ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Анатомия» Мамандығы: 0301000



Дата26.04.2016
өлшемі314.98 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Морфологиялық пәндер кафедрасы


«БЕКІТЕМІН»

ТжКББФ деканы

Отыншиев М.А._______ «____»__________2010 ж.

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: «Анатомия»

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер»

Курс 2


Семестр: ІІІ-ІV

Сағат көлемі: 162



Шымкент – 2010ж

Жұмыс бағдарламасы 05.08.2010 жылы ҚР ДСМ бекіткен типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.

Жұмыс бағдарламасы кафедра

мәжілісінде талқыланды

Хаттама № ____

«_____» ________________2010ж


Кафедра меңгерушісі, профессор ___________ Сисабеков Қ.Е.

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді.

Хаттама № ____

«_____» ________________2010ж


Әдістемелік кеңес төрайымы___________

Дайындаған оқытушы ___________________




Кіріспе
Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысы мен тұлмысын және оның жастық, жыныстық, жекелеген ерекшелігіне байланысты дамуын зерттейтін ғылым. Анатомия тәжірибелік дәрігер, фельдшер мамандықтарына өте қажет болып саналатын қосымша клиникалық пәндердің медициналық білімінің негізгі болып саналады. Анатомия-адам денесінің, мүшелер мен тіндердің құрылысын химия, физика, биология және қазіргі заманғы медицинаның жетістіктерін қолдана отырып оқытады. Анатомия – философия мен онтогенездің жалпы ағымын, мүшелердің анатомиялық – топографиялық өзара орналасуын, өзгергіштігін, адам денесінің құрылысының өзгеруіне қоршаған ортаның, әлеуметтік ықпалдардың және спортпен айналысудың әсерін оқиды. Оқу барысында ағзаның жастық, жыныстық және жеке ерекшелігін қарастыру қажет.
Пәннің мақсаты: Адам анатомиясын оқыту барысында, адамның өмір сүру жағдайы мен жұмысы ескеріледі, өйткені пәнді оқыту мақсатында адам эволюиясының заңдылығын, қоршаған ортаның белгілі бір әсерінің нәтижесінде оның өзгергіштігін қарастырылады. Адам денесінің, ағзасының құрылысын оның өмір сүру ортасымен бірге қарау жеке адам анатомиясын оның өмір сүру және еңбек дағдысымен бірге қарастыруға мүмкіндік береді, өйткені бұл мамандықтың мамандары жекелеген адамадарға тікелей медициналық көмек көрсетеді.

Пәннің міндеттері:

  • клиникалық ұғымның дамуына бағытталған мүшелер мен жүйелердің құрылысы мен топографиясын білу негізін құрастыру;

  • адам мүшелері құрылымының өзара байланысы мен өзара қатынасы және қызметі жөнінде, адам ағзасының қоршаған орта жағдайларына, еңбек пен әлеуметтік факторларға байланысты біртұтастығы жөнінде ғылыми көзқарасын жетілдіру;

  • Физикалық бақылау және алғашқы жедел медициналық көмек көрсету әрекеттерін игеру мақсатында ағзалар мен олардың бөліктерінің орналасуы проекциясын анықтай білуді игеру;

  • адам ағзасы мен мәйітті биологиялық материал ретінде ұқыпты және аса құрметпен қарау;


Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент:

Білуі тиісті:

  • анатомиялық препараттармен және басқа да оқу әдістемелерімен жұмыс жасаудың негізгі тәсілдерін;

  • қаңқа сүйектерінің ерекше белгілерін;

  • сүйектер байланысының түрлерін, жіктелуі және буындардың биомеханикасын;

  • бұлшықеттердің анатомиясын, жіктелуін, қызметін;

  • бас, мойын, қол мен аяқтың, кеуде, құрсақ пен жамбас ағзаларының топографиясын;

  • асқорыту, тыныс алу, жүрек – қантамырлар және зәр шығару жүйесі ағзаларының анатомиясын, топографиясын және олардың құрылыс ерекшеліктерін;

  • жұлын мен бас миының құрылысын;

  • сезім мүшелерінің анатомиясын;

  • жұлын және бас миы нервтерінің түзілуі мен қызметін, олардың нервтендіруін;

  • қан тамыр және лимфа жүйелерінің анатомиясы мен топографиясын;

  • эндокринді бездер құрылысы мен қызметін;

  • бас пен мойынның, дененің және аяқ – қолдың тері жамылғыларының морфофункционалдық сипаттамасын;

  • халықаралық анатомиялық номенклатураны латын тілінде.

Көрсете алуға тиіс:

  • бас сүйектері, дене және аяқ-қол сүйектеріне тән ерекшеліктерін анықтау;

  • анатомиялық препараттарда сүйек байланыстарының құрылымдық элементтерін тауып алу;

  • мәйіттен бастың, дененің және қолмен аяқтың бұлшықеттерін көрсету;

  • бас пен мойын, кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарындағы ағзаларды табу;

  • жұлын мен бас миы бөлімдерін көрсету;

  • жұлын мен бас миы нервтерін көрсету;

  • мәйіттен бас пен мойын, кеуде, құрсақ қуысы, кіші жамбас және қол мен аяқтың қан тамырларын көрсету;

  • адам денесінің бетінен ағзалар мен қан тамырлар, нервтер проекциясын анықтап көрсету.


ІІІ- семестр

Теория тақырыптық жоспары



Тақырыптар

Сағат саны

Теориялық сабақ

1

Анатомия пәні және міндеттері. Организмдегі тіндердің, ағзалардың, жүйелердің жалпы сипаттамасы. Адам эмбриогенезінің бастапқы сатылары.

3

теория

2

Остеология. Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы. Сүйек ағза ретінде. Сүйектің құрылысы және дамуы. Сүйектің жіктелуі. Қаңқаның дамуы мен құрылысындағы әлеуметтік және биологиялық факторлардың орны. Иық белдеуі, қолдың еркін бөлігінің құрылысы.

3


теория


3

Краниология. Бассүйектің жалпы анатомиясы және топографиясы. Адам бассүйегінің дамуы. Адам бассүйегі құрылысының жастық, жыныстық, типтік ерекшеліктері. Бет сүйектерi: жоғарғы және төменгi жақсүйектер, әлпетсүйегi, мұрын, таңдай, төменгi мұрын астаушасы, кеңсiрiк, тiласты және көз жасы сүйектерi.

3

теория

4

Артросиндесмология Сүйектердің қосылыстары туралы түсінік. Қосылыстардың дамуы. Сүйек қосылыстарының жіктелуі

3

теория

5

Бас және тұлға сүйектерінің қосылыстары. Қол-аяқ сүйектердің қосылыстары. Құрылысы, қызметі.

3


теория

6

Миология. Бұлшықет ағза ретінде. Бұлшықеттің онтогенезде дамуы. Бұлшықеттердің жіктелуі. Бұлшықеттердің қосалқы аппараттары. Бұлшықет биомеханикасы. Бұлшықеттер мен буындарға әсер ететін сыртқы және ішкі күштер. Бас бұлшықеттер: ымдау және шайнау бұлшықеттерi, шандырлары. Мойын бұлшықеттерi мен шандырлары. Мойын топографиясы.

3

теория

7

Кеуде бұлшықеттерiмен шандырлары. Кеуде топографиясы. Көкет, оның құрылысы және қызметi. Іш бұлшықеттерi мен шандырлары. Тiк бұлшықеттiң қынабы. Iштiң ақ сызығы. Кiндiк сақинасы. Iш прессi. Шап өзегi, құрылымы.

3


теория

8

Иық белдеуiнiң және иық, бiлек, қол ұшы /басы/ бұлшықеттерi мен шандырлары. Қолдың топографиялық анатомиялық түзiлуi.

3

теория



9

Жамбас белдеуi мен аяқ ұшы бұлшықеттерi мен шандырлары. Жамбас және аяқтың топографо-анатомиялық түзiлiсi.

3

теория

10

Спланхнология. Iшкi ағзалар туралы iлiмге кiрiспе. Ас қорыту ағзаларына жалпы шолу. Ауыз қуысы, тiл, тiстер. Сiлекей бездерi. Таңдай, жұтқыншақ, Өңеш, асқазан құрылысы, топографиясы, қызметтерi.

3

теория

11

Iшектер топографиясы, бөлiктерi, қабырғаларының құрылысы. Бауыр, өт қабы ,ұйқы безi, топографиясы, құрылысы, қызметi.

Iшастар туралы түсiнiк. Iшастардың iш қуысындағы бөлiктерге сай жолы /жүрiсi/ мен топографиясы.



3

теория

12

Тыныс алу ағзаларының жалпы сипаттамасы. Сыртқы мұрын. Мұрын қуысы. Мұрын маңы қойнаулары.Көмей, кеңірдек. Бронхтар: құрылысы қызметтері.

3

теория

13

Өкпе құрылысы, қызметті. Өкпеқап, өкпеқап қойнаулары. құрылысы, топографиясы, қызметі. Көкірекаралық.

3

теория

14

Бүйрек, құрылысы, қызметі. Қан айналым ерекшеліктері. Несепағар, қуық, зәр шығару өзегі құрылысы, топографиясы, қызметі.

3

теория

15

Әйел және еркек жыныс ағзалары. Жастық, жыныстық ерекшілігі. Шат аралық бұлшық еттер.

3

теория

16

Ангиология. Қан тамырларының құрылысы, тармақталу мен жіктелуінің негізгі принциптері. Микроциркуляция туралы түсінік. Коллатералды қан айналымы. Жүректің құрылысы, қызметі. Перикард. Аорта оның бөлімдері, тармақтары. Аорта доғасы. Иық-бас сабауы.

3

теория

17

Кіші және үлкен қанайналым шеңбері. Жалпы ұйқы артериясы. Сыртқы, iшкi ұйқы артериясы. Мидың артериалдық шеңберi. Қол және аяқ артериялары.

2

теория

18

Жоғарғы қуысты вена жүйесі. Оның қалыптасу көздері, топографиясы. Мидың веналары. Ішкі сыртқы және алдыңғы мойындырық веналары жүйесі. Бұғана асты венасы. Қолдың веналары.Төменгі қуыс веналар қалыптасу көздері. Қақпа венасы. Кава-кавалды, порто-кавалды анастомоздар.

2

теория

19

Лимфа жүйесі. Лимфа капиллярлары, тамырлары, сабаулары, арналары, өткелдері. Олардың топографиясы. Көкбауыр.

2

теория




Барлығы:

54 сағ





ІІІ - семестр

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары




Тақырыптар

Сағат саны

Тәжірибелік сабақ

1

Остеология-сүйектер туралы iлiм. Тұлға сүйектерi.

Анатомиялық терминология. Негiзгi бiлiктер мен жазықтықтар туралы түсiнiк. Мойын, кеуде, бел омыртқалары. Сегiзкөз, құйымшақ, қабырғалар мен төстiң құрылысы. Тұлға сүйектерiн қолмен сипап табу.



2

Тәжірибелік

2

Қол-аяқ сүйектерi.

Иық белдеуi сүйектерiнiң құрылысы: бұғана, жауырын. Қол сүйектерiнiң еркiн бөлiгiнiң құрылысы: тоқпан жiлiк, бiлек сүйектерi мен қол ұшы /басы/ сүйектерi.Аяқ сүйектерiнiң құрылысы: жамбас сүйек, ортан жiлiк, сирақ, аяқ ұшы /басы/ сүйектерiнiң құрылысы.


2

Тәжірибелік


3

Краниология. Бас қаңқасы сүйектерi.

Бассүйектерiнiң құрылысы, оның ми /мисауыт/ және бет сүйектерiне бөлiнуi. Маңдай, төбе, шүйде, торлы сүйектердiң құрылысы. Самай және сына тәрiздi сүйектерiнiң құрылысы.



2

Тәжірибелік

4

Артросиндесмология Сүйек қосылыстарының жіктелуі. Тұлға сүйектерiнiң қосылысы. Омыртқа бағанасы. Кеуде торы. Омыртқа бағанасының бас сүйекпен қосылысы. Шықшыт буыны. Қол белдеуi сүйектерiнiң өзара және тұлғамен қосылыстары. Иық, шынтақ және кәрi жiлiк-бiлезiк буыны, қол ұшы /басы/ буындары.

2

Тәжірибелік

5

Жамбас белдеуi сүйектерiнiң қосылыстары; сегiзкөз, мықын, шат симфизi, ұршық буыны. Жамбас астауы, оның өлшемдерi. Тiзе буыны, сирақ сүйектерiнiң қосылыстары. Сирақ-асық буыны, аяқ ұшы /басы/ сүйектерiнiң қосылыстары. Остеология, краниология және артросиндесмология бойынша қорытынды сабақ.

2

Тәжірибелік

6

Миология. Көлденең жолақты бұлшықеттер құрылысы, ерекшеліктері. Ымдау және шайнау бұлшықеттерi, шандырлары. Мойын бұлшықеттерi мен шандырлары. Мойын топографиясы.

2

Тәжірибелік

7

Кеуде бұлшықеттерiмен шандырлары. Кеуде топографиясы. Көкет, оның құрылысы және қызметi. Арқа бұлшықеттерi мен шандырлары.

2

Тәжірибелік

8

Iш бұлшықеттерi. Тiк бұлшықеттiң қынабы. Iштiң ақ сызығы. Кiндiк сақинасы. Iш прессi. Шап өзегi, құрылымы

2

Тәжірибелік

9

Иық белдеуiнiң және иық, бiлек, қол ұшы /басы/ бұлшықеттерi мен шандырлары. Қолдың топографиялық анатомиялық түзiлуi.

2

Тәжірибелік

10

Жамбас белдеуi мен аяқ ұшы бұлшықеттерi мен шандырлары. Жамбас және аяқтың топографо-анатомиялық түзiлiсi. Миология бойынша қорытынды сабақ.

2

Тәжірибелік

11

Спланхнология-iшкi ағзалар туралы iлiм. Ас қорыту жүйесi.

Ас қорыту ағзаларына жалпы шолу. Ауыз қуысы, тiл, тiстер. Сiлекей бездерi. Таңдай, жұтқыншақ, өңеш, асқазан құрылысы, топографиясы, қызметтерi.



2

Тәжірибелік

12

Iшектер топографиясы, бөлiктерi, қабырғаларының құрылысы. Бауыр, өт қабы ,ұйқы безi, топографиясы, құрылысы, қызметi.

Iшастар туралы түсiнiк. Iшастардың iш қуысындағы бөлiктерге сай жолы /жүрiсi/ мен топографиясы. Ас қорыту ағзалары бойынша қорытынды сабақ. Аралық тесттiк бақылау, ситуациялық есептердi шығару.



2

Тәжірибелік

13

Тыныс алу жүйесі ағзаларының жалпы сипаттамасы. Сыртқы мұрын. Мұрын жанындағы қойнаулар. Көмекей, құрылысы, топографиясы, қызметтері. Кеңірдек, бронхтар, құрылысы, топографиясы. Өкпе, құрылысы, топографиясы, қызметі. Өкпеқап, оның қойнаулары. Көкірекаралық.

2

Тәжірибелік

14

Несеп жыныс аппараты. Бүйректер, құрылысы, топографиясы. Қан айналым ерекшеліктері. Несеп шығаратын жолдарының анатомиясы: несепағар, қуық, несеп шығаратын өзек құрылысы, топографиясы.

2

Тәжірибелік

15

Еркек және әйел жыныс ағзалары, топографиясы, құрылысы. Жастық ерекшеліктері мен функционалдық маңызы. Шатаралық бұлшықеттері мен фасциялары. Қорытынды сабақ.

2

Тәжірибелік




Барлығы:

30сағ





ІV-семестр

Теория тақырыптық жоспары



Тақырыптар

Сағат саны

Теориялық сабақ

1

Нерв жүйесі туралы ілім – НЕВРОЛОГИЯ.

Орталық нерв жүйесі. Жұлын құрылысы. Сұр зат, құрылысы.Түбіршіктер, түйіндер. Жұлынның ақ заты.



Сегементарлық және сегментүстілік аппараты. Жұлын қабықтары.

2

теория

2

Мидың жалпы сипаттамасы .ХІІ жұп бас ми нервтері. Олардың ми мен бас сүйек негізінен шығатын жерлері. Ми сыңарларының жүлгелері мен иірімдері. Мидың қабықшалары, қойнаулары, өсінділері, қабықша –аралық қойнаулары.

2

теория

3

Артқы ми. Сопақша ми және оның құрылысы. Көпір, оның топографиясы, құрылысы. Мишық: пішіні, құрылысы, топографиясы. Мишықтың аяқшалары, Ромб тәрізді шұңқыршақ ІҮ қарынша. Ми нервтері, ядроларының топографиясы. Өткізгіш жолдары.

2

теория

4

Ортаңғы ми. Төрт төмпешік. Ми аяқшалары. Ядролары мен өткізгіш жолдары. Мидың су құбыры. Аралық ми. Таламенцелофон және гипоталамус. Гипоталамус аймағының вегетативтік ядролары. Үшінші қарынша.

2

теория

5

Соңғы ми. Мидың жолдары. Алдыңғы дәнекер. Сүйелді дене. Күмбез, гипокамп, ішкі капсула. Базальді /негіздік/ ядролар, латеральді қарыншалар, иістік ми. Өткізгіш жолдары.

2

теория

6

Ми нервтерi. үшкiл нерв/V-жұп/. Бiрiншi, екiншi, үшiншi тармақтары. Нервтендiру аймақтары, вегетативтiк түйiндермен байланысы.

2

теория

7

Бет нервi /VII-жұп/. Тiл-жұтқыншақ нервi /IX-жұп/. Кезбе нерв /X-жұп/. Қосалқы нерв /XI-жұп/. Тiласты нервi /XII-жұп/. Топографиясы, ядросы. Нервтендiру аймақтары

2

теория

8

Жұлын нервтерi. Артқы тармақтары. Көкiрек нервтерiнiң алдыңғы тармақтары. Мойын өрiмi. Нервтендiру аймақтары Иық өрiмi. Ұзын, қысқа тармақтары. Бел өрiмi. Сегiзкөз, құйымшақ өрiмдерi. Нервтендіру аймақтары.

2

теория

9

Вегетативтік нерв жүйесі құрылысының жалпы принциптері. ВНЖ-нің парасимпатикалық бөлімі.

2

теория

10

Эндокриндік ағзалардың морфофункционалдық анатомиясы, топографиясы. Иммундық жүйенің морфофункционалдық анатомиясы, топографиясы, қызметі.

2

теория

11

Көру мүшесі, құрылысы, қызметі. Көздің аккомодациялық аппараты. Көздің қосалқы мүшелері. Көз жастық аппараты. Көру анализаторының өткізгіш жолдары мен орталықтары

2

теория

12

Есту мүшесі. Құрылысы. Өткізгіш жолдары мен орталықтары. Тепе-теңдік ағзалары, құрылысы. Өткізгіш жолдары.

2

теория

13

Дәм және иiс сезу мүшелерi, өткiзгiш жолдары мен орталықтары. Терi және оның туындылары. Қорытынды сабақ.

2

теория

14

Қорытынды сабақ

2

теория




Барлығы:

28





ІV- семестр

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары




Тақырыптар

Сағат саны

Тәжірибелік сабақ

1

Ангиология. Тамырлар жүйесінің жалпы анатомиясы. Жүрек, оның камерлары. Жүрек қабырғаларының құрылысы. Перикард. Жүрек топографиясы. Кіші қан айналу шеңберінің артериялары. Үлкен қан айналу шеңберінің артериялары. Аорта, оның бөлімдері, тармақтары. Аорта доғасы. Иық-бас сабауы. Жалпы ұйқы артериясы. Сыртқы, iшкi ұйқы артериясы. Мидың артериалдық шеңбері.

3

Тәжірибелік

2

Бұғана асты артериясы. Жұлынның қанмен жабдықталуы. Қолтық асты, иық артериялары. Шынтақ, кәрі жілік артериялары. Алақанның артериалдық доғалары.

3

Тәжірибелік

3

Кеуде және құрсақ аортасының тармақтары. Париетальды, висцеральды тармақтары.

3

Тәжірибелік

4

Жалпы, iшкi және сыртқы мықын артериялары. Тақым артериясы. Сирақ және аяқ басы артериялары. Артерия тамырлары бойынша қорытынды сабақ.

3

Тәжірибелік

5

Жоғарғы қуысты вена жүйесі. Оның қалыптасу көздері, топографиясы. Мидың веналары. Ішкі сыртқы және алдыңғы мойындырық веналары жүйесі. Бұғана асты венасы. Қолдың веналары.Сыңар және жартылай сыңар веналары. Тұлға қабырғаларының веналары. Омыртқа өрімдері.

3

Тәжірибелік

6

Төменгі қуысты вена жүйесі. Оның қалыптасу көздері. Аяқ веналары. Қақпа венасы. Оның қалыптасу көздері. Кава –кавальді және порто-кавальді анастомоздар.

3

Тәжірибелік

7

Лимфа жүйесі. Лимфа капиллярлары, тамырлары, сабаулары, арналары, өткелдері. Олардың топографиясы. Көкбауыр. Вена және лимфа тамырлары бойынша қорытынды сабақ.

3

Тәжірибелік

8

Нерв жүйесі туралы ілім – НЕВРОЛОГИЯ. Орталық нерв жүйесі. Жұлын құрылысы. Сұр зат, құрылысы.Түбіршіктер, түйіндер. Жұлынның ақ заты. Сегементарлық және сегментүстілік аппараты. Жұлын қабықтары.

3

Тәжірибелік

9

Артқы ми. Сопақша ми, көпір, мишық аяқшалары, құрылысы, топографиясы, Ромб тәрізді шұңқыршақ ІҮ қарынша. Ми нервтері, ядроларының топографиясы. Өткізгіш жолдары. Соңғы ми. Мидың жолдары. Алдыңғы дәнекер. Сүйелді дене. Күмбез, гипокамп, ішкі капсула. Базальді /негіздік/ ядролар, латеральді қарыншалар, иістік ми.

3

Тәжірибелік

10

Ортаңғы ми. Төрт төмпешік. Ми аяқшалары. Ядролары мен өткізгіш жолдары. Мидың су құбыры. Аралық. Таламенцелофон және гипоталамус. Гипоталамус аймағының вегетативтік ядролары. Үшінші қарынша.

3

Тәжірибелік

11

Бас ми нервтерi. І, ІІ, ІІІ, ІV, VI жұптар, үшкiл нерв/V-жұп/оның бiрiншi, екiншi, үшiншi тармақтары. Нервтендiру аймақтары, вегетативтiк түйiндермен байланысы.

3

Тәжірибелік

12

Бет нервi /VII-жұп/. Тiл-жұтқыншақ нервi /IX-жұп/. Кезбе нерв /X-жұп/. Қосалқы нерв /XI-жұп/. Тiласты нервi /XII-жұп/. Топографиясы, ядросы. Нервтендiру аймақтары.

3

Тәжірибелік

13

Вегетативті нерв жүйесі құрылысының жалпы принциптері. ВНЖ-нің симпатикалық бөлімі. Қорытынды сабақ.

3

Тәжірибелік

14

Эндокриндік ағзалардың морфофункционалдық анатомиясы, топографиясы. Иммундық жүйенің морфофункционалдық анатомиясы, топографиясы.

3

Тәжірибелік

15

Көру мүшесі, құрылысы, қызметі. Көздің аккомодациялық аппараты. Көздің қосалқы мүшелері. Көз жастық аппараты. Көру анализаторының өткізгіш жолдары мен орталықтары

3

Тәжірибелік

16

Есту мүшесі. Құрылысы. Өткізгіш жолдары мен орталықтары. Тепе-теңдік ағзалары. Құрылыс. Өткізгіш жолдары.

3

Тәжірибелік

17

Дәм және иiс сезу мүшелерi. өткiзгiш жолдары мен орталықтары. Терi және оның туындылары. Қорытынды сабақ.

2

Тәжірибелік




Барлығы:

50сағ






3.Мазмұны.

І. Тарау Кіріспе.

1.1 . Анатомия пәні және міндеттері. Организмдегі тіндердің, ағзалардың, жүйелердің жалпы сипаттамасы. Адам эмбриогенезінің бастапқы сатылары.

2.Тарау Остеология. Артрология

2.1 Остеология. Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы. Сүйек ағза ретінде. Сүйектің құрылысы және дамуы. Сүйектің жіктелуі. Қаңқаның дамуы мен құрылысындағы әлеуметтік және биологиялық факторлардың орны. Иық белдеуі, қолдың еркін бөлігінің құрылысы.

2.2 Краниология. Бассүйектің жалпы анатомиясы және топографиясы. Адам бассүйегінің дамуы. Адам бассүйегі құрылысының жастық, жыныстық, типтік ерекшеліктері. Бет сүйектерi: жоғарғы және төменгi жақсүйектер, әлпетсүйегi, мұрын, таңдай, төменгi мұрын астаушасы, кеңсiрiк, тiласты және көз жасы сүйектерi

2.3. Артросиндесмология. Сүйектердің қосылыстары туралы түсінік. Қосылыстардың дамуы. Сүйек қосылыстарының жіктелуі

2.4 Бас және тұлға сүйектерінің қосылыстары Қол-аяқ сүйектерінің қосылыстары. Сүйек қосылыстарының жіктелуі.

2.5 Жамбас белдеуі, аяқ сүйек қосылыстары

2.6 Қорытынды сабақ

3.Тарау Миология.

3.1. Миология. Бұлшықет ағза ретінде. Бұлшықеттің онтогенезде дамуы. Бұлшықеттердің жіктелуі. Бұлшықеттердің қосалқы аппараттары. Бұлшықет биомеханикасы. Бұлшықеттер мен буындарға әсер ететін сыртқы және ішкі күштер. Көлденең жолақты, бiрыңғай салалы бұлшықеттер, құрылыстары және қызметтiк ерекшелiктерi. Бас бұлшықеттер: ымдау және шайнау бұлшықеттерi, шандырлары. Мойын бұлшықеттерi мен шандырлары. Мойын топографиясы.

3.2 Кеуде бұлшықеттерiмен шандырлары. Кеуде топографиясы. Көкет, оның құрылысы және қызметi. Арқа бұлшықеттерi мен шандырлары. Iш бұлшықеттерi. Тiк бұлшықеттiң қынабы. Iштiң ақ сызығы.

Кiндiк сақинасы. Iш прессi. Шап өзегi, құрылымы.



3.3 Иық белдеуiнiң және иық, бiлек, қол ұшы /басы/ бұлшықеттерi мен шандырлары. Қолтық шұңқыры. Қолдың топографиялық анатомиялық түзiлуi.

3.4 Жамбас белдеуi мен аяқ ұшы бұлшықеттерi мен шандырлары. Жамбас және аяқтың топографо-анатомиялық түзiлiсi.

3.5 Қорытынды сабақ

4. Тарау Ас қорыту жүйесі.

4.1 Спланхнология. Iшкi ағзалар туралы iлiмге кiрiспе. Ас қорыту жүйесiне жалпы шолу. Тағамның механикалық, химиялық өңдеуiн қамтамасыз ететiн, морфологиялық құрылысы. Сiңiру. Асқазан-iшек жолдарының моторлы және эвакуаторлы функциясы. Ас қорыту ағзаларына жалпы шолу. Ауыз қуысы, тiл, тiстер. Сiлекей бездерi. Таңдай, жұтқыншақ, өңеш, асқазан құрылысы, топографиясы, қызметтерi. Жастық, жыныстық ерекшіліктері.

4.2 Iшектер топографиясы, бөлiктерi, қабырғаларының құрылысы. Бауыр, өт қабы ,ұйқы безi, топографиясы, құрылысы, қызметi.

Iшастар туралы түсiнiк. Iшастардың iш қуысындағы бөлiктерге сай жолы /жүрiсi/ мен топографиясы. Жастық, жыныстық ерекшіліктері



4.3. Қорытынды сабақ.

5. Тарау. Тыныс алу жүйесі.

5.1 Тыныс алу. Дыбыс түзу апараты. Өкпе құрылысы, газ алмасу. Жастық, жыныстық ерекшіліктері.

5.2 Кеуде торы қабырғаларының, қабырғааралық кеңістіктердің, анатомиясы және топографиясы. Өкпеқап, өкпеқап қойнаулары. құрылысы, топографиясы, қызметі. Жастық, жыныстық ерекшіліктері.

6. Тарау Несеп жүйесі.

6.1 Несеп жыныс жүйесінің онтогенезі. Зәр түзу мен шығару ағзалары. Бүйректің морфофункционалдық бірлігі- нефрон. Бүйрек, несепағар, қуық, зәр шығару өзегі құрылысы, топографиясы, қызметті. Жастық, жыныстық ерекшіліктері.

7. Тарау. Жыныс жүйесі.

7.1 Әйел және еркек жыныс ағзалары. Жастық, жыныстық ерекшілігі. Қорытынды сабақ.

8. Тарау. Жүрек қан тамырлар жүйесі.

8.1 Ангиология. Қан тамырларының құрылысы, тармақталу мен жіктелуінің негізгі принциптері. Микроциркуляция туралы түсінік. Коллатералды қан айналымы.

Жүректің дамуы мен морфофункционалдық анатомиясы. Аорта оның бөлімлері, тармақтары. Аорта доғасы. Иық-бас сабауы.



8.2. Кіші және үлкен қанайналым шеңбері. Жалпы ұйқы артериясы. Сыртқы, iшкi ұйқы артериясы. Мидың артериалдық шеңберi. Кеуде құрсақ аортасы. Қорытынды сабақ.

8.3 Жоғары қусты вена жүйесі. Оның қалыптасу көздері, топографиясы. Мидың веналары.Ішкі сыртқы және алдыңғы мойындырық веналар жүйесі.Бұғана асты венасы. Қолдың веналары.

8.4Лимфа жүйесі. Лимфа капиллярлары, тамырлары, сабаулары, арналары,өткелдері. Олардың топографиясы. Дененің жекелеген бөліктерінің лимфа жүйесі. Көкбауыр. Қорытынды сабақ.

9. Тарау Нерв жүйесі.

9.1 Нерв жүйесі туралы ілім НЕВРОЛОГИЯ. Орталық нерв жүйесі.Жұлын құрылысы.Сұр зат, ішкі құрылысы. Түбіршіктер, түйіндер. Жұлынның ақ заты. Сегментарлық және сегментүстілік аппараттар. Жұлын қабықтары.

9.2 Мидың жалпы сипаттамасы. ХІІ жұп ми нервтері. Олардың ми мен бас сүйек негізінен шығатын жерлері. Ми сыңарлары мен иірімдері.Мидың қабықтары, қойнаулары, өсінділері, қабықша аралық қойнаулары.

9.3 Артқы ми. Сопақша ми және оның құрылысы.Көпір, оның топографиясы, құрылысы. Мишық:пішіні, құрылысы, топографиясы.Мишықтың аяқшалары. Ромб тәрізді шұнқыршақ, ІV қарынша. Ми нервтері, ядроларының топографиясы. Өткізгіш жолдары.

9.4 Ортаңғы ми. Төрт төмпешік. Ми аяқшалары. Ядролары мен өткізгіш жолдары. Мидың су құбыры. Аралық ми. Таламенцелофон және гипоталамус. Гипоталамус аймағының вегетативтік ядролары. Үшінші қарынша.

9.5. Соңғы ми. Мидың жолдары. Алдыңғы дәнекер. Сүйелді дене. Күмбез, гипокамп, ішкі капсула. Базальді /негіздік/ ядролар, латеральді қарыншалар, иістік ми. Өткізгіш жолдары.

9.6 Ми нервтерi. Үшкiл нерв/V-жұп/. Бiрiншi, екiншi, үшiншi тармақтары. Нервтендiру аймақтары, вегетативтiк түйiндермен байланысы.

9.7 Бет нервi /VII-жұп/. Тiл-жұтқыншақ нервi /IX-жұп/. Кезбе нерв /X-жұп/. Қосалқы нерв /XI-жұп/. Тiласты нервi /XII-жұп/. Топографиясы, ядросы. Нервтендiру аймақтары.

9.8 Жұлын нервтерi. Артқы тармақтары. Көкiрек нервтерiнiң алдыңғы тармақтары. Мойын өрiмi. Нервтендiру аймақтары. Иық өрiмi. ұзын, қысқа тармақтары.

9.9 Бел өрiмi. Сегiзкөз, құйымшақ өрiмдерi. Нервтендіру аймақтары.

9.10 Вегетативті нерв жүйесі құрылысының жалпы принциптері. ВНЖ-нің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімі. Қорытынды сабақ.

10. Тарау.Эндокринді және иммунды жүйе.

10.1 Эндокриндік ағзалардың морфофункционалдық анатомиясы, топографиясы.

10.2 Иммундық жүйенің морфофункционалдық анатомиясы, топографиясы.

11.Тарау Сезім мүшелері.

11.1 Көру мүшесі, құрылысы, қызметі. Көздің аккомодациялық аппараты

11.2 Көздің қосалқы мүшелері Көз жастық аппараты. Көру анализаторының өткізгіш жолдары мен орталықтары

11.3 Есту мүшесі. Құрылысы. Өткізгіш жолдары мен орталықтары.

11.4 Тепе-теңдік ағзалары. Құрылысы. Өткізгіш жолдары

11.5 Дәм және иiс сезу мүшелерi. өткiзгiш жолдары мен орталықтары. Терi және оның туындылары. Қорытынды сабақ.

4. Оқу-әдістемелік жабдықталуы:

Ұсынылатын әдебиет:

  • Негізгі:

1. Рақышев А.Р. адам анатомиясы І,ІІ том 2004

2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ,ІІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.


  • Қосымша:

1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы Қарағанды., 1993.

2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.




  • Көрнекі және техникалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, муляждар, планшеттер, плакаттар, торс, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ, компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы және т.б.




  • Емтихан

Тест: 720 сұрақ.

Остеология бойынша – 75, краниология бойынша – 23, артросиндесмология бойынша- 36, миология бойынша – 79, ас қорыту жүйесі бойынша – 63, тыныс алу жүйесі бойынша -36, несеп жүйесі бойынша – 46, жыныс жүйесі бойынша – 36, жүрек қантамыр жүйесі бойынша – 217, нерв жүйесі бойынша – 61, эндокриндік және иммундық жүйе бойынша – 23, сезім ағзалары бойынша – 25.

5. 2011-2012 оқу жылының жұмыс бағдарламасына енгізілген өзгертулер мен қосымшалар
Жұмыс бағдарламасына 2011-2012 оқу жылының оқу жұмыс жоспарында семестрдегі сағат санының өзгеруіне байланысты келесі өзгертулер енгізіледі:


  1. ІІІ семестрдегі теория тақырыптық жоспарындағы

17 «Кіші және үлкен қанайналым шеңбері. Жалпы ұйқы артериясы. Сыртқы, iшкi ұйқы артериясы. Мидың артериалдық шеңберi. Қол және аяқ артериялары.»

18 «Жоғарғы қуысты вена жүйесі. Оның қалыптасу көздері, топографиясы. Мидың веналары. Ішкі сыртқы және алдыңғы мойындырық веналары жүйесі. Бұғана асты венасы. Қолдың веналары.Төменгі қуыс веналар қалыптасу көздері. Қақпа венасы. Кава-кавалды, порто-кавалды анастомоздар.»

19 «Лимфа жүйесі. Лимфа капиллярлары, тамырлары, сабаулары, арналары, өткелдері. Олардың топографиясы. Көкбауыр.» тақырыптарының сағат саны 2 сағаттан 3 сағатқа ауыстырылды.

2. ІІІ семестрдегі тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспарындағы

5 «Жамбас белдеуi сүйектерiнiң қосылыстары; сегiзкөз, мықын, шат симфизi, ұршық буыны. Жамбас астауы, оның өлшемдерi. Тiзе буыны, сирақ сүйектерiнiң қосылыстары. Сирақ-асық буыны, аяқ ұшы /басы/ сүйектерiнiң қосылыстары. Остеология, краниология және артросиндесмология бойынша қорытынды сабақ.» тақырыбы №5 «Жамбас белдеуi сүйектерiнiң қосылыстары; сегiзкөз, мықын, шат симфизi, ұршық буыны. Жамбас астауы, оның өлшемдерi. Тiзе буыны, сирақ сүйектерiнiң қосылыстары. Сирақ-асық буыны, аяқ ұшы /басы/ сүйектерiнiң қосылыстары.» және №6 «Остеология, краниология және артросиндесмология бойынша қорытынды сабақ.» тақырыптарына бөлінді.

10 «Жамбас белдеуi мен аяқ ұшы бұлшықеттерi мен шандырлары. Жамбас және аяқтың топографо-анатомиялық түзiлiсi. Миология бойынша қорытынды сабақ.» тақырыбы №11 «Жамбас белдеуi мен аяқ ұшы бұлшықеттерi мен шандырлары. Жамбас және аяқтың топографо-анатомиялық түзiлiсi.» №12 «Миология бойынша қорытынды сабақ.» тақырыптарына бөлінді.

12 «Iшектер топографиясы, бөлiктерi, қабырғаларының құрылысы. Бауыр, өт қабы,ұйқы безi, топографиясы, құрылысы, қызметi. Iшастар туралы түсiнiк. Iшастардың iш қуысындағы бөлiктерге сай жолы /жүрiсi/ мен топографиясы. Ас қорыту ағзалары бойынша қорытынды сабақ. Аралық тесттiк бақылау, ситуациялық есептердi шығару.» №14 «Iшектер топографиясы, бөлiктерi, қабырғаларының құрылысы. Бауыр, өт қабы,ұйқы безi, топографиясы, құрылысы, қызметi.Iшастар туралы түсiнiк. Iшастардың iш қуысындағы бөлiктерге сай жолы /жүрiсi/ мен топографиясы.» №15 «Ас қорыту ағзалары бойынша қорытынды сабақ. Аралық тесттiк бақылау, ситуациялық есептердi шығару.» тақырыптарына бөлінді.

13 «Тыныс алу жүйесі ағзаларының жалпы сипаттамасы. Сыртқы мұрын. Мұрын жанындағы қойнаулар. Көмекей, құрылысы, топографиясы, қызметтері. Кеңірдек, бронхтар, құрылысы, топографиясы. Өкпе, құрылысы, топографиясы, қызметі. Өкпеқап, оның қойнаулары. Көкірекаралық.» тақырыптары №16 «Тыныс алу жүйесі ағзаларының жалпы сипаттамасы. Сыртқы мұрын. Мұрын жанындағы қойнаулар. Көмекей, құрылысы, топографиясы, қызметтері. Кеңірдек, бронхтар, құрылысы, топографиясы.» №17 «Өкпе, құрылысы, топографиясы, қызметі. Өкпеқап, оның қойнаулары. Көкірекаралық.» тақырыптарына бөлінді.

3. ІV семестр теория тақырыптық жоспарындағы

13 «Дәм және иiс сезу мүшелерi, өткiзгiш жолдары мен орталықтары. Терi және оның туындылары. Қорытынды сабақ.» және №14 «Қорытынды сабақ» біріктіріліп, 1 сағатқа қысқартылды.

4. ІV семестр тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспарындағы

9 «Артқы ми. Сопақша ми, көпір, мишық аяқшалары, құрылысы, топографиясы. Ромб тәрізді шұңқыршақ ІҮ қарынша. Ми нервтері, ядроларының топографиясы. Өткізгіш жолдары. Соңғы ми. Мидың жолдары. Алдыңғы дәнекер. Сүйелді дене. Күмбез, гипокамп, ішкі капсула. Базальді /негіздік/ ядролар, латеральді қарыншалар, иістік ми.»,

10 «Ортаңғы ми. Төрт төмпешік. Ми аяқшалары. Ядролары мен өткізгіш жолдары. Мидың су құбыры. Аралық ми. Таламенцелофон және гипоталамус. Гипоталамус аймағының вегетативтік ядролары. Үшінші қарынша.»,

11 «Бас ми нервтерi. І, ІІ, ІІІ, ІV, VI жұптар, үшкiл нерв/V-жұп/оның бiрiншi, екiншi, үшiншi тармақтары. Нервтендiру аймақтары, вегетативтiк түйiндермен байланысы.»,

12 «Бет нервi /VII-жұп/. Тiл-жұтқыншақ нервi /IX-жұп/. Кезбе нерв /X-жұп/. Қосалқы нерв /XI-жұп/. Тiласты нервi /XII-жұп/. Топографиясы, ядросы. Нервтендiру аймақтары.»,

13 «Вегетативті нерв жүйесі құрылысының жалпы принциптері. ВНЖ-нің симпатикалық бөлімі. Қорытынды сабақ.»,

14 «Эндокриндік ағзалардың морфофункционалдық анатомиясы, топографиясы. Иммундық жүйенің морфофункционалдық анатомиясы, топографиясы.»,

15 «Көру мүшесі, құрылысы, қызметі. Көздің аккомодациялық аппараты. Көздің қосалқы мүшелері. Көз жастық аппараты. Көру анализаторының өткізгіш жолдары мен орталықтары»,

16 «Есту мүшесі. Құрылысы. Өткізгіш жолдары мен орталықтары. Тепе-теңдік ағзалары. Құрылыс. Өткізгіш жолдары.» тақырыптарының сағат саны 3 сағаттан 2 сағатқа ауыстырылды.

Жұмыс бағдарламасы қайта қаралды және енгізілген өзгертулер кафедра мәжілісінде бекітілді. «____»________20 ж. №____ хаттама


Кафедра меңгерушісі, профессор ____________ Сисабеков Қ.Е.
Енгізілген өзгертулер ТжКББФ деканымен келісілген:

____________________________ Отыншиев М.А.

«____»________20 ж.

Әдістемелік кеңес төрайымы:

____________________________ Джуманкулова Н.Р.

«____»________20 ж.



5. 2013-2014 оқу жылының жұмыс бағдарламасына енгізілген өзгертулер мен қосымшалар
Жұмыс бағдарламасына өзгертулер енгізілген жоқ.

Жұмыс бағдарламасы қайта қаралды және енгізілген өзгертулер кафедра мәжілісінде бекітілді. «____»________20 ж. №____ хаттама


Кафедра меңгерушісі, профессор ____________ Сисабеков Қ.Е.
Енгізілген өзгертулер ТжКББФ деканымен келісілген:

____________________________ Отыншиев М.А.

«____»________20 ж.

Әдістемелік кеңес төрайымы:

____________________________ Джуманкулова Н.Р.

«____»________20 ж.



5. 2014-2015 оқу жылының жұмыс бағдарламасына енгізілген өзгертулер мен қосымшалар
Жұмыс бағдарламасына өзгертулер енгізілген жоқ.

Жұмыс бағдарламасы қайта қаралды және енгізілген өзгертулер кафедра мәжілісінде бекітілді. «____»________20 ж. №____ хаттама


Кафедра меңгерушісі, профессор ____________ Сисабеков Қ.Е.

Енгізілген өзгертулер ТжКББФ деканымен келісілген:

____________________________ Отыншиев М.А.

«____»________20 ж.


Әдістемелік кеңес төрайымы:

____________________________ Джуманкулова Н.Р.

«____»________20 ж.






Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет