Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Білім бақылау бөлімі &&& ###000-00



жүктеу 1.42 Mb.
бет1/9
Дата03.04.2016
өлшемі1.42 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
$$$UMKD_LANG$KZ

$$$UMKD_NAME$ПЭОӘК Қазақ халық ауыз әдебиеті

$$$UMKD_AVTORS$ПЭОӘК Секей Ж.

$$$UMKD_YEAR$2012

@@@

###000-001#

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Абайтану»



«5В020500» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін

Құрастырған:


.

филол.ғ.к., доцент.


Семей

2013



&&&

###000-002#Мазмұны

  1. Жұмыс бағдарламасы

  2. Дәрістер конспектісі

  3. Практикалық және семинарлық сабақтар

  4. Білім бақылау бөлімі

&&&

###000-003#ЭПОӘК- авторлары туралы мәліметтер





###002-000#2 Жұмыс бағдарламасы

Қолдану саласы

2. Нормативті сілтемелер

3. Жалпы ережелер

4. Әдебиет және қорлар

5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі

6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

8. Курс форматы

9. Курс саясаты

10. Баға қою саясаты

11. Студенттер білімін бақылау

12. Оқу үдерісінің және қашықтық кеңестердің графигі

&&&

###002-001#2.1 Қолдану саласы

«Абайтану» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені қашықтықтан оқыту технологиялалары (ҚОТ) бойынша оқитын «5В020500» – «Филология: қазақ тілі» мамандығының студенттеріне арналған. ПЭОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.

Пәнді ҚОТ бойынша оқу кезінде ПЭОӘК негізгі құрал болып табылады.
&&&

###002-002#2.2 Нормативтік сілтемелер

Осы «Абайтану» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені (ПЭОӘК) берілген пән бойынша оқу үдерісін ҚОТ пайдалана ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:

«5В020500» – «Филология: қазақ тілі» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 3.08.275-2006, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы «23 » желтоқсандағы №779 бұйрығымен бекітілген.

Шәкәрім атындағы СМУ «Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені туралы ережесі».



&&&

###002-003#2.3 Жалпы ережелер

  • Оқытушының тегі, аты, жөні –., филология ғылымдарының кандидаты, доцент;

  • Кафедра – Қазақ филолоиясы;

Хабарласу ақпараты – тел:

Оқу ғимараты № 8,; e-mail: Контактілі сабақтардың өткізілу орны – аудитория № ;



  • Пән атауы – «Абайтану»;

  • Кредит саны – 2;

Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


1 кесте

Курс

Семестр

Кредиттер

Аудиториялық жұмыс

СӨЖ

(сағ)


Барлығы

(сағ)


Қорытынды бақылау түрі

АС (сағ)

ҚК (сағ)

1

1

2

8

Кесте бойынша

82

90

емтихан

2.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны.

Абайдың көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Абайдың ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Абайдың өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Абайтану» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Абай шығармаларынын рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап Абайтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.

2.3.2 Курстың мақсаты Абайдың даналық ғаламаты мен ақындық айналасын, олардың шығармашылық қуатын, сол арқылы бүкіл бір халықтың әдеби өміріне жаңа өрнек, тың леп әкелгендігін үйретуді алғы мақсаты етіп қояды. Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының ұлы ақын салған дәстүрмен дамуы әдебиетіміздегі шын мағынасындағы ақындық мектептің қалыптасқандығын айқындайды. Әсіресе, бұл ерекшелік Семей өңірі ақындарына тән әдеби құбылыс. Абайдың ақын шәкірттері Шәкәрім, Акылбай, Мағауия, Көкбай, Әріп, Уәйіс, Әрхам, Кәкітай сынды ақындардың өмірі мен шығармашылығын танып білу - ұлы Абайдың даналығын түсінуге алып барар бірден - бір жол.

2.3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері – Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау;

Ұлттық сөз өнеріне қосылған Абай шығармаларын талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу;

Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу;

Студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметгік көзқарасын қалыптастыруға Абай мұрасының әсерін пайымдауға үйрету көзделеді.

2.3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:


  • Абайтану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;

  • Абай шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады;

  • Абай шығармаларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады;

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

  • Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

2.3.5 Курс пререквизиттері:

- Әдебиеттануға кіріспе;

- Халық ауыз әдебиеті;

- Ежелгі дәуір әдебиеті

- Әлем әдебиетінің тарихы

2.3.6 Курс постреквизиттері:

- Әдебиет теориясы;

- Қазақ әдебиетінің сынының тарихы



&&&

###002-004#2.4 Әдебиеттер және қорлар

2.4.1 Негізгі әдебиет және қорлар

2.4.1.1 Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. –А., 2005. – 209 б.

2.4.1.2 Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. -А., 2001. – 145 б.

2.4.1.3 Ахметов З. Казахское стихосложение. -А., 2003. – 159 б.

2.4.1.4 Ахметов З., Шаңбай Т. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. –А., 2002. – 259 б.

2.4.1.5 Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. –А., 2005. – 259 б.

2.4.1.6 Атымов М. Идея және композиция. -А., 2005. – 259 б.

2.4.1.7 Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. –А., 2005. – 228 б.

2.4.1.8 Әлібеков Ш. Өлең сөздің теориясы. – А., 2006. – 259 б.

2.4.1.9 Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Қазақтың әдеби тілі туралы. Шығармалар. 12 томдық. –А., 2005. – 259 б.

2.4.1.10 Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. –А.,2006. – 259 б.

2.4.1.11 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006.

2.4.1.12 Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы. –А., 2001. – 259 б.

2.4.1.13 Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. –А. 2002. – 259 б.

2.4.1.14.Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. –А., 2008. – 259 б.

2.4.1.15 Бердібаев Р. Роман және заман. –А., 2008. – 259 б.

2.4.1.16 Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов – драматург. –А., 2008. – 259 б.

2.4.1.17 Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. –А.,2009. – 259 б.

2.4.1.18 Дербісәлин Ә. Әл-Фарабидің эстетикасы. –А., 2009. – 259 б.

2.4.1.19 Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. –А., 2006. – 259 б.

2.4.1.20 Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. –А., 2009. – 259 б.

2.4.1.21 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. -А.,2010. – 259 б.

2.4.1.22 Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. -А.,2010. – 259 б.

2.4.1.23 Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. –А., 2002. – 259 б.

2.4.1.24 Ордалиев С. Сөз зергері. –А., 2008. – 250 б.

2.4.2 Қосымша әдебиет және қорлар

2.4.2.1 Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.,2010. – 229 б.

2.4.2.2 Әбіл Ж. Қазақ комедиясы. –А., 2005. – 159 б.

2.4.2.3 Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

2.4.2.4 Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

2.4.2.5 Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Шығармалар Т-12, -А., 2005. – 259 б.

2.4.2.6 Горький М. Әдебиет туралы. –А., 2006. – 259 б.

2.4.2.7 Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. Әдеби сын. Алматы. 2008. – 249 б.

2.4.2.8 Қаратаев М. Қазақ әдебиетіндегі реализмнің даму жолдары. –А., 2006. – 259 б.

2.4.2.9 Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. –А., 2008. – 219 б.

2.4.2.10 Майтанов М. Әуезов – суреткер. –А., 2002. – 359 б.

2.4.2.11 Сейітов С. Қазақ поэзиясындағы Маяковский дәстүрі. –А., 2009. – 169 б.


&&&

###002-005#2.5 Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі

Модульдар бойынша пән мазмұны

2 кесте

Модуль атауы

Тақырып атауы

Мазмұны

Әдебиет

1

2

3

8

1 модуль

Абайдың өмірі мен шығармашылығы




Абайдың өмірі мен шығармашылығы.

Абай - жазушы, ақын, философ, тарихшы, композитор. Абайдың озат ойымен ерекшеленуі, өмірінің қилы кезеңдері, сыршыл да лирикалық өлеңдерінің ой тұңғиығымен ерекшеленуі. «Әзім әңгімесі», «Ескендір», «Масғұт» поәмаларының сюжет ерекшелігі.

1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.,2010. – 229 б.

2. Әбіл Ж. Қазақ комедиясы. –А., 2005. – 159 б.

3. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

4. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

5. Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Шығармалар Т-12, -А., 2005. – 259 б.


Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.

Ақынның шығармашылық мұрасы арқылы өмірбаянын нақтылау, ғылыми айналымға түсіру Абайтану ғылымының өзекті мәселелері екендігі. Ақынның өмір жолын өнернамасы арқылы түзу оның өмірі мен өнері тығыз бірлікте екенін танытады. Бүгінгі күнге дейінгі зерттеулер мен естеліктердегі Абайдың шығармашылық ғұмырнамасын жүйелеу, қалыпқа келтіру мәселелері. Ақын поэмаларының жанрлық бітімі, көркемдік әлемі жайлы деректер толық қамтылуы қажет. Ол жайындағы зерттеулер. М.Әуезовтің акынның шығармашылық ғұмырбаянын бірінші болып ғылыми айналымға түсіруі.

1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.,2010. – 229 б.

2. Әбіл Ж. Қазақ комедиясы. –А., 2005. – 159 б.

3. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

4. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

5. Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Шығармалар Т-12, -А., 2005. – 259 б.


Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы.

Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы негізгі тақырыптардың бірінен саналады. Өзі түрлі себептермен кешеңдеу болса да, сусап келіп орыс тілі мен мәдениетіне қатты ден қойған, үнемі іздену, оқу арқылы білімділік пен парасаттылықтың биігіне көтеріліп, "көкірек көзі ашылған" Абай көптеген өлеңдерінде оқу, білімді ардақтауға, халқы үшін озық білімнің пайдасын түсіндіруге күш салады. "Шығысым Батыс боп кетті" деген Абай сөзінің бір сыры оның осы өлеңдерінен де танылады. Бұл тақырыптағы "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдері Абайдың ақындыңқа біржола бет бұрған кезеңінде - 80-жылдар ішінде жазылған.

1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.,2010. – 229 б.

2. Әбіл Ж. Қазақ комедиясы. –А., 2005. – 159 б.

3. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

4. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

5. Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Шығармалар Т-12, -А., 2005. – 259 б.


2 модуль

Абайдың эстетикалық тағылымы.




Абайдың эстетикалық тағылымы.


Халықпен біте қайнасып, заманының дерті мен қуанышын онымен бөліскен Абай озық көзқарас, жаңа өмірдің иесі болатын. Орыстың ерікшіл, озық мазмұнды поэзиясынан нәр алу да Абайды рухани қанағаттандырып, оның өнерге деген жаңаша көзқарасының орнығуына ықпалын тигізді. Өленді өнер, өнер болғанда да өмір танытудың, сөйтіп, көпке тағылым айтып, жол көрсетудің құралы деп түсінді Абай.

"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" 1886 атты өлеңінде ол поэзияға қоятын өзінің көркемдік-суреткерлік талабын тұжырымдай келе, ақынның, поэзияның қоғамдық қызметін айқындап береді.



1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.,2010. – 229 б.

2. Әбіл Ж. Қазақ комедиясы. –А., 2005. – 159 б.

3. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

4. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

5. Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Шығармалар Т-12, -А., 2005. – 259 б.


Сатиралық лирикасы.

Абайдың 80-жылдардың аяғына қарай жазған бірсыпыра өлеңдерінде сатиралық сипат басым. Заман шындығы мен замандастарының бойындағы сорақы мінездерді ақын енді жекелеген нақты адамдардың - ел билеушілердің образдары арқылы айқын бейнелеп береді. "Мәз болады болысың", "Болыс болдым мінеки" өлеңдері әлеуметтік сыншыл реалист ретінде қалыптасқан ақындық биігін танытатын белгілі туындылары.өткірлігімен, қоғамдың құбылыстарды батыл әшкерелеушілік пафосымен Абайдың

1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.,2010. – 229 б.

2. Әбіл Ж. Қазақ комедиясы. –А., 2005. – 159 б.

3. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

4. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

5. Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Шығармалар Т-12, -А., 2005. – 259 б.


Табиғат лирикасы.

Абайдың ақындық мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал еткен өнеге мектебінің бірі — орыстың реалистік әдебиеті екені мәлім. Бұл әсер-ықпалдың ақынның ағартушылық, саяси әлеуметтік, сатиралық тақырыптағы шығармаларынан байқалатыны жоғарыда айтылды. Осын­дай игі әсер Абайдың табиғат мезгілдерін жырлаған туындыларынан да танылады. Абайға дейін қазақ әдебиетінде табиғат лирикасының кең өрісте қалыптаспағанын ескерсек, ақынның бұл саладағы өлеңдерінің тек тақырыптық тұрғыдан ғана емес, көркемдік, шынайылық жағынан да үлкен жаңалық, жетістік екені көрінеді.

1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.,2010. – 229 б.

2. Әбіл Ж. Қазақ комедиясы. –А., 2005. – 159 б.

3. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

4. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

5. Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Шығармалар Т-12, -А., 2005. – 259 б.


3 модуль

Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері.



Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері.

Абай поэмаларының саны үшеу. Олар 1887 жылы жазылған "Масғұт", "Ескендір" және "Әзімнің әңгімесі" аяқталмаған атты туындылар.Поэмалардың көлемі шағын және олар түгелдей шығыс тақырыбына арналған. Бұл үш эпикалық туындының барлығы да идеялық түйіні жағынан ақын өлеңдерінде жырланып-дәріптелген, қарасөздерінде де айтылған адамгершілік, ізгілік ойлармен тығыз байланысып жатыр.

1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.,2010. – 229 б.

2. Әбіл Ж. Қазақ комедиясы. –А., 2005. – 159 б.

3. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

4. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

5. Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Шығармалар Т-12, -А., 2005. – 259 б.


Қарасөздері.

Абай мұрасының және бір қомақты саласын оның 90-жылдарда жазған қарасөздері қүрайды. Қарасөздерінің жалпы саны - кырың бес. Өмірде көрген-білгені, көңілге түйгені көп Абай өзінің осы даналық тәжірибе-тағылы-мын жүртымен - "қалық елі, қазағымен" бөлісу мақса-тымен қарасөздерін жазған. Бұл шығармаларында яғни, қарасөздерінде (СМ.) - деп жазады М.Әуезов - Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мас-лихат, кеңес қүрып отырған ойшыл ұстаз тәрізді".

1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.,2010. – 229 б.

2. Әбіл Ж. Қазақ комедиясы. –А., 2005. – 159 б.

3. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

4. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

5. Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Шығармалар Т-12, -А., 2005. – 259 б.


Абай шығармалары замана айнасы.

Ақын лирикалық туындыларында да, поэмалары мен қарасөздеріне де ең басты әлеуметтік-қоғамдық мәселелер етіп халық тағдырын, ел бірлігі, ізгілік, адамгершілік, өнер-білім таңырыптарын қозғады. Ол қай мәселені көтерсе де, оларды халықтық, гуманистік түрғыдан бейнеледі. Заманның әділетсіздігі мен замандастарының жағымсыз қасиеттерін сыншылдықпен шынайы суреттей отырып, ол осы әділетсіздікті, халқының өзі көксеген биіктікке бет алуына кедергі болған надаңдықты, алты бақан алауыздықты батыл айыптайды.

1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.,2010. – 229 б.

2. Әбіл Ж. Қазақ комедиясы. –А., 2005. – 159 б.

3. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

4. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

5. Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Шығармалар Т-12, -А., 2005. – 259 б.



&&&

###002-006#2.6 СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны
СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

3 кесте


№ р/б

СӨЖ тақырыбы

СӨЖ мазмұны

Өткізу мерзімі

(апта)


Қойылатын баллдар

1

2

3

4

5

1

Абай - өз заманының жаршысы

Абай - өз заманының жаршысы







2

Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы

Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы







3

Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы.

Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы.







4

Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы

Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы







5

Абай лирикасындағы азаматтық сарын

Абай лирикасындағы азаматтық сарын







6

Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері







7

Абай және Толстой

Абай және Толстой







&&&

###002-007#2.7 Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар


  • Оқу жоспары бойынша пәнді оқу үшін дәрісханалық сағаттар қарастырылған.

  • Дәрісханалық дәріс курсы студенттердің білімін жүйелейтін негізгі және маңызды құрал болып табылады.

  • Дәрістер – оқу сабағының бір түрі, оның мақсаты мазмұндалатын пәннің теориялық сұрақтарын логикалық байланыс түрінде қарастыру.

  • Дәрістердің негізгі мәні оқу сабақтарының барлық түрлерінің, оның ішінде суденттердің өздік жұмыстарының сипатын, негізгі мазмұны мен бағыттарын анықтай отырып, ғылыми білімнің негіздерін қалаудан көрінеді.

  • Берілген пәнді жемісті оқудың басты шарты практикалық-сарамандық сабақтарды өткізу.

&&&

###002-008#2.8 Курс форматы

Пән сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Және де қосымша кеңес беру арқылы студенттермен тығыз байланыс орнатылады.



&&&

###002-009#2.9 Курс саясаты

Қатысу: Аудиторлық уақытқа дәрістер, оқылған материалдарды талдау, әртүрлі жатығуларды орындау уақыт кіреді. Әрбір сабаққа студент негізгі және қосымша әдебиеттерге сәйкес дайындалуы қажет. Бақылау жұмысына қатыспаған немесе кешігіп келген студенттерге бірден 0 балл қойылады. Бақылау жұмысын қайа тапсыру қарастырылмаған.

Студентерге дәріс, семинар сабақтарына қатысу міндетті. Әрбір дәрісті өту барысында негізгі ұғымдар беріліп, түсіндіріледі. Дәріс кезінде студент осы ұғымдарды анықамасы және түсіндірумен бірге жазып алулары керек. Егер студент қандай да бір себептермен сабақтан қалса, онда дәріс материалын басқа студенттен көшіріп алуы керек. Оқытушы дәрістен басқа уақытта студенттерге дәріс материалын беруге міндетті емес.

Егер суденттер қандай да бір мәселені түсінбесе, оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрай алады.Студенттердің Шәкәрім атындағы СМУ компьютер класын пайдаланып, кітапханада дайындалып, бекітілген ережелерге сәйкес үйге кітап алуға мүмкіндіктері бар.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет