Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде әзірленген



жүктеу 358.94 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі358.94 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30




Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 050205 « Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар



Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31


















БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Н.Э.Пфейфер

20__ж. «___»____________


Құрастырушы: _________ ф.ғ.к.,доцент Мүтәлиева Р.М.


Қазақ филологиясы кафедрасы


«Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша - қазақ филологиясы 050205 мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты __________________________________және типтік бағдарлама негізінде әзірленген (стандарт шифрі)

050205 –«Филология» мамандығы бойынша пәндердің типтік бағдарламалары. Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесі 22.06.2006 жылғы мәжілісінің хаттамасының шешімімен бекітілді және іске қосылды.


20_ ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ Хаттама.

Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Қ.Жүсіпов 20__ ж. «____» ________



Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған ____________________________________________ 20_ ж. «_____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы ________________ Е.Н.Жұманқұлова 20_ ж. «_____»___________


КЕЛІСІЛГЕН

Факультет деканы ФЖжӨ ________ Ж.Т.Сарбалаев _________ 20_ ж. «_____»________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________ А.А.Варакута 20_ ж. «_____»_______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

20__ ж. «___»______________ №____ Хаттама



1 Пәннің мақсаты

Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың орта тұсындағы (1941-1960) әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.



Пәннің міндеті

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

ХХ ғасырдың орта тұсында жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаяны жөнінде түсініктері болуы;



  • Шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді толық білуі;

  • жекелеген автордың шығармашылық ерекшеліктерін танытуда , ақындар өлеңдерін жатқа білуде икемді болуы;

  • шығарманың идеялық, жанрлық, көркемдік-бейнелеу тәсілдерін, шеберлікті айқындай білуде, образдар жүйесіне талдау жасай білуде практикалық машықтарды иемдену қажет;

.

2 Пререквезиттер:

- Қазақ халық ауыз әдебиеті

- Әдебиеттануға кіріспе.

- Әдебиет теориясы

- Ежелгі дәуір әдебиеті

- Қазақ Хандығы дәуіріндегі әдебиет


3 Постреквизиттер

- Орыс әдебиеті

- ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті

- Қазіргі қазақ әдебиеті.



- Түркі халықтары әдебиеті.

4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары


Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс

Пр

Зерт

Студ

жеке

СӨЖ

1

Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті (1941-1960)

2

1










5

2

Жамбыл Жабаев

2

1










5

3

Иса Байзақов

2










5

4

Мұхтар Әуезов

10

4










20

5

Сәбит Мұқанов

4

2










10

6

Ғабит Мүсірепов

5

4







20

7

Ғабиден Мұстафин

1










5

8

Ғали Орманов

1

1







5

9

Тайыр Жароков

1







5

10

Хамза Есенжанов

1

1










5

11

Қасым Аманжолов

1

1










5




Барлығы:

30

15










90



4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны


1-тақырып Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті

Ұлы Отан соғысының басталуы. Майданға шақыратын патриоттық өлеңдер. Публицистика, әңгіме, очерктер.Соғыс кезіндегі қазақ халық ақындарының өлеңдері.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ поэзиясында Жамбыл творчествосының алатын орны. «Ленинградтық өрендерім», «Москваға», «Алынбас қамал», т.б. өлеңдерінің идеялық, көркемдік мәні.

Соғыс кезінде қазақ поэзиясында үгіттік қуаты мол, жалынды өлеңдердің тууы. Т.Жароков «Жұлдыздай жанған Москва», «Ленин қаласы», Ә.Тәжібаев «Ленинград», Д.Әбілов «Торабында көп жолдың», Ғ.Орманов «Ел арманы», Ә.Сәрсенбаев «Туыс», т.б.

Отан қорғаушылардың патриоттық бейнесінің көрінуі және оны сомдауға бағытталған ізденістер. Поэзияда лирикалық кейіпкердің рухани әлемін бейнелеу әдіс-тәсілдері орныға бастауы.

Поэмалар. Нұрпейіс Байғанин «Ер туралы жыр» (1942), Қалқа Жапсарбаев «Сеңгірбаев Мұсабек» (1942-43), Әбдіғали Сариев «Капитан Гастелло», Д.Әбілев «Майданбек» (1943), Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943), т.б. поэмалардағы соғыс және адам, Отан және ерлік.

Қазақстан жауынгерлерінің ерлігін суреттеуге арналған өзге ұлт ақындарының шығармалары.Н.Тихонов, С.Маршак, С.Михалков, Н.Асеев, В.Инбер, С.Кирсанов, т.б. өлең-поэмалары. И.Эренбург, А.Довженко, А.Кривицкийлердің мақала-очерктері. «Волокаламск тас жолы» повесі (А.Бек)



Баубек Бұлқышев (1917-1943) шығармаларындағы ерлік пен жауынгер арманын суреттейтін мақала-очерктер («Жауыздық пен махаббат», «Өмір мен өлім туралы», «Мен өмір сүргім келеді», «Заман біздікі», «Шығыс ұлына хат», «Тыңда, Кавказ») т.б. Жазушы шығармаларының лирико-публицистикалық пафосы.

Абдолла Жұмағалиев шығармашылығы. Абдолланың романтикалық пафосты өлеңдерінің поэтикасы. «Айсұлу» поэмасы мен аудармалары.Майдан даласынан жазылған «Алматылықтар» романы.

Жұмағали Саин Ұлы Отан соғысы туралы жазған «Есімде Айдар өзені», «Түн қатады партизан», «Дөнен», «Жауынгер сөзі», «Айтылмай келген аманат», «Жаралы партизан жырлары», т.б. жырлары. Майдан, соғыс, әскери техника, шайқас көріністерінің көркем бейнесі. Партизан тақырыбындағы шоғыр өлеңдері.

«Күланда» поэмасы (1940). Шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясы. Құрылысының «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Ақбөпе» атты поэмаларға ұқсастығы. Күланда, Әбікеш образдары.Поэманың көркемдік-идеялық ерекшеліктері.

Ақын творчествосының қазақ әдебиетіндегі орны.

Мәлік Ғабдуллиннің «Майдандық жазбалары» («Менің майдандас достарым»).

Ғабит Мүсірепов. «Ақ иықтар» (1941), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1945) әңгімелері мен «Қазақ батыры» (1945) повесі.

Әлжаппар Әбішев «Төлеген Тоқтаров», «Саржан», «Жас түлектер». Майдандағы жауынгерлер мен тылдағы еңбекшілердің қажырлы еңбегін суреттеуге арналған шығармалар.

Ғабдол Слановтың «Жанар тау» романы (1945).Шығармадағы жұмысшылар өмірінің суреттелуі.

Ғабиден Мұстафин.«Шығанақ» романы. Романда соғысқа дейінгі және соғыстың алғашқы жылдарындағы оқиғалардың қамтылуы. Шығанақ бейнесі, оның характерінің ұлттық сипаты.


Мұхтар Әуезов. «Абай» романының бірінші кітабының баспадан шығуы (1942) және роман туралы әдеби сындағы түрлі пікірлер.

Драматургия. М.Әуезов «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (Ә.Әбішевпен бірге жазған) (1942), «Қынаптан қылыш» (Ғ.Мүсіреповпен жазған) (1945).

Ш.Хұсаинов «Амангелді» пьесасын жазуы.Пьесаның тарихи тақырыпқа жазылған көркемдік-идеялық ерекшелігі.

Әдебиеттану ғылымының дамуы. Академик Орлов пен профессор Жирмунскийдің қазақ эпосы туралы көлемді зерттеулері. М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Е.Ысмайыловтың, Қ.Жұмалиевтің, Ә.Тәжібаевтың, М.Сильченконың Абай туралы еңбектері.Орта мектепке арналған әдебиет оқулықтары мен хрестоматиялардың шығарылуы. С.Мұқановтың «18-19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің очеркі» аты кітабының шығуы. Қазақ әдебиеті тарихы мәселелерінің зерттеле бастауы.

Әдеби сын және әдеби процесс.

Соғыс жылдарындағы қазақ әдебиетінің жалпы қорытынды бағалары.

Соғыстан кейінгі дәуірдегі әдебиетіміздегі өрлеу. Әдебиет пен өнер туралы идеологиялық қаулы-қарарлар.



М.Әуезов «Абай жолы» және олардың әдеби дамуға ықпалы. Романының өте жоғары бағаға ие болуы. Қазақ жазушылары шығармаларының орыс тілінде («Абай», «Миллионер», «Ботагөз», «Шығанақ», «Қазақ солдаты») басылып шығуы. Олардың әдеби сында (тек қана қазақ әдебиетінде ғана емес) бағалануы.

Соғыстан кейінгі он бес жыл. Қазақстан шаруашылығы мен мәдениетіндегі үлкен бетбұрыстар. Қазақ жазушыларының шығармаларындағы осы өзгерістер көрінісі. С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Сланов, Б.Соқпақбаев, Ә.Нұршайықов тың игерушілер жайлы очерк, әңгімелері.

Қазақ поэзиясының дамуы. С.Мұқанов, Т.Жароков, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Ж.Саин, Қ,Аманжолов, Қ.Бекқожин, Қ.Жармағамбетов, Д.Әбілевтердің өлең жинақтары мен таңдамалыларының жарық көруі.

Осы жылдары әдебиетке бір топ талантты ақындардың қосылуы. Х.Ерғплиев, С.Мәуленов, Ж.Молдағалиев, М.Әлімбаев, С.Сейітов, І.Мәмбетов, А.Шамкенов, т.б.



Ә.Сәрсенбаевтың «Туған өлке» (1948), «Отан таңы» (1952), «Өлеңдер мен поэмалар» (1956), «Офицер күнделігі», «Толқында туғандар» т.б. шығармалары.

Қазақ ақындары еңбек адамы бейнесі мен іс-әрекетінің суреттелуі. Х.Ерғалиев «Үлкен жолдың үстінде» (1949), Т.Жароковтың «Сұр құлын», «Адам» (1947), «Жұлдызды жастар» (1950), «Темірші» (1950), «жапанды орман жаңғыртты» (1949), Ә.Тәжібаев «Комсомол сөйлейді» (1954), Ж.Молдағалиев «Бір күн, бір түн», «Секретарь» (1952).



Қазақ прозасының даму сипаты. С.Мұқановтың «Сырдария» романы (1947), Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» повесі (1948), «қарағанды» романы (1952), олардың тақырыбы мен идеясы, образдар жүйесі. М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесінің жарық көруі.Ж.Тілеков, С.Шаймерденов, З.Қабдолов, Б.Соқпақбаев, К.Оразалин, Ә.Нұрпейісов, т.б. жас қаламгерлердің әңгіме, очерк, повесть, романдары.

Тарихи тақырыпқа арналған ірі шығармалар. Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке». Романның елуінші жылдарындағы қазақ прозасының келелі табысы ретінде бағалануы. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» атты мемуарлық шығармасы.

Прозалық шығармалардың сюжеті мен композициялық құрылысындағы ізденістер, характер жасаудағы табыстар, көркемдік-шеберлік игеру жолындағы жетістіктер.

Драматургия. Соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінде драматургия жанрының өсіп-дамуы. Тақырып байлығы, идея тереңдігі, жанрлық және стильдік көп қырлылығы.

Ә.Әбішев «Достық пен махаббаттағы» (1947) Сәуле, Мирон Павлович, Тайман мен Қазбек, Темір мен Нұрлан, Мырқал, Абзал, Шекер, Сайран. Олардың мінезін даралаудың суреткерлік тәсілдері.

Колхоз тақырыбына арналған пьесалар: Ә.Әбішев «Бір семья», Ғ.Мұстафин «Миллионер», Ш.Хұсаинов «Көктем желі», Ә.Тәжібаев «Гүлден дала», «Жалғыз ағаш орман емес» т.б. шығармалар. М.Иманжанов «Менің махаббатым» (1953). Ондағы тартыс сипаты. Ш.Хұсаиновтың «Кеше мен бүгін». Пьесадағы адамгершілік проблемалары. Ғылыми қызметкерлерді көрсетудің көркемдік тәсілдері. Ә.Тәжібаевтың «Дубай Шубаевич» атты шығармасының сатиралық сипаты, тартыстың өмір шындығына қатынасы.

Тарихи драма үлгілері. Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин», С.Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» атты шығармаларының көркемдік жүйесі.

Қазақ әдебиетінің сыны мен әдебиеттану ғылымының өркендеу жолдары. Абай Құнанбаев творчествосын зерттеуші ғалымдардың еңбегінің ерекше маңызы. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Жұмалиев, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев, З.Ахметовтардың еңбегі.

Орта мектепке және жоғары, арнаулы оқу орындарына арналған оқулықтар, оқу құралдарының жарық көруі,қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері мен қайраткерлері туралы кітаптар мен монографиялық еңбектердің жарыққа шығуы. «Қазақ әдебиеті тарихының» І томы (1948-1960), «Қазақ әдебиеті тарихы очеркі» (1949- 1958) т.б. іргелі зерттеулердің жарық көруі. Олардың ғылыми және практикалық маңызы.


2-тақырып Жамбыл Жабаев (1846-1945)

Жамбылдың ақындық өнерінің қазақ халқының қоғамдық-рухани өмірінің шындығымен тығыз байланыстылығы. Ақынның алғашқы кездегі өлең-жырлары.Алғашқы ақындық айтыс, сөз қағысулары («Кәмшат қызға», «Жаныс ақынға », Бөлек қызбен, Айкүміспен қағысулары) қоғамдық, әлеуметтік өмір шындықтары туралы шығармалары («Кедей күйі», «Жылқышы», «Қуғын», «Мәнке туралы», «Зілді бұйрық»).

Жамбылдың Құлмамбетпен, Сарыбаспен, Досмағамбетпен, Шашубаймен айтыстары.Жамбылдың айтыстағы өнері. Ақын шығармаларының көркемдік кестесі. «Замана ағымы» поэмасы, оның тақырыбы мен идеясы.

Ұлы Отан соғысымен байланысты туған шығармалары («Отан әмірі», «Қамал бұзған қаһарман», «Ата жаумен айқастық», «Өмір мен өлім белдесті»).

Ақынның «Москваға», «Ленинградтық өрендерім», «Алынбас қамал» атты өлеңдерінің мазмұны мен мәні.

«Өтеген батыр» поэмасының тақырыбы мен идеясы.Ақынның халық аузындағы аңызға байланысты мотивтерді пайдаланып, оларға қоғамдық мән бере жырлауы.Дастанның көркемдігі, ондағы мифтік элементтер.

«Сұраншы батыр» поэмасының тарихи негізі. Поэмадағы ерлік, ел қорғау мәселесі, теңдікті аңсау. Сұраншының ерлігін жастарға үлгі тұту. Поэманың образдық жүйесі.Ж.Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері.

Халық поэзиясының даму ерекшеліктері, жанрлық құрамы мен поэтикалық жүйесі.


3-тақырып Иса Байзақов

Шығармашылық өмірбаяны. Байзақов – импровизатор ақын. Ақынның алғашқы шығармалары. Поэмалары. «Құралай сұлу» (1825), «Қойшының ертегісі» (1925). Бұл екі поэмаға тән ортақ белгілер мен дара ерекшеліктер. Халық өмірі мен жастардың әлеуметтік теңсіздік, оған қарсы күрес шындығының суреттелу жолдары.

«Алтай аясында» (1933-34) поэмасы. Шығармадағы оқиғаның желісі. Ақынның образ жасау шеберлігі. Балағаз, Жоламан, Қаутін, Қырмызы, Құсан, Кәпік, Көбік.

«Он бір күн, он бір түн» (1938), «Кавказ» (1939) поэмалары. «Ақбөпе» (1940) поэмасы: тақырыбы, сюжеті. Әмірхан, Тәуке, Ақбөпе образдарының даму, өсу жолы. Ақбөпе образының ақын творчествосындағы үлкен жетістік екендігі.

Ақын поэмаларының тіл байлығы. Поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, олардың поэтикалық жүйесінде фольклор мотивтерінің қызметі.
4-тақырып Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің класигі. Жазушының творчестволық өмірбаяны.

Жазушылық сапарын әңгіме мен пьеса жазудан бастауы.

Әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Көксерек», «Білекке білек», «Іздер», «Құм мен Асқар», «Шатқалаң», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер»т.б. Олардың тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Эпикалық және лирикалық сипаттары.

Драмалық шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Шекарада», «Тартыс», «Тас түлек», «Ақ қайың», «Сын сағатта», «Қынаптан қылыш», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Түнгі сарын». Олардың тақырыптық, идеялық сипаты мен жанрлық құрамы, сюжеттік желісі, поэтикасы.

1930 жылдардан бастап түрлі жанрдағы шығармасында Абай образын жасауға бет бұруы. «Абай» пьесасы, «Абай жырлары» кинофильмінің сценарийі, «Абай» операсының либреттосы.

Л.Соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясы (1940).

Проза жанрындағы алғашқы тарихи шығармаларының бірі – «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927).Шығармадағы қазақ кедейлерінің өмірі.Повестің тарихи негізі.Бақтығұлдың шытырман тағдыры, бастан кешкен сан-қилыуақиғалары. Шығарманың халықтығы, ұлттық сипаты. Повестің тілі, суреттілігі, сюжеті мен композициясы. «Қилы заман» (1928). Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанры.Шығармадағы халық өмірінің көріністері, олардың тарихи шындыққа қатынасы. Ресейдің отаршылдық саясатының қаталдығы мен сұрқиялығы. Жазушының образ жасау шеберлігі, суреткерлік позициясы.

«Абай жолы» - тарихи эпопея. Оның қазақ прозасының өсіп дамуына әсері. Бүкілодақтық әдебиет көлеміне көтерудегі мәні. Романдағы суреттелінетін дәуір шындығы. Абай образының даму заңдылығы. Оның гуманист, азамат ақын, ағартушы қайраткер, ойшыл, философ бейнесінде суреттелуі. Дәркембай, Базаралы, Михайлов, т.б. бейнелері.Әйелдер бейнесі: Зере, Ұлжан, Әйгерім, Тоғжан, Салтанат, т.б. Құнанбай, Тәкежан, Ысқақ, Шұбар, Майбасар, т.б. іс-әрекеті, образдары.

Жазушының шеберлігі, романның көркемдік ерекшелігі. Эпопеяның негізін құраған тарихи өмір шындығы, этнографиялық фактілер және олардың көркемдік-эстетикалық қызметі. Образ жасаудағы ойдан шығару, оның өмір шындығына қатынасы, психологиялық талдау (аналитикалық, синтетикалық-лирикалық, эпикалық) Абай жөніндегі барлық еңбектерінің жиынтығы «Абай жолы» атты сериялы романы үшін жазушының Лениндік сыйлық алуы.

М.Әуезовтің (халық) ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы саласындағы зерттеу еңбектері. М.Әуезов және абайтанупроблемалары. М.Әуезовтің әлем халықтары әдебиеті туралы ойлары. Қаламгер еңбектерінде жазушылық, шеберлік проблемаларының пайымдаулары.

Аудармалары: Гогольдің «Ревизоры», Шекспирдің «Отеллосы», «Асауға тұсауы», Н.Погодиннің «Ақсүйектері», К.Треневтің «Любовь Яроваясы», А.Кронның «Флот офицері», А.Тургеневтің «Дворян ұясы», т.б. Жазушы творчествосының зерттелуі. М.Әуезовтің көркемдік дәстүрлері және оның бүгінгі әдеби даму үшін маңызы.



5-тақырып Сәбит Мұқанов (1900-1973)

Шығармашылық өмірі. Өлеңдері. Поэмалары.

«Сұлушаш» (1928). Поэманың сюжетіне негіз болған материал. Ақынның ойдан қосуы және оның шығарманың көркемдік-идеялық жүйесіндегі орны. Сұлушаш, Алтай, Қайсар бейнелері. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.

Ақынның өз заманы туралы жазған шығармалары. «Майға сәлем», «Ақ аю», «Колхозды ауыл осындай», «Сөз Советтік армия», «Поэзия маршалы»,т.б. Олардағы ақындық ізденіс іздері. Ақынның В.Маяковскийден үйренуі, қазақ өлең құрылысына енгізген жаңалығы.

Прозалық шығармалары. «Адасқандар» (1931), «Жұмбақ жалау» (1938), «Ботагөз». Романның қазақ әдебиетінде реализм әдісі негізінде көрінген шығарма екендігі. Жазылу тарихы. Тақырыбы мен көтерген мәселесі.Романның сюжеттік желісін құрған тарихи оқиғалар, оларды жинақтау мен даралаудағы суреткерлік нысана.

«Менің мектептерім», «Өмір мектебі», «Есею жылдары». Шығарманың жанрлық сипаты, онда қазақ халқының өмірінің суреттелу жолдары. Баяндаушының өз бейнесі. Дәуір шындығы және көркемдік жинақтау.

«Сырдария» романы (1948-1951). Тақырыбы. Еңбек адамдарының бейнелері. Байжан, Айбарша, Дәулет, Сырбай, Анатолий, Самархан, Наталья, Рахмет сияқты басты кейіпкерлердің образдары, олардың өсу жолдары.Романдағы халықтар достығы. Романның көркемдігі. Баяндау, суреттеу, әңгімелеу жолдары. Шығарманың тілі.

«Мөлдір махаббат» (1959) романы. Шығарма тақырыбының тууы. Жазушының өмір шындықтарын жинақтау жолдары. Бүркіт пен Бәтестің махаббат тарихы, олардың еркін өмір жолындағы әрекеттері. Романның басты кейіпкерлері және олардың прототиптері.

Драмалық шығармалары: «Күрес күндерінде» (1938), «Сәкен Сейфуллин» (1964), «Қашқар қызы» (1972), «Шоқан Уәлиханов» (1953).

«Аққан жұлдыз» (1967, 1970). Романды тетралогиялық деңгейде жазу туралы автордың ойы. Ол ойдың толық жүзеге аспауы. Романның алғашқы екі кітабында көрініс тапқан өмір шындықтары. Шоқан Уәлиханов бейнесі.

Әдебиет сыны мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектері «Өсу жолдарымыз», «Халық мұрасы», «Жарқын жұлдыздар», «18-19 ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихының очерктері» оқулығы. Жазушы творчествосының зерттелу жайы, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.
6-тақырып Ғабит Мүсірепов

Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жиырмасыншы жылдардың аяғындағы әңгімелері («Тулаған толқында», «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Үздіксіз өсу», «Бір адым ілгері, екі адым кейін») , олардың тақырыбы.

Жазушының ана туралы әңгімелері. «Адамның анасы» (1933), «Өлімді жеңген ана» (1933), «Ананың анасы» (1934), «Ананың арашасы» (1935), «ана жыры». «Ашынған ана» новелласындағы ауылдағы озбыр болыстардың өктемдігі, бас бостандығы үшін күреске көтерілген қазақ әйелі – Қапия образы. «Ананың арашасы». Мұндағы азамат соғысының көріністері, романтика мен реализмнің ұштасуы. Нағима. Оның ерлік әрекеттері. «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелері. Ақлиманың адамгершілік қасиеті. Наталья образы. «Ананың анасы» әңгімесі. Жазушы творчествосындағы ана тақырыбының алатын орны.

Драмалық шығармалары. Олардың жанрлық құрамы, поэтикасы. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты», «Амангелді» т.б. Драматургия саласында алғашқы сәтті еңбегі – «Қыз Жібек» (1934) атты музыкалық драмасы, оның кейінірек операға айналуы. Пьесада махаббат бостандығы, гуманизм сарынының суреттелуі.

«кездеспей кеткен бір бейне» (1967) повесі. «Ұлпан» (1974) романы. Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап жазған «қазақ батыры» (1945) повесі. Автордың оны «қазақ солдаты» (1950) романына айналдыруы. Олардың айырмашылығы, өзгешелігі. Романдағы халықтар достығының, патриоттық сезімінің суреттелуі. Жауынгер өмірінің суреттері. Басты образдар. Қайырғали Сарталиев, Петр Ушаков, Владимир Толстов, Самед Абдуллаев, т.б. Романның көркемдік ерекшелігі, ұлттық және интернационалдық сипаты, көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдары. Романдағы пейзаж, оның көркемдік қызметі.

«Оянған өлке» (1953), «Жат қолында» (1984) романдары.

Қазақстанда алғаш өндіріс орындары ашылып, қазақ кедейлерінің өндіріс жұмысшыларына айналуы. Халық өмірі, әлеуметтік тартыс көріністері. Шығарманың эпопеялық сипаты. Орыс , қазақ жұмысшыларының тұрмысы. Қарағанды шахталарындағы Успен, Ақбұйрат мыс заводындағы жұмысшылардың өмірі, капиталистердің өзара тартысы. «Оянған өлкенің» саяси-әлеуметтік табиғаты. «Жат қолынданың» әлеуметтік-психологиялық сипаты. Өлкенің ояна бастауы. Сол кездегі қазақ ауылының өмірі, әлеуметтік қарым-қатынастары, тұрмыс-салтының суреттелуі, ерекшеліктері. Басты образдары: Бұланбай, Байжан, Байшегір, Жабай, Сейіт, Назыкеш, Быковтар, Шило,т.б.Екінші топтың адамдары: Жұман, Игілік, Рязанов, Ушаков, Сикорьский,т.б. Кенжеғара образының ерекшелігі, даму логикасы. Роман-дилогияның көркемдік ерекшелігі, қазақтың әдеби тілінің, көркем ойының соңғы табыстарын орынды пайдалануы. Әр оқиғаны, табиғат суреттері мен адамның ой толғаныстарын, қарым-қатынастарын суреттеудегі шеберлігі, тілі. Ғ.Мүсірепов творчествосының қазақ әдебиетіндегі орны.

7-тақырып Ғабиден Мұстафин

Жазушының творчестволық өмірбаяны.

Жазушының 1927-1929 жылдарда жазған әңгімелері, алғашқы қысқа әңгімелері. «Сәрсен мен Мұқаш» (1927), «Кек», «Қан», «Қашқын», «Ер Шойын», «Шағатайдың шатағы», т.б. Олардың тақырыбы мен идеясы. «Ер Шойын» (1929) жинағындағы жаңа өмірдің көрінуі, ауылдағы күрес.

Жазушының үлкен эпикалық жанр саласындағы шығармалары. «Шығанақ» романы (1945). Роман тарихының туу тарихы. Жазушының романға материал жинау жолдары. Жиналған материалдарды сұрыптау принципі. Шығанақ, Олжабек, Амантай, Жанбота, т.б. бейнелері.

«Миллионер» романы (1948), ондағы жаңа мен ескінің арасындағы тартыс. Жомарт, Жанат, Жақып, Сатан, Есжан, Ахмет образдарының тартыс үстінде суреттелуі, олардың типтік дәрежеге көтерілуі. Жақып бойындағы ескіліктен арыла алмай, жаңалықты сезіне қоймаудан туған психологиялық тартыс. Ахметтің жаңашылдық қасиеті. Романның жазылу тарихы. Жазушының шығармашылық ой өзегі, оның игерілу жолдары.

«Қарағанды» романы (1952). Роман тақырыбының туу тарихы. Романның материалы және өмір шындығы. Жазушының өмір шындығынан өнер шындығын жасау жолдары. Романның басты кейіпкерлері, олардың өмірлік негіздері (прототиптері). Ескі мен жаңа, әке мен бала арасындағы тартыс. Романның кейінгі басылымындағы толықтырулар, ондағы суреткерлік мұрат-нысана. «Өмір мен өлім» (1939) және «Қарағанды» романдарының сюжеттік желісіндегі, оқиғалар қамтуындағы, образ жасаудағы кейбір ұқсастықатр.

Романның тіл ерекшелігі, аз сөзбен көп ойды, шағын суретпен үлкен көріністі елестете білу шеберлігі.

«Дауылдан кейін» романы (1959). Романда суреттелетін оқиғалар тобы. Дауылдан кейінгі тарихи кезеңнің қилы-қилы шындығының көріністері. Жазушы дәуір сипатын кейіпкерлердің тағдыры, іс-әрекеті, олардың психологиясындағы, мінез-құлқындағы өзгерістер арқылы сездіруі. Басты тұлғалар Аман, Шолпан. Оның образын жасаудағы жазушының жетістігі. Аманға ере шыққан жаңа, жас қауым: Ізбасар, Сыздық, Әлжан, Тоқабай, Нұрғали, Таймас. Шәкен мырза, Малқар болыс, Жақып және Шегел, т.б. іс-әрекеттері, бейнелерінің әлеуметтік сипаты.

Романның көркемдік ерекшеліктері, композициялық құрылысы. Жазушы шеберлігінің жаңа қырлары.

«Көз көрген» (1963). Роман жазушы жоспарлаған үш томдық мемуарлық кітаптың бірінші томы ғана. Романда суреттелетін оқиғалар, негізінен, автордың өзі басынан кешкен жайлары. Шығарманың 1900-1925 жылдар арасындағы қазақ қоғамы бастан кешкен дәуір шындығына құрылған сюжеттік желілері.

Көшпелі ауылда туып-өскен Сарбаланың өмірге көзқарасының дәуірдің қат-қабат шындығы аясында қалыптасатындығын бейнелеудегі жазушылық шеберлік үлгілері. Ғ.Мұстафиннің жазушылық өнер туралы толғамдары («Ой әуендері»). Жазушы творчествосының қазақ әдебиетіндегі орны.
8- тақырып Ғали Орманов

Өмірі мен шығармашылығының басты кезеңдерінен мәлімет.

Ақынның творчестволық сапары қысқа лирикалық өлеңдер жазудан басталған. Жаңарған ауыл, өзгерген дала, туған жер, адамдардың ойы мен арманы, олардың жаңа қарым-қатынастары Ғали шығармаларының негізгі тақырыбы болуы.

1927—28 жвлдары жазылған «Қора», «Дихамбай», «Мойын Серік» сияқты өлеңдерінде жаңарған өмірді, кедей шаруалардың жер бөлісіп, ұйымдасып, серіктесіп еңбек етуін суреттеуі. Ғали атын жұртшылыққа молынан танытқан «Шеңбер» атты өлеңі.қысқа сюжетке құрылып, көркем жазылған «Алғашқы адым», «Жолда», «Кітап»,т.б. өлеңдері, олардағы лиризм.

1930 жылдардан бастап эпикалық жанрда да еңбектенуі. Жаңарған ауылдың өткендегі ауыр халі мен бүгінгі тұрмысын көрсету ниетімен «Шәуілдір» атты ұзақ поэма жазуы. Оның кемшіліктері, өмір құбылыстарын таңдап, талғауы мен жинақтауындағы творчестволық белсенділіктің жетіспеушілігі. Челюскиншілердің ерлік сапарына арналып жазылған «Алынған қамал» поэмасы. Бірсыпыра өлеңдерінде ерлікті, батырлықты мадақтап, майдан уақытындағы тылдағы еңбекті көрсетсе («Батыр ініме», «Мәлік», «Жар жалауы», т.б.), ал «Ана әңгімесі» деген ұзақ өлеңінде ақын жас баланың ақыл-ойына сыйымды етіп ертегі мен әңгіме үлгісінде неміс фашистерінің басқыншылық әрекетін әшкереледі.

Соғыстан кейін еңбек тақырыбын жырлауы («Днепр оттары», «Қорада», «Батпақ дала дастаны», «Егін - толқын»). Халықтар достығы мен бейбітшілік тақырыбына көптеген өлеңдерін арнауы («Доллар тағдыры», «Достық жыры», «Асқанға тосқын»).

Ғ.Ормановтың очерк, әңгімелері («Қаратаудың Қамбары»), «Жол», «Механик ойы», «Жүрек», «Алыстағы ауылда». Аудармалар: Л.Толстойдың «Анна Каренина», М.Бубенцовтың «Аққайың» романдарын , Н.В.Гогольдің «Нева проспектісі» повесін тәржімәлауы.
9-тақырып Тайыр Жароков

Т.Жароковтың шығармашылық өмірбаяны.

Ақынның алғашқы өлеңдері: «Күлімдейді күміс күн де», «Алтын дән», «Аэроплан» (1928), «Қордай» (1930), «Каспий» (1930).

Ақынның эпикалық көлемді шығармалары. Бұл жолдағы кейбір сәтсіздіктері. «Коммунизм таңында» (1930), «Нефтьстан» (1932), «Мұз тұтқыны»(1935), «Нарын» (1937-40), «Тасқын» (1937), «Жапанды орман жаңғыртты» (1949) поэмаларының идеялық мазмұны. «Қырда туған құрыш» (1954), «Құмдағы дауыл» (1958), «Тасқынға тосқын» (1965) поэмалары.

Т.Жароковтың шығармашылығындағы үлкен орны бар кезең 1941-45 жылғы екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыстан кейінгі жылдарда қазақ ақындарының алдыңғы сапында поэзия алдында тұрған ірі мәселелерді шешу жолында аянбай еңбектенді.

Қазақ поэзиясының 30-40 жылдарында ақын шығармашылығының орны ерекше. Қаламгер ел өміріндегі саяси әлеуметтік мәні бар ірі уақиғаларға поэма, дастандар арнап, өлеңдер жазып отырған. Әдеби сында жиі көтерілген жаңа ырғақ, пішін табу жолындағы ізденістерде де Т.Жароковтың үлесі мол.

Т.Жароков шығармашылығында «Тасқын», «Тасқынға тосқын» поэмалары айрықша орын алады.Саяси және көркем идеялардың ақын шығармашылығындағы шарпысуының нақты көрінісі іспеттес.

Т.Жароков көптеген эпикалық дастандар жазған қаламгер. «Орда уақиғалары», «Балабас», «Мұз мұхит аңызы», «Нарын», «жапанды орман жаңғыртты», «Қырда туған құрыш», «Құмдағы дауыл».

Қаламгер поэмаларында халық пен жеке адам түрлері кеңістік, уақыт өлшемдерінде сабақтастықта бейнеленеді. Ақынның адам тағдырынан гөрі, халық тағдырына ден қоя жырлайтыны бар. Ақын шығармашылығында «Кавказ жырлары» деп аталатын шоғыр өлеңдердің орны, поэтикасы бөлек.

Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Маяковский, Ш.Руставели, Т.Шевченко, С.Грибоедов, М.Аллигер, Н.Хикмет т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ақындық творчествосына қорытынды.


10-тақырып Хамза Есенжанов

Көрнекті қазақ жазушысы Хамза Есенжановтың өмірі мен шығармашылық жолы қилы-қилы. Шығармашылық іске көңіл қоя араласып, алғашқы әңгімелері жарық көргеннен кейін көп кешікпей 1937 жылы репрессияға ұшыраған. Он жеті жылдай қамауда болғаннан кейін де біраз уақыт қуғында (жер аударуда) өткізеді. Саяси жүйе қытымырлығы мен туған жерден алыста жолсыз жаза көрген ақылды, білімді адам көкірегін кернеген ойлар мен сезімдер қаламгер рухани әлемінде қатпар-қатпар қыртысты қабаттардай қордаланды. Тұңғиық сырға айналады. Х.Есенжанов көңілінде жатталып, көкейінде тұрған сыр осылар болатын. Қаламгер шығармаларында соны жазды.

«Ақ Жайық» эпопеясы мен «Көп жыл өткен соң» романдар циклі, «Ағайынды Жүнісовтер» романы қаламгердің халық алдындағы парызы, ерлігі. Романда батыс Қазақстанның 1917 жылдан басталатын сансыз дүрбелеңдерге ерте араласқан қарулы шайқастар мен майдандар төріне айналған елдің қилы тағдыры мен тарихы, тас-талқан болған адамдар тірлігінің алуан-алуан бейнесі бар.шығарма өзегіндегі авторлық идеология да өзгеріске ұшырайды. Әсіресе, «Жүнісовтер трагедиясы» романында колхозға біріктіру науқаны мен соның салқыны аштық жылдарының суреттері шынайы бейнеленеді. Романның оқырманға жолының (1970 жылы «Жұлдызда» журналдық нұсқасы жарық көрген) ұзаққа созылуы, толық нұсқасының 1987 жылы жарық көруі сондықтан. Х.Есенжановтың романдары уақыт пен кеңістік өлшемдеріндегі ұлан-ғайыр көркем образдарға негізделетін, айтары мол астары бар сырлы әлемдер. Эпикалық өлшемдегі уақиғаларды үндестіре суреттеу барысындағы қаламгердің қазақ романистикасына қосқан үлесі де аз емес.

Х.еснжановтың шығармашылық қызметінің ірі саласы – аударма. Тургенев пен Шолохов романының қазақша сөйлеуінде қаламгер үлесі зор.


11-тақырып Қасым Аманжолов

Шығармашылық өмірбаяны. Творчествосының алғашқы кезеңінде Қ.Аманжолов саяси-әлеуметтік тақырыптарға, ел өмірінде өтіп жатқан ірі уақиғаларға, халық тұрмысындағы жаңалықтар мен өзгерістерге арнап көптеген өлеңдер жазды.

Ақын өмірінің Орал кезеңінің (Оралда тұрған жырлары) шығармашылық лабораториясында айрықша мәні бар. Қ.Аманжолов өмір уақиғаларын сырттай бейнелеуден лирикалық кейіпкер ішкі әлемі мен сезім сырларына, ойларын бейнелеуге көшеді. Арман, махаббат жырларына көңіл қояды.

Тұңғыш өлеңдер жинағындағы ақын шеберлігінің көріністері : «Өмір сыры» (1938).

Соғыстан кейінгі өлеңдері. 1955-56 жылдары ақынның үш томдық «шығармаларының толық жинағы» шығарылуы. Шығармадларының төрт томдық жинағы (1977-80).

Қасым аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Үстімде сұр шинелім», «Жеңіс даусы», «Дариға, сол қыз», «қызғалдақ», «Ақын өлімі туралы аңыз» т.б.

Поэмалары: «Жамбыл тойында» (1939), «Бикеш» (1939-44), «Құпия қыз» (1939), «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943), «Біздің дастан» (1947).

Қ.Аманжоловтың ақындық әлемі. Оның творчествосындағы соғыс пен бейбітшілік, өмір мен өлім суреттері. Шығармаларындағы достық пен махаббат, ерлік пен елдік, Геройлық пен трагедиялық пафос. Ой мен сезім. Мазмұн тереңдігі мен түр жарастығы.

Аудармалары: «Полтава» (Пушкин), «Маскарад» (Лермонтов), Низамиден, Некрасовтан, Шевченкодан, Маяковскийден, Твардовскийден қазақшалаған аударма туындылары. Қ.Аманжолов творчествосының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.

4.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны мен тізімі




1-тақырып Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму жолдары

Баубек Бұлқышевтің мақала-очерктері («Жауыздық пен махаббат», «Өмір мен өлім туралы», «Мен өмір сүргім келеді», «Заман біздікі», «Шығыс ұлына хат», «Тыңда, Кавказ») т.б. Жазушы шығармаларының лирико-публицистикалық пафосы.

Абдолла Жұмағалиев шығармашылығы. Абдолланың романтикалық пафосты өлеңдерінің поэтикасы. «Айсұлу» поэмасы мен аудармалары.Майдан даласынан жазылған «Алматылықтар» романы.

Жұмағали Саин Ұлы Отан соғысы туралы жазған «Есімде Айдар өзені», «Түн қатады партизан», «Дөнен», «Жауынгер сөзі», «Айтылмай келген аманат», «Жаралы партизан жырлары», т.б. жырлары. Майдан, соғыс, әскери техника, шайқас көріністерінің көркем бейнесі. Партизан тақырыбындағы шоғыр өлеңдері.

«Күланда» поэмасы (1940). Шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясы. Құрылысының «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Ақбөпе» атты поэмаларға ұқсастығы. Күланда, Әбікеш образдары.Поэманың көркемдік-идеялық ерекшеліктері.



Мәлік Ғабдуллиннің «Майдандық жазбалары» («Менің майдандас достарым»).

Ғабит Мүсірепов. «Ақ иықтар» (1941), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1945) әңгімелері мен «Қазақ батыры» (1945) повесі.

Әлжаппар Әбішев «Төлеген Тоқтаров», «Саржан», «Жас түлектер». Майдандағы жауынгерлер мен тылдағы еңбекшілердің қажырлы еңбегін суреттеуге арналған шығармалар.

Ғабдол Слановтың «Жанар тау» романы (1945).Шығармадағы жұмысшылар өмірінің суреттелуі.

2-тақырып Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті

Жамбылдың ақындық өнері мен шығармашылығы. «Ленинградтық өрендерім», «Москваға», «Алынбас қамал», т.б. өлеңдерінің идеялық, көркемдік мәні.


3-тақырып М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі

М.Әуезов және әлем әдебиеті. «Көксерек», «Қорғансыздың күні», «Кінәмшіл бойжеткен», «Оқыған азамат», «Сөніп-жану», «Жетім», «Ескілік көлеңкесінде» әңгімелерінің кейіпкерлері, көркемдік детальдар, жазушылық шеберлік. Алғашқы әңгімелерінің текстологиясы.

Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіндегі Бақтығұл, Тектіғұл,Жарасбай бейнелері. Толстой стиліне тән психологизмнің кейбір әсерлері.

«Қилы заман» (1928) повесі. Повестің ел басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің тұсында оқылуға тыйым салынуы. Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы көтерілістің суреттелуі. Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай сияқты халық өкілдерінің образдары. Рахымбай, Түнғатар, Ақжелке тәрізді ұнамсыз типтер. Повестің баяндау жүйесінің ерекшеліктері. Портрет пен пейзаж. Адам характерін жасаудағы диалогтың мәні.

Драмалық туындылары: «Еңлік-Кебек»(1917).Еңлік, Кебек, Есен, Жапал бейнелерінің жасалу тәсілдері. Билер айтысындағы шешендік.Қараменде бидің сөздері.

«Түнгі сарын»(1934) пьесасында 1916 жылғы көтерілістің көркем бейнеленуі. Драмалық шиеленіске толы тартыс таңбасы. Жантас,Тәнеке,Жүзтайлақ , Кәрім образдары.

М.Әуезовтің Соболевпен бірге жазған «Абай» трагедиясы (1940). Ондағы Абай бейнесі.Ақынның әділетті өмір мен адам баласының бақыты үшін жауыздықпен бетпе-бет арпалысуы. Бірін бірі сүйген Айдар мен Ажардың бас бостандығын қорғау.

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай және кедей жатақтар. Құнанбай бейнесі. Тәкежан, Әзімбай, Ысқақ, Оразбай, Майбасар бейнелері. Романдағы әйелдер бейнесі. Романның көркемдік ерекшеліктері. «Абай жолының» текстологиясы.



4-тақырып С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы

«Ботагөз» романындағы Асқар, Ботагөз, Амантай, Итбай, Кулаков,Кузнецов, Сарбас, Кошкин образдарының типтік деңгейге көтерілуі. Романның көркемдік табыстары.

«Өмір мектебі» - өмірбаяндық трилогия («Азапты жолда», «Азатты жолда», «Есею жылдары») .«Балуан Шолақ» повесі.«Аққан жұлдыз» дилогиясы. Шоқан образы. «Шоқан Уәлиханов» трагедиясы. Романдарының текстологиясы.
5-тақырып И. Байзақов өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері

«Құралай сұлу» (1925) поэмасы. Поэма сюжетінің ауыз әдебиеті үлгісінде құрылғандығы. Ел қорғау, отаншылдық идеясын көтеруі. Жастар махаббаты. Құралай мен Келден бейнелері. Поэманың көркемдігі.

«Алтай аясында»(1925-34) поэмасындағы Еркежан мен Балағаз бейнелері. Қалмақтың шонжарлары Кәпін мен Кәбіктерінің жағымсыз іс-әрекеттері.

«Ақбөпе»(1941) поэмасы. Поэмадағы тартыстың Ақбөпе мен Әміржан сезімдеріне құрылуы. Поэмадағы Ақажан, Әбіш, Құдияр образдары арқылы таптық қарама-қайшылықтың ашылуы. Оларға қарсы тұрған Ақбөпе, Әмірхан сияқты жасьар бейнелері.Поэманың қазақ поэзиясынан елеулі орын алатыны және көркемдік ерекшеліктері, тілдік өрнектері.Иса Байзақов поэзиясындағы фольклорлық сарындар.



6-тақырып Ғ.Мүсірепов

«Қос шалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Адамның анасы», «Ананың арашасы», «Жеңілген Есрафиль» т.б. әңгімелерімен. «Ер ана», «Ана кесімі айнымайды», «Ақлима» новеллаларында соғыс салған тақсіретті көтерген қажырлы аналардың бейнесінің жасалуы. 1956-1977 жылдары жазылған «Өмір жорығы», «Тимка-Димка», «Сөз жоқ, соның іздері», «Қасқырды атқан қайсысы», «Автобиографиялық әңгіме», «Қыран жыры», «Ұлпан стансасы», «Боранды түнде», «Қарлы жаңбыр астында», т.б. әңгімелерінде қызыл империяның тоталитарлық саясатын әшкерелеуі. «Ана жыры», «Өмір жорығы», «Қыран жыры» новеллаларындағы символдық, әлеуметтік-философиялық мағына.

«Қазақ солдаты» романындағы Қайрош Сарталиевтің майдандас серіктері. «Оянған өлке» (1952), «Жат қолында» (1984) дилогиясы. Игілік пен Жұман , Байжан бейнелері.

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (1939) трагедиясы. Драматург фольклорлық эпосты идеялық шығармашылық екшеуден өткізіп, реалистік әдебиеттің биік үлгісімен қайта жазып шыққаны.

«Амангелді»(1950) тарихи - әлеуметтік драмасы.

«Болашаққа аманат» драмасындағы Сырым Датов бейнесі.

Ғ.Мүсіреповтің көркемдік әлемі.

7-тақырып Ғ.Мұстафин шығармашылығы

«Қарағанды» романы. «Миллионер»(1948) повесі. Шығармадағы Жомарт, Жақып, Ахмет, Алма бейнелері. Тартыссыздық теориясының көрініс табуы. Повестің сюжеттік желісінің босаңдығы.


8-тақырып Ғ.Орманов лирикасы

Ақынның Ұлы Отан соғысына арналған «Ер арманы», «Мәлік», «Тілек», «Ант», «Намыс», «Ана әңгімесі», «Бөбек жүрегінде» өлеңдері. Философиялық лирикалары : «Емен», « Қарағай», «Таң». «Қысқы күй» өлеңін жаттау. Стилі. Ғ.Орманов поэзиясындағы теңеулер.


9-тақырып Т.Жароков

«Тасқын», «Тасқынға тосқын» поэмалары. Инженер Арманның іс-әрекеттері.Т.Жароков поэзиясындағы эпитеттер. «Мұнай бер» толғауы.Т.Жароков поэтикасындағы эпикалық пафос және баян.


10-тақырып Х.Есенжанов

«Ақ Жайық» трилогиясындағы Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Меңдігерей, Хакім бейнелері.Тарихи тұлғалар.


11-тақырып Қ.Аманжолов

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы. «Үстімде сұр шинелім», «Дариға, сол қыз», «Бурабай толқындары», «Байкал» өлеңдерін талдау.Оның поэзиясындағы қаһармандық және трагедиялық пафос.Ақындық шеберлігі.Поэтикасы.


4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

30 (1х30)

2

Практикалық сабақтарға

дайындалу (сабақтың тақырыбы бойынша материалды меңгеру, тапсырмаларды шешу және т.б.)



Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15(1х15)

3

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген қосымша материалды меңгеру

Конспект

(және т.б.)



Коллоквиум

(және т.б.)



35

4

Бақылау шараларына дайындалу




1 МБ, 2 МБ , коллоквиум, бақылау жұмысы, тестілеу және т.б.

10

Барлығы:

90


4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1. М.Әуезовтің «Өскен өркен» романы

2. М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды» драмасы

3. М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы

4. М.Әуезовтің зерттеу еңбектері

5. Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасы

6. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы

7. М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша картотека жасау

8. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы бойынша картотека жасау

9. Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген» романы

10. Х.Есенжановтың «Ағайынды Жүнісовтер» романы

11. Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» киносценарийі

12. Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында» романы

13. Ж.Жабаевтың «Сұраншы батыр» поэмасы


4.4.3 Курстық жұмыс тақырыптары





  1. М.Әуезовтің әңгімелері

  2. М.Әуезовтің повестері

  3. М.Әуезовтің драмалары

  4. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі

  5. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай бейнесі

  6. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әйел-қыздар бейнесі

  7. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының көркемдігі

  8. Ғ.Мүсіреповтің әңгімелері

  9. Ғ.Мүсіреповтің драмалары

  10. Ғ.Мүсіреповтің романдары

  11. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясы

  12. С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романы

  13. С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы

  14. С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесі

  15. Ғ.Орманов лирикасы

  16. Қ.Аманжолов лирикасы

  17. Ж.Жабаев шығармалары

  18. Иса Байзақов поэмалары

  19. Ж.Саин поэзиясы

  20. Мәлік Ғабдуллиннің майдандық жазбалары

  21. Б.Бұлқышевтің майдандық мақала-очерктері

  22. Отан соғысы кезіндегі поэзия


5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық.Алматы. 7,8,9 –томдар.2008.

Қосымша



  1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті.А.1998.

  2. дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А.2002.

  3. Абдрахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы.А.1975

  4. Әуезов және әлем әдебиеті. 1-кітап.А.1999.2-кітап.А.2001.

  5. Ғабдуллин Н.Ғабит Мүсірепов – драматург. А.1982.

  6. Дәдебаев Ж.Мұхтар Әуезов. А.1991.

  7. Ергөбеков Қ. Жазушы шеберханасы. А.2002.

  8. Қабдолов З. Көзқарас. А. 1996.

  9. Кәрбозов Б. Қазақ лирикасының ұлттық сипаты.А.1997.

  10. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.

  11. Майтанов Б. Әуезов – суреткер.А.1996.

  12. Мұқанов С., Мүсірепов.Ғ.- қазақ әдебиетінің классиктері.А.2002.

  13. Мүсіреповтің көркемдік әлемі.А.2002.

  14. Негимов С. М.Ғабдуллин. А.2001.

  15. Нұрғалиев Р. Әуезов және алаш. А.1997.

  16. Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов творчествосы.А.1965.



Мамандық(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32





050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)


Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зерт

бар

лығы


ОСӨЖ

ЖОБ база-сындағы күндізгі

3

135

45

90

6

-

-


6

6

3

135

30

15




90

22,5
















































Кафедра меңгерушісі ______ _____________ 20__ж. «___» ________



(қолы) (аты-жөні)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет