Жұмыс бағдарламасы 2013 жылдың жұмыс оқу жоспарының 5В050400 «Журналистика»



жүктеу 1.54 Mb.
бет1/9
Дата25.04.2016
өлшемі1.54 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



Жұмыс оқыту бағдарламасының

(Syllabus) титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/17



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы

«Аналитикалық журналистика» пәні бойынша


5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған

ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар



Жұмыс оқыту бағдарламасының

(Syllabus) титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/17







БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

_________Сарбалаев Ж.Т.

«___»__________201 __ж.


Құрастырушы: т.ғ.к, доцент Мананбаев Ж.И.
Журналистика кафедрасы
«Аналитикалық журналистика» пәні бойынша
5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)
Жұмыс бағдарламасы 2013 жылдың жұмыс оқу жоспарының 5В050400 «Журналистика» мамандығының элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
Кафедра отырысында талқыланды «___»____________201__ж.

№ _____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________ Алдабергенов Қ.М.

«____» ________201__ж. № _____ Хаттама

Гуманитарлық - педагогикалық факультетінің оқу – әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___»______________201__ж. №___ Хаттама.

Факультеттің ОӘК төрайымы________________ Ксембаева С.К.

«____» ________201__ж.

ОӘК төрайымы ____________ Жұманқұлова Е.Н. «___» ________201__ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___»____________201__ж. № _____ Хаттама
1. Пәннің төлқұжаты.
Пәннің атауы «Аналитикалық журналистика»

Мамандық: 5В050400 «Журналистика», 3 курс

Компонент по выбору

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3

Курс: 3

Семестр: 6



Барлық аудиториялық сағат саны – 52,5 сағ.

Дәріс -15 сағ.

Тәжірибелік/семинар сабақ -15сағ.

CӨЖ- 82,5 сағ.

cоның ішінде ОCӨЖ- 22,5 сағ.

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағ.


Бақылау түрі

Емтихан – 6 семестр


Пререквизиттер

Журналистикаға кіріспе

Журналистік шеберлік
Постреквизиттер

Телерадиожурналистика

Қазақ журналистикасының тарихы
2. Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары:

Мананбаев Жеңіс Исаұлы - тарих ғылымдарының кандидаты, журналистика кафедрасының доценті. Кафедра №262 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 673638. Қабылдау күндері: сейсенбі, сәрсенбі 11.00-12.00


3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты:
Пәнді оқыту аналитикалық жанрлар табиғатын, оның бұқаралық ақпарат мәселелерінің анализі әдістерімен қарым-қатынасын түсіну, журналистиканың қоғамдық пікірді қалыптастырудағы маңызын ұғынуға көмектеседі, журналистика теориясы мен гнесиологиясы бойынша білімдерді жетулдіру үшін негіз бере алады.

Пәнді оқытудың басты мақсаты

  • студенттерді аналитикалық жанрлардың пайда болу және қалыптасу тарихымен таныстыру;

  • журналистиканы философия, логика, психология, тарихтың теориялық мәселелерімен қызмет ету саласында қарастыру;

  • студенттерді олар аналитикалық журналистика арқылы бұқаралық аудиторияға арналған оқиғалар сипаты мен мәнін терең түсінуге оқыту.

Пәннің міндеттері:

  • студенттің интелектуалды деңгейін арттыруға кірістіру;

  • журналистика саласында жаңа мағлұматтар алу;

  • аналитикалық журналистиканың даму және қалыптасу кезеңдерін ажырата білу.

4. Пәнді оқу қорытындысында студенттер мыналарды білуі керек:

  • журналистиканың аналитикалық жанрларының даму және трансформация ерекшеліктерін;

  • ақпарат көздері анализінің спецификасын;

  • жанр жасаушы факторларды;

  • журналистиканы аналитикалық зерттеу әдістері.

Пәнді оқу қорытындысында студенттер мынаны істей алуы керек:

  • материалдарды дайындау кезінде алған теориялық білімдерін тәжірбиеде қолдана білуі тиіс;

  • ғылыми ізденіс пен зерттеулер арқылы пәнді оқу барысында алған шығармашылық потенциалдарын жетілдірулері тиіс.

5. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары





Тақырыптың аталымы

Сағат саны




Дәріс

Тәж.

ОСӨЖ

СӨЖ




1

Журналистика жайында ғылыми пікірлер

1

-

-

-




2

Бұқаралық ақпарат және коммуникация мәселелері анализі парадигмалары

2

-

-

-




3

Ақпарат көздері анализі, аналитикалық қызмет

2

-

-

4




4

Журналистикадағы жанр жасаушы факторлар

2

-

-

4




5

Аналитикалық жанрлар сипаттамасы

6

-

-

-




6

Аналитикалық жанрларды оқу әдісі арқылы журналистік тәжірбиені зерттеу

2

-

-

4




7

Аналитикалық журналистика, аналитикалық текст

-

1

2

4




8

Комментарий, бағалау, позиция, болжам қазіргі баспасөз жаңалықтары ретінде

-

-

2

-




9

Шұғыл комментарий беру


-

2

-

-




10

Комментарий – жанрдың түрі

-

2

-

-




11

Комментарий және репликамен жұмыс істеу

-

2

-

-




12

Авторлық ұстаным және авторлық аргумент

-

2

-

6




13

Журналистік зерттеу

-

2

-

-




14

Комментатор бағамы

-

2

-

-




15

Қойылымды мақала

-

-

2,5

6




16

Полемикалық дискуссиялық мақала

-

-

3

6




17

Ғылыми-танымдық мақала


-

-

3

6




18

Шолу

-

-

3

6




19

Саяси портрет

-

-

3

6




20

Журналистикадағы болжаулардың шегі мен мүмкіндіктері

-

-

2,5

6




21

Публицистикалық болжаулау

-

-

3,5

6




22

Қазіргі аналитикалық журналистиканың негізгі тақырыптары

-

-

-

9




23

Қазақстандағы аналитикалық жанрлардың дамуы

-

-

-

8




24

Қоғамның саяси жүйесіндегі аналитикалық журналистика

-

-

-

9







Барлығы

15

15

22,5

90





6. Дәріс сабақтарының мазмұны.

Дәріс №1 Журналистика жайында ғылыми пікірлер

Жоспар:

1.Журналистиканың қоғаммен байланысы.

2.Журналистиканың ғылымда алатын орны.

3.Журналистиканың теориялық және практикалық мәні.



Лекция мақсаты: Журналистиканың ішкі құрылымы мәселелері бойынша базалық білім беру.

Лекция мәтіні. 1. Журналистика жайында ғылыми пікірлер

Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Ал сіз журналист деген кім және оның алғашқы ұшқындарының қалай пайда болғандығын білесіз бе? 



Журналист мамандығы қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхатпен, ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен де бірінші хабардар болуы керек. Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген сөз. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезінуге болады. Журналистиканың нақты анықтамасы жоқ. Әркім оған өзінше анықтама беруге тырысады.

2. Бүгінгі қазақ журналис­тикасының жеткен жетістігі, бағындырған белесі зор деп айтуға болады. Өйткені жиырма жылдың ішінде телевизия, радио, баспасөз, интернет-жур­налистика саласы біраз белесті бағындырды. Жиырма жылдың ішінде журналистерге еркіндік берілді. Ұлт мәселесі, мемлекет мәселесінде журналистер ар­қаны кеңге салып ойын қағазға түсіріп, радио-теле бағдарла­малар арқылы бүкпесіз жеткізе білді. Былайша айтқанда, қазақ журналистері әртүрлі жанрларда бағын сынап, әр қилы мате­риалдар мен бағдарламаларды дүниеге әкелді. Әсіресе, жас тележурналистердің есімін ел біле бастады. Сондай-ақ жур­налистика тарихында интернет-журналистикасы сияқты жаңа жанр, жаңа формат, комму­ни­кативтік құралдар көпшілікке жол тартты. Осы тұрғыдан алған кезде жиырма жылда технология, коммуникация, ауқым, масштаб тұрғысынан алғанда үлкен жетістіктерге жеттік деп айтуға болады. Қазақ журналистика­сының, қазақтілді ақпарат құ­рал­дарының бірден-бір жеткен жетістігі - жиырма жылда ұлт, діл, дін мәселесін өзгетілді журналистикамен салыстырған­да, жоғары деңгейде көтере білдік. Ұлттық мүдде, ұлттық идеология мәселесі әрбір газет-журналдың, радио-телеви­де­ниенің күн тәртібінен түскен емес. Бұл - қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына, ХХІ ғасырдағы ұлттық құндылықтың қалыптасуына ықпал еткен бірден-бір фактор болды. Ме­ніңше, Қазақстандағы ақпарат құралдары жиырма жылдың ішінде ұлттық мәселені жет­кізудегі негізгі бағыттаушысына айналған сияқты. Ал кемшілігіне келер болсақ, әлі де болса қа­зақтілді ақпарат құралдарының көп жағдайда заман талабына, нарықтың талаптарына икемделе алмай келе жатқанын мойын­дауымыз керек. Кез келген ақ­парат құралдарының өтімді болуы, жарнама арқылы тартым­ды болуы, оның пиар-қолдауы мәселесінде азды-кем кемші­лік­тер бар. Бұл - бір. Екіншіден, біз­дің елімізде маңызды мәсе­лелерге тоқталған кезде қазақ­тілді журналистердің пікірі бір жақтан шығады да, өзгетілді ақпарат құралдары өкілдерінің пікірі жан-жаққа тарап кетеді. Меніңше, мемлекеттік, ұлттық мәселеге қатысты дүниелерге келген кезде, ой бір жақтан шы­ғып, ұстанымымыз бірдей болу керек. Шетелдік журналистикаға зер салсақ, мемлекеттік, ұлттық мәселелерде шетел журналис­терінің ойлары бір жерге жұ­мылдырылып, бір арнаға тоғысады. Бізге де осыны үйрену керек. Әлі де бол­са ХХІ ғасырдың талаптарына, иіріміне ілесе ал­май жатқан ақпарат құралдары баршылық, өкінішке қарай.

3. Бүгінгі заманда жылдам әрі ой жүйріктігі сияқты қасиеттер жа­ғынан әлемдік журналисти­каға ілесе алдық деу қиын еке­­нін мойындауымыз керек. Бірақ бүгінгі қазақ журна­листи­ка­сының бір қуантарлығы, жас буынның көптеп келуінде. Бұ­қаралық ақпарат құралда­рының қай саласында болсын жастар басым. Ал жас буын жаңа заман­ның құндылықтарына жақын болатынын ескерсек, жоғарыда аталған кемшіліктер жойыла­тынына кәміл сенеміз. 
- Бізде «Қазақстан», «Хабар» сияқты өзіндік тарихы қалып­тасқан телеарналар бар. Бірақ бұдан бөлек жекеменшік телеар­на да жетерлік. Өкінішке қарай, бірқатар телеарналардың техни­камен жабдықталуы, хабар та­ратуы бүгінгі заманның талап­тарына сай деп айта алмаймыз. Мұның қаржының жетіспеу­шілігі, техникалық базаның әлсіздігі сияқты бірнеше себебі бар. Екіншіден, көп телеарналар әсіресе, жеке телеарналар тек қана жаңалықтар жасаумен ай­налысып, бағдарламалар дайын­дауды, фильм, телехикая дайын­дауды ұмыт қалдырады. Бірақ бү­гінгі телевидениенің жан-жақты ақпарат құралы екендігі, оның әртарапты ақпарат тарату керектігі әрі көңіл-көтеруші функциясы бар екендігін ұмыт­пауымыз керек. Осы тұрғыдан алғанда, біраз телеарналар осы көшке ілесе алмай отыр. Ме­ніңше, публицистикалық-сараптамалық бағдарламалар, қоғамдық ток-шоулар, елімізде болып жатқан өзекті дүниелерді тереңірек талдап, таразылап, жан-жақты ұстаныммен жеткізу бізде жетіспейді. Өкінішке қарай, көп арналар шоу-бизнес­ке, гламурға, сенсацияға негіз­делген ақпараттарға жақын бо­лып барады. Көрерменге қызық, рейтинг берер дүние көп болуы керек. Телевизия қанша жерден көңіл көтеруші құрал болғанмен де, оның патриоттық тәрбие беру, қоғамды тәрбие­леуші функциясын да ұмытпау керек. 
- Әріптестеріме айтар тіле­гім, журналистикасыз бүгінгі қазақ қоғамын елестету мүмкін емес болды. Бұл бізге жауап­кершілік артады. Ендеше, қо­лына қалам, микрофон ұстаған әрбір журналист елдің, ұлттың ал­дындағы міндетін ұмыптаса екен. Жауапкершілік арқылы өз салмағымызды, беделімізді арттыра аламыз. Журналистика - қызығы мен қиындығы қатар жүретін сала. Ең бастысы, жур­налистер өзі қаузаған тақырыпқа деген қызығушылығынан айы­рылмасын. Әр журналиске шығармашылық һәм мате­риалдық табыс тілей­мін. Бұл екеуі қатар жүрмесе, шығар­машылық өрлеу бол­майды. Баспанасы жоқ әрбір әріптесіміз келер жылы осы ме­рекеге дейін баспаналы болсын деп ті­леймін.

- Қазақ журналистикасы­ның артықшылығы - ұлтты сүйе біле­тіндігінде. Ұлттық мәселеде қазақ журналистері шенеуніктер корпусының оппоненті. Ау­дандық газеттен республикалық телеарналарға дейінгі жур­на­листер қауымы қазақтың тіл, діл, мемлекет мәселелерінде жанын салады. Басты кем­шілігіміз - қорқақтығымыз. Облыстағы тілшілер әкімге, Ас­танадағы тілшілер министрлерге жалтақтайды. Кәсіби тұрғыдағы кемшілігіміз - Батыс журналис­тикасы осыдан 30-40 жыл бұрын өтіп кеткен мектептерді әлі меңгере алмай жүрміз.

- Бүгінгі қазақ телевизия­сына қоғамдық мәселелерді ашық талқылауға салатын бағдарламалар жетіспейді. Оны қазақ журналистері жасар-ақ еді, билік жасатпай отыр. Бүгінгі қазақ телевизиясына әуезді тіл, көркем бейне жетіспейді. Теле­визияға киноның, драманың, сурет өнерінің жетістіктерін ба­тыл кіргізетін кәсіби жур­на­листер жетіспейді. Бүгінгі қазақ телевизиясына Қасым Аман­жол­ұлы мен Дархан Әбдік жетіс­пейді. 
- Журналистикадағы ұста­зым Жұмабай Шаштайұлы ал­ғашқы мақалаларымызды жазып жүргенде, «Ән айтсаң да, жаның­ды жеп айтасың», мақаланы жан­дарыңды салып отырып жа­зыңдар» деп жиі айтатын. Әріп­тестерімізге айтар тілегіміз де сол - не жазсаңыз да, жаныңыз ауырып, нағыз шығармашы­лыққа тән дүние жазыңыздар. 

Қос бірдей журналистің пікірінен ұққанымыз, бүгінгі қазақ журналисі өз ұлтының шынайы жанашыры. Әрбір оқырманның, көрерменнің, тыңдарманның жүрегіне сал­мақты ой, қанатты сөзімен жол салған журналистер қауымының мерекесі құтты болсын. Қала­мымыз қарымды, ойымыз орам­ды, сөзіміз жүйрік болғай... Қазақ журналистикасы заман талабынан, әлем дамуынан қалмай, тек қана алға жыл­жысын.

Бақылау сұрақтары

1.Журналистиканың қоғаммен байланысы.

2.Журналистиканың ғылымда алатын орны.

3.Журналистиканың теориялық және практикалық мәні.



Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №2 Бұқаралық ақпарат және коммуникация мәселелері анализі парадигмалары

Жоспар:

1.БАҚ әлеуметтік қажеттілік

2.Қоғамдық сана.

3. БАҚ-тың интеракциясы.



Лекция мақсаты: Қазақстандағы ақпарат нарығының қазiргi жай-күйiне талдау жасау.

Лекция мәтіні. 1. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік қажеттіліктердің қатарынан бастау алады. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамдық пікірді туғызады, қоғамның бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Кім ақпараттқа ие болса, сол кезкелген мәселенің шешімін табады. Ақпараттық кеңiстiкте Интернет ролiнiң өсуiмен адамның және қоғамның құқықтары мен бостандықтарын зорлық жасау мен қатыгездiктi насихаттайтын ақпараттан, оларға өтiрiк және жалған ақпаратты таңудан, болашақ ұрпақтың мақсатты бағытталған терiс дүниетанымын қалыптастырудан қорғау қажеттiлiгi туындайды. Ақпарат елдің тұрмысына, көңіл-күйіне, мінез-құлқына әсер етеді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық санаға әсерін, қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі, Қазақстандағы ақпарат нарығының қазiргi жай-күйiне талдау жасау өте маңызды мәселелер қатарына жатады. 

БАҚ туралы заңда бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны делінген. 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет