Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2012 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары



Дата17.04.2016
өлшемі64.37 Kb.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2012 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары
Ауданда халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, жұмыссыздықты азайту, тұрмысы төмен, аз қамтылған жанұяларға қолдау көрсету, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қамқорлық жасап, әлеуметтік қорғау саласын жақсартуға баса назар аударылып отырылады.

Халықтың анағұрлы м мұқтаж топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы, коммуналдық шығыстарына өтемақы ретінде тұрғын үй көмегі, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төленуде.



Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

2012 жылдың 6 айында 184 отбасының 633 мүшесіне 13478,3 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленсе, 2011 жылы 247 отбасының 830 мүшесіне 11096 мың теңге төленген, яғни атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 25,5 %-ға азайды.



Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы.

2012 жылдың 01 шілдесіне 689 отбасының 1869 мүшесіне 15888,1 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді, 2011 жылдың 6 айында аз қамтылған 1151 отбасының 2948 баласына 21311,1 мың теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленген, немесе жәрдемақы алушылар саны 40 %-ға азайды.



Тұрғын үй көмегі

Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын-үй коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін 2012 жылдың 6 айында 69отбасының 1500 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді, 2011 жылдың сәйкес мерзімінде 67 отбасыға 1400 мың теңге тұрғын үй көмегі төленген.



Біржолғы материалдық көмек

Аз қамтылған, тұрмысы нашар, әлеуметтік көмекті қажет ететін 121 адамға жергілікті бюджеттен 1275,5 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді, оның ішінде туберкулезбен ауыратын 48 адамға қосымша тамақ пен жол ақысына 878,5 мың теңге, осы аурумен ауыратын 50 балаға санаторийге емделуге бару үшін 250 мың теңге қаражат бөлінді. 2011 жылы осы уақытта 128 адамға 1235 мың теңге материалдық көмек төленген.



Коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілгендерге, Чернобыль АЭС апаттың, радиациялық апаттар мен ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған 134 адамға коммуналдық шығындарын өтеу үшін 3271 мың теңге материалдық көмек төленсе, 2011 жылдың осы уақытына 150 адамға 3766 мың теңге материалдық көмек төленген.

Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 82 студентке 26660 мың теңге материалдық көмек төленді, 2011 жылдың сәйкес мерзімінде 71 студентке 24300 мың теңге төленген.

Халықаралық 8 наурыз мерекесі мен 1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған Батыр аналарға, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар 1498 анаға 14985 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленсе, былтырғы жылы 1509 анаға 15090 мың теңге төленді.

Республикалық, облыстық дәрежедегі 19 дербес зейнеткерге коммуналдық қызметтер шығыстары өтемақысына 200 мың теңге материалдық көмек төленсе, былтыр 226 мың теңге төленген.

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, дәрігерлік-педагогикалық қолдау арқылы оңалту туралы» Заңына сәйкес үйде оқып-тәрбиеленетін мүгедек балаларға жергілікті бюджеттен 39 балаға 1548 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленсе, былтыр 1520 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленген.

2012 жылдың 01.07-не жұмыссыз ретінде 356 адам тіркелген.

01.07.2012 жылға жұмыссыздардың саны 178 адам болып, экономикалық белсенді халықтың ішінен жұмыссыздардың үлес салмағы 0,9%-ды құрады.

2012 жылдың 6 айында 266 адам жұмысқа орналастырылды немесе жұмысқа орналасу деңгейі жұмыс іздеуші ретінде тіркелгендердің ішінен 64% құрады, 2011 жылдың сәйкес мерзімінде 252 адам жұмысқа орналастырылған.

Ағымдағы жылдың 6 айында 189 жаңа жұмыс орны ашылды, былтыр 121 жұмыс орны ашылған.

Жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жастар іс-тәжірибесіне 10 жұмыссыз қатысып, жергілікті бюджеттен бөлінген 640,5 мың теңге қаражат игерілді.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға -266 адам жіберіліп, осы мақсатқа бөлінген 7885,0 мың теңге қаражат толығымен игерілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 8 адам жұмысқа жіберілді, бұл шараға 192 мың теңге жұмсалды.

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бір саласы кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып табылады. 2012 жылдың басынан бері аудан бойынша 43 жұмыссыз оқытылды, осы мақсатқа 426 мың теңге қаражат игерілді. Жыл басынан 15 жұмыссыз мал дәрігері мамандығына , 15 жұмыссыз есепші, 13 жұмыссыз тігінші мамандығына оқытылды.

Ауданда бүгінгі күнге барлығы 1453 мүгедек адам бар. Олардың ішінде 1 топ мүгедектері -179, 2-топ мүгедектері -688, 3-топ мүгедектері - 473 адам, 16 жасқа дейінгі балалар саны -113 бала.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 2012 жылдың 6 айында 43 адамға 16800 дана подгузник таратылды, 13 адамға таяқ, 3 диктофон, 2 телефакс, 5 ұялы телефон, көзі нашар көретін мүгедектерге 2 сағат, 9 мүгедектердің серуен арбалары таратылып берілді.

«Уба» демалу-сауықтыру орнында 44 орын бөлініп, 12 адам кестеге сәйкес емделіп қайтты.

«Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын» іс-жүзіне асыру мақсатында мүгедектердің кедергісіз кіріп-шығуы үшін аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне әлеуметтік нысандарға пандустар орнатылуын қадағалап, қамтамасыз ету туралы облыс әкімінің орынбасары С.Әбденовтың тапсырмасы берілген.

Аудан бойынша бүгінгі күнге 318 әлеуметтік нысанға пандус орнату қажет болса, пандус орнатылған нысандар саны барлығы 87 (қалада 56, ауылдарда 31).

Бөлімде үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша екі бөлімше жұмыс атқарады. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде мемлекеттік стандартқа сай даму ерекшеліктерін ескере отырып 120 мүгедекке 8 әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде (әлеуметтік–тұрмыстық, әлеуметтік–медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік- педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік–еңбек).

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі қарамағындағы қызмет алушылар Е-Собес бағдарламасына енгізіліп, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сай барлық қажетті құралдармен уақытылы қамтылуда.

Қарамағымыздағы әр қызмет алушыны ауданға келетін облыстық медициналық сараптамадан және ауданаралық психологиялық –медициналық –педагогикалық кеңестен жыл сайын екі рет өткіземіз. Нәтижесінде мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 21 бала памперстер алды.

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, дәрігерлік-педагогикалық қолдау арқылы оңалту туралы» Заңына сәйкес үйде оқып-тәрбиеленетін мүгедек балаларға жергілікті бюджеттен 34 балаға 1290 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленді. (9 бала қосымша)

Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде мемлекеттік стандарт негізінде 103 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетілуде (оның ішінде: Ұлы Отан соғысының ардагерлері-3, тыл ардагерлері-16, 1-ші топ мүгедегі-5, 15 адам 2-ші топ мүгедегі бар).

Зайсан қаласында -3 адам, ауылдық округтерде-50 адам. Оларға 1 бөлім меңгерушісі, 19 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.

8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне –бөлім қарамағындағы 62 қарт аналарға, 1маусым балалар күніне – 120 мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік жиынға шақырылып, аудан әкімінің бағалы сыйлықтары мен құттықтаулары берілді. 9 мамыр күні 22 ҰОС ардагерлеріне, 8 ҰОС жесірлеріне мерекелік дастарқан жайылып, азық-түлік пакеттері берілді.

Бір қарт, 1 жүйке ауруымен ауыратын адам қарттар мен мүгедектер үйіне апаруға құжаттары дайындалуда.

2012 жылдың 6 айында ауданда еңбек келісім-шартпен және квота бойынша 132 оралман жанұясы 347 адамымен келген. Ауданда барлығы 1411 жанұя 6109 адамымен тұрады.



2012 жылдың 6 айында 17 отбасы квота алды. 186 оралман отбасы шаруа қожалығын құрып, 23666 га шабындық, егіндік жерлері бар. Қазір оралмандардың қосалқы шаруашылықтарында 1200 бас– iрi қара, 560-тан аса жылқы, 4500-ден астам қой- ешкi өсірілуде, 6 оралман бюджеттiк мекемелерде жұмыста, 82 оралман кәсіпкерлікпен айналысуда. Олар аудан орталығында 3 базарды жалға алып, 4 аяқ киім жөндейтін шеберхана, 4 киім тігетін цех, 5 шаштараз, 2 фото салон, 1 компьютерлік орталық, 2 асхана, 2 кафе ашып, халыққа қызмет көрсетуде.

Бөлім Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰ) бірлесіп оралмандарды жергілікті жерге бейімдеуге, жұмысқа орналастыруға, сауаттарын ашуға шаралар белгілеп, жұмыстар атқаруда. Атап айтсақ, осы мақсаттарға ауданға барлығы 3300 мың теңге қаражат тартылған.

- 550 оралман қазақ тілі, орыс тілі және компьютерлік сауаттылыққа оқытылып, оған БҰҰ-нан 900 мың теңге жұмсалды;

- Зайсан қаласында оралмандар көп шоғырланған Панфилов көшесі бойына 300 метр ауыз су құбыры тартылып, бұл жобаға БҰҰ-нан 730 мың теңге, демеушілер тарапынан 316,0 мың теңге бөлінді;

- Зайсан қаласынан 2 автобус аялдамасын салу ұшін БҰҰ-нан 75,5 мың теңге, демеушілерден 52,4 мың теңге;

- Гагарин орта мектебінде балалар демалатын орын мен су бұрқақ салуға БҰҰ-нан 147,5 мың теңге, демеушілерден 65,0 мың теңге;

- Қарабұлақ ауылынан мал егу алаңына БҰҰ-нан 377,0 мың теңге, демеушілерден 280,0 мың теңге бөлінді.

БҰҰ-нан 400 мың теңге қаражат бөлініп, 17 мамырда Зайсан қаласында мүгедектердің тұрмыстық-қамту орталығын ашылды. Оған 4 адам жұмыспен қамтылды. 2012 жылдың 01 шілдесіне 17 мүгедекке шаштараз, 7 мүгедекке аяқ-киім шебері 30 пайыз жеңілдікпен қызмет көрсетті, шаштараз-200 тенгеден, аяқ-киім- 300 тенгемен қызмет көрсетуде.



Аудан бойынша 135 меморандумға 194688 мың тенгенің міндеттемесі қабылданды, оның ішінде аймақты дамытуға 42 меморандум-189246 мың тенгеге, 93 ағымдық меморандум - 5442 мың тенгеге. 6 айда барлығы 40234 мың тенгеге орындалды, оның ішінде аймақты дамыту- 38251 мың тенгеге, ағымдық меморандум- 1983 мың тенгеге орындалды.
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет