Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім саласы: «Таным» Білім көздері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Көп. Аз. Артық. Кем. Сонша. Теңестіру»



жүктеу 65.14 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі65.14 Kb.
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Таным»

Білім көздері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Көп. Аз. Артық. Кем. Сонша. Теңестіру»

Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыруға үйрету. « Көп-аз», «артық-кем», «сонша» ұғымдарымен таныстырып салыстырып сан ұғымына келуге үйрету. Теңестірудің жолдарын меңгерту.

Сөздік жұмыс: Артық- кем, сонша, қанша, теңестіру.

Іс- әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ынталандыру.


Сезімді ояту.





-Балалар, таңертең тұрғанда терезеден біз әуелі нені көреміз?

-Орнымыздан тұрғанда нені басамыз?

-Дұрыс, ендеше Аспан- ата мен Жер- анамен амандасайық.

Армысың, Қайырымды Аспан-ата!

Армысың, мейірімді Жер-ана!

Армысың, шуағын төккен алтын Күн!

-Балалар, біз бүгін математика әлеміне саяхатқа барамыз.


Көк аспанды.
Жерді
Балалар қызығушылық білдіреді.

Ұйымдастыру

Ізденістер.

Саяхатқа бармас бұрын, көңілімізді көтеріп алайық.

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып,жұмбақ өлең жасырады:

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

-Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл күз мезгілінде болады.

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз айларын атаңдаршы?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Өте жақсы.

Құстай қанат қағайық,

Орнымызды табайық.

Балалар өз орындарына отырады.

-Балалар, сәрсенбі күні бірінші қандай оқу іс- әрекеті болатын еді?

Бүгін математикадан «Көп. Аз. Артық. Кем. Сонша» ұғымдарымен танысамыз. Осы ұғымдармен танысу үшін көкөністерді, жемістерді қатыстыра отырып, жұмыс жасаймыз.Көкөністер мен жемістерді кім атап береді?

-Көкөністерге не жатады?

-Жемістерге не жатады?

Ал,енді тақтаға көз салыңдаршы, ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Қане, санайықшы алма нешеу?

-Ал, алмұрт ше?

Ойланайықшы, қайсысы көп?

Алма алмұрттан нешеге артық?

Ал, ендеше алмұрт алмадан нешеге кем болады екен?

Алма мен алмұртты теңестіру үшін не істейміз, яғни төрт алмұрттқа үш алмұртты қоссақ неше алмұрт болады?

7 алма және 7 алмұрт , олар теңесті.

6 лимон, 8 мандарин

Неше лимонды көріп тұрсыңдар, санайық?

Неше мандаринді көріп тұрсыңдар?

Қайсысы көп?

Лимоннан неше мандарин артық немесе неше лимон мандариннен кем?

Теңестіру үшін не істейміз?

Тағы суреттен не көріп тұрсыңдар?

1ананас, 2 қара өрік

Ананас қара өріктен нешеге кем?

Ал, қара өрік ананастан нешеге артық?

5 шие, 5 құлпынай

Олардың саны қандай?

-Дұрыс айтасыңдар, шие қанша болса, құлпынай сонша.


Д/о: «Көкөністер мен жемістерді жина»

Ойынның шарты: Екі бала шығып көкөністер мен жемістерді екіге бөліп жинайды. Санын санап, қанша және нешеуге артық-кем жинағандарын айтып береді.


Бой сергіту
Дәптермен жұмыс.

Ал,балалар, алдарыңдағы дәптерлеріңе көз салып қараңдар, ненің суретін көріп тұрсыңдар?

1- тапсырма

Сәбіз бен бұрыштың санын салыстыру. Неше сәбіз?(алты), неше бұрыш? (төрт). Сәбіз көп пе, әлде бұрыш көп пе?

Қайсысы артық, қайсысы кем?

Сәбіздің бұрыштан қаншасы артық?

Бұрыштың сәбізден нешеуі кем? Қызанақ пен бұрыштың санын салыстырыңдар.

Қызанақ - алтау, бұрышта алтау. Қызанақ қанша болса, бұрышта сонша, екеуінің саны бірдей немесе тең.

2- тапсырма.

Көкөністердің әрқайсының санына байланысты тиісті қораптарға салдыру. Мысалы, төрт помидор, оларды төртінші қорапқа салғызу.

3 тапсырма.

Алдарыңда салынып тұрған геометриялық пішіндердің қайсысы көп көк түспен, қайсысы аз қызыл түспен бояйсыңдар.

(Музыка әуені ойнап тұрады)

Балалармен жұмыс жүргізу (алдарындағы геометриялық пішіндерін санату,балаларды мадақтап отыру)




Елін сүйген баламыз,

Жерін сүйген баламыз.

От жалынды ұланбыз,

Біз келешек қыранбыз.

Біздер араз болмаймыз,

Достықты әркез қолдаймыз.

Доспыз, туыс, бауырмыз.

Бәрімізде татумыз.
Балалар қимылмен өздерінің қалай тату, дос, бауыр екендіктерін көрсетеді

Күз мезгілінде

Үш ай

Қыркүйек, қазан, қараша.



Күзде болатын құбылыстар туралы балалар өз ойларын айтады

Күн суытады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, жаңбыр жиі- жиі жауады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.


Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Картоп, сәбіз,

қызылша,пияз,

бұрыш,қырыққабат

Алма.алмұрт,ананас, банан,шие,жүзім,өрік

Алма мен алмұрттың
Жетеу

Төртеу


Балалардың жауабы

үшеуге
үшеу

7алмұрт

6 лимон
8 мандарин



Мандарин
Екіге

Балалардың жауабы

Балалар санайды
Біреуге

Бірдей немесе тең

Балалар көкөністер мен жемістерді екі ыдысқа бөліп жинайды

Сәбіз бен бұрыштың

Сәбіз көп. Бұрыш сәбізге қарағанда аз.

Сәбіз артық, бұрыштың саны кем.

Екеуі

Алдарында салынып тұрған геометриялық пішіндерді бояйды.



Қорытындылау


Өзін- өзі бағалау



-Балалар, біз бүгін сендермен заттарды салыстыру арқылы артық- кем, көп-аз, қанша болса сонша ұғымдарын пайдалана отырып теңестіруді үйрендік

-Кім айтады, бүгінгі оқу іс-әрекетімізге кім белсенді қатысты? Саған кімнің жауабы ұнады?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.




Бірнеше бала өздеріне ұнаған достарының жауабы туралы айтады.



Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: «көп-аз», «артық-кем», «сонша» ұғымдарын пайдалануын
Түсінігі: заттардың салыстырмалылық қасиетін
Көрсете білуі: геометриялық пішіндерді бояу арқылы

Аламаты қаласы Білім басқармасының

«№ 57 бала бақшасы» МКҚК


Тақырыбы: «Көп. Аз. Артық. Кем. Сонша. Теңестіру»

Әдіскер: Шамилова А.С.



Тәрбиеші: Омарова Г.Н.

Алматы 2011



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет