Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамы - ежелден мерекелі күн! Күні мен түні, ұлылығы мен жылылығы теңескен, мерекесі мен берекесі келіскен құтты ай – «Жыл басы» болып саналады. Соған орай 22 наурыз күні ауылымызда Ұлыстың ұлы күніне орай ауыл әкімішілігініңұйымдастыруымен, мекеме басшыларының қолдауымен «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік шара оздырылды. Шара барысында ауыл әкімінің міндетін атқарушы З.Оразова жиналған ауыл тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, әр отбасына амандығын тіледі.
Шара барысында жергілікті мекеме ұжымдары көнерген салт-дәстүрлер жайлы көріністер қойып, жастар арасында спорттық шаралар оздырылды. Аталған шараға демеушілік жасаған «Дидар» ШҚ жетекшісі Т.Утешевке алғысымызды білдіреміз.