Жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екінші қорға аудару кезіндегі салымшылар үшін қысқаша жадынама



Дата02.05.2016
өлшемі50.82 Kb.
Жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екінші қорға аудару кезіндегі салымшылар үшін қысқаша жадынама

Салымшы Жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екінші қорға аударым жасауға құқылы, бірақ ол жылына екі реттен жиі болмауы тиіс.

Сонымен қатар ҚР заңнамасына сәйкес салымшылар міндетті зейнетақы жарналарын тек бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуі тиіс. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы екі және одан артық шартты бір мезгілде жасай алмайды, міндетті зейнетақы жарналарын екі немесе одан артық жинақтаушы зейнетақы қорларына салуға не жарнаны біріне төлей алмайды және жинақталған зейнетақы қаражатының бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына сақтай алмайды.

Сондықтан салымшыда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы екі және одан артық шарт болған жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын бір зейнетақы қорына аударым жасауды жүзеге асыруы және тиісті шарттарды бұзуы қажет.



І. Жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасаудың

қолданылып отырған тәртібі






1. Салымшы жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау үшін зейнетақымен қамсыздандыру шартын бұзып отырған қорға (бұдан әрі – жөнелтуші қор) мына құжаттарды ұсынады:

- жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы белгіленген нысандағы өтініш;

- салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін жеке куәліктің түпнұсқасы;

- жинақталған зейнетақы қаражаты аударым жасалатын қормен (бұдан әрі – алушы қор) жасалған шарттың көшірмесі.

2. Салымшының жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішпен жеке сұрату жасауға мүмкіндігі болмаған жағдайда салымшы сенім білдірген адамына жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініш беруге нотариатта куәландырылған сенімхат береді.

3. Сенім білдірілген адам жөнелтуші қорға жоғарыда аталған (салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасынан басқа), сондай-ақ мынадай құжаттарды береді:


сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін жеке куәліктің түпнұсқасы.

4. Құжаттар пакеті толық берілмеген жағдайда, сондай-ақ олар заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жөнелтуші қор салымшы (алушы) өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген адамға жазбаша нысанда жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы тапсырманың орындалмау себебін көрсетіп, дәлелді жауап жібереді.

5. Салымшының жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауға байланысты шығыстар жөнелтуші қордың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

6. Жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды жөнелтуші қор салымшы өтініш берген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

7. Салымшының жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау жөніндегі міндеттемелерін орындау мерзімі өтіп кеткен немесе ол орындалмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
ІІ. 2007 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енетін жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау тәртібі
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау «Мемлекеттік зейнетақыға төлем жасау орталығы» МЗТЖО (бұдан әрі - Орталық) арқылы жүзеге асырылады.

1. Салымшы жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау мақсатында жөнелтуші қорға (бұдан әрі – жөнелтуші қор) мына құжаттарды ұсынады:

1) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы белгіленген нысандағы өтініш;

2) салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін жеке куәліктің түпнұсқасы;

3) фамилиясы, аты-жөні өзгерген жағдайда - осы өзгерістерді растаушы құжаттар көшірмесін (неке куәлігі, неке куәлігін бұзу туралы және өзге құжаттар), әлеуметтік жеке кодтың берілгендігі туралы куәлік (бұдан әрі - ӘЖК) Салымшының жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішімен жеке өзінің баруына мүмкіндігі болмаған жағдайда салымшы сенім білдірілген адамға жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішімен сұрату жасау үшін нотариатта куәландырылған сенімхатты береді.

2. Сенім білдірілген адам жөнелтуші қорға жоғарыда аталған (салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасынан басқа), сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішпен сұрату жасау үшін берілген нотариатта куәландырылған сенімхаттың көшірмесі және және салыстыру үшін олардың түпнұсқасы;

2) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін жеке куәліктің түпнұсқасы.

Сенім білдірілген адам берген ӘЖК берілгендігі туралы куәліктің және салымшының фамилиясы, аты-жөні өзгергендігін растайтын құжаттардың көшірмелері нотариатта куәландырылуы тиіс.

3. Жөнелтуші қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау үшін кастодиан банк құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өз кастодиан банкіне төлем тапсырмасын береді.

4. Кастодиан банк заңнамада белгіленген мерзімде соңынан алушы қорға аударым жасау үшін және тікелей алушы қорға аударым жасау үшін (ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражаты) салымшының жинақталған зейнетақы қаражатын Орталыққа (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражаты) аударым жасайды.

5. Орталық салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын алушы қорға олар түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізімге сәйкес аударым жасауды жүзеге асырады.

6. Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын жөнелтуші қордан Орталыққа, алушы қорға аударуға байланысты шығыстар жөнелтуші қордың өз жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

7. Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын Орталықтан алушы қорға аударуға байланысты шығыстар Орталықтың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.



8. Жөнелтуші қор салымшыға немесе сенім білдірілген адамға мынадай жағдайларда жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініш алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініштің орындалуының мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап береді:

  • құжаттардың толық емес пакетін ұсыну кезінде;

  • заңнамада көздел құжаттарың сәйкессіздігі;

  • салымшының жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражатының болмауы;

  • салымшының немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің бітуі;

  • салымшының жөнелтуші қормен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауы.

9. Салымшының жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау жөніндегі міндеттемелердің орындалуы не орындалмауы туралы мерзім өтіп кеткен жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

10. Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшының құқықтарын бұзған не зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген өз міндеттерін орындамаған жағдайда салымшы жинақтаушы зейнетақы қорына, уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі) өтініш беруге немесе орналасқан мекен-жайы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының үстінен сотқа шағым беруге құқылы.
Каталог: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет