«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының Қобда ауданында жүзеге асыру барысы туралы аңықтама



Дата24.04.2016
өлшемі46.8 Kb.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының Қобда ауданында жүзеге асыру барысы туралы аңықтама.

Елбасының тапсырмасы бойынша тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған «Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» Бағдарламасын іске асыру Қобда ауданында қарқынды жүзеге асуда.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының мақсаты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу нәтижесінде аудан көлемінде жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда (2012 жылы-0,3%) 0,1 пайызға төмендеді. Жұмыспен қамтылғандардың саны - 503 адам, яғни жоспар әзірге 92 % орындалды. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі - 3509 адамды құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық өткен жылмен салыстырғанда 0,1% -ға төмен.

Бірінші бағыт аясында: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында.

2013 жылы Жол картасы аясында қабылдаған шаралар еңбек нарығындағы жағдайға және елдегі жұмыссыздар санын тұрақтандыруға оң әсер етті, Қобда ауданында күрделі жұмыстар өту үшін Білім саласында 5 нысан, Денсаулық саласында 1 нысан және Мәдениет саласында- 1 нысан жоспарланған болатын және де жүйелі түрде жүргізілуде:



  1. Жиренқопа а/о Мәдениет үйіне күрделі жөндеуге 42,0 млн теңге бөлінді, бүгінгі таңда күрделі жұмыстар аяқталды. Құрылыс барысында - 21 жұмыссыз азаматтар жұмысқа тартылды.

  2. Қобда комплексі мектеп балабақшасында күрделі жөндеуге- 38 ,5 млн теңге қаражат бөлінді, 19 жұмыссыз азаматтар жұмысқа жолданды. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

  3. Қобда көпсалалы колледжіне күрделі жөндеу жұмысына 53,0 млн. теңге қаражат бөлінді, күрделі жөндеу жұмыстарына 23 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды.Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

  4. Бестау мектеп – бала бақшасында күрделі жөндеуге 31, 5 млн теңге қаражат бөлінді, 25 жұмыссыз азамат жұмысқа тартылды.

  5. Қобда гимназиясына күрделі жөндеуге 28 129,0 мың теңге қаражат бөлініп, 19 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды.

  6. «Шұғыла» бала-бақшасына күрделі жөндеу жұмысына 30 489,0 мың теңге қаражат бөлініп, 11 жұмыссыз азамат жұмысқа тартылды.

  7. Қобда аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарына 48 776,0 мың теңге қаражат бөлініп, 24 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды.

Жол картасы шенберінде барлығы аудан бойынша күрделі жұмыстарға 142 адам жұмыспен қамтылып, еңбекақы төлеу ахуалы қатаң бақылауда, міндетті түрде 10 пайыздық зейнетақысының төленуі және ең төмен еңбекақы мөлшері 45000 теңгені құрайды.

Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыруды, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуды көздейді.

2013 жылға 25 адамға жалпы қаражат көзі 50,0 млн теңгені құрайтын шағын несие бөлініп, қазіргі таңда толығымен игерілді.

Олар, Бегалы а/о - мал шаруаушылығын дамытуға 2 азамат, Қобда а/о – тігін цехын ашу-1 адам, жиһаз өндеу цехына – 1 адам, монша құрылысына - 1 адам, тұтынатын ағаш өнімдеріне - 1 адам, мал шаруашылығын дамытуға – 8 адам, дөңгелек жөндеу орталығына– 2 адам ,техникалық қызмет орталығының құрылысына – 1 адам, барлығы 15 азамат, Сөгәлі а/о – шлакобетон кірпішін өңдеу цехына – 1 адам, мал шаруашылығын дамытуға – 1адам, барлығы несие алушы 2 азамат, И.Құрманов ат. а/о – мал шаруашылығын дамытуға 1 азамат, Жарық а/о – мал шаруашылығын дамытуға 1 азамат, Бұлақ а/о – мал шаруашылығын дамытуға 2 азамат, Қызылжар а/о – мал шаруашылығын дамытуға 1 азамат, Сарбұлақ а/о - мал шаруашылығын дамытуға 1 азамат.

Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға жалпы қаражат көзі 6,0 млн.теңгеге 2 азамат өтінім тапсырды .


  1. Қызылжар а/о Шалимов Талгат «Құттығай» ш/қ электржүйесін өткізумен қоса трансформатор қондыруға - 3,0 млн.теңге. Жетпейтін инфрақұрылымды өткізу үшін мердегер «БатысКоммерцСтройСервис» ЖШС болып табылады. Қазіргі таңда электржүйесі өткізілді, трансформатор қондырылды.

2. Қобда а/о Макешев Сансызбай жол бойындағы «Кемпинг» сервисіне электржүйесін өткізумен қоса трансформатор қондыруға - 3,0 млн.теңге. Жетпейтін инфрақұрылымды өткізу үшін мердегер «БатысКоммерцСтройСервис» ЖШС болып табылады. Қазіргі таңда электржүйесі өткізілді, трансформатор қондырылды.

Төртінші бағыт аясында өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

2013 жылы 11- сынып бітірген аз қамтылған отбасыларынан жұмыссыз-түлектері Бағдарлама арқылы 12 айлық Қобда аудандық көпсалалы колледжіне «Тракторист-машинист» мамандығы бойынша - 15 жас азамат оқуға жолданды. Ақтөбе техникалық колледжіне «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығына - 4 жас азамат оқуға жолданды.

Қайта даярлау курстарына Қобда аудандық көпсалалы колледжіне «Жылу қазандары жабдықтарын тексеруші – жүргізуші» мамандығына 12 азамат жолданды.

Біліктілікті арттыру курсына Сарбұлақ ауылдық округіндегі жұмыссыз 2 азамат Ақтөбе техникалық колледжінде «Бухгалтер» мамандығы бойынша оқуды аяқтап, сертификат алып,тұрақты жұмысқа қабылданды.

Осы бағыт шеңберінде халықтың нысаналы топтары қатарындағы /тұрмысы төмен, мүгедектер, жастар, көп балалы ата-аналар, оралмандар/ азаматтарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарына 60 жұмыссыз азамат жолданды. Қазіргі таңда 43 жұмыссыз азаматтар жұмыс атқарып жатыр. Сонымен қатар, жұмысқа орналастырылған азаматтарға еңбек ақы төлеуді қоса қаржыландыруға жұмыс берушілерде ат салысты, соның нәтижесінде орташа жалақысының мөлшері 26,0 мың.теңге болды.

Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыстарын аяқтағаннан кейін 91 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасты.



Жастар тәжірибесіне 50 азаматты жолдау жоспарланып, жыл басынан 52 азамат жастар тәжірибесіне жолданды. Соның ішінде 12 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Бөлім бастығы Р. Жолдыбаева

Қобда комплексі мектеп балабақшасында күрделі жұмысқа дейін.




Қобда комплексі мектеп балабақшасында күрделі жұмыс кезінде



Қобда комплексі мектеп балабақшасында күрделі жұмыс кезінде



Қобда комплексі мектеп балабақшасында күрделі жұмыстан кейін.




Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет