Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2015 мазмұНЫ



жүктеу 3.14 Mb.
бет2/20
Дата25.04.2016
өлшемі3.14 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
: assets -> uploads -> docs -> 2015
2015 -> Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2010 мазмұНЫ
2015 -> Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың
2015 -> «БҚо зеленов ауданы Переметный ауылдық округінде құс фабрикасы құрылысы» ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) жобасы бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы
2015 -> «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»
2015 -> Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен
2015 -> Төлемақысының ставкаларын түбірімен босатылатын сүрек
2015 -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 тамыз аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
2015 -> 2015 жылдың 1 мен 31 тамыз аралығындағы дсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
2015 -> Батыс Қазақстан облысында іске асырылып отырған 5 мемлекеттік және 10 салалық бағдарламалар бойынша ақпарат

Нақты макроэкономика бойынша SWOT талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • аймақтың қолайлы географиялық орналасуы;

  • табиғи ресурстардың бай кен орнының болуы (табиғи газ, мұнай, құрылыс материалдары);

  • машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, азық-түлік өнеркәсіптерінің өнеркәсіптік әлеуеті;

  • негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің өсуі және аграрлық сектордың дамуы;

  • шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және нарықтық инфрақұрылымның болуы;

  • халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартудағы оң үрдістер;

  • облыс мемлекеттік бюджет және Ұлттық қорға түсетін түсімдер бойынша 5-ші орында (Атырау, Маңғыстау облысы, Алматы және Астана қалаларынан кейін).

  • облыстың ресурсқа жоғары тәуелділігі;

  • өңдеуші сектордың төмен үлесі және өнеркәсіп кәсіпорындары жабдықтарының тозуы;

  • ауа райы жағдайына дән өндірісінің тәуелділігі;

  • ауыл шаруашылық техникасының жоғары деңгейде тозуы;

  • шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілер;

  • мемлекеттік бюджет түсімдеріндегі жергілікті бюджетке салықтық түсімдер үлесі 18,7% құраса (Ұлттық қормен қоса – 8,3%), орташа республикалық көрсеткіш 28,3% құрайды.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • индустриялық-инновациялық дамуының жоғары қарқыны;

  • өңдеуші өнеркәсіп салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін және дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді және экспорт көлемін арттыру;

  • шағын және орта кәсіпкерлік үшін өндірістік инфрақұрылымды дамыту;

  • халықтың табыс деңгейін арттыру.




  • өңдеу өнеркәсібінің қысқаруы;

  • қолайсыз табиғи климаттық жағдайға байланысты инвестициялық тартымдылық пен ауыл шаруашылығы секторы көрсеткіштерінің төмендеуі;

  • жаңа өндірістерді ашу және істеп тұрған өндірістерді әртараптандыруда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі;

  • әлемдік мұнай бағасының айтарлықтай құлдырауы мен қоршаған ортаға эмиссия төлемақысының азаюына орай, салықтық түсімдердің төмендеуі.

Облыстың географиялық оңтайлы орналасу жағдайына және өңірдің жоғарғы ресурстық әлеуетіне, аймақтың экономикалық өсімінің оң үрдістеріне, негізгі әлеуметтік маңызы бар көрсеткіштер деңгейінің жақсаруына қарамастан, экономиканы дамытудың мәселелері экономиканың шикізаттық бағытын экспорттау, өңдеуші секторының жоғары емес үлесі, шағын және орта бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі, экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың жабдықтардың тозуы, ауа райы жағдайына астық өндірісінің жоғары тәуелділігі (қауіпті ауыл шаруашылығы аймағы), мал шаруашылығындағы ұсақ тауарлы өндірістің басымдығы, әлеуметтік, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымдарының дамымауы, кадрдың жетіспеушілігі, халықтың жекелеген топтары арасында табыстарының жоғары деңгейде саралануы жатады.


Өнеркәсіп

Аймақ экономикасының ірі салаларының бірі өнеркәсіп болып табылады. Аймақ елеулі ресурстық әлеуетке ие, бұл өңірдегі өнеркәсіптің түрлі салаларының дамуына мүмкіндік береді.

2014 жылы ЖӨӨ-нің үлесі 57,5% (2012 ж.- 60%, 2013 ж. - 55%) құрады.

Облыста 405 өндірістік кәсіпорындар мен өндіріс орындары бар, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3%-ға көп (393 бірлік).

Өнеркәсіптік өнімдер көлемі 2012 жылы 1638,5 млрд.теңгеден 2014 жылы 1839,8 млрд.теңгеге дейін өсті. Елдің өнеркәсібі көлеміндегі облыстың үлесі - 9,9% (Атырау мен Маңғыстау облыстарынан кейін 3-орында).

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.», «Жайықмұнай» ЖШС сияқты мұнайгаз секторының ірі кәсіпорындарымен ұсынылып отырған өнеркәсіп өнімінің негізгі көлемі тау-кен өндіру өнеркәсібі (90,1%) саласына тиесілі. Облыстың көмірсутек шикізатының негізгі үлесі Қарашығанақ және Чинарев мұнайгаз конденсаты кен орындарында шоғырланған.

3-кесте

Өнеркәсіптің құрылымы

млн. теңге



Сала атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

НКИ 2014 ж. 2013 жылға, %-бен

2014 ж. саланың үлес салмағы, %

Өнеркәсіп – барлығы,

соның ішінде:

1638474,5

1659661,6

1839821,9

103,9

100,0

тау-кен өнеркәсібі

1498907,7

1482062,2

1657346,1

104,4

90,1

өңдеу өнеркәсібі

110675,1

141416,7

142480,0

100,8

7,7

электрмен қамту, газ беру, бу және ауамен баптау

24465,5

29560,5

34110,3

99,6

1,9

сумен қамту; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау

4426,2

6622,2

5885,5

77,0

0,3

Республикада облыстың үлесіне газ конденсатын өндіру көлемінің 99% және газ өндіру көлемінің 46% тиесілі.

2012 жылдан 2014 жылға дейін газ конденсатын өндіру көлемі - 1,3%, табиғи газ 5,4% өсті. 2014 жылы мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне байланысты мұнай өндіру 16%-ға азайды.

4- кесте


Тау-кен өндіру өнеркәсібінің көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж.

2012 жылмен, %

Мұнай өндіру көлемі

мың тонна

337,8

315,4

283,8

84,0

Газ конденсатын өндіру көлемі

мың тонна

12617,8

12212,8

12777,2

101,3

Табиғи газ өндіру көлемі (жалпы өнім)

млн.текше метр

18886,1

19154,2

19906,4

105,4

Аймақтың өнеркәсіп өнімінің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2014 жылы 7,7%-ды құрады, бұл облыстың мұнайгаз кешені өндірісі көлемінің озық өсуімен түсіндіріледі. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2012 жылдан 2014 жылға дейін 110,7 млрд. теңгеден 142,5 млрд. теңгеге дейін өсті. Облыстың өңдеу өнеркәсібінің құрылымы кәсіпорындар қызметінің барлық салалық бағыттарын қамтиды.

Республиканың өңдеу өнеркәсібі көлемінде саланың үлесі 2,3% құрайды.

2014 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 12,9%-ға артты және 6579,2 мың тенге/адам құрады, 2013 жылы – 42%-ға немесе 5572,2 мың теңге/адам (2012 жылы -5,5%-ға төмендеді немесе 3851 мың теңге/адам).

Соңғы 3 жылда өңдеу өнеркәсібі тауарлары экспортының артқандығы байқалады. 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 1,6 есеге артып, 493,2 млн. АҚШ долларын құрады (2013 ж. – 423,2 млн. АҚШ доллары, 2012 ж. – 317,4 млн. АҚШ доллары).

5-кесте


Өңдеу өнеркәсібі көрсеткіштері

млн. теңге




Сала атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

НКИ 2014 ж. 2013 жылға, % -бен

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы

Өңдеу өнеркәсібі, соның ішінде

110675,1

141416,7

1420,0

100,8

100,0

мұнай өнімдерінің өндірісі

32 210,7

49948,6

46637,0

107,3

32,7

машина жасау

16530,0

19375,2

20266,4

117,9

14,2

металлургия

7762,1

8879,3

10177,3

102,8

7,1

құрылыс материалдары өндірісі

5980,5

9810,3

11050,5

135,9

7,8

тамақ өнімдері өндірісі

30618,1

34791,7

38672,8

94,3

27,1

жеңіл өнеркәсіп

752,8

779,7

792,7

120,0

0,6

6- кесте


Заттай көріністегі өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі


Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Тамақ өнімдерінің өндірісі










ет және тағамдық қосымша өнімдер, тонна

5144

5005

4857

еттен жасалған консервілер, тонна

7 111

7 211

7133

сары май, тонна

675

606

623

шұжықтар және еттен жасалған ұқсас өнімдер, еттен немесе жануарлар қанынан қосымша өнімдер, тонна

6 491

8 982

8541

өңделген сұйық сүт және кілегей, тонна

2 382

2 480

2601

ірімшік және сүзбе, тонна

91

73

87

дәнді дақылдардан және өсімдіктен жасалған ұн; олардың майда тартылған қоспасы, мың тонна

94,6

112,7

100,8

жарма, ірі тартылған ұн және дәнді дақылдардан жасалған түйіршіктер мен өзге де өнімдер, тонна

1 694

1 915

2057

жаңа піскен нан, тонна

25 297

33 861

33 526

кепкен нан және печенье; ұзақ уақыт сақтауға арналған кондитерлік өнімдер және тәтті тоқаштар, тонна

1 801

3 189

2592

макарондар, кеспелер, кускус және ұннан жасалған ұқсас өнімдер, тонна

16 794

16 935

15389

Сусындар өндірісі










сыра, сыра қайнатудың шөгінділері мен қалдықтарынан басқа, мың литр

5 230,1

4 334,9

2752,1

минералды және газдалған тәттілендірілмеген және хош иістендірілмеген сулар, мың литр

14 195,0

17 409,3

25731,9

Өзге де алкогольсіз сусындар, мың литр

1 175,1

1 237,4

787,1

Тоқыма бұйымдар және киімдер өндірісі










төсек жаймалары, мың дана

133,9

120,0

140,1

ерлерге немесе ер балаларға арналған трикотаждан басқа өзге де сырт киімдер, дана

12 389

469

246

әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа өзге де сырт киімдер, дана

7 688

9 779

10 274

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру










мұнай отыны (мазут) және газойльдер (дизельдік отын); мұнай дистиляттары, мың тонна

327,0

535,9

595,3

мотор отыны (бензин, соның ішінде авиациялық), мың тонна

-

6,4

13,0

газойльдер (дизельдік отын), мың тонна

318,0

507,8

500,1

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру










пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер, жеңдер мен шлангілер және олардың фитингтері, тонна

7 685,4

15 396,6

7256,6

пластмассалардан жасалған есіктер, терезелер, есік қораптары және терезе жақтаулары, есік босағалары, терезе қақпақтары, жалюзилер және ұқсас бұйымдар мен олардың бөліктері, тонна

962,3

1 033,5

762,3

Өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіру










отқа төзімсіз құрылыстық қыш кірпіштер, кремнеземдік тасты ұннан немесе диатомитті топырақтан жасалған бұйымдардан басқа, мың текше метр

1,3

1,7

1,8

сөндірілген, сөндірілмеген және гидравликалық әк, мың тонна

29,6

34,4

41,2

бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар, тонна

417 619

303 381

387702

силикат және қож кірпіштер, тонна

233 191

171 943

209 623

тауарлы бетон, тонна

311 234

500 753

418477

Металлургия өнеркәсібі










әртүрлі диаметрдегі құбырлар, болаттан жасалған тігінсіз профильдер, тонна

17 517

19 787

25 105

легірленбеген (көміртекті) болаттан жасалған қырланған табақтар, тонна

12 521

13 506

13 025

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру










құрама құрылыс металл конструкциялары, тонна

556

277

573

ұнтақтағыш шарлар және диірмендерге арналған ұқсас бұйымдар, тонна

17 180

16 701

11 716

Машина жасау










мұнай мен газды қайта өңдейтін жабдықтар, млн.теңге

17,0

59,2

1058,8

арнайы және мамандандырылған автомобильдер, дана

85

100

110

Облыс мұнай өнімдерін қайта өңдеуге маманданған Қазақстанның төрт аймағының бірі болып табылады. Мұнай мен газды қайта өңдеу үшін Қарашығанақ қайта өңдеу кешені, газойль, мазут және жанармай өндіруге маманданған шағын тоннажды қондырғы сияқты қуаттылықтар бар. Қуаттылығы 600 тоннаға дейін ШТҚ бар. Жекелеген көмірсутегі фракциялары қондырғыларын күкіртті сутегі мен меркаптаннан тазалау мақсатында жаңғырту жұмыстары жүргізілді, бұл тауардың коммерциялық құнын арттырып, өндірістік қауіпсіздігін күшейтті.

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Конденсат» АҚ, «B.N WesternMunaiGasLtd» ЖШС. Негізгі өнім түрлері: ауыр дистиялянтты сұйық отын, газойль фракциясы, мұнайды айырып шығару қалдықтары.

Қайта өңделген мұнай өнімдері өндірісінің көлемі 2012 жылы 32,2 млрд.теңгеден 2014 жылы 46,6 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл өңдеу өнеркәсібінің 32,7% құрайды. 2014 жылы газойль өндірісінің көлемі 500,1 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге жоғары (2012 ж. – 318 мың тонна, 2013 ж. - 507,8 мың тонна).

Аймақтық көріністе облыс қайта өңделген мұнай өнімдерінің өндірісі бойынша Атырау, ОҚО, Павлодар облыстарынан кейінгі 4-орында тұр.

«Конденсат» АҚ «Евро-5» экологиялық класты жанармай өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру үстінде, аталған жоба Қазақстанның батыс өңірін сапалы автомобиль жанармайына қажеттілігін қанағаттандырады. Негізігі технологиялық құрылғылар «UOPLimited» (Ұлыбритания) компаниясы жаңа технологиясы негізінде келісім-шарт бойынша «VentechFabricationServicesLLC» компаниясымен АҚШ-та дайындалады. Жобаны іске қосу мерзімі 2016 жылдың наурызына жоспарлануда.

2011 жылдан бері КПО б.в. компаниясымен тұрақсыз конденсатты жеткізудің тоқтатылуы саладағы проблемалық мәселе болып табылады. «Конденсат» АҚ негізгі шикізат көлемін РФ-дан сатып алды. Сонымен бірге, ағымдағы жылы дайын өнім құнының тоннасы 200 АҚШ долларын құраған болса, РФ-дан жеткізілетін шикізат құны тоннасына 230 АҚШ долларына дейін өсті.

Кәсіпорын төмен қуаттылықта жұмыс жасауға мәжбүр. Аталған мәселені шешу мақсатында КПО б.в. компаниясына «Конденсат» АҚ-мен тұрақсыз конденсатты жеткізу бойынша ұзақмерзімді келісім-шарт орнату қажет.



Машина жасау

Облыста орналасқан машина жасау кешенінің мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, энергетикалық машина жасау, кеме жасау, прибор жасау сияқты басым бағыттар бойынша салаларды дамытуға арналған әлеуетінің маңыздылығы зор.

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ, «Омега» прибор құру зауыты» АҚ, «Оралагрореммаш» АҚ, «Орал механикалық зауыты» ЖШС және т.б.

Негізгі өнімдері және қызмет көрсету түрлері: жоғары технологиялы мұнай-газ қондырғыларының өндірісі, соның ішінде бұрғылау сорғыштары және оның қосалқы бөлшектері, кеме құрастыру және жөндеу, мұнай-газ құрылғыларын жөндеу жұмыстары, арнайы техника өндірісі, трансформатор және өзге де бұйымдар өндірісі.

2014 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласы кәсіпорындары жалпы сомасы 20,3 млрд. теңгені құрайтын өнім өндірді, ал 2012 жылы 16,5 млрд.теңге құрады. Физикалық көлем индексі 117,9%-ды құрады. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда арнайы және маманданған автомобильдер өндірісі - 10%-ға, иінді білік өндірісі - 8%-ға, мұнай-газды қайта өңдеу құрылғыларының өндірісі 17,9 есеге артты.

Машина жасау саласында жаңа өндіріс түрлерін игеру бойынша жұмыстар атқарылуда. «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ көмірсутегі материалынан жылдамдығы 400-550 км/сағ. «LANCAIR» отандық тәжірибелік ұшағын жасап шығарды. Кәсіпорын газтурбина, сорғы және компрессорлық технологиялар бойынша General Electric компаниясының, құбырөткізгіш арматура (клапандар, ысырма-тиек, ернемек) өндірісі бойынша Cameron компаниясының стратегиялық серіктесі болып табылады. Кәсіпорында GeneralElectric компаниясының лицензияланған технологиясы негізінде газтурбиналық қондырғыларды жөндеу, автоматика және басқару жүйесін жөндеу бойынша қызмет көрсететін сервистік орталық құрылды, жоғары технологиялық реттегіш тиек өндірісі жоспарлануда.

«Орал трансформатор зауыты» ЖШС қуаттылығы жылына 10000 дана күш трансформаторларының өндірісі жобасын іске қосты. Өндіріс Германия, Италия, Швейцария елдерінен әкелінген жабдықтарында жүргізілетін болады.

2012-2015 жылдары «Зенит» Орал зауыты» АҚ шекара қызметі үшін 8 дана кеме және катерді суға түсірді. Зауыт жалпы сомасы 458,8 млн.теңгені құрайтын су сыйымдылығы 600 тоннаға дейінгі кеме өндірісі жобасын жүзеге асыруда, жобаны 2016 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отыр. Келешекте су сыйымдылығы шамамен 720 тоннаға дейінгі көп функционалдық кемені («Бұлан» жобасы) игеруді жоспарлауда.

«Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ 2016 жылы «ECA ROBOTICS» француздық компаниясымен бірлесіп су асты роботы техникасының базалық моделін игеруді жоспарлап отыр, сонымен қатар шағын катерлер өндірісі бойынша шығарылатын өнімдер номенклатурасын жаңғырту және кеңейтуді жоспарлауда.

«Оралагрореммаш» АҚ негізінде EVOPRO венгриялық компаниясымен бірлесіп жолаушылар автобусын игеру жөнінде уағдаластық бар. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Машина жасау кәсіпорындарының басты проблемасы кәсіпорындардың мемлекеттік тапсырыстарға және мұнай-газ компанияларының тапсырыстарына тәуелділігінде, бұлар өз кезегінде әлемдік мұнай бағасымен тікелей байланысты.

Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісі

Саланың негізгі кәсіпорындары: «КазТрубпром» ЖШС, «Орал құю-механикалық зауыты» ӨК.

2014 жылы металлургия өнеркәсібі саласындағы өндіріс көлемі 10,2 млрд. теңге құрады, физикалық көлем индексі – 102,8%, 2012 жылы 7,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Әртүрлі диаметрдегі құбырлар өндірісі - 1,3 есеге, құрылыс металлқұрастырмалары өндірісі 2,1 есеге артты.

«КазТрубпром» ЖШС өнімі мұнай-газ саласына бағытталып, бұрғылау, құрылыс, мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және жөндеу кезінде пайдаланылады. Өнімділігі 60 мың тонна сорғыш-компрессорлық және шегендеу құбырларын құрайды. Кәсіпорын негізгі өнім көлемін сыртқы нарықтарға (РФ) жеткізеді.

Саланың негізгі кәсіпорындарының қызметі өнімді мұнай жобаларына жеткізуге бағытталған. «Орал құю-механикалық зауыты» ӨК мен «ЕмбіМұнайГаз» АҚ арасында Атырау облысына жалпы сомасы 37,5 млн.теңгені құрайтын шойын бұйымдарын жеткізу бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Ресей рублі бағамының төмендеуі сала кәсіпорындарының жүктемесіне кері әсерін тигізіп отыр, себебі негізгі өнім көлемі ресей нарығына экспортталады.

Дайын металл бұйымдарын өндіру саласындағы өндіріс көлемі 2014 жылы 4,1 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 79,6%-ды құрады.

2014 жылы «ҚазАрмапром» ЖШС 11,7 мың тонна ұнтағыш шарлар өндірді, ол 2013 жылғы деңгейден 29,7%-ға кем (ресей нарығында өнімді өткізу қиындықтарына байланысты).

Сонымен қатар, қуаттылығы жылына 2833 тонна металл құрылымдарын ыстық мырыштау бойынша қызмет көрсету цехы жұмыс істейді («Оралагрореммаш» АҚ). Болашақта кәсіпорын мұнай-газ компанияларының жобаларына қатысу есебінен жобалық қуаттылыққа шығуды жоспарлайды.

Құрылыс материалдарының өндірісі

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ, «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС; «Стекло Сервис» ЖШС, «СВ-плюс» ЖШС, «Алим» ЖШС, «Алтимстройдеталь» ЖШС.

Облыстың құрылыс индустриясын силикатты және керамикалық кірпіш, темірбетон бұйымдары, тауарлық бетон, кеуекбетон, ағаш бұйымдары, құмды-қиыршықтас қоспалары, металқұрастырмалары, сэндвич-панель, профлист, металжабынқыштар, терезе, есік және т.б. тауарларды өндіретін кәсіпорындар құрайды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша сала кәсіпорындарымен 11,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл сала өндірісінің физикалық көлем индексі 135,9% құрады. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда бетоннан жасалатын бұйымдар өндірісі 27,8%-ға өсіп, 387,7 мың тоннаны құрады, әк өндірісі - 19,8%-ға (41,2 мың тонна), керамикалық кірпіш өндірісі 5,9%-ға (1,8 мың куб.м.) ұлғайды.

Термотөзімді және көп қабатты оқшаулағыш әйнек өндірісі ұйымдастырылды («Стекло Сервис» ЖШС), керамзит өндірісі жаңғыртылды («Стройкомбинат» ЖШС), қуаттылығы жылына 25 мың текше метр ұяшықты бетон шығаратын зауыт іске қосылды («Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ). Жоба табиғи жолмен кебетін (кебекбетон) неміс технологиясы бойынша дайындалады.

Бүгінгі күні «Болашақ-Т» ЖШС және «СВ-плюс» ЖШС негізінде қуаттылығы сәйкесінше 40 және 50 мың шаршы метр тұрғын үйлер іске қосылып, ірі панельді объектілер өндірісі жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорындар «Elimatic» (фин компаниясы), «Elcon» (түрік компаниясы), «Weiler», «Vollert» және MAP (неміс және итальяндық компаниялар) сияқты танымал шет елдік компаниялардың технологияларын қолданады.



Тамақ өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібінің 27,1%-н құрайды. Өндіріс көлемі 2012 жылдан 2014 жылға дейін 30,6 млрд. теңгеден 38,7 млрд. теңгеге дейін өсті. 2014 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өнімдерінің физикалық көлем индексі 94,3%-ды құрады.

Сала кәсіпорындары: «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ, «Кублей» ЖШС, «Попков» ЖШС, «Фирма Родник» ЖШС, «БелесАгро» ЖШС, «Агропродукт LTD» ЖШС, «Казкон» ЖШС, «Свит» ЖШС және т.б.

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда шұжық өнімдерінің өндірісі 31,5%-ға, астық – 6,6%-ға, қайта өңделген сұйық және кілегей сүт – 9,2%-ға, жармалар – 21,4%-ға артты.

2014 жылы 2013 жылға қарағанда ірімшік және сүзбе өндірісі 19,2%-ға, қайта өңделген сүт және кілегей өндірісі– 4,3%-ға, сары май өндірісі – 2,8%-ға, жармалар өндірісі – 7,4%-ға артты. Дайындалған немесе консервіленген балық өндірісі – 27,1%-ға, ет консервілері өндірісі – 1,1%-ға, шұжық өнімдері өндірісі - 4,9%-ға, кондитерлік өнімдер өндірісі – 18,7%-ға қысқарды, бұл РФ-дан тасымалданатын арзан бағалы тауарлардың жеткізілуімен түсіндіріледі (рубль бағамының өзгеруіне байланысты).



Тоқыма бұйымдары және киімдер өндірісі

Тоқыма бұйымдары және киімдер өндіру саласында арнайы киімдер, төсек орындарды, мектеп формаларын, киіз өнімдерін тігуге маманданған бірқатар орта кәсіпорындар қызмет атқарады, олар: «Надежда» ТТФ» ЖШС, «Аяз» ЖШС және т.б.

2012 жылы тоқыма бұйымдар және киімдер өндірісі 752,8 млн. теңгені құраса, 2014 жылы 792,7 млн. теңгені құрады немесе 120%. Төсек орындары өндірісі 4,6%-ға, әйелдер киімі өндірісі – 33,6%-ға өсті. Саланың жалпы өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі үлесі 0,6%-ды құрайды.

Жеңіл өнеркәсібі саласы кәсіпорындарының басты мәселесі – тұрақты өткізу нарығының болмауы. Отандық тауар өндірушілердің өнімдері ішкі нарыққа Қытай елінен тасымалданатын төмен бағалы, оған сәйкес төмен сапалы тауарларымен бәсекелесу қиындық туғызуда. Аталған мәселенің шешу жолы, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптің одан әрі дамуына ықпал болу үшін кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыспен, соның ішінде қорғаныс, денсаулық сақтау, білім беру салаларында 3 жыл мерзімге дейін тапсырыспен қамту қажет.



Электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау; сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау

Облыста электр қуатын өндірумен Орал ЖЭО газтурбиналық электр стансасы (қуаттылығы 30 МВт), «Жайықжылуэнерго» АҚ газтурбиналық қондырғысы (28 МВт), КПО б.в. газтурбиналық электр стансасы (160 МВт), «Жайықмұнай» АҚ газтурбиналық қондырғысы (16 МВт), «Орал газтурбиналық стансасы» ЖШС (54 МВт) жүзеге асырады. Барлық өндірілген электр қуаты тұтынушылардың және кәсіпорындардың өз қажеттілігі үшін энергия көздерімен пайдаланылады.

2014 жылы электр қуатын өндіру 1699,8 млн.кВт.сағ. құрады (облыс қажеттілігі – 1658,4 млн.кВт.сағ.), бұл 2012 жылмен салыстырғанда 10,4% көп.

Облыстың электр қуатына қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында қуаттылығы 200 МВт-қа дейін («Батыс Пауэр» ЖШС) газтурбиналық электрстансасы (ГТЭС) салынып жатыр. Қуаты 100 МВт болатын ГТЭС-тің 1-ші кезеңін іске қосу 2015 жылға, 2-ші кезеңі – 2018 жылға жоспарланған.

2014 жылы жылу энергиясын өндіру 3,7 млн.Гкал құрады, соның ішінде жылу электр стансасына – 1,7 млн.Гкал және қазандықтарға - 2,0 млн.Гкал. 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда жылу энергиясын өндіру көлемі 3,4%-ға ұлғайды.

2014 жылы облыстың кәсіпорындарымен тұтынушыларға 1,1 млн.Гкал жылу энергиясы берілді. Берілген жылу энергиясының жалпы көлемінен тұрғындарға 0,8 млн.Гкал, коммуналдық-тұрмыстық және кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік мұқтаждықтарына - 0,3 млн.Гкал берілді.

2014 жылдың аяғына жылу электр стансаларының жылу және электр қуатын өндіру бойынша белгіленген қуаттылығы 656,0 Гкал/с құрады, орташа жылдық жұмыс қуаттылығы - 127,0 Гкал/с. Қазандықтардың белгіленген қуаты - 626,9 Гкал/с, орташа жылдық жұмыс қуаты 486,0 Гкал/с құрады.

Жылумен жабдықтау көздерінің саны 118 бірлік құрады, жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 324,2 км.

2014 жылы облыстың кәсіпорындарымен тұтынушыларға 23,4 млн.текше м су берілді, оның ішінде тұрғындарға – 50,5%, коммуналдық мұқтаждықтарға - 7,2%, өндірістік мұқтаждықтарына - 7,8%.

Желіге берілген судың көлемі 36,9 млн.текше. м құрады, судың 22%-дай көлемі тазалау құрылғылары арқылы өткізілді.

7- кесте



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет