Жұмыс бағдарламасы «Анатомия спорттық морфология негіздерімен»



жүктеу 0.82 Mb.
бет1/4
Дата18.04.2016
өлшемі0.82 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.68/01-2013




ПОӘК

Оқытушыларға арналған пәндердің оқу жұмыс бағдарламасы «Анатомия спорттық морфология негіздерімен»


«__»_______2013 ж.

№3 басылым

ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Анатомия спорттық морфология негіздерімен»

Биология 5В011300 мамандығы

1-ші курс студенттеріне арналған

ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ



Семей 2013ж

Мазмұны.


  1. Дисциплина бойынша глоссарий …………………………………….

  2. Дәрістің қысқашы мазмұны ………………………………………….

  3. Практикалық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар ………………………………………………………………

  4. СӨЖМ әдістемелік нұсқаулар ……………………………………….

  5. СӨЖ әдістемелік нұсқаулар ………………………………………….


І – бөлім.
Дисциплина бойынша глоссарий.
Адаптация (лат. adaptatio - бейімделу) – организмдердің сыртқы қоршаған орта жағдайларына бейімделуі. Адаптация толық организмге және оның жеке мүшелеріне және физиологиялық жүйесіне де тән.

Акселерация – бала организмінің морфологиялық дамуының немесе оның физиологиялық және функциональдық жүйесінің дамуының жеделдеуі.

Баланың белсенділігі – физиологияда баланың қабілетінің қысқа мерзімде оның организмінің тіршілігі үшін маңызды қозғалыс нәтижесіне жетеді.

Балалар мен жасөспірімдердің организмдерінің анатомо – физиологиялық ерекшеліктері – балалар мен жасөспірімдер организмдерінің құрлысы (анатомиялық) мен тіршілігі (физиологиялық) ерекшеліктері.

Баланың дамуының антропометриялық көрсеткіштері – сомаметриялық белгілер (тұрғандағы және отырғандағы дененің ұзындығы, салмағы, кеуде бөлімінің көлемі), физиометриялық (өкпенің тіршілік сиымдылығы, қолдың бұлшықеттік күші) және соматоскопиялық (омытрқа пішіні, кеуде қуысының пішіні, бұлшықеттің дамуы және жыныстық жетілу).

Биоритмдер – тірі табиғаттағы процесстердің периоды. Тірі организмдегі физиологиялық процесстердің ритмдерін тәуліктік, апталық (адамда ғана), айлық, маусымдық, жылдық және көпжылдық деп бөледі.

Вегетативті жүйке жүйесі – адам организміндегі ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі. Вегетативті жүйке жүйесін симпатикалықжәне парасимпатикалық бөлімдеріне жіктейді. Әдетте бұларға антагоникалық қарым – қатынас тән: симпатикалық бөлім жүректің жұмысын күшейтеді және жиілетеді, парасимпатикалық - әлсіздерді және баяулатады.

Зейін – бас миының әрекетіне негізделген және бағытталған психикалық процесс. Ырықсыз зейін бас миының қыртыс асты бөлімдерінің әрекетінен болады, ырықты зейін үлкен жарты шарлардың қыртысының әрекетімен байланысты.

Қабылдау – заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері (пішіні, көлемі, түсі, т.б.) және бөлшектері жиынтығымен қосылып, сезім мүшелеріне тікелей жер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленеді.

Екініші ретті жыныстық белгілер – еркекпен әйелдің денесінің құрлысының морфологиялық ерекшеліктері, шаш жабыны мен дауыстың ерекшеліктері, әйелдердегі сүт безінің дамуы, қарсы жынысқа жыныстық әуестену, психикасы мен мінез – құлықының ерекшеліктері.

Дамудың гормондылығы – қоршаған орта талабына балалар мен жасөспірімдердің организмдерінің функциональдық сәйкес келуі.

Гемофилия - қан жүйесінің тұқым қуалаушылық ауруы, нәтижесінде қан ұю қабілетін жоғалтады. Мұндай науқастың қанын тоқтату қиын және кішкентай жарақаттың өзі қанның толық жоғалуына немесе өліміне әкелуі мүмкін.

Генерализация (лат. generalis – жалпы) - шартты сигналды қолдану арқылы шақырылған бас ми қыртысындағы кең таралған қозу процессі. Генерализация - қозудың иррадиация процесіне жақын құбылыс және әрқашан өзінен кейін шартты рефлекстің бірінші сатысының қалыптасуына әкеледі.

Даму гетерохрондылығы – бала организмінің физиологиялық жүйесінің және органдарының дамуы мен өсуінің әр түрлі мерзімде болуы.

Балалар және жасөппірімдер гигиенасы – балалар мен жасөспірімдердің денсаулықтарын сақтау және қорғау жолдары туралы ғылым, сонымен қатар осы мақсатта жүзеге асатын практикалық әдістердің жиынтығы. Балалардың жасының ерекшеліктеріне байланысты мектепке дейінгі және мектеп гигиенасы деп бөледі.

Гормондық препараттар - құрамында гормондары бар дәрілік препараттар.

Қимыл анализаторы (кинестетикалық анализаторлар) - бұлшықеттің іс әрекетінің координациясын қамтамасыз ететін жүйке жүйесінің шеткі және орталық бөлімдерінің жиынтығы.

Диагностика (грек диагностика – тануға қабілетті) - әртүрлі аурулардың әдістері мен тәсілдерін тану.

Динамикалық стереотип - белгілі тітіркендіргіштерді бір қалыппен ұзақ уақыт бойы қайталап отырса, ми қабығында қозу мен тежелудің тұрақты, бір ізге түскен жүйелердің қалыптасуы. Динамикалық стереотип негізіне балалар мен жасөспірімдерде оқу мен еңбекке баулу, әртүрлі әдеттер мен мінез – құлық нормаларының қалыптасуы жатады. Стериотипттің түзілуі мен сақталу ұзақтығы балалардың жүйке жүйесінің индивидтік ерекшеліктерімен анықталады, сондықтан динамикалық стереотиптің балалар мен жасөспірімдерді тану физиологиялық көрсеткіштерінің бірі.

Дифференциация (лат. diffenrtia – айырмашылық) - нейрофизиологияда ұқсас шартты тітіркендіргіштердің айырмашылығы және олардағы шартты рефлекстердің түзілуі. Дифференциация - шартты рефлекстердің генерализациясына қарсы процесс. Дифференциация бас миы қыртысындағы тежелу концентрациясы процессімен байланысты. Баланы оқыту және тәрбиелеу процесінде сапасы жағынан жақын шартты тітіркендіргіштерді жиі кездеседі.

Балаларды оқытуға дифференциалды ыңғай – балалар мен жасөспірімдердің индивидуальды физиологиялық және психикалық ерекшеліктерінің оқу – тәрбие процесіндегі ұйым.

Индивидуалдық – тек оған ғана қатысты қасиеттерге ие жаратылыс.

Инстинкт – күрделі шартсыз-рефлекторлық іс - әрекет. Инстинктің биологиялық табиғаты толық зерттелмеген. Инстинкттер – қарапайым тума рефлекстердің күрделі байланысқан тізбегі.

Интеллект (лат. – ақыл, сана, ой) – адамның ойлау қабілеті.

Кифоз – омыртқаның артқа қарай дөңестеніп қисаюы. Баланың даму процесінде төрт түрлі омыртқаның физиологиялық иілуі қалыптасады: 1,5 ай шамасында – мойын бөлігінде лордоз; 6 айлығында - кеуде және бел кифозы, 1 жасында - бел лордозы. Кеуде кифозы мен мойын лордозының қалыптасуы 7 жаста аяқталады, ал бел лордозы мен кифозы жасөспірімдік жаста ақталады. Омыртқаның қалыпты физиологиялық иілуі тереңдігі бастауыш сыныпта шамамен 3-4 см, ал жоғарғы мектеп жасында 4 – 5,5 см өзгереді. Осы көрсеткіштің өзгеруі баланың бұзылуына әкеледі.

Лимбикалық жүйе – физиологияда эмоция мен инстинктті реакцияларды және вегетативті функцияларды реттеуге қатысатын бас миының бөлімдерінің жиынтығы.

Лордоз – омыртқаның алдыға қарай дөңестеніп иілуі.

Морфология (грек морфе – пішін, логос – оқу) - өсімдіктер мен жануарлар организмдернің мүшелернің және ткандерінің қалыптасуы, олардың құрылысының ерекшеліктерінің заңдылықтары туралы биология ғылымы. Анатомия морфология бөлімдернің бірі.

Невроздар – жоғарғы жүйке әрекетінің функциональдық бұзылуы, яғни морфологиялық өзгеріссіз мидың әрекетінің тек физиологиялық процестернің шартты бұзылуы.

Балалар мен жасөспірімдердің невротикалық реакциялары – психикалық жеңіл бұзылуы. Сипаты: психомоторлық бұзылу (қимылдық алаңдаушылық), вегетативті (психогендік жүрек айну, құсу, астан бас тарту, кіші және үлкен дәрет тоқтамау, бас айналу, жүрек соғысының бұзылуы және т.б.) және қорқыныш құбылысы. Невротикалық реакциялар психикалық аурулардың дамыған симптомдары болып табылады.

Оқу – тәрбие жұмысының оптимизациясы – балалардың индивидуальды психикалық және биологиялық қасиеттері міндетті түрде ескерілген педагогикалық жұмыстың ұйымы және мұның негізінде балалардың физикалық және психикалық мүмкіндіктерінің дамуына оптималды жағдайлар жасалған.

Балалар мен жасөспірімдердің омыртқа жотасы – тәрбие мен өмірдің жағдайларының әсерінен иеленген балалар тұлғасының отырғандығы, тұрғандығы, жүгіргендегі қалыпты жағдайы. Омыртқа жотасының қисаюы балалардың оқу және тәрбие кезінде гигиеналық нормаларды қадағалағаннан және кейбір аурулардың нәтижесінде болады. Дұрыс омыртқа жотасында бас пен кеуде тік ұсталады, иық біраз артқа қарай тартылады, ішкі біршама тартылады. Қалыпты омыртқа жотасын сақтау үшін мектепте және үйде дұрыс режим қалыптастыруға үйрету қажет.

Түйсік – анализаторларда іс - әрекет құбылыстары мен заттардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі. Көру, есту, дәм, сипат-сезу, иіскеу түйсіктерін ажыратады. Ішкі мүшелер мен бұлшықеттерде орналасқан рецепторлар ашығуды, ыстықты, тоқтық түйсіктерін қамтамасыз етеді, қимылмен байланысты түйсіктер кеңістікте орналасады.

Ес - өткен өмірде болған процестерді сақтау. Естің негізінде бас ми қыртысындағы уақытша байланыстардың түзілуі жатады. Клетка деңгейінде ес нейрон тізбектерінің әрекетімен, жүйке клеткаларындағы клеткалық процестердің өзгеруімен және ДНҚ молекуласынан (естің нейрондық және биохимиялық теория) алынған информацияның фиксациясымен байланысты.

Патология (грек патос – қайғыру, қиналу, логос – сөз) - ауру (патологиялық) жағдайларын зерттейтін медициналық ғылым және адам организіміндегі процесстерді зерттейді.

Реактивтілік – органимнің іс-әрекетке адекватты қимылымен жауап қайтаруы.

Резистенттік дала организімінде – организімнің сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төтеп беруі.

Дамудың ретардациясы – баланың бір, бірнеше немесе барлық функционалды немесе физиологиялық жүйесінің дамуынан тежелуі.

Рефлекс - орталық жүйке жүйесімен бақыланып отыратын, ағзаның тітіркендіргішіне жауап реакциясы. Шартсыз (тумасынан) және шартты (жүое пайда болған) рефлекс түрлерін ажыратуға болады. Шартсыз рефлекстің жұмыс атқаруына бас миының қыртыста маңызды орын алады, ал шартты рефлекстің жұмысын ми қыртысы атқарады. Адамның психикалық негізінің физиологиясын рефлекс атқарады, сонымен қатар мынандай психикалық іс - әрекеттердің физиологиялық негізін құрайды, қарапайым элементарлы базаның қалыптасуы, білімнің оқыту мен тәрбиелеу барысындағы балалар мен жасөспірімдердің қабылдауы.

Сөз, әңгіме – қоғамда қалыптасқан сөз арқылы адамдардың әңгімелесу процесі. Сөз фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйені құрайды.

Балалар мен жасөспірімдердің өсуі – биологияда ұзындықтың, көлемнің, дене масасының кеңеюі, клетка санының кеңеюімен және оны құрап тұрған органикалық молекулалардың кеңеюімен байланысты, яғни ағзадағы сандық өзгеріс.

Ағзаның өздігінен реттелуі – ағзаның тіршілік етуіне маңызды роль атқаратын мүшелер мен физиологиялық жүйесін организмнің өзі қалыпта ұстап тұру қабілеті.

Сенсорлық ақпарат - сипап-сезу органдарымен алынған физиологиялық ақпарат.

Мидың сұр және ақ заты - бас миы мен омыртқа миын ортасынан кесіп қарасақ, жүйке жасушаларының сұр бөлігін, ал оның өскіні ақ екенің көреміз.

Синапс – жүйке немесе жүйке жасушасының және бұлшықет жасушаларының байланысқан орны. Синапс пресинаптикалық мембрана, синаптикалық қуыс пен постсинаптикалық мембранадан тұрады.

Сигнал жүйесі - И. П. Павлов зерттеген. Бірінші сигналды жүйе – нақты сигналдар жүйесі, жануарларға да адамдарға қатысты. Екінші сигналды жүйе – сөз жүйесі, қоршаған ортаның нақты сигналдарына негізделген. Бұл жүйе тек адамға қатысты және ойлау негізінде жатыр. Жалпы бұл екі жүйе тығыз қарым-қатынаста болады. Сиганл жүйесін оқыту, балалар тәрбиесі мен кей методикалық оқыту әдістемесіне негіз болып отыр.

Синтез (гректің синтез – қосылу, құрау) – қоршаған ортаның жеке шындығын бір жүйеге біріктіру және физиологияда мидың байланыстыру қабілеті. Синтез анализдің тітіркенуімен тығыз байланысты. Мидың аналитикалық-синтезінің негізі аджамның ойлау процесінде жатыр.

Сколиоз – жеке бас гигиенасы мен оқу гигиенасын бұзу нәтижесінде омыртқа жотасының бір жаққа қарай майысып кетуі. Сколиоз дың екі формасын ажыратамыз: кеуделік және белдік. Бұл ауруда үлкен маңызды нәрсе рахит пен жалпы бұлшықет әлсіздігі.

Организмнің стресстік реакциясы (стресс) – ағзаның үлкен неравті және физикалық қысымына жауап реакциясы. Көптеген нервтің стресстік жауап реакциясы физикалық және нервтік шаршауға және әртүрлі мысалы жүрек-бұлшықет ауруларына әкеп соғады.

Темперамент (лат. temperamentum – жеке бөліктердің араласуы) – адамның жеке психикалық ерекшелігі және жүйке жүйке жүйесімен қалыптасқан ерекшелігі, ағзаның қоршаған ортамен қарым-қатынасын анықтайтын ерекшелік. Темпераменттің физиологиялық негізін жоғарғы нерв жүйесі құрайды. Дифферентті оқыту мен балалар мен жасөспірімдер тәрбиеелеуде темпераменттің психофизиологиялық негізін білу қажет.

Тромбоз – қан тамырларынад тромбының пайда болғаны патологиялық процесс. Қан құрамының элементтері мен қан плазмасының түйіліп қалатын қан үйіндісі тромб деп аталады.

Абыржу – физикалық және ақыл – ой қабілетінің уақытша төмендеуі. Балалардың абыржу назардың төмендеуі мен алаңғасарлықпен көрінеді.

Фермент - биологиялық катализатор, өсімдіктер мен жануаралар ағзасындағы химиялық өзгерісті тездетеді.

Балаланың физикалық дамуы – жасуша, ұлпа, мүшелер мен бүкіл ағзаның толығымен жетілуі биологиялық процесс, яғни оладың өзара байланысты мен барлық жасуша мен органдардың функциясының күрделенуі.

Фонация - дыбыстың өзгеріске ұшырауы, әртүрлі дыбыс аппараттарының көмегімен: танау, жұтқыншақ, ауыз, трахея, бронх, өкпе, кеуде клеткалары, диафрагма.

Функциональды жүйелер – баланың белгілі нәтижеге жетуге бағытталған, ағзаның әртүрлі жүйесінің уақытша бірігуі. Мұнда анатомиялық мүшелердің бірігуі емес, ағзаның функциясына қажет іс-әрекеттің орындалуы.
ІІ – бөлім.
Лекцияның қысқаша конспектісі.
Лекция № 1.

Тақырып: Анатомияға кіріспе.

Мақсаты: адам анатомиясы бойынша негізгілермен таныстыру, адам ағзасы туралы білім беру.

Негізгі сұрақтар:

Адам анатомиясы ғылымы ағзаның сыртқы және ішкі құрылысын зерттейді.

Анатомияның басқа ғылымдармен байланысы.

Зерттеу әдістері.

Адам дененсінің осі мен ауданы, асимметриялық құрылысы.

Мүшелер, ағза жүйесі мен аппараттары.

Жасушалар мен ұлпалар.
Адам анатомиясы - адам денесінің құрылысы мен формасын зерттейтін, олардың дамуы мен функциясын зерттейтін ғылым, Жануар эволюциясының даму процесі барысындағы адамның тарихи қалыптасуы, салыстырмалы-анатомиялық әдісті пайдалана отырып зерттеу.

Анатомиямен басқа морфологиялық ғылымдар байланысты:



  • Цитология;

  • Гистология – ұлпа туралы ғылым;

  • Эмбриология, жыныс жасушаларының қалыптасу процесін, ұрықтану, іштегі организмнің дамуын зерттейді.

Адам анатомиясы келесі дисциплинаны қосады:

  • Қалыпты анатомия, адамның мүшелері мен құрылысын зерттейді;

  • Патологиялық анатомия – ауру адамның морфологиясын зерттейді;

  • Топографиялық анатомия – адам ағзасының кез келген мүшесінің орналасуы туралы ғылым;

  • Динамикалық анатомия – адамның дұрыс физикалық дамуына маңызды, функциональды жағынан қозғалыс аппаратын қарастыру.

Адам () хордалылар типіне () жатады, омыртқалылар тип астына() жатады, сүтқоректілер класына () жатады, жоғарғы сатыдағы маймылдармен бірге () приматтар отрядына жатады.

Адам денесі қосжақтаулы симметрия бойынша құрылған – екі симметриялы жартыларға бөлінген. Негізгі терминдер - адам ағзасын қарастыруда қолданылады.



  • Адам ағзасын вертикальды бағытта екі симметрияға бөлетін орталық – орталық деп аталды.

  • Орталыққа параллель орналасқан – сагнитальды.

  • Орталыққа перпендикулярлы - фронтальды.

  • Фронтальды кеңістік пен перпендикулярлы орталықтың горизонтальды кеңітігі.

  • «Медиальды» термині орталыққа жақын дене бөлігін айтады.

  • «латеральды» – одан алыс.

Ұлпа дегеніміз – клеткалар және клетка аралық заттардың тегі бір, құрылысы мен функциясы бір. Адам организімінде 4 негізгі ұлпаларды ажыратуға болады: эпителий, бұлшықет, жүйке, біріктіруші. Эпителий ұлпасы дене жабынын құрайды, іші орта жабынын құрайды.

Байланыстырушы ұлпа мысалы тері және шеміршек ағза жабынын қамтамасыз етеді. Біріктіруші ұлпалардың басқа түрлері, мүшелерді қаптай отырып, оларды байланыстырады.



Лимфа және қан – біріктіруші ұлпа түрлері, ағзаның сұйық ортасын құрайды.

Бұлшықет ұлпасы – сүйек бұлшықеттерінің ұлпасы және басқа да мүшелердің ұлпасы. Бұлшықет ұлпасымен қимыл, іс-әрекет функциясы байланысты. Жүйке ұлпасы бас және арқа миының массасын құрайды.

Ұлпалардан мүшелер пайда болады. Мүшелер – ағза бөлігі, мүшелер белгілі формаға ие, белгілі құрлысы мен орна бар, белгілі бір немесе бірнеше функцияны атқарады. Қол, жүрек, бүйрек, бауыр – бұл барлық ағзалардағы мүшелер. Мүшелердің жартысы дене ішінде орналасқан, сондықтан оларды ішкі мүшелер деп аталады. Бір мүшелер басқа мүшелерді қорғайды, басқалары қозғалысты қамтамасыз етеді, біреуі асқортыуға қатысады, басқасы организмге қоректік заттар мен оттегін тасиды. Әр мүше бірнеше ұлпалардан тұрады, бірақ тек біреуі мүшенің функциясын басқарады, әр мүшеде қан тамырлары мен жүйке жүйесі бар. Мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін құрайды. Нерв жүйесі, қан айналым жүйесі, ас қорыту жүйесі және көбею жүйесінің мүшесін анықтайды.



Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Анатомия оқу құралы ретінде.

  2. Анатомия мазмұны және оның биология ғылымындағы орны.

  3. Анатомия сұрақтары және оның спорттық-педагогикалық және медико-биологиялық дисицплинасымен байланысы.

  4. Анатомияның методологиялық негізі.

  5. Анатомияны зерттеу әдістері.

  6. Анатомияны оқыту принципі.

  7. Адам денесінің ассиметриясы.

  8. Мүше және оның компоненттері.

  9. Жүйе компоненті мүше немесе мүше аппаратының жүйесі.

  10. Мүшелер және мүшелер аппараты.

  11. Мүшенің клеткалық, ұлпалық деңгейдегі құрлымы.

  12. Мүше – негізгі структурасы, ағзаның функциональды негізі.

  13. Формасы, мөлшері, клетканың негізгі бөліктері.

  14. Органеллалардың жалпы және арнайы маңызы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Иваницкий М. Ф. Анатомия человека – М. 1985 г.

  2. Привес М. Г. Анатомия человека – М. 1985, 1974 г.

  3. Ракышев А. Р. Анатомия человека – Алматы. 2006 г.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Анатомия человека – М. 1989 г.

  5. Керимбаев Б. М. Анатомия человека – А. 1992 г.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Атлас по анатомии человека - М.1979 г.

  7. Анатомия человека в 2-х томах/ под.ред. М. Р. Сапина – 1987 г.

  8. Синельников Р. Д. Атлас анатомии человека, Т. 1, М.,1996 г. Т. 2, М., 1973 г., Т. 3, М., 1974 г.

  9. Анатомия человека / под.ред. Козлова В. Р. – М., 1978 г.


Лекция № 2.

Тақырып: Сүйек және оның қосылыстары.

Мақсаттары мен талаптар: Сүйек дамуы мен оның классификациясы туралы білім беру. Сүйектердің байланысуы туралы ілім. Буындар классификациясы.

Басты сұрақтары:

Дене сүйектері. Бас сүйегі.

Жоғарғы бас сүйек.

Төменгі сүйек, аяқ сүйектері.


Барлық бұлшық еттер қозғалыста атқарады. Алайда, бұлшықет жеке өзі жұмысын қосымша сүйек арқылы жүзеге асады. Қимыл-іс бұлшық еті жеке 3 жүйені біріктіреді: сүйек, буын – байланыстары (сүйектердің қозғалывс байланысы) және бұлшықет (скелет бұлшықеттері). Сүйектер мен олардың байланыстары сүйек түұзеді, олар өмірлік негізгі функцияларды атқарады: қорғаныштық, рессорлы және қозғалыты. Сүйектер қанның түзілуіне және зат алмасуға қатысады.

Ересек адамда 200 сүйек бар. Формасы бойынша сүйектерді: ұзыцн, қысқа, жалпақ және домалақ деп бөледі. Эволюция барысында сүйектер ұзындық бойына және енінен ұзарады да үлкен тұтқырлыққа ие болады. Сүйектің тұтқыр болуы, сүйектің химиялық құрамына байланысты, яғни құрамындағы минеральды және органикалық заттар және олардың механикалық құрылысына байланысты. Кальций және фосфор тұздары сүйекке тұтқырлық береді, ал оның органикалық компоненттен – созылмалы және мықтылық қасиет береді. Кальций корбонаты жас өте мөлшері көбейе түседі де, мыцқтылық және созылмалы қасиетін төмендетеді, яғни сүйектердің сыңғыштығын қамтамасыз етеді.

Сүйек сырты жұқа қабықпен қапталған. Ол сүйек сырты жұқа қапталған. Ол сүйек затымен байланысқан. Ол қабық екі қабаттан тұрады: сыртқы мықты қабат тамырлармен және жүйкелермен байланысқан (қантамыр және лимфалық тамырлар). Ал ішкі қабаты сүйектүзуші клеткалардан, яғни сүйектіңені мен ұзындығына өсуін қамтамасыз етеді. Осы клеткалардың арқасында сынған сүйектер қалпына келеді. Шет жағында орналасқан шеміршек есесіне сүйекті ұзындығына өсуін қамтамасыз етеді.

Буындар сүйектің қозғалысын қамтамасыз етеді. Олар жұқа шеміршекпен қапталған, сондықтан олар үйкелісті жеңілдетеді. Әр буын буын сөмкесіне жұмылған. Осы қалтаның қабырғалары буын сұйықтығын бөледі, яғни ол үйкелу қызметін атқарады. Капсулды байланыс аппарат және оның бұлшықеттері оны қатайтып фиксациялайды. Буцындары қамтамасыз ететін негізгі қозғалыс бағыттарына: иілу – жиырылу, әкелу - әкету, айналу және шеңбер жасап қозғалу.

Адам сүйектері: бас сүйегі, кеуде сүйегі және қол-аяқ сүйектері деп бөлінеді. Бастың қаңқасы бассүйек деп аталады, ол күрделі құрылысты болып келеді. Бассүйекте ми және кей сенсорлы жүйелер: көру, есту, сипап-сезу жүйелері орналасқан. Физикалық жаттығу жасағанда контрфорстық маңызы зор, ол тербеліс пен бассүйектің жүгіру, секіру барысындағы зақымдануына төтеп береді.

Бассүйек кеуде сүйектерімен 2 мойын омыртқа арқылы байланысқан. Кеуде қаңқасы омыртқа жотасы және кеуде клеткаларынан тұрады. Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады және 5 бөлімге бөлінеді: мойын (7 омыртқадан), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5), құйымшақ (4-5). Омыртқалар бір бірімен омыртқа аралық дисктермен, буын өскіндерімен, шеміршекпен байланысқан. Дисктердің қалыңдығы неғұрлым қалың болса, омыртқалардың иілгіштігі соғұрлым көп болады. Егер омыртқа жотасының иілген жерлері айқын көрінсе (скалиоз кезінде) кеуде клеткаларының қозғалысы төмендейді. Омыртқа жотасын қалыпқа келтіру үшін жиырылуға арналған жалпы жаттықтырушы жаттығулар пайдаланылады.

Бас қаңқаға кеуде де жатады, ол 12 жұп қабырғалардан тұрады, ол ішкі органдарға қорғаныш қызметін атқарады. Қабырғалар доға тәрізді ұзын сүйектер соңында шеміршек арқылы төс сүйегіне бөлінген. Бұл сүйектер дем алуға қатысады. Қол сүйектері – иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне екі бұғана және екі жауырын сүйектері жатады. Қол сүйектері: тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі, қол басы сүйектері. Қол басы сүйектері: ьілезік, алақан, саусақ сүйектері жатады.

Аяқ сүйектері: ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйегі, толарсақ, табан және башпай сүйектері жатады.

Дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру жаттығулары сүйектің дамуына зияны жоқ, керісінше сүйек мықты болып нәтижесінде сүйектің жабыны қататяды. Дұрыс ұйымдастырылмаған жаттығулар тірек аппаратына жүк түсіруі мүмкін. Бір жаққа ғана бағытталған жаттығулар да қаңқаның дефорфизіміне әкеп соғуы мүмкін. Дене шынықтыру сүйектерді қатайтады да бұлшықет корсетін қалпына келтіріп, нәтижесінде дұрыс қалыптасқан омыртқа жотасы пайда болады.

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Кеуде қаңқасы.

  2. Бассүйегінің құрылысы.

  3. Қол сүйектері.

  4. Аяқ сүйекетрі.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Иваницкий М. Ф. Адам анатомиясы – М., 1985.

  2. Привес М. Г. Адам анатомиясы – М., 1985,1974.

  3. Ракышев А. Р. Адам анатомиясы. Алматы 2006 ж.

  4. Сапин Б. Р., Билич Г. Л. Адам анатомиясы - М. 1989.

  5. Керимбаев Б. М. Адам анатомиясы – А., 1992.

  6. Куперина М. М., Воккен Г. Г. Адам анатомиясы бойынша атлас – М., 1979.

  7. Адам анатомиясы 2 томдық./ под. ред. М. Р. Сапина – 1987.

  8. Синельников Р. Д. Адам анатомиясының атласы. Т.1, - М. 1996. Т.2, - М. 1973. Т.3, - М. 1974.


Лекция № 3.

Тақырып: Бұлшықеттер ғылымы – миология. Жалпы миология. Бұлшықеттер классификациясы. Мақсаттар мен талаптар: бұлшықеттің құрылысы мен классификациясы туралы ұғым.

Негізгі сұрақтар:

  1. Қол бұлшықеттері.

  2. Аяқ бұлшықеттері.

  3. Дене және мойын бұлшықеттері.

  4. Тыныс алу, бас бұлшықеттері.

Кез келген қозғалыс, кез келген дене шынықтыру жұмыстары бұлшықеттің жиырылу салдарынан жүзеге асады. Сондықтан бұлшықеттің құрылысы мен функциялық мүмкіндіктерін кез келеген адам білуі тиіс, әсіресе кім дене тәрбиесімен және спортпен айналысады.

Адам денесінің елеулі массасы бұлшықетке кетеді. Әйел адамдардың дене массасының 35% бұлшықет құрайды, ал еркектерде 50% құрайды. Арнайы жаттығулар жасау арқылы бұлшықет массасын көбейтуге болады. Ал егер дене тәрбиесімен айналыспасаңыз дененің массасы азайады да майдың есесі көбейеді.

Адам ағзасында мынандай бұлшықеттер түрлері бар: көлденең жолақты, бірыңғай салалы, жүрек бұлшықеттері. Бұлышқеттің жұмысы орталық нерв жүйесімен реттеледі. Қаңқа бұлшықеті ағзаның қимылын жүзеге асырып тірек функциясын атқарады. Бұлшықеттердің жұмысымен басқаруға болады, алайда жүктеме жасауға болмайды ол бұлшықеттің тежелуіне әкеп соғады.



Біріңғай салалы бұқлшықеттер ішкі мүшелердің құрамына қарай кіреді. Бірыңғай салалы бұлшықеттер жиырылады арнайы жиырылғыш клеткалар салдарынан, алайда олардың жылдамдығы қаңқа бұлшықеттерінікінен жүз есе кем. Сондықтан бірыңғай салалы бұлшықеттер тежелмейді және әнергия аз кетіреді.



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет