Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекiту туралы



жүктеу 0.56 Mb.
бет1/2
Дата03.05.2016
өлшемі0.56 Mb.
  1   2
: sites -> default -> files -> Node 10380
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Node 10380 -> Ақпараттандыру туралы
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 567-құжат;

      РҚАО-ның ескертпесi!


      Осы қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 6-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Президентi – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрi – Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. Жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын, есептiк айдан кейiнгi айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Бағдарлама iс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның iшiнде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде бөлiнетiн қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелсiн.
      5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 636 қаулысымен   
бекiтiлген      

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

      Ескерту. Жол картасы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 31.12.2013 № 1548 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.



1. Бағдарлама паспорты

Бағдарламаның атауы

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

Әзiрлеу үшiн негiздеме

Қазақстан Республикасының Президентi – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестiң № 01-7.1 хаттамасы

Әзiрлеуге және iске асыруға жауапты мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Бағдарлама мақсаты

Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздықты қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу

Бағдарламаның мiндеттерi

Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы топтарына кiретiн адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына тарту;
кадрлық әлеуеттi, оның iшiнде Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн кадрлық әлеуеттi дамыту;
атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру.

Бағдарламаны iске асыру мерзiмдерi және кезеңдерi

1-кезең – 2013 – 2015 жылдар
2-кезең – 2016 – 2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған мiндеттердi iске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткiзу жоспарланып отыр:
2016 жылға қарай:
кедейлiк деңгейi 6,0 %-дан аспайтын болады;
жұмыссыздық деңгейi 5,0 %-дан аспайтын болады;
өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелi жұмыспен қамтылғандардың үлесi 64,5 %-ға дейiн ұлғаяды.
2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткiзу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бiрiншi кезеңi аяқталғаннан кейiн айқындалатын болады.

Қаржыландыру көздерi және көлемi

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын iске асыруға республикалық бюджетте:
2013 жылға – 102,9 млрд. теңге;
2014 жылға – 98,3 млрд. теңге;
2015 жылға – 94,6 млрд. теңге;
2016 жылға – 95,7 млрд. теңге көзделген.
Келесi жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттi тиiстi жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

2. Кiрiспе

      1. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында өнiмдi жұмыспен қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту, еңбекке ынталандыруды арттыру және халықтың табысын өсiру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту қажеттiлiгiн көрсеттi.


      Бұл үшiн қажеттi шарттар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердiң бар қарқынымен әзiрленген. Елiмiзде серпiндi дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсендiлiгi және жұмыспен қамтылу деңгейi тұрақты арттырылуда.
      Дағдарыс қарсы реттеу тәжiрибесi жинақталған. Жол картасы (2009 – 2010 жылдары) шеңберiнде әзiрленген жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыс ықпалына байланысты уақытша экономикалық қиындықтар жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейiн сақтауға мүмкiндiк бердi.
      Соған қарамастан, әлемдiк дамудың тұрақсыздығы және әлеуметтiк жаңғырту жағдайларында серпiндi өзгерiп отыратын iшкi болмыстар еңбек нарығын реттеуге және нәтижелi жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге жаңа талаптар қояды.
      Осы бағдарлама – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрi – Бағдарлама) аталған талаптардың жауабы болып табылады. Ол 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.
      Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетiктерiн, еңбек нарығын реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру, оның iшiнде еңбек нарығын болжау және мониторингiн жүргiзу, табысы аз, жұмыссыз және өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсендi шараларына тарту тетiктерiн қамтиды.

3. Ағымдағы ахуалды талдау

      2. 2001 жылмен салыстырғанда 2012 жылдың соңында жұмыспен қамтылған халықтың саны 6 698,8 мың адамнан 8 507,2 мың адамға дейiн көбейдi, ал жұмыссыздық деңгейi 12,8 %-дан 5,3 %-ға төмендедi.


      Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елiмiзде:
      1) 474,8 мың жұмыссыз, олардың iшiнде ең үлкен топ – 34 жасқа дейiнгi адамдар;
      2) 1,1 млн-ға жуық нәтижесiз жұмыспен қамтылған өзiн-өзi жұмыспен қамтыған қызметкерлер (тiркелмеген өзiн-өзi жұмыспен қамтыған жұмыскерлер, жеке қосалқы шаруашылығында тек өзiнiң тұтынуы үшiн өнiм өндiрумен айналысатын адамдар және отбасылық кәсiпорындардың ақы төленбейтiн жұмыскерлерi);
      3) 2,8 млн. жұмыспен қамтылған адам жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамтылмаған және әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатыспайды;
      4) жұмыс орындарына тапшылық проблемасы ауылдық жерлерде аса өткiр болып отыр. Бұл:
      жұмыстардың маусымдық сипаты мен санаулы өндiрiстiк базаға;
      көлiктiк, өндiрiстiк және коммуналдық инфрақұрылымның дамымағанына;
      өткiзу нарықтарынан шалғайлығына;
      ауылда тұратын тұрғындар бiлiктiлiгiнiң төмендiгiне;
      қаржылық қызметтердiң жеткiлiктi қолжетiмдi болмауына (ауылда екiншi деңгейдегi банктер жоқ) байланысты.
      Әлемдiк практикада осындай проблемаларды шешу үшiн еңбек нарығының белсендi бағдарламалары қолданылады. Олар:
      еңбек ресурстарын дамытуды (кәсiптiк даярлау және қайта даярлау);
      жұмыс күшiне сұранысты ұлғайтуды (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, жаңа жұмыс орындарын құру);
      жұмыспен қамту саясатын институционалдық және ақпараттық қамтамасыз етудi (жұмыспен қамту қызметтерiн, ақпараттық жүйелердi құру, ақпараттандыруды ұйымдастыру);
      еңбекке ынталандыруды күшейтудi (кәсiби бағдар, келiсiлген әлеуметтiк көмек көрсету) болжамдайды.
      Орын алған проблемаларды шешу және Мемлекет басшысының тапсырмаларын iске асыру үшiн әлемдiк тәжiрибенi бейiмдеу мүмкiндiгiн ескере отырып, осы Бағдарлама әзiрлендi.

4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi және нысаналы
индикаторлары

1. Бағдарламаның мақсаты

      3. Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейiн төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.

2. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

      4. 2016 жылға қарай:
      1) кедейлiк деңгейi 6,0 %-дан аспайтын болады;
      2) жұмыссыздық деңгейi 5,0 %-дан аспайтын болады;
      3) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелi жұмыспен қамтылғандардың үлесi 64,5 %-ға дейiн ұлғаяды;
      2020 жылға қарай күтiлетiн нәтижелер индикаторлары Бағдарламаның бiрiншi кезеңi аяқталғаннан кейiн айқындалатын болады.
      5. Бағдарлама шеңберiнде:
      1) өзiн-өзi нәтижесiз жұмыспен қамтыған адамдар: 2013 жылы – олардың санынан 3,0 %, 2014 жылы – 3,8 % және 2015 жылы – 6,1 %;
      2) жұмыссыздар: 2013 жылы – 15,0 %, 2014 жылы – 18,0 % және 2015 жылы – 21,0 %;
      3) табысы аз отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерi: 2013 жылы – олардың жалпы санынан 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және 2015 жылы – 20,0 % мемлекеттiк қолдаумен қамтылатын болады.

3. Бағдарламаның мiндеттерi

      6. Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
      1) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кiретiн адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына тарту;
      2) кадрлық әлеуеттi, оның iшiнде Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн кадрлық әлеуеттi дамыту.
      3) атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру.
      Бағдарламаны iске асыру оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесуге және еңбек ресурстарының ұтқырлығын дамытуға бағытталған.
      7. Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
      2) ауылдағы жеке кәсiпкерлiк бастаманы қолдау және тiрек ауылдарды кешендi дамыту есебiнен ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу арқылы жұмыс орындарын құру;
      3) жұмыс берушiнiң нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту және жұмысқа орналастыруға және қоныс аударуға жәрдемдесу.
      8. Бағдарламаның iске асырылуын басқаруды:
      республикалық деңгейде:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК);
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi – Бағдарлама операторы);
      облыстық (астаналық, республикалық маңызы бар қала) деңгейде – Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi өңiрлiк комиссия (бұдан әрi – өңiрлiк комиссиялар) және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар;
      аудандық (қалалық) деңгейде – Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрi – аудандық (қалалық) комиссиялар), жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары;
      кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейiнде – кенттердiң, ауылдар мен ауылдық округтердiң әкiмдерi жүзеге асырады.
      Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын әлеуметтiк келiсiмшарттар Бағдарламаны орындауды ұйымдастырудың маңызды құралы болып табылады.

5. Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету

      9. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету үшiн Бағдарлама операторы мемлекеттiң қаржы-экономикалық мүмкiндiктерiн ескере отырып, жыл сайын 1 ақпанға дейiн алдағы қаржы жылына қаржыландыру лимитiн айқындайды және қаражатты өңiрлер бойынша бөлу жөнiнде ВАК-қа ұсыныс енгiзедi.


      Қаражат өңiрлер арасында мынадай тәртiппен бөлiнедi:
      80 % – халықтың санына барабар түрде;
      20 % – өткен кезеңдегi жұмыс нәтижелерiне байланысты. Жұмыс нәтижелерi ретiнде Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру және жұмыссыз, өзiн-өзi нәтижесiз жұмыспен қамтыған, табысы аз халықтың санын қысқарту бойынша көрсеткiштер ескерiледi.
      Бұл ретте жергiлiктi атқарушы органдар жеткiзiлген лимиттiң жалпы сомасынан:
      кемiнде 10 % - Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беруге;
      50 % асырмай инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға жiберiледi, оның iшiнде инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға бөлiнген қаражаттың кемiнде 70 %-ы Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, ауылдық жерлерге жiберiлуге тиiс.
      Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жергiлiктi бюджет есебiнен жобаның жалпы құнының кемiнде 10 %-ын қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.
      Көппәтерлi тұрғын үйдi, сондай-ақ жеке, екi (үш) пәтерлi тұрғын үйлердi салу және сатып алу кезiнде жұмыс берушi тұрғын үйдiң жалпы сметалық құнынан кемiнде 10 % мөлшерде қоса қаржыландыруды жүзеге асырады.
      Жергiлiктi атқарушы органдар белгiленген лимиттердi негiзге ала отырып, Бағдарламаның негiзгi параметрлерi бойынша күтiлетiн нәтижелердi (нысаналы индикаторларды) көрсете отырып, алдағы қаржы жылына бюджеттiк өтiнiмдi қалыптастырады және тиiстi орталық мемлекеттiк органдарға бюджет заңнамасында белгiленген нысандарда жыл сайын 15 сәуiрге дейiнгi мерзiмге ұсынады.
      Тиiстi орталық мемлекеттiк органдар Бағдарламаның негiзгi параметрлерi бойынша күтiлетiн нәтижелердi (нысаналы индикаторларды) көрсете отырып, Бағдарлама операторына бюджет заңнамасында белгiленген нысандарда бюджеттiк өтiнiмдердi жыл сайын 1 мамырға дейiнгi мерзiмге ұсынады.
      Бағдарлама операторы жыл сайын 15 мамырға дейiнгi мерзiмде бюджеттiк өтiнiмдердi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық мемлекеттiк органға ұсынады.
      Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға республикалық бюджетте тиiстi кезеңге көзделген қаражатты республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша бөлу, онымен қоса облыстық бюджеттерге, төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерiнiң сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерiн төмен тұрған бюджеттерге аударуды бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Өңiрлер бөлiнген қаражаттан бас тартқан немесе тиiстi құжаттаманы ұсынбаған жағдайда, Бағдарлама операторы ВАК-тың қарауына қаражатты басқа өңiрлерге қайта бөлу жөнiнде ұсыныс енгiзедi.
      Республикалық бюджеттi нақтылаған кезде жоғарыда көрсетiлген рәсiмдер сақталады, бюджеттiк өтiнiмдердi ұсыну мерзiмiн Бағдарлама операторы белгiлейдi.
      Лимит бойынша ұсынылған қаражатты нысаналы пайдалануды және Бағдарламада көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен жергiлiктi атқарушы органдардың арасында мынадай негiзгi параметрлер бойынша нысаналы трансферттер жөнiндегi нәтижелер туралы келiсiм (бұдан әрi – Келiсiм) жасалады:
      1) жұмыссыздық деңгейi;
      2) тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың қатысушылардың жалпы санындағы үлес салмағы;
      3) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелi жұмыспен қамтылғандардың үлесiн ұлғайту;
      4) еңбекке қабiлеттi азаматтардың халықтың аз қамтылған құрамындағы үлесiн қысқарту;
      5) Бағдарламаның әрбiр бағыттарында мемлекеттiк қолдау шараларымен қамтылған Бағдарламаға қатысушылардың үлесi;
      6) әлеуметтiк жұмыс орындары мен жастар практикасына жұмысқа орналастырылған, оның iшiнде Бағдарлама шеңберiнде кәсiптiк оқудан өткен адамдар iшiнен Бағдарламаға қатысушылардың үлесi;
      7) инфрақұрылымдық жобалар бойынша құрылатын жұмыс орындарының (тұрақты және уақытша) саны және орташа айлық жалақының мөлшерi.
      Республикалық меншiктегi объектiлердi күрделi және ағымдағы жөндеу бойынша 2013 жылы басталған жобалар жұмыстар толық аяқталғанға дейiн қаржыландырылады.

6. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың мониторингi

      10. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа мониторинг жүргiзу үшiн:


      1) нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      2) мемлекеттiк, салалық бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамасы шеңберiнде iске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлiнiсiнде ағымдағы бос жұмыс орындары және жұмыс орындарын құру болжамы туралы ақпаратты қамтитын жалпыұлттық дерекқорды (бұдан әрi – Жалпыұлттық дерекқор) қалыптастыру және дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Жалпыұлттық дерекқор:
      1) нақты кәсiпорындар мен мамандықтар бөлiнiсiнде ағымдағы бос жұмыс орындарын;
      2) нақты мамандықтар мен елдi мекендер бөлiнiсiнде еңбек ресурстарына қажеттiлiктiң жедел (1 жылға арналған) болжамын;
      3) мамандықтар топтары және облыстар бөлiнiсiнде еңбек ресурстарына қажеттiлiктiң орта мерзiмдi (5 жылға арналған) болжамын қамтитын болады.
      Жалпыұлттық дерекқорды және ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамдалатын жұмыс орындары, сұранысқа ие мамандықтар туралы мәлiметтердi ұсыну нысандарын қалыптастыру тәртiбiн Бағдарлама операторы мүдделi орталық мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен бекiтедi.

7. Бағдарламаға қатысушылар

      11. Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар – жұмыссыздар, iшiнара жұмыспен қамтылғандар, табысы аздар, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгiленген азаматтардың өзге де санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.


      12. Бағдарламаға қатысу үшiн басым құқық мынадай санаттарға:
      1) жалпы бiлiм беру мектептерiнiң 11-сыныбын бiтiрушiлердi, оқуды аяқтағаннан кейiн бiр жыл iшiнде техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерiн қоса алғанда, жиырма тоғыз жасқа дейiнгi жастарға;
      2) он сегiзден жиырма тоғыз жасқа дейiнгi балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiне, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      3) еңбек қызметiмен айналысу үшiн денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ мүгедектерге;
      4) ауылды жерлерде тұратын әйелдерге;
      5) зейнеткерлiк жасқа жеткенге дейiн 50 жастан асқан адамдарға;
      6) жалпыға бiрдей белгiленген зейнетақы жасына дейiн зейнеткерлiкке шыққан зейнеткерлерге;
      7) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда бұрын iстеген және мемлекеттiк жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдарға;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босатылған адамдарға;
      9) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлi емдеуден босатылған адамдарға;
      10) жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына, жұмыс берушi – жеке тұлға қызметiн тоқтатқанға немесе қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарға берiледi.
      Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгiзу кезiнде дәйексiз деректер ұсынған адамдар Бағдарламаға қатысушылар құрамынан шығарылады және мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған мемлекеттiк шығыстар сомаларын бюджетке өз еркiмен, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен өтейдi.

8. Бағдарламаның негiзгi бағдарламаларын iске асыру

1. Бiрiншi бағыт:


инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

      13. Аталған бағыт мынадай жұмыс және объектiлер түрлерi бойынша инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудi көздейдi:


      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн күрделi, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәрiз объектiлерi, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерi);
      2) әлеуметтiк-мәдени объектiлердi (бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектiлерiн) күрделi және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауiптi өңiрлер үшiн сейсмологиялық қауiпсiздiктi күшейте отырып, күрделi жөндеуге жол берiледi;
      3) инженерлiк-көлiк инфрақұрылымын күрделi, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентiшiлiк және ауылiшiлiк жолдар, кiрме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпiрлер);
      4) ауылдық жерлердегi фельдшерлiк-акушерлiк пункттер, дәрiгерлiк амбулаториялар салу (ауылдағы авариялық, бейiмделмеген және саман объектiлердiң проблемаларын шешетiн объектiлерге баса назар аударылады);
      5) елдi мекендердi абаттандыру (көшелердi, саябақтарды, скверлердi жарықтандыру және көгалдандыру, иесi жоқ объектiлердi бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру).
      14. Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары және орташа ауылдық елдi мекендерде iске асыру осы Бағдарламаның 13-тармағында көзделген барлық жұмыс түрлерi мен объектiлерi бойынша, ал қалаларда – осы Бағдарламаның 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген жұмыс түрлерi бойынша жүзеге асырылады.
      Саяжай кенттерiнде осы Бағдарламаның 13-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетiлген жұмыс түрлерi коммуналдық меншiкте тұрған объектiлер бойынша iске асырылады.
      15. Жергiлiктi атқарушы органдар жобаларды iрiктеудi:
      1) жеткiзiлген қаржыландыру лимиттерi;
      2) мемлекеттiк сараптамадан өткен объектiлердi салуға және күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
      3) жобалар шеңберiнде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеудi жүзеге асыру жоспарланып отырған ақаулар ведомосiнiң, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемiнiң шығыстар сметасының болуы;
      4) мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мерзiмдерi және отандық өндiрушiлерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу мүмкiндiгi;
      5) жобаларды iске асыруды бастау және аяқтау мерзiмдерi;
      6) жобалардың iске асырылуын жергiлiктi бюджет есебiнен қоса қаржыландыру мүмкiндiктерi;
      7) құрылатын жұмыс орындарының саны және ұсынылған жобалар бойынша есептелген орташа айлық жалақының мөлшерi;
      8) жобаларды iске асыруға әсер ететiн өңiрдiң табиғи климаттық жағдайлары және басқа да ерекшелiктерi негiзiнде дербес жүзеге асырады.
      16. Халықты жұмыспен қамту орталықтары осы ауданда (қалада) тұратын Бағдарламаға қатысушыларды, уақытша тiркелген адамдарды қоса алғанда, инфрақұрылымдық жобаларды iске асыратын жұмыс берушi – мердiгерлерге жiбередi.
      Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру тетiгi.
      17. Жергiлiктi атқарушы органдар денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкiлеттi органға – фельдшерлiк-акушерлiк пункттердiң, дәрiгерлiк амбулаторийлердiң құрылысы бойынша жобаларды, өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға Бағдарлама шеңберiнде iске асыру ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етiлетiн техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткiштерiн негiздей отырып, жыл сайын 15 сәуiрден кешiктiрмей ұсынады.
      Тиiстi техникалық құжаттамасыз және жобаның таңдалуы, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақының көрсеткiштерi негiзделмей ұсынылған жобалар қаралмайды.
      18. Жобаларды қарау барысында өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жобалардың осы Бағдарламаның 13-тармағы 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жұмыс түрлерi мен объектiлерге, денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкiлеттi орган 13-тармақтың 4) тармақшасына сәйкестiгiн тексередi және тиiстi қорытындылар әзiрлейдi.
      19. Жобаларға терiс қорытындылар берiлген кезде өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi, денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдарға бас тарту себептерi көрсетiлген уәждемелi жауап жiбередi.
      Оң қорытынды берiлген кезде өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдар Бағдарлама операторына қаржыландыру көлемдерiн, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақы мөлшерiнiң күтiлетiн көрсеткiштерiн қоса бере отырып, инфрақұрылымдық жобалардың тiзбесiн жiбередi.
      20. Бағдарлама операторы өңiрлiк даму мәселесi жөнiндегi, денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкiлеттi орган ұсынған қорытынды негiзiнде және құрылатын жұмыс орындары санының, орташа айлық жалақы мөлшерiнiң күтiлетiн көрсеткiштерiн ескере отырып, жобаларды қарайды.
      21. Жергiлiктi атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру шеңберiнде:
      1) жаңа жұмыс орындарын құруды;
      2) құрылыс кезiнде кемiнде 30 %, күрделi, ағымдағы жөндеу және абаттандыру бойынша кемiнде 50 % инфрақұрылымдық жобалар iске асырылатын ауданда (қалада), оның iшiнде уақытша тiркеумен тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшiн халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жұмыс орындарын ұсынуды қамтамасыз етедi.
      Инфрақұрылымдық жоба iске асырылып жатқан ауданда (қалада) қажеттi еңбек ресурстары болмаған кезде аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келiсiмi болған жағдайда оны сырттан тартуға жол берiледi.
      22. Жобаларды күрделi, ағымдағы жөндеу бойынша бюджет қаражаты үнемделген жағдайда жергiлiктi атқарушы органдар өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi, денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкiлеттi органдардың және Бағдарлама операторының келiсiмiмен көрсетiлген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша iске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың соңғы нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн жақсартуға жiбере алады.
      23. Жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға, ауылдық жерлерде фельдшерлiк-акушерлiк пункттер, дәрiгерлiк амбулаториялар салу бойынша Келiсiмге қосымшада көрсетiлген нысан бойынша есептi денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
      Есептерде:
      1) жобалар бөлiнiсiнде орындалған жұмыстардың көлемi;
      2) құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық еңбекақысының мөлшерi;
      3) бөлiнген нысаналы трансферттердiң игерiлуi, уақтылы игерiлмеудiң себептерi және төмен тұрған бюджеттен қаржыландыру көлемдерi;
      4) жiберiлген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарлама операторына құрылған жұмыс орындары және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың саны, олардың орташа айлық жалақысының мөлшерi туралы ақпаратты қосымша ұсынады.
      24. Өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi, денсаулық сақтау саласындағы орталық мемлекеттiк органдар жобалардың iске асырылуына мониторинг жүргiзедi және ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiне Бағдарлама операторына Бағдарламаның 23-тармағы 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес есептер ұсынады.
      Инфрақұрылымдық жобаларға қатысу тетiгi.
      25. Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысуға тiлек бiлдiрген және оған мүмкiндiгi бар Бағдарламаға әлеуеттi қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен жүгiнiп, мынадай құжаттарды қоса бередi:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкiмдердiң анықтамасы), уақытша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      3) болған жағдайда, бiлiмi туралы құжаттың көшiрмесi (аттестат, куәлiк, диплом) және/немесе оқу курстарынан өткенiн растайтын басқа да құжаттар (куәлiк, сертификат).
      26. Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбек ресурстарына жұмыс берушiлердiң қажеттiлiгiн есепке алып, өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешiм қабылдайды және оларды iске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберiнде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшiн жiбередi.
      27. Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады. Әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.
      28. Инфрақұрылымдық жобаны iске асыратын жұмыс берушi әлеуметтiк келiсiмшартқа қосылу туралы басшысының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен куәландырылған жазбаша өтiнiш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтiк келiсiмшарт жасасуды растайды.
      29. Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушiлер туралы мәлiметтер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады.
      30. Өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi, денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкiлеттi органдар мен Бағдарлама операторы өз құзыреттерi шегiнде Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргiзедi.

2. Екiншi бағыт:


кәсiпкерлiктi дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тiрек ауылдарды
дамыту

      31. Екiншi бағыт жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсiпкерлiктi ынталандыруды және экономикалық белсендiлiктi арттыруды, тiрек ауылдық елдi мекендердi кешендi дамытуды көздейдi.

Жеке кәсiпкерлiк бастаманы қолдау

      32. Жеке кәсiпкерлiк бастаманы қолдау әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуетi орташа және жоғары ауылдарда, шағын қалаларда, қалалық әкiмшiлiк бағыныстылық аумағындағы кенттерде жүзеге асырылады.


      Кәсiпкерлiк бастаманы мемлекеттiк қолдауды iске асыру үшiн тiрек ауылдық елдi мекендер басым елдi мекендер болып табылады.
      33. Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттiк қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiледi:
      1) жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсiпкерлiк негiздерiне тегiн оқыту және бизнес-жоспарды әзiрлеуге жәрдемдесу;
      2) микрокредиттер беру;
      3) бiр жылға дейiнгi мерзiмге жобаларды сүйемелдеу жөнiнде сервистiк қызметтер (маркетингтiк, заңдық, бухгалтерлiк және басқа да қызмет түрлерi) көрсету;
      4) жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiн дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушылар iске асырып жатқан жобалар үшiн, оның iшiнде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшiн жабдықтар сатып алу.
      34. Қатысу және Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларымен айқындалады.
      35. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу және кредит ресурстарын беру, оларға осы бағыт шеңберiнде бөлiнген кредит ресурстарының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзу Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру қағидаларымен айқындалады.
      36. Микрокредит беру шарттары:
      1) республикалық бюджеттен бюджеттiк кредит жергiлiктi атқарушы органға қайтарымдылық, мерзiмдiлiк және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесiмен 5 жылға берiледi;
      2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;
      3) микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлмейдi;
      4) микрокредит беру мерзiмi – 5 жылдан аспайды;
      5) микрокредиттiң ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;
      6) соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит бойынша негiзгi борышты өтеу бойынша микрокредит беру мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;
      7) микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын микрокредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесi өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесi мен оның микрокредит берудi ұйымдастыруға байланысты жоспарланған шығыстарын негiзге ала отырып белгiленедi;
      8) соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi мөлшерлеменi өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi;
      9) қаржы агенттiгi мәртебесiне ие уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиiмдi мөлшерлемесi өңiрлiк комиссиямен келiсе отырып белгiленедi;
      10) микрокредиттерiн мерзiмiнен бұрын өтеген Бағдарламаға қатысушылардың жеке iсiн кеңейту үшiн микрокредит алуға қайта өтiнiш беруге және 5 млн. теңгеге дейiн микрокредит алуға құқығы бар.
      37. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және Бағдарламаға қатысушылар iске асырып жатқан жобалар үшiн жабдық алу шарттары:
      1) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және/немесе салу Бағдарламаға қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен, газбен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым жүргiзудi болжайды.
      Жетiспейтiн инфрақұрылым жүргiзу елдi мекендi дамытудың бас жоспарына (ауылда – инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн.
      Жүргiзiлген инженерлiк инфрақұрылым жергiлiктi атқарушы органдардың коммуналдық меншiгiнiң теңгерiмiне берiледi.
      Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiн дамыту және/немесе салу Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      2) Бағдарламаға қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн жабдық сатып алу кәрiз, жылумен және сумен, газбен жабдықтау желiлерiн, телефон және электр желiлерiн алмастыратын жабдықпен, сондай-ақ жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшiн блок модульдермен (арнайы жабдықталған жылжымалы үйлер) жарақтандыруды көздейдi.
      Бағдарламаға қатысушылар iске асыратын жобалар, оның iшiнде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшiн сатып алынатын жабдық қабылдау-беру актiсi арқылы Бағдарламаға қатысушының меншiгiне берiледi. Бұл ретте микрокредиттi қайтару мерзiмi iшiнде Бағдарламаға қатысушы технологиялық жабдықты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етедi және растайды.
      38. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiн дамытуды және/немесе салуды Бағдарламаға қатысушылар iске асырып жатқан жобалар, оның iшiнде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшiн жабдықтар сатып алуды жергiлiктi атқарушы органдар республикалық бюджеттен берiлетiн нысаналы трансферттер есебiнен жүзеге асырады.
      Нысаналы трансферттердi жергiлiктi атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттарға немесе заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға және бизнес-ұсыныстарға сәйкес пайдаланады.
      39. Жергiлiктi атқарушы органдар жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiн дамыту және/немесе салу және Бағдарламаға қатысушылар iске асырып жатқан жобалар үшiн, оның iшiнде жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған жабдықтарды сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi органды айқындайды.
      Бұл ретте инфрақұрылым объектiлерiн дамыту және/немесе салу Бағдарламаға қатысушылар iске асырып жатқан жобалар үшiн, оның iшiнде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшiн сатып алынатын жабдықтардың құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу құны мен мемлекеттiк сараптама жүргiзу құны есепке алынбай, берiлетiн микрокредиттiң сомасына қарамастан, Бағдарламаның бiр қатысушысына 3 млн. теңгеден аспауға тиiс.
      Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның iске асырылуына мониторинг жүргiзу инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жүктеледi.
      40. Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына, кредиттiк серiктестiктерге және қаржы агенттiгi мәртебесiне ие ұйымдарға кредиттiк ресурстар беру тетiгi:
      1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi;
      2) аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары ауылдық округтер әкiмдерiнiң қатысуымен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес Кәсiпкерлiктi дамыту картасын әзiрлейдi және оны облыстың кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша бекiтедi. Кәсiпкерлiктi дамыту картасы бекiтiлгенге дейiн Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру өңiрлiк комиссиялар айқындаған өңiрде кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады;
      3) облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары микрокредит берудi ұйымдастыру үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйымдарды айқындайды;
      4) уәкiлеттi өңiрлiк ұйымдар микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит берудiң белгiленген қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және/немесе кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi.
      Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс өткiзбей, соңғы қарыз алушыларға кредит берудi қаржы агенттiгi мәртебесiне ие уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның өзi жүзеге асыруы мүмкiн;
      5) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының және/немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
      Уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның қаржы агенттiгi мәртебесi болған жағдайда, микрокредит ұсыну туралы шарт тiкелей соңғы қарыз алушымен жасалады.
      41. Бағдарламаға қатысушыларға кәсiпкерлiктi дамыту бойынша мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну тетiгi:
      1) Бағдарламаның екiншi бағытының бiрiншi құрамдас бөлiгiне қатысуға тiлек бiлдiрушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгiнедi, онда оларға Бағдарлама шеңберiнде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация берiледi;
      2) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екiншi бағытына қатысушылардың құрамына енгiзiлген адамдармен әлеуметтiк келiсiмшарттар жасасады;
      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымға жiбередi, онда оларды кәсiпкерлiк негiздерiне тегiн оқыту, бизнес-жоспар әзiрлеуге жәрдемдесу қамтамасыз етiледi.
      Уәкiлеттi жұмыспен қамту органдары Бағдарламаға қатысушыға тұруына және жол жүруiне материалдық көмек төлеудi қамтамасыз етедi.
      Жұмыс iстеп тұрған бизнесiн кеңейтiп жатқан немесе бұдан бұрын кәсiпкерлiк негiздерiне оқытудан өткен адамдар не микрокредит алар алдындағы үш жыл iшiнде кәсiпкерлiк негiздерiне оқудың тиiстi курстарынан өткенi туралы растайтын құжаттары бар адамдар кәсiпкерлiк негiздерiне оқытусыз микрокредит алуға үмiткер бола алады;
      4) микрокредиттер беру:
      Бағдарламаға қатысушы сервистiк қызметтер көрсету жөнiндегi ұйымның жәрдем көрсетуiмен бизнес-жоспар әзiрлейдi және Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру құқығын алған қаржы агенттiгi мәртебесiне ие уәкiлеттi өңiрлiк ұйымға не микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымына микрокредит алуға өтiнiммен жүгiнедi;
      микрокредиттi кредиттiк серiктестiк арқылы алған жағдайда, Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзiрлейдi және микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру қағидаларына сәйкес уәкiлеттi өңiрлiк ұйым өткiзетiн кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу жөнiндегi конкурсқа қатысатын кредиттiк серiктестiкке жүгiнедi;
      5) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң қорытынды алғаннан кейiн сервистiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйыммен бiр жылға дейiнгi мерзiмге жобаны сүйемелдеу жөнiндегi қосымша қызметтер (маркетингтiк, заңдық, бухгалтерлiк және басқа да қызмет түрлерiн) ұсынуға шарт жасасуға құқылы;
      6) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:
      халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттiгi мәртебесiне ие уәкiлеттi өңiрлiк ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымынан немесе кредиттiк серiктестiктен оң қорытынды алған кезде инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жобалары инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiн салуды немесе қайта жаңартуды және/немесе Бағдарламаға қатысушылар iске асырып жатқан жобалар үшiн, оның iшiнде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшiн жабдықтар сатып алуды талап ететiн Бағдарламаға қатысушылардың тiзiмiн жiбередi;
      инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiн қаржыландыру немесе Бағдарламаға қатысушылар iске асырып жатқан жобалар үшiн, оның iшiнде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшiн жабдықтар сатып алу мүмкiндiгi (немесе мүмкiн еместiгi) және қажеттi қаржыландыру көлемi туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етедi;
      7) оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында тиiстi шарт жасалады.

Тiрек ауылдарды кешендi дамыту



      42. Тiрек ауылдарды кешендi дамыту ауылдарды мемлекеттiк қолдау шараларын шоғырландыру есебiнен тiрек ауылдық елдi мекендерде тұратын азаматтарды нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
      43. Тiрек ауылдық елдi мекен – ауылдық елдi мекендердiң белгiленген тобына мемлекеттiк, бiлiм беру, медициналық, қаржылық-делдалдық, мәдени-демалыс және сервистiк қызметтердiң кең ауқымын көрсететiн дамыған әлеуметтiк-инженерлiк инфрақұрылымы бар жайластырылған елдi мекен.
      44. Тiрек ауылдық елдi мекендердi айқындау әдiстемесiн өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
      45. Әзiрленген әдiстемеге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар тiрек ауылдарды айқындау, тиiстi қорытындыны келiсу әдiстемесiнде айқындалған критерийлерге сәйкес баға беру үшiн өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелердi қоса тiрек ауылдар тiзбесiнiң жобасын жiбередi.
      46. Жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламаға енгiзу үшiн және тiрек ауылдарды кешендi дамытудың мастер-жоспарын әзiрлеу үшiн өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген тiрек ауылдық елдi мекендердiң тiзбесiнен тiрек ауылдарды таңдап алады.
      47. Тiрек ауылдың мастер-жоспары тiрек ауылдық елдi мекендi дамытудың кешендi жоспарының құрамдас бөлiгi болып табылады, ол кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдау арқылы экономикалық және еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану есебiнен азаматтарды нәтижелi жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған.
      Тiрек ауылдың мастер-жоспары:
      тiрек ауылдың ағымдағы әлеуметтiк-экономикалық жай-күйiне талдауды;
      оның экономикалық қызметтiң нақты түрiн мамандануын ескере отырып, тiрек ауылды дамыту мүмкiндiктерi мен шарттарын айқындауды;
      қолданыстағы мемлекеттiк және салалық бағдарламалар шеңберiнде көрсетiлетiн мемлекеттiк қолдау шараларын, сондай-ақ жеке инвестицияларды қамтитын мастер-жоспарды iске асырудың тетiктерi мен құралдарын;
      инвестицияларды тартуды көздейтiн тiрек ауылды дамыту жөнiндегi шараларды iске асырудың қадамдық жоспарларын, шикiзат базасын, қайта өңдеудi дамытуды, iлеспе және қосалқы өндiрiстердi, инфрақұрылымды дамытуды, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және табысы аз азаматтарды ауылды дамыту жөнiндегi жұмыстарға тартуды;
      қолданыстағы мемлекеттiк және салалық бағдарламалар шеңберiнде мемлекеттiк қолдау шараларының көлемдерiн және басқа қаржыландыру көздерiн, iске асыру мерзiмдерi мен жауапты орындаушыларды айқындауды қамтиды.
      48. Тiрек ауылдың мастер-жоспарында көзделген iс-шараларды қаржыландыру Бағдарламаны, сондай-ақ қолданыстағы басқа мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыруға бөлiнген жалпы лимиттер шегiнде жүзеге асырылады.
      49. Тiрек ауылдың мастер-жоспарын iске асыру барысында Бағдарламада көзделген құралдар шектеусiз қолданылатын болады.
      50. Тiрек ауылдардағы жобаларды iске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушыларды қосымша ынталандыру:
      1) 5 жылдан аспайтын мерзiмге 5 млн. теңгеге дейiнгi сомада микрокредит беру;
      2) бiр айға дейiнгi мерзiмге кәсiпкерлiк негiздерiне тегiн оқыту, жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, бизнес-жоспар даярлауға көмек көрсету, жобаларды сүйемелдеу жөнiндегi сервистiк қызметтер және ИКИ дамыту, Бағдарламаға қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн жабдық сатып алу;
      3) Бағдарлама қаражатынан тыс тiрек ауылдарда жобаларды iске асырып жатқан адамдарға берiлген екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерi бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау;
      4) тiрек ауылдарда тұратын және Бағдарламаға қатысушы болған адамдарға өздерiнiң таңдаған Бағдарлама бағыттарына сәйкес мемлекеттiк қолдаудың барлық шаралары ұсынылады.
      51. Тiрек ауылдарда iске асырылатын жобалар үшiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау жөнiндегi функцияларды iске асыруды қаржы агентi – «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлiк қоғамы жүзеге асырады.
      52. Тiрек ауылдарда тұратын адамдардың екiншi деңгейдегi банктер кредиттерi бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялауды қаржыландыру тетiгi, тәртiбi, шарттары мен көздерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысымен бекiтiлген Бизнестiң 2020 жол картасында көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      53. Мастер жоспарды әзiрлеу тәртiбi:
      1) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерiнiң қатысуымен ауыл округтерiнiң әкiмдерi тiрек ауылдардың мастер-жоспарын әзiрлейдi;
      2) тiрек ауылдың мастер-жоспары жергiлiктi қауымдастық жиынына талқылауға шығарылады және жеке және заңды тұлғалар ынтымақты жауапкершiлiк қағидаттарында iске асырады;
      3) жергiлiктi қоғамдастық жиынында мақұлданған тiрек ауылдың мастер-жоспары аудандық комиссияның қарауына шығарылады және оң қорытынды алынғаннан кейiн өңiрлiк комиссияның қарауына жiберiледi.
      4) өңiрлiк комиссияның оң қорытындысын алған тiрек ауылдың мастер-жоспары тиiстi орталық уәкiлеттi органдармен бiрлесiп қаржыландыру және ВАК-тың қарауына енгiзу жөнiнде қорытындыны бағалау, ұсыну үшiн Бағдарлама операторына жiбередi.
      5) ВАК мақұлдаған мастер-жоспарды аудан (қала) мәслихаты бекiтедi және жергiлiктi атқарушы органдар iске асырады.
      54. Бағдарлама операторы өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп, тiрек ауылдардың мастер-жоспарларының iске асырылуына мониторинг жүргiзедi және бақылауды жүзеге асырады және олардың орындалу барысы туралы ақпаратты ВАК-қа ұсынады.
      55. Тiрек ауылды дамыту жөнiндегi ұсынылатын шаралар пилоттық режимде 2014 жылы Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында (әр өңiрде бiр тiрек ауылдан) сыналатын болады.

3. Үшiншi бағыт:


жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде оқыту және қоныс аудару арқылы
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

      56. Үшiншi бағыт жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде еңбек әлеуетiн дамыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының кәсiптiк және аумақтық ұтқырлығын арттыру жолымен халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.


      57. Үшiншi бағыттың мынадай құрауыштары бар:
      1) оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу



      58. Аталған бағыт шеңберiнде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттiк қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiледi:
      1) кәсiптiк бағдарлану, кәсiп таңдауда көмек, оқу және жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша консультация, психологиялық бейiмдеу жөнiндегi қызметтер;
      2) тегiн бiлiктiлiктi арттыру, кәсiптiк даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрi – кәсiптiк оқыту) жiберу;
      3) кәсiптiк оқуға материалдық көмек беру;
      4) лайықты бос жұмыс орындарын iздеу және жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;
      5) әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жеке тұлғалардың жалақысын iшiнара субсидиялау;
      6) жастар практикасына жiберiлген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.
      Үмiткерлердi кәсiптiк бағдарлау
      59. Кәсiптiк бағдарлау кәсiптердi саналы түрде таңдау үшiн 50 жастан асқан адамдарды қоса алғанда, үмiткерлердiң бейiмдiлiктерiн, қабiлеттерiн айқындауға бағытталған. Кәсiптердi таңдау Жалпыұлттық дерекқордағы мәлiметтердi ескере отырып жүзеге асырылады.
      Кәсiптiк бағдарлау жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлеген әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адам санаты арасында жүзеге асыратын болады.
      60. Кәсiптiк бағдарлауды жүргiзудi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар немесе мемлекеттiк сатып алу туралы және/немесе мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес олар тартатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерi және/немесе үкiметтiк емес ұйымдар жүзеге асырады.
      61. Кәсiптiк бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәлiметтер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне орналастырылады.
      62. Кәсiптiк бағдарлау 2014 жылы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан облыстарында сынақтан өтедi.
      Кәсiптiк оқыту:
      63. Кәсiптiк оқыту кәсiптiк даярлауды, кәсiптiк қайта даярлауды және бiлiктiлiктi арттыруды қамтиды.
      64. Оқуға үмiткерлердi Бағдарламаға қатысушылар қатарынан да, Бағдарламаның тиiстi критерийлерiне сәйкес келетiн, жеке жұмыспен қамту агенттiктерi және бос жұмыс орындары жәрмеңкелерi арқылы өз бетiнше iздеу негiзiнде тартылатын басқа да үмiткерлердi де жұмыс берушi iрiктейдi.
      Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушiмен келiсiм бойынша кәсiптiк оқу түрiн және бiлiм беретiн ұйымды өз бетiнше таңдайды.
      Оқытуды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымын таңдау, тiзбесi Бағдарлама операторының интернет-ресурсына орналастырылған ұйымдардың, сондай-ақ бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының және жұмыс берушiлердiң оқу орталықтарының қатарынан жүргiзiледi.
      65. Бағдарламаға қатысушыларды кәсiптiк оқыту кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау жөнiндегi бiлiктiлiк емтиханынан өткен адамдарға заңнамалық белгiленген үлгiдегi куәлiк (сертификат) берiлген жағдайда не «Республикалық техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамыту және бiлiктiлiк беру ғылыми-әдiстемелiк орталығы» акционерлiк қоғамында куәлiк (сертификат) алуға жәрдемдесу кезiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Кәсiптiк оқыту кадрларды даярлаудың дуальдi моделi қағидаттарында жүргiзiлуге тиiс.
      Жалдамалы қызметкерлердi өндiрiстен қол үзiп немесе қол үзбей кәсiптiк қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнының сақталу шартымен жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша жүзеге асырылады.
      66. Бағдарламаға қатысушыларды кәсiптiк оқытуды мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы шеңберiнде Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады және оқу курсының мазмұнына қарай ұзақтығы:
      1) кәсiптiк даярлау жүргiзу кезiнде – он екi айдан аспайды;
      2) қайта даярлау кезiнде – алты айдан аспайды;
      3) бiлiктiлiктi арттыру кезiнде – үш айдан аспайды.
      67. Жергiлiктi атқарушы органдар техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында кәсiптiк оқыту құнын жыл сайын бiлiм беру процесiндегi шығыстарды есепке ала отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандығы мен бiлiктiлiк деңгейiне байланысты белгiлейдi.
      Жұмыс берушiлердiң оқу орталықтарындағы кәсiптiк оқыту құнын халықты жұмыспен қамту орталығымен, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен және өңiрлiк комиссиямен келiсiм бойынша оқу орталығы айқындайды.
      68. Кәсiптiк оқу аяқталғаннан кейiн халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды жұмыс берушi мәлiмдеген тұрақты жұмыс орнына жiбередi.
      69. 2013 жылға дейiн кәсiптiк даярлауға қабылданған адамдардың оқуын қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi көрсетiлген адамдарды оқыту толық аяқталғанға дейiн жүзеге асыратын болады.
      Жастар практикасына және әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберу
      70. Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан асырмай жүзеге асырылады. Субсидиялау мөлшерi, экологиялық үстемелер бойынша төлемдердi есепке алмағанда, айына 17,2 айлық есептiк көрсеткiштi (салықтарды, мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерiн ескере отырып) құрайды.
      71. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын мемлекеттiң iшiнара субсидиялауы жұмысқа орналасқан күннен бастап 12 ай iшiнде жүзеге асырылады.
      Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысына берiлетiн ай сайынғы субсидия мөлшерi экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдер есепке алмағанда, салықтарды, мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, бекiтiлген жалақы мөлшерiнiң 35 %-ын құрайды, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспауға тиiс.
      Әлеуметтiк жұмыс орындарында және жастар практикасында уақытша жұмыспен қамтылу шарттары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында айқындалған.
      72. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсiби оқытуды және/немесе жұмысқа орналастыруды өз бетiнше не мемлекеттiк сатып алу және/немесе мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке жұмыспен қамту агенттiктерiн және/немесе үкiметтiк емес ұйымдарды тарту арқылы жүргiзедi.
      73. Бағдарлама шеңберiнде азаматтардың қатысу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну шарттары, кәсiптiк оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың тiзбесiн қалыптастыру тәртiбi Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
      74. Iске асыру тетiгi:
      1) үмiткерлер Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен тұрғылықты жерiнде ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгiнедi және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) халықты жұмыспен қамту орталықтары:
      ұсынылған құжаттарды қарайды және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкестiгiн тексеру негiзiнде Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды және дерекқорда бар жұмыс орындарына не жұмыс берушiлер өз бетiнше немесе жеке жұмыспен қамту агенттiктерi арқылы мәлiмдеген жұмыс орындарына, жалақыны iшiнара субсидиялаумен әлеуметтiк жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өту үшiн жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетедi;
      3) қажеттi бiлiктiлiгi болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмайтын Бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ жұмыс берушiлер мәлiмдеген мамандық бойынша кәсiптiк оқуға жiберiледi;
      4) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.
      Бағдарламаға қатысушыларды кәсiптiк оқуға жiберген кезде бiлiм беру ұйымдары мен жұмыс берушiлер де әлеуметтiк келiсiмшарт тараптары бола алады.
      Жұмыс берушi мен бiлiм беру ұйымы әлеуметтiк келiсiмшартқа қосылу туралы басшының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен куәландырылған жазбаша өтiнiш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтiк келiсiмшарт жасасуды растайды.
      Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшiн тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушiлер өтiнiште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарды және оқу шарттарын, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандық (кәсiп), бiлiм беру ұйымын, өндiрiстiк практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейiн жұмыс iстеу кезеңiн көрсетедi.
      Бағдарламаға қатысушыларды кәсiптiк оқытуды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары өтiнiште (хабарламада) мамандығы (кәсiбi), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндiрiстiк практикадан өтетiн ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетедi;
      5) әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар, жұмыс берушiлер мен бiлiм беру ұйымдары тарапынан халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органы бақылайды.

Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде еңбек ресурстарының ұтқырлығын


арттыру

      75. Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын арттыру Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекендерден өз еркiмен қоныс аударуына жәрдемдесу және жастарды бейiмдеу үшiн жағдайларды қамтамасыз ету есебiнен жүзеге асырылады.


      Жұмыс берушiлер мен өз еркiмен қоныс аударатын азаматтардың Бағдарламаға қатысу және олардың мемлекеттiк қолдауды алу тәртiбi Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.
      76. Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекендерден әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуi:
      1) бiр ауданның iшiнде;
      2) бiр облыс шегiндегi бiр ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
      3) бiр облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.
      77. Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен, орташа және жоғары елдi мекендердi айқындау критерийлерiн өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
      Олардың негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң тiзбесiн айқындайды және оны Бағдарлама операторына жiбередi.
      78. Өңiрлiк даму мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушылар үшiн сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, тұрғын үйдiң (жеке немесе көппәтерлi) үлгiлiк жобаларын әзiрлейдi.
      79. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттiк қолдау:
      1) көшуге байланысты шығыстарды өтейтiн субсидия берудi;
      2) қызметтiк тұрғын үй берудi;
      3) еңбекшi жастарға арналған жатақханалардан бөлме берудi;
      4) қажеттiлiгiне қарай кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында оқытуды;
      5) жаңа тұрғылықты жерiнде жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi қамтиды.
      80. Көшуге субсидияны, құрылысты (сатып алуды) қаржыландыру және жұмыс берушiнiң қатысумен бөлу тетiгi, сондай-ақ Бағдарлама шеңберiнде қоныс аударатын азаматтарды қоныстандыру үшiн қызметтiк тұрғын үй мен жатақханалар беру және оны пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.
      Жиырма тоғыз жасқа дейiнгi еңбекшi жастарға (оның iшiнде, балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейiн ата-анасынан айырылған балалар) олардың бұрынғы тұрған жерiне, оның iшiнде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан жатақханалардан бөлме берiледi.
      Мұндай адамдарды әскери қызметке шақыру кезiнде олардың жасы мерзiмдi әскери қызмет өткеру мерзiмiне ұзартылады.
      81. Жұмыс берушiлердiң Бағдарламаға қатысу тетiгi:
      1) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушiлерге әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекендерде тұратын азаматтар қатарынан қоныс аударуға және жұмысқа орналасуға үмiткерлердi таңдау тәртiбi мен шарттары туралы консультация бередi;
      2) Бағдарламаға қатысуға ниет бiлдiрген жұмыс берушiлер Халықты жұмыспен қамту орталықтарына:
      мамандықтар (кәсiптер) бөлiнiсiнде қажеттi жұмыс күшiнiң санын көрсете отырып;
      Бағдарламаға қатысушылар үшiн тұрғын үй салу (сатып алу) мүмкiндiгiн және Бағдарламаға қатысушыларды (қоса қаржыландыру шартымен) тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мүмкiндiгiн не Бағдарлама шеңберiнде кәсiптiк оқуды аяқтағаннан кейiн оларды тұрақты жұмысқа орналастыру туралы жазбаша мiндеттеменi растай отырып өтiнiм бередi;
      3) жергiлiктi атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысы үшiн жер бөледi, жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлейдi, мемлекеттiк сараптама жүргiзедi, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен аумақтарды егжей-тегжейлi жоспарлау жоспарына, құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ жүргiзуге және қосылуға техникалық талаптар қояды;
      4) жеке тұрғын үйлердi салу кезiнде жобаны жергiлiктi жерге байланыстыру жергiлiктi бюджет және жұмыс берушiнiң барабар түрде салған қаражаты есебiнен немесе келiсiм бойынша жұмыс берушiнiң есебiнен жүзеге асырылады.
      Көппәтерлi тұрғын үй салу кезiнде жобаны жергiлiктi жерге байланыстыру жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен немесе келiсiм бойынша жұмыс берушiнiң есебiнен жүзеге асырылады;
      5) облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары мен жұмыс берушiлер мынадай мiндеттемелердi көздейтiн ниет шартын жасасады:
      тұрғын үйдi бiрлесiп салу және сатып алу тәртiбi;
      қоныс аударған азаматтардың мiндеттi түрде жұмысқа орналасуы;
      жұмыс берушiнiң қоса қаржыландыру мөлшерi;
      тұрғын үйдiң ықтимал нұсқаларын құрылыс салу үшiн таңдау, сондай-ақ жұмыс берушi тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда, тұрғын үйдi бөлу оның қатысуымен жүзеге асырылады;
      6) салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс берушi арасында осы тұрғын үйдi салуға көзделген қаражатқа сәйкес бөлiнедi.
      82. Азаматтардың Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысу тетiгi:
      1) әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекендерде тұратын қатысуға үмiткерлер көшуге арналған өтiнiшпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгiнедi және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидаларында көзделген құжаттарды қоса бередi;
      2) жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушiлердiң қажеттiлiгiн ескере отырып, құжаттарды қатысуға iрiктеу критерийлерiне сәйкестiгi тұрғысынан қарайды, өтiнiш берушiлермен көшудiң ықтимал жолдарын келiседi және көшетiн жерiне қарай құжаттарды өңiрлiк немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды;
      3) құжаттарды қарау қорытындысы бойынша:
      өңiрлiк комиссиялар бiр ауданнан басқа ауданға көшетiн азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар, сондай-ақ басқа облысқа көшетiн азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы өтiнiмдер немесе ұсыныстар дайындайды;
      аудандық/қалалық комиссиялар бiр аудан шегiнде көшетiн азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;
      4) Бағдарлама операторы, өңiрлiк не аудандық/қалалық комиссия шешiмiнiң негiзiнде халықты жұмыспен қамту орталығы өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
      2014 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық өңiрлерде Бағдарламаға қатысушылар құрамына үмiткерлердi қосу қызметтiк тұрғын үйлер салуға, сатып алуға және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушiлердiң өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын болады;
      5) өңiрлiк комиссияның шешiмi негiзiнде астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыс орталықтарының шегiнде тұратындар қатарындағы Бағдарламаға қатысушыларды құрылысы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекiтiлген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберiнде 2013 жылғы 1 шiлдеге дейiн аяқталған қызметтiк тұрғын үйлерге көшiруге рұқсат берiледi;
      6) Бағдарламаға қатысушылар тiзiмiне енгiзiлген адамдар мен келген жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қойылады. Әлеуметтiк келiсiмшарт көшу бойынша әлеуметтiк қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру жөнiндегi iс-шараларды қамтиды;
      7) әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.


  1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет