Жұмыспен қамтылу жағдайының тізбесі



жүктеу 27.04 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі27.04 Kb.

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамаға 6-қосымша

Жұмыспен қамтылу жағдайының тізбесі


    Код

Жұмыспен қамтылу жағдайы*

Анықтама

    1

    жалдамалы қызметкер

Ақшалай немесе заттай түрдегі ақы (сыйақы) төлемі үшін ауызша немесе жазбаша еңбек шарты (жалдану шарты) бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға

    2

    жұмыс беруші

Өзінің меншікті экономикалық кәсіпорнын басқаратын немесе қандай да бір экономикалық қызмет түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және тұрақты түрде бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлерді жалдайтын жеке тұлға.

    3

    жеке негізде жұмыс істеуші



    Өзінің меншікті экономикалық кәсіпорнын басқаратын немесе қандай да бір экономикалық қызмет түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және тұрақты түрде жалдамалы қызметкерлерді жалдамайтын жеке тұлға.

    4

    жеке қосалқы шаруашылығымен (жеке ауласымен) айналысушы

өзінің жеке қосалқы шаруашылықтарында өнімді сату (айырбастау) үшін өнім өндіруге байланысты ауылшаруашылығы (малға күтім көрсетуді қоса алғанда) қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға

    5

    өндірістік кооператив мүшесі

    кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кооператив мүшесі болып табылатын жеке тұлға

    6

    кәсіпорынның ақы төленбейтін қызметкері

туыс адамы басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) сыйақысыз жұмыс істейтін жеке тұлға

    7

    жұмыссыз

жұмыссыз болған;

жұмыс іздеумен белсенді айналысқан;

жұмысқа орналасу мүмкіндігі болса, жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш критерийге бір мезгілде сай келетін адам.

Бұл ретте «жұмыссыз» деген ұғым, адамның мүлдем (тіпті апта ішінде бір сағат та) жұмыс істемегендігін білдіретінін ескеру қажет.



    8

    жұмыс күшінің құрамына кірмейтін, адам

Жұмыс күшінің құрамына кірмейтін адам-қарастырылып отырған есепті кезең ішінде 15 және одан жоғары жастағы келесі себептер бойынша белсенді болмаған: оқу орнында болған (күндізгі оқу нысаны), үй міндеттерін атқарған, жасының үлкеюі (зейнеткерлікте болу), мүгедектік және басқа себептерді қоса алғанда жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыз болып табылмайтын жеке тұлғалар.

*1-6-кодтарда атап өтілген санаттар жұмыспен қамтылған халыққа жатады.



Жеке қосалқы шаруашылықта (жеке аулада) өнімді тек өз тұтынуы үшін өндірумен айналысатын жұмыспен қамтылғандар жоғарыда аталған критерийлерге байланысты не жұмыссыздарға, не жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдарға жатқызылуы тиіс.
: upload -> Files
Files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
Files -> Ұлттар жіктеуіші
Files -> Деректі фильмнің беташары
Files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
Files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
Files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет