасыз ету

Мектепге дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту және мектепке дейінгі көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту

Мектепке дейінгі қызметтердің сапасын көтеру

Электрондық оқыту жүйесін енгізу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету

Педагогикалық кадрлардың кәсіпкерлігін және мұғалім кәсібінің дәрежесін көтеру

Дамуда мүмкіндігі шектелген балалардың білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету

Қараусыздықтың, қадағалаусыздықтың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жетім балаларға арналған және ата-атанасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілерін отбасыларға орналастыруды алға тарту

Кадрларды дайындаудың және бәсекеге қабілеттіліктің сапасын көтеру

Әйелдер мен балалардың денсаулығын бекіту, бала тууды ынталандыру

Негізгі аурулардың (әлеуметтік маңызды), сынықтың, кәсіптік аурудың және мүгедектің алдын алуды, емдеуді және жоюды жетілдіру

Қоғамда салауатты өмір салтын жүргізу идеологиясын қалыптастыру

Денсаулық сақтауда қаржыландыру және басқару жүйесін жақсарту, медициналық қызметтер ұсынуды жетілдіру, тиімді тарифтік саясатты енгізу

Дәрі-дәрмек қаражаттарының қол жеткізімділігін және сапасын арттыру

Кадрлық ресурстар жүйесін дамыту. Астана қаласындағы денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін құру

Еңбек ресурстарының санын көбейту және жұмыссыздықты азайту

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу және азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету

Гендерлік теңдікті бекіту

Бұқаралық спорт пен дене тәрбиесі-сауықтыру қозғалысын дамыту

Жоғары дәрежедегі спортты дамыту

Шаңғы спортын дамыту

Мәдениетті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау

2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану және дамыту бағдарламасын табысты түрде жүзеге асыру

Елорда қаласы тұрғындарының лингвистикалық капиталын сақтау

Дінге сенушілік, сондай-ақ, Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті мен салтын дамытудың еркіндігін әрі қарай іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау

Мемлекет пен қоғам азаматы, өкімет пен бизнес, өкімет пен оппозицияның конструктивті диалогтарының механизмін орнықтыру

Жастар ортасында қоғамдық-саяси тұрақтылықты арттыру

Жалпы қылмыстық қылмыстардың деңгейін азайту

Қылмыскерлікпен күрестің, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің тиімділігін арттыру

Елорданың жол-көліктік инфрақұрылымын дамыту

Инфокоммуникациялық технологияны дамыту, оның ішінде электрондық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің айқындылығын арттыру

Халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру

Экономиканы электр жылуының қажеттілігімен қамтамасыз ету

Энергетикалық ресурстарды өндіру және тарату барысында энергияны үнемдеу

Халықтың тұруына қолайлы орта құру үшін қала аумағының қарқынды дамуын қамтамасыз ету

Қала төңірегін дамыту

Техногендік апаттардан, катастрофалардан және стихиялық апаттардың қатерін түсіру және зиянын азайту бойынша жағдайлар жасау

2020 жылдарға қарай экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдайлар жасау

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру

2012 жылға қарай мемлекеттік органдарда үздік принциптер мен адами ресурстарын басқару әдістерінің негізінде кадрлық қызмет жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету

Қала бюджетін орындау мониторингі


Іске асыру кезеңдері

1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдары – алғашқы кезектегі және дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыру, қаланы дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау.

2 кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдары – Бағдарламаның алдына қойған міндеттерін шешу үшін жоспарланған шараларды іске асыру және әрі қарай қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негіздер қалыптастыру.



Мақсатты индикаторлар

(2015 жылдың соңына қарай)

Нақты көлем индексі:

жалпы өңірлік өнім - 107,7%;

өнеркәсіп өнімдері – 109,0%;

өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін шығару –107,0%;

ауыл шаруашылық өнімдерін шығару – 105,2%;

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерін шығару - 107,0%;

бөлшек сауда - 108,2%;

негізгі капиталға инвестициялар 106% құрайды.

Инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдар белсенділігінің деңгейін өсіру (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриялық парктер және т.с.) 7,0% құрайды.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық құрамның үлесі - 85,0%.

Тұрғындардың білім алу қолжетімділігі мен сапасына қанағаттану деңгейі - 97,5%.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қам-ту- 62,8%.

Әдеттегі жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі - 22,5%.

Халықтың медициналық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі - 90%.

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,9 жасты құрайды.

Жалпы өлім-жітімді төмендету 1000 адамға шаққанда 4,7 адамды құрайды.

Жұмыссыздық деңгейі - 5,5%.

Табыстары күнкөрістін ең төменгі деңгейінен төмен халық үлесі - 1,5%.

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында) - 37,5%.

Елорда тұрғындарының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі - 70%.

Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі - 80%.

Азаматтық қоғам және мемлекет институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындардың үлесін арттыру -

65%.

Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын барлық жастағы халықтың қамтылуын арттыру - 19,2%.



Туристік қызмет саласында қызметтер көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын арттыру - 12 041,1 млн. теңге.

Тұрғындардың Ішкі істер органдарына сенуінің болжамды деңгейі - 55%.

Төтенше жағдайлардан адам және материалдық шығындарды төмендету 3,0% құрайды.

Тұрғындардың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі -– 100%.

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 103,9%.

Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру, жалпы көлемі 950 мың ш.м. тең болады.

Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобильдер жолдарының үлесі 70% құрайды.

Жүк айналымының көлемі - 8 672,3 млн. ткм.

Жолаушылар айналымының көлемі - 13 765,2 млн. пкм.

Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 97% құрайды.

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік деңгейін арттыру – 95%.

Жылумен жабдықтау қызметімен қамтылу деңгейін арттыру

– 90%.

Тұрғындардың су бөлу қызметімен қамтылу деңгейін арттыру - 90%.



Зиянды заттардың жалпы тастауды төмендету 165,6 мың тоннаны құрайды.

Тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 100% құрайды.



Қаржыландырудың көздері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өз қаражаттары, несиелік қаражаттар

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жыл – 207 913,1 млн. теңге, оның ішінде:

РБ - 125 749,7 млн. теңге,

ЖБ – 44 248,9 млн. теңге,

жеке инвестициялар және қарыздық қаражат – 37 914,5 млн. теңге;


2012 жыл – 160 068,7 млн. теңге, оның ішінде:

РБ – 102 932,9 млн. теңге,

ЖБ – 30 868,3 млн. теңге,

жеке инвестициялар және қарыздық қаражат – 26 267,5 млн. теңге;


2013 жыл – 107 011,1 млн. теңге, оның ішінде:

РБ – 49 970,2 млн. теңге,

ЖБ – 33 611,4 млн. теңге,

жеке инвестициялар және қарыздық қаражат – 23 429,5 млн. теңге;


2014 жыл – 64 688,3 млн. теңге, оның ішінде:

РБ – 30 000,0 млн. теңге,

ЖБ – 11 208,8 млн. теңге,

жеке инвестициялар және қарыздық қаражат – 23 479,5 млн. теңге;


2015 жыл – 229 976,1 млн. теңге, оның ішінде.:

РБ – 30 000,0 млн. теңге,

ЖБ – 11 496,6 млн. теңге,

жеке инвестициялар және қарыздық қаражат – 188 479,5 млн. теңге;


БАРЛЫҒЫ – 769 657,3 млн. теңге, оның ішінде:

РБ – 338 652,8 млн. теңге,

ЖБ – 131 434,0 млн. теңге,

жеке инвестициялар және қарыздық қаражат – 299 570,5 млн. теңге.






Каталог: uploads -> files
files -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
files -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
files -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности
files -> «абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет