Жинақтауыш зейнетақы қорының басшылық қызметіне (бас бухгалтерден басқа) үміткерлерге арналған тест сұрақтары



жүктеу 418.05 Kb.
бет1/3
Дата26.04.2016
өлшемі418.05 Kb.
  1   2   3
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«БЕКІТЕМІН»

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрайымы

____________________________



Бахмутова Е.Л.
«05» мамыр 2009ж.

Жинақтауыш зейнетақы қорының басшылық қызметіне (бас бухгалтерден басқа) үміткерлерге арналған тест сұрақтары
1. Міндетті зейнетақы салымдарын төлеу агенті болып кім табылады?
2. Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып қандай тұлғалар танылады?
3. Ерікті зейнетақы салымдарын салушы болып кім табылады?
4. Ерікті кәсіби зейнетақы салымдарын салушы болып кім табылады?
5. Міндетті зейнетақы салымдарын салушы болып кім табылады?
6. Құн төлеу сомасы болып қандай сома табылады?
7. Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының «жеке зейнетақы шоты» түсінігі нені білдіреді?
8. Қазақстан Республикасының барлық ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған жарғы капиталы жиынымен салыстырғанда шетелдік қатысуы бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының рұқсат етілген сомалық жарғы капиталының үлестік мөлшері қандай болу керек?
9. Корпоративті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы және акционері кімдер бола алады?
10. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы және акционері кімдер бола алады?
11. Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы және акционері ретінде қатыса алады ма?
12. Мемлекеттік кәсіпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы және акционері ретінде қатыса алады ма?
13. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары қандай әрекеттерді орындауға құқығы бар?
14. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есептері мен деректерін бермеген немесе біле тұра күмәнді есептер мен деректерді берген жағдайларда уәкілетті орган қандай жазалау шараларын қолдануы мүмкін?
15. Қандай заң бұзушылықтары үшін жинақтаушы зейнетақы қорлары құқығы бұзылған тұлғалардың пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру (рефинансирования) салымымен 1,5 есе мөлшерде үстеме төлеуге міндетті болып табылады?
16. Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясынан айыруға уәкілетті органның қандай негіздері болуы керек?
17. Қандай органның шешімімен жинақтаушы зейнетақы қорының күші жойылуы мүмкін?
18. Қазақстан Республикасының аймағынан тыс тұрғылықты жеріне шығуына байланысты жинақталған зейнетақысын алуға кімдер құқылы?
19. Алушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы шотының болуы туралы, ондағы қалдық және ақша айналымдары туралы анықтаманы кімге береді?
20. Жинақтаушы зейнетақы қор бекітетін комиссиялық төлемдердің шектеулі мөлшері қандай көлемдерден аспауы керек?
21. Зейнетақы салымдарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жұмыстарын атқару құқығын беретін лицензияны алу туралы өтінімді беру кезінде жарғы капиталы қандай көлемде төленуі қажет?
22. Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы қалдық және ақша айналымдары туралы анықтаманы олардың тексеру жұмыстарын жүргізуіне байланысты бере алады ма?
23. Міндетті зейнетақы салымдарының салымшысы бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы келісімін жасауға құқығы бар ма?
24. Міндетті зейнетақы салымдарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы жинақтаушы зейнетақы қорларына қай уақытқа дейін хабарлауға тиісті?
25. Зейнетақымен қамтамасыз етуге кімнің құқығы бар.
26. Міндетті зейнетақы салымдарын төлеуді кім жүзеге асырады?
27. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын төлеуден кімдер босатылады?
28. Міндетті зейнетақы салымдарын және үстемелерді төлеуді жүзеге асырудың толықтығын және уақытылы орындалуын қадағалауды кім жүзеге асырады?
29. Міндетті зейнетақы салымдарын уақытылы аудармағаны үшін жазалау шаралары қарастырылған ба?
30. Адвокаттар, жеке нотариустар және жеке кәсіпкерлер қандай мөлшерде міндетті зейнетақы салымдарын төлейді?
31. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғы капиталы қандай қаражаттармен төленеді?

32. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жеке қаржысы қандай көздер есебінен құралады?


33. Жеке зейнетақы шоттарындағы қалдық және ақша айналымы туралы ақпарат кімге беріледі?
34. Зейнетақы активтері қандай активтер есебінен құралады?
35. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өзінің жұмысы туралы және басқа да қаржы есептері туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарына жария етуге құқығы бар ма?
36. Жинақтаушы зейнетақы қорының «жеке қаржысы» деп нені айтады?
37. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы бухгалтерлік есеп қандай жолдармен жүргізіледі?
38. «Міндетті зейнетақы салымдары» деп нені айтады?
39. Заңды тұлғалардың зейнетақы жинақтарын аударуды кешіктіргені үшін қандай мөлшерде үстемақы төлеу бекітілген?
40. Қордың басқарушы қызметкері болып кімдер табылмайды?
41. Зейнетақы аннуитетінің үлгілік келісімін кім әзірлейді?
42. Жинақтаушы зейнетақы қорының өздігінен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға құқығы бар ма?
43. Өздігінен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының басқа зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қабылдауға құқығы бар ма?
44. Қандай мерзім ішінде зейнетақы аннуитеті келісімін жасаған тұлға оны бұзуға құқылы болады?
45. Зейнетақы аннуитеті келісіміне сәйкес зейнетақы жинақтарының сомасын алуда сақтандыру ұйымының қалай және қандай мөлшерде алуға құқығы бар?
46. Жинақтаушы зейнетақы қоры қандай мерзім ішінде сақтандыру ұйымына алушының зейнетақы жинақтарын аударуға міндетті?
47. Жасалған зейнетақы аннуитеті келісімі бойынша іс жүргізуге сақтандыру ұйымының шығындарының рұқсат етілген деңгейін кім бекітеді?
48. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кімнің қаражаты есебінен жүргізіледі?
49. Қорға консервация жүргізу туралы уәкілетті органның шешіміне жинақтаушы зейнетақы қордың акционерлері қандай мерзім ішінде шағымдана алады?
50. Қордың бекітілген зейнетақы ережелері келісілуге жатады ма?
51. Қорды қайта құру туралы салымшыларға (алушыларға) хабарлау қандай жолмен жүргізіледі?
52. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы салымшыларға (алушыларға) хабарлау қандай жолмен жүргізіледі?
53. Міндетті зейнетақы салымдары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Үлгілік келісімдерді кім әзірлейді және бекітеді?
55. Ерікті кәсіби зейнетақы салымдары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Үлгілік келісімдерді кім әзірлейді және бекітеді?
56. Жылына қанша рет салымшылар (алушылар) өзінің зейнетақы жинақтарын бір зейнетақы жинақтау қорынан екіншісіне аударуға құқылы?
57. Жинақтаушы зейнетақы қоры қандай кезеңдерде салымшылар мен алушыларға олардың зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат беріп отыруға міндетті?
58. Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелері бойынша салымшылар (алушылар) жауапкершілік алады ма немесе жауап бере алады ма?
59. Салымшылар мен алушылардың міндеттемелері бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры жауапкершілік алады ма немесе жауап береді ме?
60. Қандай жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерімен инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдарға кірістің номиналды табыс мен минималды табысының көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылықты толтыру туралы талаптар қояды?
61. Зейнетақы жинақтарын аудару және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды кешіктірген жағдайда заңды тұлғалардың жауапкершілігі қандай болады?
62. Ерікті зейнетақы салымдары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеу құқығы кімдерде пайда болады?
63. Ерікті кәсіби зейнетақы салымдары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеу құқығы кімде болады?
64. Кестеге сәйкес зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдісін кім белгілейді?
65. Кестеге сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңдігін қандай құжаттар бойынша белгілейді?
66. Міндетті зейнетақы салымдары есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын Ережені кім бекітеді?
67. Ерікті кәсіби зейнетақы салымдары есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын Ережені кім бекітеді?
68. Жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын төлеу қандай жолдармен жүзеге асырылады?
69. Қанша уақыт аралығында зейнетақы жинақтарын алушы (сақтандырушы) зейнетақы аннуитеті келісімін жасау туралы жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлауға тиісті?
70. Зейнетақы аннуитеті келісімі бойынша жинақталған зейнетақы (сақтандыру сыйақысы) төлемдерін есептеуді кім жүзеге асырады?
71. Жинақталған зейнетақы (сақтандыру сыйақысы) төлемдерін есептеу Әдістерін кім бекітеді?
72. Ерікті кәсіби зейнетақы салымдары есебінен зейнетақы жинақтарын алуға кім құқылы?
73. Міндетті зейнетақы салымдарын бөлу үшін ай сайынғы табыстың қандай мөлшері қабылданады?
74. Міндетті зейнетақы салымдарын бөлу, ұстап қалу (салу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін кім бекітеді?
75. Агенттер қандай мерзімдерде міндетті зейнетақы салымдарының бөлінген, ұстап қалған (салынған) және аударылған сомалары бойынша есепті салық органдарына ұсынады?
76. Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы неге негізделген?
77. Міндетті зейнетақы салымдары қандай валютамен төленеді ?
78. Алушының пайдасына ерікті зейнетақы салымдарын салушы болып кімдер табылады?
79. Ерікті зейнетақы салымдарының мөлшерін, оларды төлеу тәртібін, сондай-ақ зейнетақы төлеу тәртібін кім бекітеді?
80. Ерікті кәсіби зейнетақы салымдары жұмысшылар пайдасына салынатын мамандықтардың тізімін кім белгілейді?
81. Ерікті кәсіби зейнетақы салымдарын кім жүзеге асырады?
82. Ерікті кәсіби зейнетақы салымдарының мөлшері қандай көлемде белгіленеді?
83. Ерікті кәсіби зейнетақы салымдардың мөлшерін кім белгілейді?
84. Ерікті кәсіби зейнетақы салымдарын аудару үшін қабылданатын ай сайынғы табыс қандай орган бекіткен тәртіп бойынша белгіленеді?
85. Жекелеген банкілік операцияларды жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық арқылы міндетті зейнетақы салымдарының сомасын қандай мерзімдерде аударуға міндетті?
86. Жекелеген зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтары бар алушылардың жинақталған зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүргізу қандай құжат болған кезде орындалады?
87. Агент міндетті зейнетақы салымдарын бөлу, ұстап қалу (салу) және аудару туралы деректерді қандай мерзімдерде алушыларға беруге міндетті?
88. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері қайда сақталып және қайда есепке алынады?
89. Жинақтаушы зейнетақы қорында қанша банктер-костодиандар болуға тиіс?
90. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің салымшылары мен агенттеріне зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын жаңа ұйымдарды инвестициялық басқаруға келісім жасау және (немесе) жаңа банк-костодианмен кастодианды келісім жасау туралы хабарламаны қандай мерзім ішінде жеткізеді?
91. Қай уақыттан бастап тараптар үшін зейнетақы аннуитеті келісімі күшіне енеді және міндетті болып табылады?
92. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының жұмысын қадағалауды қандай орган жүзеге асырады?
93. Жинақтаушы зейнетақы қоры жарғы капиталының минималды мөлшерін, оның құрастыру және құрамын бекіту тәртібін кім белгілейді?
94. Жинақтаушы зейнетақы қорының өзіндік қаражатын пайдаланудан түскен табыс кімге тиесілі?
95. Сақталуға тиісті жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі құжаттарының тізімін, олардың сақталу мерзімін кім белгілейді?
96. Жинақтаушы зейнетақы қорына аудит жүргізуді жүзеге асыруға қойылатын талаптар қандай құжатпен бекітіледі?
97. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы ережесі туралы аудиторлық ұйымның аудиторлық есебінде коммерциялық құпия болады ма?
98. Қазақстан Республиканың резиденті емес болып табылатын зейнетақы қорын инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшысы немесе акционерлері кімдер бола алады?
99. Барлық ҚР ЗАИБАҰ (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды атқаратын ұйым) жарияланған жарғы капиталының жиынтығының қанша пайызы шетелдік қатысушылары бар зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сомалық жарғы капиталынан асып кетпеуі қажет?
100. Қазақстан Республикасының қатысуымен ЗАИБАҰ директорлар кеңесі және басқармасы мүшелері арасында Қазақстан Республикасының азаматтарының үлесі қанша болуы керек?
101. Қазақстан Республикасы резиденті емес - ЗАИБАҰ директорлар кеңесі және басқармасы мүшелері үшін белгіленген қаржы нарығында қызмет көрсететін ұйымдардың басқарушылық жұмысының тәжірибесіне қандай талаптар қойылады?
102. Басқару нәтижесінде немесе Қазақстан Республикасы резиденті емес тұлғамен басқарылған ЗАИБАҰ Қазақстан Республикасы резиденті қатысқан ЗАИБАҰ ретінде танылған болса, онда зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жарғы капиталындағы үлесі қанша болатынын көрсетіңіз?
103. Басқарушы болған уақытта мәжбүрлі таратуға ұшыраған, банкрот деп танылған немесе консервацияға, санацияға ұшыраған заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы немесе бұрын басқарушы қызметкер болған ЗАИБАҰ тұлғасы басқарушы бола алады ма?
104. ЗАИБАҰ басқарушы қызметкеріне үміткерлерді уәкілетті органмен келісу тәртібі қандай құжатпен бекітілген?
105. ЗАИБАҰ екі немесе одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен бір мезгілде зейнетақы активтерін басқаруға келісімдер жасауға құқығы бар ма?
106. ЗАИБАҰ-ның қандай бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ?
107. Жинақтаушы зейнетақы қоры ЗАИБАҰ-мен жасалған келісімді біржақтама бұзған жағдайда қандай мерзім ішінде оған хабар беруге тиісті?
108. ЗАИБАҰ жинақтаушы зейнетақы қорлары алдында өз міндеттемелері бойынша қандай шеңберде жауапкершілік алады?
109. ЗАИБАҰ инвестициялық басқаруға алынған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері есебінен бағалы қағаздармен қандай операцияларды орындауға құқығы бар?
110. Бағалы қағаздар нарығында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қандай біріккен қызметтердің түрі рұқсат етіледі?
111. Тоқсан сайынғы агрегирленген есепті кім жасайды?
112. Тоқсан сайынғы агрегирленген есепті ЗАИБАҰ уәкілетті органға қандай мерзім ішінде жеткізіп отырады?
113. Қандай мерзім ішінде уәкілетті орган ЗАИБАҰ-ның тоқсан сайынғы агрегирленген есебін өзінде бар есеппен сәйкестігін тексеріп отырады?
114. Ұзын валюталық позиция дегеніміз не?
115. Зейнетақы активтерін инвестициялауға арналған жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қалдық ақшаның максималды мөлшері қандай шамадан аспауы керек, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларындағы ақша жиыны: банк-кастодиандағы инвестициялық шоттарда; шетелдік банк-кастодиандағы жинақтаушы зейнетақы қорларының банк-кастодианның хат-хабар алмасу шоттарында; халықаралық депозитарлық-есептік жүйенің қатысушылары - шетел ұйымдарындағы банк-кастодиан шоттарында максималды мөлшері қандай шамада болуы керек?
116. Қарызды бағалы қағаз (рейтингілік бағаның минималды деңгейіне шыға алмаған) саудасын ұйымдастырушылармен делистинг жасаған кезде, не Ұйым (Қор) минималды деңгейден төмен зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қарызды бағала қағаздың несиелік рейтингі төмендеген жағдайда қандай шаралар қолданылады?
117. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерде қандай жайттар қамтылу керек?
118. Ұйымдардың (Қорлардың) орындауы үшін міндетті болып табылатын тәуекелдерді басқару жүйесінің қандай критерийлері 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген болатын?
119. Зейнетақы активтерінің қатысуымен «кері репо» шартын жасау қандай мерзімде орындалуы мүмкін?
120. Бухгалтерлік есепті және қаржы есебін жүргізудің мақсаты неде?
121. Бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыру үшін негіз болып не табылады?
122. Қаржы есебінде нелер қамтылады?
123. Қаржы есебіне кім қол қояды?
124. Жылдық қаржы есебі үшін есеп беру кезеңі қай уақыт болып табылады?
125. «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы ұйымдарында және арнайы қаржы компаниялары жүргізетін бухгалтерлік есепті және қаржы есебін мемлекеттік реттеу жүйесі нені жүзеге асырады?
126. «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржы есебін жасаудың принциптері қандай?
127. Ұйымның басшысы жариялылық мақсатында бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізуге құқығы бар ма?
128. «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы жағдайын бағалауға байланысты қаржы есебінің элементтері болып нелер табылады?
129. Есепке алу саясаты дегеніміз не?
130. Консолидарлық қаржы есебі қандай жағдайларда жасалады?
131. Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қаржы есебі кімге табыс етілуі керек?
132. ҚР-да қаржы есебі қандай валютада жүргізіледі?
133. ҚР бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы заңнамаларына сәйкес қандай ұйымдар жылдық қаржы есебін жариялауға міндетті болып табылады?
134. Акционерлік қоғамның резервтік қаржысы қандай мөлшерде қалыптасқан болуы тиіс?
135. Ұйымның резервтік қаржысы қандай қаражаттар есебінен қалыптасуы тиіс?
136. Материалдық мүлікті түгендеу қандай мақсатта жүргізіледі?
137. Қаржы ұйымдары жылдық қаржы есебіне аудит жүргізуге міндетті ме?
138. Ұйымның ішкі бақылау жұмыстарын жүргізуді кім қамтамасыз етеді?
139. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есебі жүйесін мемлекеттік реттеуді кім жүзеге асырады?
140. Бағалы қағаздар нарығындағы кастодианды қызмет қандай жұмыстармен бірге атқарылады?
141. Инвестициялық портфельді басқару жұмыстары қандай жұмыстармен бірге атқарылады?
142. Депозитарийлық қызмет қандай жұмыстармен бірге атқарылады?
143. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестр жүйесін жүргізу жұмыстары қандай жұмыстармен бірге атқарылады?
144. Тұтынушының мүддесі үшін және оның есебінен тапсырма бойынша эмиссиялық бағалы қағаздармен және басқа да қаржы құралдарымен келісімдер жасайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы дегеніміз – бұл...?
145. Дилер дегеніміз кім?
146. Тұтынушылардың шотын жүргізуге құқығы жоқ бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызмет көрсетуге және/немесе брокерлік қызмет көрсетуге лицензиясы бар ұйымдардың қызметіне кірмейтін жұмыстар қандай?
147. Брокерлік қызмет көрсету туралы келісімге қандай нормалар қолданылады?
148. Тапсыру келісіміне сәйкес номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылар шотын жүргізу құқығы бар брокерлер және/немесе дилерлер кімнің мүддесі үшін және кімнің есебінен, кімнің тапсырмасы бойынша жұмыс істейді?
149. Номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылар шотын жүргізу құқығы бар брокерлер және/немесе дилерлердің жұмысына мыналар кірмейді: 1) тұтынушының бағалы қағаздарымен жасалған келісімдерді тіркеу; 2) бағалы қағаздар көлеміне сәйкес шығарылған өлшемдерімен салыстырылуына және тіркелуіне бақылау жүргізу; 3) бағалы қағаздар бойынша тұтынушының құқығын қолдау; 4) төлем агентінің қызметін атқару; 5) клирингтік қызметті жүзеге асыру.
150. Қор биржасының мүшесі бола тұра брокер және/немесе дилер бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында бағалы қағаздармен келісімдер жасауға құқығы бар ма?
151. Номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылар шотын жүргізу құқығы бар бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін брокерлер және/немесе дилерлер ұйымының жұмыстары қандай?
152. Тұтынушылар шотын жүргізу құқығы жоқ бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін брокерлер және/немесе дилерлер ұйымының жұмыстары қандай?
153. Номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылар шотын жүргізу құқығы бар брокерлер және/немесе дилерлердің ұйымдық құрылымында қандай бөлімшелер болмауы мүмкін?

154. Тұтынушылар шотын жүргізу құқығы жоқ брокерлер және/немесе дилерлердің ұйымдық құрылымында қандай бөлімшелер міндетті түрде болуы керек?


155. Номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылар шотын жүргізу құқығы бар брокерлер және/немесе дилерлердің сауда құрылымының негізгі жұмыстарына қандай жұмыстар жатады?
156. Номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылар шотын жүргізу құқығы бар брокерлер және/немесе дилерлердің есептеу бөлімшелерінің негізгі жұмыстарына қандай жұмыстар жатады?
157. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және/немесе дилерлік жұмыстарды жүзеге асырушы ұйымның жарғы капиталы қандай жолмен қалыптасуы керек?
158. Оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын тұлға брокерлерден және/немесе дилерлерден акция сатып алуға құқығы бар ма?
159. Қандай жағдайларда заңды тұлға брокерлер және/немесе дилерлердің акцияларын төлейді?
160. Брокердің және/немесе дилердің жеке қаражатының жеткілікті коэффициенттік мәні қандай соманы құрауы тиіс?
161. Брокерлер және/немесе дилерлер қандай ұйымдық-құқықтық формада жұмыс істеуге құқылы?
162. Бағалы қағаздардың номиналды мөлшерін ұстауға қызмет көрсетуге құқығы бар бағалы қағаздар нарығының субъектілерін атаңыз.
163. Бағалы қағаздардың номиналды мөлшерін ұстауға қызмет көрсетуге құқығы бар бағалы қағаздар нарығының субъектілерін атаңыз.
164. Бағалы қағаздардың сақталуына кепілдік беру мақсатында орындалатын бағалы қағаздарды ұстаушылар реестрі жүйесінде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық келісімдерді тіркеуге алуға уақытша шектеу қою қалай аталады:
166. Номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылар шотын жүргізу құқығы бар брокер және/немесе дилер номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тұтынушының есеп шотын қандай мерзім ішінде ашуға міндетті?
167. Бағалы қағазды ұстаушылар реестрі жүйесінде номиналды ұстауға берілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды есепке алу қандай дербес шот бойынша жүзеге асырылады?
168. Бағалы қағазды ұстаушылар реестрі жүйесінде номиналды ұстауға берілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды есепке алудың дербес шотын ашу қандай құжатты негізге алып орындалады?
169. Номиналды ұстаушылар міндетіне нелер кіреді?
170. Номиналды ұстаушылар жұмысына нелер кіреді?
171. Номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылардың шотын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің жұмысына нелер кіреді?
172. Кастодиан және номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылардың шотын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге не нәрсеге тыйымдар салынған?
173. Брокердің және (немесе) дилердің номиналды ұстауында болатын, номиналды ұстаушының қолындағы бағалы қағаздарға қатысты осы брокердің және (немесе) дилердің номиналды ұстау қызметін көрсетуге орталық депозитарийдің құқығы жоқ деген пікір дұрыс па?
174. Номиналды ұстаушы туралы келісімге қандай келісім нормалары қолданылады?
175. Бір номиналды ұстаушы тұтынушылар арасында мемлекеттік емес эмиссионды бағалы қағаздармен келісім жасау кезінде бағалы қағаздар жөніндегі құқықтар қай кезде туындайды?
176. Акциялар бойынша құқықтарды растау қандай жолдармен жүзеге асырылады?
177. Банк болып табылмайтын, номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылардың шотын жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилер, ақшаны есептеу және сақтау мақсатында, қандай шоттар ашуға құқылы?
178. Тұтынушының ақшасын есептеу және сақтау мақсатында, банк болып табылмайтын, номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылардың шотын жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилер қандай шоттар ашуға құқылы?
179. Егер брокерлік қызмет көрсету туралы келісімнің әрекет етуі тоқтатылған жағдайда, брокер-дилердің кассасында және шотында қалған номиналды ұстаушының объект болып табылмайтын қаржы құралдары мен ақша тиесілі тұтынушының иелігі осы тұтынушыға қандай мерзімдер ішінде қайтарылып берілуге тиіс?
180. Тұтынушылардан түскен қаржы құралдары мен ақшалар номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылар шотын жүргізу құқығы бар брокерлер және/немесе дилерлердің шотына аударылу үшін қандай шотқа түседі: 1) орталық депозитарийде; 2) кастодиандарда (тек қана шетелдік эмитенттері бар бағалы қағаздарға); 3) банктерде; 4) кастодиандарда (тек қана Қазақстан Республикасының эмитенттері бар бағалы қағаздарға); 5) тіркеушілерде?
181. Номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылардың шотын жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилерге тиесілі қаржы құралдары мен ақшаларын есептеу қандай тәртіпте жүргізіледі?


  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет