Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2015 мазмұНЫ



жүктеу 3.14 Mb.
бет9/20
Дата25.04.2016
өлшемі3.14 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
: assets -> uploads -> docs -> 2015
2015 -> Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2010 мазмұНЫ
2015 -> Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың
2015 -> «БҚо зеленов ауданы Переметный ауылдық округінде құс фабрикасы құрылысы» ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) жобасы бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы
2015 -> «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»
2015 -> Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен
2015 -> Төлемақысының ставкаларын түбірімен босатылатын сүрек
2015 -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 тамыз аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
2015 -> 2015 жылдың 1 мен 31 тамыз аралығындағы дсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
2015 -> Батыс Қазақстан облысында іске асырылып отырған 5 мемлекеттік және 10 салалық бағдарламалар бойынша ақпарат

Тілдерді дамыту бойынша SWOT-талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымдары: қазақ тілінде білім беретін балабақшалар мен мектептер айтарлықтай кеңейтілген;

  • іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру үдерісі белсенді жүзеге асырылған;

  • мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік қоры қалыптасуда.

  • қоғамның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі біркелкі емес. 

  • мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізілуі жеткіліксіз. 




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, интернет-порталдарды жасақтау және тұрақты түрде жаңарту;

  • мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметін нығайту (электронды БАҚ-тағы қазақ тіліндегі көрсетілімін, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі баспа БАҚ-тардың көлемін кеңейту).

  • қазақстандық қоғамдағы тіл мәдениетінің төмендеуі;



Қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық салаларында қолданылу төмендігі байқалады. Саланың ағымдағы және перспективадағы мәселелерінің арасында мемлекеттік тілдің қаржы, бизнес, ғылым, қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтер ұсыну салаларындағы төмен қолданысы байқалады және мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің дамуы тиісті деңгейде емес.


Ішкі және жастар саясаты

Азаматтық қоғам, этносаралық және конфессияаралық қатынастар

Облыстағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты сипатта және облыстың серпінді экономикалық дамуына, жоғары деңгейдегі толеранттылық пен келісімге, экономикалық және қоғамдық - саяси аясында туындаған проблемалық мәселелерге үкімет органдары және қоғамдық ұйымдардың жедел назар аударатынына негізделген.

Облыста 6 саяси партияның филиалдары, 49 этно-мәдени орталықтары, 74 діни бірлестіктер, 643-тен астам ҮЕҰ, 15 кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді.

Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу тең құқықтық серіктестік негізінде қарым-қатынастың нығаюы мен кеңеюіне бағытталған.

ҮЕҰ қоғамның әлеуметтік тұрақтануында халық топтарының айрықша мүдделерін іске асыруға белсенді қатысады. Тіркелген ҮЕҰ-ның ішінде экологиялық, жастар мен әйелдер секторлары әлдеқайда белсенді болып табылады. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның ынтымақтастығын әрі қарай жалғастыру, әлеуметтік серіктестіктерін дамыту үшін 2009 жылы үкіметтік емес ұйымдардың бастамашылығы бойынша Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы құрылды. БҚОАА құрамына 20-дан астам БҚО ҮЕҰ-ның ең белсенділері кіреді.

2012 жылы ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында сомасы 63,7 млн. теңгеге 75 әлеуметтік жоба, 2014 жылы сомасы 327,8 млн. теңгеге 160 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

2014 жылы мен 2015 жылдың 1 жартыжылдығында жүргізілген аймақтағы әлеуметтік және саяси жағдай туралы қоғамдық пікірдің қорытындысы бойынша сұралған респонденттердің 85,4% және 90,9% мемлекеттік даму мен мемлекеттік саясатты оң бағалады.

Батысқазақстандықтардың басқа ұлттардың өкілдеріне 2014 жылы (респонденттердің 91,8% оң бағалайды) және 2015 жылы (респонденттердің 88,6% оң бағалады) толеранттылығы жоғары, бұл ұлтаралық және дінаралық қатынастардың тұрақты сипаттағы екенін дәлелдейді.

Ішкі саясат басқармасымен облыстың қоғамдық-саяси жағдайына үнемі мониторинг жүргізіледі.

Сонымен қатар, облыс тұрғындарын тұрақты түрде кең акпараттандыру облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-та баспа және электрондық басылым ретінде, көптеген мақалалар мен бағдарламалар арқылы жүзеге асырылуда. Осыған орай, діни экстремизмге қарсы «Діни қызметтер және діни одақтар» туралы жаңа заңнаманы түсіндіру жұмыстары, ұлтымыздың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриоттық сезімді нығайту мақсатында, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы қарым-қатынастарының тиімділігін арттыру үшін облыстық баспа және электрондық БАҚ басылым беттерінде 2014 жылы 400-ден астам материалдар, 250-ге жуық бейнесюжеттер жарияланды. 5 бейнебаян, 1000 әдістемелік құрал мен кітапшалар басылып шықты және 2015 жылы 500-ден астам мақала, 300 телесюжет, 10 бейнебаян және 1670 әдістемелік құрал мен кітапшалар басылды.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылы тақырыбы бойынша 90 билборд орналастырылды.

Облыста 82 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет етуде, оның 55% - мемлекеттік емес. 33 мемлекеттік органының интернет ресурсы жұмыс істейді.



Жастар саясаты

2015 жылдың 1 қаңтарына Батыс Қазақстан облысының 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 149 595 жасты құрайды.

Жастардың бастамаларын дамыту және қолдау бағытында жастар бірлестіктерінің рөлі аса зор. Бүгінгі таңда 88 жастар қоғамдық бірлестіктері тіркелген, оның 63-і Орал қаласында, 25-і облыс аудандарында жұмыс жасауда.

Облыста 6 республикалық жастар бірлестіктерінің филиалы бар: «БҚО жастар ассоциациясы» ЗТБ («Қазақстан жастар Конгресінің» өкілі), «Жасыл Ел республикалық жастар еңбек жасағының» БҚО бойынша филиалы, «ЖасОтан» корпоративтік қорының БҚО бойынша филиалы, «Орал студенттерінің Алянсы» корпоративтік қоры, «БҚО-ң студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары» жастар қоғамдық бірлестігі, Облыстық «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы.

2014 жылы 54 әлеуметтік маңызды жобалар іске асты. Жастарға арналған жобаларды іске асыру үшін 89,1 млн.теңге бөлінді.

Аудандарда жастар ресурстық орталықтарының желілері кеңеюде.

Қазіргі таңда жастар ресурстық орталықтарының басты бағыты: жастарды жұмыспен қамту, білім беру және маман дайындау, туризм және спорт салаларында өз құқықтарын пайдалану мүмкіндіктерімен ақпараттандыру; жастар үшін құқықтық, психологиялық, консультациялық және білім алу бағыттарында қызмет көрсету; тұрғылықты жері бойынша жастардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру, соның ішінде жасөспірімдер мен жастар аула клубтарын ашу және қолдау көрсету т.б.

2013 жылдан бастап 11 жастар ресурстық орталықтары құрылды және олардың қатысуымен әкімшілік-аумақтық бірліктері 78,6%-ды құрады.

Аймақтық жастар ресурстық орталықтардың штаттық санын 91 қызметкер құрайды.

Жастар ресурстық орталығының басты қызметі аймақтағы жастарды жұмыспен орналастыру болып табылады. Олардың құзырына тек кеңес беру ғана емес, сонымен қатар жастарға арналған бос жұмыс орны жәрмеңкесі сияқты ауқымды іс шараларды ұйымдастыру кіреді. Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру жастарды оқу орындарын бітіргеннен кейін жұмыспен қамтуға ықпалдасады, бұл аймақ жастары арасында оң нәтиже беруде.

Сонымен қатар жастар ресурстық орталығы арқылы 450 жас қосымша жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша барлығы 1500 адам жолықты. Облыстық ресурстық орталығы жастарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік шиеленістің өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыс беруші органдармен келісім меморандумдарға қол қоюлуда.

Жастар арасындағы жұмыссыздық 2012 жылы 6,1%-дан 2014 жылы 4,3%-ға төмендеді (2013 ж. – 4,8%).

15-28 жас аралығындағы NEET жастарының үлесі (жұмыс жасамайтын, оқымайтын жастардың жалпы саны) 2011 жылы 7,4%-дан 2014 жылға дейін 4,1%-ға төмендеді (2012 жыл – 5,8%, 2013 жыл - 4,5%).

Осы бағытта облысымызда мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар іске асуда: «Жұмыспен қамту - 2020», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл Ел», студенттік құрылыс және еңбек жасақтары, т.б.

2015 жылдың өткен кезеңінде жұмыспен қамту органдары арқылы 2436 жас жұмысқа орналасты, оның ішінде 1094 жас тұрақты жұмысқа орналасса, 809 жас қоғамдық жұмыстарға және 206 жас кәсіби даярлыққа жіберілді.

ЖОО-ң және арнаулы орта оқу орындарының түлектерін жұмыс тәжірибесімен қамту мақсатында, жас мамандарды болашақта тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін «Жастар практикасы» жобасы іске асуда. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 508 жас осы бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаланған. Жалпы алғанда, 4 жыл ішінде «Жастар практикасы» жобасы арқылы 5 мыңнан астам жас жұмысқа тартылып, соның 1000-нан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан. Ағымдағы жылы осы жобаның іске асырылуына республикалық және жергілікті бюджеттен 128,1 млн. теңге бөлінді.

Жас мамандарды ауылдық аймақтарға тарту мақсатында оқу орындарының түлектеріне, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларындағы жас мамандарға, сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамытуға бет бұрған жастарға мемлекеттен әлеуметтік көмек көрсететін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асырылуда. 2012-2014 жылдары арасында осы бағдарлама бойынша ауылдық аймақтарға 1595 маман тартылды (2012 ж. – 525, 2013 ж. – 528, 2014 ж. - 542). Осы жобаның іске асыру барысында барлығы 2592,4 млн. теңге, соның ішінде 1595 жас маманға 377,0 млн. теңге көтерме ақы төлеу үшін және 897 жас маманға 2215,4 млн. теңге үй алу үшін бөлінді.

Облысымызда «Жасыл Ел» еңбек жасағы және студенттік құрылыс жасағы белсенді жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылы «Жасыл Ел» жобасының іске асырылуына облыстық және қалалық бюджеттен 19,9 млн. теңге бөлінді.

Еңбек, құрылыс және педагогикалық жасақтарын ұйымдастыру мақсатында облыстық бюджеттен 4,0 млн. теңге бөлінді. Компаниялардың 8 құрылыс нысанында Студенттік құрылыс жасағының 261 сарбазы жұмыс жасады.

«Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ «Жас кәсіпкер мектебі» жобасын жүзеге асыруда. Жоба Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, өз жеке кәсібін ашқысы келетін 18 бен 29 жас аралығындағы белсенді жастарға арналған.

«Жас кәсіпкер мектебі» аясында кәсіпкерлікті басқарудың негізгі жолдарын оқу қызметін Батыс Қазақстан облысының 292 жасы қолданған, соның ішінде 92-сі 2015 жылы.

Жастар саясаты бойынша SWOT- талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • жастар арасындағы жұмыссыздықтың төмен деңгейі;

  • ҚР-ның басқа облыстарымен салыстырғанда жастар арасындағы NEET үлесінің ең төменгі деңгейі;

  • жастардың жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне араласуының жоғарғы деңгейі.




  • жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары түлектерінің өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуының төменгі деңгейі;

  • мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында мемлекеттік органдардың ведомствоаралық үйлестіруінің әлсіздігі;

  • жастарды әлеуметтік қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру деңгейінің төмендеуі;

  • жастардың әлемдік діни ағымдардың негізгі бағыттары туралы мәліметтерді аз білуі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • жастар ресурстық орталығы арқылы жастарға әлеуметтік қолдау көрсету.




  • деструктивті діни ағымдардың қызметіне жастардың тартылуы.




Жастар арасындағы негізгі проблемалық мәселелерге діни сауатсыздық, еңбекке орналастыру және жас отбасыларды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету жатады.

Жастардың жұмыссыздығының субъективті факторларына жастардың жұмыс жасауға деген ұмтылысының төмендігі, психологиялық жағынан дайын болмауы, білім алу барысында мотивация деңгейінің жеткіліксіздігі, болашақ жұмысына деген артық талаптардың болуы. Және де объективті жақтарына ЖОО-ғы білімнің төмен деңгейі, еңбек жолындағы арнайы қызметтердің бәсең болуы.

Сонымен қатар, еңбек нарығындағы сұраныстың тиісті деңгейде ақпараттандырылмауы, жастардың ауылдан қалаға көшуі, мамандық бойынша бос орындардың жеткіліксіздігі және т.б. жағдайды қиындатады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп

Азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың туындау қауіпін неғұрлым азайту, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау, олардың салдарынан болатын зардаптар мен материалдық шығындардың көлемін азайту мақсатында облыс тұрғындары мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.

Су тасқыны, өрт қаупі және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жыл сайынғы жоспарлар құрылады, бұл күштер мен құралдарды дайындауға, жанар-жағармай материалдарының, материалдық-техникалық және қаржы құралдарының резервтік қорын құруға, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарының басым бағыттарын анықтауға, қажет болған жағдайда оларды жоюға кірісіп кетуге мүмкіндік береді.

Дала және орман өрттеріне ғарыштан мониторинг жүргізу, су тасу қауіпі бар аудандарды паспорттау, тікұшақ техникасы мен жару жұмыстарын жүргізетін бригадаларды тарту, жабдықтар мен құрал-жарақтарды сатып алу, төтенше оқиғаларға әкеліп соғатын жағдайларға мониторинг жасау, облыс аудандарында ерікті өртке қарсы құрамалар құру – бұл облысымызда төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін іс-шаралар.

2012 жылы облыста 84 ТЖ тіркеліп, 54 адам қаза болды, 2013 жылы - 60 ТЖ (50 адам), 2014 жылы - 67 ТЖ (44 адам).

Су тасқынының келеңсіз салдары 97 елді мекенде су басу қауіпін тудырады, бұл аймақта 8,7 мыңға жуық адам тұрады, тұрғын үй қорының және әлеуметтік-мәдени бағыттағы 2000 объектісі орналасқан. Су тасқынына қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында су тасу қауіпі бар өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізетін жару бригадаларын тарту, жанар-жағармай материалдарының, құм қапшықтарының резервін алдын-ала дайындау, гидрологиялық посттар бойынша мониторинг жүргізу, қорғаныс бөгеттері мен тоғандарды нығайту қажет.

Жайық, Қараөзен мен Сарыөзендердегі тасыған суды апатсыз өткізу, Ирикли және Варфоломеев су қоймаларын қауіпсіз әрі өзара тиімді пайдалану, Орынбор, Саратов және Батыс Қазақстан облыстарының шекаралас аудандарындағы су тасқынына қатысты жедел жағдай мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасу жүргізіледі.

РФ ТЖМ Орынбор және Саратов облыстары бойынша Дағдарыс жағдайларын басқару орталықтарынан су қоймаларының жұмыс режимі туралы деректерді жүйелі түрде алып тұру жолға қойылды, бұл қауіпті гидрологиялық құбылыстармен байланысты жағдайларға мониторинг жасалуына ықпалын тигізеді.

Облыс үшін өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік-мәдени бағыттағы қоғамдық мекемелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты төтенше жағдайлар болып табылады.

706 білім объектісінің 593-і (84%) өрт автоматикасы жүйесімен жабдықталған. Сонымен бірге, 400 жалпы орта білім беретін мектептердің 318 (79,8%) жабдықталған.

417 денсаулық сақтау объектісінің 310 мекемесі өрт автоматикасы жүйесімен жабдықталуы тиіс, жабдықталғаны - 277 (89,4%).

Әлеуметтік бағыттағы объектілер өрт автоматикасы жүйесімен 100% жабдықталған.

Елді мекендердің 80%-дан астамы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері қызмет көрсететін радиустан тыс орналасқан, жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімдеріне дейінгі қашықтық 30 км-ден 200 км-ге дейін. Бөлімшелердің мұндай алшақ орналасуы тұрмыстық өрттерге жедел ден қоюға кері әсерін тигізеді. Облыстың елді мекендерін өрттен қорғау үшін кем дегенде 6 өрт сөндіру депосы мен 7 жеке өрт сөндіру постын салу қажет.

2012-2014 жылдар аралығында облыста 1952 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі осы кезеңде 291 адамды құтқарды.

200 мың гектардан астам мемлекеттік орман қорында орман өрті туындау қауіпі бар, дала және ауылшаруашылық алқаптарында да өрт орын алу қауіпі жоғары. 2012-2014 жылдар аралығында 15 орман өрті тіркелді.

Өртке қарсы қызмет бөлімшелері құрылмаған елді мекендердің өрттен қорғалу деңгейінің төмендігі, білім, денсаулық сақтау объектілерінің өрт сөндіру автоматикасы құрылғыларымен толықтай жабдықталмауы өзекті мәселе болып табылады. Облыстық аумақтық азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің шағын жүйесі күштерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою дәрежесі маусымдық су тасқындарына, су басулары мен өрттерге қарсы тұру инфрақұрылымын салудың аяқталмауына, оның ішінде хабар беру жүйесінің, ақпараттық қамтамасыз ету мен байланыстың, авариялық-құтқару қызметтері құрамаларының толықтай техникалық жарақталмауына байланысты төмендейді.



Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қабылдап жатқан ішкі істер органдарының шаралары облыстағы криминогендік жағдайды тиісті бақылауды жүзеге асыруды, әлеуметтік-құптауға лайық деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, есепке алу-тіркеу тәртібіндегі критерийлердің өзгеруіне байланысты, қылмыстың жалпы санының өсуі жедел ахуалдың күрделенуіне әкелмегенмен, соңғы үш жылда облыста аса ауыр қылмыстардың саны (2012 жылы 175-тен 2014 жылы 87-ге дейін) және ауыр қылмыстардың саны (2012 жылы 923-тен 2014 жылы 779-ға дейін) төмендеді.

29-кесте


Қылмыстың деңгейі


Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014ж.

2012 ж. %

Тіркелген қылмыстар мен оқиғалардың барлығы

9378

11150

11238

119,8

олардың













аса ауыры

175

91

87

49,7

ауыры

923

863

779

84,4

10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстың пайыздық деңгейі

154

181

181

х

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың саны

172

191

146

84,9

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы

5,4

4,7

3,0

х

Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың саны

677

665

671

99,1

Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы

21,2

16,4

13,6

х

Көшеде жасалған қылмыстардың саны

2167

2206

1865

86,1

Көшеде жасалған қылмыстар санының үлес салмағы

23,8

20,4

17,4

х

Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы үш жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың үлес салмағы 2014 жылы 3,0%-дейін төмендеді.

Сонымен қатар қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағандардың басым бөлігі оқушылар болып отыр: 2012 жылы – 73,1%, 2013 жылы – 72,3 % және 2014 жылы – 71,6 %.

Қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыстың басым бағыттарының бірі есептегі контингентпен, әсіресе бұрын сотталған адамдармен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру. Қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде бұрын сотталған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2012 жылы 21,2% 2014 жылы 13,6% төмендеді.

Бұрын сотталған адамдардың қайталап қылмыс жасауына ықпал ететін басты жағдай – бұл бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғалардың әлеуметтік қорғансыз болуы және оларды әлеуметтік бейімдеу механизмінің тиімсіздігі, бұл өз кезегінде бұрын сотталғандар арасында жұмыссыздық деңгейінің өсуіне әкеліп отыр.

Сонымен қатар, криминогендік жағдайдағы оң өзгерістер тұрақты сипатқа ие бола қойған жоқ. 2012-2014 жылдарда көше қылмыстарының саны азайғанымен, олардың үлес салмағы облыстағы жалпы қылмыс саны бойынша жоғары (2012 жылы – 23,8 %, 2013 жылы – 20,4 % және 2014 жылы – 17,4 %).

Көше және басқа да қоғамдық орындарда криминогендік ахуалдың күрделілігі қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейне қадағалау камералары желісін одан әрі дамытуды талап етеді.

2012-2014 жылдар аралығында облыста жол-көлік оқиғасы салдарынан 279 адам қайтыс болып (2012 жылы – 95, 2013 жылы – 100, 2014 жылы – 84), 1874 адам әр түрлі дене жарақатын алды (2012 жылы – 612, 2013 жылы – 689, 2014 жылы – 573).

30-кесте

Жол-көлік оқиғаларының көрсеткіштері


Көрсеткіштер атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж. 2012 ж. %

Тіркелген ЖКО барлығы

499

574

404

81,0

олардың













Қайтыс болған адамдар саны

95

100

84

88,4

Жарақат алған адамдар саны

612

689

573

93,6

Автокөлік саны (бірлік)

150463

183004

185135

123,0

100 жәбірленушіге шаққанда жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болғандардың саны

33,1

31,4

14,7

х
Аталған теріс көріністердің басты себебі жергілікті маңызы бар жолдардың техникалық жағдайының өте нашарлығы, көшелердің тиісті деңгейде жарықтандырылмауы, жасанды жол бұдыры, жаяу жүргіншілер мен тротуар қоршаулары санының жеткіліксіздігі екендігін атап өту қажет.

Автомобиль парктері санының өсуі көше-жол желісінің даму қарқынына әсер етуде. Жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе көлік құралдарын жүргізушілер тарапынан жол тәртібінің сақталуы төмен болып отыр.




1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет