Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы



жүктеу 156.62 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі156.62 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «18 »

№ 815 қаулысымен

бекітілген

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы

1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші бағыты шеңберінде өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқыту, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу:

1) оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультацияларды;

2) стипендияның төленуімен, біліктігін арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына жолдауды;

3) оқитын адамдарға (оқу орнына дейін және кері жол жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалға алумен (жалдаумен) байланысты шығындарын өтеуге) субсидия беруді;

4) лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа (оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына) орналасуға жәрдемдесуді;

5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;

6) психологиялық бейімдеуді қамтиды.

3. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жоспарланған іс-шаралардың тиімділігін бағалайды және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік келісімшарт шеңберінде қабылдаған міндеттемелерін орындауын бақылайды.

Бағдарламаға қатысушылар мен Бағдарламаны іске асыруға қатысуға тілек білдірген жұмыс берушілер туралы мәлімет «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

4. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аудандық/қалалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – жергілікті атқарушы органның жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

3) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға халықты жұмыспен қамту орталығының оң шешімін алған, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар;

4) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруші орталық атқарушы орган;

5) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың облыстық білім басқармалары;

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

7) жалпыұлттық дерекқор (бұдан әрі – Дерекқор) – жекелеген кәсіптер (мамандықтар) бойынша ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының дерекқоры;

8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;

9) жұмыс тобы – Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын кәсіптік оқуға жіберу мәселелерін жедел қарау мақсатында халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің, білім беру органдары мен ұйымдарының, жұмыс берушілердің, қызметкерлердің бірлестіктері мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдерінен тұратын топ;

10) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тысқары тұрақты тұрып жатқан этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тысқары жерде туған және тұрақты тұрып жатқан ұлты қазақ балалары;

11) уәкiлеттi орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi;

12) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын мемлекеттік мекеме.



2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі
1. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар

мен табысы аз адамдарды оқытуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге кәсіп (мамандық) таңдаумен, кәсіптік оқумен және оны аяқтағаннан кейін жұмыс берушілер мәлімдеген және Дерекқорға енгізілген басым кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін ескере отырып, ықтимал жұмысқа орналасумен байланысты мәселелер бойынша консультация береді.

6. Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар (бұдан әрі – адамдар) Бағдарламаға қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

7. Өтініш беру кезінде мынадай құжаттар ұсынылады және мыналар қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, паспорты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралманның куәлігі);

2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) мен әлеуметтік жеке кодының (ӘЖК) немесе жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) көшірмелері;

3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (азаматтарды тіркеу кітабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы) көшірмесі;

4) еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (еңбек қатынастарындағы қызметкерлер үшін);

5) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

6) өтініш берушінің келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дерекқорынан алынған, уәкілетті орган куәландырған табысы туралы анықтама немесе табысы туралы үзінді көшірме;

7) денсаулық жағдайы туралы анықтама (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес).

8. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

1) үміткерлерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы ұсыныс әзірлеуді;

2) Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізуге үміткерлердің тізімін қалыптастыруды;

3) қалыптастырылған тізімдер мен тізімге енгізілген үміткерлердің құжаттарын Комиссияның немесе жұмыс тобының қарауына беруді жүзеге асырады.

9. Комиссия немесе жұмыс тобы ұсынылған құжаттарды екі жұмыс күні ішінде қарайды және Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу (не одан бас тарту) туралы ұсыным береді.

10. Халықты жұмыспен қамту орталығы үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижесі және Комиссияның немесе жұмыс тобының ұсынымы негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу (не одан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

11. Халықты жұмыспен қамту орталығы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.

12. Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізуге үміткерлердің тізімін қалыптастыру кезінде білім деңгейі, кәсібінің (мамандығының) және біліктілігінің болуы ескеріледі.

13. Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің саны тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарында оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге көзделген қаражат көлемінің негізінде айқындалады.

14. Халықты жұмыспен қамту орталығының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.

15. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен Бағдарлама операторы әзірлеген нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасайды.

16. Кәсіптік білімі бар Бағдарламаға қатысушыларға лайықты жұмыс болмаған жағдайда, сондай-ақ кәсібі (мамандығы) жоқ Бағдарламаға қатысушыларға осы Қағидада көзделген шарттармен басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқудан өту ұсынылады.

Кәсіптік оқудан өтудің басым құқығы ауылдық жерде тұратын жастар мен әйелдер қатарындағы Бағдарламаға қатысушылар иеленеді.

17. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту:

1) мыналарды:

кәсібі (мамандығы) жоқ, кәсіп (мамандық) игеруді және сол кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды;

еңбек нарығында сұранысқа ие емес кәсібі (мамандығы) бар, жаңа кәсіп (мамандық) игеруді және сол кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды кәсіптік даярлауды;

2) егер Бағдарламаға қатысушыларға кәсібі (мамандығы) бойынша лайықты жұмыс ұсыныла алмайтын болған немесе олардың белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындауға қабілеттілігі жойылған жағдайда, жаңа кәсіптер (мамандықтар) меңгеру мақсатында қайта даярлауды;

3) кәсіби шеберлігін жетілдіру, анағұрлым жоғары разряд (сынып, санат) алу, өндірістік қажеттілікті ескере отырып, прогрессивті техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында біліктілігін арттыруды қамтиды.

Кәсіптік оқудың әр түрлі түрлері мен нысандарын ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері мен ерекшеліктері Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес айқындалады.

18. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту халықты жұмыспен қамту орталығының жолдауы бойынша білім беру ұйымдарында не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда (бұдан әрі – ұйымдар) жүргізіледі.

19. Базасында Бағдарламаға қатысушыларды басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылатын ұйымдардың тізбесін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган айқындайды, ол осы ұйымдармен тиісті екіжақты шарттар жасайды.

Кәсіптік оқытуды жүзеге асыру үшін ұйымдарды айқындау кезінде:

1) ұйымдардың білім беру қызметін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруы;

2) өндірістік практиканы ұйымдастыруға қатысуы ескеріледі.

Білім беру саласындағы жергілікті уәкілетті орган кәсіптер (мамандықтар) мен оқу ұзақтығын көрсете отырып, Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту шарттарын жасасқан ұйымдардың тізбесін уәкілетті органға ұсынады, ол оны тиісті өңірдің халықты жұмыспен қамту орталығының назарына жеткізеді.

Өңірде базасында басым мамандықтар (кәсіптер) бойынша кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға болатын ұйым болмаған жағдайда, Бағдарламаға қатысушыларды өңірден тыс жерде оқытуға жол беріледі.

20. Кәсіптік оқуға жіберілетін Бағдарламаға қатысушылардың тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдар мен кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде қалыптастырады және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жібереді.

21. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытудың ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына байланысты белгіленеді және:

1) кәсіптік даярлауды жүргізген кезде – отыз алты айдан (техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көрсетілген оқу мерзімінен);

2) қайта даярлау кезінде – алты айдан;

3) біліктілігін арттыру кезінде – үш айдан аспауға тиіс.

22. Кәсіптік оқудан өту кезінде меңгерген білімі мен дағдысын аралық бағалаудан табысты өткен Бағдарламаға қатысушыға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттер үшін заңнамада белгіленген мөлшерде ай сайын мемлекеттік стипендия төленеді.

23. Ұйым Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты тұратын жерінен тыс жердегі елді мекендерде орналасқан жағдайда, олардың мынадай шығыстары:

1) кәсіптік даярлаудан өтушілерге оқу орнына дейін және кері жол жүру үшін – бір оқу жылының ішінде төрт айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын мөлшерде, қайта даярлаудан өтушілер мен біліктілігін арттырушыларға – оқу кезеңінде екі АЕК-тен аспайтын мөлшерде;

2) жатақханада тұрғаны үшін (тұрғын үйді жалға алу шығыстарын өтеу) – тұру қызметтерінің ақысын төлеу туралы ұсынылған құжаттардың негізінде айына он АЕК-тен аспайтын мөлшерде өтеледі.

24. Бағдарламаға қатысушылардың оқу барысында меңгерген білімі мен дағдысын аралық және қорытынды бағалауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның, халықты жұмыспен қамту орталығының, жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйымы жүзеге асырады.

25. Ұйым халықты жұмыспен қамту орталығымен келісім бойынша Бағдарламаға қатысушыларды:

1) дәлелді себептерсіз қатарынан бес оқу күнінен артық босатқан;

2) үлгерімі нашар болған немесе білімін аралық бақылау қанағаттанғысыз болған;

3) білім беру ұйымының ішкі тәртібін бұзған жағдайларда оқудан шығарады.

26. Бағдарламаға қатысушыны оқудан шығарған кезде:

1) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган білім беру ұйымдарына төлем бойынша қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте төлем нақты ұсынылған қызметтердің көлеміне барабар жүзеге асырылады;

2) Бағдарламаға қатысушы әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес қызметтердің осы көлемінің құнын, сондай-ақ стипендияға, оқу орнына баратын жолына және тұруға төленген соманы бюджетке өтейді.

27. Кәсіптік оқуды табысты аяқтағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

28. Бағдарламаға қатысушыларды кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен де болуы мүмкін (2012 жылдан бастап енгізіледі).

Бағдарламаға қатысушыларды кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік оқытуға қатысқысы келетін жұмыс берушілер кәсіптік оқыту жүргізілетін ұйымды өз бетінше айқындайды, онымен Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту туралы шарт жасайды, халықты жұмыспен қамту орталығына кәсіптік оқуға жіберілетін Бағдарламаға қатысушылардың санын, ұйымды, кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесі мен оқуын аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын жұмыс орындарының санын көрсете отырып, өтінім береді. Өтінімге: ұйыммен жасасқан кәсіптік оқу туралы шарт, жұмыс берушінің құрылтай құжаттары, оның СТН-і және банк деректемелері қоса беріледі.

Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінім берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілермен тиісті шарт жасайды және Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқудан өту үшін жұмыс беруші көрсеткен ұйымға жібереді.

Жұмыс беруші ұйымға кәсіптік оқудың ақысын толық төлейді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарлама шеңберінде белгіленген құны бойынша жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысушыларды оқытуға байланысты шығыстарының жетпіс пайызына дейін өтейді.

Жұмыс берушінің кәсіптік оқуға жұмсаған шығыстарын өтеу Бағдарламаға қатысушылар оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін, ұйымның қызметтеріне ақы төлеу туралы ұсынылған төлем құжаттарының, ұйымның Бағдарламаға қатысушыларға біліктілік беру (мамандық алу) туралы актісінің және жұмыс берушінің Бағдарламаға қатысушыларды тұрақты жұмысқа қабылдау туралы актілерінің негізінде жүргізіледі.

2. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар



мен табысы аз адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу тәртібі
29. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға енгізу сәтінде кәсіптік білімі болған не кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен жасасқан шарттар негізінде:

1) ұйымдардағы (кәсіпорындардағы, мекемелердегі) бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі;

2) жұмыс берушілер құрған әлеуметтік жұмыс орындарына мемлекеттің жалақыны он екі ай бойы:

алғашқы алты айда – жалақының елу пайызынан асырмай;

кейінгі үш айда – жалақының отыз пайызынан асырмай;

соңғы үш айда – жалақының он бес пайызынан асырмай субсидиялауы шартымен жібереді;

3) Бағдарламаның екінші және үшінші бағыттары шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларда ұзақтығы тоғыз айға дейін уақытша жұмыспен қамтамасыз етеді.

30. 2011 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын ай сайын субсидиялаудың мөлшері салықтар мен әлеуметтік аударымдарды ескергенде, алғашқы алты айда 26 мың теңгеден аспауға тиіс болады.

Бұл ретте жұмыс берушімен жасалған шарт қолданылған тұтас кезең бойы жалақының айлық мөлшерінің азаюына жол берілмейді.

31. Тұрақты тұратын жерінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жағдайда кәсіптік оқу оқыған Бағдарламаға қатысушыларға Бағдарламаның екінші («Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу») немесе үшінші («Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру») бағыттарына қатысу ұсынылады.

3. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар

мен табысы аз адамдарды оқытуды және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қаржыландыру тәртібі
32. Оқудың ақысын төлеу, жол жүрудің және тұрудың шығыстарын өтеу, жалақыны субсидиялау мақсатында Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын мемлекеттік қолдауды қаржылай қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бөлінеді.

33. Қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін нысаналы трансферттерді пайдаланудың нәтижесі туралы:

1) білім беру саласындағы орталық уәкілетті орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, оның ішінде бұрын 2009 және 2010 жылдары Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (Жол картасы) және «Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтау бойынша;

2) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында жалақыны субсидиялау бойынша келісімдер жасалады.

34. Білім беру саласындағы орталық уәкілетті орган, Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сәйкес тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды жүргізеді.

35. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және кадрлардың біліктілігін арттыруға, оның ішінде бұрын 2009 және 2010 жылдары Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (Жол картасы) және «Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану білім беру ұйымдарымен жасасқан шарттар негізінде, жалақыны субсидиялау – жұмыс берушілермен жасасқан шарттар негізінде жүзеге асырылады.

36. Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша кәсіптік лицейлер мен колледждерде негізгі орта (9 сынып) және жалпы орта білімі (11 сынып) бар кадрларды кәсіптік даярлауды, оның ішінде бұрын 2009 және 2010 жылдары Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (Жол картасы) және «Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтауын қаржыландыру техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес оқуды толық аяқтау мерзіміне дейін жыл сайын жүзеге асырылады.

37. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай білім беру саласындағы орталық уәкілетті органға және Бағдарлама операторына Келісімдерде көзделген нысан бойынша және мынадай:

1) кәсіптер (мамандық) бөлінісінде кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдардың саны туралы;

2) кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен, жұмысқа орналастырылған, оның ішінде бар тұрақты бос жұмыс орындарына; әлеуметтік жұмыс орындарына; Бағдарламаның екінші және үшінші бағыттары шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларда құрылған уақытша жұмыс орындарына орналастырылған Бағдарламаға қатысушылар саны туралы мәліметтерді қамтитын есептерді ұсынады.



________________________





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет