Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің



Дата02.05.2016
өлшемі73.17 Kb.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 

2014 жылдың 1 сәуіріне атқарылған жұмыстары және іс жүзіндегі міндеттері туралы

Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің қатарына қарай қадам басу жолындағы негізгі басымдылықтың бірі, қазіргі әлеуметтік саясат, халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету ҚР Президентінің жолдауында анықталған. Нәтижесінде әлеуметтік салаға бөлінген қаржы жылдан-жылға артып келеді. Жәрдемақы мөлшерін кезең-кезеңмен өсіру, тұрмысы төмен отбасылары мен көп балалы аналарды қолдау тұрақты түрде жүзеге асырылуда. 2014 жылы әлжуаз халықтардың жағдайын қолдау үшін барлық қаржылау көздерінен 233 млн 212 мың теңге бөлінді.

Бұл, тек қана баға емес, бұл күнделікті 8 мемлекеттік қызметкерлердің, 4 инспекторлардың және 46 әлеуметтік жұмыскерлердің қауырт еңбегі.

Жұмыспен қамту

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 2014 жылдың 1 сәуіріне 197 адамды құрайды. Былтырғы 2013 жылмен салыстырғанда 13 адамға азайды. (2013 жылы-210 адам). Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,9 пайызды құрайды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша:

470 жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жоспарланған, нақты 140 адам жұмыспен қамтылды;

584 жұмыс орнын ашу қаралған болса, нақты 100 жұмыс орны ашылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 67 жұмыс орнына көбейді;

50 жұмыссыз тұлғаларды оқуға жіберу жоспарланса, нақты 19 жұмыссыз тұлға оқуға жіберілді, оның, ішінде шаштараз, аспаз, хатшы-референт, 1 С есепші;

«Жастар-іс тәжірибесін өткізу» бағдарламасы бойынша 11 адам жоспарланып, нақты 1 адам жіберілді;

15 әлеуметтік жұмыс орны жоспарланып, нақты 3 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды.

ақылы қоғамдық жұмысқа 630 адам жоспарланған, нақты 162 жұмыссыз тұлға жіберілді.

Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан азаматтарының өмірін жақсарту, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көңіл аударуды күшейту, осы санатты өмірдің барлық саласында жұмсықа орналасуына көмек көрсету міндетін белгілейді.

Өткізілген бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін өтетін бос жұмыс орындары, жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеген адамдарды жұмыспен қамту.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқандар: барлық қатысқандар – 123 адам; жәрмеңкеге шақырылған жұмыс берушілердің саны – 40 адам, қатысқандар саны – 35 адам; мүгедектер – 53 адам; жұмыссыздар саны – 70 адам.

Жәрмеңкеге қатысқан мүгедектердің арасынан 9 адамға жолдама берілді: оның ішінде, тұрақты жұмысқа – 8 адам, ( Дәмхана «Мадина»-1 адам, «Багратион -2» Ш/Қ-1 адам, Таврия орта мектебіне-1 адам, аудандық аурухана-1 адам, КСК «Жемчужина»-2, «Нұр Отан партиясының филиалына-2 адам) және «Әлеуметтік жұмыс орындарына» – 1 адам.

2014 жылға арналған іс жүзіндегі міндеттер

1. Жоспарлық көрсеткіштердің уақытында орындалуына көңіл бөлу. (Оқыту, жастар іс-тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орны, ақылы қоғамдық жұмыстар)

2. Оқуды бітірген азаматтардың жұмысқа орналысуы бойынша сұрақтарды уақытында шешу. Округ әкімдіктері мен жұмыс берушілер бірігіп оқуды бітіргендерге жұмысқа орналысу үшін жұмыспен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың деректер банкін қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

3. 2014 жылдың «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша қатысқандарға несиелерді алу үшін қажетті құжаттарды дайындау бойынша көмек көрсету. Осыған орай, ауылдық әкімдіктердің, сала бойынша бөлімдердің жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Ауданда жүзеге асырылатын бағдарламар нақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету қажет.

Әлеуметтік көмек

Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясатында ең бір басымдық мақсаттардың ішінде кедейшілікті азайту, халықтың әл ауқатын көтеру, аз қамтылған және әл жуаз азаматтарды әлеуметтік қолдау болып саналады. 2014 жылы 1 сәуіріне атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 202 адамға 1 млн 970 мың теңге сомаға төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылары ішіндегі еңбекке жарамды тұрғындарды 5 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына қатыстырылды. Халықтың әлеуметтік әлжуаз тобын жұмысқа орналастыру, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету атаулығы есебінен төмендейтін болады. Тұрғын үй көмегі 278 отбасына 3 млн 900 мың теңге сомаға төленді, 2013 жылы – 277 отбасына 3 млн 500 мың теңге сомаға төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы алу үшін 357 отбасы 1008 балаға ұсыныс берді, 5 млн 035 мың теңге төленді.

2014 жылға арналған іс жүзіндегі міндеттер

- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының барлық бағыттарына тарту жолымен АӘК алушылар қатарынан жұмысқа қабілетті тұрғындарды шығару үшін барынша шаралар қолдану;

- азқамтылған азаматтардың «Өрлеу» жобасы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуын ынталандыру үшін АӘК және МБЖ алушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет;

- ауылдық округ әкімшіліктерімен бірлесе отырып, жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына (АҚЖ, ЖТ, ӘЖО, ЖКЖК 2020 бағдарламасының барлық бағыттары) тарту арқылы атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын-үй жәрдемақысын алушылардың санын азайту бойынша жұмыс жүргізу.

Жалғыз басты қарияларға және мүгедектерге үйде қызмет көрсету

Әлеуметтік қорғау бөлімінде үйде қызмет көрсететін 1 бөлім жұмыс істейді. 46 әлеуметтік жұмыскер 245 жалғыз басты зейнеткерлерге, соның ішінде 48 мүгедекке және 28 мүгедек балаға үйде қызмет көрсетеді. .

"Тимуршылар тобы" қарттардың үйлеріне барып көмек көрсетті, отындарын жарып, су әкеліп, сенбілік күнін өткізіп отырады.

2014 жылға арналған іс жүзіндегі міндеттер

- үйде қызмет көрсету жағдайында белгіленген Стандартқа сәйкес көлемде сапалы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету;

- үйреншікті әлеуметтік ортада қолайлы моральды-психологиялық ахуал жасауға жәрдемесу;

- еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Мүгедектер және ардагерлермен жұмыс ұйымдастыру

2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында Президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан азаматтарының өмірін жақсарту, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көңіл аударуды күшейту, осы санатты өмірдің барлық саласында жұмысқа орналасуына көмек көрсету міндетін белгіледі.

Ұлан ауданында мүгедектер саны – 1426, олардың ішінде Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлер саны 15 адам, Ұлы Отан соғысына қатысқан мүгедектер саны - 1 адам, 1 және 2 топ мүгедектер саны – 781 адам, 3 топ мүгедектері – 561адам, мүгедек балалар саны 83.

Қазіргі таңда еңбекке қабілетті 600 мүгедектердің ішінде 213 адам жұмыс істейді, 236 адам өз бетінше жұмыспен қамтылған және 151 мүгедек жұмыссыз.

Ауылдық және кенттік округтардың әкімдерімен бірігіп, ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс істеу бөлімі барлық мүгедектердің тұрмыстық және материалдық жағдайларын тексерді. Сонымен қоса еңбекке жарамды мүгедектер туралы дерек қорын құру мақсатында мүгедектерді жұмыспен қамту бойынша мониторинг өткізілді.

Кәсіпорындар басшыларына, кәсіпкерлерге мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы тапсырма берілді.

Жыл басынан 75 мүгедектерді оңалту бағдарламасы қабылданды. Оның ішінде мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша 53 мүгедекке гигиеналық құралдар берілді.

2014 жылы мүгедектерге 1445,0 мың теңге гигеналық құралдарға бөлінді. Мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасы бойынша 9871 памперс, 357 калоприемник таратылып берілді.

„Күміс -Алқа”,”Алтын -Алқа”, „Материнская Слава ”1 және 2 дәрежелерімен марапатталған аналарға, сонымен қатар 4 және одан жоғары 18 жасқа толмаған көп балалы аналарға 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне материалдық көмек барлығы 8540,0 мың теңге төленді. 

Азаматтардың кейбір санаттарына Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге материалдық көмек 90 адамға 5132,0 мың тенге берілді.

Соғыс мүгедектеріне теңестірілген мүгедектерге, Чернобыль АЭС- дағы апат зардабын жоюға қатысқан мүгедектерге 65 адамға 1617,0 мың теңге берілді.

Қазақстан Республикасына ерекше еңбек еткен зейнеткерлердің саны- 2 адам, жыл басынан 44,0 мың теңге материалдық көмек көрсетіледі.

Ауған соғысының 48 жауынгерлеріне 5000 теңгеден 240,0 мың теңгеге материалдық көмек төленді.

Чернобыль апатын жоюға қатысқан 31 азаматқа 5000 теңгеден 155,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2012 жылы 05 желтоқсандағы № 300 «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санынан жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек туралы» қаулысына сәйкес, 2014 жылдың басынан 39 студентке оқуларын төлеуге, жатақханада тұру үшін және стипендияға 10978,0 мың теңге төленді.

Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлердің отбасына берілетін материалдық көмек 2 отбасына 120,0 мың теңге төленді.

Материалдық көмек бөлу және төлеу туралы арнайы аудандық комиссияның шешімі бойынша 198 адамға 1300,0 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек берілді.

Жеке оңалту бағдарламасы бойынша протез – ортопедиялық көмекке мұқтаж 37 мүгедек азаматтардың істерін дайындап, құжаттары облыс басқармасына жіберілді.

Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүгедегі бар отбасына 4 жанұяға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 68,1 мың теңге тағайындалып, төленді. Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 24 отбасына 301,9 мың теңгеге тағайындалды.

Үйден тәрбие алатын және үйден оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілуде. Жағдайлары шектеулі, үйден оқитын 20 балаға ай сайын жәрдемақы алып отырады. Биыл жыл басынан 1270,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.

Тұрғын үй көмегін алуға 19 отбасы ұсыныс берді, 402,3 мың теңге төленді.

Жаңа жылдың басынан Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға 17 комиссия мәжілісі өткізілді. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға 22 азаматтың сұранысы тіркелді. Солардың ішінен МЗТО-на 22 азаматтың іс макеті тапсырылды.

2014 жылға арналған іс жүзіндегі міндеттер

Көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту;

Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды сауықтыру техникалық қосалқы құралдарымен уақытында қамтамасыз ету;

Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды тифлокомплек, көз көруі бойынша мүгедек азаматтарға оқитын машиналар, есту қабілеті бойынша мүгедек азаматтарға көпқызметті дыбыстық жүйелер сияқты компенсаторлы құралдармен қамтамасыз ету;

Жұмысқа дарамды мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал жасау.

Жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге дер кезінде көмек көрсету.

Мүгедектермен өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысу.



 
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет