Жинақталған зейнетақы қаражаттарын жинақтау зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аудару барысында салымшылар үшін қысқаша жадынама



жүктеу 47.81 Kb.
Дата29.04.2016
өлшемі47.81 Kb.
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Жинақталған зейнетақы қаражаттарын жинақтау зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аудару барысында салымшылар үшін қысқаша жадынама
Салымшы жинақталған зейнетақы қаражаттарын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымға зейнетақылық аннуитет шартын жасау жолымен аударуға құқылы.

Зейнетақылық аннуитет шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға міндеттенеді.

Зейнетақылық аннуитет шарты сақтандыру ұйымымен, салымшының міндетті зейнетақы жарналарының есебінен құралған зейнетақы қаражаттары жеткілікті болған жағдайда жасалады:


  1. зейнеткер жасына келген тұлғалар (еркектер- 63 жасқа, әйелдер – 58 жасқа);

  2. елу бес жасқа келген тұлғалар;

  3. 1 және 2 топтағы мүгедектер, егер мүгедектік мерзімсіз деп анықталса;

  4. Әскери қызметкерлер, өздерінің міндетті зейнетақы жарналарының есебінен құралған зейнетақы қаражаттарының елу пайызынан асырмай пайдалануы арқылы зейнеткер жасына келгенге дейінгі мерзімге.

Салымшы жинақталған зейнетақы қаражаттарын зейнетақылық аннуитетін алу үшін Қазақстан Республикасының «өмірді сақтандыру» саласында «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша қызметке лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының біріне аударуға құқылы.

І. Жинақталған зейнетақы қаражаттарын сақтандыру ұйымына аудардың қолданыстағы тәртібі

1. Салымшы, жинақталған зейнетақы қаражаттарын аудару мақсатында, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартын бұзатын қорына (бұдан әрі-қор) мынандай құжаттарды ұсынады:

- жинақталған зейнетақы қаражаттарын аудару туралы өтініш;

- салымшының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі және шолу үшін куәліктің түпнұсқасы;

- сақтандыру ұйымымен жасасқан шарттың түпнұсқасы;

2. Жинақталған зейнетақы қаражаттарын аудару туралы жеке өтініш беруге салымшының мүмкіндігі болмаған жағдайда, салымшы сенімді өкілге зейнетақы қаражаттарын аудару туралы өтінішпен жүгінуге нотариат куәландырған сенiмхат береді.

3. Сенімді өкіл жөнелтуші-қорға жоғарыда аталған құжаттарды (салымшының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын қоспағанда), сонымен қатар, келесі құжаттарды береді:

1) жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударуға өтiнiш жасауға нотариалды куәландырылған сенiмхат;

2) сенімді өкілдің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы.

4. Зейнетақылық аннуитет шартын жасасу сәтіне дейін, салымшы, сақтандыру ұйымы жүргізген, сақтандыру төлемдер мөлшерінің есебімен танысуға, сондай-ақ, сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға құқылы.

5. Зейнетақылық аннуитет шартын жасағанда міндетті талабы - сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемнің мөлшері тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

6. Зейнетақылық аннуитет шарты салымшының жазбаша өтініші негізінде жасалады және күшіне қормен жинақталған зейнетақы қаражат сомасын сақтандыру ұйымының шотына аударған сәтінен бастап енеді.

7. Салымшы, зейнетақылық аннуитет шартын жасасқан күннен бастап, он күнтізбелік күн ішінде, сол шарттың түпнұсқасын ұсынуымен қорды хабардар етеді.

8. Қор, салымшыдан хабарламаны алған күннен бастап, отыз күнтізбелік күн ішінде, жинақталған зейнетақы қаражатын бір мезгілде және толық көлемде сақтандыру ұйымына аударады.

9. Салымшының жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударуға байланысты шығыстар қордың меншік қаражат есебінен іске асырылады.
ІІ. 2007 жылдың 1 қаңтарында күшіне енетін жинақталған зейнетақы қаражаттарын сақтандыру ұйымына аудару тәртібі.

1. Салымшы жинақталған зейнетақы қаражаттарын қорға аудару мақсатында мынандай құжаттарды тапсырады:

1) Жинақталған зейнетақы қаражаттарын аудару туралы өтініш;

2) Салымшының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі, және шолу үшін оның түпнұсқасы;

3) Фамилиясы, аты-жөні өзгерген жағдайда – осы өзгерістерді растайтын құжаттар көшірмелері (неке туралы, некені бұзу туралы куәліктері және басқа құжаттар), әлеуметтік жеке кодын тағайындау куәлігі (бұдан былай ӘЖК) және шолу үшін олардың түпнұсқалары;

4) сақтандыру ұйымымен жасасқан шарттың түпнұсқасы.

Жинақталған зейнетақы қаражаттарын аудару туралы жеке өтініш беруге салымшының мүмкіндігі болмаған жағдайда, салымшы сенімді өкілге зейнетақы қаражаттарын аудару туралы өтінішпен жүгінуге нотариат куәландырған сенiмхат береді.

2. Сенімді өкіл жөнелтуші-қорға жоғарыда аталған құжаттарды (салымшының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын қоспағанда), сонымен қатар, мынадай құжаттарды береді:

1) жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударуға өтiнiш жасауға нотариатта куәландырылған сенiмхаттың көшірмесі;

2)сенімді өкілдің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы.

Сенімді өкіл берген салымшының фамилиясы, аты, әкесінің аты өзгергенің растайтын құжаттардың және ӘЖК тағайындалған куәлігінің көшірмелері нотариатта куәландырылған болуға тиісті.

3. Қор жинақталған зейнетақы қаражаттарын аудару үшін төлем тапсырмасын, ол құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен асырмай, өзінің кастодиан-банкіне табыстайды.

4. Банк–кастодиан заңнамада белгіленген мерзім ішінде салымшының жинақталған зейнетақы қаражаттарын сақтандыру ұйымына аударады.

5.салымышының жинақталған зейнетақы қаражаттарын сақтандыру ұйымына аударуына байланысыты шығыстар қордың меншік қаражаты есебінен іске асырылады.



6. Қор жазбаша түрде салымшыға немесе сенімді өкілге, алған күннен бастап, жеті жұмыс күн ішінде, зейнетақы қаржыларын аудару туралы өтінішін орындамау себептері туралы дәлелденген жауапты мынандайі жағдайларда береді:

- құжаттар топтамасының толық болмауы;

- заңнамада қарастырылған құжаттардың сәйкес еместігі;

- салымшының жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражаттарының жоқтығы;

- салымшының немесе сенімді өкілдің тұлғасын куәландыратын құжаттардың мерзімі өткен;

- салымшы мен қор арасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болмауы.

7. Салымшының жинақталған зейнетақы қаражаттарын аудару бойынша орындау мерзімін өткізген, не міндеттемелерді орындамаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.



8. Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшының құқығын бұзған немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта қарастырылған өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда салымшы жинақтаушы зейнетақы қорына, уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне) және сот органдарына, жинақтаушы зейнетақы қорына талап қоя отырып, оның тұрған жері бойынша жүгінуге құқылы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет