Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Білім бақылау бөлімі &&& ###000-00



жүктеу 1.42 Mb.
бет4/9
Дата03.04.2016
өлшемі1.42 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

$$$002-009-000$3.2.9 Дәріс №9. Философиялық лирикасы

Абайдың ақындық мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал еткен өнеге мектебінің бірі — орыстың реалистік әдебиеті екені мәлім. Бұл әсер-ықпалдың ақынның ағартушылық, саяси әлеуметтік, сатиралық тақырыптағы шығармаларынан байқалатыны жоғарыда айтылды. Осын­дай игі әсер Абайдың табиғат мезгілдерін жырлаған туындыларынан да танылады. Абайға дейін қазақ әдебиетінде табиғат лирикасының кең өрісте қалыптаспағанын ескерсек, ақынның бұл саладағы өлеңдерінің тек тақырыптық тұрғыдан ғана емес, көркемдік, шынайылық жағынан да үлкен жаңалық, жетістік екені көрінеді.



&&&

$$$002-009-001$3.2.9.1 Ақынның философиялық лирикасы

Жартасқа бардым,

Күнде айқай салдым,

Одан да шықты жаңғырық.

Есітіп үнін,

Білсем деп жөнін,

Көп іздедім қаңғырып.

Баяғы жартас, бір жартас,

Қаңқ етер, түкті байқамас, - дейтіні осындай жағдаймен байланысты шыққан жалғыздықтың ащы үні болатын. Айналасының оны ұқпауы, ұғу былай тұрсын, оған бөгет болып, оңға деген ісін теріске айналдыруы, алға ұмтылған адымын етегінен басып кері жіберуі, міне, осының барлығы қазақ елін ілгері дамытуда қиындық келтірді. Бұл - ел тағдырын қолына алып, алдына зор мақсат қойған, елді түземекші болған ақынға аз соққы, жеңіл қайғы болған жоқ. Өйткені қазақ халқының мәдениетке ұмытылуына көмектеседі деп Абайдың көз тіккендерінің бәрі де «баяғы қулық, бір алдау, қысылған жерде жан жалдаудан» шыға алмады. Ақынға көмек берудің орнына, жаулық ойлады. Міне, сондықтан да Абай:

  Атадан алтау,

Анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Ағайын бек көп

Айтамын ептеп,

Сөзімді ұғар елім жоқ.

Моласындай бақсының,

Жалғыз қалдым, тап шыным! - деп, өзінің жалғыздығын білдіреді.

            Бірақ Абайдың бұл сөзіне қарап, мүлде жалғыз қалған екен, оның сөзін ел ұқпаған екен деп түсіну - қате. Абайдың бұл айтқандары - түгелдей ел басқарушыларға, үстем тап адамдарына арналған сөз, жалпы көпшілік оны жақсы ұқты. Оның асыл сөздерін ауыздан-ауызға таратып, ұдайы жадында сақтады, жалпы халық оны қадірледі. Демек Абайдың сөзін елі ұқты да, бағалай да білді.

            Абай жалғыз қалдым дей тұрса да, өмірден безіп, сарыуайымға салынбайды. Оның шығармаларын зерттей келгенде, жақсылықты болашақтан күткен, өмірдің жақсаратындығына сенген ақын екендігін көреміз. Абайдың «Сегіз аяғы» - өз кезіндегі өмір шындығын да, одан қалай шығудың жолын да, ел тілегінен туған өз басындағы күйініш-сүйінішін де кеңінен толғап, дұрыс көрсетіп берген өлеңінің бірі. Мұның бір жағы - сын, сықақ болса, екінші жағы - өсиет, ғибрат беру еді.

            Абай реализмінің күштілігі тек бұл ғана емес, оның негізі - қазақ ішіндегі тап қайшылығын көре білуінде. Сол дәуірдің өзінде, байлар кедейлерді езіп отырғандығын, кедейдің ауыр тұрмыста өмір сүретіндігін бұлжытпай өз қалпында суреттеп, оған аяныш сезіммен назар аударуында.

            Абай жай суретші аңғармайтын детальдарды да көре алды. Абайдың күздігүнгі кедей өмірін суреттей отырып, олардың іс-әрекет, тұрмыстарының әр түрлерін көрсетуі - біреу де болса бірегей, бір болса да көпке татырлық. Үстірт қараған адамдарға «иін илеу, шекпен тоқу», балалардың ойындарын суреттеу сияқты мәселелер сәл ғана мәселе тәрізді болып көріне тұрса да, шынында бұл сияқты жайттарды көре білуі Абайдың үлкен реалистік ақын екендігін дәлелдейді.

&&&


$$$002-009-002$3.2.9.2 Абайдың адам, өмір, өлім, дін, жан мен тән, ақиқат туралы өлеңдері

Өз заманының суретшісі Абай сол кездегі теңсіздік мәселесін тек қана шолып өтіп, оған қалай болса, солай қарап қоймайды. Кедейлердің ауыр халі ақынның қабырғасын қайыстырады. Кедейді тек аяп қана қоймайды, езілушілердің тұрмысын жеңілдетуге жол іздейді. Жұртқа адамгершілікті ұсынады. Абай шығармасындағы адамгершілік арманының негізі де қазақ ішіндегі осы теңсіздікті көре білуінде жатыр.

            Қазақ ауылындағы теңсіздікті шын көрсете білген өлеңдері - «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай», т.б. Бұл екі өлеңінде екі тұрмысты - байдың тұрмысы мен кедейдің тұрмысын бір-біріне қарама-қарсы қойды. Октябрь, ноябрь айларының қара суығындағы кедейлердің ауыр халін көрсетеді:

  Кедейдің өзі жүрер малын бағып,

Отыруға отын жоқ, үзбей жағып.

Тоңған үйін жылытып, иін илеп,

Шекпен тоқыр қатыны бүрсең қағып... 

              Азынаған қара суықта «кемпір-шалы» болса, қиындықты жамай түседі деп жаны ашиды. Теңсіздік, азап шегу тек қана үлкендердің емес, кедейдің балаларының да басында барлығын көреміз:

  Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көзінен жасы...

              Абайдың шын мәнінде реалистігі, өзі сол үстемдік етуші таптың жуан ортасынан шыға тұрса да, олардың жалпы қара халыққа жасап отырған зорлық-зомбылығын, аяусыз қанауын көре біліп және оны тайынбай әшкерелеу, «типтік жағдайға тән типтік образдар» жасауымен қатар, жай суретшілер аңғара бермейтін, өмірдің көлеңке жақтарындағы кейбір құбылысты да көре біліп, олардан әлеуметтік мәні бар үлкен қорытынды шығаруында. Жоғарғы үзінді алынған өлеңінің екінші бір жерінде:

  Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,

Артық қайыр, артықша қызметке орай.

Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ,

Аңдыстырған екеуін құдайым-ай! -  

деп, байлардың кедейді күнбе-күн езіп отырғандығын, олардың араларындағы экономикалық теңсіздікті және бұл екеуінің өмір бойы аңдысумен келе жатқан, бір-біріне тілектері қайшы екі тап екендігін ашық айтты. Кедейдің ауыр халін көріп, ақынның оларға жаны ашиды. Кедейдің сол ауыр халін қалай жеңілдетудің өзінше жолын іздеді. Сонда оның тапқан жолы - әділдік болды. Байлардың кедейге деген мейірімсіздігін ашық суреттеп, оларды дұрыстыққа, әділдікке шақырды. Соған орай кедейдің де байларға дұрыс қызмет етуі керек деп білді. Бірақ ақынның бұл пікірі - тап қайшылықтарының қандай жолдармен шешілетіндігін ұға алмаушылықтан туған қате пікір болатын.  Бұл - тап қайшылықтары тек қана таптық күреспен шешілетіндігін түсіну дәрежесіне көтеріле алмағандығын көрсететін жайттың бірі.



&&&

$$$002-009-003$3.2.9.3 Абайдың дүниетанымындағы Батые пен Шығыс ж/е ұлттық мәдениеттің
бірлігі

Қандай өмір құбылысына баға берсек те, біз ешқашан да мезгіл мен жағдайды ұмытпаймыз. Сондықтан Абайдың өмір сүрген мезгілі мен жағдайын еске алсақ, оған революциялық көзқараста неге болмадың деп кінә тағу - орынсыз. Тарихқа көз салсақ, езушілерді әділдікке үндеп, олардың санасын оятып, адамгершілігін арттыру арқылы әлеуметтік теңсіздікті жоймақ болған француздың ұлы ағартушыларының іс-әрекеттері оқушылар жұртшылығына мәлім.   Ал қазақтың ұлтшыл оқымыстыларының қазақ елінде тап жоқ деп, көп жылдар бойы айтыс ашып, өздерінше дәлелдемек боп, қызыл өңеш болғанын тағы жақсы білеміз. Демек, ХІХ ғасырда Абайдың қазақта жігі айқындалған екі тап барлығын және үстемдік етуші байлар табының кедейлерді езіп, қанап отырғандығын тайға таңба басқандай етіп, шындық қалпында көрсетіп беруінің тарихи мәні зор екендігі сөзсіз.

            Абай туындыларының реалистік жақтарын сөз еткенде айрықша тоқталуды қажет ететін негізгі бір мәселе - әйелдер туралы көзқарасы. Бұл мәселе кеңірек тоқтап, кейбір салыстырулар жасауды керек қылады. Абайға дейінгі ауыз әдебиетін және кейбір тарихи әдебиет нұсқаларын алсақ, әйел туралы екі түрлі көзқарастың болғандығын аңғарамыз. Біріншісі - халықтық, екіншісі - феодалдық. Халықтық көзқарас әйелді жоғары бағалайды. Көп жайттарда ерлерден артық етіп көрсетуге тырысады. Ел бастар көсем де, сөз бастар шешен де, топ жарған батыр, аяулы ару, ардақты азамат та анадан туады. Сондықтан өмірде ананың ролі ерекше деген қорытындыны ұсынады. Мысалы, «Алып - анадан, ат биеден туады», «Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал», «Ердің атын қатын шығарады, қатынның атын жатым шығарады», «Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді, жақсы еркек жаман әйелді адам ете алмайды», «Жақсы әйел - жігітке біткен бақ, жақсы жер, жайлы қоныс, алтын тақ», «Алғаны жақсы жігіттің әрқашан ісін оңдайды, алғаны жаман жігіттің ісінің сәті болмайды», «Әйел жерден шыққан жоқ, о да еркектің баласы, ерлер көктен түскен жоқ, әйел - оның анасы», «Алқызыл гүл - жердің сәулеті, асыл жар - ердің сәулеті», «Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың».

&&&

$$$002-009-100$Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Абайдың табиғат лирикасы

  2. Абайдың жыл мезгілдері туралы толғаныстары

  3. Табиғат лирикасының көркемдік ерекшелігі

  4. Ақынның философиялық лирикасы

  5. Абайдың адам, өмір, өлім, дін, жан мен тән, ақиқат туралы өлеңдері

  6. Абайдың дүниетанымындағы Батые пен Шығыс ж/е ұлттық мәдениеттің
    бірлігі

&&&

$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері. Абай поэмаларының саны үшеу. Олар 1887 жылы жазылған "Масғұт", "Ескендір" және "Әзімнің әңгімесі" аяқталмаған атты туындылар.Поэмалардың көлемі шағын және олар түгелдей шығыс тақырыбына арналған. Бұл үш эпикалық туындының барлығы да идеялық түйіні жағынан ақын өлеңдерінде жырланып-дәріптелген, қарасөздерінде де айтылған адамгершілік, ізгілік ойлармен тығыз байланысып жатыр.

&&&

$$$002-010-001$3.2.10.1 "Ескендір", "Масғұт" ж/е "Әзімнің әңгімесі" поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы

Абай поэмаларының саны үшеу. Олар 1887 жылы жазылған "Масғұт", "Ескендір" және "Әзімнің әңгімесі" аяқталмаған атты туындылар.

Поэмалардың көлемі шағын және олар түгелдей шығыс тақырыбына арналған. Бұл үш эпикалық туындының барлығы да идеялық түйіні жағынан ақын өлеңдерінде жырланып-дәріптелген, қарасөздерінде де айтылған адамгершілік, ізгілік ойлармен тығыз байланысып жатыр. Мәселен, "Масғұт" поэмасында ақын кейіпкерінің ой-толғамы, іс-әрекеті арқылы әйелді ардақтау идеясын көтереді. Масғұт шаһар сыртында жүріп ұрылардың зорлығына ұшыраған бір бейтаныс шалды құтқарып алады. Шал оған жақсылығы үшін үш түрлі қасиеті бар үш жеміс ұсынып, қалағаныңды ал дегенде, Мақсұт қызыл жемісті таңдайды. Мұның себебін сұраған шалға ол өзінің ақ адамды ақылды ететін және сары байлыққа жеткізетін жемістерден бас тартуын айта кеп:

Қызылды жесем, мені әйел сүйер, Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған тиер. Ері ашу айтса, әйелі басу айтып, Отырса бұрынғыдай жау бола ма Соны ойлап қызыл жеміс мен таңдадым, Берсеңіз жемек болып бел байладым, ­деп өз шешімін байыпты түсіндіріп береді.

Поэмада әйелдің қоғамдағы орны, отбасындағы бірлік-ынтымақты орнықтырудағы рөлі осылай ардақталған.

ПІығыс поэзиясының алыптары Фирдоуси, Низами, Науаи және басқа да ақындардың Ескендір патша жайындағы туындыларымен, олардағы патшаны акылды, жеңілмейтін қолбасшы етіп бірыңғай дәріптейтін идеялармен Абай жақсы таныс болған. Сондықтан ол Ескендір жайлы аңыздарға басқаша қарап, оны тарихи шындыққа сай, өзгеше танытуды мақсат тұтқан: Абай ұғымында Ескеңдір патша әлемді жаулап алуды мақсат еткен, талай жұртқа зобалаң туғызған қанқұйлы, озбыр ел билеуші. Сондықтан, ақын поэманың бастауында-ақ:

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен, Македония шаһары оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен. Филипп өлді, Ескендір патша болды, Жасы әрең жиырма бірге толды. Өз жұрты аз көрініп, көршілерге Көз алартып қарады, оңды-солды, -

деп кейіпкерін жағымсыз тұрғыда мінездеп, оқушыны оның қанқұйлы сұмдық ойымен таныстырады.



&&&

$$$002-010-002$3.2.10.2 "Масғұт" поэмасының тарихилық белгілері

Абайдың «Масғұты» - қысқа сюжетті оқиға байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешуі бар поэма. Поэмадағы шал мен Масғұт арасындағы және хан мен Масғұт араларындағы диалогтар мен ерлік қимылдарын баяндау арқылы Масғұт ұнамды қаһарман, ерлігіне ақылы сай, парасатты адам бейнесінде суреттелінеді. Өзінің ақылының арқасында ол «Шығыстың күні» деген атқа ие болды деп қорытады ақын. Ал поэманың негізгі идеясы - әйелдің қоғамдағы атқаратын ролін дәріптеу («Абайдың реализмін» баяндаған бөлімде бұған әдейі тоқталғанбыз).

            Біздің бұл кітабымызда кеңірек тоқталмақ шығармамыз - «Ескендір» поэмасы. Өйткені «Ескендір» бүгінге дейінгі Абай туралы жазылған зерттеу-еңбектерде тек аталып өтіледі. Орта мектептерге арналған оқулықтарда программаға сай қысқаша талдаулар берілумен ғана шектелінеді. Сондықтан да бұл поэма айрықша көңіл аударуды қажет етеді.

            «Ескендір» - дүниежүзі әдебиетіне тақырып болған, кәдімгі атышулы қолбасы Александр Македонский екендігі оқырмандар жұртшылығына мәлім. Батыс пен шығыстың талай жайсаңдары «Ескендір» туралы әңгіме, роман, көлемді поэмалар жазды. Олардың әрқайсысы әлемді тітіреткен қолбасы, оның ғұлама ұстазы Аристотель жайлы өз көзқарастарын кейінгі ұрпақтарына қалдырды. Әр автор өзінше түсініп, өз пікірін ұсынды. Осындай дүниежүзінің ірі адамдары сөз еткен тақырыпқа ХІХ ғасырда қазақ даласынан үн қосқан да және олар жайлы өз көзқарастарын ұсынған да Абай. Бір ғажап жері - Абайдың Ескендір жорығын түсінуі де, оған беретін бағасы да, ұрпақтарына қалдырған қорытынды пікірлері де өзінен бұрынғылардың айтқандарынан бөлек, жаңа, соны пікір. Бұл айтылған екі түрлі жағдайлар Абайдың «Ескендір» поэмасына ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

            Александр Македонский туралы өз заманында да, өзінен кейін де көп жазылған. Ол - орта ғасырда барлық елдердің де ақын, жазушыларының көңілдерін аударған тақырып, әдеби қаһарман болды. Ескі және ертеректегі грек, латын тілдерінде жазылған әңгіме, роман, поэмалар орта ғасыр авторларына негіз болады: Франция, Англия, Германия, Испания, Италия елдерінде Александр туралы көптеген романдар туады. Орта ғасыр көркем туындыларының шығыстағы маңдай алды поэмалары: Фирдоусидің «Шахнамасы», Низамидің «Искиндернамасы», Навоидің «Саади Искандари» («Ескендір қорғаны») дүниеге келді. Аталған ұлы поэмаларға өзек болған - Ескендір жорықтары. Бұл оңтүстік славяндарда да (Сербская Александрия), орыстарда да ХҮ ғасырда туады.

            Иран тарихы мен әдебиетінің ірі маман-ғалымы Е.Э.Бертельстің айтуы бойынша, («Саади Ескандари». «Вал Искандерев») Зу-л-қарнайн қорғаны (қамалы) туралы аңыз тіпті Құранға да енген дейді. Ескендір - дүниежүзі әдебиетінен кең орын алған әдеби қаһармандардың бірі.

            Абай - өз заманының оқымысты ақыны. Оның шығармаларын зерттегенде, шығыс, батыс, орыс әдебиеті, олардың тарихын, аңыз, әңгімелерін көп білетіндігіне таң қалмасқа болмайды. Ескендір жайлы да ол әртүрлі мәліметтермен танысқандығы күмән келтірмейді. Бірақ дәл қандай қорларды пайдаланғандығын айту қиын. Әйтсе де ол, ең алдымен, шығыс әдебиеті, ол тілдердегі Александр туралы жазылған тарихи деректерді жақсы білген деп топшылауға болады. Өйткені шығыстың ұлы классиктерінің шығармаларымен Абай жасынан таныс. Сондықтан Александр туралы Фирдоуси, Низами, Навои, Эмир Хосров (Әмир Хысрау) сияқты ұлы ақындардың жазғандарымен жақсы таныс болғаны байқалады. Демек, біз Абайдың «Ескендір» поэмасын осылармен салыстыра зерттегеніміз жөн.

            Е.Э.Бертельс өзінің «Навои» атты (1948ж.) кітабында мейлінше тұжырымды түрде шығыс классиктерінің өздерінің поэмаларында Александрды қалай көрсеткендіктерін шебер баяндайды. Ғажап көлемді шығармалардың сюжетін айтып жату мүмкін емес. Сондықтан академик Бертельстің айтқандарының негізінде әрқайсысына қысқаша ғана тоқталып өтелік.



&&&

$$$002-010-003$3.2.10.3 "Әзім әңгімесі" атты дастанның жарыққа шығу тарихы.

Персия тілінде Александрдың аңызға негізделген өмірбаянын өзінің «Шахнамасында» бірінші рет баяндап берген - Фирдоуси. Ол Александр туралы өзінен бұрынғы сасанид дәуірінің аңыз-әңгімелерінің әр түрін негіз еткен. Ол - Александр Филиптің баласы емес, ІІ-Дарияның баласы екен, сондықтан Александр Иранның заңды патшасы деген аңыз бар болатын. Фирдоуси да өзінің поэмасында Александрды ескі Иран патшаларының бірі етіп және оның атышулы жорық пен жеңістерін, әртүрлі қиын да, қызық та оқиғаларға кездесулерін суреттейді.

            Дегенмен бұл тақырыпты жеке алып, Александр туралы арнаулы көркем шығарма жазған бірінші ақын - Низами. Бертельс Низами «Искиндирнамасын» жазу үшін өте көп материалды, деректерді пайдаланып, иран, араб, грек, армян материалдарын да зерттей келіп, поэмадағы басты қаһарманы Александр образын үш түрлі аспектіде жасауды мақсат еткен: жауынгер, әділ патша, философ және пайғамбар деп қорытады. Низамидің көрсетуі бойынша, бұл үшеуі бір-бірімен нық байланысты, бірі екіншісін толықтырушы. Жақсы тәрбие алып өскен Александр жасынан-ақ елді әділ басқарушы ретінде суреттелінеді. Ол соғысты баю үшін, не патшалығын кеңейту үшін емес, езілушілерді қорғау, солардың қамы үшін жүргізеді. Философиямен қатты шұғылданушылар оның барлық адамдық, даналық істерін бізге айқын ашып берді, патшаның негізгі мақсаты, халыққа қызмет етуде екендігіне көзі жетті, сол үшін тәңір оған пайғамбарлық ат берді деген пікірді ұсынады дейді Бертельс академик. Біз академик Бертельстің Низами туралы айтқандарын дәл аударып отырғанымыз жоқ, қысқаша түрде өз сөзімізбен мазмұнын ғана беріп отырмыз. Әйтсе де осы келтірілген мысалдың өзінен де Низамидің Александрды қалай түсініп, қалай бағалағандығы айқын.

            Академик Бертельс Навоидың «Саади Искандариін», Низамидің «Искиндирнамасымен» салыстыра келіп, Навои поэмасында, негізінде Ескендірді екі тұрғыдан көрсетуді мақсат еткен: Ескендір - қоғам қайраткері және данышпан философ. Низамидің Ескендірді пайғамбар етіп бейнелеуін Навои қабылдамаған. Мұнысының өзінше себебі бар.

            Навои «Саади Искандари» поэмасын жазғанда, нағыз ойдағыдай ел (мемлекет ұғымында) басқарушысының образын жасауды ой қазығы етті. Бірақ ол тек қиялдағы ғана емес, өмірде болуға тиіс, өз кезіне сай келерлік ел басқарушыларды арман қылды. Темір ұрпақтарының ел басқару істеріне поэманың жетекшілік құрал болуын нысана етті. Поэмасын Сұлтан Хусейннің өзіне ғана емес, оның мұрагері Бадиазземан мырзаға да арнауы осыны мегзейді. Өзінің мемлекет жұмыстарындағы лайсаң мол тәжірибесінің негізінде Навои ел басқарушылардың қолына жетекші құрал беріп, егер олар оны басшылыққа ала отырып халқын басқарса, елін де бақытты, өздерінің патшалығын да мызғымас берік етер еді деген пікір ұсынады. Егер Навои Ескендірді пайғамбар етіп көрсетсе, оған оқырмандары бұл қол жетпес қиял деп қарар еді. Ал поэмада Ескендір пайғамбар емес, қарапайым адам етіліп суреттелгендіктен, Темір ұрпақтарының барлық іс-амалдары жөнінде Ескендірге ұқсауын талап етуге автордың хақысы бар еді деп қорытады академик Бертельс.

&&&

$$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

...

&&&

$$$002-010-000$3.2.11 Дәріс №11. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері. Абай поэмаларының саны үшеу. Олар 1887 жылы жазылған "Масғұт", "Ескендір" және "Әзімнің әңгімесі" аяқталмаған атты туындылар.Поэмалардың көлемі шағын және олар түгелдей шығыс тақырыбына арналған. Бұл үш эпикалық туындының барлығы да идеялық түйіні жағынан ақын өлеңдерінде жырланып-дәріптелген, қарасөздерінде де айтылған адамгершілік, ізгілік ойлармен тығыз байланысып жатыр.

&&&

$$$002-010-001$3.2.11.1 "Ескендір", "Масғұт" ж/е "Әзімнің әңгімесі" поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы

Абай поэмаларының саны үшеу. Олар 1887 жылы жазылған "Масғұт", "Ескендір" және "Әзімнің әңгімесі" аяқталмаған атты туындылар.

Поэмалардың көлемі шағын және олар түгелдей шығыс тақырыбына арналған. Бұл үш эпикалық туындының барлығы да идеялық түйіні жағынан ақын өлеңдерінде жырланып-дәріптелген, қарасөздерінде де айтылған адамгершілік, ізгілік ойлармен тығыз байланысып жатыр. Мәселен, "Масғұт" поэмасында ақын кейіпкерінің ой-толғамы, іс-әрекеті арқылы әйелді ардақтау идеясын көтереді. Масғұт шаһар сыртында жүріп ұрылардың зорлығына ұшыраған бір бейтаныс шалды құтқарып алады. Шал оған жақсылығы үшін үш түрлі қасиеті бар үш жеміс ұсынып, қалағаныңды ал дегенде, Мақсұт қызыл жемісті таңдайды. Мұның себебін сұраған шалға ол өзінің ақ адамды ақылды ететін және сары байлыққа жеткізетін жемістерден бас тартуын айта кеп:

Қызылды жесем, мені әйел сүйер, Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған тиер. Ері ашу айтса, әйелі басу айтып, Отырса бұрынғыдай жау бола ма Соны ойлап қызыл жеміс мен таңдадым, Берсеңіз жемек болып бел байладым, ­деп өз шешімін байыпты түсіндіріп береді.

Поэмада әйелдің қоғамдағы орны, отбасындағы бірлік-ынтымақты орнықтырудағы рөлі осылай ардақталған.

ПІығыс поэзиясының алыптары Фирдоуси, Низами, Науаи және басқа да ақындардың Ескендір патша жайындағы туындыларымен, олардағы патшаны акылды, жеңілмейтін қолбасшы етіп бірыңғай дәріптейтін идеялармен Абай жақсы таныс болған. Сондықтан ол Ескендір жайлы аңыздарға басқаша қарап, оны тарихи шындыққа сай, өзгеше танытуды мақсат тұтқан: Абай ұғымында Ескеңдір патша әлемді жаулап алуды мақсат еткен, талай жұртқа зобалаң туғызған қанқұйлы, озбыр ел билеуші. Сондықтан, ақын поэманың бастауында-ақ:

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен, Македония шаһары оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен. Филипп өлді, Ескендір патша болды, Жасы әрең жиырма бірге толды. Өз жұрты аз көрініп, көршілерге Көз алартып қарады, оңды-солды, -

деп кейіпкерін жағымсыз тұрғыда мінездеп, оқушыны оның қанқұйлы сұмдық ойымен таныстырады.



&&&

$$$002-010-002$3.2.11.2 "Масғұт" поэмасының тарихилық белгілері

Абайдың «Масғұты» - қысқа сюжетті оқиға байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешуі бар поэма. Поэмадағы шал мен Масғұт арасындағы және хан мен Масғұт араларындағы диалогтар мен ерлік қимылдарын баяндау арқылы Масғұт ұнамды қаһарман, ерлігіне ақылы сай, парасатты адам бейнесінде суреттелінеді. Өзінің ақылының арқасында ол «Шығыстың күні» деген атқа ие болды деп қорытады ақын. Ал поэманың негізгі идеясы - әйелдің қоғамдағы атқаратын ролін дәріптеу («Абайдың реализмін» баяндаған бөлімде бұған әдейі тоқталғанбыз).

            Біздің бұл кітабымызда кеңірек тоқталмақ шығармамыз - «Ескендір» поэмасы. Өйткені «Ескендір» бүгінге дейінгі Абай туралы жазылған зерттеу-еңбектерде тек аталып өтіледі. Орта мектептерге арналған оқулықтарда программаға сай қысқаша талдаулар берілумен ғана шектелінеді. Сондықтан да бұл поэма айрықша көңіл аударуды қажет етеді.

            «Ескендір» - дүниежүзі әдебиетіне тақырып болған, кәдімгі атышулы қолбасы Александр Македонский екендігі оқырмандар жұртшылығына мәлім. Батыс пен шығыстың талай жайсаңдары «Ескендір» туралы әңгіме, роман, көлемді поэмалар жазды. Олардың әрқайсысы әлемді тітіреткен қолбасы, оның ғұлама ұстазы Аристотель жайлы өз көзқарастарын кейінгі ұрпақтарына қалдырды. Әр автор өзінше түсініп, өз пікірін ұсынды. Осындай дүниежүзінің ірі адамдары сөз еткен тақырыпқа ХІХ ғасырда қазақ даласынан үн қосқан да және олар жайлы өз көзқарастарын ұсынған да Абай. Бір ғажап жері - Абайдың Ескендір жорығын түсінуі де, оған беретін бағасы да, ұрпақтарына қалдырған қорытынды пікірлері де өзінен бұрынғылардың айтқандарынан бөлек, жаңа, соны пікір. Бұл айтылған екі түрлі жағдайлар Абайдың «Ескендір» поэмасына ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

            Александр Македонский туралы өз заманында да, өзінен кейін де көп жазылған. Ол - орта ғасырда барлық елдердің де ақын, жазушыларының көңілдерін аударған тақырып, әдеби қаһарман болды. Ескі және ертеректегі грек, латын тілдерінде жазылған әңгіме, роман, поэмалар орта ғасыр авторларына негіз болады: Франция, Англия, Германия, Испания, Италия елдерінде Александр туралы көптеген романдар туады. Орта ғасыр көркем туындыларының шығыстағы маңдай алды поэмалары: Фирдоусидің «Шахнамасы», Низамидің «Искиндернамасы», Навоидің «Саади Искандари» («Ескендір қорғаны») дүниеге келді. Аталған ұлы поэмаларға өзек болған - Ескендір жорықтары. Бұл оңтүстік славяндарда да (Сербская Александрия), орыстарда да ХҮ ғасырда туады.

            Иран тарихы мен әдебиетінің ірі маман-ғалымы Е.Э.Бертельстің айтуы бойынша, («Саади Ескандари». «Вал Искандерев») Зу-л-қарнайн қорғаны (қамалы) туралы аңыз тіпті Құранға да енген дейді. Ескендір - дүниежүзі әдебиетінен кең орын алған әдеби қаһармандардың бірі.

            Абай - өз заманының оқымысты ақыны. Оның шығармаларын зерттегенде, шығыс, батыс, орыс әдебиеті, олардың тарихын, аңыз, әңгімелерін көп білетіндігіне таң қалмасқа болмайды. Ескендір жайлы да ол әртүрлі мәліметтермен танысқандығы күмән келтірмейді. Бірақ дәл қандай қорларды пайдаланғандығын айту қиын. Әйтсе де ол, ең алдымен, шығыс әдебиеті, ол тілдердегі Александр туралы жазылған тарихи деректерді жақсы білген деп топшылауға болады. Өйткені шығыстың ұлы классиктерінің шығармаларымен Абай жасынан таныс. Сондықтан Александр туралы Фирдоуси, Низами, Навои, Эмир Хосров (Әмир Хысрау) сияқты ұлы ақындардың жазғандарымен жақсы таныс болғаны байқалады. Демек, біз Абайдың «Ескендір» поэмасын осылармен салыстыра зерттегеніміз жөн.

            Е.Э.Бертельс өзінің «Навои» атты (1948ж.) кітабында мейлінше тұжырымды түрде шығыс классиктерінің өздерінің поэмаларында Александрды қалай көрсеткендіктерін шебер баяндайды. Ғажап көлемді шығармалардың сюжетін айтып жату мүмкін емес. Сондықтан академик Бертельстің айтқандарының негізінде әрқайсысына қысқаша ғана тоқталып өтелік.



&&&

$$$002-010-003$3.2.11.3 "Әзім әңгімесі" атты дастанның жарыққа шығу тарихы.

Персия тілінде Александрдың аңызға негізделген өмірбаянын өзінің «Шахнамасында» бірінші рет баяндап берген - Фирдоуси. Ол Александр туралы өзінен бұрынғы сасанид дәуірінің аңыз-әңгімелерінің әр түрін негіз еткен. Ол - Александр Филиптің баласы емес, ІІ-Дарияның баласы екен, сондықтан Александр Иранның заңды патшасы деген аңыз бар болатын. Фирдоуси да өзінің поэмасында Александрды ескі Иран патшаларының бірі етіп және оның атышулы жорық пен жеңістерін, әртүрлі қиын да, қызық та оқиғаларға кездесулерін суреттейді.

            Дегенмен бұл тақырыпты жеке алып, Александр туралы арнаулы көркем шығарма жазған бірінші ақын - Низами. Бертельс Низами «Искиндирнамасын» жазу үшін өте көп материалды, деректерді пайдаланып, иран, араб, грек, армян материалдарын да зерттей келіп, поэмадағы басты қаһарманы Александр образын үш түрлі аспектіде жасауды мақсат еткен: жауынгер, әділ патша, философ және пайғамбар деп қорытады. Низамидің көрсетуі бойынша, бұл үшеуі бір-бірімен нық байланысты, бірі екіншісін толықтырушы. Жақсы тәрбие алып өскен Александр жасынан-ақ елді әділ басқарушы ретінде суреттелінеді. Ол соғысты баю үшін, не патшалығын кеңейту үшін емес, езілушілерді қорғау, солардың қамы үшін жүргізеді. Философиямен қатты шұғылданушылар оның барлық адамдық, даналық істерін бізге айқын ашып берді, патшаның негізгі мақсаты, халыққа қызмет етуде екендігіне көзі жетті, сол үшін тәңір оған пайғамбарлық ат берді деген пікірді ұсынады дейді Бертельс академик. Біз академик Бертельстің Низами туралы айтқандарын дәл аударып отырғанымыз жоқ, қысқаша түрде өз сөзімізбен мазмұнын ғана беріп отырмыз. Әйтсе де осы келтірілген мысалдың өзінен де Низамидің Александрды қалай түсініп, қалай бағалағандығы айқын.

            Академик Бертельс Навоидың «Саади Искандариін», Низамидің «Искиндирнамасымен» салыстыра келіп, Навои поэмасында, негізінде Ескендірді екі тұрғыдан көрсетуді мақсат еткен: Ескендір - қоғам қайраткері және данышпан философ. Низамидің Ескендірді пайғамбар етіп бейнелеуін Навои қабылдамаған. Мұнысының өзінше себебі бар.

            Навои «Саади Искандари» поэмасын жазғанда, нағыз ойдағыдай ел (мемлекет ұғымында) басқарушысының образын жасауды ой қазығы етті. Бірақ ол тек қиялдағы ғана емес, өмірде болуға тиіс, өз кезіне сай келерлік ел басқарушыларды арман қылды. Темір ұрпақтарының ел басқару істеріне поэманың жетекшілік құрал болуын нысана етті. Поэмасын Сұлтан Хусейннің өзіне ғана емес, оның мұрагері Бадиазземан мырзаға да арнауы осыны мегзейді. Өзінің мемлекет жұмыстарындағы лайсаң мол тәжірибесінің негізінде Навои ел басқарушылардың қолына жетекші құрал беріп, егер олар оны басшылыққа ала отырып халқын басқарса, елін де бақытты, өздерінің патшалығын да мызғымас берік етер еді деген пікір ұсынады. Егер Навои Ескендірді пайғамбар етіп көрсетсе, оған оқырмандары бұл қол жетпес қиял деп қарар еді. Ал поэмада Ескендір пайғамбар емес, қарапайым адам етіліп суреттелгендіктен, Темір ұрпақтарының барлық іс-амалдары жөнінде Ескендірге ұқсауын талап етуге автордың хақысы бар еді деп қорытады академик Бертельс.

&&&

$$$002-011-100$Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. "Ескендір", "Масғұт" ж/е "Әзімнің әңгімесі" поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы

  2. "Масғұт" поэмасының тарихилық белгілері

  3. "Әзім әңгімесі" атты дастанның жарыққа шығу тарихы.

&&&



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет