Жинақтауыш зейнетақы қорының басшылық қызметіне (бас бухгалтерден басқа) үміткерлерге арналған тест сұрақтары



жүктеу 418.05 Kb.
бет2/3
Дата26.04.2016
өлшемі418.05 Kb.
1   2   3
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
182. Номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылардың шотын жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилер номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде қандай мақсаттарда әр тұтынушыға жеке-жеке дербес шот ашады?
183. Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде ашылған шотында қаржы құралдары саны туралы деректері бар дербес шоттарда жеке қаржы құралдарының санын есепке алу деректерін номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылардың шотын жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилер қандай кезеңділікпен салыстырып отырады?
184. Номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылардың шотын жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилер атына оған берілген номиналды ұстанымдарды, бағалы қағаздарды есептеу үшін дербес шот ашуға болады ма?
185. Жарияланған мемлекеттік емес эмиссионды бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің дербес шоты брокер және (немесе) дилердің номиналды ұстанымдарды есепке алу жүйесінде қандай жағдайларда ашылады?
186. Бір номиналды ұстанымдар тұтынушысы болып табылатын тараптардың бағалы қағаздармен келісім жасау кезінде номиналды ұстанымдарды есепке алу жүйесінде тіркеуге не нәрсе негіз болып табылады?
187. Номиналды ұстанымдарды есепке алу жүйесіндегі тұтынушылардың дербес шоты бойынша брокер және (немесе) дилердің жүргізетін операцияларына қандай операциялар жатады?
188. «Репо» ашу дегеніміз не?
189. Қазақстан Республикасы резидентінің бағалы қағаздары бойынша басқа номиналды ұстанымдарда болатын, номиналды ұстаушының қолындағы бағалы қағаздарға қатысты кастодианның номиналды ұстау қызметін көрсетуге құқығы бар деген пікір дұрыс па?
190. Кастодиан - Қазақстан Республикасы резиденті, бағалы қағаздарды есепке алу бойынша және олармен келісімді тіркеу жұмыстарын атқаратын шетел ұйымдарына номиналды ұстау қызметін көрсетуге құқығы жоқ деген пікір дұрыс па?
191. Бағалы қағаздардың келісімін жасауда әртүрлі номиналды ұстаушылардың тұтынушылары қатысқан жағдайда, эмиссионды бағалы қағаздар бойынша құқығы қай уақыттан бастап пайда болады?
192. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесі дегеніміз не?
193. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде қандай операция ақпараттық операцияларға жатады?
194. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған тұтынушының шотының қай бөлімі азаматтық-құқықтық келісімдер негізінде пайда болған басқа тұлғалар алдында бағалы қағазды ұстаушылардың міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатындағы операцияларды орындауға шектеу қойылған бағалы қағаздарды есепке алу үшін арналған?
195. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған дербес шотта жатқан пайлық инвестициялық қор туралы мәліметтерді өзгерту бойынша операцияларды жүргізуде номиналды ұстаушылар кімнің бұйрығын негізге алады?
196. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акция шығаруды жою операциясын номиналды ұстаушы қандай органның хабарламасы негізінде жүргізеді?
197. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды төлеу операциясын номиналды ұстаушы қандай органның хабарламасы негізінде жүргізеді?
198. Мемлекеттік органның сұрауы бойынша немесе бағалы қағазды ұстаушының жазбаша өкімі (бұйрығы) тіркелген уақыттан бастап дербес шоттан үзінді жазып алу және беру туралы ақпараттық операцияларды номиналды ұстаушылар қандай уақыт аралығында жүргізуге тиіс?
199. Дербес шот операцияларын номиналды ұстаушылар қандай уақыт аралығында жүргізуге тиіс?
200. Бір номиналды ұстаудың тұтынушылары арасында «репо» ашу операциясын жүргізу барысында сатушының дербес шотының «негізгі» бөліміндегі бағалы қағаздар номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі қандай бөлімге аударылады?
201. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі қандай дербес шоттарда «негізгі», «блоктау», «уақытша» және «репо» бөлімдерін ашуға болмайды?
202. Банк-кастодианның есепке алу жүйесіндегі қандай бағалы қағаздарды есепке алу үшін, олардың номиналды ұстаушыларға қызмет көрсету кезінде, номиналды ұстаушыларға дербес шот ашылады?
203. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде заңды тұлғаға дербес шот ашу барысында қандай құжаттар ұсынылуға тиіс?
204. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке тұлғаға дербес шот ашу барысында қандай құжаттар ұсынылуға тиіс?
205. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде пайлық инвестициялық қордың дербес шоты қандай жағдайларда ашылады?
206. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тұтынушылардың дербес шоты бойынша номиналды ұстаушылар қандай операцияларды жүргізеді?
207. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды блоктау және блоктан босату операцияларын қандай құжаттар негізінде жүргізеді?
208. Бір номиналды ұстаушы тұтынушылармен жасалған келісім бойынша қор биржасының сауда алаңында автоматты әдіспен «репо» операциясын жүргізу барысында бағалы қағаздар сатушының «негізгі» дербес шотының бөлімінен қандай бөлімге аударылады?
209. Номиналды ұстауда болған бағалы қағаздармен келісімді тіркеу номиналды ұстаушының қандай субшоты бойынша жүзеге асырылады?
210. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде эмиссионды бағалы қағаздар құқығының кепілдігін тіркеу қандай операциялар арқылы жүзеге асырылады?
211. Номиналды ұстаушының дербес шоты дегеніміз не?
212. Заңды тұлғаға дербес шот ашу туралы бұйрықта қандай ақпарат болуы керек?
213. Номиналды ұстау туралы келісімде не көрсетілуі қажет?
214. Бағалы қағаздарды ұстаушының дербес шоты дегеніміз не?
215. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде дербес шот ашу тәртібі қандай құжаттармен бекітіледі?
216. Орталық депозитарий депоненттері (тұтынушылары) кімдер болып табылады?
217. Қазақстан Республикасының аумағында депозитарийлық жұмыстарды орындауға кімнің құқығы бар?
218. Орталық депозитарий қандай ұйым болып табылады?
219. Орталық депозитарий акциялары қандай ортаға орналастырылады?
220. Бағалы қағаздар нарығында орталық депозитарийдің атқаратын жұмысының шарттары мен тәртібі қандай құжаттармен бекітіледі?
221. Орталық депозитарийдің қай органы Ережелер жиынын әзірлейді?
222. Орталық депозитарий қандай лицензиясы болған жағдайда қаржы құралдары бойынша табыстарды төлеу және қарыздарды төлеу бойынша төлеу агентінің жұмысын орындай алады?
223. Орталық депозитарийдің Ережелер жиынын кімдер міндетті түрде сақтауға тиісті?
224. Орталық депозитарий Ережелер жиынына барлық енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы кімге хабар береді?
225. Депоненттердің (олардың тұтынушылардың) қаржы құралдарын сақтауды орталық депозитарий қандай жолдармен қамтамасыз етеді?
226. Орталық депозитарийге номиналды ұстауға берілген қаржы құралдары орталық депозитарийдің балансында деп есептеледі ме?
227. Құжаттамалық формада шығарылған қаржы құралдарын деметериализациялауды орталық депозитарий қандай жолдармен жүзеге асырады?
228. Қаржы құралдарымен келісім жасау барысында ақшаларды есептеуді қандай ұйым орындайды?
229. Ұлттық валютада ақша аудару және есептеу жұмыстарын орындау кезінде орталық депозитарий үшін есептеу ұйымының жұмысын қандай ұйым орындайды?
230. Кастодиан дегеніміз не?
231. Кастодианды жұмыс объектілері болып не табылады?
232. Кастодианды жұмысты кім орындайды?
233. Қай ереже дұрыс деп танылады: 1) Кастодиан өзіне сеніп тапсырылған тұтынушылардың активтерін өз мүддесіне пайдалануға құқығы бар; 2) Кастодиан өзіне сеніп тапсырылған тұтынушылардың активтерін өз мүддесіне пайдалануға құқығы жоқ; 3) Кастодиан тұтынушының аффилиирленген тұлғасы болуы тиіс емес?
234. Кастодиан қандай кезеңділікте өзінің бағалы қағаздар есебін жүргізу жүйесі және тұтынушылардың қаражаты туралы деректерді бағалы қағазды ұстаушылар реестрі жүйесін жүргізу және депозитарийлық жұмыстарын орындайтын ұйымның деректерімен сәйкестігін салыстырып тексереді?
235. Трансфер-агенттің қызметі?
236. Трансфер-агенттің қызметіне жатпайтын жұмыстар?
237. Трансфер-агент пен оның тұтынушылары арасындағы қарым-қатынас қандай құжат негізінде жүргізіледі?
238. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға трансфер-агенттің тұтынушысы бола алады ма?
239. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылардың қайсысы эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар реестрі жүйесін жүргізуге құқылы болып табылады?
240. Тіркеуші қандай ұйымдық-құқықтық формада жұмыс істеуге құқылы?
241. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығындағы тіркеушінің жұмысына нелер кіреді?
242. Тіркеуші өзінің бағалы қағаздарын ұстаушылар реестрі жүйесін жүргізуге құқығы бар ма?
243. Бағалы қағаздарды ұстаушылар реестрі жүйесін қандай құжаттар қалыптастырады?
244. Бағалы қағаздарды ұстаушыларды идентификациялауға мүмкіндік беретін белгілі бір мерзімде бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы деректердің жиындығы деп, сондай-ақ, оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрі мен көлемі деп нені түсінеміз?
245. Бірнеше тұлғаның меншігіне тиесілі бағалы қағаздарды есептеуді жүзеге асыратын бағалы қағаздарды ұстаушылар реестрі жүйесінде ортақ меншіктің қатысушыларының ортақ өкілі қандай шот ашады?
246. Жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің дербес шоты қандай қызмет атқарады?
247. Бағалы қағаздарды ұстаушылар реестрі жүйесінде қандай деректер болуы тиіс?
248. Бағалы қағаздарды ұстаушылар реестрі жүйесінде қандай деректер міндетті түрде болуы тиіс?
249. Тіркеуші орталық депозитарий және (немесе) эмитент дербес шоттан үзінді жазу үшін қажетті ақпараттарды, не оларда мұндай ақпараттар болмаған кезде ақпараттарды бермеген жағдайда қандай әрекеттер жасауға тиісті?
250. Реестрлер жүйесіне енгізу үшін бағалы қағаздар туралы қандай деректер міндетті болып табылады?
251. Бағалы қағаздарды ұстаушылар реестрі жүйесіне енгізу бойынша келісімдер жасау барысында тіркеуші эмитентке дербес шоттардың қандай түрлерін ашады?
252. Тіркеуші реестрлер жүйесіндегі заңды тұлғаның дербес шотын ашу үшін қандай құжаттар қажет?
253. Жеке тұлғаның қолы қойылған немесе оның уәкілетті өкілі қол қойған жеке тұлғаға дербес шот ашу бұйрығында қандай деректер болуы тиіс?
254. Тіркеушімен бағалы қағазды ұстаушылар реестрі жүйесін жүргізу келісімдерін жасау туралы шешімдерді қабылдауға эмитенттің тиісті органдарының құзыреттілігі эмитенттің қандай құжаттары арқылы бекітіледі?
255. Тіркеушімен бағалы қағазды ұстаушылар реестрі жүйесін жүргізу келісімдерін жасау туралы шешімдерде қандай деректер міндетті түрде көрсетілуі керек?
256. Бағалы қағазды ұстаушылар реестрі жүйесін жүргізу келісімдерін жасау барысында тіркеуші эмитенттің қандай құжаттарын беруге міндетті?
257. Тіркеушінің дербес шотында болатын деректерге қандай деректер жатпайды?
258. Акционердің блокталған бағалы қағаздарының көлемі туралы деректер қайда тікелей жазылады?
259. Номиналды ұстауға берілген бағалы қағаздарды есептеу жүргізілетін орталық депозитарийдің дербес шотында қандай ақпарат болуға тиіс емес?
260. Номиналды ұстауға берілген бағалы қағаздарды есептеу жүргізілетін орталық депозитарийдің дербес шотында қандай ақпарат болуға тиіс емес?
261. Ақпараттық операцияларға қандай операциялар жатады?
262. Реестрлер жүйесінде дербес шот кімге ашылады?
263. Егер, лицензия әрекетін тоқтатқан немесе алып қойған жағдайда, пайлық инвестициялық қор компанияларын басқарушылардың пайлық инвестициялық қордың дербес шотын басқару кімге ауысады?
264. Эмитент шығарған бір түрдегі бағалы қағаздарды есепке алу бағалы қағаздарды ұстаушылар әр түрлі реестрінің жүйесінде орындалуына болады деген пікір дұрыс па?
265. Тіркеуші қандай шарттарды орындау арқылы реестрлер жүйесін құрайтын электронды деректерді резервті көшіру және сақтау жұмыстарын жүргізе алады?
256. Төменде берілген ережелердің қайсысы дұрыс деп танылады?
257. "Диверсификация" денеміз не?
258. Инвестициялық қор дегеніміз не?
259. Пайлық инвестициялық қор қандай формада құрылуы мүмкін?
260. Тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қоры болып не табылады?
261. Акционерлік инвестициялық қордың акционерлері кім бола алмайды?
262. Акционерлік инвестициялық қордың активтерін есепке алу және сақтау жұмыстарын кім орындайды?
263. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын кім төлейді?
264. Тәуекелді инвестициялау қорлары болып табылмайтын басқарушы компаниялар, кастодиан мен тіркеушілер пайлық инвестициялық қордың ұстаушылары бола алады ма?
265. Пайлық инвестициялық қордың ұстаушылары реестрі жүйесін кім жүргізеді?
266. Пай ұстаушылар реестріндегі тұтынушылардың дербес шотына пай аудару шартын тіркеуді қандай құжаттың негізінде жүзеге асырады?
267. Басқарушы компанияның өзі басқарып отырған қорға қатысты қандай құқықтары бар?
268. Инвестициялық қор активтерін басқарып отырған ұйымның акцияларын немесе пайларын сатып алу үшін қарызға алынатын қаражат мөлшері қандай көлемнен аспауы керек?
269. Ашық немесе интервалды пайлық инвестициялық қор пайларын сатып алу үшін арналған қарыздық қаражатты пайдалануға үстеме ақы қандай ақшаның есебінен төленеді?
270. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерімен келісім жасау барысында қандай атауды көрсетуге міндетті болып табылады?
271. пайлық инвестициялық қордың пайларын алғашқы орналастыруды аяқтаған соң үш жұмыс күніне дейін басқарушы компанияға не істеуге міндетті емес?
272. Ивестициялық қордың активтері кастодианда есептеліп, сақталады ма?
273. Акционерлердің немесе пай ұстаушылардың, компания басқарушылары немесе қор кастодиандарының міндеттемелері бойынша, сондай-ақ, осы аталған субъектілердің таратылған, не банкрот болған жағдайында инвестициялық қордың активтерінен өндіріп алуға рұқсат етіледі ме?
274. Инвестициялық қордың акционерлерінің немесе пай ұстаушыларының міндеттемелері бойынша өндіріп алу үшін қайда шағымдана алады?
275. Инвестициялық қор туралы ақпаратта не болу керек?
276. Қай инвестициялық қор туралы деректер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және сыртқы (көзбен шолу) жарнамасы арқылы таратылуға болмайды?
277. Бағалы қағаздардың екінші деңгейдегі нарығы нені білдіреді?
278. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ипотекалық облигация дегеніміз не?
279. Облигациялық бағдарлама дегеніміз не?
280. Облигацияның номиналды құны дегеніміз не?
281. Эмиссионды бағалы қағаздармен жұмыс істеу дегеніміз не??
282. Бағалы қағаздардың алғашқы нарығы дегеніміз не?
283. Эмиссионды бағалы қағаздарды орналастыру дегеніміз не?
284. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигация дегеніміз не?
285. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мүдделердің дауы дегеніміз не?
286. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес депозитарийлық қолхат беру дегеніміз не?
287. Ақысы төленбеген, сондай-ақ эмитенттің кінәсінен эмитенттелген облигациялардың номиналды құны қарызды жабу барысында толық төленбеген жағдайларда эмитент қандай шаралар қолдануға тиісті?
288. Қандай жағдайларда уәкілетті орган акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын шығаруды мемлекеттік тіркеуге алуға құқығы жоқ?
289. Қандай жағдайларда уәкілетті орган акционерлік қоғамды тарату немесе қайта құру мақсатына сотқа шағымдануға құқылы?
290. Ұйым - Қазақстан Республикасының резидентінің шетел мемлекетінің аумағында облигацияларды орналастыру жұмыстарын орындауға құқығы бар ма?
291. Ұйым - Қазақстан Республикасының резидентінің шетел мемлекетінің аумағында акционерлік қоғамның бастамасымен немесе қатысуымен немесе осы қоғамның акциялары болып табылатын базалық активтермен шығарылатын мемлекеттік өндірістік бағалы қағаздарды орналастыру жұмыстарын орындауға құқығы бар ма?
292. Ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті шетел мемлекетінің заңнамаларына сәйкес облигациялар шығаруға құқылы ма?
293. Қазақстан Республикасының заңнамаларында облигация шығарудың күшін жою мүмкіндіктері қарастырылған ба?
294. Қандай жағдайларда акционерлік қоғам қоғамның жарияланған акцияларының мөлшерін арттыру туралы шешімді қабылдай алады?
295. Үш жылдам астам уақыт жұмыс істеп отырған акционерлік қоғамның акцияларын шығару анықтамалық басылымының ажырамас бөлігі не (қандай құжаттар) болып табылады?
296. Не туралы (қандай) деректерде өзгерістер болған жағдайда акция шығару акцияларды шығару анықтамалық басылымына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті емес?
297. Қандай жағдайларда уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссионды бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы?
298. Бағалы қағаздар нарығында өзін өзі реттейтін ұйымды кім (қандай субъектілер) құрады?
299. Бағалы қағаздар нарығында өзін өзі реттейтін ұйым қандай формада құрылады?
300. Бағалы қағаздар нарығында өзін өзі реттейтін ұйымның негізгі жұмысына қандай жұмыстар жатады?
301. Бағалы қағаздар нарығында өзін өзі реттейтін ұйымның мақсатына кірмейтіндер?
302. Бағалы қағаздар нарығында өзін өзі реттейтін ұйымның негізгі жұмысына не жатады?
303. Бағалы қағаздар нарығында өзін өзі реттейтін ұйымның негізгі жұмысына қандай жұмыстар жатпайды?
304. Тіркеуші және орталық депозитарий, бағалы қағазды ұстаушылар реестрі жүйесінде және номиналды ұстаушылар есебі жүйесінде жұмысы тоқтатылған бағалы қағаздармен жасалған келісімді тіркеуді тоқтатуға міндетті ме?
305. Инсайдерлік ақпараттарға қандай ақпараттар жатады?
306. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны қандай ақпараттар құрайды?
307. Бағалы қағаздар нарығында өзін өзі реттейтін ұйымның мүшесі кімдер бола алады?
308. Қазақстан Республикасының аумағында номиналды ұстаушы, басқа номиналды ұстаушыға берілген номиналды ұстаулар бойынша, бағалы қағаздарға қатысты номиналды ұстау қызметін көрсетуде қандай қызметтерден басқасын көрсетуге құқығы жоқ?
309. Бағалы қағаздар нарығында өзін өзі реттейтін ұйым дегеніміз не?
310. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпия болып не табылады?
311. «Бағалы қағаздар нарығында қызметтік құпияда тұлғалардың шектелмеген ортасы үшін тең жағдайларда ортақ қол жетімді болып табылатын бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің жұмысы туралы деректер болады» деген пікір дұрыс па?
312. «Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы өзінің тұтынушыларына қызмет көрсету барысында бағалы қағаздар нарығында коммерциялық және қызметтік құпия болып табылатын деректерді пайдалану мүмкіндіктерінің алдын алатын шарттарды сақтау шараларымен қамтамасыз етуге міндетті» деген пікір дұрыс па?
313. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының міндеттеріне нелер жатады?
314. Бағалы қағаз ұстаушылар реестрі жүйесінде (номиналды ұстау есебі жүйесінде) тіркелген тұлға қанша күннің ішінде көрсетілген жүйеде өзі туралы мәліметтердің өзгергені туралы тіркеушіге (номиналды ұстаушыға) хабарлауға міндетті?
315. Міндетті нормативтер дегеніміз не?
316. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығы дегеніміз не?
317. Тұтынушылар шотын жүргізуге құқығы жоқ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік жұмыстарды орындауға лицензиясы бар ұйымдардың міндеттеріне не кіреді?
318. Қаржы құралдарымен келісімдер жасау барысында мүдделер дауы туындаған жағдайларда брокер және (немесе) дилер қандай шаралар қолдануға тиісті?
319. Тұтынушының бұйрығы бойынша бағалы қағаздармен келісім жасау барысында оның шарттарын өзгерту қажеттілігі туындаған жағдайларда брокер қандай шаралар қолдануға тиісті?
320. Эмиссионды бағалы қағаздарды шығаруды орналастырудың қай әдісін қолдану кезінде андеррайтер эмитенттің эмиссионды бағалы қағаздарын шығаруды орналастыра алмауына байланысты немесе толық орналастыра алмауына байланысты өзіне қандай тәуекелдерді алады?
321. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тарту мақсатында жасалған келісімдер деп қандай келісімдерді айтамыз?
322. Қор биржасының акциялары қандай ортаға орналастырылады?
323. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпия болып танылмайтындар?
324. Орталық депозитарийдің акциялары қандай ортаға орналастырылады?
325. Орталық депозитарийдің депоненттері болып не табылады?
326. Кастодиан міндеттемелеріне нелер жатады?
327. Андеррайтер ретінде брокер эмитентке қандай қызметтер көрсетуге тиісті?
328. Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттің міндетіне нелер кіреді?
329. Кастодиан міндетіне нелер кіреді?
330. Акцияның номиналды құны дегеніміз не?
331. Қандай акциялар акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының қатарына кірмейді?
332. Акционерлік қоғамның дауыс беруші акциялары дегеніміз не?
333. Акционерлік қоғам дегеніміз не?
334. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық формасында құрылған коммерциялық емес ұйымы бағалы қағаздардың қандай түрлерін шығаруға құқылы?
335. Акционерлік қоғамның жарғы капиталы қандай валютада көрсетіледі?
336.Акциялар қандай формада шығарылады?
337. Акционерлік қоғамның акционерінің құқығына нелер жатады?
338. Акционерлік қоғамның акциялары бойынша дивидент алуға құқығы бар акционерлерінің тізімі қандай мерзім ішінде немесе қай күнге дейін жасалуы керек?
339. «Акционерлік қоғамның корпоративтік басқару кодексі» дегеніміз не?
340. "Миноритарлық акционер" деген түсінікке анықтама беріңіз?
341. Көрсетілген критерийлердің қайсысына жариялық компаниялар сәйкес келуі тиіс?
342. Көрсетілген жағдайлардың қайсысында акционерлік қоғам өзінің жариялық компаниясы дәрежесін жоғалтады?
343. Акционерлік қоғам өз акционерлерінен акцияларын сатып алу кезінде акция құнын анықтау әдісін бекіту қалай орындалады?
344. Акцияларды жариялауға ниетті акционерлік қоғам қандай мерзім ішінде өз акционерлеріне оларды жеңілдетілген бағалармен сатып алу құқығы туралы ұсыныс беруге тиісті?
345. «Қолхат алу арқылы акционерлік қоғаммен орналастырылған акциялар акция сатып алатын барлық тұлғалар үшін бір бағада сатылуға тиісті, осы акцияларды орналастыру аясында, оның ішінде жеңілдетілген бағамен сатып алуға құқығы бар сатып алушы акционерлер де бір бағада сатылуға тиісті» деген пікір дұрыс па?
346. Алғашқы нарыққа акцияларды орналастыру кезінде акционерлік қоғамның акцияларды сату үшін қойған ең кіші бағасы қандай болуы мүмкін?
347. Қандай жағдайларда акционерлік қоғамдар акция ұстаушылар реестрі жүйесінде (номиналды ұстаушылар есебі жүйесінде) сатып алушының дербес шотында орналастырылған акцияларды аудару туралы бұйрықты бере алады?
348. Акционерлік қоғамның қарапайым акциялары бойынша тоқсандық немесе жартыжылдық қорытындысына қарай дивиденттер төлеуге болады ма?
349. Акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған «акционерлік қоғамның қарапайым акциялары бойынша жылдық қорытындысына байланысты дивиденттер төлеу туарлы» шешім қандай мерзім ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиісті?
350. Қандай жағдайларда, директорлар кеңесін құрмай-ақ, акционерлік қоғамның жарғысымен акционерлік қоғамды басқару мүмкіндіктері қарастырылуы мүмкін?
351. Қандай мерзім ішінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілуге тиіс?
352. Қандай мерзім ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар туралы материалдар акционерлерді таныстыру үшін дайын болуы тиіс?
353. Стратегиялық жоспарлау, ішкі аудит, әлеуметтік мәселелер бойынша директорлар кеңесінің комитеттерін құру қандай акционерлік қоғамдар үшін міндетті болып табылады?
354. Акционерлік қоғамның атқарушы органының басшысы басқа заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы қызметін орындауға құқығы бар ма?
355. Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып кім табылады?
356. Акционерлік қоғамнан жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып өзгерген ұйымның қатысушылары кімдер бола алады?
357. Бағалы қағаз нарығының субъектілері кімдер болып табылады?
358. Қаржы нарығын жіктеу (классификация) деген болады ма?
359. Қаржы нарығында қор биржасы кім болып табылады?
360. Қаржы нарығын реттеуге қандай әрекеттер жатпайды?
361. Қаржы нарығының жағдайын анықтайтын көрсеткіштерге нелер жатады?
362. Қаржы нарығына қатысушылардың қайсысы негізгі капиталды беруші болып табылады?
363. Қаржы нарығы қандай жұмыстар атқарады?
364. Бағалы қағаздар нарығына толық анықтама беріңіз.
365. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қайсысы мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті ретінде танылуға құқығы жоқ?
366. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру барысында эмитенттер мен инвесторлар арасындағы пайда болған қатынастар ненің объектісі болып табылады?


1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет