Жұмыс бағдарламасы элективті пәндер катологі негізінде жасалды



жүктеу 263.13 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі263.13 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



Пән бағдарламасының (Syllabus)титулдық парағы





Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.4/19






Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Журналистика кафедрасы


Электронды БАҚ пәні бойынша

БАҒДАРЛАМА (Syllabus)

6М091000 «Журналистика» мамандығының магистранттарына арналған

Павлодар




Пән бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы





Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.4/19





Бекітемін

Факультет деканы_________

___________ Сарбалаев Ж.Т

(қолы) (Т.А.Ә.)

«___»_____________20__г.

Құрастырушы: Елікпаев С.Т.

Филол.ғыл. кандидаты, доцент
Журналистика кафедрасы
Электронды БАҚ пәні бойынша

6М091000 Журналистика мамандығының магистранттарына арналған



Пән бағдарламасы (Syllabus)

Жұмыс бағдарламасы элективті пәндер катологі негізінде жасалды.


Кафедра мәжілісінде ұсынылды «__» ______201__ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________Алдабергенов Қ.М. «__» ______201__ж.
ГПФ оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«__ » __________ 201___ж. №__ хаттама.


ОӘК төрайымы______________________ Ксембаева С.К.

1. Пәннің төлқұжаты.

Пәннің атауы Электронды БАҚ

Таңдау пәні компоненті

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 3



Барлық аудиториялық сағат саны -45

Дәріс -30

Тәжірибешілік/семинар сабақ -15

МӨЖ- 180


ОМӨЖ- 45

Барлық сағат саны -225



Бақылау түрі

Емтихан


Пререквезиттер Коммуникацияның теориясы

Қоғамдық байланыстар



Постреквезиттер Шетел журналистикасы

Журналистің құқықтық негіздері


2. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Электронды БАҚ дәстүрлі БАҚ үшін үлкен жаңалық болды. Бұл сала аудиторияға деген таласты күшейтті. Негізі, электронды БАҚ қазақ журналистикасының бойына қан жүгіртті деп айтуға болады. Электронды БАҚ – үлкен ғылыми ізденісті қажет ететін сала. Ал бізде журналистерді дайындайтын оқу орындары кәсіби маман дайындап шығармайды, сол өкінішті. Оның үстіне оқу бағдарламалары ескірген әрі ғылыми-техникалық базасы жұтаң. Бізге Вашингтондағы әлемге әйгілі Телевизия және радиохабарларын тарату академиясы немесе Нью-Йорктегі теле және радио өнері факультеті үлгісіндегі білім шаңырағы керек. Қазір заманауи электронды БАҚ-қа көшу үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Электронды БАҚ қазақ журналистикасының заман ағымынан қалыспауына ықпал етіп отыр. Жаңадан пайда болған мұндай БАҚ тек қазақ емес, жалпы, отандық ақпарат кеңістігіндегі бәсекелестіктің күшеюіне ықпал етті. Бүгінгі күні әрбір адамзат керек ақпаратын элек­тронды БАҚ-тар арқылы алуға дағдыланып келеді. Бұл, әрине, жақсы. Қазіргі журналистер, соның ішінде қазақ журналистикасының бет алысы, менің ойымша, тәп-тәуір. Тәуелсіздік алғанымызға көп бола қойған жоқ. Алғашқы жылдардағыдай емес, қазір заманға сай мамандар қатарының артқандығы байқалады. Ақпаратты жедел беруге машықтанған. Әрине, мұнымен тоқмейілсуге болмайды. Білімді-білікті журналист дайындау әлі де өзекті мәселе күйінде тұр. Қазір отандық қазақтілді сайттар қатары кө­бейіп келеді. Бұрындары біздің БАҚ шетелге мүлде шықпайтын. Қазір осы электронды БАҚ-тың көмегімен төрткіл дүниемен байланысымыз да жақсарып келеді. Қазақ журналистикасының даму тенденциясын жоққа шығаруға болмайды.
Мақсаты – бүкіл әлемдік желідегі түрлі сайттар тарапынан аудитория назарына ұсынылып отырған ақпараттардың жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі интернет–БАҚ-қа қандай белгілері бойынша жатқызуға болатындығын теориялық тұрғыдан қарастыру болып табылады.

Міндеттері:

  • заманауи электронды БАҚ-тар қазақ журналистикасындағы орнын анықтау;

  • ақпарат кеңістігіндегі бәсекелестіктегі электронды БАҚ-тың орнын көрсету;

  • интернет сайттары олардың электронды БАҚ-пен арақатынасын ашу;

  • БАҚ саласына қатысты атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі – мониторинг жүргізудің мәнін айқындау.


3. Пәнді оқу қорытындысында магистрант мыналарды білуі керек:

1. Оқу үрдісіндегі дамытушылық ақпараттық ортада тұлғаның дамуы мен өзін - өзі дамытуы жайлы теориялық білімдерді меңгереді.

2. Практикалық әрекеттер арқылы тетіктері заманауи технологияларды үйренеді.

3.Заманауи технологиялар дамудың кешенді сапасы болып табылады.

4. Өзін -өзі шығармашылықпен жетілдіруінің тиімділігі артады.

5.Болашақ маманның адам, тұлға, маман ретінде өзін-өзі дамытудың субъектісі болуы жүзеге асады.


Пәнді оқу қорытындысында студент мынаны істей алуы керек. Қоғамның дамуының қазіргі кезеңінде магистранттар оқыту бағдарламасы бойынша белгілі бір білімді меңгеріп қана қоймайды. Білімдік үрдісте шығармашылықпен өзін -өзі дамытуына негіз болатын коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана алатын болады. олардың болашақта заманауи мәселелерді тиімді шеше білуге қабілетті, жаңашыл, кәсіби құзыретті маман болуына ықпал етеді.

1.Қазақ тіліндегі электронды БАҚ-тың жағдайына талдау жасай алады.

2. Заманауи электронды БАҚ-таың қазақ журналистикасындағы орнын анықтай алады.

3.Ақпарат кеңістігіндегі бәсекелестіктегі электронды БАҚ-тың орнын көрсете біледі.

4.Интернет сайттары олардың электронды БАҚ-пен арақатынасын ашады.

5.БАҚ саласына қатысты атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі – мониторинг жүргізудің мәнін айқындай біледі.




4. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлеріне қарай академиялық сағатқа бөлу





Аудитор сағат саны

МӨЖ



Тақырыптың атауы

Дәрісс

Тәжіриб

студиял

лабор

барлығыы

ОМӨЖ

1

«Электронды БАҚ» курсының пәні

3

1







18

4

2

Интернет Бақ



3

2







18

4

3

Электронды БАҚ-қа мониторинг жасау

3

1







18

4

4

Электронды БАҚ-тағы негізгі қорларға талдау

3

1







18

5

5

Электронды газеттер

3

1







18

4

6

Қазақ тілді электронды БАҚ


3

1







18

5

7

Қазақ радиосы.

3

2







18

5

8

Сайттар мен блогтар және электронды ақпарат.

3

2







18

5

9

24 kz, Abai kz БАҚ-тары туралы.

3

2







18

5

10

Талдау жұмыстары.

3

2







18

4




Барлығы : 225 (3 кредит)

30

15







180

20,6


5.Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Мелюхин И.С. Информационное общество: Истоки, проблемы, тенденции развития. – М., 2009.

2. Панарин А.С. Глобальное политическое прогнозирование. Учебник. – М., 2009.

3. Тертычный А.А. Аналитическая журналистика. Москва, 2010

4. Барманкулов М.К. Сравнительный анализ жанров. Алматы, 2010

5. Барманкулов М.К. Журналистика для всех. Алматы, 2010

6. Барманкулов М.К. «Телевидение: деньги или власть?» Алматы: «Санат», 2009

7. Тұрсынов Қ.Көгілдір экран құпиясы. Алматы, 2009

8. Барлыбаева С.Х. Телевидение в мире и в Казахстане. Алматы: «Қазақ университеті», 2009

9. Ибраева Г. Ж. Масс-медиа в политической культуре общества. – Алматы: 2010

10.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2009
Қосымша әдебиеттер:

1. Амандосов Т., Елеукенов Ш., Ыдырысов Т., Қожакеев Т. Газет жанрлары. –Алматы, Қазақстан. –208 б., 1965.

2. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. –Алматы, Мектеп,. –240 б.; 1981.

3. Почкай Е.П. Методы научного анализа журналистского творчества. – СПб., 1996.

4. Рихтер А.Г. Правовые основы журналистики. Факультет журналистики МГУ, 2002.

5. Монахов В.Н. Свобода массовой информации в интернете. Правовые условия реализации. Москва, 2005.

6. Симонов А.К., Земскова С.И. Регистрация СМИ. Типовые уставы СМИ. Юридический Мир, 2006.

7. Калмыков А.А., Коханова Л.А. Интернет-журналистика. Калмыков А.А., Коханова Л.А. 2005.

8. Журналистика в мире политики. 2004. Под ред. Г.Корконосенко.

9. Барлыбаева С.Х. Коммуникационное развитие: национальный и международный аспекты. 2008.

10. Монахов В.Н. СМИ и Интернет: проблемы правового регулирования. Экопринт, 2003.

11. Воскобойников Я., Юрьев В. Журналист и информация. – М., 1993.

12. Гуревич С. Репортаж в газете. – М., 1973.

13. Колесниченко А.В. Практическая журналистика. М., 2000

14. Ворошилов В.В. Журналистика. М., 2000

15. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику. Теоретические аспекты функционирования современной журналистики в Казахстане. – Алматы: Казак университетi, 2001

16. Омашев Н. О. Белестер. -Алматы: Атамұра, 2001.

17. Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы, 1988.

18. Козыбаев С.К. Масс-медиа. Справочник. А., 2007

19. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. –Алматы, Мектеп, 1981. –240 б.;

20. Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. –Алматы, Қазақ университеті, 1992 –272 б.

6. Дәріс сабақтарының мазмұны.

Дәріс №1 Электронды БАҚ пәні.


  1. Электронды БАҚ пәнінің басты ерекшеліктері.

  2. Мақсат, міндеттері.

Билік пен халық арасындағы дәнекер БАҚ-тың өзіндік рөлі бұрынғысынан да нығайып, төртінші билік ретіндегі қауқарын күшейтті. Заманауи электронды БАҚ-тар қазақ журналистикасына жаңа тыныс, жаңа серпін әкелді. Электронды БАҚ арқылы журналис­теріміз ақпаратты жылдам әрі қызықты таратуға машықтанды. Сонымен қатар таратылып отырған тақырыптардың ауқымы кеңейіп, нақты дерек беруге сеп болды. Қысқасын айтқанда, қазақ журналистикасы электронды БАҚ-ты тиімді пайдалануда. Әлбетте, түзелуі тиіс тұстары жоқ емес. Алайда ақпарат кеңістігіндегі бәсекелестік дамыған сайын, орын алып отырған олқылықтар да оңала бастайтыны белгілі. Ал ХХІ ғасырдағы ІТ-технологиясы дамылсыз қарыштап отырған мына заманда бәсекелестік те дами түспек. Бір айта кетерлігі, қазақ журналистерінің шеберлігін, кәсібилігін арттыру тек өздеріне ғана емес, мемлекетке де қатысты. Өйткені аймақтағы қазақ журналистикасы заманауи технологияға зәру. ІТ-технологиясы тек қалалық емес, даладағы әріптестерімізге де қолжетімді болған жағдайда ғана қазақ журналистикасының бағы жанбақ. Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиісті.
Дәріс №2 Интернет Бақ.

  1. Интернет БАҚ-тың ерекшеліктері.

  2. Қазақстандағы Интернет БАҚ-тар.

Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын – интернет.

Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне байланысты интернетке сүйене отыра жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі интернет-БАҚ дүниеге келді. Дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден байқалды. Ол ақпаратты тарату оперативтілігі мен интерактивтілігі еді. Сондықтан көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде таңдауда. Интернет-БАҚ-тың алғашқы нұсқасы 1987 жылы АҚШ-та пайда болған. “The San Jose Mercury News” газеті тұңғыш рет көпшілік қауымға электронды нұсқасын ұсынған. Қазіргі таңда, АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың тиражы жарты жылда қазан айынан наурыз айына дейінгі аралықта 2,5%, ал апталық (жексенбілік) газеттердің тиражы 3,1% азайған. Керісінше, онлайн БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде. Сауалнаманы Американың газет ассоциациясы (Newspaper Association of America, NAA) 770 күнделікті, 610 апталық газеттер бойынша жүргізген. Ассоциация мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар тоқсан ішінде 56 млн. немесе интернетке кіретін адамдардың 37% құраған. Қазақстанда әзірге 3 мыңға таяу интернет сайттары тіркеліпті. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны әр түрлі бағытта. Оның ішінде банк те бар, сауда нүктелері де бар, ішінара жекелеген адамдардың сайттары да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі сайттар кенжелеп дамып келе жатыр десек те, кей сәттері әжептәуір үміт күттіріп қояды.

2006-2009 жылдарға есептелген Қазақстан Республикасының ақпарат нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі тұжырымдамада отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың бірден-бір тетігі желідегі БАҚ сапасын арттыру деп көрсетілген. Сондықтан, отандық интернет–БАҚ-тың санымен қатар сапасын арттыру кезек күттірмейтін мәселе.

Зерттеу барысында интернет–БАҚ-ты теориялық тұрғыдан зерттеген Ресей мен Қытай ғалымдарының еңбектеріне сүйендік. Сондай-ақ, отандық журналистердің мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларын пайдаландық.

Дәріс құрылымы – алдымен интернет тарихына тоқталамыз. Интернеттегі сайттарды БАҚ деп қандай белгілерге сәйкес есептеуге болатындығы қарастырылып, тиісінше интернет-журналистика ерекшеліктері, интернет–БАҚ типологиясы талданады. Еліміздегі дәстүрлі БАҚ үшін интернетте сайттың орналасу жобасымен қатар, дәстүрлі БАҚ-тың интернеттегі нұсқасы ретінде «Хабар» агенттігінің сайты негізгі нысан болып таңдалды.

БАҚ саласына қатысты атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі – мониторинг жүргізу мәселесі. Ондағы негізгі мәселелер БАҚ-ының қолданыстағы заңдылықтарды сақтауы, жарияланып жатқан материалдардың бағыттары, т.б. арналған.


Дәріс №3. Электронды БАҚ-қа мониторинг жасау.

1.Мониторинг қажеттілігі.

2. Бағыттары.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тарапынан БАҚ өніміне мониторинг жұмыстары жүргізілуі тиіс. БАҚ өніміне мониторинг жүргізу дегеніміз – Қазақстан Республикасы заңдылықтары талаптарының бұзылуын айқындау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің мазмұнына талдау жасау.

БАҚ өніміне мониторинг жүргізудің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы заң актілерінің бұзылуын айқындайтын ақпарат болып табылады.

Мониторинг жүргізудің қорытындысы мерзімді баспа және электронды БАҚ-ында заңсыздықтарға жол бермеу, интернет-ресурстарда Қазақстан Республикасы заң актілерінің бұзылуына бағытталған ақпараттарды жібермеу болып табылады.

Қазақстан Республикасы заңдылықтарын сақтау мақсатында БАҚ өніміне мониторинг жүргізуде келесі мәселелер қарастырылады:

- жергілікті атқарушы органдардың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңдылықтарын сақтау бойынша БАҚ өніміне мониторинг жүргізу, сондай-ақ, өзге де мемлекеттік органдардың сұранысына сәйкес БАҚ өнімдеріне мониторинг жүргізу;

- заңға қайшы келетін ақпараттар таратылған жағдай айқындалғанда БАҚ-ының меншік иесіне ескертпе хаттар дайындау;

- БАҚ-ының меншік иесіне ескертпе хаттар жолданғаннан кейін БАҚ өніміне бақыланбалы мониторинг жүргізу;

- Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөнінде хаттама, БАҚ-ынан берілген заңға қайшы ақпараттарды жою бойынша сотқа талап арыз дайындау;

- сот шешімінің орындалуы бойынша БАҚ өніміне қайталанбалы мониторинг жұмысын жүргізу.

БАҚ өніміне мониторинг үш бағытта жүргізіледі:

1.БАҚ түрі

2.Жүргізілу уақыты

3. Талап бұзушылықтарды тіркеу әдістері

Баспа БАҚ (мерзімді баспа басылымдары)

Баспа баслымдарын қарау күнделікті жүзеге асырылады

Сканерленген көшірмелерді дайындау

Электронды БАҚ (теле,-радиоарналар)

Электронды БАҚ қарау күнделікті жүзеге асырылады

Аудио,-бейнежазбалар көшірмелерін дайындау

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурстарды қарау күнделікті жүзеге асырылады

Экрандық түсірілімді дайындау (скрин-есептер)

Қолданыстағы заңдылықтардың бұзылуы анықталған жағдайда маман:

1. Анықталған бұзушылықтар жөнінде басшылықты жедел хабардар етеді;

2. Бұзушылық фактісін тіркейді (экрандық түсірілім, бейнесюжеттерді жазу, т.б.);

3. Алынған материалдың Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкестігіне талдау жүргізеді;

4. Қазақстан Республикасы заңдылықтары талаптарын бұзылуына жол берген БАҚ меншік иесі туралы ақпараттарды айқындау бойынша шараларды жүзеге асырады.

Жыл басынан бері облысқа қатысты 176 сыни материал жарық көрді. Атап айтқанда:

- БАҚ бойынша алғашқы жартыжылдықта 78, электронды БАҚ бойынша 98 материал жарияланды.



Сын садағына іліккен мекемелерге Басқарма тарапынан хат жолданып, редакцияға жауап беру жөнінде тапсырылып отырды.
Дәріс №4. Электронды БАҚ-тағы негізгі қорларға талдау.

  1. Қоғамдағы электронды БАҚ-тың ықпалы.

  2. Ақпараттық қайшылық.

Ақпараттық соғыс (АС) - материалдық және интеллектуалдық салаларда қандай да бір ұтыс алу мақсатында бір-бірінің ақпараттық ресурстарына белсенді ақпараттық ықпал жүргізетін қарсыластардың қалпы. "Ақпаратық соғыс" ұғымы ақпараттық ресурстардың, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың, бұқаралық ақпараттың электрондық құралдарының дамуына орай кең қолданыла бастады. Ақпараттық соғыстың басты мақсаты - қарсы жақты өз ырқына мәжбүрлеп көндіру арқылы өз мүддесіне сәйкес келетін саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік ұтысқа қол жеткізу. Өз мақсатына жету үшін қарсы жақтар ақпараттық және интеллектуалдық ресурстарына ықпал ете алатын және алдап-арбауға мүмкіндік беретін кез келген құралдарды қолдануға әзір. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың негізінде ақпараттық қару жасалып қолданыла бастады. Ақпараттық соғысқа тән қасиет - барлық іс-әрекетті жоспарлау. Ақпараттық соғыс барысында стратегиялық, тактикалық және тез шешім қабылдауды қажетсінетін міндеттер қойылып, шешімін табуы мүмкін. Ақпараттық соғыстың басты белгісі ұлттық және бірлескен мүдделерді "белінен басатын" әскери іс-әрекеттің шексіздігі. Ақпараттық соғыс мемлекеттер, одақтар, қоғамдық, экономикалық және әскери құрылымдардың арасында жүргізілуі мүмкін. Ақпараттық соғыстың "психологиялық соғыспен" ұқсастығы басым, өйткені Ақпараттық соғыс субъектілерінің мақсаты электронды БАҚ-ның қатысуымен орындалады. Ақпараттық соғыста жеңіліс табатын негізгі нысандар: ақпараттық жүйе, мемлекеттің, қоғамның ақпараттық және интеллектуалдық ресурстары, адамдардың жүйкесі. Ақпараттық соғыс геостратегиялық жағдайға, саяси және әскери міндеттерге, дамыған елдердің ақпараттық кеңеюге қүлшынысына, біржақты үстемдікке негізделген бірқатар факторлардың ықпалынан тууы мүмкін. Ақпараттық соғысты жүргізудің негізгі бағыттары: қарсыластың өмірлік маңызды - саяси, экономикалық, әскери, қоғамдық, ғылыми-техникалық құрылымдарының қалыпты қызметін жою (бұрмалау) арқылы ақпараттық ресурстарын жеңіліске ұшырату, сонымен қатар, ком¬пьютерлік желісінің бағдарламалық-техникалық құралдарының, ақпараттық- телекоммуникациялық жұмысының шырқын бұзып, қиюын кетіру және т.б.; қарсыластың даму деңгейін анықтау мақсатында ақпараттық ресурстарына жасырын бақылау орнату, тежеу саясатын ұстану және өз пайдасына шешілуіне күш салу, қоғамдық санаға ықпал ету, ақырында қарсы жақты келесі жақтың мүдделеріне сәйкес келетін шешімдер қабылдауға мәжбүрлеу; қарсыластың барлық ақпараттық ықпалына төтеп беретін мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ақпараттық соғыс ашық және жабық түрде жүргізілуі мүмкін. Ақпараттық соғыс соғыс процесі нақтылы мақсаттарын бүркемелеу үшін "қарапайым соғыс" жағдайында ашық әрі агрессивті сипатта жүреді. Ал, бейбіт жағдайда ақпараттық ықпал әдетте ұзақ уақыт және жасырын ақпараттық қарсыластық сипатта болады. Кейде Ақпараттық соғыста "кім жау" екенін ажырату қиынға түседі. Ақпараттық соғыстың құрамдас бөлігіне мыналар жатады: психологиялық шаралар, электрондық соғыс шаралары, теріс ақпарат тарату мен қарсы үгіт-насихат шаралары, қарсы әрекет ету мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, тікелей ақпараттық шабуылдар, ақпараттық ресурстар бөліктеріне тікелей залал келтіру. Бұл шаралардың тиімділігі ақпараттық ресурстардың қорғалуына және қауіпсіздігіне байланысты. Ақпараттық соғыс салдары әртүрлі: саяси, экономикалық, қаржылық және әскери салаларда пайда табу; қоғамдық сананы өзгерту, қоғамдық-саяси шаралардың және "сөз бостандығының" беделін түсіру, саяси, экономикалық, әскери шараларды бүркемелеу; жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін бұзу; мемлекеттік, қаржылық және коммуникациялық желілердің және ақпараттық жүйелердің қызметін бұзу; құпия ақпаратқа қол жеткізу және электронды жүйелерге және желілерге шығар жолды бұзу және т.б.
Дәріс №5. Электронды газеттер.

1. Электронды газеттер ерекшеліктері.

2. Ақпараттық дуализм
Америкадағы «Ұлттық газет қауымдастығының» директоры Брайн Л. Стеффенс бір мақаласында: «ХХІ ғасырда газеттер айналадағы жағдайға тез бейімделетін хамелеонға айналды»,– деп жазады. Расында, газеттер үнемі ғылыми дамуға ілесіп отырды: олар парақтық басылым түрінен, ротациялық басылым машинасына ауысты, ақ-қара түсті бейнеден, түрлі-түсті бейнеге, ал қазір қағаздан электронды құралдарға ауысып жатыр. Интернет технологиялардың мүмкіндіктері артып отыр. Электронды газеттердің небір форматтарына арналған бағдарламалар баршылық. Оның үстіне, газет-журнал шығарудың қаржылай шығыны да мол, ал электронды газеттер жасау үшін көп қаражат жұмсалмайды. Тек журналистерге талап күшеймек. Олар дәстүрлі БАҚ-қа қарағанда екі есе жедел қимылдауға икемделеді. Біздегі мерзімді басылымдардың ақпарат таратудағы жылдамдығы бәсең болғандықтан, көпшіліктің интернет-газеттерді оқитыны заңды құбылыс. Әлемдік ақпаратқа ілесіп отыру үшін біз интернет технологиялармен жұмыс істеуді одан әрі дамытып, оның жалпы халыққа қолжетімді.

Кезінде АҚШ-тың президенті Ричард Никсон ұлттық қауіпсіздік кеңесінде бюджет шығындары туралы сөйлеген сөзінде «ақпарат пен үгіт-насихатқа жұмсалған 1 доллар қару жүйесін құруға жұмсалған 10 доллардан әлдеқайда табысты, қаруға кеткен шығын сол мерзімде іске жаратылып үлгеретін болса, шығын кетірген ақпа­рат әр сәт бойы, әр сағат бойы жұмыс істей береді» деген болатын. Яғни қоғамдық сана мен идеялық бағыт-бағдарды айқындауда БАҚ-тың рөлі орасан зор. Транзитті елдерде БАҚ қоғамның жаңа саяси мәдениетін қалыптастырушы басты фактор, қоғамдық пікірдің қозғаушы күші саналады. Қазақстандық масс-медианың ерекшелігі – ақпараттық дуализмнің орнығуы, яғни қоғамдық сана мен идеялық бағдар қазақтілді және орыстілді БАҚ-қа кіндігінен байлаулы. Ақпараттық һәм идео­логиялық дуализм постколониялық елдердің көбіне тән болып келеді. Дегенмен біздің қоғамда бұл құбылыстың салдары күшті байқалады. Жойдасыз бәсекеде қазақтілді БАҚ-тың бәсі кем болып жатқаны қабырғаға батады. Орыстілді және ресейлік телеөнімдер ықпалының жоғары болуының себебін орыс тілінің күшті позициясымен және оның лексикалық кең таралуымен түсіндіруге тура келеді. Әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері іс жүзінде Қазақстан азаматтарының үштен бірінің ақпараттың сыртқы көздерін алуды қалайтынын көрсетті. Бұл – еліміздің ақпараттық-идеологиялық саласындағы күрделі мәселе. Отандық масс-медиа кеңістігінде қазақтілді және орістілді БАҚ саны біркелкі емес. Қазір елімізде 2514 газет пен журнал, 238 электронды БАҚ, оның ішінде 100 телеарна мен радиостансы бар екен. Жалпы, 2011 жылғы дерек бойынша, отандық масс-медиа кеңістігіндегі қазақтілді БАҚ үлесі 19,1%-ды құраған болса, орыстілді БАҚ – 33,4%, ал қазақ және орыс тілдерінде БАҚ үлесі 35%-ды құрады. Бұдан қазақтілді БАҚ-тың пайыздық үлес салмағы әлі де олқы түсіп жатқанын байқаймыз. Дегенмен соңғы жылдары халықтың сұранысына байланысты қазақ тілінде шығарылатын басылымдар саны өсіп келеді. Әрине, бұдан орыстілді БАҚ-тың позициясы әлсіреді деген ой тумауы керек. Керісінше, қазақтілді БАҚ саны артқан сайын ондай үрдісті қаламайтындар ақпараттық майданның көрігін қыздыруға тырысып бағады.


Дәріс №6. Қазақ тілді электронды БАҚ

1.Ұлттық идеяның генераторы.

2.Қазақстандық БАҚ-тың қоғамға ықпал етуіндегі екі бағыт.

Қазақстандық масс-медиа алаңындағы қазақтілді БАҚ ұсынып жататын ұлттық идея «этномәдени тұжырымдамаларға» жүгінетін болса, қазақстандық идеяны жақтаушы орыстілді БАҚ «саяси-азаматтық көзқарастарды» негізге алады. Қазақтілді және орыстілді БАҚ арасындағы қайшылық 2009 жылы «Ел бірлігі» доктринасын талқылау кезінде айқын көрініс тапты. «Ел бірлігі» доктринасының өңделген нұсқасы екі ақпараттық лагерьді өзара ымыраластырғандай болғанымен, доктрина екі жаққа темірқазық бола алды деп айту қиын. Отандық БАҚ алаңында ұлттық идея мен қазақстандық идея арасында іштей қайшылық пен өзара бәсекелестік барына көз жеткізу қиын емес. Дегенмен ұлттық идеяның генераторы – қазақтілді БАҚ. Қазақтілді басылымдардың атауы ұлттық символикалық болып келеді. Мәселен, «Жас Алаш», «Жас Қазақ», «Егемен Қазақстан», «Жас қазақ үні», «Алаш айнасы», «Ана тілі», «Түркістан», «Ұлт Таймс», «Үш қиян» газеттері, «Намыс кз» журналы, «Абай.KZ» сайты және т.б. Орыстілді басылымдар атауы: «Время», «Мегаполис», «Экспресс К», «Панорама», «Деловая неделя» және т.б. Сайып келгенде, қазақстандық БАҚ-тың қоғамға ықпал етуінде екі бағыты барын айтқан жөн.

Қазақстандық БАҚ-тың қоғамға ықпал етуіндегі екі бағыт:

1. Қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының балама ұлттық идеясы: Түркі одағы, көк бөрі, Алаш идеясы, Түркістан, латын графикасы, қазақ тілі, «Атамекен», «Өтікен», «Ергенеқон», «Жиделі-Байсын», «Жерұйық», «тұраншылдық», «түркішілдік», «шыңғысшылдық» және т.б. жинақталып, қазақ идеясын құрайды.


2. Орыстілді БАҚ насихаттайтын қазақстандық идея: Үш тұғырлы тіл, орыс тілінің статус-квосы, көпұлттылық, еуразияшылдық идеясы және т.б. – барлығы қазақстандық идеяны құрайды. Сондай-ақ қазақтілді және орыстілді БАҚ арасындағы принципті айырмашылықтарды байқаймыз: қазақтілді БАҚ мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің позициясының өз мәртебесіне лайық болғанын қалайды. Мемлекеттік тілдің жоқтаушысы.

Орыстілді БАҚ орыс тілінің үстем позициясын қорғайды, проресейлік мүддеге жа­қын. Дегенмен қазақтілді және орыстілді БАҚ-қа ортақ идеялық тақырыптар баршылық: «Қазақстан – 2030» стратегиясы, «Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің сана­тына ену», «Зияткерлік ұлт қалыптастыру», «Мәдени мұра», Астана идеясы, діндер съезі, толеранттылық және т.б.


Дәріс №7.Қазақ радиосы.

1.Қазақ радиостанциясы.

2.Бүгінгі қазақ радиосындағы электронды жүйе.
Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы - Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады.

Республикалық Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақпараттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен еткізді. Сөйтіп, республикалық эфирден үңдеулер, шақырулар, деректер, нұсқаулар, мәліметтер, жаңалықтар үзбей жиі берілетін болды. Орынбордан кейін Қазақ КСР-інің астанасы болған Қызылорда қаласында 1926 жылдың 3-ші қазанынан бастап, Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.



Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. Алайда, оның хабарлары маусымның бас кезінде ғана тұрақты түрде таралып, келемі тәулігіне алғашқыда 4 сағат, кейінірек 6 сағаттан 12 сағатқа дейін жеткізілді. Қазақ радиокомитетінің құрылымы 1939 жылы штаттық кестеге сәйкес: басшылық; үгіт және насихат секторы; «Соңғы хабарлар» редакциясы; музыкалык, хабарлар редакциясы; әдеби-драмалық хабарлар редакциясы; Балалар хабарлары редакциясы; шығару секторы; бұқаралық жұмыс және радиотыңдаушылар хаттары секторы; радиоландыру белімі; радиоәуесқойлар секторы; бақылау-инспекторлык тобы; механикалық хабарлар бөлімі; тораптық хабарлар секторы; атқарушы адамдар; қызмет керсетуші адамдар; кадрлар секторы; арнаулы бөлім болып бекітілді. Қоғамдық өзгерістер мен жаңа технологиялар Қазақ радиосына да ақпараттар тасқынынан қажетті мағлұматын алуға мүмкіндік жасады. Оңтайландыру кезінде Қазақ радиосының да бюджеті мен штаты барынша қысқартылып, тұтастай бір “Шалқар”, “Ауыл өмірі” арналары жабылып қалған еді. Қазіргі мемлекеттік тапсырыс бойынша тәулігіне 15 сағатқа дейін әуе толқынына хабар таратса, тәулік бойы 16 рет ақпараттық хабарлар топтамасы қазақ және орыс тілдерінде беріліп отырады, оның 8-і тұтастай жаңа мағлұмат-деректерден түзіледі. Жедел ақпарат орталығының 15 шығармашылық қызметкері оларды өңдеу, даярлау және эфирге беру міндеттерін атқарады. Ал бірнеше жыл бұрын ақпараттық хабарлар әр сағаттың басында беріліп, “Соңғы хабарлар” редакциясында 200-ге тарта адам қызмет атқаратын. Міне, осы журналистер қатарының қысқарғанына қарамастан ақпаратты дайындау мен өңдеудің сапасы кеміген жоқ. Рас, бұрынғыдай журналистер өздері дайындаған ақпаратты емес, көбіне сырттан келіп түсетін хабарларды өңдеумен айналысады. Ондай көздердің қатарында ақпараттық агенттіктер мен Интернет бар. Қазақ радиосының жедел ақпарат орталығына күніне 200-ден аса әртүрлі электронды хаттар келіп түседі. Оның ішінде жаздыру жолымен алатын Қазақ ақпарат агенттігі, “Интерфакс Қазақстан”, “Kazakhstan Today”, “Қазақстан Пресс”, “Кода” ақпараттық агенттіктерінің, бірқатар министрліктер мен ведомостволардың баспасөз қызметтерінің жазбалары бар. Сол сияқты Интернет арқылы күнделікті жаңалықтарды талдау жасау жүзеге асырылады. Сонымен бірге Си-Эн-Эн, Би-Би-Си, Рейтер халықаралық компаниялары, Неміс толқыны, Америка дауысы, Ресей ақпарат агенттігі, ИТАР-ТАСС және басқалар бар. Бірақ Интернеттегі көп жаңалықтар әлемдік және ресейлік тақырыптарды қамтиды да, қазақстандық ішкі ақпараттар көзі әзірге аз болып отыр. Соңғы уақытта Қазақ ақпарат агенттігімен бірге “Интерфакс Қазақстан” агенттігі де қазақ тілінде өз хабарларын бұқаралық ақпарат құралдарына тарата бастады. Қазақ радиосының ақпарат қызметінің журналистері бірінші кезекте осы мағлұматтарға талдау жасайды және соның негізінде өзінің ақпараттық хабарларын түзеді. Ақпараттық хабарларды беруде ұдайы даму барысы ескеріліп отырылады. Мысалы, таңертеңгілік ақпараттарда болатын оқиғалар туралы қысқа мағлұматтар берілсе, түске қарай олардың барысы баяндалады, кешке маңызды қорытындылары жасалады. Міне, осындай жан-жақты ақпаратты дайындауда Қазақ радиосының қызметкерлері аз ғана күшпен жаңа технологияларды игеру арқылы міндетін ойдағыдай атқарып келеді.
Дәріс №8. Сайттар мен блогтар және электронды ақпарат.

  1. Дәстүрлі медианың болашағы.

  2. Сайттар мен блогтардың ықпалы.

Көлемді ақпарат билеген заманда дәстүрлі медианың болашағы алаңдатпай қоймайды. Өйткені бүгінде қандай жаңалықты болмасын, оқырманға һәм көрерменге әп-сәтте жеткізуші электронды БАҚ-тың дәурені жүріп тұр. Әсіресе, интернеттің алдағы 20-30 жылда газет-журнал атаулыны ақпарат кеңістігінен ығыстырып тастауы мүмкін. Отандық БАҚ-тың дәстүрлі форматтан мультимедиялық форматқа көшу жолындағы жанталасы осыған саятындай.

Статистикаға сүйенсек, ғаламтор қолданысқа енгеннен кейінгі алғашқы 5 жыл ішінде оны 50 млн. адам қарап үлгеріпті. Радио мұндай аудиторияны 38 жылда, телевидение 13 жылда жинап үлгерген. Алаңдататыны – мерзімді басылымның болашағы. Күллі жұрттың көңілі интернетке ауған шақта оқырманнан айрылып қалу қаупі еселене түсті. Өркениет көшіне ілеспесе тағы болмайды. Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің твиттеріндегі: «Блоггерлер – мерзімді баспасөзді жерлеушілер», – деген тосын пікірі ақпаратты ғаламторға орналастырудың тиімділігін көрсететіндей. Оның үстіне, бүгінде қатары көбейген блог жүргізушілері дәстүрлі журналистердің алдын орап әкететін болды. Алайда, блог ресми БАҚ саналмайды және сенімді ақпарат көзі деуге келмейді.
Дәріс №9. 24 kz, Abai kz БАҚ-тары туралы.

1.Abai.kz тобы.

2.24 kz.

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.

Бас редактор - Дәурен Қуат, Шеф-редактор - Өміржан Әбдіхалықұлы

тел.: +7 (727) 249-70-11, факс: +7 (727) 249-70-14

E-mail: abai-akparat@mail.ru

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді. Тәулік бойы ақпарат тарататын арна. Пайдаланушы материалдарды қолдану барысында www.24.kz сілтемесін көрсетуі тиіс.

Негізгі бағыттары.Жаңалықтар, Тележобалар, Бағдарламалар,тікелей эфир.

Абай, Алашорда, Доктрина, Клуб, Топ-мақалалар, Кітапхана, Талқы Форум, Дайджест, Аймақтар, Порталдың картасы, Сұхбаттар, Саясат,Экономика, Әлеумет, Тарих, Ғылым-білім, Әлем, Мәдениет, Руханият,Спорт


Дәріс №10. Талдау жұмыстары.

  1. Қазіргі электронды БАҚ-тарға талдау жасау.

  2. Абай институты (http://abai-inst.kz/), «Хабар», «Қазақстан ҰТА» ақпарат тарату мүмкіндіктері. Электронды желі.



7. Практикалық сабақтар мазмұны.

1- сабақ. Электронды БАҚ пәні.

2.Электронды БАҚ пәнінің басты ерекшеліктері.

3.Мақсат, міндеттері.
2 - сабақ. Интернет Бақ.

1.Интернет БАҚ-тың ерекшеліктері.

2.Қазақстандағы Интернет БАҚ-тар.

3 - сабақ. Электронды БАҚ-қа мониторинг жасау.

1.Мониторинг қажеттілігі.

2. Бағыттары.

4 - сабақ. Электронды БАҚ-тағы негізгі қорларға талдау.

1.Қоғамдағы электронды БАҚ-тың ықпалы.

2.Ақпараттық қайшылық.

5- сабақ. Электронды газеттер.

1. Электронды газеттер ерекшеліктері.

2. Ақпараттық дуализм

6 -сабақ. Қазақ тілді электронды БАҚ

1.Ұлттық идеяның генераторы.

2.Қазақстандық БАҚ-тың қоғамға ықпал етуіндегі екі бағыт.

7- сабақ. Қазақ радиосы.

1.Қазақ радиостанциясы.

2.Бүгінгі қазақ радиосындағы электронды жүйе.
8-сабақ. Сайттар мен блогтар және электронды ақпарат.

1.Дәстүрлі мелианың болашағы.

2.Сайттар мен блогтардың ықпалы.
9-сабақ. 24 kz, Abai kz БАҚ-тары туралы.

1.Abai.kz тобы.

2.24 kz.
10- сабақ. Талдау жұмыстары

1. Абырой http://kz.abyroi.kz/, Азаттық http://www.azattyq.org/

2. 45 минут http://45minut.kz/, fergana_ru, http://svpressa.ru/
8. Өздік жұмыс тапсырмалары.

1.http://www.respublika-kz.info/news/politics/

2.http://forum-msk.org/opposition_hoop/

3.http://www.lgz.ru/

4.http://www.liveinternet.ru/rating/ru/

5.http://elementy.ru/email/

Көрсетілген БАҚ құралдарының мақсат-міндеттері мен бағыттары,
6. Негізгі тақырыптары, кейінгі аптадағы номеріне талдау.

7. Берілген БАҚ құралдарына мониторинг жасау.



8. Қалаған біріне материал ұсыну.
10. ОМӨЖ кеңесінің кестесі




Сабақ түрлері

Дүйсенбі

сейсенбі

Сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңестер

15.50-16.40
















2.

Тәжірибе сабақтарының сұрақтары бойынша кеңестер




15.50-16.40







15.50-16.40




3.

МӨЖ сұрақтары бойынша кеңестер










16.55-17.45







4.

Тест сұрақтары бойынша кеңестер







14.45-15.35













©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет